Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 17 маусымдағы № 600 Қаулысы

Жаңартылған

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер бекітілсін.
      2. Осы қаулы ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                           К. Мәсімов

Қазақстан Республикасы 
Үкіметінің      
2010 жылғы 17 маусымдағы
№ 600 қаулысымен   
бекітілген      

Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне
енгізілетін өзгерістер

      1. «Халықты жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңын іске асыру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 19 маусымдағы № 836 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2001 ж., № 23, 288-құжат):
      1) көрсетілген қаулымен бекітілген Кәсіби даярлау, қайта даярлау және біліктілікті арттыру ережесінде:
      18-тармақтың 2) және 3) тармақшаларында «статистикалық» деген сөз алынып тасталсын;
      2) көрсетілген қаулымен бекітілген Қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру мен қаржыландырудың ережесінде:
      22-тармақтың 2) және 3) тармақшаларында «статистикалық» деген сөз алынып тасталсын.
      2. «Инвестициялар туралы» Қазақстан Республикасының Заңын іске асырудың кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 8 мамырдағы № 436 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2003 ж., № 19, 192-құжат):
      көрсетілген қаулымен бекітілген Инвестициялық преференцияларды көздейтін инвестицияларды жүзеге асыруға арналған модельдік келісім-шартта:
      21-тармақтың 1 тармақшасының бірінші абзацында «статистика жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган» деген сөздер «мемлекеттік статистика саласындағы уәкілетті орган» деген сөздермен ауыстырылсын.
      3. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 16.07.2015 № 542 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) қаулысымен.
      4. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 19.09.2014 № 995 қаулысымен.
      5. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 24.09.2014 № 1011 қаулысымен.
      6. «Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің кейбір мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 6 сәуірдегі № 310 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2005 ж., № 14, 168-құжат):
      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі туралы ережеде:     
      13-тармақта:
      38) тармақшада «мемлекеттік статистиканы басқаруды жүзеге асыратын орталық атқарушы органмен келісім бойынша» деген сөздер алынып тасталсын;
      67) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      «67) ведомстволық статистикалық байқаулар жүргізеді және мемлекеттік статистика саласындағы уәкілетті орган бекіткен статистикалық әдіснамаға сәйкес асыл тұқымды мал шаруашылығы саласында статистикалық ақпарат қалыптастыруды қамтамасыз етеді;»;
      100) тармақшаның үшінші абзацындағы «статистикалық деректерді» деген сөздер «статистикалық ақпаратты» деген сөздермен ауыстырылсын;
      111) тармақшада «статистика саласындағы уәкілетті мемлекеттік органмен келісім бойынша» деген сөздер алынып тасталсын.
      7. «Балалы отбасыларға берілетін мемлекеттік жәрдемақылар туралы» Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру жөніндегі кейбір шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 2 қарашадағы № 1092 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2005 ж., № 39, 556-құжат):
      көрсетілген қаулымен бекітілген Балаларға арналған жәрдемақы алуға үміткер отбасының жиынтық табысын есептеу ережесінде:
      30-тармақтың екінші бөлігінде «статистика органдары» деген сөздер «мемлекеттік статистика саласындағы уәкілетті орган» деген сөздермен ауыстырылсын;
      32-тармақта:
      бірінші бөлікте «облыстық статистика органдары» деген сөздер «мемлекеттік статистика саласындағы уәкілетті органның аумақтық органдары» деген сөздермен ауыстырылсын;
      екінші бөлікте «облыстық статистика органдарының» деген сөздер «мемлекеттік статистика саласындағы уәкілетті органның аумақтық органдарының» деген сөздермен ауыстырылсын;
      33-тармақта «облыстық статистика органдары» деген сөздер «мемлекеттік статистика саласындағы уәкілетті органның аумақтық органдары» деген сөздермен ауыстырылсын.
      8. «Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігінің мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 26 сәуірдегі № 329 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2006 ж., № 15, 145-құжат):
      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігі туралы ережеде:
      14-тармақтың отыз алтыншы абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
      «ведомстволық статистикалық байқаулар жүргізеді;».
      9. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2012.06.27 № 859 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.
      10. «Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласында ақпарат беру және мемлекеттік статистика жүргізу ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 21 тамыздағы № 720 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2007 ж., № 31, 337-құжат):
      кіріспесінде «1997 жылғы 7 мамырдағы» деген сөздер «2010 жылғы 19 наурыздағы» деген сөздермен ауыстырылсын;
      көрсетілген қаулымен бекітілген Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласында ақпарат беру және мемлекеттік статистика жүргізу ережесінде:
      1-тармақта «1997 жылғы 7 мамырдағы» деген сөздер «2010 жылғы 19 наурыздағы» деген сөздермен ауыстырылсын;
      3-тармақта «статистикалық есеп» деген сөздер «мемлекеттік статистика» деген сөздермен ауыстырылсын;
      4-тармақтың екінші және үшінші абзацтары мынадай редакцияда жазылсын:
      «статистикалық байқау - статистикалық байқау объектісі бойынша алғашқы статистикалық деректерді ғылыми ұйымдастырып жинау;
      «алғашқы статистикалық деректер - статистикалық нысандардан алынған немесе тіркелген деректер;»;
      7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «7. Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласындағы алғашқы статистикалық деректерді жеке және заңды тұлғалар статистикалық жұмыстар жоспарына сәйкес статистикалық ақпаратты қалыптастыру үшін мемлекеттік статистика саласындағы уәкілетті органға береді.»;
      8-тармақта:
      «статистикалық есепке алуды» деген сөздер «мемлекеттік статистиканы жүргізуді» деген сөздермен ауыстырылсын;
      «статистикалық деректерге» деген сөздер «статистикалық ақпаратқа» деген сөздермен ауыстырылсын;
      9-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «9. Мемлекеттік статистика саласындағы уәкілетті орган статистикалық ақпаратты тузу үшін еңбек жөніндегі уәкілетті органның деректер банкінен және еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласындағы алғашқы статистикалық деректер негізінде жиналатын ақпаратты пайдаланады.»;
      10-тармақта «статистикалық есептілік» деген сөздер «статистика» деген сөзбен ауыстырылсын.
      11. «Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлігінің мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 8 желтоқсандағы № 1201 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2007 ж., № 46, 554-құжат):
      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлігі туралы ережеде:
      13-тармақтың 56) тармақшасында «статистика органдарымен» деген сөздер «мемлекеттік статистика саласындағы уәкілетті органмен» деген сөздермен ауыстырылсын.
      12. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 24.09.2014 № 1011 қаулысымен.