РҚАО-ның ескертпесі.
ҚР мемлекеттік басқару деңгейлері арасындағы өкілеттіктердің аражігін ажырату мәселелері бойынша 2014 жылғы 29 қыркүйектегі № 239-V ҚРЗ Заңына сәйкес ҚР Энергетика министрінің 2015 жылғы 23 ақпандағы № 131 бұйрығын қараңыз.
«Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 24 маусымдағы Заңының 16-бабының 30) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес Жасанды аралдарды, бөгеттерді, құрылыстар мен қондырғыларды, сондай-ақ мұнай операцияларымен байланысты өзге де объектілерді құру, пайдалану және қолдану қағидасы бекітілсін.
2. «Қазақстан Республикасында мұнай операцияларын жүргізу кезінде жасанды аралдар, бөгеттер, ғимараттар мен қондырғылар құрылысына және оларды пайдалануға рұқсат берудің тәртібі мен шарттары туралы ережені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1996 жылғы 24 маусымдағы № 772 қаулысының (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1996 ж., № 29, 252-құжат) күші жойылды деп танылсын.
3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі К. Мәсімов
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2010 жылғы 30 желтоқсандағы
№ 1452 қаулысымен
бекітілген
Жасанды аралдарды, бөгеттерді, құрылыстар мен қондырғыларды,
сондай-ақ мұнай операцияларымен байланысты өзге де
объектілерді құру, пайдалану және қолдану қағидасын
бекіту қағидасы
1. Жалпы ережелер
1. Осы Жасанды аралдарды, бөгеттерді, құрылыстар мен қондырғыларды, сондай-ақ мұнай операцияларымен байланысты өзге де объектілерді құру, пайдалану және қолдану қағидасын бекіту қағидасы (бұдан әрі - Қағида) Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 24 маусымдағы «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» (бұдан әрі - Заң), 2001 жылғы 16 шілдедегі «Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы», 2002 жылғы 17 қаңтардағы «Теңізде жүзу саудасы туралы», 2002 жылғы 3 сәуірдегі «Қауіпті өндірістік объектілердегі өнеркәсіптік қауіпсіздік туралы», 2004 жылғы 9 қарашадағы «Техникалық реттеу туралы» заңдарына, Қазақстан Республикасының Экологиялық кодексіне және «Мұнай операцияларымен байланысты жер үсті және теңіз өндірістік объектілерін салу қауіпсіздігіне қойылатын талаптар» техникалық регламентін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 31 желтоқсандағы № 1335 қаулысына сәйкес әзірленді.
2. Қағида жасанды аралдарды, бөгеттерді, құрылыстар мен қондырғыларды, сондай-ақ теңізде жүргізілетін мұнай операцияларымен байланысты өзге де объектілерді құру, пайдалану және қолдану тәртібін айқындайды.
3. Осы Қағидада пайдаланылатын негізгі ұғымдар:
1) жер қойнауын зерттеу және пайдалану жөніндегі уәкілетті орган - геологиялық зерттеу, жер қойнауын ұтымды және кешенді пайдалану саласында мемлекеттік саясатты іске асыру және бақылау жөніндегі функцияларды, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген жер қойнауын пайдалану саласындағы өзге де функцияларды жүзеге асыратын мемлекеттік орган;
2) қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган - қоршаған органы қорғау және табиғат пайдалану саласында мемлекеттік саясатты әзірлеу мен іске асыру мәселелері жөніндегі басшылық пен салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын орталық атқарушы орган, сондай-ақ оның аумақтық органдары;
3) құзыретті орган - мұнай мен газ саласындағы уәкілетті орган;
4) мердігер - теңіз құрылыстарын құру, пайдалану және қолдану жөніндегі жұмыстарды орындауға арналған мердігерлік шартына сәйкес жер қойнауын пайдаланушы тартқан жеке немесе заңды тұлға;
5) өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы уәкілетті орган - өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттік орган;
6) теңіз құрылысын салуға немесе орналастыруға рұқсат - белгілі бір учаске шегінде өтініш берушіге оның теңіз құрылысын салу және орналастыру ниетін іске асыру құқығын беретін құзыретті органның жазбаша рұқсаты;
7) өтінім беруші - теңіз құрылыстарын салуға немесе орналастыруға арналған рұқсат алу үшін уәкілетті органға өтініш беретін тұлға;
8) теңіз құрылыстарын пайдалану - теңіз құрылыстарын мақсаты бойынша пайдалану;
9) су қорын пайдалану және қорғау саласындағы уәкілетті орган - өз құзыреті шегінде су қорын пайдалану мен қорғау, сумен жабдықтау, су бөлу саласындағы мемлекеттік орган;
10) теңіз құрылыстары - жасанды аралдарды, бөгеттерді, қондырғыларды, теңізде мұнай операцияларын жүргізуге арналған жылжымайтын және жүзбелі жабдықты қоса алғанда, теңізде болатын қолдан жасалған құрылыстар;
11) теңіз құрылыстарын салу - теңіз құрылыстарының жаңаларын жобалау (тұрғызу) және (немесе) қолданыстағыларын өзгерту (конструкцияларды кеңейту және құрастырмаларын өзгерту) жөніндегі қызмет;
12) жер қойнауын пайдаланушымен (мердігермен) теңіз құрылысын пайдалануын тоқтатуды растайтын құжат - теңіз құрылысын пайдаланудан (жоюдан) шығару жөніндегі акт.
Қағидада қолданылатын өзге де ұғымдар Заңда пайдаланылатын ұғымдарға сәйкес келеді.
2. Теңіз құрылыстарын құру, пайдалану және қолдану
тәртібі Теңіз құрылыстарын құру тәртібі
4. Өтінім беруші теңіздегі мұнай операцияларын жүргізуге арналған теңіз құрылыстарын құру, пайдалану және қолдану мәселесін шешу үшін құзыретті органға жазбаша нысанда өтініш береді.
Құзыретті орган өтінім берушінің өтінішін осы Қағиданың 6-тармағында келтірілген, мәліметтерді егжей-тегжейлі көрсететін өтінішке қатысты құжаттармен қоса, құрамына мүдделі мемлекеттік органдардың өкілдері қосылатын Теңіз құрылыстарын құру, пайдалану және қолдану мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссияның (бұдан әрі – Комиссия) қарауына енгізеді.
Комиссияның құрамы мен ол туралы ережені Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітеді.
Комиссия отырысының нәтижелері бойынша әзірленген ұсынымдар мен өтінім берушінің өтінішін құзыретті орган үш жұмыс күні ішінде теңіз құрылыстарын салу, пайдалану және қолдану мәселесін шешу үшін Қазақстан Республикасы Үкіметінің қарауына жібереді.
Ескерту. 4-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 04.02.2014 N 49 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
5. Қазақстан Республикасының Үкіметі заңнамада белгіленген мерзімде теңізде мұнай операцияларын жүргізуге арналған теңіз құрылыстарын құру, пайдалану және қолдану жөніндегі комиссияның ұсынымын қарайды.
Құзыретті орган үш жұмыс күні ішінде қарау нәтижелері туралы өтінім берушіні хабардар етеді.
6. Өтінім беруші теңіз құрылыстарын салуға немесе орналастыруға рұқсат алу үшін құзыретті органға:
1) осы Қағидаға қосымшаның 1-нысанына сәйкес жер қойнауын пайдаланушының қолы қойылған және ұйымның мөрімен расталған өтінішті;
2) осы Қағидаға қосымшаның 2-нысанына сәйкес мәліметтер нысанын жолдайды.
Ескерту. 6-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 29.03.2013 N 309 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
7. Өтінім беруші Қағиданың 6-тармағында көзделген мәліметтерді толық бермеген жағдайда, құзыретті орган үш жұмыс күні ішінде өтінішті қарамастан кері қайтарады. Жетіспеген мәліметтер қоса берілген өтінішті қарау мерзімі құзыретті орган өтінім берушінің қайтадан берілген жазбаша өтінішін алған сәттен бастап есептеледі.
Ескерту. 7-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 29.03.2013 N 309 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
8. Құзыретті орган өтінішті алғаннан кейін төрт жұмыс күні ішінде оларды қоршаған ортаны қорғау, су қорын пайдалану және қорғау, өнеркәсіптік қауіпсіздік, қорғаныс және мемлекеттік шекараны қорғауды қамтамасыз ету саласындағы уәкілетті органдарға жібереді, олар жеті жұмыс күні ішінде теңіз құрылысын көрсетілген географиялық координаталарының ауданында салудың немесе орналастырудың мүмкіндігін немесе мүмкін еместігін келіседі.
Ескерту. 8-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 04.02.2014 N 49 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
9. Құзыретті орган Қағиданың 8-тармағында көзделген уәкілетті органдардан жауаптар алғаннан кейін төрт жұмыс күні ішінде өтінішті қарап, теңіз құрылыстарын салуға және орналастыруға рұқсат береді немесе оны беруден бас тартады.
Ескерту. 9-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 29.03.2013 N 309 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
10. Құзыретті орган Қағиданың 8-тармағында көзделген уәкілетті органдардың бірінің теріс жауабы болса, сондай-ақ жер қойнауын пайдаланушы дәйексіз мәлiметтерді қамтитын құжаттарды ұсынған жағдайда теңіз құрылыстарын салуға және орналастыруға рұқсат беруден бас тартады.
Ескерту. 10-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 04.02.2014 N 49 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
11. Құзыретті органның рұқсаты Қағидаға қосымшаға сәйкес нысан бойынша беріледі.
Теңіздегі мұнай операцияларымен байланысты теңіз
құрылыстарын жобалау
12. Теңіз құрылыстарын жобалау кезінде Қазақстан Республикасының экологиялық заңнамасында белгіленген экологиялық талаптарды сақтау міндетті түрде талап етіледі.
13. Теңіз құрылыстарын жобалау жер қойнауын пайдалануға арналған Келісімшарттың шеңберінде жүзеге асырылады.
14. Салуға немесе орналастыруға жататын теңіз құрылысын орналастыру орнын таңдау теңіз құрылысын қауіпсіз салуды және пайдалануды қамтамасыз ету мақсатында теңіз түбі учаскесіне толық геотехникалық зерделеу жүргізілгеннен кейін жүзеге асырылады.
15. Теңіз құрылысын салуға арналған учаскені зерделеу кезінде жер қойнауын пайдаланушы (мердігер) мыналарды жүзеге асырады:
1) құбыржолдардың, кәбілдің және басқа да объектілердің бар-жоғын зерттеу;
2) жоспарланып отырған қауіпсіздік дәрежесіне сәйкес теңіз құрылысын жобалау үшін қажетті теңіз түбінің жағдайы туралы инженерлік-геологиялық деректер;
3) теңіз құрылысын орналастыру орнын таңдауды қамтамасыз ету белгіленген, әсіресе кеме жайға кіреберістердегі белгіленген навигациялық жолдардан, сондай-ақ дәстүрлі балық аулау орындарынан тыс жерде жүргізу.
16. Жұмыстардың жобалары бойынша сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласындағы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен мемлекеттік сараптама жүргізіледі.
Жұмыс жобалары белгіленген тәртіппен тиісті мемлекеттік органдармен келісіледі және оларды жер қойнауын зерттеу және пайдалану жөніндегі уәкілетті орган бекітеді.
17. Теңіз құрылыстарын салуды немесе қайта жаңартуды жобалау алдында «Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 16 шілдедегі Заңына (бұдан әрі - Сәулет туралы заң) сәйкес инженерлік (инженерлік-гидрографиялық, геодезиялық, геологиялық, гидрометеорологиялық) ізденістер жүргізу қажет.
18. Инженерлік ізденістердің нәтижелері жер қойнауын зерттеу және пайдалану жөніндегі уәкілетті органға ұсынылады және жұмыс жобаларында қабылданатын шешімдерді негіздеу үшін және жұмыстарды жобалауды, қауіпсіз және сапалы жүргізуді ұйымдастыру үшін қолданылады.
19. Жобалау құжаттамасының құрамына мыналар кіреді:
1) қоршаған табиғи ортаның жай-күйін жобалау алдындағы (базалық) бағалау;
2) салу жоспарланып отырған теңіз құрылысының қоршаған табиғи ортаға әсерін бағалау. Қоршаған ортаға әсерді бағалау Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген қала құрылысы және құрылысты жобалау сатыларын ескере отырып, дәйекті түрде жүзеге асырылады;
3) ықтимал дағдарысты (авариялық) жағдайларды талдау, олардың алдын алу және жұмыс істейтін персонал мен теңізде мұнай операцияларын жүргізуге байланысты теңіз құрылыстарындағы авариялық (ықтимал дағдарысты) әсер ету аймағында тұратын тұрғындарды қорғау жөніндегі іс-шаралар;
4) келеңсіз салдардың алдын алу жөніндегі шараларды (табиғи экологиялық жүйелер мен табиғат ресурстарының жойылуы, тозу, зақымдануы және таусылуы), ұңғыманы бақылауға алуды, қоса алғанда, табиғат қорғау іс-шараларының кешені авариялық және өзге де қауіпті жағдайлар туындаған жағдайда қажет жабдықтармен және материалдармен қамтамасыз ету жөніндегі ұсыныстар; қоршаған табиғи ортаның (экологиялық мониторинг) және жүргізілетін мұнай операцияларын ішкі бақылауды жүзеге асыру бағдарламасы;
5) өнеркәсіп қауіпсіздігі, өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету, өндірістік санитария және жұмыс істеуші персоналдың еңбегін қорғау, сондай-ақ теңіздегі авариялар мен олардың салдарын жоюға мамандандырылған өзге де ұйымдарды тарту мәселелері;
6) қағиданың 14-тармағына сәйкес теңіз құрылысын салуға арналған учаскені зерттеу нәтижелері.
20. Жер қойнауын пайдаланушы (мердігер) теңіз құрылысын салуды (монтаждауды) және пайдалануды жүзеге асырғанға дейін халықты хабардар етуді және қоғамдық пікірді есепке алуды қамтамасыз етеді.
Теңіз құрылыстарын салу (монтаждау)
21. Теңіз құрылыстарын салу (монтаждау) сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласындағы заңнамаға сәйкес жүзеге асырылады.
22. Теңіз құрылыстарын салу (монтаждау) аяқталған соң жер қойнауын пайдаланушы (мердігер) оларды құзыретті орган құратын теңіз құрылыстарын пайдалануға қабылдау жөніндегі мемлекеттік қабылдау комиссиясына ұсынуды қамтамасыз етеді.
23. Жер қойнауын пайдаланушы (мердігер) адамдардың қауіпсіздігіне қатер төндірмеу, кеменің жүзуіне немесе балық аулауға кедергі келтірмеу үшін теңіз құрылыстарына олардың теңіздегі орналасқан жері туралы ескерту жөніндегі тиісті құралдарды қамтамасыз етеді.
24. Теңіз құрылыстарының айналасында қауіпсіздік аймақтары белгіленіп, әрбір сырт шегі нүктесінен бес жүз метрден аспайтын қашықтықта созылып жатады.
25. Теңізде мұнай қоймаларын немесе резервуарларын салуға және пайдалануға, мұнайды тікелей теңіз құрылыстарынан танкермен тасымалдаған кезде мұнайды уақытша (жиырма күннен асырмай) сақтауды қоспағанда, теңіз құрылыстарында мұнай сақтауға және жинауға тыйым салынады.
Теңіз құрылыстарын пайдалану және қолдану
26. Теңіз құрылыстарын пайдалану мемлекеттік қабылдау комиссиясының тиісті объектіні (объектілерді) Сәулет туралы заңнамаға сәйкес пайдалануға қабылдау туралы актісі болған жағдайда жүзеге асырылады.
27. Теңіз құрылысы пайдалануға берілгеннен кейін оны қолдану тұрғындардың денсаулығы мен қоршаған ортаға қауіп төндірмейтін техникалар мен технологияларды пайдалану арқылы жүзеге асырылады.
28. Су қорғау аймақтары мен белдеулерінде құрылыс, түбін тереңдету, жару және өзге де жұмыстар жергілікті атқарушы органдар белгілеген аймақтар мен белдеулерді пайдалану режимін сақтай отырып жүзеге асырылады.
29. Теңіз құрылыстарын пайдалануды бастау алдында жер қойнауын пайдаланушы (мердігер) авариялық-қалпына келтіру және жөндеу жұмыстарын жүргізудің ішкі тәртібін, сондай-ақ оларды пайдалану үдерісінде теңіз құрылыстарында дағдарысты (авариялық) жағдайлар туындаған жағдайда жұмыс істейтін персонал мен теңіз құрылысының қолданылу аймағында тұратын тұрғындарды көшіру жоспарын әзірлейді және бекітеді.
30. Теңіз құрылыстарын пайдалану үдерісінде дағдарыста (авариялық) жағдайлар туындаған кезде авариялық-қалпына келтіру және жөндеу жұмыстарын жүргізу тәртібі төтенше жағдайлар және қоршаған ортаны қорғау жөніндегі уәкілетті органның аумақтық бөлімшелерімен келісіледі.
31. Теңіз құрылыстарын пайдалану үдерісінде дағдарысты (авариялық) жағдайлар туындаған жағдайда көшіру жоспары төтенше жағдайлар жөніндегі уәкілетті органның аумақтық органдармен келісіледі.
32. Авариялық-қалпына келтіру жұмыстарын жүргізудің ішкі тәртібі, сондай-ақ теңіз құрылыстарын пайдалану үдерісінде дағдарысты (авариялық) жағдайлар туындаған жағдайдағы көшіру жоспары жыл сайын қайта келісіледі және қайта бекітіледі.
33. Теңіз құрылыстарын пайдалануды бастау алдында жер қойнауын пайдаланушы (мердігер) оларды пайдалану үдерісінде өртті қадағалау жөніндегі мемлекеттік органмен келісілген, теңіз құрылыстарын өрттен қорғауды қамтамасыз ету тәртібін әзірлейді және бекітеді.
Теңіз құрылыстарын өрттен қорғауды қамтамасыз ету тәртібі оларды пайдалану үдерісінде жыл сайын қайта келісіледі және қайта бекітіледі.
34. Теңіз құрылыстарын пайдалануды бастау алдында жер қойнауын пайдаланушы (мердігер) қоршаған табиғи ортаның жағдайын (экологиялық мониторинг) және жүргізілетін мұнай операцияларын ішкі (өндірістік) бақылауды жүзеге асырудың қоршаған ортаны қорғаудың аумақтық органдарымен келісілген тәртібін әзірлейді және бекітеді.
Қоршаған табиғи ортаның жағдайы мен жүргізілетін мұнай операцияларын ішкі (өндірістік) бақылауды жүзеге асыру тәртібі Қазақстан Республикасының Экологиялық кодексіне сәйкес жыл сайын қайта келісуге және қайта бекітуге жатады.
35. Жер қойнауын пайдаланушы (мердігер):
1) көтеру және бекіту;
2) түсіру және бастапқы қорыту;
3) жүзу үстінде құрастыру;
4) сүйрету;
5) іске қосу және тік көтеру;
6) суға батыру;
7) тіректерді орнату;
8) монтаждаудан кейін тұтас құрылыстың құрылымдық беріктігі мен тұтастығы сияқты жұмыстарды жүргізу кезінде теңіздегі мұнай операциялары үшін пайдаланылатын құрылыстардың құрылымдық беріктігінің әлсіреуіне жол бермеу үшін шаралар қабылдайды.
36. Теңіз операцияларын жүргізу кезінде пайдаланылатын барлық теңіз құрылыстарының құрылымдық параметрлері жүйелі түрде тексерілуге және техникалық қызмет көрсетілуге жатады.
37. Бөгде кемелерге теңіз құрылысының қауіпсіздік аймақтары шегіне кіруге шек қойылады. Теңіздегі мұнай операцияларын қолдайтын теңіз және әуе кемелері қауіпсіздік үшін үнемі бортта болып жауап беретін теңіз құрылысының персоналын қауіпсіздік аймағына өзінің кіру және бұған теңіз құрылысының басшысынан тиісті рұқсат алу ниеті туралы хабардар етеді.
38. Жер қойнауын пайдаланушы (мердігер) дәл координаталарды көрсете отырып, теңіз құрылысының орналасу орнын Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің Әскери-теңіз флоты басқармасына және таяудағы порттың басшылығына хабарлайды.
39. Мұнай мен газды барлауға және өндіруге арналған теңіз кемелері, оның ішінде жүзбелі бұрғылау құрылғылары теңізде жүзудің қауіпсіздік талаптарына сай келуі тиіс және Республиканың Үкіметі таныған біліктілік қоғамдарының бірінде куәландырылуға жатады.
40. Жер қойнауын пайдаланушы (мердігер) жұмыстарды орындауға арналған жабдық пен техникалық құралдардың, сондай-ақ экологиялық қауіпсіздікті және қоршаған ортаны ластанудан қорғауды қамтамасыз етуші құралдардың, олардың бекітілген жобалық шешімдерге сәйкестігін белгілеу мақсатында оларды тексеру үшін жер қойнауын зерделеу және пайдалану жөніндегі, мұнай мен газ саласындағы, қоршаған ортаны қорғау саласындағы, төтенше жағдайлар жөніндегі, ерекше қорғалатын табиғи аумақтар мен балық шаруашылығы саласындағы уәкілетті органдардың, көліктік бақылау органдардың лауазымды адамдарының оларды теңіз құрылыстарына кедергісіз кіруін және тексеруді қажетті түсіндірулермен қамтамасыз етеді.
Теңіз құрылыстарын пайдаланудан шығару (жою)
41. Теңіз құрылыстарын пайдаланудан шығару (жою) жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы заңнамаға сәйкес жүзеге асырылады.
Теңіз құрылыстарын пайдаланудан шығару (жою) туралы шешім уәкілетті органмен келісіледі.
42. Теңіз құрылысын пайдаланудан шығару (жою) туралы шешімді уәкілетті органмен келіскеннен кейін жер қойнауын пайдаланушы (мердігер) теңіз құрылысын пайдаланудан шығару (жою) жөніндегі жұмысты көздейтін тарату жобасын әзірлейді және бекітеді.
Жер қойнауын пайдаланушы (мердігер) бекіткен теңіз құрылысын пайдаланудан шығаруға (жоюға) арналған тарату жобасы теңіз құрылысын пайдаланудан шығару (жою) жөніндегі жұмысты жүзеге асыруды бастауға рұқсат алу үшін негіз болып табылады.
мемлекеттік органдардың өкілдерінен жер қойнауын зерттеу және пайдалану жөніндегі уәкілетті орган құрған комиссия қарайды.
44. Комиссияның оң ұсынымы негізінде жер қойнауын зерттеу және пайдалану саласындағы уәкілетті орган теңіз құрылысын пайдаланудан шығару (жою) туралы актіге қол қояды.
45. Теңіз құрылыстарын пайдаланудан шығару (жою) бойынша жұмыс аяқталғаннан және мемлекеттік комиссия бұл туралы актіге қол қойғаннан кейін жер қойнауын пайдаланушы (мердігер) тәуелсіз сарапшылардың қатысуымен теңіз құрылысын пайдаланудан шығарғаннан (жоюдан) кейін қоршаған табиғи ортаның жағдайын бағалауды орындайды.
46. Теңіз құрылысын пайдаланудан шығарғаннан (жойғаннан) кейін қоршаған табиғи ортаның жай-күйін бағалау актісін қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган бекітеді.
Жасанды аралдарды, бөгеттерді,
құрылыстар мен қондырғыларды,
сондай-ақ мұнай операцияларымен
байланысты өзге де объектілерді
құру, пайдалану және
қолдану қағидасына
қосымша
Жасанды аралдарды, бөгеттерді, құрылыстар мен қондырғыларды,
сондай-ақ мұнай операцияларымен байланысты өзге де объектілерді
құруға, пайдалануға және қолдануға рұқсат алу үшін қажетті
құжаттар нысандары
Ескерту. Қосымша жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 04.02.2014 N 49 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
1-нысан
Жасанды аралдарды, бөгеттердi, құрылыстар мен қондырғыларды,
сондай-ақ мұнай операцияларымен байланысты өзге де объектiлердi
құруға, пайдалануға және қолдануға рұқсат алуға
өтініш
(қайда) _____________________________________________________________
(уәкiлеттi органның толық атауы)
(кімнен) ____________________________________________________________
(жеке тұлғаның тегi, аты, әкесiнiң аты (болған жағдайда), ЖСН, заңды
тұлғаның толық атауы, орналасқан жерінің мекенжайы, БСН, байланыс
деректері (телефон, факс, электрондық пошта)
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
(теңiз құрылыстарын салу немесе орналастыру бойынша мұнай
операцияларын жүзеге асыру қажеттілігінің себебі мен негіздемесі)
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
(жоспарланған теңіз құрылысының не осындай теңіз құрылысын салу
жөніндегі жүргізілетін жұмыстардың сипаты, мерзімі мен орналасатын
жері)
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
(қоса беріліп отырған құжаттар тізбесі)
Ұйымның басшысы (лауазымы) ______________ ________________________
(қолы) (Т.А.Ә.)
М.О. 20__ ж. «___» _______________________
2-нысан
Жасанды аралдарды, бөгеттердi, құрылыстар мен қондырғыларды,
сондай-ақ мұнай операцияларымен байланысты өзге де объектiлердi
құруға, пайдалануға және қолдануға рұқсат алуға
мәлімет нысаны
1. Теңіз құрылысын салу мақсаты, мәні мен негізі _____________.
2. Келісімшарттық аумақ шегінде құрылатын теңіз құрылысының
географиялық координаталарының негіздемесі:
1) ендігі ____________________________________________________;
2) ұзақтығы __________________________________________________.
3. Теңіз құрылысын құру жөніндегі жұмыстарды орындау кезінде
пайдаланылуы болжанатын кеме және өзге де жүзу құралдары туралы
ақпарат:
1) кеме және өзге де жүзу құралдарының саны __________________;
2) кеме және өзге де жүзу құралдарының атауы _________________.
4. Теңіз құрылысын құруды бастау және аяқтау күні ____________.
5. Теңіз құрылысын пайдалану кезінде қолданылатын байланыс
құралдары (радиотаратқыштың қуаты, жиіліктер, өзге де мәліметтер)
туралы ақпарат _____________________________________________________.
6. Теңiз құрылысын салу немесе орналастыру кезіндегі
жоспарланған іс-шаралар:
1) техникалық сумен жабдықтаудың тұйық жүйелерін, жүзгіш немесе
тұрақты тазарту құрылыстары мен құрамында мұнай бар суды және басқа
да зиянды заттарды қабылдауға арналған құралдар жасауды қоса алғанда,
қоршаған ортаға ықтимал залалдың алдын алу немесе азайту жөнінде
____________________________________________________________________;
2) теңіз құрылысында авариялық жағдайларды болдырмау және жою
жөнінде ____________________________________________________________;
3) теңізде жүзудің және ұшақ аппараттары ұшуының қауіпсіздігін
қамтамасыз ету жөніндегі, сондай-ақ балықтар және басқа да су
жануарлары мекендейтiн ортаны, олардың көбею жағдайларын, өрiс аудару
жолдарын және шоғырланған жерлерiн сақтау жөнінде __________________.
7. Теңіз құрылысын болжамды орналастыру орнының негізгі
гидрологиялық және гидрогеологиялық сипаттамалары, көтерілген суды,
жіберілетін сарқынды суларды, алынатын жерасты суларын алудың және
(немесе) пайдаланудың болжанатын көлемі ____________________________.
3-нысан
Жасанды аралдарды, бөгеттердi, құрылыстар мен қондырғыларды,
сондай-ақ мұнай операцияларымен байланысты өзге де объектiлердi
құруға, пайдалануға және қолдануға
рұқсат
Нөмірі: Берілген жері:
Берілген күні:
1. __________________________________________________________ берілді
(жеке тұлғаның Т.А.Ә., заңды тұлғаның атауы)
2. __________________________________________________________________
(теңіз құрылыстары, объектілері аумағының координаталары)
3. __________________________________________________________________
(теңіз құрылыстарын, объектілерін салу мерзімі)
4. __________________________________________________________________
(теңіз құрылыстарын, объектілерін пайдалану шарттары)
Мемлекеттік уәкілетті органдардың келісуі:
___________________ _______________ _______________________
(лауазымы) (қолы) (Т.А.Ә.)