Республикалық бюджеттен бюджеттік кредиттер міндеттемелерді орындау қамтамасыз етілмей бөлінуі мүмкін қаржы агенттіктерінің тізбесін айқындау туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 16 мамырдағы N 402 Қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 16 қарашадағы N 1844 Қаулысымен

      Қазақстан Республикасының Үкiметi  ҚАУЛЫ ЕТЕДI :
      1. Алматы облысының әкiмiне Алматы облысы Қарасай ауданының Шамалған ауылында 150 адам қабылдайтын емханасы бар 50 төсектiк көп бейiндi аурухана құрылысының жобасын аяқтауға 2006 жылға арналған республикалық бюджетте шұғыл шығындарға көзделген Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң резервiнен 86463000 (сексен алты миллион төрт жүз алпыс үш мың) теңге бөлiнсiн.
      2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгi бөлiнген қаражаттың мақсатты пайдаланылуын бақылауды жүзеге асырсын.
      3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгiзiледi.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі