Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 28 қаңтардағы № 136 және 2000 жылғы 12 шілдедегі № 1063 қаулыларына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 3 наурыздағы № 166 Қаулысы

Қолданыстағы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
      1) «Шетелдіктердің Қазақстан Республикасында болуын құқықтық реттеудің жекелеген мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 28 қаңтардағы № 136 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2000 ж., № 4, 55-құжат):
      көрсетілген қаулымен бекітілген Шетелдіктердің Қазақстан Республикасына келуінің және болуының, сондай-ақ олардың Қазақстан Республикасынан кетуінің тәртібінде:
      1-тармақтың бірінші абзацындағы «Халықтың көші-қоны туралы» Қазақстан Республикасының Заңына» деген сөздер «Халықтың көші-қоны туралы» және «Босқындар туралы» Қазақстан Республикасының заңдарына» деген сөздермен ауыстырылсын;
      4-тармақтың бірінші абзацындағы «егер» деген сөзден кейін «Шетел азаматтарының Қазақстан Республикасындағы құқықтық жағдайын реттейтін Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде және/немесе» деген сөздермен толықтырылсын;
      11-2-тармақтың бірінші абзацындағы «Оралмандарды,» деген сөзден кейін «пана іздеген адамдарды, босқындарды» деген сөздермен толықтырылсын;
      12-тармақ мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
      «Пана іздеген адамдар, сондай-ақ босқындар Қазақстан Республикасының босқындар туралы заңнамасында белгіленген тәртіппен алынған пана іздеген адамның куәлігін немесе босқын куәлігін өзімен алып жүруге және оларды уәкілетті мемлекеттік органдардың талап етуі бойынша көрсетуге міндетті.»;
      13-тармақ мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
      «Пана іздеген адамдарды және босқындарды тіркеу Қазақстан Республикасының босқындар туралы заңнамасында белгіленген тәртіппен ресімделеді.»;
      20-тармақтағы «мен Қазақстан Республикасының Көші-қон және демография жөніндегі агенттігі» деген сөздер алынып тасталсын;
      2) «Қазақстан Республикасының халқын құжаттандыру және тіркеу ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 12 шілдедегі № 1063 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2000 ж., № 29, 359-құжат):
      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының халқын құжаттандыру және тіркеу ережесінде:
      кіріспенің екінші абзацындағы «Шет ел азаматтарының құқықтық жағдайы туралы» деген сөздерден кейін «, «Босқындар туралы» деген сөздермен толықтырылсын;
      2-тармақ мынадай мазмұндағы 5) тармақшамен толықтырылсын:
      «5) босқын куәлігі.»;
      мынадай мазмұндағы 8-1-тармақпен толықтырылсын:
      «8-1. Босқын куәлігі Қазақстан Республикасының босқындар туралы заңнамасында белгіленген тәртіппен босқын мәртебесі берілген шетелдіктерге және азаматтығы жоқ адамдарға беріледі.»;
      10-тармақта:
      бірінші абзацтағы «Жеке басты куәландыратын құжаттарды,» деген сөздердің алдынан «Босқын куәлігінен басқа,» деген сөздермен толықтырылсын;
      мынадай мазмұндағы екінші абзацпен толықтырылсын:
      «Босқын куәлігін босқындар мәселелері жөніндегі қатынастарды реттеу саласындағы басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті орган «Босқындар туралы» Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген тәртіппен береді.»;
      11-тармақтың бірінші абзацы мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
      «босқын мәртебесін беру туралы қолдаухаттың негізінде беріледі.»;
      29-тармақ үшінші абзацтағы «азаматтығы жоқ адамдар» деген сөздерден кейін «;» белгісі қойылып, мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
      «шетелдіктер және босқын мәртебесін алған азаматтығы жоқ адамдар»;
      30-тармақта:
      бірінші абзацтағы «Тіркеуге жататын адамдар» деген сөздердің алдынан «Босқындарды қоспағанда,» деген сөздермен толықтырылсын;
      мынадай мазмұндағы екінші абзацпен толықтырылсын:
      «Босқындар уәкілетті органда тіркелу үшін бес күн мерзімде мынадай құжаттарды ұсынады:
      босқындар мәселелері жөніндегі қатынастарды реттеу саласындағы басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті орган берген тіркеуге арналған жолдама;
      уәкілетті орган белгілеген нысандағы өтініш;
      жеке басын куәландыратын құжат.».
      2. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                 К. Мәсімов