Қазақстан Республикасы Жер ресурстарын басқару агенттігінің мәселелері

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 30 маусымдағы № 668 Қаулысы

Жаңартылған

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қазақстан Республикасы Жер ресурстарын басқару агенттігінің "Астанатопография", "Шығысгеодезия", "Батысгеодезия", "Қазгеокарт", "Солтүстікгеодезия", "Оңтүстікгеодезия", "Орталықмаркшейдерия" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорындары Қазақстан Республикасы Жер ресурстарын басқару агенттігінің "Қазгеодезия" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнына (бұдан әрі - "Қазгеодезия" РМҚК) қосылу жолымен қайта ұйымдастырылсын.
      2. Мыналар:
      1) Қазақстан Республикасы Жер ресурстарын басқару агенттігі "Қазгеодезия" РМҚК-нің мемлекеттік басқару органы;
      2) "Қазгеодезия" РМҚК қызметінің негізгі мәні топографиялық-геодезиялық және картографиялық жұмыстарды жүргізу болып белгіленсін.
      3. Қазақстан Республикасы Жер ресурстарын басқару агенттігі заңнамада белгіленген тәртіппен:
      1) Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетіне "Қазгеодезия" РМҚК-нің жарғысын бекітуге ұсынуды;
      2) "Қазгеодезия" РМҚК-ні Қазақстан Республикасының әділет органдарында мемлекеттік тіркеуді;
      3) осы қаулыдан туындайтын басқа да шараларды қабылдауды қамтамасыз етсін.
      4. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай өзгерістер енгізілсін:
      1) күші жойылды - ҚР Үкіметінің 05.08.2013 № 796 қаулысымен;
      2) күші жойылды - ҚР Үкіметінің 08.02.2013 № 109 қаулысымен;
      3) "Республикалық мемлекеттік меншіктің кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 11 маусымдағы № 483 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2007 ж., № 19, 214-құжат):
      көрсетілген қаулымен бекітілген жалпымемлекеттік міндеттерді орындау үшін қажетті республикалық мемлекеттік кәсіпорындардың тізбесінде:
      "Қазақстан Республикасы Жер ресурстарын басқару агенттігі" деген бөлімде:
      тақырыбының мемлекеттік тілдегі мәтіні өзгеріссіз қалдырылсын;
      реттік нөмірі 283-жолда "Батысгеодезия" деген сөз "Қазгеодезия" деген сөзбен ауыстырылсын;
      реттік нөмірлері 284, 285, 286, 287, 288 және 289-жолдар алынып тасталсын.
      Ескерту. 4-тармаққа өзгерістер енгізілді - ҚР Үкіметінің 08.02.2013 № 109; 05.08.2013 № 796 қаулыларымен.
      5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                               К. Мәсімов