Қазақстан Республикасының 1994 жылғы 27 желтоқсандағы Азаматтық кодексінің (жалпы бөлім) 249-бабы 3-тармағының 2) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігімен бірлесіп, заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы қаулының қосымшасына сәйкес заңды тұлғалардың мемлекеттік қатысу үлестерін "ҚазАгроИнновация" акционерлік қоғамының орналастырылатын акцияларына ақы төлеуге беруді;
2) "ҚазАгроИнновация" акционерлік қоғамының жарияланған акцияларының санын ұлғайтуды;
3) осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдауды қамтамасыз етсін.
2. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтыру бекітілсін.
3. Осы қаулы 2010 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырудың 5-тармағын қоспағанда, қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі К. Мәсімов
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2009 жылғы 4 қарашадағы
N 1753 қаулысына
қосымша
Мемлекеттік қатысу үлестері "ҚазАгроИнновация" акционерлік
қоғамының орналастырылатын акцияларына ақы төлеуге
берілетін заңды тұлғалардың тізбесі
1. "Арқалық ауыл шаруашылығы тәжірибе станциясы" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі 100 %.
2. "Қарабау" элиталы тұқым шаруашылығы" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі 100 %.
3. "Түгіскен" тәжірибе шаруашылығы" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі 100 %.
4. "Мерке" тәжірибе шаруашылығы" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі 100 %.
5. "Кондратов тәжірибе көрсететін орман питомнигі" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі 100 %.
6. "Красноводопад ауыл шаруашылығы тәжірибе станциясы" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі 100 %.
7. "Қаскелең тәжірибе шаруашылығы" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі 100 %.
8. "Солтүстік Қазақстан ауыл шаруашылығы тәжірибе станциясы"
жауапкершілігі шектеулі серіктестігі 100 %.
9. "Заречное" тәжірибе шаруашылығы" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі 100%.
10. "Ақтөбе ауыл шаруашылығы тәжірибе станциясы" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі 100 %.
11. "Қарабалық ауыл шаруашылығы тәжірибе станциясы" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі 100 %.
12. "Орал ауыл шаруашылығы тәжірибе станциясы" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі 100 %.
13. "Қазақ тұлпары" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі 100 %.
14. "Қарағанды өсімдік шаруашылығы және селекция ғылыми-зерттеу институты" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі 100 %.
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2009 жылғы 4 қарашадағы
N 1753 қаулысымен
бекітілген
Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне
енгізілетін өзгерістер мен толықтыру
1. "Акциялардың мемлекеттік пакеттеріне мемлекеттік меншіктің түрлері және ұйымдарға қатысудың мемлекеттік үлестері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 12 сәуірдегі N 405 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1999 ж., N 13, 124-құжат):
көрсетілген қаулымен бекітілген акцияларының мемлекеттік пакеттері мен үлестері республикалық меншікке жатқызылған акционерлік қоғамдар мен шаруашылық серіктестіктердің тізбесінде:
"Алматы облысы" деген бөлімде:
"Қаскелең тәжірибе шаруашылығы" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі" деген реттік нөмірі 38-4-жол алынып тасталсын;
"Ақтөбе облысы" деген бөлімде:
реттік нөмірі 133-4-жол алынып тасталсын;
"Жамбыл облысы" деген бөлімде:
реттік нөмірі 180-4-жол алынып тасталсын;
"Батыс Қазақстан облысы" деген бөлімде:
реттік нөмірі 194-4-жол алынып тасталсын;
"Қарағанды облысы" деген бөлімде:
реттік нөмірі 214-15-жол алынып тасталсын;
"Қызылорда облысы" деген бөлімде:
реттік нөмірі 218-4-жол алынып тасталсын;
"Қостанай облысы" деген бөлімде:
реттік нөмірлері 229-6, 229-7, 229-8, 229-9-жолдар алынып тасталсын;
"Солтүстік Қазақстан облысы" деген бөлімде:
реттік нөмірлері 280-5, 280-6-жолдар алынып тасталсын;
"Оңтүстік Қазақстан облысы" деген бөлімде:
"Қарабау" элиталы тұқым шаруашылығы" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі" деген реттік нөмірі 298 және реттік нөмірі 300-жолдар алынып тасталсын.
2. "Республикалық меншіктегі ұйымдар акцияларының мемлекеттік пакеттері мен мемлекеттік үлестеріне иелік ету және пайдалану жөніндегі құқықтарды беру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 27 мамырдағы N 659 қаулысында:
көрсетілген қаулының қосымшасында:
"Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігіне" деген бөлімде:
реттік нөмірлері 205-17, 205-18, 205-19, 205-20, 205-22, 205-23, 205-24, 205-25, 205-26, 205-27, 205-28, 205-29, 205-30, 205-31-жолдар алынып тасталсын.
3. "Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің кейбір мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 6 сәуірдегі N 310 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2005 ж., N 14, 168-құжат):
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің қарамағындағы ұйымдардың тізбесінде:
"Жауапкершілігі шектеулі серіктестік" деген 4-бөлімде:
реттік нөмірлері 89, 90, 91, 92, 94, 95, 96, 97, 98, 99, 100, 101, 102, 103-жолдар алынып тасталсын.
4. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 28.08.2015 № 683 қаулысымен.
5. "Акциялардың мемлекеттік пакеттеріне дивидендтер мен ұйымдардағы қатысудың мемлекеттік үлестеріне кірістер туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 26 шілдедегі N 633 қаулысында:
1-тармақтың 4) тармақшасында "мен қатысу үлестері", "мен жауапкершілігі шектеулі серіктестіктер", "және мемлекеттік қатысу үлестеріне кірістер" деген сөздер алынып тасталсын;
агроөнеркәсіптік кешен саласындағы ғылыми-зерттеумен тәжірибелік конструкторлық жұмыстарды жүргізуді және білім беру қызметін жүзеге асыратын, акцияларының жүз пайызы мен қатысу үлестері мемлекет меншігіндегі агроөнеркәсіптік кешеннің акционерлік қоғамдары мен жауапкершілігі шектеулі серіктестіктерінің тізбесінде:
тақырыбындағы "мен қатысу үлестері", "мен жауапкершілігі шектеулі серіктестіктерінің" деген сөздер алынып тасталсын, "агроөнеркәсіптік кешеннің акционерлік қоғамдары" деген сөздер "агроөнеркәсіптік кешен акционерлік қоғамдарының" деген сөздермен ауыстырылсын;
реттік нөмірлері 3, 4, 5, 6, 7, 8, 9, 10, 11, 12, 13, 14, 15, 16-жолдар алынып тасталсын.