Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 15 шілдедегі № 1071 қаулысына толықтыру енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 2 қыркүйектегі № 876 Қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 8 ақпандағы № 109 қаулысымен

Күшін жойған

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 08.02.2013 № 109 қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. «Қазақстан Республикасы Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері агенттігінің мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 15 шілдедегі № 1071 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2009 ж., № 33, 311-құжат) мынадай толықтыру енгізілсін:
      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері агенттігі туралы ережеде:
      16-тармақ мынадай мазмұндағы 2-1) тармақшамен толықтырылсын:
      «2-1) Агенттіктегі сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарға қарсы іс-қимыл жасауға бағытталған шараларды қабылдайды және сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар қабылдау үшін дербес жауапты болады;».
      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                  К. Мәсімов