«Ақмола облысының Щучье ауданын қайта атау туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2009 жылғы 3 қыркүйектегі № 862 Жарлығына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Ақмола облысының Ішкі істер департаменті Щучье ауданының ішкі істер бөлімі» мемлекеттік мекемесі «Ақмола облысының Ішкі істер департаменте Бурабай ауданының ішкі істер бөлімі» деп қайта аталсын.
2. Қосымша сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер енгізілсін.
3. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі заңнамада белгіленген тәртіппен осы қаулыдан туындайтын шараларды қабылдасын.
4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі К. Мәсімов
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2010 жылғы 19 маусымдағы
№ 620 қаулысына
қосымша
Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне
енгізілетін өзгерістер
1. «Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 22 маусымдағы № 607 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2005 ж., № 25, 311-құжат):
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің аумақтық органдары - мемлекеттік мекемелерінің тізбесінде:
38-тармақта «Щучье» деген сөз «Бурабай» деген сөзбен ауыстырылсын.
2. «Жеке және заңды тұлғалардың азаматтық, қызметтік қаруының әрбір бірлігін тіркеу және қайта тіркеу» мемлекеттік қызмет көрсету стандартын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 26 қазандағы № 1668 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2009 ж., № 45, 428-құжат):
көрсетілген қаулымен бекітілген «Жеке және заңды тұлғалардың азаматтық, қызметтік қаруының әрбір бірлігін тіркеу және қайта тіркеу» мемлекеттік қызмет көрсету стандартында:
көрсетілген мемлекеттік қызмет көрсету стандартына 1-қосымшада:
реттік нөмірі 2-жолдың 19) тармақшасының бағанында «Щучье» деген сөз «Бурабай» деген сөзбен ауыстырылсын.
3. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 24.02.2014 № 131 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
4. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 24.02.2014 № 131 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
5. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 24.02.2014 № 131 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
6. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 19.02.2014 № 111 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
7. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 19.02.2014 № 111 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
8. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 19.02.2014 № 113 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
9. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 19.02.2014 № 111 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).