Қазақстан Республикасы кеден органдарының танымдық туы мен танымдық белгісінің сипаттамасын және оларды қолдану қағидасын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 22 қазандағы № 1094 Қаулысы

Қолданыстағы

      «Қазақстан Республикасындағы кеден ісі туралы» 2010 жылғы 30 шілдедегі Қазақстан Республикасы Кодексінің 6-бабының 4-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы кеден органдарының танымдық туы мен танымдық белгісінің сипаттамасы және оларды қолдану ережесі бекітілсін.
      2. «Қазақстан Республикасы кеден органдарының айырым жалауы мен айырым белгісінің сипаттамасын және оларды қолдану ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 22 шілдедегі № 723 қаулысының (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2003 ж., № 30, 293-құжат) күші жойылды деп танылсын.
      3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                 К. Мәсімов

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің     
2010 жылғы 22 қазандағы
№ 1094 қаулысымен 
бекітілген    

Қазақстан Республикасы кеден органдарының танымдық туы мен танымдық белгісінің сипаттамасы және оларды қолдану қағидасы

      1. Кеден органдарының танымдық туы - жоғары бөлігі көгілдір түсті, төменгі бөлігі жасыл түсті кездеме. Көгілдір түс Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туын білдіреді жасыл түс мемлекеттік шекаралардың жалпыға бірдей қабылданған халықаралық белгісі. Көгілдір және жасыл түстердің арақатынасы 50:50 теңдігін құрайды. Тең ортасында біздің планетаны білдіретін сегіз қырлы алтын жұлдызы бар ақ шеңбер, онда алтындалған жіңішке жиекті алтын шаңырақ орналасқан. Жұлдыздың ішінде алтын реңде жоғары жақта көгілдір түсті әріптермен «Кеден» деп және төменгі жағында «Customs» деп жазылған. Ту енінің оның ұзындығына қатынасы 1-қосымшаға сәйкес 1:1,5.
      Кеден органдарының танымдық туы және оның бейнесі мөлшерлеріне қарамастан, 1-қосымшаға сәйкес оның түрлі-түсті және схемалық бейнелеріне дәлме-дәл сәйкес келуі тиіс.
      Танымдық ту кеден органдарының иелігіндегі өзен, теңіз кемелерінде және кеден органдарының мекемелерінде қолданылады.
      2. Кеден органдарының танымдық белгісі (эмблемасы) ішінде көгілдір реңдегі алтын шаңырақ бейнеленген сегіз қырлы алтын жұлдыз. 2-қосымшаға сәйкес шаңырақтың үстінде алтын реңдегі жұлдыздың ішінде көгілдір түсті әріптермен «Кеден» деп және шаңырақтың астында «Customs» деп жазылған.
      Танымдық белгі (эмблема) Қазақстан Республикасы кеден органдарының иелігіндегі көлік құралдарының барлық түрлерінде қолданылады және екі жағынан симметриялы орналастырылады.
      Қазақстан Республикасы кеден органдары лауазымды адамдарының аға басшы құрамының нысанды киіміндегі танымдық белгінің (эмблеманың) мөлшері 2,5:2,5 құрайды. Танымдық белгінің (эмблеманы) бейнелеу кезінде оның енінің ұзындығына сәйкестігі - 1:1.

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің     
2010 жылғы 22 қазандағы
№ 1094 қаулысына  
1-қосымша      

Қазақстан Республикасы кеден органдарының
танымдық туы


Қазақстан Республикасы
Үкіметінің     
2010 жылғы 22 қазандағы
№ 1094 қаулысына  
2-қосымша      

Қазақстан Республикасы кеден органдарының
танымдық белгісі