Қазақстан Республикасының 1994 жылғы 27 желтоқсандағы Азаматтық кодексінің (жалпы бөлім) 249-бабы 3-тармағының 2) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігімен бірлесіп, заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы қаулының қосымшасына сәйкес заңды тұлғалардың мемлекеттік қатысу үлестерін "ҚазАгроИнновация" акционерлік қоғамының орналастырылатын акцияларына ақы төлеуге беруді;
2) "ҚазАгроИнновация" акционерлік қоғамының жарияланған акцияларының санын ұлғайтуды;
3) осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдауды қамтамасыз етсін.
2. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтыру бекітілсін.
3. Осы қаулы 2010 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырудың 5-тармағын қоспағанда, қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының | |
Премьер-Министрі | К. Мәсімов |
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 4 қарашадағы N 1753 қаулысына қосымша |
Мемлекеттік қатысу үлестері "ҚазАгроИнновация" акционерлік
қоғамының орналастырылатын акцияларына ақы төлеуге
берілетін заңды тұлғалардың тізбесі
1. "Арқалық ауыл шаруашылығы тәжірибе станциясы" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі 100 %.
2. "Қарабау" элиталы тұқым шаруашылығы" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі 100 %.
3. "Түгіскен" тәжірибе шаруашылығы" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі 100 %.
4. "Мерке" тәжірибе шаруашылығы" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі 100 %.
5. "Кондратов тәжірибе көрсететін орман питомнигі" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі 100 %.
6. "Красноводопад ауыл шаруашылығы тәжірибе станциясы" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі 100 %.
7. "Қаскелең тәжірибе шаруашылығы" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі 100 %.
8. "Солтүстік Қазақстан ауыл шаруашылығы тәжірибе станциясы"
жауапкершілігі шектеулі серіктестігі 100 %.
9. "Заречное" тәжірибе шаруашылығы" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі 100%.
10. "Ақтөбе ауыл шаруашылығы тәжірибе станциясы" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі 100 %.
11. "Қарабалық ауыл шаруашылығы тәжірибе станциясы" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі 100 %.
12. "Орал ауыл шаруашылығы тәжірибе станциясы" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі 100 %.
13. "Қазақ тұлпары" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі 100 %.
14. "Қарағанды өсімдік шаруашылығы және селекция ғылыми-зерттеу институты" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі 100 %.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 4 қарашадағы N 1753 қаулысымен бекітілген |
Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне
енгізілетін өзгерістер мен толықтыру
1. "Акциялардың мемлекеттік пакеттеріне мемлекеттік меншіктің түрлері және ұйымдарға қатысудың мемлекеттік үлестері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 12 сәуірдегі N 405 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1999 ж., N 13, 124-құжат):
көрсетілген қаулымен бекітілген акцияларының мемлекеттік пакеттері мен үлестері республикалық меншікке жатқызылған акционерлік қоғамдар мен шаруашылық серіктестіктердің тізбесінде:
"Алматы облысы" деген бөлімде:
"Қаскелең тәжірибе шаруашылығы" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі" деген реттік нөмірі 38-4-жол алынып тасталсын;
"Ақтөбе облысы" деген бөлімде:
реттік нөмірі 133-4-жол алынып тасталсын;
"Жамбыл облысы" деген бөлімде:
реттік нөмірі 180-4-жол алынып тасталсын;
"Батыс Қазақстан облысы" деген бөлімде:
реттік нөмірі 194-4-жол алынып тасталсын;
"Қарағанды облысы" деген бөлімде:
реттік нөмірі 214-15-жол алынып тасталсын;
"Қызылорда облысы" деген бөлімде:
реттік нөмірі 218-4-жол алынып тасталсын;
"Қостанай облысы" деген бөлімде:
реттік нөмірлері 229-6, 229-7, 229-8, 229-9-жолдар алынып тасталсын;
"Солтүстік Қазақстан облысы" деген бөлімде:
реттік нөмірлері 280-5, 280-6-жолдар алынып тасталсын;
"Оңтүстік Қазақстан облысы" деген бөлімде:
"Қарабау" элиталы тұқым шаруашылығы" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі" деген реттік нөмірі 298 және реттік нөмірі 300-жолдар алынып тасталсын.
2. "Республикалық меншіктегі ұйымдар акцияларының мемлекеттік пакеттері мен мемлекеттік үлестеріне иелік ету және пайдалану жөніндегі құқықтарды беру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 27 мамырдағы N 659 қаулысында:
көрсетілген қаулының қосымшасында:
"Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігіне" деген бөлімде:
реттік нөмірлері 205-17, 205-18, 205-19, 205-20, 205-22, 205-23, 205-24, 205-25, 205-26, 205-27, 205-28, 205-29, 205-30, 205-31-жолдар алынып тасталсын.
3. "Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің кейбір мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 6 сәуірдегі N 310 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2005 ж., N 14, 168-құжат):
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің қарамағындағы ұйымдардың тізбесінде:
"Жауапкершілігі шектеулі серіктестік" деген 4-бөлімде:
реттік нөмірлері 89, 90, 91, 92, 94, 95, 96, 97, 98, 99, 100, 101, 102, 103-жолдар алынып тасталсын.
4. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 28.08.2015 № 683 қаулысымен.5. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 27.03.2020 № 142 қаулысымен.