Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай толықтырулар мен өзгерістер енгізілсін:
1) «Қауіпті жүктерді тасымалдау жөніндегі қызметті лицензиялау ережесін және оған қойылатын біліктілік талаптарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 27 маусымдағы № 534 қаулысында(Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2007 ж., № 21, 241-құжат):
көрсетілген қаулымен бекітілген Қауіпті жүктерді тасымалдау жөніндегі қызметті лицензиялау ережесінде:
3-тармақтың бірінші бөлігі «қосымшаларын» деген сөзден кейін «жеке және заңды тұлғаларды тіркеу орны бойынша» деген сөздермен толықтырылсын;
6-тармақ алып тасталсын;
көрсетілген қаулымен бекітілген қауіпті жүктерді тасымалдау жөніндегі қызметке қойылатын біліктілік талаптарында:
«темір жол көлігімен» деген кіші бөлімде:
4) тармақша алып тасталсын;
5) тармақшадағы «қалпына келтіру және жаңарту жөніндегі» деген сөздер «сатып алуға, қалпына келтіруге және (немесе) жаңартуға арналған» деген сөздермен ауыстырылсын;
2) «Жолаушылар тасымалдау жөніндегі қызметті лицензиялау ережесін және оған қойылатын біліктілік талаптарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 28 маусымдағы № 544 қаулысында(Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2007 ж., № 22, 250-құжат):
көрсетілген қаулымен бекітілген Жолаушылар тасымалдау жөніндегі қызметті лицензиялау ережесінде:
3-тармақтың бірінші бөлігі «қосымшаларын» деген сөзден кейін «жеке және заңды тұлғаның тіркелген орны бойынша» деген сөздермен толықтырылсын;
6-тармақ алып тасталсын;
көрсетілген қаулымен бекітілген жолаушылар тасымалдау жөніндегі қызметке қойылатын біліктілік талаптарында:
«темір жол көлігімен» деген кіші бөлімде:
4) тармақшадағы «көлік құралдары иелерінің» деген сөздер «тасымалдаушының жолаушылар алдындағы» деген сөздермен ауыстырылсын;
5) тармақшадағы «қалпына келтіру және жаңарту жөніндегі» деген сөздер «сатып алуға, қалпына келтіруге және (немесе) жаңартуға арналған» деген сөздермен ауыстырылсын;
3) «Өнеркәсіп саласындағы жекелеген қызмет түрлерін лицензиялау ережесін және оларға қойылатын біліктілік талаптарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 28 желтоқсандағы № 1311 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2007 ж., № 50, 608-құжат):
көрсетілген қаулымен бекітілген Өнеркәсіп саласындағы жекелеген қызмет түрлерін лицензиялау ережесінде:
1-тармақтың 1) тармақшасы «электр және» деген сөздердің алдынан «жеке мұқтаждық үшін жаңартылатын энергия көздерінен электр және (немесе) жылу энергиясын өндіруді қоспағанда,» деген сөздермен толықтырылсын;
Өнеркәсіп саласындағы жекелеген қызмет түрлерін лицензиялау ережесіне 2-қосымшада:
1-тармақтың бірінші абзацындағы «Электр және жылу» деген сөздер «Жеке мұқтаждық үшін жаңартылатын энергия көздерінен электр және (немесе) жылу энергиясын өндіруді қоспағанда, электр және жылу» деген сөздермен ауыстырылсын;
көрсетілген қаулымен бекітілген өнеркәсіп саласындағы жекелеген қызмет түрлеріне қойылатын біліктілік талаптарында:
1-тармақта:
бірінші абзац пен 1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Жеке мұқтаждық үшін жаңартылатын энергия көздерінен электр энергиясын өндіруді қоспағанда, электр энергиясын өндіру, беру және тарату жөніндегі қызметке қойылатын біліктілік талаптары тұтынушыға дейін электр энергиясын беру мен таратуды, кернеуі 35 кВ және одан да жоғары электр энергиясының көздерінен электр энергиясын өндіруді жүзеге асыратын жеке тұлғаларға (дара кәсіпкерлерге) және заңды тұлғаларға қолданылады және:
1) меншігінде немесе өзге де заңды негіздерде тұтынушыға дейін электр энергиясын беру мен таратуды жүзеге асыратын тиісінше электр желілері мен шағын станцияларының не электр энергиясын өндіру процесін қамтамасыз ететін мүліктің (теңгерімдегі негізгі өндірістік активтердің тізбесі, құқық белгілейтін құжаттардың көшірмелері, негізгі жабдықтың техникалық, энергетикалық сипаттамалары бойынша ақпарат, электр энергиясын бақылаудың және есептеудің автоматтандырылған жүйелерімен және электр энергиясын есепке алу аспаптарымен жарақтандыру бойынша ақпарат ұсынылады);»;
2) тармақшаның екінші абзацындағы «электр станцияларының жабдықтарын» деген сөздер «жабдықтарды» деген сөзбен ауыстырылсын;
2-тармақта:
бірінші абзац пен 1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Электр станцияларын, электр желілерін және шағын станцияларды пайдалану жөніндегі қызметке қойылатын біліктілік талаптары коммуналдық-тұрмыстық мақсаттағы энергиямен жабдықтау объектілері мен бірыңғай технологиялық процесте пайдаланылатын энергиямен жабдықтау объектілерін қоспағанда, электр станцияларын, электр желілерін және қауіпті өндірістік объектілерде қолданылатын шағын станциялардың барлық түрлерін (трансформаторлық шағын станцияларды, бөлу құрылғыларын, релелік қорғауды және автоматиканы) пайдалануды жүзеге асыратын жеке тұлғаларға (дара кәсіпкерлерге) және заңды тұлғаларға қолданылады және:
1) меншігінде немесе өзге де заңды негіздерде электр станцияларының және (немесе) электр желілерінің және шағын станциялардың және (немесе) электр станцияларын және (немесе) электр желілерін және шағын станцияларды пайдалану процесін қамтамасыз ететін мүліктің (цех, құралдар, диагностикалық, бақылау-өлшеуіш аспаптары, техника, жабдық және құрылғылар) (теңгерімдегі негізгі өндірістік активтердің тізбесі, құқық белгілейтін құжаттардың көшірмелері, негізгі жабдықтың техникалық, энергетикалық сипаттамалары бойынша ақпарат ұсынылады);»;
3) тармақшадағы «(өндірістік персоналдың жалпы санының 70% кем емес)» деген сөздер алып тасталсын;
3-тармақта:
«беруді» деген сөз «беру және тарату жөніндегі қызметтер көрсетуді» деген сөздермен ауыстырылсын;
1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«1) меншігінде немесе өзге де заңды негіздерде жылу энергиясын өндіру және (немесе) беру және тарату процесін қамтамасыз ететін мүліктің (теңгерімдегі негізгі өндірістік активтердің тізбесі, құқық белгілейтін құжаттардың көшірмелері, негізгі жабдықтың техникалық, энергетикалық сипаттамалары бойынша ақпарат, жылу энергиясын есептеу аспаптарымен жарақтандыру бойынша ақпарат, жылу желілерінің (жылумен жабдықтаудың) схемалары ұсынылады);»;
5) тармақшадағы «болуын қамтиды.» деген сөздер «;» белгісімен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы 6) тармақшамен толықтырылсын:
«6) жылу энергиясын қазандықтармен өндіру кезінде және жылу энергиясын қазандықтардан беру және тарату кезінде тиісті білім деңгейі (басшылар үшін - жоғары техникалық білім, мамандар үшін - орта білім) және лицензияланатын кіші қызмет түрі бойынша практикалық жұмыс тәжірибесі бар (басшылар үшін - кемінде 3 жыл, мамандар үшін - кемінде 1 жыл) білікті техникалық басшылар мен мамандар құрамының (қызметкерлердің тегін, атын, әкесінің атын, білімі туралы мәліметтерді, лауазымын, жұмыс өтілін қамтитын штат кестесі мен жиынтық кестесі ұсынылады) болуын қамтиды.»;
7-тармақта:
1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«1) меншігінде немесе өзге де заңды негіздерде мұнай-газ өңдеу өндірісі процесін қамтамасыз ететін мүліктің (өтініш берушінің теңгеріміндегі негізгі өндірістік активтердің тізбесі, құқық белгілейтін құжаттардың көшірмелері, негізгі жабдықтың техникалық сипаттамалары бойынша ақпарат ұсынылады);»;
2) тармақшаның екінші бөлігіндегі «тиісті қызметтердің тізбесін, сондай-ақ» деген сөздер алып тасталсын;
5) тармақшадағы «энергетика саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган бекіткен» деген сөздер «белгіленген тәртіппен бекітілген» деген сөздермен ауыстырылсын;
8-тармақта:
1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«1) меншігінде немесе өзге де заңды негіздерде газды, мұнайды және мұнай өнімдерін сақтаудың жоғарыда көрсетілген объектілерінің (өтініш берушінің теңгеріміндегі негізгі өндірістік активтердің тізбесі, құқық белгілейтін құжаттардың көшірмелері, негізгі жабдықтың техникалық сипаттамалары бойынша ақпарат ұсынылады);»;
2) тармақшаның екінші бөлігіндегі «тиісті қызметтердің тізбесін, сондай-ақ» деген сөздер алып тасталсын;
3) тармақшада:
«мамандығы бойынша практикалық жұмыс тәжірибесі бар немесе өнеркәсіптік қауіпсіздік мәселелері бойынша оқыту мен» деген сөздер «лицензияланатын кіші қызмет түрі бойынша практикалық жұмыс тәжірибесі бар және (немесе) өнеркәсіптік қауіпсіздік мәселелері бойынша оқудан және» деген сөздермен ауыстырылсын;
«білімі бойынша мамандығын, лауазымын, осы саладағы жұмыс өтілін» деген сөздер «білімі, лауазымы, жұмыс өтілі туралы мәліметтерді және өнеркәсіптік (өрт) қауіпсіздік мәселелері бойынша оқудан, инструктаждан, қайта даярлаудан, аттестаттаудан өткендігі туралы ақпаратты» деген сөздермен ауыстырылсын;
4) тармақшаның үшінші абзацы алып тасталсын;
9.1-тармақта:
1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«1) меншігінде немесе өзге де заңды негіздерде магистральдық газ құбырларының, мұнай құбырларының, мұнай өнімдері құбырларының диагностикалық, бақылау-өлшеу аспаптарының, өрт сөндіру құралдарының, сондай-ақ магистральдық газ құбырларын, мұнай құбырларын, мұнай өнімдері құбырларын пайдалануды қамтамасыз ететін құралдардың, жабдықтардың (өтініш берушінің теңгеріміндегі негізгі өндірістік активтердің тізбесі, құқық белгілейтін құжаттардың көшірмелері, негізгі жабдықтың техникалық сипаттамалары бойынша ақпарат ұсынылады);»;
2) тармақшаның екінші бөлігіндегі «тиісті қызметтердің тізбесін, сондай-ақ» деген сөздер алып тасталсын;
9.2-тармақта:
1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«1) меншігінде немесе өзге де заңды негіздерде диагностикалық, бақылау-өлшеу аспаптарының, өрт сөндіру құралдарының және сорғы-сығымдаушы станциялардың жабдықтарын, қондырғыларын, магистральдық газ-мұнай өнімдері құбырларының резервуарлық парктері мен желілік бөлігін, жерасты газ қоймаларының технологиялық жабдықтары мен ұңғымаларын пайдалану процесін қамтамасыз ететін құралдардың, жабдықтардың (өтініш берушінің теңгеріміндегі негізгі өндірістік активтердің тізбесі, құқық белгілейтін құжаттардың көшірмелері, негізгі жабдықтың техникалық сипаттамалары бойынша ақпарат ұсынылады);»;
2) тармақшаның екінші бөлігіндегі «тиісті қызметтердің тізбесін, сондай-ақ» деген сөздер алып тасталсын;
4) тармақшаның үшінші және төртінші абзацтары алып тасталсын;
9.3-тармақта:
1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«1) меншігінде немесе өзге де заңды негіздерде магистральдық құбырларға, негізгі және қосалқы жабдықтарға техникалық қызмет көрсету, жөндеу процесін қамтамасыз ететін мүліктің (цех, жабдық, құралдар, диагностикалық, бақылау-өлшеу аспаптары) (өтініші берушінің теңгеріміндегі негізгі өндірістік активтердің тізбесі, құқық белгілейтін құжаттардың көшірмелері, негізгі жабдықтың техникалық сипаттамалары бойынша ақпарат ұсынылады);»;
2) тармақшаның екінші бөлігіндегі «тиісті қызметтердің тізбесін, сондай-ақ» деген сөздер алып тасталсын;
9.4-тармақта:
1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«1) меншігінде немесе өзге де заңды негіздерде сорғы-сығымдаушы станциялар жабдығының және магистральдық құбырлардың желілік бөлігінің, оның ішінде суасты өтпелерінің диагностикасы процесін қамтамасыз ететін мүліктің (цех, жабдықтар, құралдар, диагностикалық, бақылау-өлшеу аспаптары) (өтініш берушінің теңгеріміндегі негізгі өндірістік активтердің тізбесі, құқық белгілейтін құжаттардың көшірмелері, негізгі жабдықтың техникалық сипаттамалары бойынша ақпарат ұсынылады);»;
2) тармақшаның екінші бөлігіндегі «тиісті қызметтердің тізбесін, сондай-ақ» деген сөздер алып тасталсын;
9.5-тармақта:
1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«1) меншігінде немесе өзге де заңды негіздерде тоттанудан электрохимиялық қорғау құралдарына техникалық қызмет көрсету процесін қамтамасыз ететін мүліктің (цех, жабдық, құралдар, диагностикалық, бақылау-өлшеу аспаптары) (өтініш берушінің теңгеріміндегі негізгі өндірістік активтердің тізбесі, құқық белгілейтін құжаттардың көшірмелері, негізгі жабдықтың техникалық сипаттамалары бойынша ақпарат ұсынылады);»;
2) тармақшаның екінші бөлігіндегі «тиісті қызметтердің тізбесін, сондай-ақ» деген сөздер алып тасталсын;
11.1-тармақта:
1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«1) меншігінде немесе өзге де заңды негіздерде газбен жабдықтаудың сыртқы жүйелерінің (газ таратушы пункттер, газ таратушы қондырғылар, жоғары, орта және төмен қысымдағы газ таратушы желілер), сондай-ақ оларды пайдалану, оларға техникалық қызмет көрсету және ұстау процесін қамтамасыз ететін басқа да активтердің не газбен жабдықтаудың сыртқы жүйелерін пайдалану, оларға техникалық қызмет көрсету және ұстау үшін қажетті мүліктің (цех, жабдық, құралдар, диагностикалық, бақылау-өлшеу аспаптары) (өтініш берушінің теңгеріміндегі негізгі өндірістік активтердің тізбесі, құқық белгілейтін құжаттардың көшірмелері, негізгі жабдықтың техникалық сипаттамалары бойынша ақпарат ұсынылады) болуын;»;
2) тармақтың екінші бөлігіндегі «тиісті қызметтердің тізбесін, сондай-ақ» деген сөздер алып тасталсын;
11.2-тармақта:
1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«1) меншігінде немесе өзге де заңды негіздерде үй ішіндегі газ желілеріне, газ құралдары мен жабдықтарына техникалық қызмет көрсетуді, оларды ұстауды қамтамасыз ететін мүліктің (цех, жабдық, құралдар, диагностикалық, бақылау-өлшеу аспаптары) (өтініш берушінің теңгеріміндегі негізгі өндірістік активтердің тізбесі, құқық белгілейтін құжаттардың көшірмелері, негізгі жабдықтың техникалық сипаттамалары бойынша ақпарат ұсынылады);»;
2) тармақшаның екінші бөлігіндегі «тиісті қызметтердің тізбесін, сондай-ақ» деген сөздер алып тасталсын.
2. Осы қаулы ресми жарияланғанынан кейін жиырма бір күндік мерзім өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі К. Мәсімов