Республикалық бюджеттен бюджеттік кредиттер міндеттемелерді орындау қамтамасыз етілмей бөлінуі мүмкін қаржы агенттіктерінің тізбесін белгілеу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 16 қарашадағы N 1844 Қаулысы

Жаңартылған

      Ескерту. Тақырып жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2010.02.11 № 86 Қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексінің 183-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Республикалық бюджеттен бюджеттік кредиттер міндеттемелерді орындау қамтамасыз етілмей бөлінуі мүмкін қаржы агенттіктерінің тізбесі белгіленсін.
      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2010.02.11 № 86 Қаулысымен.
      2. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.
      3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                     К. Мәсімов

Республикалық бюджеттен бюджеттік кредиттер міндеттемелерді
орындау қамтамасыз етілмей бөлінуі мүмкін қаржы
агенттіктерінің тізбесі

      Ескерту. Қаулы тізбемен толықтырылды - ҚР Үкіметінің 2010.02.11 № 86, өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 2012.05.31 № 708; 18.03.2016 № 146 қаулысымен.

      1. «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамы.
      2. «ҚазАгро» ұлттық басқарушы холдингі» акционерлік қоғамы.
      2-1. «Аграрлық несие корпорациясы» акционерлік қоғамы;
      3. «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» акционерлік қоғамы.

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің     
2009 жылғы 16 қарашадағы
N 1844 қаулысына   
қосымша       

Қазақстан Республикасы Үкіметінің күші жойылған кейбір
шешімдерінің тізбесі

      1. "Республикалық бюджеттен бюджеттік кредиттер міндеттемелерді орындау қамтамасыз етілмей бөлінуі мүмкін қаржы агенттіктерінің тізбесін айқындау туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 16 мамырдағы N 402 қаулысы.
      2. "Қазақстандық ипотекалық компания" акционерлік қоғамына бюджеттік кредит берудің шарттарын айқындау туралы және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 16 мамырдағы N 402 қаулысына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 26 желтоқсандағы N 1295 қаулысының 3-тармағы.
      3. "Қазақстанның Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі" акционерлік қоғамына бюджеттік кредитті беру шарттарын анықтау туралы және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 16 мамырдағы N 402 қаулысына толықтыру енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 14 тамыздағы N 743 қаулысының 3-тармағы.
      4. "Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 16 мамырдағы N 402 қаулысына толықтыру енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 18 қыркүйектегі N 863 қаулысы.