РҚАО-ның ескертпесі.
ҚР мемлекеттік басқару деңгейлері арасындағы өкілеттіктердің аражігін ажырату мәселелері бойынша 2014 жылғы 29 қыркүйектегі № 239-V ҚРЗ Заңына сәйкес ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 19 маусымдағы № 4-1/549 бұйрығын қараңыз.
«Астық туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 19 қаңтардағы Заңы 5-бабының 11) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Астықты қайта өңдеу ұйымдары ішкі нарықты реттеу мақсатында сатып алатын мемлекеттік сатылатын және мемлекеттік тұрақтандыру астық ресурстары астығының құнын оларға ішінара өтеу ережесі бекітілсін.
2. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі К. Мәсімов
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2010 жылғы 16 шілдедегі
№ 722 қаулысымен
бекітілген
Астықты қайта өңдеу ұйымдары ішкі нарықты реттеу мақсатында
сатып алатын мемлекеттік сатылатын және мемлекеттік
тұрақтандыру астық ресурстары астығының құнын
оларға ішінара өтеу ережесі
1. Жалпы ережелер
1. Осы Астықты қайта өңдеу ұйымдары ішкі нарықты реттеу мақсатында сатып алатын мемлекеттік сатылатын және мемлекеттік тұрақтандыру астық ресурстары астығының құнын оларға ішінара өтеу ережесі (бұдан әрі - Ереже) астықты қайта өңдеу ұйымдары ішкі нарықты реттеу мақсатында сатып алатын мемлекеттік сатылатын және мемлекеттік тұрақтандыру астық ресурстары астығының құнын оларға ішінара өтеуге тиісті қаржы жылына тиісті бюджеттік бағдарлама бойынша облыстардың, Астана және Алматы қалаларының жергілікті бюджетінде көзделген қаражаттың есебінен және шегінде астықты қайта өңдеу ұйымдары ішкі нарықты реттеу мақсатында сатып алатын мемлекеттік сатылатын және мемлекеттік тұрақтандыру астық ресурстары астығының құнын оларға ішінара өтеудің тәртібін анықтайды.
2. Астықты қайта өңдеу ұйымдары сатып алатын мемлекеттік батылатын және мемлекеттік тұрақтандыру ресурстары астығының құнын оларға ішінара өтеуге арналған қаражат (бұдан әрі - ішінара өтеуге арналған қаражат) ұн мен нанның бағаларын тұрақтандыруға арналады.
3. Ішінара өтеуге арналған қаражат облыстың, Астана және Алматы қалаларының жергілікті атқарушы органы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес тендерлік негізде айқындаған астықты қайта өңдеу ұйымдарына төленеді.
Астықты қайта өңдеу ұйымдарының сатылатын астықты нысаналы пайдалану жөнінде міндеттемелер қабылдауы ішкі нарықты реттеу мақсатында мемлекеттік сатылатын және мемлекеттік тұрақтандыру астық ресурстары астығын сату үшін астықты қайта өңдеу ұйымдарын айқындау жөніндегі тендерге қатысуға жіберудің міндетті шарты болып табылуға тиіс.
4. Мемлекеттік астық ресурстарын басқару бойынша агент (бұдан әрі - агент) астықты қайта өңдеу ұйымдарымен алдын ала жүз пайыз төлем жасау шартымен уәкілетті орган бекіткен нысан бойынша мемлекеттік сатылатын және мемлекеттік тұрақтандыру ресурстарының астығын жеткізу шарттарын жасасады.
5. Агент астықты қайта өңдеу ұйымдары мемлекеттік сатылатын және мемлекеттік тұрақтандыру ресурстарының астығын алдын ала жүз пайыз төлем жасау бойынша міндеттемелерін тиісінше орындағаннан кейін оларға мемлекеттік сатылатын және мемлекеттік тұрақтандыру ресурстарының астығын жеткізуді жүзеге асырады.
6. Мемлекеттік сатылатын және мемлекеттік тұрақтандыру ресурстары астығының өткізу құнына сатып алу бағасы, астықты сақтау жөніндегі шығыстар, агенттің комиссиялық сыйақысы кіреді.
7. Ішінара өтеуге арналған қаражат мөлшері инфляцияның тиісті жылға болжанған деңгейіне байланысты айқындалады.
2. Ішінара өтеуге арналған қаражатты төлеу тәртібі
8. Ішінара өтеуге арналған қаражатты алу үшін астықты қайта өңдеу ұйымдары ай сайын, 10-күнге дейін облыстың, Астана және Алматы қалаларының Ауыл шаруашылығы басқармасына:
1) осы Ереженің 1-қосымшасына сәйкес нысан бойынша өтінімді;
2) агенттің астықты қайта өңдеу ұйымдарына астықты жеткізу актілерінің, кассалық кіріс ордерінің, банктің төлем тапсырмасының көшірмелерін;
3) мемлекеттік сатылатын және мемлекеттік тұрақтандыру ресурстарынан астық жеткізуге агентпен жасалған шарттардың нотариалдық куәландырылған көшірмелерін ұсынады.
9. Облыстың, Астана және Алматы қалаларының Ауыл шаруашылығы басқармасы:
осы Ереженің 8-тармағында көрсетілген құжаттардың келіп түсуіне қарай ұсынылған құжаттарды тексереді;
ай сайын, 20-күннен кешіктірмей астықты қайта өңдеу ұйымдарына мемлекеттік сатылатын лоне мемлекеттік тұрақтандыру ресурстары астығының нақты сатылған көлемі бойынша жиынтық актіні осы Ереженің 2-қосымшасына сәйкес нысан бойынша жасайды және бекітеді;
астықты қайта өңдеу ұйымдарына мемлекеттік сатылатын және мемлекеттік тұрақтандыру ресурстары астығының нақты сатылған көлемі жөніндегі бекітілген жиынтық акт бойынша оларда көрсетілген ішінара өтеуге арналған қаражаттың осы Ереженің 7-тармағына сәйкес белгіленген көлемі мен мөлшері негізінде тиісті бюджет қаражатының көлемін анықтайды;
әрбір астықты қайта өңдеу ұйымы үшін мемлекеттік сатылатын және мемлекеттік тұрақтандыру ресурстарының астығын сатудың нақты белгіленген көлемінің шегінде осы Ереженің 3-қосымшасына сәйкес нысан бойынша мемлекеттік сатылатын және мемлекеттік тұрақтандыру ресурстарынан ішкі нарықты реттеу мақсатында сатып алынған астықтың құнын ішінара өтеуге арналған қаражатты төлеу үшін жиынтық ведомость жасайды;
астықты қайта өңдеу ұйымдары осы Ереженің 8-тармағында көрсетілген құжаттармен қоса тиісті өтінімді берген сәттен бастап отыз күнтізбелік күннен кешіктірмей астықты қайта өңдеу ұйымдарына ішінара өтеуге арналған қаражат төлеуді қамтамасыз етеді.
10. Астықты қайта өңдеу ұйымдарының банктік шоттарына тиесілі ішінара өтеуге арналған бюджет қаражатын аударуды облыстың, Астана және Алматы қалаларының Ауыл шаруашылығы басқармасы бюджеттік бағдарламаның төлемдері бойынша жеке қаржыландыру жоспарына сәйкес аумақтық қазынашылық бөлімшесіне төлеуге берілетін шоттардың тізілімін 2 данада және төлеуге берілетін шоттарды ұсыну жолымен жүзеге асырады.
11. Облыстың, Астана және Алматы қалаларының Ауыл шаруашылығы басқармасы есептіден кейінгі айдың 5-күнінен кешіктірмей және тиісті жылдың 25 желтоқсанынан кешіктірмей облыстың, Астана және Алматы қалаларының әкімдігіне төленген ішінара өтеуге арналған қаражаттың көлемі туралы ақпаратты ұсынады.
12. Облыстың, Астана және Алматы қалаларының Ауыл шаруашылығы басқармасы астықты қайта өңдеу ұйымдарының мемлекеттік сатылатын және мемлекеттік тұрақтандыру ресурстары астығының мақсатты пайдаланылуын, сондай-ақ астықты қайта өңдеу ұйымдары мемлекеттік сатылатын және мемлекеттік тұрақтандыру ресурстарының астығынан өндірілген ұнға бағаның шекті деңгейінің сақталуын бақылауды қамтамасыз етеді.
3. Тараптардың жауапкершілігі
13. Облыстың, Астана және Алматы қалаларының Ауыл шаруашылығы басқармасы аумақтық қазынашылық бөлімшесіне ұсынылған осы Ереженің 10-тармағында көрсетілген құжаттардың шынайылығы мен дұрыстығы үшін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жауапты болады.
14. Облыстың, Астана және Алматы қалаларының әкімдері астықты қайта өңдеу ұйымдары мемлекеттік сатылатын және мемлекеттік тұрақтандыру ресурстарынан сатып алатын астықтың құнын оларға ішінара өтеуге бөлінген бюджет қаражатының мақсатсыз және тиімсіз пайдаланғаны үшін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жауапты болады.
15. Агент астықты қайта өңдейтін ұйымдар мемлекеттік сатылатын және мемлекеттік тұрақтандыру ресурстарының астығын алдын ала жүз пайыз төлеу жөніндегі міндеттемелерді тиісінше орындағаннан кейін оларға астықты уақтылы жеткізбегені үшін Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес жауапты болады.
Астықты қайта өңдеу ұйымдары
ішкі нарықты реттеу мақсатында
сатып алатын мемлекеттік сатылатын
және мемлекеттік тұрақтандыру астық ресурстары
астығының құнын оларға ішінара өтеу ережесіне
1-қосымша
Ішкі нарықты реттеу мақсатында сатып алған мемлекеттік
сатылатын және мемлекеттік тұрақтандыру астық ресурстары
астығының құнын ішінара өтеуге қаражат алуға арналған
өтінім
1. __________________________________________________________________
(құрылтай құжаты)
негізінде әрекет ететін _____________________________________________
(астықты қайта өңдеу ұйымы)
атынан бірінші басшы ________________________________________________
(Т.А.Ә., лауазымы)
осымен мемлекеттік сатылатын және мемлекеттік тұрақтандыру ресурстарынан _________ тонна көлемде сатып алынған астықтың құнын ішінара өтеуге қаражат бөлуді сұрайды.
2. Пайдалану мақсатының қысқаша сипаттамасы: ________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
3. Өтінімге мыналар қоса беріледі:
шот-фактураның, төлем құжаттарының көшірмесі;
банктік шоттың болуы туралы оның нөмірін көрсете отырып, банк анықтамасы.
Құқықтық мекенжайы және банктік деректемелері:
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
(Т.А.Ә., қолы, мөрі)
Астықты қайта өңдеу ұйымдары
ішкі нарықты реттеу мақсатында
сатып алатын мемлекеттік сатылатын
және мемлекеттік тұрақтандыру астық ресурстары
астығының құнын оларға ішінара өтеу ережесіне
2-қосымша
Бекітемін
_______________________________ облысы
Ауыл шаруашылығы басқармасының бастығы
______________________________________
(Т.А.Ә., қолы, мөрі)
20 __ жылғы «___» _________
20 __ жылғы «___» _________ ден 20 __ жылғы «___» _________ ға
дейінгі кезеңдегі астықты қайта өңдеу ұйымдарына
мемлекеттік сатылатын және мемлекеттік тұрақтандыру
ресурстары астығының нақты сатылған көлемі бойынша
жиынтық акт
Р/с |
Астықты қайта өңдейтін ұйымның атауы |
Мемлекеттік сатылатын және мемлекеттік тұрақтандыру ресурстарынан нақты сатып алынған астық, тонна |
|
жыл басынан |
__________ |
||
1 |
|||
2 |
|||
3 |
|||
Жиыны |
________________________________ ________________________
(жауапты орындаушының лауазымы) (Т.А.Ә.)
Астықты қайта өңдеу ұйымдары
ішкі нарықты реттеу мақсатында
сатып алатын мемлекеттік сатылатын
және мемлекеттік тұрақтандыру астық ресурстары
астығының құнын оларға ішінара өтеу ережесіне
3-қосымша
Бекітемін
_______________________________ облысы
Ауыл шаруашылығы басқармасының бастығы
______________________________________
(Т.А.Ә., қолы, мөрі)
20 __ жылғы «___» _________
20 __ жылғы «___» _________ ден 20 __ жылғы «___» _________ ға
кезеңдегі мемлекеттік сатылатын және мемлекеттік тұрақтандыру ресурстарынан ішкі нарықты реттеу мақсатында сатып
алынған астықтың құнын ішінара өтеуге арналған қаражатты
төлеу үшін жиынтық ведомость
Р/с |
Астықты қайта өңдейтін ұйымның атауы |
Мемлекеттік сатылатын және мемлекеттік тұрақтандыру ресурстарынан нақты сатып алынған астық, тонна |
Жыл басынан бері тиісті ішінара өтеуге арналған қаражат сомасы, теңге |
Жыл басынан бері төленгені, теңге |
Тиісті соманың қалдығы, теңге |
Төлеуге жататыны, теңге |
|
жыл басынан |
__________ |
||||||
1 |
|||||||
2 |
|||||||
Жиыны |
____________________________________________________ ______________
(қаржылық қызметтің жауапты орындаушысының лауазымы) (Т.А.Ә)