Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 26 қазандағы № 1113 Қаулысы

Қолданыстағы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер бекітілсін.
      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                 К. Мәсімов

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің       
2010 жылғы 26 қазандағы
№ 1113 қаулысымен   
бекітілген      

Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер

      1. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы Мемлекеттік терминология комиссиясы туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 21 сәуірдегі № 367 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1998 ж., № 12, 98-құжат):
      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы Мемлекеттік терминология комиссиясы (Мемтерминком) туралы ережеде:
      7-1-тармақтағы «және ақпарат» деген сөздер алынып тасталсын;
      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы Мемлекеттік терминология комиссиясының құрамына мыналар енгізілсін:

Омаров                     - Қазақстан Республикасы Мәдениет
Бауыржан Жұмаханұлы          министрлігі Тіл комитетінің төрағасы,

Щегорцова                  - Қазақстан Республикасы Мәдениет
Анастасия Геннадьевна        министрлігі Тіл комитеті төрағасының
                             орынбасары, хатшы,

Әлісжанов                  - Қазақстан Республикасы Білім және ғылым
Сарқыт Қалымұлы              министрлігі «Л.Н. Гумилев атындағы
                             Еуразия ұлттық университеті»
                             республикалық мемлекеттік кәсіпорнының
                             кафедра меңгерушісі, филология
                             ғылымдарының докторы, профессор,

Әбдірәсілов                - Қазақстан Республикасы Білім және ғылым
Ербол Құралбайұлы            министрлігі «Л.Н. Гумилев атындағы
                             Еуразия ұлттық университеті»
                             республикалық мемлекеттік кәсіпорнының
                             профессоры, филология ғылымдарының
                             докторы,

Әбуов                      - Қазақстан Республикасы Білім және ғылым
Жұмағали Әбуұлы              министрлігі «Қазақ гуманитарлық заң
                             университеті» республикалық мемлекеттік
                             кәсіпорнының кафедра меңгерушісі,
                             филология ғылымдарының докторы,
                             профессор,

Құрманәлиев                - «Қазақ ұлттық жаратылыстану ғылымдары
Кәрімбек Арыстанбекұлы       академиясы» акционерлік қоғамының
                             вице-президенті, филология ғылымдарының
                             докторы, профессор (келісім бойынша);

      мына:

«Құл-Мұхаммед              - Қазақстан Республикасының Мәдениет және
Мұхтар Абрарұлы              ақпарат министрі, төраға»,

«Телебаев                  - Қазақстан Республикасының Мәдениет және
Ғазиз Тұрысбекұлы            ақпарат вице-министрі, төрағаның
                             орынбасары»

      деген жолдардағы «және ақпарат» деген сөздер алынып тасталсын;
      мына:

«Кекілбаев                 - Қазақстан Республикасының Парламенті
Әбіш                         Сенатының депутаты (келісім бойынша)»

      деген жол мынадай редакцияда жазылсын:

«Кекілбаев                 - Қазақстанның халық жазушысы
Әбіш                         (келісім бойынша)»;

      көрсетілген құрамнан Төлеубек Жұмагелдіұлы Алпысбаев, Мұхамедия Ахметов, Байынқол Қалиұлы Қалиев, Бағдан Қапайқызы Момынова, Ербол Шаймерденұлы Шаймерден шығарылсын.
      2. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы Мемлекеттік ономастика комиссиясы туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 21 сәуірдегі № 368 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1998 ж., № 12, 99-құжат):
      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы Мемлекеттік ономастика комиссиясы (Мемономком) туралы ережеде:
      6-тармақтағы «және ақпарат» деген сөздер алынып тасталсын;
      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы Мемлекеттік ономастика комиссиясының құрамына мыналар енгізілсін:

Щегорцова                 - Қазақстан Республикасы Мәдениет
Анастасия Геннадьевна       министрлігі Тіл комитеті төрағасының
                            орынбасары, хатшы,

Ахметов                   - Қазақстан Республикасының Парламенті
Әділ Құрманжанұлы           Сенатының депутаты (келісім бойынша),

Омаров                    - Қазақстан Республикасы Мәдениет
Бауыржан Жұмаханұлы         министрлігі Тіл комитетінің төрағасы,

Қабылдинов                - Қазақстан Республикасы Білім және ғылым
Зиябек Ермұханұлы           министрлігі «Л.Н. Гумилев атындағы
                            Еуразия ұлттық университеті»
                            республикалық мемлекеттік кәсіпорнының
                            әлеуметтік ғылымдар факультетінің деканы,
                            тарих ғылымдарының докторы, профессор,

Бұлашев                   - «С.Сейфуллин атындағы Қазақ
Айтбай Қабыкешұлы           агротехникалық университеті» акционерлік
                            қоғамының Басқарма төрағасы, профессор
                            (келісім бойынша),

Салғараұлы                - этнограф-жазушы, Қазақстан Республикасы
Қойшығара                   Мемлекеттік сыйлығының лауреаты (келісім
                            бойынша),

Ыбыраев                   - Қазақстан Республикасы Білім және ғылым
Шәкір Ыбырайұлы             министрлігі «Ш. Уәлиханов атындағы
                            Көкшетау мемлекеттік университеті»
                            республикалық мемлекеттік кәсіпорнының
                            ректоры, филология ғылымдарының докторы,
                            профессор,

Шәріп                     - «Астана ақшамы» газетінің бас редакторы,
Амантай Жарылқасынұлы       филология ғылымдарының докторы, профессор
                            (келісім бойынша);

      мына:

«Құл-Мұхаммед             - Қазақстан Республикасының Мәдениет және
Мұхтар Абрарұлы             ақпарат министрі, төраға»,

«Телебаев                 - Қазақстан Республикасының Мәдениет және
Ғазиз Тұрысбекұлы           ақпарат вице-министрі, төрағаның
                            орынбасары»

      деген жолдардағы «және ақпарат» деген сөздер алынып тасталсын;
      мына:

«Қамзабекұлы              - Қазақстан Республикасы Білім және ғылым
Дархан                      министрлігінің Л. Гумилев атындағы
                            Еуразия ұлттық университеті Гуманитарлық
                            институтының директоры»,

«Әбжанов                  - Қазақстан Республикасы Білім және ғылым
Хангелді                    министрлігі «Л.Н. Гумилев атындағы
                            Еуразия ұлттық университеті»
                            республикалық мемлекеттік кәсіпорнының
                            профессоры, тарих ғылымдарының докторы»,

«Жанпейісов               - Қазақстан Республикасы Жер ресурстарын
Амангелді Сүйінбайұлы       басқару агенттігі төрағасының
                            орынбасары»

      деген жолдар мынадай редакцияда жазылсын:

«Қамзабекұлы              - Қазақстан Республикасы Білім және ғылым
Дихан                       мииистрлігі «Л.Н. Гумилев атындағы
                            Еуразия ұлттық университеті»
                            республикалық мемлекеттік
                            кәсіпорнының Оқу-әдістемелік және
                            стратегиялық даму жөніндегі проректоры»,

«Әбжанов                  - Қазақстан Республикасы Білім және ғылым
Хангелді                    министрлігі «Мемлекет тарихы институты»
                            мемлекеттік мекемесі директорының
                            орынбасары, тарих ғылымдарының докторы,
                            профессор»,

«Нақыпбеков               - Қазақстан Республикасы Жер ресурстарын
Бақытбек Әуенұлы            басқару агенттігі төрағасының
                            орынбасары»;

      көрсетілген құрамнан Төлеубек Жұмагелдіұлы Алпысбаев, Сламқұл Әбдірахманов, Есенгелді Керімбаев, Күләш Дүйсенбайқызы Қаймолдинова, Мекемтас Мырзахметұлы, Нұргелді Уәлиев, Ербол Шаймерденұлы Шаймерден шығарылсын.
      3. «Қазақстан Республикасында орнатылатын ескерткіштер мен монументтер жөніндегі мемлекеттік комиссия құру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 1 наурыздағы № 311 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2001 ж., № 9, 97-құжат):
      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасында орнатылатын ескерткіштер мен монументтер жөніндегі мемлекеттік комиссия туралы ережеде:
      7-тармақтағы «және ақпарат» деген сөздер алынып тасталсын;
      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасында орнатылатын ескерткіштер мен монументтер жөніндегі мемлекеттік комиссияның құрамына мыналар енгізілсін:

Әбілдинова                 - Қазақстан Республикасы Мәдениет
Әлия Сапабекқызы             министрлігі Мәдениет комитеті
                             төрағасының орынбасары, хатшы,

Қозыбаев                   - Қазақстан Республикасы Мәдениет
Ілияс Манашұлы               министрлігі Мәдениет комитетінің
                             төрағасы,

Чиканаев                   - профессор, Астана қаласының еңбек
Аманжол Шаймерденұлы         сіңірген сәулетшісі (келісім бойынша);

      мына:

«Құл-Мұхаммед              - Қазақстан Республикасының Мәдениет және
Мұхтар Абрарұлы              ақпарат министрі, төраға»,

«Бөрібаев                  - Қазақстан Республикасының Мәдениет және Асқар Исмайылұлы             ақпарат вице-министрі, төрағаның
                             орынбасары»

      деген жолдардағы «және ақпарат» деген сөздер алынып тасталсын;
      көрсетілген құрамнан Роза Самидоллақызы Кәрібжанова, Арман Оразбайұлы Қырықбаев, Камилла Витальевна Ли шығарылсын.
      4. «Қазақстан Республикасының Үкіметі жанындағы Үкіметтік емес ұйымдармен өзара іс-қимыл жөніндегі үйлестіру кеңесін құру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 21 желтоқсандағы № 1262  қаулысында(Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2005 ж., № 49, 624-құжат):
      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының Үкіметі жанындағы Үкіметтік емес ұйымдармен өзара іс-қимыл жөніндегі үйлестіру кеңесі туралы ережеде:
      11-тармақтағы «, ақпарат және спорт» деген сөздер алынып тасталсын;
      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының Үкіметі жанындағы Үкіметтік емес ұйымдармен өзара іс-қимыл жөніндегі үйлестіру кеңесінің құрамында:
      мына:

«Құл-Мұхаммед              - Қазақстан Республикасының Мәдениет
Мұхтар Абрарұлы              және ақпарат министрі, төраға»,

«Телебаев                  - Қазақстан Республикасының Мәдениет және Ғазиз Тұрысбекұлы            ақпарат вице-министрі, төрағаның
                             орынбасары»,

«Нұрғазиева                - Қазақстан Республикасы Мәдениет және Бану Ғаниқызы                ақпарат министрлігі Қоғамдық-саяси жұмыс
                             департаментінің директоры, хатшы»

      деген жолдардағы «және ақпарат» деген сөздер алынып тасталсын;
      мына:

Құрманғалиева              - Қазақстан Республикасы Экономика және
Аида Дәденқызы               бюджеттік жоспарлау министрлігі
                             Әлеуметтік саланы дамыту департаментінің
                             директоры»

      деген жолдар мынадай редакцияда жазылсын:

Құрманғалиева              - Қазақстан Республикасының Денсаулық
Аида Дәденқызы               сақтау вице-министрі»;

      көрсетілген құрамнан Тамара Анатольевна Вощенкова, Тимур Мекешұлы Жақсылықов, Фархад Шаймұратұлы Қуанғанов шығарылсын.
      5. «Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан халықтары Ассамблеясының XII сессиясында мемлекеттік тіл саясатын одан әрі жетілдіру бойынша Үкіметке берген тапсырмаларын іске асыру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 28 қазандағы № 1025 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2006 ж., № 40, 123-құжат):
      көрсетілген қаулымен бекітілген Мемлекеттік тіл саясатын одан әрі жетілдіру жөніндегі комиссия туралы ережеде:
      8-тармақтағы «және ақпарат» деген сөздер алынып тасталсын;
      көрсетілген қаулымен бекітілген Мемлекеттік тіл саясатын одан әрі жетілдіру жөніндегі комиссияның құрамына мыналар енгізілсін:

Жұмағұлов                  - Қазақстан Республикасының Білім және
Бақытжан Тұрсынұлы           ғылым министрі,

Жолдыбаева                 - Қазақстан Республикасы Мәдениет
Роза Нығметжанқызы           министрлігі Тіл комитетінің талдау және
                             мониторинг басқармасының бастығы, хатшы,

Омаров                     - Қазақстан Республикасы Мәдениет
Бауыржан Жұмаханұлы          министрлігі Тіл комитетінің төрағасы,

Құрманәлиев                - «Қазақ ұлттық жаратылыстану ғылымдары
Кәрімбек Арыстанбекұлы       академиясы» акционерлік қоғамының
                             вице-президенті, филология ғылымдарының
                             докторы, профессор (келісім бойынша),

Шәуеев                     - «Мемлекеттік тілді дамытудың
Азат Сәдметұлы               президенттік қоры» қоғамдық қорының
                             директоры (келісім бойынша);

      мына:

«Құл-Мұхаммед              - Қазақстан Республикасының Мәдениет және
Мұхтар Абрарұлы              ақпарат министрі, төрағаның орынбасары»

      деген жолдағы «және ақпарат» деген сөздер алынып тасталсын;
      көрсетілген құрамнан Жансейіт Қансейітұлы Түймебаев, Берік Бақытұлы Әбдіғалиев, Төлеубек Жұмагелдіұлы Алпысбаев, Сергей Александрович Дьяченко, Әбіш Кекілбайұлы Кекілбаев, Бақыт Тұрлыханұлы Сұлтанов, Ербол Шаймерденұлы Шаймерден шығарылсын.