Қазақстан Республикасы кеден органдарының айырым жалауы мен айырым белгiсiнiң сипаттамасын және оларды қолдану ережесiн бекiту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 22 шілдедегі N 723 қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 22 қазандағы № 1094 Қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Қаржы министрінің 2010.09.21 № 474 Бұйрығымен.

      Қазақстан Республикасының  Кеден кодексiмен сәйкестiкке келтiру мақсатында БҰЙЫРАМЫН:
      1. "Ақпараттық жүйелердi, ақпараттық технологияларды және кедендiк мақсаттар үшiн оларды қамтамасыз ету құралдарын пайдаланудың ережесiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасының Кедендiк бақылау агенттігi төрағасының 2003 жылғы 22 мамырдағы N 227  бұйрығына (Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде 2003 жылғы 24 мамырда N 2307 болып тiркелген) мынадай өзгерiстер енгiзiлсiн:
      аталған бұйрықпен бекiтiлген ережеде:
      13-тармақтың 4) тармақшасы алынып тасталсын.
      2. Қазақстан Республикасы Кедендiк бақылау агенттiгiнiң Құқықтық қамтамасыз ету басқармасы (И.Ы.Аңсарова) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркелуiн қамтамасыз етсiн.
      3. Қазақстан Республикасы Кедендiк бақылау агенттiгiнiң Баспасөз қызметi (А.А.Қаңлыбаева) осы бұйрықтың бұқаралық ақпарат құралдарында жариялануын қамтамасыз етсiн.
      4. Осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркелген күнiнен бастап күшiне енедi.

       Төраға