Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 30 қарашадағы № 1295 Қаулысы

Жаңартылған

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай толықтырулар мен өзгерістер енгізілсін:
      1) «Қауіпті жүктерді тасымалдау жөніндегі қызметті лицензиялау ережесін және оған қойылатын біліктілік талаптарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 27 маусымдағы № 534  қаулысында(Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2007 ж., № 21, 241-құжат):
      көрсетілген қаулымен бекітілген Қауіпті жүктерді тасымалдау жөніндегі қызметті лицензиялау ережесінде:
      3-тармақтың бірінші бөлігі «қосымшаларын» деген сөзден кейін «жеке және заңды тұлғаларды тіркеу орны бойынша» деген сөздермен толықтырылсын;
      6-тармақ алып тасталсын;
      көрсетілген қаулымен бекітілген қауіпті жүктерді тасымалдау жөніндегі қызметке қойылатын біліктілік талаптарында:
      «темір жол көлігімен» деген кіші бөлімде:
      4) тармақша алып тасталсын;
      5) тармақшадағы «қалпына келтіру және жаңарту жөніндегі» деген сөздер «сатып алуға, қалпына келтіруге және (немесе) жаңартуға арналған» деген сөздермен ауыстырылсын;
      2) күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2012.11.20 № 1463 (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.
      2. Осы қаулы ресми жарияланғанынан кейін жиырма бір күндік мерзім өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                     К. Мәсімов