Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
1) Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2012.01.21 № 148 (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.
2) «Қазақстан Республикасының халқын құжаттандыру және тіркеу ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 12 шілдедегі № 1063 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2000 ж., № 29, 359-құжат):
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының халқын құжаттандыру және тіркеу ережесінде:
кіріспенің екінші абзацындағы «Шет ел азаматтарының құқықтық жағдайы туралы» деген сөздерден кейін «, «Босқындар туралы» деген сөздермен толықтырылсын;
2-тармақ мынадай мазмұндағы 5) тармақшамен толықтырылсын:
«5) босқын куәлігі.»;
мынадай мазмұндағы 8-1-тармақпен толықтырылсын:
«8-1. Босқын куәлігі Қазақстан Республикасының босқындар туралы заңнамасында белгіленген тәртіппен босқын мәртебесі берілген шетелдіктерге және азаматтығы жоқ адамдарға беріледі.»;
10-тармақта:
бірінші абзацтағы «Жеке басты куәландыратын құжаттарды,» деген сөздердің алдынан «Босқын куәлігінен басқа,» деген сөздермен толықтырылсын;
мынадай мазмұндағы екінші абзацпен толықтырылсын:
«Босқын куәлігін босқындар мәселелері жөніндегі қатынастарды реттеу саласындағы басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті орган «Босқындар туралы» Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген тәртіппен береді.»;
11-тармақтың бірінші абзацы мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
«босқын мәртебесін беру туралы қолдаухаттың негізінде беріледі.»;
29-тармақ үшінші абзацтағы «азаматтығы жоқ адамдар» деген сөздерден кейін «;» белгісі қойылып, мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
«шетелдіктер және босқын мәртебесін алған азаматтығы жоқ адамдар»;
30-тармақта:
бірінші абзацтағы «Тіркеуге жататын адамдар» деген сөздердің алдынан «Босқындарды қоспағанда,» деген сөздермен толықтырылсын;
мынадай мазмұндағы екінші абзацпен толықтырылсын:
«Босқындар уәкілетті органда тіркелу үшін бес күн мерзімде мынадай құжаттарды ұсынады:
босқындар мәселелері жөніндегі қатынастарды реттеу саласындағы басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті орган берген тіркеуге арналған жолдама;
уәкілетті орган белгілеген нысандағы өтініш;
жеке басын куәландыратын құжат.».
Ескерту. 1-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 2012.01.21 № 148 (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.
2. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі К. Мәсімов