Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 17 маусымдағы № 600 Қаулысы

Жаңартылған

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер бекітілсін.
      2. Осы қаулы ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                           К. Мәсімов

Қазақстан Республикасы 
Үкіметінің      
2010 жылғы 17 маусымдағы
№ 600 қаулысымен   
бекітілген      

Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне
енгізілетін өзгерістер

      1. «Халықты жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңын іске асыру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 19 маусымдағы № 836 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2001 ж., № 23, 288-құжат):
      1) көрсетілген қаулымен бекітілген Кәсіби даярлау, қайта даярлау және біліктілікті арттыру ережесінде:
      18-тармақтың 2) және 3) тармақшаларында «статистикалық» деген сөз алынып тасталсын;
      2) көрсетілген қаулымен бекітілген Қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру мен қаржыландырудың ережесінде:
      22-тармақтың 2) және 3) тармақшаларында «статистикалық» деген сөз алынып тасталсын.
      2. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 14.01.2016 № 13 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
      3. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 16.07.2015 № 542 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) қаулысымен.
      4. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 19.09.2014 № 995 қаулысымен.
      5. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 24.09.2014 № 1011 қаулысымен.
      6. «Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің кейбір мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 6 сәуірдегі № 310 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2005 ж., № 14, 168-құжат):
      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі туралы ережеде:     
      13-тармақта:
      38) тармақшада «мемлекеттік статистиканы басқаруды жүзеге асыратын орталық атқарушы органмен келісім бойынша» деген сөздер алынып тасталсын;
      67) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      «67) ведомстволық статистикалық байқаулар жүргізеді және мемлекеттік статистика саласындағы уәкілетті орган бекіткен статистикалық әдіснамаға сәйкес асыл тұқымды мал шаруашылығы саласында статистикалық ақпарат қалыптастыруды қамтамасыз етеді;»;
      100) тармақшаның үшінші абзацындағы «статистикалық деректерді» деген сөздер «статистикалық ақпаратты» деген сөздермен ауыстырылсын;
      111) тармақшада «статистика саласындағы уәкілетті мемлекеттік органмен келісім бойынша» деген сөздер алынып тасталсын.
      7. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 28.08.2015 № 676 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi).
      8. «Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігінің мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 26 сәуірдегі № 329 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2006 ж., № 15, 145-құжат):
      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігі туралы ережеде:
      14-тармақтың отыз алтыншы абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
      «ведомстволық статистикалық байқаулар жүргізеді;».
      9. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2012.06.27 № 859 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.
      10. Күші жойылды - ҚР Yкiметiнiң 28.09.2015 № 796 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      11. «Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлігінің мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 8 желтоқсандағы № 1201 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2007 ж., № 46, 554-құжат):
      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлігі туралы ережеде:
      13-тармақтың 56) тармақшасында «статистика органдарымен» деген сөздер «мемлекеттік статистика саласындағы уәкілетті органмен» деген сөздермен ауыстырылсын.
      12. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 24.09.2014 № 1011 қаулысымен.