Қазақстан Республикасы Әкімшілік іс жүргізу кодексінің жобасы туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 30 қыркүйектегі N 1474 Қаулысы

Қолданыстағы

      Ескерту. Кодекстің жобасы Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжілісінен кері қайтарып алынды - ҚР Үкіметінің 2010.08.06 N 804 Қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      Қазақстан Республикасы Әкімшілік іс жүргізу кодексінің жобасы Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің қарауына енгізілсін.

      Қазақстан Республикасы
      Премьер-Министрі                                  К. Мәсімов

Жоба

Қазақстан Республикасының Әкімшілік іс жүргізу кодексі

      1-бөлім. Жалпы ережелер
      1-тарау. Әкімшілік іс жүргізу заңнамасы
      2-тарау. Әкімшілік іс жүргізудің міндеттері мен принциптері
      3-тарау. Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істердің соттылығы және ведомстволық бағыныстылығы. Әкімшілік даулар туралы істердің соттылығы
      4-тарау. Әкімшілік іс жүргізуге қатысу мүмкіндігін болдырмайтын мән-жайлар. Соттың құрамы, қарсылық білдіру
      5-тарау. Іске қатысушы тұлғалар. Сотта өкілдік ету
      6-тарау. Дәлелдемелер және дәлелдеу
      7-тарау. Әкімшілік іс жүргізуге мәжбүрлеу шаралары
      8-тарау Іс жүргізу мерзімдері
      9-тарау. Сот шығындары
      10-тарау. Сот хабарлаулары мен шақырулары
      11-тарау. Ақтау. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы істі қарауға уәкілетті органның (лауазымды адамның) заңсыз әрекеттерімен келтірілген зиянды өтеу
      2-бөлім. Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істер бойынша іс жүргізу
      12-тарау. Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы іс жүргізудің негізгі ережелері
      13-тарау. Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы іс қозғау
      14-тарау. Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істерді қарау
      15-тарау. Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істер бойынша заңды күшіне енбеген қаулыларды қайта қарау
      16-тарау. Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істер бойынша заңды күшіне енген қаулыларды және оларға шағымдарды, наразылықтарды қарау нәтижелері жөніндегі ұйғарымдарды қайта қарау
      17-тарау. Әкімшілік жауапкершілік туралы артықшылықтар мен иммунитетке ие адамдардың істері бойынша іс жүргізу ерекшеліктері
      18-тарау. Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істер бойынша қаулылардың орындалуы
      19-тарау. Әкімшілік жазаның жекелеген түрлерін орындау тәртібі
      3-бөлім. Әкімшілік даулар бойынша іс жүргізу
      1-кіші бөлім. Бірінші сатыдағы сотта іс жүргізу
      20-тарау. Істі сотта қарауға әзірлеу
      21-тарау. Сотта іс қарау
      22-тарау. Сайлауға, референдумдарға қатысушы азаматтар мен қоғамдық бірлестіктердің сайлау құқықтарын қорғау туралы талап арыздар бойынша іс жүргізу
      23-тарау. Жергілікті атқарушы органдардың азаматтардың алқаби ретінде қылмыстық сот ісін жүргізуге қатысу құқықтарын бұзатын шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) дау айту жөніндегі талап арыздар бойынша іс жүргізу
      24-тарау. Мемлекеттік билік, жергілікті өзін-өзі басқару органдарының, лауазымды адамдар мен мемлекеттік қызметшілердің шешімдері мен әрекеттеріне (немесе әрекетсіздігіне) дау айту туралы іс бойынша іс жүргізу
      25-тарау. Нормативтік құқықтық актілердің заңдылығына орай даулар туралы іс бойынша іс жүргізу
      26-тарау. Прокурордың органдар мен лауазымды адамдардың актілері мен іс-әрекеттерін заңсыз деп тану туралы жүгінуі
      27-тарау. Заңды тұлғаның, заңды тұлға құрмай-ақ дара кәсіпкердің қызметін тоқтата тұру немесе тоқтату, лицензиясын кері қайтарып алу бойынша іс жүргізу
      2-кіші бөлім. Сот актілерін қайта қарау бойынша іс жүргізу
      28-тарау. Сот актілеріне апелляциялық шағымдану, наразылық келтіру
      29-тарау. Апелляциялық сатыдағы соттың қаулылары мен ұйғарымдарына кассациялық тәртіппен шағым беру және наразылық келтіру
      30-тарау. Кассациялық сатыдағы сотта іс жүргізу
      31-тарау. Қадағалау тәртібімен іс жүргізу

1-бөлім. Жалпы ережелер 1-тарау. Әкімшілік іс жүргізу заңнамасы

      1-бап. Әкімшілік іс жүргізу заңнамасымен реттелетін
             қатынастар

      Қазақстан Республикасының әкімшілік іс жүргізу заңнамасы осы Кодекспен олардың құзыретіне жатқызылған әкімшілік дауларды қарау мен шешу барысында соттардың сот төрелігін атқаруы кезінде туындайтын қоғамдық қатынастарды, сондай-ақ әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істер бойынша іс жүргізу кезінде туындайтын қоғамдық қатынастарды реттейді.

      2-бап. Әкімшілік іс жүргізу заңнамасы

      1. Қазақстан Республикасының аумағында әкімшілік құқық бұзушылықтар және әкімшілік даулар туралы істер бойынша әкімшілік іс жүргізу тәртібі Қазақстан Республикасының Конституциясымен, конституциялық заңдармен, Қазақстан Республикасының Конституциясына және халықаралық құқықтың жалпы жұрт таныған принциптері мен нормаларына негізделген осы Кодекспен айқындалады. Әкімшілік іс жүргізу тәртібін реттейтін өзге де заңдардың ережелері осы Кодекске енгізілуге тиіс.
      2. Қазақстан Республикасының халықаралық міндеттемелері, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесі мен Жоғарғы Сотының әкімшілік іс жүргізу тәртібін реттейтін нормативтік қаулылары әкімшілік іс жүргізу құқығының құрамдас бөлігі болып табылады.
      3. Егер әкімшілік іс жүргізу барысында азаматтық немесе қылмыстық құқық нормаларына сәйкес шешілуге тиіс мәселені қарау қажеттігі туындаса, ол азаматтық немесе қылмыстық сот ісін жүргізу тәртібімен шешіледі.

      3-бап. Әкімшілік іс жүргізуде басым күші бар құқықтық
             нормаларды қолдану

      1. Қазақстан Республикасы Конституциясының жоғары заң күші бар және ол Республиканың бүкіл аумағында тікелей қолданылады. Осы Кодекс пен Қазақстан Республикасы Конституциясы ережелерінің арасында қайшылық болған жағдайда Конституцияның ережелері қолданылады.
      2. Осы Кодекс пен Қазақстан Республикасының конституциялық заңы ережелерінің арасында қайшылық болған жағдайда конституциялық заңның ережелері қолданылады. Осы Кодекс пен өзге де заңдар ережелерінің арасында қайшылық болған жағдайда осы Кодекстің ережелері қолданылады.
      3. Қазақстан Республикасы бекіткен халықаралық шарттардың осы Кодекстен басымдығы болады және халықаралық шартта оны қолдану үшін заң шығару талап етіледі деп көрсетілген жағдайларды қоспағанда, тікелей қолданылады.

      4-бап. Қазақстан Республикасы әкімшілік іс жүргізу
             заңының кеңістікте қолданылуы

      Қазақстан Республикасының аумағында әкімшілік іс жүргізу осы Кодекске сәйкес жүргізіледі.

      5-бап. Әкімшілік іс жүргізу заңының уақыт жағынан
             қолданылуы

      1. Әкімшілік іс жүргізу процессуалдық іс-әрекеттер жасалған, процессуалдық шешімдер қабылдаған сәтте қолданылған әкімшілік іс жүргізу заңына сәйкес жүзеге асырылады.
      2. Әкімшілік құқық бұзушылық жасаған адам салдарлардың түскен уақытына қарамастан, осы құқық бұзушылық жасаған уақытта қолданылған заңнаманың негізінде жауапқа тартылуға тиіс.

      6-бап. Әкімшілік іс жүргізу заңының адамдар тобы бойынша
             қолданылуы

      1. Осы Кодекстің күші Қазақстан Республикасының азаматтарына, шетел азаматтарына, азаматтығы жоқ адамдарға, сондай-ақ заңды тұлғаларға, олардың филиалдары мен өкілдіктеріне қолданылады.
      2. Егер осы Кодексте өзгеше тікелей бекітілмесе, шетелдіктер, шетелдік заңды тұлғалар және азаматтығы жоқ адамдар жалпы негіздерде әкімшілік іс жүргізуге қатысады.
      3. Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарында белгіленген дипломатиялық артықшылықтар мен иммунитеттерге ие адамдарға қатысты немесе олардың қатысуымен жүзеге асырылатын әкімшілік іс жүргізудің ерекшеліктері осы Кодекспен айқындалады.

      7-бап. Осы Кодексте пайдаланылатын ұғымдар

      Осы Кодексте мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
      1) "әкімшілік дау" - мемлекеттік билік, жергілікті өзін-өзі басқару органы, лауазымды адам, мемлекеттік қызметші тараптардың бірі болып табылатын және әкімшілік-құқықтық нормалардың негізінде шешілетін дау;
      2) "әкімшілік іс жүргізуге қатысушылар" - әкімшілік іс жүргізуге қатысатын органдар мен адамдар;
      3) "ведомстволық бағыныстылық" - әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істерді қарау сол не өзге уәкілетті органның (лауазымды адамның) құзыретіне жататын осы Кодексте белгіленген белгілер жиынтығы;
      4) "соттылық" - осы Кодексте белгіленген белгілердің жиынтығы, әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы немесе әкімшілік даулар туралы істерді қарау соттардың құзыретіне жататын осы Кодексте белгіленген белгілер жиынтығы;
      5) "әкімшілік іс жүргізу" - оны қозғау, дайындау, қарау және соттың, уәкілетті органның (лауазымды адамның) қаулысын орындау барысында әкімшілік құқық бұзушылықтан немесе әкімшілік туындаған әкімшілік құқық бұзушылық немесе әкімшілік даулар туралы нақты іс бойынша жүзеге асырылатын іс жүргізу әрекеттері мен шешімдерінің жиынтығы;
      6) "хаттама" - әкімшілік іс жүргізуші сот, уәкілетті орган (лауазымды тұлға) орган жасаған іс жүргізу әрекеті көрсетілетін іс жүргізу құжаты;
      7) "талап арыз" - осы Кодексте белгіленген нысандағы мамандандырылған әкімшілік сотқа әкімшілік құқық қатынастары саласындағы мемлекеттік билік, жергілікті өзін-өзі басқару органы, лауазымды адам, мемлекеттік қызметші бұзған не бұзылды деп болжанған жеке тұлғаның құқықтарын немесе заңды тұлғаның заңды мүдделерін қорғау туралы жазбаша өтініш, сондай-ақ мамандандырылған әкімшілік сотқа уәкілетті мемлекеттік органның заңды тұлға, жеке кәсіпкерлік қызметін тоқтата тұру немесе тоқтату туралы жазбаша өтініші;
      8) "әкімшілік қарау" - мемлекеттік органға немесе лауазымды тұлғаға көпшілік және жеке мүдделерді сақтау негізінде заңнамаға сәйкес келетін бірнеше шешімдерден ең қолайлы, заңда көзделген мақсатқа жетуді қамтамасыз ететін шешімді таңдау құқығын беретін өкілеттік;
      9) "шағым" - осы Кодексте белгіленген тәртіппен және мерзімде әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс бойынша немесе әкімшілік дау туралы іс бойынша шығарылған іс жүргізу шешіміне өзінің келіспейтіндігін айту құқығы берілген іске қатысушы адамның жазбаша құжаты;
      10) "талапкер" - әкімшілік даулар бойынша құқықтардың, бостандықтар мен заңды мүдделердің қорғалуына сотқа жүгінген жеке немесе заңды тұлға;
      11) "жауапкер" - оларға бұзылған немесе бұзылды деп болжанған жеке тұлғаның құқықтарын немесе заңды тұлғаның заңды мүдделерін қалпына келтіру туралы талап жолданған мемлекеттік билік, жергілікті өзін-өзі басқару органы, лауазымды тұлға, мемлекеттік қызметші;
      12) "іс материалдары" - әкімшілік құқық бұзушылықтың жасалуын растайтын немесе жоққа шығаратын, сондай-ақ әкімшілік даудың мәнін ашатын құжаттар мен дәлелдемелердің жиынтығы;
      13) "қаулы" - сот, уәкілетті орган (лауазымды адам) шығаратын, әкімшілік құқық бұзушылық туралы істі немесе әкімшілік дау туралы істі қарау нәтижелері бойынша қорытындылар мен қабылданған іс жүргізу шешімін белгілейтін жазбаша нысандағы құжат

2-тарау. Әкімшілік іс жүргізудің міндеттері мен принциптер

      8-бап. Әкімшілік іс жүргізудің міндеттері

      Әкімшілік іс жүргізудің міндеттері адамның және азаматтың бұзылған немесе даулы құқықтарын, бостандықтарын және заңмен қорғалатын мүдделерін, заңды тұлғалардың заңды мүдделерін қорғау, заңдылық пен құқық тәртібін нығайту, құқық бұзушылықтардың алдын алу, сондай-ақ әрбір істің мән-жайын дер кезінде, жан-жақты, толық және объективті анықтау, оны осы Кодекске сәйкес шешу, шығарылған шешімнің орындалуын қамтамасыз ету болып табылады.

      9-бап. Әкімшілік іс жүргізу принциптерінің мәні

      Әкімшілік іс жүргізу принциптерінің мәні мынада: оларды бұзу, оның сипаты мен мәніне қарай, іс бойынша жүргізілген істі жарамсыз деп тануға, осындай іс жүргізудің барысында шығарылған шешімдердің күшін жоюға не бұл орайда жиналған материалдардың дәлелдік күші жоқ деп тануға әкеп соғады.

      10-бап. Принциптердің қолданылуы

      Осы Кодекстің 11-24-баптарында бекітілген принциптер әкімшілік іс жүргізудің барлық түрлеріне, осы Кодекстің 25-26-баптарында әкімшілік даулар туралы істер бойынша іс жүргізуге, осы Кодекстің 27-34-баптарында осы бапта әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істер бойынша іс жүргізуге қолданылады.

      11-бап. Заңдылық

      1. Соттар, мемлекеттік органдар (лауазымды адамдар) әкімшілік іс жүргізу кезінде Қазақстан Республикасы Конституциясының, осы Кодекстің және өзге де нормативтік құқықтық актілердің талаптарын дәл сақтауға міндетті.
      2. Егер сот қолданылуға тиісті заң немесе өзге де нормативтік құқықтық акт адамның және азаматтың Конституцияда баянды етілген құқықтары мен бостандықтарына қысым жасайды деп тапса, ол іс бойынша іс жүргізуді тоқтата тұруға және Конституциялық Кеңеске осы актіні конституциялық емес деп тану жөнінде ұсыныс жасауға міндетті. Сот Конституциялық Кеңестің шешімін алған соң іс бойынша іс жүргізу қайта басталады.
      3. Істерді шешу кезінде соттың заңды бұзуына болмайды және ол заңсыз сот актілерінің күшін жоюға әкеп соғады. Заңның бұзылуына кінәлі судья заңда белгіленген жауапкершілікті көтереді.
      4. Сот, мемлекеттік органдар (лауазымды адамдар) әкімшілік іс жүргізген кезде, істі шешу кезінде мемлекеттік немесе өзге органның актісі заңға сәйкес келмейді немесе ол өкілеттікті асыра пайдаланып шығарылған деп тапқан жағдайда одан артық заң күші бар құқықтық актілерді қолданады.

      12-бап. Адамның құқықтарын, бостандықтары мен заңды
              мүдделерін сотта қорғау

      1. Әркімнің өз құқықтары мен бостандықтарын сотпен қорғауға құқығы бар. Мүдделі адам кұқықтары, бостандықтары немесе заңмен қорғалатын мүдделері бұзылғанда немесе дауға түскенде, оны қорғау үшін заңда белгіленген тәртіппен сотқа жүгінуге құқылы.
      2. Сот, мемлекеттік органдар (лауазымды адамдар) әкімшілік іс жүргізуге қатысушылар құқықтарының, бостандықтары мен заңды мүдделерінің қорғалуын қамтамасыз етуге, оны жүзеге асыру үшін осы Кодексте белгіленген жағдайларды жасауға, олардың заңды талаптарын қанағаттандыру жөніндегі шараларды уақытылы қолдануға міндетті.
      3. Ешкімге ол үшін заңмен көзделген соттылығы оның келісімінсіз өзгертілуге тиіс емес.
      4. Мемлекеттік органның (лауазымды адамның) заңсыз іс-әрекеттерімен азаматтарға, заңды тұлғаларға мүліктік зиян келтірілген жағдайда, әкімшілік істі жүргізетін сот, орган (лауазымды адам) оның орнын толтыру шараларын қолдануға міндетті.
      5. Әкімшілік іс жүргізу кезінде адамға оның құқықтары мен бостандықтарын бұзудың нәтижесінде адамға келтірілген зиян Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген тәртіппен өтелуге тиіс.

      13-бап. Жеке бастың ар-ожданы мен қадір-қасиетін, іскерлі
              беделін құрметтеу

      1. Әкімшілік іс жүргізу кезінде жеке немесе заңды тұлғаның ар-ожданын қорлайтын немесе қадір-қасиетін кемітетін, не іскерлік беделін қаралайтын, немесе әкімшілік іс жүргізуге қатысушылардың өмірі мен денсаулығы үшін қауіп төндіретін іс-әрекеттер мен шешімдерге тыйым салынады.
      2. Әкімшілік істі жүргізетін судьяның, мемлекеттік органның (лауазымды адамның) заңсыз іс-әрекеттерімен адамға келтірілген моральдық залал заңда белгіленген тәртіппен өтелуге тиіс.

      14-бап. Судьялардың тәуелсіздігі

      1. Судья сот төрелігін атқару кезінде тәуелсіз және тек Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңына бағынады.
      2. Судьялар мен соттар әкімшілік даулар туралы, әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді өздеріне бөгде ықпал болмайтын жағдайларда шешеді. Соттардың сот төрелігін атқару жөніндегі қызметіне қандай да болмасын араласуға жол берілмейді және ол заң бойынша жауаптылыққа әкеп соғады. Нақты істер бойынша судьялар есеп бермейді.
      3. Судья тәуелсіздігінің кепілдіктері Қазақстан Республикасының Конституциясымен және заңмен белгіленген.

      15-бап. Іс жүргізу барысында қауіпсіздікті қамтамасыз ету

      Әкімшілік іс жүргізуге қатысатын адамдарға, сондай-ақ олардың отбасыларының мүшелеріне зорлық-зомбылық, мүлікке зиян келтіру қауіпі туындайтынына негіздер болған кезде судья, мемлекеттік орган (лауазымды адам) іс жүргізуді және осы адамдардың денсаулығын, ар-намысын, қадір-қасиетін және мүлкін қорғауды қамтамасыз етуге міндетті.

      16-бап. Әкімшілік іс жүргізудің жариялылығы

      1. Әкімшілік даулар туралы, әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер бойынша іс жүргізу ашық жүргізіледі
      2. Заңға сәйкес мемлекеттік құпиялар болып табылатын мәліметтерді қамтитын істерге қатысты, сондай-ақ соттың, органның (лауазымды адамның) коммерциялық немесе заңмен қорғалатын өзге де құпияны, жеке тұлғалардың мәліметтерін сақтау қажеттілігіне не ашық қарауға кедергі келтіретін өзге де мән-жайларға сілтеме жасаған іске қатысушы адамның өтінішін қанағаттандыру кезінде іс жүргізу жабық түрде жүзеге асырылады.
      3. Іске қатысушы адамдар мен ашық іс жүргізуге қатысып отыратын жеке тұлғалар іс жүргізіліп жатқан үй-жайдағы өздері иеленген орыннан іс жүргізудің барысын жазбаша түрде немесе аудиожазуды пайдалана отырып жазып алуға құқылы. Іс жүргізу барысында кино- және фотосуретке түсіруге, бейнежазбаға, тікелей радио- және телехабарларды таратуға әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарауға уәкілетті соттың, органның (лауазымды адамның) рұқсаты бойынша, іске қатысушы адамдардың пікірлері ескеріле отырып жол беріледі. Бұл іс-әрекеттер істің қалыпты жүруіне кедергі жасамауға тиіс және оларға уақыт жағынан шектеу қойылуы мүмкін.

      17-бап. Білікті заң көмегін алуға құқықтарды қамтамасыз
              ету

      1. Әркімнің әкімшілік іс жүргізу барысында заңға сәйкес білікті заң көмегін алуға құқығы бар.
      2. Заңмен көзделген жағдайларда заң көмегі тегін көрсетіледі

      18-бап. Дәлелдемені бағалау

      1. Әкімшілік іс жүргізуді жүзеге асыратын судья, орган (лауазымды адам) дәлелдемелерді заң мен ар-намысты басшылыққа ала отырып, дәлелдемелерді өз жиынтығында жан-жақты, толық және объективті қарауға негізделген өзінің ішкі сезімі бойынша бағалайды. Ешбір дәлелдеменің алдын ала белгіленген күші болмайды.
      2. Істі қарайтын сот, мемлекеттік (лауазымды адам) объективтілік пен бейтараптылықты сақтай отырып, іс бойынша шындықты анықтау үшін қажетті шараларды қабылдайды.

      19-бап. Куә айғақтарын беру міндетінен босату

      1. Ешкім өзіне-өзі, жұбайына (зайыбына) және заңмен белгіленген шектегі жақын туыстарына қарсы айғақ беруге міндетті емес.
      2. Діни қызметшілер өздеріне сеніп сырын ашқандарға қарсы куәгер болуға міндетті емес.
      3. Осы баптың бірінші және екінші бөліктерінде көзделген жағдайларда аталған адамдар айғақ беруден бас тартуға құқылы және олар бұл үшін қандай да болмасын жауаптылыққа тартылуы мүмкін емес.

      20-бап. Іс жүргізу әрекеттеріне, қаулыларына шағымдану
              құқығы

      1. Соттың, мемлекеттің органның (лауазымды адамның) әрекеттері мен шешімдеріне осы Кодексте белгіленген тәртіппен шағым жасалуы мүмкін.
      2. Іске қатысушы адамдардың жоғары тұрған мемлекеттік органның және (немесе) судьяның осы Кодексте белгіленген тәртіппен шешімді қайта қарауына құқығы бар.

      21-бап. Жеке өмірге қол сұқпаушылық

      Азаматтардың жеке өмірі, жеке және отбасылық құпия заңның қорғауында болады. Әркімнің жеке салымдар мен жинақтардың, хат жазысудың, телефон арқылы сөйлесудің, почта, телеграф және өзге де хабарлардың құпиясына құқығы бар. Әкімшілік іс жүргізу барысында осы құқықтарды шектеуге заңда тікелей белгіленген жағдайлар мен тәртіпте ғана жол беріледі.

      22-бап. Әкімшілік іс жүргізілетін тіл

      1. Қазақстан Республикасында әкімшілік іс жүргізу қазақ тілінде жүргізіледі, ал қажет болған жағдайда іс жүргізуде орыс тілі қазақ тілімен ресми түрде тең қолданылады.
      2. Әкімшілік іс жүргізу тілі сотқа берілген өтініштің тіліне байланысты соттың, органы (лауазымды адамның) ұйғарымымен (қаулысымен) белгіленеді. Бір және сол ғана іс бойынша іс жүргізу бастапқыда белгіленген іс жүргізу тілінде жүзеге асырылады.
      3. Әкімшілік іс жүргізіліп жатқан тілді білмейтін немесе жеткілікті дәрежеде білмейтін іске қатысушы адамдарға ана тілінде немесе өзі білетін тілде мәлімдеме жасау, түсініктер мен айғақтар беру, өтініштер жасау, шағым беру, істің материалдарымен танысу, оны қарау кезінде сөз сөйлеу, аудармашының қызметін тегін пайдалану құқығы түсіндіріледі және қамтамасыз етіледі.
      4. Әкімшілік жүргізуге қатысушы адамдарға басқа тілде жазылған заңға байланысты қажетті іс материалдарын іс жүргізілетін тілге тегін аударып беру қамтамасыз етіледі.
      5. Құқық бұзушы мен жәбірленушіге тапсырылуға тиіс іс жүргізу құжаттары олардың ана тіліне немесе олар білетін тілге аударылып жіберілуге тиіс.
      6. Аударма жөніндегі шығыстар және аудармашының көрсеткен қызметі мемлекеттік бюджет есебінен төленеді.

      23-бап. Әкімшілік қарау

      Мемлекеттік органға заңда көзделген ықтимал заңды шешімдердің бірін өз таңдауы бойынша қабылдау құқығы берілген. Мұндай шешімдерді қабылдаған кезде мемлекеттік орган жеке тұлғалардың құқықтарын және заңды тұлғалардың заңды мүдделерін қорғауды, мөлшерлестікті басшылыққа алуға, сондай-ақ заңда көзделген өзге де мақсаттарды көздеуге міндетті.

      24-бап. Меншікке қол сұқпаушылық

      1. Меншікке заңмен кепілдік беріледі. Ешкімді де сот шешімінсіз өз мүлкінен айыруға болмайды.
      2. Мүлік пен құжаттарды алып қою; көлік құралын, шағын кемені басқарудан шеттету; көлік құралын, шағын кемені ұстау; көлік құралдарын, шағын кемелерді тексеру; аумақтарды, үй-жайларды, көлік құралдарын, тауарларды, өзге де мүлікті, сондай-ақ тиісті құжаттарды тексеріп қарау тек осы Кодексте көзделген жағдайларда және тәртіппен жүргізілуі мүмкін.

      25-бап. Сот төрелігін тек қана соттың жүзеге асыруы

      1. Әкімшілік даулар туралы істер жөніндегі Қазақстан Республикасындағы сот төрелігін сот ғана іске асырады. Кімнің болса да соттың өкілеттігін иемденуі заңмен көзделген жауапкершілікке әкеп соғады. Қандай атаумен болса да төтенше немесе арнайы соттарды құруға жол берілмейді. Төтенше соттардың, сондай-ақ заңсыз құрылған өзге де соттардың шешімдерінің заңды күші болмайды және орындалуға жатпайды.
      2. Соттың құзыреті, оның юрисдикциясы, әкімшілік даулар туралы істер бойынша іс жүргізуді іске асырудың тәртібі осы Кодекспен айқындалады және еркін өзгеруі мүмкін емес.
      3. Әкімшілік даулар туралы істер бойынша, өзінің қарауына жатпайтын іс бойынша іс жүргізуді жүзеге асырып, өз өкілеттігін асыра пайдаланған немесе осы Кодексте көзделген әкімшілік даулар туралы принциптерді өзгеше түрде бұзған соттың шешімдері заңсыз және күші жойылуға тиіс.
      4. Соттың әкімшілік даулар туралы істер жөніндегі шешімдері осы Кодексте көзделген тәртіппен тек тиісті соттарда ғана тексерілуі және қайта қаралуы мүмкін.

      26-бап. Жарыспалылық

      Әкімшілік даулар туралы істерді қарау кезінде дәлелдеу міндеті шешімдеріне, әрекеттеріне (немесе әрекетсіздігіне) шағым жасалатын, осы Кодексте көзделген негіздемелер бойынша дәлелдеу міндетін судья іске қатысушы адамдар арасында таратылатын жағдайларын қоспағанда, мемлекеттік билік, жергілікті өзін-өзі басқару органдарына, лауазымды адамдар мен мемлекеттік қызметшілерге жүктеледі.

      27-бап. Мөлшерлестік

      Әкімшілік құқық бұзушылықты жасауға айыпты деп танылған адамға құқық бұзушылықтың қоғамдық қауіпінің сипаты мен дәрежесін, кінәлі адамның жеке басын, оның ішінде құқық бұзушылықты жасағанға дейінгі және жасағаннан кейінгі мінез-құлқын, жауапкершілікті және өндіріп алуды (жазаны) жеңілдететін және ауырлататын мән-жайларды, сондай-ақ жауаптылыққа тартылған адамның түзелуіне және отбасы мен оның асырауындағы адамдар өмірлерінің жағдайларына тағайындалған өндіріп алуды (жазаны) ескере отырып, Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің тиісті бабында белгіленген шектерде оның түзелуі және жаңа құқық бұзушылықтардың алдын алу үшін қажетті және жеткілікті әділ өндіріп алу (жаза) тағайындалады

      28-бап. Сот құзыретінің ерекшелігі

      1. Соттың құзыреті, оның юрисдикциясының шегі, оның әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс жүргізуді жүзеге асыру тәртібі заңмен белгіленеді және өз бетінше өзгертуге болмайды
      2. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер бойынша, өзінің қарауына жатпайтын іс бойынша іс жүргізуді жүзеге асырып, өз өкілеттігін асыра пайдаланған немесе осы Кодексте көзделген әкімшілік құқық бұзушылық туралы принциптерді өзгеше түрде бұзған соттың шешімдері заңсыз және күші жойылуға тиіс.
      3. Соттың әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер жөніндегі шешімдері осы Кодексте көзделген тәртіппен тек тиісті соттарда ғана тексерілуі және қайта қаралуы мүмкін.

      29-бап. Адамдардың заң алдында теңдігі

      Әкімшілік құқық бұзушылық жасаған адамдар заң алдында тең және тегіне, әлеуметтік, лауазымдық және мүліктік жағдайына, нәсілі мен ұлтына, сеніміне, жынысына, тіліне, дінге көзқарасына және істейтін жұмысының сипатына, тұратын жеріне, қоғамдық бірлестіктерге қатысына, сондай-ақ кез келген өзге де мән-жайларға қарамастан әкімшілік жауаптылықта болуға тиіс.

      30-бап. Кінәсіздік презумпциясы

      1. Өзіне қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қозғалған жеке адам өз кінәсі осы Кодексте көзделген тәртіппен дәлелденбейінше және өз өкілеттігі шегінде істі қараған судьяның, органның (лауазымды адамның) заңды күшіне енген қаулысымен белгіленбейінше, кінәсіз деп есептеледі.
      2. Ешкім де өзінің кінәсіздігін дәлелдеуге міндетті емес.
      3. Кінәлілікке келтірілген кез келген күдіктер өзіне қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қозғалған адамның пайдасына түсіндіріледі. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңдарды қолдану кезінде туындайтын күдіктер де оның пайдасына шешілуге тиіс.

      31-бап. Кінә принципі

      1. Жеке тұлға тек кінәсі анықталған құқық бұзушылықтары үшін ғана әкімшілік жауаптылықта болуға тиіс. Жеке тұлғаның кінәсіздіктен келтірген залалы үшін объективті кінә тағуға, яғни әкімшілік жауаптылыққа тартуға жол берілмейді.
      2. Қасақана немесе абайсыз әрекет жасаған жеке адам әкімшілік құқық бұзушылық жасауда кінәлі деп танылады.

      32-бап. Қайтадан әкімшілік жауапкершілікке тартуға жол
              берілмеушілік

      Бір құқық бұзушылық үшін ешкімді де екі рет әкімшілік жауапкершілікке тартуға болмайды.

      33-бап. Ізгілік принципі

      1. Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңнамасы адамның қауіпсіздігін қамтамасыз етеді.
      2. Құқық бұзушылық жасаған адамға әкімшілік жаза қолданғанда адам жанын күйзелтуді немесе адамның қадір-қасиетін қорлауды жазалау мақсаты етіп қоюға болмайды.

      34-бап. Жеке басқа қол сұқпаушылық

      1. Ешкімді де осы Кодексте белгіленген негіздер мен тәртіптен өзгеше ретте әкімшілік ұстауға, ішкі істер органына (полицияға) немесе басқа мемлекеттік органдарға алып келуге, жеткізуге, жеке басын және жеке адамның заттарын тексеруге болмайды.
      2. Осы Кодексте белгіленген тәртіппен тек судьяның қаулысы бойынша ғана әкімшілік жазалау шарасы ретінде қамауға алу қолданылуы мүмкін.
      3. Әрбір ұсталған, ішкі істер органына (полицияға) немесе басқа мемлекеттік органға алып келінген, жеткізілген адамға ұстаудың, алып келудің, жеткізудің негіздері, сондай-ақ оған тағылып отырған әкімшілік құқық бұзушылықтың заңдық сипаты дереу хабарланады.
      4. Мемлекеттік орган (лауазымды адам) заңсыз ұсталған, алып келінген, жеткізілген немесе судьяның қаулысында көзделген мерзімнен артық қамауда отырған адамды дереу босатуға міндетті.
      5. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы іске қатысушылардың ешқайсысын зорлық-зомбылық, қатыгездік немесе адамның қадір-қасиетін қорлайтын әрекетке ұшыратуға болмайды.
      6. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс жүргізу процесінде адамның не оның заңды өкілінің еркіне қарсы жеке басқа қол сұғылмаушылықты бұзатын іс-әрекеттер жасау тек осы Кодексте тікелей көзделген жағдайларда және тәртіппен ғана мүмкін болады.
      7. Өзіне қатысты әкімшілік жаза шарасы ретінде қамауға алу таңдалған адамды, сондай-ақ әкімшілік ұстауға ұшыраған адамды ұстау оның өмірі мен денсаулығына қатер төнуін болдырмайтын жағдайда жүзеге асырылуға тиіс.
      8. Заңсыз қамауға алудың, өмірі мен денсаулығына қатерлі жағдайларда ұстаудың, оған қатыгездікпен қараудың салдарынан жеке тұлғаға келтірілген залал заңда көзделген тәртіппен өтелуге тиіс.

3-тарау. Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істердің соттылығы және ведомстволық бағыныстылығы. Әкімшілік даулар туралы істердің соттылығы

      35-бап. Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істердің
              соттылығы

      1. Мамандандырылған аудандық және соларға теңестірілген әкімшілік соттардың судьялары осы баптың үшінші бөлігінде көзделген жағдайларды қоспағанда, Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 62, 63, 64, 65, 66-69, 70, 71 (үшінші, төртінші, бесінші бөліктерінде), 72, 73, 74-80, 81, 82, 83, 85, 86-90, 91-119, 123, 129, 130, 133, 134, 135, 137, 138, 139, 140, 141, 142, 143, 144, 145, 146, 147, 148, 149, 150, 151, 152, 153, 154, 155 (төртінші бөлігінде), 156, 157, 158, 159, 160, 161, 165, 166 (екінші бөлігінде), 167 (бірінші және екінші бөліктерінде), 168 (төртінші және бесінші бөліктерінде), 170, 171, 175, 178, 179 (үшінші және төртінші бөліктерінде), 181, 193, 196 (екінші бөлігінде), 198, 199, 200, 201, 202, 206, 207, 208, 210, 211, 214 (екінші бөлігінде), 216, 218, 220, 230, 233, 234, 235, 236 (бірінші, екінші, төртінші және бесінші бөліктерінде), 241, 244, 247, 248, 249, 250, 251, 257-265, 267 (екінші бөлігінде), 268, 269, 270, 272 (екінші бөлігінде), 273, 274, 283, 284, 285 (екінші бөлігінде), 286, 287, 292, 293, 295, 297, 298, 299, 300, 306, 307, 309, 310-312, 313, 314 (бірінші және үшінші бөліктерінде), 316, 317, 319, 321, 324, 325, 326, 332 (екінші, үшінші бөліктерінде), 333, 334 (бірінші бөлігінде), 335, 337 (екінші және үшінші бөліктерінде), 336, 340, 341, 342, 343 (екінші бөлігінде), 344 (екінші бөлігінде), 345, 346, 348, 350, 351, 352, 353 (екінші бөлігінде), 354, 355, 356, 358, 361, 362, 363, 364 (екінші және алтыншы бөліктерінде), 365, 366, 367, 368 (бірінші бөлігінде), 369, 370 (үшінші, төртінші және бесінші бөліктерінде), 371 (екінші және үшінші бөліктерінде), 372 (екінші бөлігінде), 373 (екінші бөлігінде), 374, 375, 376 (бірінші бөлігінде), 377, 378, 379, 380, 382 (бірінші, екінші, төртінші бөліктерінде), 384 (үшінші бөлігінде), 386, 387 (үшінші бөлігінде), 388 (үшінші бөлігінде), 389, 390, 391, 392, 394-397, 398-415, 416, 417, 418, 419, 420, 422, 424, 425, 426, 427, 429, 431, 433, 435 (екінші бөлігінде), 436, 437, 438 (екінші бөлігінде), 439 (төртінші бөлігінде), 440, 441, 442, 443, 444, 445, 446, 448, 450 (екінші бөлігінде), 451, 452, 453, 454, 455, 456, 457, 458, 461 (екінші бөлігінде), 462 (екінші бөлігінде), 464, 465 (екінші - бесінші бөліктерінде), 467, 468, 474 (бірінші бөлігінде), 476, 477, 479, 480, 481, 482, 483, 485, 486, 488-491, 493-495, 496, 498, 499, 500, 501, 502, 503, 504, 505 (екінші, үшінші, төртінші бөліктерінде), 512, 515, 516, 517, 518 (екінші бөлігінде), 519, 523, 526 (төртінші бөлігінде), 535 (бесінші бөлігінде), 542 (бірінші және екінші бөліктерінде), 543 (екінші бөлігінде), 544 (екінші бөлігінде), 545, 547 (бірінші және екінші бөліктерінде), 548, 550 (үшінші және бесінші бөліктерінде), 561, 562 (бірінші бөлігінде), 565, 566, 567, 568, 569, 570, 571, 572, 573, 574, 575, 576, 587-596, 598-615-баптарында көзделген әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарайды.
      2. Кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соттардың судьялары:
      1) кәмелетке толмағандар жасаған, Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 368 (екінші бөлігінде), 381, 382, 384, 394, 575-баптарында көзделген әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы;
      2) Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 120, 121, 122, 123, 124, 125, 126, 127, 376, 597-баптарында көзделген әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істерді қарайды.
      3. Судьялар, істің қайда қаралуға жататындығына қарамастан, осы баптың бірінші бөлігінде көрсетілгендерден басқа, әкімшілік жаза түрлерінің бірі ретінде шетелдік азаматтарды не азаматтығы жоқ адамдарды Қазақстан Республикасының шегінен әкімшілік жолмен шығарып жіберу, әкімшілік қамауға алу, лицензиядан, арнаулы рұқсаттан, біліктілік аттестатынан (куәлігінен), арнаулы құқығынан айыру, әкімшілік құқық бұзушылық жасаудың құралы не нысанасы болған заттарды өтемін төлеп алып қою не тәркілеу, сондай-ақ құрылыстарды еріксіз бұзу, белгілі бір қызметпен айналысуға тыйым салу көзделген әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарайды.
      4. Жоғарғы Соттың, облыстық, аудандық және оларға теңестірілген соттардың судьялары сот талқылауы барысында анықталған процеске қатысушы адамның тарапынан Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 587-бабында көзделген сотқа құрметтемеушілік білдіру фактілері туралы істерді қарайды
      5. Осы Кодекстің 12-бабына сәйкес өзіне қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы істі жүргізіп жатқан адамның арызы бойынша Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің Ерекше бөлігінде көзделген кез келген құқық бұзушылық туралы істі судья қарайды.
      Өзіне қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы істі жүргізіп жатқан адамның соттың қарауына арыз беруі жалпы тәртіппен жүзеге асырылады.
      Ескерту. Егер тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің аумағында мамандандырылған әкімшілік сот құрылмаса, мамандандырылған әкімшілік соттардың ведомстволық қарауына жатқызылған әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істерді аудандық (қалалық) соттардың судьялары қарауға құқылы.

      36-бап. Ішкі істер органдары (полиция)

      1. Ішкі істер органдары Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 172, 337 (бірінші бөлігінде), 339, 332 (бірінші бөлігінде), 383, 384 (бірінші және екінші бөліктерінде), 387 (бірінші және екінші бөліктерінде), 396 (бірінші және екінші бөліктерінде), 428, 435 (бірінші бөлігінде), 438 (бірінші бөлігінде), 439 (бірінші, екінші және үшінші бөліктерінде), 447, 460 (1-бөліктің 3) тармақшасын қоспағанда), 465 (бірінші бөлігінде), 466 (бірінші, екінші және үшінші бөліктерінде), 497, 500, 524, 526 (бірінші, екінші, үшінші бөліктерінде), 527, 528, 529, 530, 531, 532, 533, 534, 535 (бірінші, екінші, үшінші, төртінші бөліктерінде), 540, 541, 542 (үшінші бөлігінде), 543 (бірінші бөлігінде), 544 (бірінші бөлігінде), 547 (үшінші бөлігінде), 549, 550 (бірінші, екінші, төртінші және алтыншы бөліктерінде), 551, 552, 553, 554, 555, 556, 558, 560, 561, 563-баптарында көзделген әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарайды.
      2. Ішкі істер органдарының атынан әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарауға және әкімшілік жаза қолдануға мыналар құқылы:
      1) Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің ішкі істер органдарының қарауына жататын барлық баптары бойынша, - ішкі істер органдарының бастықтары мен олардың орынбасарлары;
      2) Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы  кодексінің 172, 332 (бірінші бөлігінде), 337 (бірінші бөлігінде), 339, 383, 384 (бірінші және екінші бөліктерінде), 387 (бірінші және екінші бөліктерінде), 388 (бірінші және екінші бөліктерінде), 428, 435 (бірінші бөлігінде), 438 (бірінші бөлігінде), 439 (бірінші, екінші және үшінші бөліктерінде), 447, 460 (1-бөліктің 3) тармақшасын қоспағанда), 465 (бірінші бөлігінде), 500, 524 (бірінші бөлігінде), 532, 549 (бірінші және екінші бөліктерінде), 552, 555 (екінші бөлігінде), 558 (үшінші және төртінші бөліктерінде), 561-баптарында көзделген әкімшілік құқық бұзушылық үшін, - қалалық, аудандық ішкі істер органдары бөлімшелерінің бастықтары;
      3) Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы  кодексінің 172, 383, 384 (бірінші және екінші бөліктерінде), 387 (бірінші және екінші бөліктерінде), 388 (бірінші және екінші бөліктерінде), 428, 435 (бірінші бөлігінде), 438 (бірінші бөлігінде), 447, 465 (бірінші бөлігінде), 497, 500, 524, 555 (бірінші бөлігінде), 558 (бірінші, екінші және бесінші бөліктерінде), 561-баптарында көзделген әкімшілік құқық бұзушылық үшін, - ішкі істер органдары жол бөлімшелерінің, жол пункттерінің бастықтары;
      4) Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы  кодексінің 383, 387 (бірінші және екінші бөліктерінде), 388 (бірінші және екінші бөліктерінде), 465 (бірінші бөлігінде), 497 (төртінші бөлігінде), 524-баптарында көзделген әкімшілік құқық бұзушылық үшін, - арнаулы атағы бар көліктегі ішкі істер органдарының қызметкерлері;
      5) Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 337 (бірінші бөлігінде), 339, 383, 387 (бірінші және екінші бөліктерінде), 388 (бірінші және екінші бөліктерінде), 465 (бірінші бөлігінде), 524 (бірінші бөлігінде), 532, 549 (бірінші және екінші бөліктерінде), 552, 555 (екінші бөлігінде), 558 (үшінші және төртінші бөліктерінде) - баптарында көзделген әкімшілік құқық бұзушылық үшін, - ішкі істер органдары полициясының учаскелік инспекторлары;
      6) Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 526 (бірінші, екінші, үшінші бөліктерінде), 527, 528, 529, 530, 531, 532, 533, 534, 535 (бірінші, екінші, үшінші, төртінші бөліктерінде) - 540, 541, 542 (үшінші бөлігінде), 543 (бірінші бөлігінде), 544 (бірінші бөлігінде), 547 (үшінші бөлігінде), 548 (екінші бөлігінде), 549, 550 (бірінші, екінші, төртінші, алтыншы бөліктерінде), 551, 552, 553, 554, 561, 563-баптарында көзделген әкімшілік құқық бұзушылық үшін - ішкі істер органдары жол полициясы комитетінің төрағасы, басқармаларының, бөлімдерінің, бөлімшелерінің бастықтары мен олардың орынбасарлары;
      7) Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы  кодексінің 527, 528, 529, 530, 531, 532, 533, 534, 535 (бірінші, екінші, үшінші, төртінші бөліктерінде) - 540, 541, 542 (бірінші бөлігінде), 549, 552, 561-баптарында көзделген әкімшілік құқық бұзушылық үшін - арнаулы атағы бар жол полициясының қызметкерлері;
      8) Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 332 (бірінші бөлігінде), 337 (бірінші бөлігінде), 339, 428-баптарында көзделген әкімшілік құқық бұзушылық үшін, - ішкі істер органдарының табиғат қорғау және мал дәрігерлік полициялары бөлімшелерінің бастықтары мен олардың орынбасарлары;
      9) Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы  кодексінің 383, 387 (бірінші және екінші бөліктерінде), 428-баптарында көзделген әкімшілік құқық бұзушылық үшін, - ішкі істер органдарының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі бөлімшелерінің бастықтары мен олардың орынбасарлары.
      10) Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы  кодексінің 465 (бірінші бөлігінде), 466 (бірінші, екінші және үшінші бөліктерінде) - баптарында көзделген әкімшілік құқық бұзушылық үшін - ішкі істер органдарының көші-қон полициясы басқармаларының, бөлімдерінің, бөлімшелерінің бастықтары мен олардың орынбасарлары.

      37-бап. Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің
              органдары

      1. Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің органдары Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 526 (бірінші, екінші, үшінші, бесінші бөліктерінде), 527, 528, 529, 530, 531, 532, 533, 534, 535 (бірінші - төртінші бөліктерінде), 536, 537, 538, 539, 540, 541, 542, 543 (бірінші бөлігінде), 544 (бірінші бөлігінде), 547 (үшінші бөлігінде), 549, 550 (бірінші бөлігінде), 551, 552, 554, 555, 577, 579-586-баптарында көзделген әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарайды.
      2. Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің органдары атынан әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарауға және: Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 577, 579-586-баптарында көзделген әкімшілік құқық бұзушылықтар үшін - жергілікті әскери басқару органдарының бастықтары әкімшілік жаза қолдануға құқылы.
      3. Әскери көлік құралдарын басқарушы адамдар жасаған әкімшілік жазалау ретінде айыппұл көзделген әкімшілік құқық бұзушылық туралы материалдарды Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі белгілеген тәртіппен әскери полиция кінәлілерді тәртіптік жауапкершілікке тарту үшін тиісті командирлерге (бастықтарға) береді. Әскери көлік құралдарын басқарушы адамдар жасаған көлік құралын жүргізу құқығынан айыру және әкімшілік қамауға алу түрінде әкімшілік жаза қолданылуы мүмкін әкімшілік құқық бұзушылық туралы материалдарды әскери полиция Қорғаныс министрлігі белгілеген тәртіппен сотқа жібереді.

      38-бап. Азаматтық авиация саласындағы уәкілетті орган

      1. Азаматтық авиацияны мемлекеттік реттеу саласындағы уәкілетті орган Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 505 (бірінші бөлігінде), 507, 524, 525, 557 (әуе көлігінде бұзушылық жасағаны үшін), 573 (екінші бөлігінде), 576-баптарында көзделген әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарайды.
      2. Азаматтық авиацияны мемлекеттік реттеу саласындағы уәкілетті органның атынан әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарауға және әкімшілік жаза қолдануға азаматтық авиация қызметі саласында-бұзушылық жасағаны үшін соған уәкілетті лауазымды адамдар құқылы

      39-бап. Көлік бақылау органдары

      1. Көлік бақылау органдары Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 285 (бірінші бөлігінде), 286, 497, 500, 506, 508, 509, 510, 511, 513, 514, 518, 520, 521, 522, 524, 525 (әуе көлігі кемелеріндегі бұзушылықтарды қоспағанда), 527 (төртінші бөлігінде), 532, 546, 555, 557, 558, 559 (әуе көлігі кемелеріндегі бұзушылықтарды қоспағанда), 564-баптарында көзделген әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарайды.
      2. Көлік бақылау органдары атынан әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарауға және әкімшілік жаза қолдануға:
      осы Кодекстің көлік бақылау органдарының қарауына жатқызылған барлық баптары бойынша - көлік бақылау органының басшысы мен оның орынбасарлары, аумақтық көлік бақылау органдарының бастықтары мен олардың орынбасарлары;
      Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 286, 497, 500, 506, 508, 509, 510, 511, 513, 514, 518, 520, 521, 522, 524, 525 (әуе көлігі кемелеріндегі бұзушылықтарды қоспағанда), 527 (төртінші бөлігінде), 532, 546, 555, 557, 558, 559 (әуе көлігі кемелеріндегі бұзушылықтарды қоспағанда), 564-баптарында көзделген әкімшілік құқық бұзушылық бойынша - осы Кодекстің 273-бабының ережелерін ескеріп, көліктік бақылау органдарының осыған уәкілетті лауазымды адамдары (көлік бақылау бекетінің аға қызметкерлері) құқылы.

      40-бап. Қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті
              орган

      1. Қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 132, 255, 278, 279, 281, 282, 283, 285 (бірінші бөлігінде), 287, 289, 296, 299, 302, 304, 343 (бірінші бөлігінде) - баптарында көзделген әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарайды.
      2. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарауға және әкімшілік жаза қолдануға:
      осы Кодекстің қоршаған ортаны қорғау органдарының қарауына жатқызылған барлық баптары бойынша - Қазақстан Республикасының мемлекеттік экологиялық бас инспекторы мен оның орынбасары, Қазақстан Республикасының мемлекеттік экологиялық инспекторлары және мемлекеттік экологиялық аға инспекторлары, облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) мемлекеттік экологиялық аға инспекторлары
      Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 278, 282, 296-баптарында көзделген әкімшілік құқық бұзушылық бойынша - осы Кодекстің 273-бабының ережелерін ескеріп, облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) мемлекеттік экологиялық инспекторлары құқылы.

      41-бап. Жер қойнауын зерделеу және пайдалану жөніндегі
              уәкілетті орган

      1. Жер қойнауын зерделеу және пайдалану жөніндегі уәкілетті орган Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 294, 302 (бірінші бөлігінде) - баптарында көзделген әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарайды.
      2. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарауға және әкімшілік жазалар қолдануға:
      жер қойнауын зерделеу және пайдалану жөніндегі аумақтық аға мемлекеттік инспекторлар мен аумақтық мемлекеттік инспекторлар;
      Қазақстан Республикасының жер қойнауын зерделеу және пайдалану жөніндегі мемлекеттік инспекторлары, жер қойнауын зерделеу және пайдалану жөніндегі аумақтық бас мемлекеттік инспекторлардың;
      Қазақстан Республикасының жер қойнауын зерделеу және пайдалану жөніндегі аға мемлекеттік инспекторлары, жер қойнауын зерделеу және пайдалану жөніндегі аумақтық мемлекеттік бас инспекторлары;
      Қазақстан Республикасының жер қойнауын зерделеу және пайдалану жөніндегі бас мемлекеттік инспекторы мен оның орынбасарлары құқылы.

      42-бап. Өнеркәсіп қауіпсіздігі саласындағы уәкілетті
              орган

      1. Өнеркәсіп қауіпсіздігі саласындағы уәкілетті орган Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 255, 256, 257, 302, 303, 304 (техникалық қауіпсіздік бөлігінде), 410-баптарында көзделген әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарайды.
      2. Өнеркәсіп қауіпсіздігі саласындағы уәкілетті органның атынан істерді қарауға және әкімшілік жаза қолдануға:
      1) Қазақстан Республикасының өнеркәсіп қауіпсіздігі саласындағы мемлекеттік бақылау жөніндегі бас мемлекеттік инспекторы мен оның орынбасарлары;
      2) Қазақстан Республикасының өнеркәсіп қауіпсіздігі саласындағы мемлекеттік бақылау жөніндегі мемлекеттік инспекторлары;
      3) облыстар мен қалалардың өнеркәсіп қауіпсіздігі саласындағы мемлекеттік бақылау жөніндегі бас мемлекеттік инспекторлары мен оның орынбасарлары
      4) облыстар мен қалалардың өнеркәсіп қауіпсіздігі саласындағы мемлекеттік бақылау жөніндегі мемлекеттік инпекторлары құқылы.

      43-бап. Мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық
              қадағалауды жүзеге асыратын органдар

      1. Мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық қадағалауды жүзеге асыратын органдар Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 174, 168 (үшінші бөлігінде), 255, 256, 276, 278, 308 (екінші бөлігінде), 373 (бірінші бөлігінде) - баптарында көзделген әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарайды.
      2. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік бас санитариялық дәрігері мен оның орынбасарлары, облыстардың, қалалардың, аудандардың мемлекеттік бас санитариялық дәрігерлері мен олардың орынбасарлары, көліктегі мемлекеттік бас санитариялық дәрігерлер мен олардың орынбасарлары әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарауға және әкімшілік жазалар қолдануға құқылы.

      44-бап. Мемлекеттік еңбек инспекциясы органдары

      1. Мемлекеттік еңбек инспекциясы органдары Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 82, 83, 84-баптарында көзделген әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарайды.
      2. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарауға және әкімшілік жазалар қолдануға:
      1) мемлекеттік еңбек инспекторлары;
      2) Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығының қатысушыларына қатысты - Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығының қызметін реттеу жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган құқылы.

      45-бап. Кеден органдары

      1. Кеден органдары Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 469, 470, 471, 472, 473, 474 (екінші және үшінші бөліктерінде), 475, 478, 484, 487, 492-баптарында көзделген әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарайды.
      2. Кеден органдарының бастықтары немесе олардың орынбасарлары әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істерді қарауға және әкімшілік жазалар қолдануға құқылы.

      46-бап. Қаржы полициясы органдары

      1. Қаржы полициясы органдары Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 169, 174, 184, 196 (бірінші бөлігінде), 235 (бірінші, екінші, төртінші және бесінші бөліктерінде), 242, 421-424-баптарында көзделген әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарайды.
      2. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарауға және әкімшілік жазалар қолдануға қаржы полициясы органының басшысы мен оның орынбасарлары, облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, Қазақстан Республикасы астанасының, аймақаралық, аудандық, қалалық, қалалардағы аудандық қаржы полициясы органдарының және қаржы полициясының арнаулы бөлімшелерінің басшылары мен олардың орынбасарлары құқылы.

      47-бап. Өрт қауіпсіздігі саласындағы уәкілетті орган

      1. Өрт қауіпсіздігі саласындағы уәкілетті орган Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 308, 315, 359, 360, 384 (бірінші және екінші бөліктерінде), 410-баптарында көзделген әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарайды.
      2. Өрт қауіпсіздігі саласындағы уәкілетті органдардың атынан істерді қарауға және әкімшілік жаза қолдануға:
      1) Қазақстан Республикасының өрт қауіпсіздігі саласындағы мемлекеттік бақылау жөніндегі бас мемлекеттік инспекторы және оның орынбасарлары;
      2) Қазақстан Республикасының өрт қауіпсіздігі саласындағы мемлекеттік бақылау жөніндегі мемлекеттік инспекторлар;
      3) облыстар мен қалалардың өрт қауіпсіздігі саласындағы мемлекеттік бақылау жөніндегі бас мемлекеттік инспекторлары және оның орынбасарлары;
      4) облыстар мен қалалардың өрт қауіпсіздігі саласындағы мемлекеттік бақылау жөніндегі мемлекеттік инспекторлары құқылы

      48-бап. Шекара қызметінің органдары

      1. Шекара қызметінің органдары Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 332 (бірінші бөлігінде), 337 (бірінші бөлігінде), 343 (бірінші бөлігінде), 344 (бірінші бөлігінде), 460, 461 (бірінші бөлігінде), 462 (бірінші бөлігінде), 463, 465 (бірінші бөлігінде), 629-баптарында көзделген әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарайды.
      2. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарауға және Қазақстан Республикасы шекара қызметі органдарының атынан әкімшілік жаза қолдануға:
      шекара қызметінің басшысы мен оның орынбасарлары, арнайы бірлестіктердің басшылары және олардың орынбасарлары;
      шекара отрядтарының бастықтары, шекаралық бақылаудың әскери бөлімдерінің, әскери теңіз бөлімдерінің командирлері мен олардың орынбасарлары құқылы;
      3. Қазақстан Республикасының континенттік қайраңындағы әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарауға және әкімшілік жаза қолдануға:
      1) Қазақстан Республикасы континенттік қайраңының минералдық немесе жанды ресурстарын шетелдіктерге немесе шетелдік заңды тұлғаларға не шет мемлекеттерге заңсыз бергені үшін;
      Қазақстан Республикасы шекара қызметінің басшысы мен оның орынбасарлары, арнайы бірлестіктердің басшылары мен олардың орынбасарлары;
      шекара отрядтарының бастықтары, шекаралық бақылаудың әскери бөлімдерінің, әскери теңіз бөлімдерінің командирлері құқылы.

      49-бап. Азаматтық қорғаныс саласындағы уәкілетті орган

      1. Азаматтық қорғаныс саласындағы уәкілетті орган Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 410, 578-баптарында көзделген әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарайды.
      2. Азаматтық қорғаныс саласындағы уәкілетті органның атынан істерді қарауға және әкімшілік жаза қолдануға:
      1) Азаматтық қорғаныс саласындағы уәкілетті органның басшысы мен оның орынбасарлары;
      2) Азаматтық қорғаныс саласындағы аумақтық органның басшысы мен оның орынбасарлары;
      3) облыстар мен қалалардың Азаматтық қорғаныс саласындағы мемлекеттік бақылау жөніндегі мемлекеттік инспекторлары құқылы

      50-бап. Төтенше жағдайлар саласындағы уәкілетті орган

      1. Төтенше жағдайлар саласындағы уәкілетті орган Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 410, 361-баптарында көзделген әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарайды.
      2. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарауға және әкімшілік жаза қолдануға:
      1) төтенше жағдайлар саласындағы уәкілетті органның басшысы мен оның орынбасарлары;
      2) төтенше жағдайлар саласындағы аумақтық органның басшысы мен оның орынбасарлары;
      3) облыстар мен қалалардың төтенше жағдайлар саласындағы мемлекеттік бақылау жөніндегі мемлекеттік инспекторлары құқылы.

      51-бап. Дәрілік заттар айналымы саласындағы мемлекеттік
              орган

      1. Дәрілік заттар саласындағы мемлекеттік орган және оның аумақтық бөлімшелері Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 370 (бірінші және екінші бөліктерінде), 371 (бірінші бөлігінде) - баптарында көзделген әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді өз құзыреті шегінде қарайды.
      2. Дәрілік заттар саласындағы мемлекеттік органның басшысы, оның орынбасарлары, аумақтық бөлімшелердің басшылары мен олардың орынбасарлары әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарауға және әкімшілік жазалар қолдануға құқылы.

      52-бап. Медициналық қызмет көрсетулер саласындағы бақылау
              жөніндегі мемлекеттік орган

      1. Медициналық қызмет көрсетулер саласындағы бақылау жөніндегі мемлекеттік орган және оның аумақтық бөлімшелері өз құзыреті шегінде Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 71 (бірінші және екінші бөліктерінде), 370 (бірінші және екінші бөліктерінде), 372 (бірінші бөлігінде), 374, 449 (бірінші бөлігінде), 450 (бірінші бөлігінде) - баптарында көзделген әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарайды.
      2. Медициналық қызмет көрсетулер саласындағы бақылау жөніндегі мемлекеттік органның басшысы және оның аумақтық бөлімшелерінің басшылары әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарауға және әкімшілік жазалар қолдануға құқылы.

      53-бап. Орман, балық және аңшылық шаруашылығы, ерекше
              қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы уәкілетті
              органдар

      1. Орман, балық және аңшылық шаруашылығы, ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы уәкілетті органдар Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 136, 289, 291, 314 (екінші бөлігінде), 315, 320, 322, 323, 327, 328, 329, 330, 331, 332 (бірінші бөлігінде), 334 (екінші бөлігінде), 337 (бірінші, екінші және төртінші бөліктерінде), 338, 339, 343 (бірінші бөлігінде), 344 (бірінші бөлігінде), 347, 349-баптарында көзделген әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарайды.
      2. Орман, балық және аңшылық шаруашылығы, ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы органдардың атынан әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарауға және әкімшілік жазалар қолдануға:
      1) Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы  кодексінің 136, 289, 291, 314 (екінші бөлігінде), 315, 320, 322, 323, 327, 328, 329, 330, 331, 332 (бірінші бөлігінде), 334 (екінші бөлігінде), 337 (бірінші, екінші және төртінші бөліктерінде), 338, 339, 343 (бірінші бөлігінде), 344 (бірінші бөлігінде), 347, 349-баптарында көзделген әкімшілік құқық бұзушылық үшін - Қазақстан Республикасының орман, балық және аңшылық шаруашылығы, ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы уәкілетті органдары мен олардың аумақтық органдарының лауазымды адамдары;
      2) Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы  кодексінің 289, 291, 314 (екінші бөлігінде), 315, 320, 322, 323, 327, 329, 331, 332 (бірінші бөлігінде) - баптарында көзделген әкімшілік құқық бұзушылық үшін - орман шаруашылығы мемлекеттік мекемелерінің басшылары, басшыларының орынбасарлары;
      3) Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы  кодексінің 289, 291, 314 (екінші бөлігінде), 315, 320, 322, 323, 327, 329, 331, 332 (бірінші бөлігінде) - баптарында көзделген әкімшілік құқық бұзушылық үшін - облыстық атқарушы органдардың орман және аңшылық шаруашылығы құрылымдық бөлімшелерінің лауазымды адамдары;
      4) Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы  кодексінің 136, 289, 291, 314 (екінші бөлігінде), 315 (үшінші бөлігінде), 318, 320 (төртінші бөлігінде), 322 (төртінші бөлігінде), 323 (екінші бөлігінде), 327 (екінші бөлігінде), 330, 331, 332 (үшінші бөлігінде), 337 (бірінші, екінші және төртінші бөліктерінде) - баптарында көзделген әкімшілік құқық бұзушылық үшін - мемлекеттік мекеменің ұйымдық-құқықтық нысанында құрылған ерекше қорғалатын табиғи аумақтары күзет қызметінің басшылары, басшыларының орынбасарлары, бастықтары құқылы.

      54-бап. Өсімдіктерді қорғау саласындағы уәкілетті орган

      1. Өсімдіктерді қорғау саласындағы уәкілетті орган мен оның жергілікті жерлердегі бөлімшелері Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 255, 327-баптарында көзделген әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарайды.
      2. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарауға және әкімшілік жазалар қолдануға:
      Қазақстан Республикасының өсімдіктерді қорғау жөніндегі бас мемлекеттік инспекторы;
      тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктердің өсімдіктерді қорғау жөніндегі бас мемлекеттік инспекторлары;
      өсімдіктерді қорғау жөніндегі мемлекеттік инспекторлар құқылы.

      55-бап. Өсімдіктер карантині жөніндегі уәкілетті орган

      1. Өсімдіктер карантині жөніндегі уәкілетті орган мен оның жергілікті жерлердегі органдары Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 353 (бірінші бөлігінде) - бабында көзделген әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарайды.
      2. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарауға және әкімшілік жазалар қолдануға:
      Қазақстан Республикасының өсімдіктер карантині жөніндегі бас мемлекеттік инспекторы және оның орынбасары;
      өсімдіктер карантині жөніндегі бас мемлекеттік инспекторлар, өсімдік карантині жөніндегі облыстық және қалалық қызметтердің мемлекеттік инспекторлары;
      өсімдіктер карантині жөніндегі қалалық, аудандық қызметтердің, шекаралық пункттер мен бекеттердің мемлекеттік инспекторлары құқылы.

      56-бап. Жерді пайдалану мен қорғауға мемлекеттік
              бақылауды жүзеге асыратын органдар

      1. Жер ресурстарын басқару жөніндегі орталық уәкілетті орган және оның аумақтық органдары Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 289, 290-баптарында көзделген әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарайды.
      2. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарауға және әкімшілік жаза қолдануға:
      Қазақстан Республикасының жерді пайдалану және қорғау жөніндегі мемлекеттік бас инспекторы;
      тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктердің жерді пайдалану және қорғау жөніндегі мемлекеттік бас инспекторлары;
      жерді пайдалану және қорғау жөніндегі мемлекеттік инспекторлар құқылы.

      57-бап. Ветеринария саласындағы уәкілетті орган

      1. Ветеринария саласындағы уәкілетті органның лауазымды адамдары Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 357-бабында көзделген әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарайды.
      2. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарауға және әкімшілік жазалар қолдануға:
      Қазақстан Республикасының бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторы мен оның орынбасарлары;
      шекара және кеден пункттеріндегі (Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы өткізу пункттеріндегі) ветеринариялық бақылау бекеттеріндегі мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторлар, облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторлары және олардың орынбасарлары, республикалық маңызы бар қаланың, астананың мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторлары;
      аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторлары мен мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторлары құқылы.

      58-бап. Ауылшаруашылық техникасын тіркеу жөніндегі
              уәкілетті орган

      1. Ауылшаруашылық техникасын тіркеу жөніндегі уәкілетті орган Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің ауылшаруашылық техникасын, тракторларды, өзге де өздігінен жүретін машиналар мен жабдықтарды тіркеу жөніндегі қадағалаушы уәкілетті органдарға қатысты бөлігінде 527, 549, 553, 554-баптарында көзделген әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарайды.
      2. Ауылшаруашылық техникасын тіркеу жөніндегі аудандық және облыстық уәкілетті органдардың инженер-инспекторлары ауылшаруашылық техникасын тіркеу жөніндегі уәкілетті органның атынан әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарауға және әкімшілік жазалар қолдануға құқылы.

      59-бап. Монополияға қарсы орган

      1. Монополияға қарсы орган Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 162, 163, 164-165-баптарында көзделген әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарайды.
      2. Монополияға қарсы органның басшысы мен оның орынбасарлары, сондай-ақ монополияға қарсы органның аумақтық бөлімшелерінің басшылары мен олардың орынбасарлары әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарауға және әкімшілік жаза қолдануға құқылы.

      60-бап. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің органдары

      1. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің органдары Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 177, 180, 182 (екінші, үшінші, бесінші, алтыншы, жетінші, сегізінші, тоғызыншы, оныншы, он бірінші, он екінші бөліктерінде), 183, 204, 205, 213, 214 (бірінші және үшінші бөліктерінде), 215, 254-баптарында, сондай-ақ мемлекеттік статистикалық есеп беру мен бақылаудың, жиналуы мен өңделуі олардың құзыретіне кіретін деректері бөлігінде 453.1-бабында көзделген әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарайды.
      2. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Төрағасы, оның орынбасарлары, аумақтық филиалдардың басшылары әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарауға және әкімшілік жаза қолдануға құқылы.
      3. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі органдарының, сондай-ақ оның әкімшілік құқық бұзушылық жасалғандығы туралы хаттама жасауға құқығы бар қызметкерлерінің өкілеттіктері осы Кодекске сәйкес айқындалады.

      61-бап. Салық қызметі органдары

      1. Салық қызметі органдары Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 176, 236, 237, 238, 239, 240, 243, 245, 246, 251, 252, 253, 421-423-баптарында көзделген әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарайды.
      2. Салық қызметі органдарының басшылары мен олардың орынбасарлары әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарауға және әкімшілік жазалар қолдануға құқылы.

      62-бап. Қаржы рыногы мен қаржылық ұйымдарды реттеу және
              қадағалау жөніндегі уәкілетті орган

      1. Қаржы рыногы мен қаржылық ұйымдарды реттеу және қадағалау жөніндегі уәкілетті орган Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 81 (бірінші, екінші және үшінші бөліктерінде), 179 (бірінші және екінші бөліктерінде), 182 (бірінші - он бірінші он төртінші бөліктерінде), 185-192, 193 (бірінші бөлігінде), 194, 195, 203, 217, 219, 221, 222, 223, 224, 225, 226, 227, 228, 229, 231, 232, 254, 411, 412-баптарында көзделген әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарайды.
      2. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарауға және әкімшілік айыппұл салуға қаржы рыногы мен қаржылық ұйымдарды реттеу және қадағалау жөніндегі уәкілетті органның бірінші басшысы және оның орынбасарлары құқылы.

      63-бап. Техникалық реттеу және өлшем бірлігін қамтамасыз
              ету саласында мемлекеттік бақылауды жүзеге
              асыратын органдар

      1. Техникалық реттеу және өлшем бірлігін қамтамасыз ету саласында мемлекеттік бақылауды жүзеге асыратын органдар Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 364 (бірінші, үшінші, төртінші және бесінші бөліктерінде) - бабында көзделген әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарайды.
      2. Қазақстан Республикасының мемлекеттік бақылау және қадағалау жөніндегі мемлекеттік бас инспекторы мен оның орынбасарлары, сондай-ақ облыстар мен қалалардың мемлекеттік бақылау және қадағалау жөніндегі мемлекеттік бас инспекторлары мен олардың орынбасарлары әкімшілік жазалар қолдануға құқылы.

      64-бап. Объектілерді салу сапасына мемлекеттік
              сәулет-құрылыс бақылауын жүзеге асыратын органдар

      1. Объектілерді салу сапасына мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауын жүзеге асыратын органдар Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 266, 267 (бірінші бөлігінде), 271, 272 (бірінші бөлігінде), 275, 276, 277, 457 (бірінші бөлігінде) - баптарында көзделген әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарайды.
      2. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарауға және әкімшілік жазалар қолдануға Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік инспекторы, оның орынбасарлары, облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) бас мемлекеттік инспекторлары құқылы.

      65-бап. Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің,
              Ішкі істер министрлігі мен Ұлттық қауіпсіздік
              комитетінің, Әділет министрлігі Қылмыстық-атқару
              жүйесі комитетінің санитариялық қадағалауды
              жүзеге асыратын медициналық қызметтері

      Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің, Ішкі істер министрлігінің және Ұлттық қауіпсіздік комитетінің, Әділет министрлігі Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің санитариялық қадағалауды жүзеге асыратын медициналық қызметтері Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің әскери қалалары мен оқу орталықтарының аумақтарында орналасқан объектілерде және Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі мен Ұлттық қауіпсіздік комитетіне, Әділет министрлігінің Қылмыстық-атқару жүйесі комитетіне бағынысты объектілерде санитариялық-гигиеналық және санитариялық-эпидемияға қарсы ережелерді бұзу туралы Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 373-бабында (бірінші бөлігінде) көзделген әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарайды.

      66-бап. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің
              органдары

      1. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің органдары Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 197, 209-баптарында көзделген әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарайды.
      2. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарауға және әкімшілік жазалар қолдануға:
      Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 197, 209-баптарында көзделген әкімшілік құқық бұзушылық үшін -
      мемлекеттік қаржылық бақылау және мемлекеттік сатып алу саласындағы уәкілетті мемлекеттік органның басшысы мен оның орынбасарлары, аумақтық органдардың басшылары; аудиторлық қызмет саласындағы реттеуді жүзеге асыратын уәкілетті мемлекеттік органның басшысы құқылы.

      67-бап. Банкроттық саласында мемлекеттік реттеуді жүзеге
              асыратын уәкілетті орган

      1. Банкроттық саласында мемлекеттік реттеуді жүзеге асыратын уәкілетті орган және оның аумақтық органдары Қазақстан Республикасы әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 155-бабында (бірінші, екінші және үшінші бөліктерінде) көзделген әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарайды.
      2. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарауға және әкімшілік жаза қолдануға банкроттық саласында мемлекеттік реттеуді жүзеге асыратын уәкілетті органның басшысы және оның орынбасарлары, банкроттық саласында мемлекеттік реттеуді жүзеге асыратын уәкілетті органның аумақтық органдарының басшылары және олардың орынбасарлары құқылы.

      68-бап. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама жасауға
              құқығы бар лауазымды адамдар

      1. Соттар қарайтын әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер бойынша мыналардың құқық бұзушылық туралы хаттама жасауға құқығы бар:
      1. мыналардың:
      1) ішкі істер органдарының (Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 62, 63, 65, 72, 92, 120-127, 141, 142, 143, 167 (бірінші және екінші бөліктері), 170, 171, 175, 193 (екінші бөлігі) (көлік құралдарының иелері және автомобиль көлігімен және қалалық электр көлігімен тасымалдаушылар жасаған құқық бұзушылықтар бөлігінде), 286, 314 (бірінші және үшінші бөліктер), 365 (азаматтық және қызметтік қаруларға және олардың патрондарына, есірткі, психотроптық заттар мен прекурсорлардың, азаматтық пиротехникалық заттар мен олар қолданылған бұйымдардың айналымына байланысты химиялық өнімдерге қойылатын қауіпсіздік талаптарын бұзушылық бойынша), 332 (екінші және үшінші бөліктер), 333, 337 (үшінші бөлігі), 361, 365, 366-369, 379, 380, 381, 382, 384 (үшінші бөлігі), 386, 387 (үшінші бөлігі), 388 (үшінші бөлігі), 389, 390, 391, 392, 394, 397, 410, 411, 413, 414, 415, 416, 425, 426, 427, 429, 430, 432, 433, 434, 435 (екінші бөлігі), 437, 438 (екінші бөлігі) 439 (төртінші бөлігі), 440, 441, 442, 443, 444, 446, 449, 457, 458, 465 (екінші-бесінші бөліктер), 466 (төртінші бөлігі), 467, 498, 526 (төртінші, бесінші бөліктері), 535 (бесінші бөлігі), 542 (бірінші және екінші бөліктері), 543 (екінші бөлігі), 544 (екінші бөлігі), 545, 547 (бірінші және екінші бөліктері), 548, 550 (үшінші және бесінші бөліктері), 575, 588 (ішкі істер органдарының ведомстволық қарауына көзделген құқық бұзушылықтар бөлігінде), 599 (ішкі істер органдарының ведомстволық қарауында көзделген құқық бұзушылықтар бөлігінде), 603 (ішкі істер органдарының ведомстволық қарауында көзделген құқық бұзушылықтар бөлігінде), 609-баптары);
      2) азаматтық авиация саласындағы уәкілетті органның (Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 193 (екінші бөлігі) (әуе көлігінде тасымалдаушылар жасаған құқық бұзушылықтар бөлігінде), 500, 501, 502 (азаматтық авиацияға қатысы жоқ аэродромдарда, немесе осындай аэродромдардың ауданында жасалған осы баптың бірінші, үшінші және төртінші бөліктерінде көзделген бұзушылықтар туралы істерді қоспағанда), 503, 504, 505 (екінші, үшінші, төртінші бөліктері);
      3) көлік бақылау органдарының (Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 193 (екінші бөлігі, осы бұзушылықтарды Мемлекеттік шекара арқылы өткізу пункттерінде көлік құралдарының иелері немесе тасымалдаушылар жасаған кезде), 285 (екінші бөлігі), 365 (машиналар мен жабдықтарға, химиялық өнімдерге қойылатын қауіпсіздік талаптарын бұзушылық бойынша), 411, 416, 498, 499, 512, 515, 516, 517, 519, 523, 550 (екінші бөлігі), 561, 562 (бірінші бөлігі), 565-баптары);
      4) ақпараттандыру және байланыс саласындағы уәкілетті органның Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 11, 566, 567, 568, 569, 570, 571, 572, 573, 574-баптары);
      5) мемлекеттік еңбек инспекциясы органдарының (Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 73, 74-80, 85, 86-90, 193, 411, 467, 468-баптары);
      6) туристік қызмет саласындағы уәкілетті органның (Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 158, 411, 418-баптары);
      7) ойын бизнесі саласындағы уәкілетті органның (Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 390 (бірінші бөлігі), 391-баптары);
      8) әділет органдарының (Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 138, 139, 144, 193 (екінші бөлігі) (осы бұзушылықтарды жекеше нотариустар жасаған кезде), 404, 405, 407, 411, 416, 419, 445, 459-баптары);
      9) заңды тұлғаларды, азаматтық хал актілерін мемлекеттік тіркеу, бағалау қызметін реттеу, Қазақстан Республикасының азаматтарын тіркеу мен құжаттандыру саласындағы уәкілетті мемлекеттік органның (Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 411, 416, 419, 445, 448-баптары);
      10) заңдарға сәйкес лицензиарлар болып табылатын органдардың (Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 80, 218, 219, 224, 258, 267 (екінші бөлігі), 269, 270, 272 (екінші бөлігі), 273, 341 (екінші бөлігі), 395 (екінші бөлігі), 396 (бірінші бөлігі), 411, 416, 417, 420-баптары);
      11) көші-қон органдарының (Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 468-бабы (құзыреті шегінде);
      12) өнеркәсіп қауіпсіздігі саласындағы уәкілетті органның (Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 193 (екінші бөлігі) (қызметі үшінші тұлғаларға зиян келтіру қаупімен байланысты объектілердің иелері жасаған құқық бұзушылықтар бөлігінде), 265, 365 (өрт және жарылыс қауіпсіздігі бөлігінде машиналар мен жабдықтарға, химиялық өнімдерге қойылатын қауіпсіздік талаптарын бұзушылық бойынша), 411-баптары);
      13) қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органдардың Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 33, 193 (екінші бөлігі) (шаруашылық және өзге қызметтің экологиялық қауіпті түрлерін жүзеге асыратын адамдар жасаған құқық бұзушылықтар бөлігінде) 280, 284, 285 (екінші бөлігі), 286, 288, 297, 298, 303, 307, 314 (бірінші бөлігі) (бұл құқық бұзушылықтар орман қорына кірмейтін аумақтарда жасалған кезде), 324, 329, 336, 340, 342, 343 (екінші бөлігі), 344 (екінші бөлігі), 345, 411-баптары);
      14) жер қойнауын зерделеу және пайдалану жөніндегі уәкілетті органның (Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 133, 134 (бұл құқық бұзушылықтар санитариялық-гигиеналық ережелер мен нормаларды, сондай-ақ атмосфералық ауаны қорғау жөніндегі талаптарды бұзу болмаған кезде), 295, 298, 300, 301, 305, 306, 340, 341, 342 (бірінші бөлігі), 343 (екінші бөлігі), 344 (екінші бөлігі), 365, 411-баптары);
      15) атом энергетикасы жөніндегі органдардың (Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 257, 362, 363, 365 (машиналар мен жабдықтарға қойылатын қауіпсіздік талаптарын бұзушылық бойынша) - баптары);
      16) мемлекеттік энергетикалық қадағалау және бақылау органдарының (Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 259, 260, 261, 262-баптары);
      17) кеден органдарының (Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 411 (үшінші және бесінші бөліктері), 474 бірінші бөлігі), 476, 477, 479, 480, 481, 482, 483, 485, 486, 488-491, 493-495, 496-баптары);
      18) Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі органдарының: әскери автомобиль полициясының (жиынға шақырылған әскери қызметшілер мен әскери міндеттілер жасаған құқық бұзушылық туралы, (Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 410, 458, 516 (үшінші бөлігі), 526 (төртінші бөлігі), 535 (бесінші бөлігі), 541, 543 (екінші бөлігі), 545, 547 (бірінші және екінші бөліктер), 548, 550-баптары, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің көлік құралдарын жүргізуші (жиынға шақырылған әскери қызметшілер мен әскери міндеттілерден басқа) адамдар жасаған барлық жол қозғалысы ережелерін бұзушылық туралы);
      19) санитариялық-эпидемиологиялық қадағалау органдарының Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 71, 83, 168 (төртінші және бесінші бөліктері), 171, 257 (екінші бөлігі), 267 (екінші бөлігі), 270, 272 (екінші бөлігі), 283, 287, 307, 308 (екінші бөлігі), 309 (бірінші бөлігі), 316 (екінші бөлігі), 362, 365 (тамақ өнімдеріне, ойыншықтарға, химиялық өнімдерге қойылатын қауіпсіздік талаптарын бұзушылық бойынша), 373 (екінші бөлігі), 375-378, 411, 425, 567 (бірінші және екінші бөліктері) баптары);
      20) денсаулық сақтау органдарының (Қазақстан Республикасы әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 80, 365 (ойыншықтарға, химиялық өнімдерге қойылатын қауіпсіздік талаптарын бұзушылық бойынша), 370 (екінші, үшінші, төртінші, бесінші бөліктері), 372 (екінші бөлігі), 449 (екінші бөлігі) - баптары);
      21) медициналық қызметтер көрсету саласындағы бақылау органдарының (Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 71 (үшінші, төртінші бөліктері), 370 (үшінші, төртінші және бесінші бөліктері), 372 (екінші бөлігі), 449 (екінші бөлігі) - баптары);
      22) ветеринария саласындағы уәкілетті органның (Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 3586 365 (ветеринариялық бақылауға жататын тамақ өнімдеріне қойылатын қауіпсіздік талаптарын бұзушылық бойынша), 411-баптары);
      23) өсімдіктерді қорғау саласындағы органдардың (Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 352, 365, 411 (үшінші және бесінші бөліктері) - баптары);
      24) өсімдіктер карантині жөніндегі органдардың (Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 353 (екінші бөлігі), 411 (үшінші және бесінші бөліктері) - баптары);
      25) тұқым шаруашылығы, мақта саласын дамыту және астық рыногын реттеу саласындағы органдардың (Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 211, 354 (бірінші, екінші, үшінші бөліктер), 355, 356 (бірінші, екінші, үшінші бөліктер), 411 (үшінші бөлігі) - баптары);
      26) су қорын пайдалану мен қорғау саласындағы уәкілетті органның (Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 130, 134, 307, 308, 309, 310-312, 416, 411-баптары);
      27) орман, балық және аңшылық шаруашылығы, ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы органдардың, облыстық атқарушы органдардың орман және аңшылық шаруашылығы құрылымдық, бөлімшелерінің (Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 130, 135, 313, 314 (бірінші және үшінші бөліктері), 316, 317, 319, 321, 324, 325, 326, 332 (екінші және үшінші бөліктері), 333, 334 (бірінші бөлігі), 335, 337 (үшінші бөлігі), 336, 341, 343 (екінші бөлігі), 344 (екінші бөлігі), 346, 348, 350, 351, 411, 416-баптары);
      28) жерлердің пайдаланылуын және қорғауды мемлекеттік бақылауды жүзеге асыратын органдардың (Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 128, 129, 130, 292, 293, 411, 416-баптары)
      29) монополияға қарсы органның (Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 159, 160, 161-баптары);
      30) мемлекеттік монополия саласындағы уәкілетті органның Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 50-бабы);
      31) табиғи монополиялар салаларындағы және реттелетін нарықтардағы басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті органның (Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 145, 146, 147, 148, 149, 211, 411-баптары);
      34) техникалық реттеу және өлшем бірлігін қамтамасыз ету саласындағы мемлекеттік бақылауды жүзеге асыратын уәкілетті органның Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 364 (екінші және алтыншы бөліктері), 365, 391 (үшінші, тоғызыншы, он бірінші, он үшінші бөліктері), 411 (бірінші және бесінші бөліктері), 576-баптары);
      35) ауылшаруашылық техникасын тіркеу жөніндегі уәкілетті органның (Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 526-бабы (тракторлардың, өздігінен жүретін ауылшаруашылық, мелиоративтік және жол-құрылыс машиналарының жүргізушілері жасаған құқық бұзушылықтар бөлігінде);
      36) өсімдік шаруашылығы саласындағы уәкілетті органның (Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 193 (екінші бөлігі) - бабы (өсімдік шаруашылығы өнімдерін өндірушілер жасаған құқық бұзушылықтар бөлігінде);
      37) мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау органдарының (Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 267 (екінші бөлігі), 268, 269, 270, 272 (екінші бөлігі), 273, 309, 324, 457 (екінші бөлігі), 411 (бірінші бөлігі)-баптары);
      38) статистика органдарының (Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 411 (үшінші және төртінші бөліктері), 451, 452, 453, 454-баптары);
      39) салық қызметі органдарының (Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 81 (төртінші, бесінші, алтыншы бөліктер), 82 (екінші және үшінші бөліктер), 153, 154, 156, 157, 412, 181, 241, 244, 247, 248, 249, 250, 411 (бірінші, екінші, бесінші, алтыншы бөліктері), 416, 424, 442 (үшінші, төртінші, бесінші, алтыншы, жетінші), 610-614-баптары);
      40) қаржы полициясы органдарының (Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 143, 144, 151, 153, 154, 156, 157, 412, 170, 171, 196 (екінші бөлігі), 202, 222, 230, 234, 236 (бірінші, екінші, төртінші және бесінші бөліктері), 241, 247, 248, 250, 253, 410, 411 (бірінші бөлігі), 416, 418, 588, 592-597, 598, 599, 601, 607, 610-614-баптары);
      41) Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі органдарының Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 12, 193 (бұл бұзушылықтарды аудиторлар, аудиторлық ұйымдар жасаса), 98, 202, 206, 207, 208 (үшінші және бесінші бөліктерді қоспағанда) 210, 211, 212, 235, 241-баптары);
      42) ішкі бақылау жөніндегі орталық уәкілетті органның (Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 178, 196 (екінші бөлігі), 199, 201, 235, 411-баптары);
      43) банкроттық саласында мемлекеттік реттеуді жүзеге асыратын органдардың (Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 155 (төртінші бөлігі), 411-баптары)
      44) Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі органдарының (Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 412, 202, 206, 214 (екінші бөлігі), 411 (үшінші бөлігі), 416-баптары).
      45) қаржы рыногы мен қаржылық ұйымдарды реттеу және қадағалау жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органның (Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 179 (үшінші және төртінші бөліктері), 207, 208 (үшінші бөлігі), 216, 218, 220, 230, 233-баптары);
      46) Қазақстан Республикасының халықты әлеуметтік қорғау саласындағы органдардың (Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 81 (екінші бөлігі), 82 (бірінші бөлігі)-баптары)
      47) шекара қызметі органдарының (Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 332 (екінші және үшінші бөліктері), 337 (екінші және үшінші бөліктері), 342, 343 (екінші бөлігі), 344 (екінші бөлігі), 410, 411, 458, 461 (екінші бөлігі), 462 (екінші бөлігі), 464, 593-баптары);
      48) Қазақстан Республикасы ұлттық қауіпсіздік органдарының Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 405 (үшінші бөлігі) (мемлекеттік құпиялармен байланысты құқық бұзушылықтарды жасағаны үшін), 410, 431, 455, 456, 458-баптары);
      49) Республикалық Ұланның (Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 458-бабы);
      50) күзету іс-шараларын жүргізу кезінде Қазақстан Республикасы Президенті Күзет қызметінің (Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 410, 411 (бірінші бөлігі), 458-баптары);
      51) жергілікті атқарушы органдардың (облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың) (Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 67, 70 (бірінші, үшінші, төртінші, бесінші бөліктері), 137, 412, 259, 260, 261, 274, 354 (төртінші, бесінші, алтыншы және жетінші бөліктері), 356 (төртінші, бесінші, алтыншы, жетінші, сегізінші, тоғызыншы бөліктері), 395, 396, 398-402, 403, 406, 411-баптары);
      52) білім беру саласын бақылау жөніндегі уәкілетті органның (Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 70, 411-баптары);
      53) түзеу мекемелеріндегі немесе тергеу изоляторларындағы бақылаушылардың (Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 431-бабы);
      54) қарамағында газ құбыры бар ұйымдардың (Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 263-265-баптары);
      55) жекелеген жерлер комендатураларының (Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 425, 426-баптары);
      56) мәдениет және ақпарат саласындағы уәкілетті органның (Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 67, 408, 140-баптары);
      57) өрт қауіпсіздігі саласындағы уәкілетті органның (Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 411-бабы);
      58) акцизделетін өнім өндіруді және оның айналымын мемлекеттік бақылау жөніндегі органдардың (Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 171, 248, 249, 250-баптары);
      59) кәсіпкерлік жөніндегі уәкілетті органның (Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 152, 411, 418-баптары);
      60) Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің және мәслихаттардың тексеру комиссияларының (Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 198, 199, 200, 208 (бесінші бөлігі), 411-баптары);
      61) сарапшылық бақылау саласында мемлекеттік реттеуді жүзеге асыратын уәкілетті органның (Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 411, 416-баптары);
      62) индустрия және сауда саласындағы уәкілетті органның (Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 365-бабы (машиналар мен жабдықтарға, химиялық өнімдерге, ойыншықтарға қойылатын қауіпсіздік талаптарын бұзушылық бойынша);
      63) атқарушылық құжаттардың орындалуын қамтамасыз ету жөніндегі уәкілетті органның соған уәкілеттік берілген лауазымды адамдары және сот төрағасы немесе сот отырысында төрағалық етуші уәкілдік берген сот орындаушылары, сот приставтары және соттардың басқа да қызметкерлері (Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 587-609-баптар);
      64) облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) әкімдері уәкілдік берген лауазымды адамдар (Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 589-бабы)
      2. Уәкілетті мемлекеттік органдардың қарауына жатқызылған әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер бойынша құқық бұзушылық туралы хаттамаларды жасауға осы органдардың оған уәкілдік берілген лауазымды адамдарының құқығы бар. Одан басқа, әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттамаларды жасауға:
      орман, балық және аңшылық шаруашылығы, ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы уәкілетті органдардың мамандандырылған ұйымдарының және орман шаруашылығы мемлекеттік мекемелерінің лауазымды адамдарының (Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 130, 135, 291, 313, 314 (бірінші және үшінші бөліктері), 316, 317, 318, 319, 321, 324, 325, 326, 332, 333, 334 (бірінші бөлігі), 335, 336, 337, 341 (екінші және үшінші бөліктері), 343 (екінші бөлігі), 344-баптары) құқығы бар.

      69-бап. Әкімшілік даулар туралы істердің соттылығы

      1. Осы Кодекстің 3-бөлімі 1-кіші бөлімінде санамаланған бұзылған немесе даулы құқықтарды, бостандықтарды және заңмен қорғалатын мүдделерді қорғау туралы істерді соттар азаматтық сот ісін жүргізу тәртібімен қарайды.
      2. Соттар бір тараптың екінші тарапты билікпен бағындыруына негізделген құқықтық қатынастардан туындайтын даулар бойынша талап қоюды қарайды.
      3. Егер халықаралық шартта, Қазақстан Республикасының заңдарында немесе тараптардың келісімінде өзгеше көзделмесе, соттар шетелдік азаматтар, азаматтығы жоқ адамдар, шетелдік ұйымдар, шетелдік заңды тұлғалар, шетел қатысатын ұйымдар, сондай-ақ халықаралық ұйымдар қатысатын істерді де қарайды.

      70-бап. Сотқа ведомстволық бағыныстылықтың басымдығы

      1. Біреулері - сотқа, ал басқалары сот емес органдарға ведомстволық бағынысты өзара байланысты бірнеше талаптар біріктірілген кезде барлық талаптар мамандандырылған әкімшілік сотта қаралуға тиіс.
      2. Нақты даудың кімге бағыныстылығына қатысты күмән немесе қолданыстағы заңдарда қиғаштықтар болған жағдайда оны сот қарайды.

      71-бап. Аудандық (қалалық) сотта және оған теңестірілген
             соттың соттауына жататын әкімшілік даулар

      Әкімшілік даулар, "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының 59-бабы 8-тармағында және 66-бабы 3-тармағында көзделген әкімшілік дауларды қоспағанда, аудандық (қалалық) және оларға теңестірілген соттарда қаралып, шешіледі.

      72-бап. Жауапкердің орналасқан жері бойынша талап арызды
              ұсыну

      Талап арыз сотқа іс-әрекетіне не шешіміне шағым жасалатын мемлекеттік, өзін-өзі басқару органының, қоғамдық бірлестіктің, ұйымының, лауазымды тұлғаның орналасқан жері бойынша ұсынылады.

4-тарау. Әкімшілік іс жүргізуге қатысу мүмкіндігін болдырмайтын
мән-жайлар. Соттың құрамы, қарсылық білдіру

      73-бап. Судьяның істі қарауға қайта қатысуына жол
              берілмейтіндігі

      1. Бірінші сатыдағы сотта әкімшілік дау туралы істі қарауға қатысқан судья сол істі апелляциялық, кассациялық немесе қадағалау сатысындағы сотта қарауға, сондай-ақ оның қатысуымен қабылданған шешім күшін жойған жағдайда бірінші сатыдағы сотта істі жаңадан қарауға қатыса алмайды.
      2. Апелляциялық сатыдағы сотта істі қарауға қатысқан судья осы істі бірінші, кассациялық немесе қадағалау сатысындағы соттарда қарауға қатыса алмайды.
      3. Кассациялық немесе қадағалау сатысындағы сотта әкімшілік дау туралы істі қарауға қатысқан судья, өзінің қатысуымен қабылданған қаулы күшін жойған жағдайда аталған сатыларда осы істі қарауға қайтадан қатыса алмайды.
      4. Қадағалау сатысындағы сотта істі қарауға қатысқан судья осы істі бірінші, апелляциялық немесе кассациялық сатылардағы соттарда жаңадан қарауға қатыса алмайды.

      74-бап. Судьяға, мемлекеттік органнның лауазымды
              тұлғасына қарсылық білдіру үшін негіздер

      1. Егер судья, мемлекеттік органның лауазымды тұлғасы:
      1) осы істі мұның алдындағы қарау кезінде куә, сарапшы, маман, аудармашы, өкіл, сот отырысының хатшысы, сот орындаушысы, сот приставы ретінде қатысса;
      2) іске қатысушы адамдардың немесе олардың өкілдерінің біреуінің туысы болса;
      3) істің нәтижесіне жеке, тікелей немесе жанама түрде мүдделі не оның әділдігіне негізді күмән туғызатын өзге де мән-жайлар болса, ол істі қарауға қатыса алмайды және оған қарсылық білдірілуге тиіс.
      2. Істі қарайтын соттың құрамына өзара туыс адамдар кіре алмайды.

      75-бап. Прокурорға, сарапшыға, маманға, аудармашыға
              сот отырысының хатшысына, сот приставына қарсылық
              білдіру үшін негіздер

      1. Осы Кодекстің 40-бабының бірінші бөлігінде аталған қарсылық білдіру үшін негіздер прокурорға, сарапшыға, маманға, аудармашыға, сот отырысының хатшысына, сот приставына да қолданылады.
      2. Сонымен қатар сарапшы немесе маман, егер:
      1) ол іске қатысушы адамдарға немесе олардың өкілдеріне қызмет жағынан немесе өзгедей тәуелді болса немесе тәуелділікте болып келсе;
      2) ол тексеру жүргізіп, оның материалдары сотқа жүгінуге негіз болса не осы азаматтық істі қарағанда пайдаланылса, істі қарауға қатыса алмайды.
      3. Прокурордың, маманның, аудармашының, сот отырысы хатшысының, сот приставының осы істі мұның алдында қараған кезде тиісінше прокурор, маман, аудармашы, сот отырысының хатшысы, сот приставы ретінде қатысуы оларға қарсылық білдіруге негіз болып табылмайды. Сараптама қорытындысының дұрыстығына күмән туындауына орай ол қайталап жүргізілетін жағдайларды қоспағанда, сарапшының осы істі алдыңғы қарау кезінде сарапшы ретінде қатысуы оған қарсылық білдіру үшін негіз болып табылмайды.
      4. Егер куәгер әкімшілік процесті жүргізетін органнан қызметтік жағынан тәуелді болса, ол әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс бойынша іс жүргізуге қатыса алмайды.
      5. Аудармашы және маман, егер істі дайындау кезінде олардың біліксіздігі анықталса, әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс бойынша іс жүргізуге қатыса алмайды.

      76-бап. Қарсылықтар білдіру (өздігінен бас тарту) туралы
              мәлімдемелер және оларды шешудің тәртібі.

      1. Осы Кодекстің 74, 75-баптарында аталған мән-жайлар болған кезде судья, прокурор, сарапшы, маман, аудармашы, сот отырысының хатшысы, сот орындаушысы, сот приставы өздігінен бас тартуды мәлімдеуге міндетті. Сол негіздер бойынша іске қатысатын адамдар қарсылық білдіретінін мәлімдеуі мүмкін.
      2. Өздігінен бас тарту мен қарсылық білдіру істі мәні бойынша қарау басталғанға дейін дәлелденіп, мәлімделуге тиіс. Істі қарау барысында өздігінен бас тарту (қарсылық білдіру) туралы мәлімдеме жасауға қарсы болу (қарсылық білдіру) негіздері сотқа немесе өздігінен бас тартуды (қарсылық білдіруді) мәлімдеуші адамға істі қарау басталғаннан кейін белгілі болған жағдайда ғана жол беріледі.
      3. Істі жеке-дара қараушы судьяға мәлімделген қарсылық білдіруді (өздігінен бас тартуды) сол соттың төрағасы немесе сол соттың басқа судьясы, олар болмаған жағдайда - жоғары тұрған сот судьясы қарайды.
      4. Істі соттың алқалы құрамда қарауы кезінде судьялардың біреуі өздігінен бас тартуды (қарсылық білдіруді) мәлімдеген жағдайда сот іске қатысушы адамдардың пікірін тыңдайды және, егер ол түсініктеме бергісі келсе, қарсылық білдірілген судьяның пікірін тыңдайды және қарсылық білдіру туралы мәселені қарсылық білдірілген судьяның қатысуынсыз шешеді. Қарсылық білдіруді жақтаған және оған қарсы дауыстар саны тең болған кезде судья қарсылық білдірілген болып есептеледі. Бірнеше судьяға немесе соттың бүкіл құрамына мәлімделген қарсылық білдіруді нақ сол сот толық құрамында жай көпшілік дауыспен шешеді.
      5. Қарсылық білдіруді қабылдамай тастау немесе қанағаттандыру туралы ұйғарым шағым беруге, наразылық келтіруге жатпайды. Ұйғарымға келіспеушілік туралы дәлелдер аппеляциялық немесе қадағалау шағымдарына, наразылық келтіруге енгізілуі мүмкін.
      6. Прокурордың, сарапшының, маманның, аудармашының, сот отырысы хатшысының, сот орындаушысының, сот приставының өздігінен бас тартуы (қарсылық білдіруі) туралы мәселені істі қарайтын сот шешеді.
      7. Өздігінен бас тарту (қарсылық білдіру) туралы мәселе соттың ұйғарымымен шешіледі.

      77-бап. Қарсылық білдіру (өздігінен бас тарту) туралы
              мәлімдемені қанағаттандырудың салдары

      1. Аудандық немесе оған теңестірілген сотта (мемлекеттік органда) істі жеке-дара қараушы судья қарсылық білдірген (өздігінен бас тартқан) жағдайда бұл істі сол сотта (мемлекеттік органда) басқа судья (мемлекеттік органның лауазымды адамы) қарайды. Егер іс қаралатын сотта (мемлекеттік органда) судьяны (мемлекеттік органның лауазымды адамын) ауыстыру мүмкін болмаса, жоғары тұрған сот (мемлекеттік орган) арқылы іс басқа аудандық немесе оған теңестірілген сотқа (мемлекеттік органға) беріледі.
      2. Облыстық немесе оған теңестірілген сотта, Қазақстан Республикасының Жоғарғы Сотында істі қарау кезінде судья өздігінен бас тартқан не қарсылық білдірген не соттың барлық құрамы қарсылық білдірген жағдайда, істі сол соттағы басқа судья немесе басқа құрамдағы судьялар қарайды.
      3. Егер облыстық немесе оған теңестірілген сотта өздігінен бас тарту немесе қарсылықтар білдіру қанағаттандырылғаннан кейін не осы Кодекстің 73-бабында аталған себептермен осы істі қарау үшін соттың жаңа құрамын құру мүмкін болмаса, облыстық немесе соған теңестірілген сот іс бойынша тараптар болса, ол қаралатын сот ұйғарымы үшін іс Қазақстан Республикасының Жоғарғы Сотына берілуге тиіс.

      78-бап. Соттың құрамы

      1. Әкімшілік соттың атынан әрекет ететін судья әкімшілік даулар туралы істерді жеке-дара қарайды.
      2. Істерді кассациялық сотта немесе қадағалау сатысындағы соттарда қарауды соттың алқалы құрамы жүзеге асырады. Іс алқалы түрде қаралған кезде соттың құрамына саны тақ (кем дегенде үш) судья кіруге тиіс, олардың біреуі төрағалық етуші болып табылады.
      3. Соттың алқалы құрамының мәселелерін шешу тәртібі Қазақстан Республикасының әкімшілік іс жүргізу заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

5-тарау. Іске қатысушы тұлғалар. Сотта өкілдік ету

      79-бап. Іске қатысушы тұлғалардың құрамы

      Тараптар: дау нысанасына дербес талаптарын мәлімдейтін мүдделі тұлғалар, дау нысанасына дербес талаптарын мәлімдемейтін мүдделі тұлғалар, прокурор, мемлекеттік органдар, жергілікті өзін өзі басқару органдары, ұйымдар немесе осы Кодекстің 111 және 112-баптарында көзделген негіздер бойынша процеске қатысатын жекелеген азаматтар, сот қарайтын істер бойынша мәлімдеушілер мен мүдделі адамдар іске қатысушы тұлғалар болып танылады.

      80-бап. Іске қатысушы тұлғалардың құқықтары мен
              міндеттері

      1. Іске қатысушы тұлғалардың іс материалдарымен танысуға, олардан үзінділер жазып алуға және көшірмелер түсіруге; қарсылықтарын мәлімдеуге; дәлелдеме табыс етуге және оларды зерттеуге қатысуға; іске қатысушы басқа адамдарға, куәлерге, сарапшылар мен мамандарға сұрақтар қоюға; өтінім жасауға, соның ішінде қосымша дәлелдеме талап ету туралы өтініш жасауға; сотқа ауызша және жазбаша түсініктемелер беруге; сот процесі барысында туындайтын барлық мәселелер бойынша өз дәлелдерін келтіруге; іске қатысушы басқа тұлғалардың өтінімдері мен дәлелдеріне қарсылық білдіруге; сот жарыссөздеріне қатысуға; сот отырысының хаттамасымен танысуға және оған жазбаша ескертпелер беруге; соттың шешімі мен ұйғарымына шағымдануға; туған тілінде немесе меңгерген тілде сөз сөйлеуге; аудармашының қызметтерін пайдалануға; әкімшілік сот ісін жүргізу туралы заңдарда берілген басқа да іс жүргізу құқықтарын пайдалануға құқығы бар. Олар өздеріне берілген барлық іс жүргізу құқықтарын адал пайдалануға тиіс.
      2. Іске қатысушы адамдар, орындалмауы әкімшілік сот ісін жүргізу туралы заңнамасында көзделген салдарларды туғызатын жағдайда, өздерінің іс жүргізу міндеттерін атқарады.

      81-бап. Тараптар

      Талапкер мен жауапкер әкімшілік даулар туралы іс жүргізуде тараптар болып табылады. Өз мүдделерін немесе талап қойылған мүдделерді көздеп талап қоюшы жеке және заңды тұлғалар талапкерлер болып табылады. Іс-әрекетіне (әрекетсіздігіне) немесе шешіміне сотта шағым жасалатын мемлекеттік орган, жергілікті өзін-өзі басқару органы, ұйым және (немесе) лауазымды тұлға жауапкер болып табылады.

      82-бап. Даудың нысанасына дербес талаптарға мәлімдейтін
              мүдделі тұлғалар

      Даудың нысанасына дербес талаптарын мәлімдейтін мүдделі тұлғалар бір немесе екі тарапқа талап қою арқылы сот шешім шығарғанға дейін процеске кірісе алады. Олар талапкердің барлық құқықтарын пайдаланады және оның барлық міндеттерін атқарады.

      83-бап. Даудың нысанасына дербес талаптарды мәлімдемейтін
              мүдделі тұлғалар

      Даудың нысанасына дербес талаптарын мәлімдемейтін мүдделі тұлғалар, егер іс тараптардың біреуіне қатысы өздерінің құқықтарына немесе міндеттеріне әсер етуі мүмкін болса, іс бойынша соттың шешімі шыққанға дейін талапкер немесе жауапкер жағында іске кірісе алады. Олар сондай-ақ тараптардың және іске қатысушы басқа адамдардың өтінімімен немесе соттың бастамасымен іске қатысуға тартылуы мүмкін. Дербес талаптарын мәлімдемейтін мүдделі тұлғалар тараптардың талап қоюдың негіздемесі мен нысанасын өзгерту, сондай-ақ талап қоюдан бас тарту, талап қоюды мойындау, қарсы талап қою, соттың шешімін мәжбүрлеп орындатуды талап ету құқықтарынан басқа іс жүргізу құқықтарын пайдаланады және іс жүргізу міндетін мойнына алады.

      84-бап. Өзі жөнінде әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс
              жүргізіліп жатқан адам

      1. Өзі жөнінде әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс жүргізіліп жатқан адам хаттамамен және істің басқа да материалдарымен танысуға, түсініктеме беруге, хаттаманың мазмұны мен ресімделуі жөнінде ескертулер жасауға, дәлелдемелер табыс етуге, өтініш және қарсылық мәлімдеуге, қорғаушының заң көмегін пайдалануға, іс қаралғанда ана тілінде немесе өзі білетін тілде сөйлеуге, егер іс жүргізіліп отырған тілді білмесе, аудармашының қызметін пайдалануға; іс жүргізуді қамтамасыз ету шараларының қолданылуына, әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттамаға және іс жөніндегі қаулыға шағымдануға, одан үзінді алуға және істегі құжаттардың көшірмелерін түсіріп алуға, сондай-ақ өзіне осы Кодексте берілген өзге де іс жүргізу құқықтарын пайдалануға құқылы.
      2. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс өзі жөнінде әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс жүргізіліп жатқан адамның қатысуымен қаралады. Аталған адамға істің қаралатын орны мен уақыты тиісті түрде хабарланғаны туралы деректер болған және одан істі қарауды кейінге қалдыру туралы өтініш түспеген ретте ғана іс оның өзі болмаған жағдайда қаралуы мүмкін.
      3. Он сегіз жасқа толмаған адам жасаған не жасалуы әкімшілік қамауға алу, тәркілеу не әкімшілік құқық бұзушылық жасаудың құралы не нысанасы болған затты өтемін төлеп алып қою не әкімшілік құқық бұзушылық жасау салдарынан алынған кірістерді (дивидендтерді), ақшаны және бағалы қағаздарды тәркілеу, сондай-ақ шетелдік азаматты не азаматтығы жоқ адамды Қазақстан Республикасынан шығарып жіберу немесе адамды өзіне берілген арнайы құқықтардан айыру түріндегі (көлік құралдарын басқару құқығын қоспағанда) әкімшілік жазаға әкеп соқтыратын әкімшілік құқық бұзушылық туралы істі қарау кезінде әкімшілік жауапқа тартылып отырған адамның қатысуы міндетті.
      4. Осы баптың үшінші бөлігінде аталған адамдар іс жүргізуінде әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс жатқан әкімшілік құқық бұзушылық туралы істі қарайтын судьяның, органның (лауазымды адамның) шақыруы бойынша келуден жалтарған жағдайда, бұл адамды мәжбүрлеп алып келу іске асырылуы мүмкін. Алып келу туралы сот ұйғарымын сот приставы немесе ішкі істер органдары; әкімшілік құқық бұзушылық туралы істі қарайтын органның (лауазымды адамның) ұйғарымын ішкі істер органдары (полиция) орындайды.
      5. Өзі жөнінде әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс жүргізіліп жатқан кәмелетке толмаған адам, талқылануы оған теріс әсер етуі мүмкін істің мән-жайын қарау кезінде уақытша шығарыла тұруы мүмкін.

      85-бап. Жәбірленуші

      1. Әкімшілік құқық бұзушылықтан тән жарақатын алған, мүліктік немесе моральдық жағынан зақым келтірілген жеке немесе заңды тұлға жәбірленуші болып табылады.
      2. Жәбірленуші істің барлық материалдарымен танысуға, түсініктеме беруге, дәлелдемелер табыс етуге, өтініш және қарсылық мәлімдеуге, өкіл ұстауға, әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттамаға және (немесе) әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс бойынша қаулыға шағымдануға, өзіне осы Кодекспен берілген өзге де іс жүргізу құқықтарын пайдалануға құқылы.
      3. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс жәбірленушінің қатысуымен қаралады. Ол адамға істің қаралатын орны мен уақыты тиісті түрде хабарланғаны туралы деректер болған және одан істі қарауды кейінге қалдыру туралы өтініш түспеген ретте ғана іс оның өзі болмағанда қаралуы мүмкін.
      4. Жәбірленушіден осы Кодексте белгіленген тәртіппен куә ретінде жауап алынуы мүмкін. Егер жәбірленуші заңды тұлға болса, оның заңды өкілінен куә ретінде жауап алынуы мүмкін.

      86-бап. Істі өкілдер арқылы жүргізу

      1. Азаматтар өз істерін сотта өздері немесе өкілдері арқылы жүргізуге құқылы. Азаматтың іске өзінің қатысуы оның бұл іс бойынша өкілі болу құқығынан айырмайды.
      2. Ұйымдардың ісін сотта оларға заңмен, өзге нормативтік құқықтық актілермен немесе құрылтай құжаттарымен берілген өкілеттіктердің шегінде іс-әрекет жасайтын олардың органдары және тиісті өкілеттіктер берілген олардың өкілдері жүргізеді. Заңды тұлғалардың басшылары сотқа олардың қызметтік жағдайын немесе өкілеттіктерін куәландыратын құжаттар береді. Заңды тұлғаның органы тиісті өкілеттік берілген басқа өкілдермен бірге іске қатыса алады.
      Сенімхатқа, заңдарға, сот шешімдеріне не әкімшілік актісіне негізделген істі сотта жүргізуге тиісінше ресімделген өкілеттігі бар әрекетке қабілетті кез келген адам сотта өкіл бола алады.

      87-бап. Жеке тұлғаның заңды өкілдері

      1. Өзі жөнінде әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс жүргізіліп жатқан жеке адамның немесе кәмелетке толмаған не тән саулығына немесе психикалық жай-күйіне байланысты өз құқықтарын өз бетінше жүзеге асыру мүмкіндігінен айрылған жәбірленушінің құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауды олардың заңды өкілдері жүзеге асырады.
      2. Жеке адамның ата-анасы, асырап алушылары, қорғаншылары, қамқоршылары және қорғаншысы немесе асыраушысы болып отырған өзге де адамдар оның заңды өкілдері болып табылады.
      3. Жеке адамның заңды өкілдері болып табылатын адамдардың туысқандық байланыстары немесе тиісті өкілеттігі Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген құжаттармен куәландырылады.
      4. Өзі жөнінде әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс жүргізіліп жатқан жеке адамның заңды өкілі әкімшілік жауапқа тартылушы адамды әкімшілік ұстау кезінен немесе әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама жасалған кезден бастап іске қатысуға жіберіледі.
      5. Өзі жөнінде әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс жүргізіліп жатқан жеке адамның және жәбірленушінің заңды өкілдерінің өздері өкіл болып отырған адамдарға қатысты осы Кодексте көзделген құқықтары болады және сондай міндеттерді өз мойнына алады.
      6. Он сегіз жасқа толмаған адам жасаған әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қаралған кезде оның заңды өкілінің қатысуы міндетті. Кәмелетке толмаған адамның заңды өкілі келуден жалтарған жағдайда оған тиісті орган жүзеге асыратын алып келу қолданылуы мүмкін.
      7. Белгіленген тәртіппен хабар-ошарсыз кетті деп танылған азамат қатысуға тиіс іс бойынша оның өкілі ретінде хабар-ошарсыз кеткен адамның мүлкіне қорғаншылықты жүзеге асыратын адам шығады.
      8. Қайтыс болған немесе белгіленген тәртіппен қайтыс болды деп жарияланған адамның мұрагері қатысуға тиіс іс бойынша, егер мұраны ешкім әлі қабылдамаса, мұрагердің өкілі ретінде мұрагерлік мүлікті сақтауға және басқаруға тағайындалған сақтаушы немесе қорғаншы шығады.
      9. Заңды өкілдер жасау құқығы заңда көзделген шектеулермен ұсынылуға жататын өкілдік берушілердің атынан барлық іс жүргізу әрекеттерін жасайды. Заңды өкілдер сотта басқа өкілге іс жүргізуді тапсыра алады.

      88-бап Заңды тұлғаның өкілдері

      1. Өзі жөнінде әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс жүргізіліп жатқан немесе жәбірленуші болып табылатын заңды тұлғаның құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауды оның өкілдері жүзеге асырады.
      2. Заңды тұлғаның басшысы, сондай-ақ заңға немесе құрылтай құжаттарына сәйкес заңды тұлғаның органы болып табылатын өзге де адам оның өкілдері болып табылады. Өзі жөнінде әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс жүргізіліп жатқан заңды тұлғаның және жәбірленушінің өкілдерінің өздері өкіл болып отырған тұлғалар жөнінде осы Кодексте көзделген құқықтары болады және сондай міндеттерді өз мойнына алады.
      3. Заңды тұлға өкілінің өкілеттігі оның қызметтік жағдайын куәландыратын құжаттармен расталады.
      4. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс өзі жөнінде әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс жүргізіліп жатқан заңды тұлға өкілінің немесе қорғаушысының қатысуымен қаралады. Аталған адамдарға істің қаралатын орны мен уақыты тиісті түрде хабарланғаны туралы деректер болған және олардан істі қарауды кейінге қалдыру туралы өтініш түспеген ретте ғана іс оның өзі болмаған жағдайда қаралуы мүмкін.
      5. Жасалуы әкімшілік құқық бұзушылықтың құралы не нысанасы болған затты тәркілеу немесе ақысын төлеп алып қою не әкімшілік құқық бұзушылық жасау салдарынан алынған кірістерді (дивидендтерді), ақшаны және бағалы қағаздарды тәркілеу түріндегі әкімшілік жазаға әкеп соқтыратын әкімшілік құқық бұзушылық туралы істі қарау кезінде әкімшілік жауапқа тартылатын заңды тұлға өкілінің немесе қорғаушысының қатысуы міндетті.

      89-бап. Тапсырма бойынша өкілдік ету

      1. Әкімшілік іс жүргізуде тапсырма бойынша өкілдер өкілеттігі тиісті ресімделген сенімхатпен айқындалған адам бола алады.
      2. Мына адамдар:
      1) адвокаттар;
      2) заңды тұлғалардың қызметкерлері - осы заңды тұлғалардың істері бойынша;
      3) кәсіптік одақтардың уәкілетті адамдары - құқықтары мен мүдделерін қорғауды осы кәсіптік одақтар жүзеге асыратын жұмысшылардың, қызметшілердің, сондай-ақ басқа да адамдардың істері бойынша;
      4) заңмен, жарғымен немесе ережемен осы ұйымдар мүшелерінің құқықтары мен мүдделерін қорғау құқығы берілген ұйымдардың уәкілетті адамдары;
      5) заңмен, жарғымен немесе ережемен басқа адамдардың құқықтары мен мүдделерін қорғау құқығы берілген ұйымдардың уәкілетті адамдары;
      6) басқа тең қатысушылардың тапсырмасы бойынша тең қатысушылардың біреуі;
      7) іске қатысушылардың өтінуімен сот рұқсат еткен басқа да адамдар тапсырма бойынша сотта өкіл бола алады.

      90-бап. Сотта өкілдер бола алмайтын тұлғалар

      1. Судьялар, тергеушілер, прокурорлар мен өкілді органдардың депутаттары, олардың процеске тиісті ұйымдардың уәкілеттік берілген адамдары немесе заңды өкілдер ретінде қатысу жағдайынан басқа жағдайда сотта өкіл бола алмайды.
      2. Адвокатура туралы заңдармен белгіленген ережелерді бұза отырып, заң көмегін көрсету туралы тапсырма алған адвокаттар сотта өкіл бола алмайды.
      3. Адам, егер мүдделері өзі өкіл болып отырған адамның мүдделеріне қайшы келетін адамдарға осы іс бойынша заң көмегін көрсетсе немесе бұрын көрсеткен болса немесе судья, прокурор, сарапшы, маман, аудармашы, куә немесе айғақшы ретінде қатысса, сондай-ақ егер ол істі қарауға қатысушы лауазымды адаммен туыстық қатынастарда болса, өкіл бола алмайды.

      91-бап. Өкілдің өкілеттіктері

      1. Сотта іс жүргізуге арналған өкілеттік өкілге, арызға қол қоюды талап қою талаптары мен талап қоюды танудан толық немесе ішінара бас тартуды, талап қоюды тануды, талап қоюдың нысанасын немесе негіздемесін өзгертуді, бітімгершілік келісім жасауды, өкілеттіктерді басқа адамға беруді (сенімді басқа біреуге аудару), соттың қаулысына шағым беруді, соттың қаулысын мәжбүрлеп орындатуды талап етуді, берілген мүлікті немесе ақшаны алуды қоспағанда, өкілдік берушінің атынан барлық іс жүргізу әрекеттерін жасауға құқық береді.
      2. Өкілдің осы баптың бірінші бөлігінде аталған іс-әрекеттердің әрқайсысын жасауға өкілеттігі өкілдік беруші берген сенімхатта арнайы көзделуі тиіс.

      92-бап. Өкілдің өкілдіктерін ресімдеу

      1. Өкілдің өкілеттіктері азаматтық заңнамаға сәйкес берілген және ресімделген сенімхатта көрсетілуге тиіс.
      2. Кәсіптік одақтар мен басқа ұйымдардың уәкілеттік берілген адамдары сотқа осы іс бойынша өкілдікті жүзеге асыруға арналған тапсырманы куәландыратын құжаттарды беруі тиіс (осы Кодекстің 89-бабының 3), 4) және 5) тармақшалары).
      3. Адвокаттың нақты істі жүргізуге арналған өкілеттігі заң консультациясы немесе адвокаттық кеңсе берген ордермен, ал ол өз қызметін дербес жүргізген жағдайда - адвокат клиентпен жасасқан шартпен куәландырылады.
      4. Заңды тұлғаның атынан сенімхатты тиісті заңды тұлғаның  басшысы немесе өзге уәкілетті адамы береді.
      5. Осы Кодекстің 89-бабы 2-тармағының 6) және 7) тармақшаларында аталған өкілдің өкілеттігі сенімхатта немесе сот отырысының хаттамасына кіргізілген сенім білдірушінің сотта берген ауызша түрдегі өтінішінде көрініс табуы мүмкін.

      93-бап. Жәбірленушінің өкілі

      1. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы істі жүргізу кезінде заң жүзінде құқығы бар адвокаттар мен өзге де адамдар жәбірленушінің заңды мүдделерін білдіретін өкіл бола алады.
      2. Жәбірленуші өкілдерінің өздері өкіл болып отырған жеке және заңды тұлғалармен осы Кодексте көзделген шекте іс жүргізу құқықтары бірдей болады.
      3. Өкілдің өзі өкілі болып отырған адамның мүдделеріне қайшы қандай да бір іс-әрекеттер жасауға құқығы жоқ.
      4. Жәбірленушінің ісіне жеке қатысы оны осы іс бойынша өкіл алу құқығынан айырмайды.

      94-бап. Қорғаушы

      1. Қорғаушы - әкімшілік жауапқа тартылушы адамның құқықтары мен мүдделерін заңда белгіленген тәртіппен қорғауды жүзеге асыратын және оған заң көмегін көрсететін адам.
      2. Қорғаушы ретінде адвокаттар, әкімшілік жауапқа тартылушы адамның жұбайы (зайыбы), жақын туыстары немесе заңды өкілдері, кәсіподақтардың және қоғамдық бірлестік мүшелерінің істері бойынша осы бірлестіктердің өкілдері жіберіледі. Егер заңда белгіленген тәртіппен өзара қатынас негізінде Қазақстан Республикасының тиісті мемлекетпен халықаралық шартында көзделсе, шетелдік адвокаттар іске қорғаушы ретінде қатысуға жіберіледі.
      3. Қорғаушы әкімшілік жауапқа тартылушы адамды әкімшілік ұстау кезінен немесе әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама жасалған кезден бастап іске қатысуға араластырылады.
      4. Егер бірінің мүдделері екіншісінің мүдделеріне қайшы келсе, әкімшілік жауапқа тартылатын екі адамға бір адамды қорғаушы етуге болмайды.
      5. Адвокаттың әкімшілік жауапқа тартылушы адамды өз мойнына алған қорғаудан бас тартуға құқығы жоқ.

      95-бап. Қорғаушының міндетті түрде қатысуы

      1. Әкімшілік іс жүргізуге мынадай жағдайларда, егер:
      1) әкімшілік жауапқа тартылушы адам бұл жөнінде өтініш жасаса;
      2) әкімшілік жауапқа тартылушы адам дене немесе психикалық кемістіктері салдарынан өзін қорғау құқығын өз бетінше жүзеге асыра алмайтын болса;
      3) әкімшілік жауапқа тартылушы адам іс жүргізіліп отырған тілді білмесе;
      4) істің материалдарында әкімшілік жауапқа тартылушы адамға медициналық сипатта мәжбүрлеу шаралары белгіленуі мүмкін деп пайымдайтын деректер болса;
      5) әкімшілік жауапқа тартылушы адам кәмелетке толмаған болса, қорғаушының қатысуы міндетті.
      2. Егер осы баптың бірінші бөлігінде көзделген мән-жайлар болған жағдайда әкімшілік жауапқа тартылушы адамның өзі, оның заңды өкілдері, сондай-ақ оның тапсыруымен басқа да адамдар қорғаушы шақырмаса, әкімшілік құқық бұзушылық туралы істі қарауға уәкілетті судья, орган (лауазымды адам) іс жүргізудің тиісті сатысында қорғаушының қатысуын қамтамасыз етуге міндетті, бұл туралы олар кәсіби адвокаттар ұйымына міндетті қаулы шығарады.

      96-бап. Қорғаушыны шақыру, тағайындау, ауыстыру, оның
              еңбегіне ақы төлеу

      1. Қорғаушыны, өзі жөнінде әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс жүргізіліп жатқан адам, оның заңды өкілдері, сондай-ақ өзіне қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс жүргізіліп жатқан адамның  тапсыруымен немесе келісуімен басқа да адамдар шақырады. Өзі жөнінде әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс жүргізіліп жатқан адам қорғау үшін бірнеше қорғаушы шақыруға құқылы.
      2. Өзі жөнінде әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс жүргізіліп жатқан адамның өтінуі бойынша әкімшілік құқық бұзушылық туралы істі қарауға уәкілетті судья, орган (лауазымды адам) қорғаушының қатысуын қамтамасыз етеді.
      3. Таңдалған немесе тағайындалған қорғаушының қатысуы мүмкін болмаған жағдайларда, әкімшілік құқық бұзушылық туралы істі қарауға уәкілетті судья, орган (лауазымды адам) өзі жөнінде әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс жүргізіліп жатқан адамға жиырма төрт сағат ішінде басқа қорғаушы шақыруды ұсынуға немесе адвокаттар алқасы немесе оның құрылымдық бөлімшелері арқылы қорғаушы тағайындауға шаралар қолдануға құқылы. Өзі жөнінде әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс жүргізіліп жатқан адамға әкімшілік құқық бұзушылық туралы істі қарауға уәкілетті судьяның, органның (лауазымды адамның) қорғаушы ретінде белгілі бір адамды шақыруға ұсыныс айтуға құқығы жоқ.
      4. Әкімшілік ұстау жағдайында, егер өзі жөнінде әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс жүргізіліп жатқан адам таңдаған қорғаушының үш сағат ішінде келуі мүмкін болмаса, өзі жөнінде әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс жүргізіліп жатқан адамға әкімшілік құқық бұзушылық туралы істі қарауға уәкілетті судья, орган (лауазымды адам) басқа қорғаушы шақыруды ұсынады, ал одан бас тартылған жағдайда адвокаттар алқасы немесе оның құрылымдық бөлімшелері арқылы қорғаушыны тағайындауға шаралар қолданады.
      5. Адвокаттың еңбегіне ақы заңдарға сәйкес төленеді, Әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарауға уәкілетті судья, орган (лауазымды адам) негіз болған жағдайда өзі жөнінде әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс жүргізіліп жатқан адамды заң көмегіне ақы төлеуден толық немесе ішінара босатуға құқылы. Бұл жағдайда еңбекке ақы мемлекет есебінен төленеді.
      6. Адвокат клиентпен іс жүргізуге келісім жасаспай, тағайындау арқылы қатысқанда, адвокат еңбегіне ақы төлеу шығыны мемлекет есебіне жатқызылуы мүмкін.
      7. Қорғаушы әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарауға өкілетті судьяға, органға (лауазымды адамға) өз жағдайын растау үшін жеке басын куәландыратын құжаттарды және тиісті жағдайларда: адвокатураға жататындығын растайтын құжатты және адвокаттың осы іске қатысу құқығына заң консультациясы берген ордерін немесе маңызы жөнінен соған теңестірілген құжатын; қоғамдық бірлестіктің немесе оның басшы органының қорғаушы тағайындау туралы шешімін, сезіктімен немесе айыпталушымен туыстық қатынастарын растайтын құжатты тапсырады.

      97-бап. Қорғаушыдан бас тарту

      1. Өзі жөнінде әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс жүргізіліп жатқан адам іс жүргізудің кез келген кезінде қорғаушыдан бас тартуға құқылы, бұл оның өзін қорғауды өз бетінше жүзеге асыру ниетін білдіреді. Заң көмегіне ақы төлеуге қаражаты жоқтығын сылтау ету бойынша, сондай-ақ осы Кодекстің 95-бабы бірінші бөлігінің 2)-4) тармақшаларында көзделген жағдайларда да қорғаушыдан бас тарту қабылданбайды. Бас тарту жазбаша түрде ресімделеді.
      2. Өзі жөнінде әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс жүргізіліп жатқан адамның қорғаушыдан бас тартуы оның бұдан былай қорғаушыны іске қатысуға жіберу туралы өтініш жасау құқығынан айырмайды. Қорғаушының іске кірісуі сол уақытқа дейін әкімшілік құқық бұзушылық туралы істі қарау барысында жасалған әрекеттерді қайталауға әкеп соқпайды

      98-бап. Қорғаушының өкілеттігі

      1. Қорғаушы істің барлық материалдарымен танысуға; істі қарауға қатысуға; дәлелдемелер табыс етуге, өтініш мәлімдеуге және қарсылық білдіруге; істерді қарауға уәкілетті судьяның, органның (лауазымды адамның) рұқсатымен істің қаралу процесінде жауап берушіге сұрақтар қоюға; іс жүргізуді қамтамасыз етуге қолданылатын шаралар және іс бойынша қаулы жөнінде шағымдануға; өзіне заңмен берілген өзге де құқықтарды пайдалануға құқылы.
      2. Қорғаушының: қорғалушының мүдделеріне қарсы қандай да болсын іс-әрекеттер жасауға және оның өз құқықтарын жүзеге асыруына кедергі келтіруге; қорғалушының көзқарасына қарамастан, оның әкімшілік құқық бұзушылыққа қатыстылығын және оны жасауға кінәлілігін тануға, қорғалушының жәбірленушімен татуласқандығы туралы мәлімдеуге; қорғалушының берген шағымы мен өтінішін қайтарып алуға; заң көмегін сұрау мен оның жүзеге асырылуына байланысты өзіне белгілі болған мәліметтерді жария етуге құқығы жоқ.

      99-бап. Уәкілетті орган (лауазымды адам)

      1. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттаманы жасаған уәкілетті орган (лауазымды адам) дәлелдемелерді зерделеуге қатысуға, өтініш мәлімдеуге, істі қарау уақытында туындаған мәселелер бойынша қорытынды беруге; заңның ережелерін және әкімшілік жаза ережелерін қолдану не одан босату туралы ұсыныстар беруге; іс бойынша қаулыға шағымдануға, сондай-ақ заңда көзделген өзге де әрекеттерді жасауға құқылы.
      2. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама жасаған уәкілетті органға (лауазымды адамға) әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қаралатын орын мен уақыт туралы хабарланады. Ол жоқ кезде мұндай істі қарау орны мен уақыты туралы уәкілетті органға (лауазымды адамға) дер кезінде хабарланғандығы туралы деректер болған жағдайда ғана қаралуы мүмкін.

      100-бап. Куә

      1. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс бойынша куә ретінде, егер заңдарда өзгеше көзделмесе, осы іс үшін маңызы бар мән-жайлардан хабардар болуы мүмкін кез келген адам шақырылуы мүмкін.
      2. Куә: өзіне, жұбайына (зайыбына) немесе жақын туыстарына қарсы айғақ беруден бас тартуға, өз айғақтарының тиісті хаттамаға енгізілуінің дұрыстығы жөнінде мәлімдеме және ескерту жасауға; істі қарау кезінде ана тілінде сөйлеуге; аудармашының көмегін тегін пайдалануға құқылы.
      3. Куә әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс жүргізіп жатқан судьяның, органның (лауазымды адамның) шақыртуы бойынша келуге, өзіне іс бойынша белгілі мән-жайдың бәрін шынайы түрде хабарлауға және қойылған сұрақтарға жауап қайтаруға, өзі берген айғақтардың тиісті хаттамаға енгізілуінің дұрыстығын өзі қол қойып куәландыруға міндетті.
      4. Куәға әкімшілік құқық бұзушылық туралы істі қарауға уәкілетті органға (лауазымды адамға) айғақтар беруден жалтарғаны немесе одан бас тартқаны, көрінеу жалған айғақтар бергені үшін әкімшілік жауапкершілігі туралы және сотта осы әрекеттерді жасағаны үшін қылмыстық жауаптылығы туралы ескертіледі.
      5. Куә әкімшілік құқық бұзушылық туралы істі жүргізіп жатқан судьяның, органның (лауазымды адамның) шақыртуы бойынша келуден жалтарған жағдайда судьяның, органның (лауазымды адамның) ұйғарымы негізінде оны ішкі істер органдары (полиция) алып келуі мүмкін.
      6. Он төрт жасқа дейінгі кәмелетке толмаған куәға сауал қою кезінде педагогтің немесе психологтың қатысуы міндетті. Қажет болған жағдайда сауал қою осындай куәның заңды өкілінің қатысуымен жүргізіледі.

      101-бап. Куәгер

      1. Осы Кодексте көзделген жағдайларда процессуалдық әрекеттерді жүргізу фактісін куәландыру үшін уәкілетті орган (лауазымды адам) тартқан адам куәгер болып табылады.
      2. Істің қорытындысына мүдделі емес, өзі қатысып тұрған кездегі іс-әрекеттерді толық және дұрыс ұғынуға қабілетті, процессуалдық әрекеттерді жүзеге асыратын органға (лауазымды адамға) тәуелді емес кәмелетке толған адам куәгер бола алады.
      3. Куәгердің әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс жүргізуге қатысуы жеке адамды тексеріп қарау, көлік құралын, заттарды тексеріп қарау, жеке адамда болған құжаттар мен заттарды алып қою, заңды тұлғаға тиесілі аумақтарды, үй-жайлар мен мүлікті қарап шығу, заңды тұлғаға тиесілі құжаттар мен мүлікті алып қою туралы хаттамаларда көрсетіледі.
      4. Куәгер әкімшілік құқық бұзушылық туралы істі жүргізіп жатқан лауазымды адамның шақыруы бойынша келуге, осы істің жүргізілуіне қатысуға және өзінің қатысуымен жасалған іс-әрекеттердің жүзеге асырылу фактілерін, олардың мазмұны мен нәтижелерін тиісті хаттамаға өзі қол қойып куәландыруға міндетті.
      5. Куәгердің жасалған іс-әрекеттер жөнінде хаттамаға енгізілуге тиісті мәлімдемелер мен ескертпелер жасауға құқығы бар.
      6. Қажет болған жағдайда куәгерден осы Кодекстің 100-бабында көзделген тәртіппен куә ретінде жауап алынуы мүмкін.

      102-бап. Маман

      1. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс жүргізуге маман ретінде қатысуға дәлелдемелерді жинауға, зерттеуге және бағалауға, сондай-ақ техникалық құралдарды пайдалануға жәрдем көрсету үшін қажетті арнаулы білімі бар және машықтанған, істің қорытындысына мүдделі емес кез келген кәмелетке толған адамды тағайындауға болады.
      2. Маман: өзінің шақырылу мақсатын білуге; егер тиісінше арнаулы білімі мен машығы болмаса, іс жүргізуге қатысудан бас тартуға; өзінің қатысуымен жасалатын, іс жүргізу әрекетіне қатысты істің материалдарымен танысуға; әкімшілік құқық бұзушылық туралы істі жүргізіп жатқан судьяның, органның (лауазымды адамның) рұқсатымен іс жүргізу әрекеттеріне қатысушыларға сұрақтар қоюға; салыстырма зерттеулерді қоспағанда, іс жүргізу әрекеттері шеңберінде іс жүргізу әрекеттері хаттамасының бір бөлігі болып табылатын хаттамада не ресми құжатта істің барысы мен нәтижелері көрсетілген іс материалдарына зерттеу жүргізуге; өзі қатысқан іс жүргізу әрекетінің хаттамасымен танысуға және өзінің қатысуымен жүргізілген әрекетінің барысы мен нәтижелері көрсетілуінің толық және дұрыс екендігі жөнінде хаттамаға енгізілуі қажетті мәлімдемелер мен ескертпелер жасауға құқылы.
      3. Маман: әкімшілік құқық бұзушылық туралы істі жүргізіп жатқан  судьяның, органның (лауазымды адамның) шақыруы бойынша келуге;  арнаулы білімін, машығын және ғылыми-техникалық құралдарды пайдалана отырып, іс жүргізу әрекеттеріне қатысуға; өзі жасаған әрекеттер бойынша түсінік беруге; аталған әрекеттердің жасалу фактісін, олардың  мазмұны мен нәтижелерін өзі қол қойып куәландыруға міндетті.

      103-бап. Сарапшы

      1. Арнаулы ғылыми білімі бар, іске мүдделі емес адам сарапшы ретінде шақырылуы мүмкін. Сот сараптамасын жүргізу:
      1) сот сараптамасы органдарының қызметкерлеріне;
      2) лицензия негізінде сот-сараптама қызметін жүзеге асыратын адамдарға;
      3) заң талаптарына сәйкес бір жолғы тәртіппен өзге де адамдарға тапсырылуы мүмкін.
      2. Сарапшының: істің сараптама нысанасына қатысты материалдарымен танысуға; қорытынды беру үшін қажетті қосымша материалдарды өзіне беру туралы өтінім жасауға; соттың рұқсатымен сот отырысына қатысуға және оған қатысушыларға сараптама нысанына қатысты  сұрақтар қоюға; тиісті бөлігінде сот отырысының хаттамасымен танысуға және өзінің әрекеті мен жауаптарының толық әрі дұрыс көрсетілуіне қатысты хаттамаға енгізілуге тиісті ескертулер жасауға; сараптаманы тағайындаған соттың келісімімен, өзінің бастамасы бойынша сараптама жүргізу кезінде белгілі болған, іс үшін маңызы бар мән-жайларды қорытындыда көрсетуге; өзінің ана тілінде немесе өзі білетін тілде қорытынды ұсынуға және айғақ беруге; аудармашының тегін көмегін пайдалануға; сараптама жүргізу кезінде өз құқығына нұқсан келтіретін сот әрекетіне шағым жасауға; өзінің арнаулы білімінің шегінен тысқары мәселелер бойынша, сондай-ақ егер өзіне берілген материалдар қорытынды беру үшін жеткіліксіз болған жағдайларда қорытынды беруден бас тартуға; сараптама жүргізу кезінде келтірілген шығындарға өтем және егер сот; сараптамасын жүргізу өзінің қызметтік міндеттерінің шеңберіне кірмесе, орындалған жұмыс үшін сыйақы алуға құқығы бар.
      3. Сарапшы: әкімшілік құқық бұзушылық туралы істі жүргізіп жатқан судьяның, органның (лауазымды адамның) шақыруы бойынша келуге; оған берілген іс материалдарына жан-жақты, толық және объективті зерттету жүргізуге, өзінің алдына қойылған мәселелер бойынша объективті және негізделген жазбаша қорытынды беруге; қорытынды беру туралы бас тартуға және қорытынды берудің мүмкін еместігі туралы уәжді жазбаша хабарлама жасауға және оны осы Кодексте арнайы көзделген жағдайларда сот сараптамасын тағайындаған органға жіберуге; жүргізілген зерттеулер мен берілген қорытындыға байланысты мәселелер бойынша айғақтар беруге; зерттеуге ұсынылған объектілердің сақталуын қамтамасыз етуге; істің мән-жайлары туралы мәліметті және оған сараптама жүргізуге байланысты оған мәлім болған өзге де мәліметтерді жария етпеуге; сараптама жүргізуге байланысты келтірілген шығыстар сметасын және шығыстар туралы есепті ұсынуға міндетті.
      4. Сарапшы сотта көрінеу жалған қорытынды бергені үшін қылмыстық жауапкершілік көтереді.
      5. Сот сараптамасы органының қызметкері болып табылатын сарапшы өз қызметінің реті бойынша өзінің құқықтарымен және міндеттерімен таныстырылған және сотта көрінеу жалған қорытынды бергені үшін қылмыстық жауапты болатыны туралы ескертілген болып есептеледі. Бұл туралы сарапшының қолхаты сот отырысының хаттамасына тігіледі.

      104-бап. Аудармашы

      1. Білімі әкімшілік құқық бұзушылық туралы істі жүргізу кезінде қажет болатын тілдерді білетін (мылқаудың немесе саңыраудың ыммен көрсететін белгілерін түсінетін), істің қорытындысына мүдделі емес кез келген кәмелетке толған адам аудармашы болып тағайындалады.
      2. Аудармашыны әкімшілік құқық бұзушылық туралы істі жүргізіп жатқан судья, орган (лауазымды адам) тағайындайды.
      3. Аудармашы: егер өзінің аударма үшін қажетті білімі болмаса, іс жүргізуге қатысудан бас тартуға; аударма жасау кезінде қатысушы адамдарға аударманы нақтылау үшін сұрақтар қоюға; өзі жүргізілуіне қатысқан іс жүргізу әрекетінің хаттамасымен танысуға және аударманың хатқа түсірілуінің толық және дұрыс екендігі жөнінде хаттамаға енгізілуі керек болатын ескертпелер жасауға құқылы.
      4. Аудармашы: әкімшілік құқық бұзушылық туралы істі жүргізіп жатқан судьяның, органның (лауазымды адамның) шақыруы бойынша келуге және өзіне тапсырылған аударманы толық және дәл жасауға; тиісті хаттамада аударманың дұрыстығын өзі қол қойып куәландыруға міндетті.
      5. Аудармашыға әкімшілік құқық бұзушылық туралы істі қарауға  өкілетті орган (лауазымды адам) әкімшілік құқық бұзушылық туралы істі қарау кезінде көрінеу жалған аударма жасағаны үшін әкімшілік жауапты болатынын және сотта осы әрекетті жасағаны үшін қылмыстық жауапты болатынын ескертеді.
      6. Осы баптың ережелері мылқаудың немесе саңыраудың ыммен көрсететін белгілерін түсінетін, әкімшілік құқық бұзушылық туралы іске қатысуға тартылған адамға қолданылады.

      105-бап. Прокурор әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы
               істер бойынша іс жүргізуде

      1. Прокурор өз өкілеттіктерін іске асыру мақсатында әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс жүргізуге қатысуға құқылы. Бұл орайда прокурор дәлелдемелер табыс етеді және оларды тексеруге қатысады; істі қарап жатқан сотқа, органға (лауазымды адамға) әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс жүргізіліп отырған адамға қатысты, оның кінәлілігі туралы, сондай-ақ істің қаралу процесінде туындайтын басқа да мәселелер жөнінде өз пікірін баяндайды; істі қарап жатқан сотқа, органға (лауазымды адамға) заңның ережелерін қолдану және әкімшілік жаза қолдану не одан босату туралы ұсыныс айтады.
      2. Прокурор кәмелетке толмаған адам жасаған әкімшілік құқық бұзушылық туралы істің қаралатын орны мен уақыты, сондай-ақ әкімшілік қамауға алуға әкеп соғатын құқық бұзушылық туралы хабардар етіледі. Ол болмаған кезде, мұндай іс тек істің қаралатын орны мен уақыты туралы прокурорға дер кезінде хабарланғандығы туралы деректер болған және одан істі қарауды кейінге қалдыру туралы өтініш түспеген жағдайда ғана қаралуы мүмкін.

      106-бап. Прокурор әкімшілік даулар туралы істер бойынша
               іс жүргізуде

      1. Әкімшілік сот ісін жүргізуде мемлекет атынан заңдардың дәл және біркелкі қолданылуын жоғары қадағалауды тікелей, өзіне бағынысты прокурорлар арқылы Қазақстан Республикасының Бас прокуроры жүзеге асырады.
      2. Әкімшілік сот ісін жүргізуге прокурордың қатысуы, бұл заңда көзделген немесе осы іске прокурордың қатысу қажеттігін сот таныған жағдайларда, міндетті. Прокурор оған жүктелген міндеттерді жүзеге асыру мақсатында іс бойынша қорытынды беру үшін және азаматтардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін, ұйымдардың құқықтары мен заңды мүдделерін, қоғамдық немесе мемлекеттік мүдделерді қорғау үшін өз бастамасы бойынша немесе соттың бастамасы бойынша процесте сөз сөйлеуге құқылы.
      3. Прокурордың азаматтардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін, заңды тұлғалардың, мемлекеттің құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау туралы өтінішпен сотқа жүгінуге құқығы бар.
      4. Талап арыз ұсынған прокурор барлық іс жүргізу құқықтарын пайдаланады, сондай-ақ бітімгершілік жасау құқығынан басқа, талапкердің барлық іс жүргізу міндеттерін көтереді. Басқа адамның мүдделерін қорғау үшін ұсынылған талап арыздан прокурордың бас тартуы осы адамды істі мәнісі бойынша қарауды талап ету құқығынан айырмайды.
      5. Сот қарастырып жатқан дауда талапкер мен жауапкер ретінде прокуратура органдарының мүдделерін білдіретін прокурор тараптардың іс жүргізу құқықтары мен міндеттерін пайдаланады.

      107-бап. Сот отырысының хатшысы

      1. Сот отырысының хаттамасын жүргізетін, қылмыстық іске мүдделі емес мемлекеттік қызметші сот отырысының хатшысы болып табылады.
      2. Сот отырысының хатшысы: өзі хаттамалауды қамтамасыз етуі қажетті барлық уақытта сот отырысы залында болуға және сот отырысына төрағалық етушінің рұқсатынсыз кетпеуге; хаттамада соттың іс-әрекеті мен шешімін, соттың отырысына қатысушы барлық адамдардың өтініштерін, қарсылықтарын, жауаптарын, түсініктемелерін, сондай-ақ сот отырысының хаттамасында көрсетуге жататын басқа да жағдайларда толық және дұрыс жазуға; сот отырысының хаттамасын осы Кодексте белгіленген мерзімде дайындауға; төрағалық етушінің заңды өкіміне бағынуға; жабық сот отырысына қатысуына байланысты өзіне белгілі болған мән-жайлар туралы мәліметтерді жарияламауға міндетті.
      3. Сот отырысының хатшысы сот отырысы хаттамасының толықтығы мен дұрыстығы үшін дербес жауап береді.
      4. Дұрыс емес не шындыққа сәйкес келмейтін мәліметтерді сот отырысының хаттамасына қасақана енгізген жағдайда хатшы заңда көзделгендей жауапты болады.

      108-бап. Сот приставы

      1. Соттар қызметінің және сот шешімдерін орындаудың белгіленген тәртібін қамтамасыз ету жөніндегі өзіне заңмен жүктелген міндеттерді орындаушы лауазымды адам сот приставы болып табылады.
      2. Сот приставы бас бостандығынан айырумен байланысты емес жазалардың атқарылуына бақылау жасауды қамтамасыз етеді, сот орындаушыларына атқару құжаттарын мәжбүрлеп атқаруда көмек көрсетеді, сот талқылауы кезінде залдағы тәртіпті бақылап отырады, төрағалық етушінің өкімін орындайды және соттарда судьяларды, куәларды және басқа да процеске қатысушыларды қорғауды жүзеге асырады, оларды басқаның ықпалынан корғайды, соттың іс жүргізу іс-әрекетін жүргізуіне жәрдемдеседі, сотқа келуден жалтарған адамдарды алып келуді жүзеге асырады, өзіне заңмен жүктелген басқа да өкілеттіктерді жүзеге асырады.

      109-бап. Іс жүргізу міндеттерін орындамағаны үшін
               жауаптылық

      1. Куәнің, маманның, сарапшының және аудармашының осы Кодекстің 100, 102, 103, 104, 107, 108-баптарында көзделген іс жүргізу міндеттерін орындамауы Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінде белгіленген әкімшілік жауаптылыққа әкеп соғады.
      2. Осы баптың бірінші бөлігінде аталған іс-әрекеттер жасалған жағдайда әкімшілік құқық бұзушылық туралы істі, іс бойынша қаулыға шағымды немесе наразылықты қарау кезінде іс бойынша қаулыға шағымды немесе наразылықты қарау хаттамасына тиісті жазба енгізіледі.
      3. Айыппұл салу туралы қаулы шығарылады.

      110-бап. Жәбірленуші, куә, сарапшы, маман, аудармашы
               немесе куәгер шығындарының орнын толтыру

      1. Жәбірленушінің, куәнің, сарапшының, маманның және аудармашының әкімшілік құқық бұзушылық туралы істі жүргізіп жатқан сотқа, органға (лауазымды адамға) келуіне байланысты шеккен шығындарының, соның ішінде: аталған адамдардың тұрған немесе болып жатқан жеріне бару және кері қайту жолының жүріп-тұру құнының, ал бұл басқа жерлерде болумен байланысты жағдайларда - тұрғын үй-жайды жалдау, сондай-ақ тәуліктік шығын құнының орны азаматтық іс жүргізу заңдарында белгіленген тәртіппен толтырылады.
      2. Жәбірленуші, куә, сарапшы, маман және аудармашы ретінде шақырылатын адамның әкімшілік құқық бұзушылық туралы істі жүргізіп жатқан және қарап жатқан сотқа, органға (лауазымды адамға) келуіне байланысты олардың жұмыс орындарында болмаған кездегі орташа табысы белгіленген тәртіппен сақталады.
      3. Сарапшының, маман мен аудармашының еңбегіне заңдарда белгіленген тәртіппен ақы төленеді.

      111-бап. Басқа тұлғалардың құқықтарын, қоғамдық және
               мемлекеттік мүдделерді қорғау үшін сотқа жүгіну

      1. Заңмен көзделген жағдайларда мемлекеттік органдар және жергілікті өзін-өзі басқару органдары, ұйымдар немесе жекелеген азаматтар олардың өтінуімен басқа адамдардың құқықтарын, бостандықтарын және заңмен қорғалатын мүдделерін, сол сияқты қоғамдық немесе мемлекеттік мүдделерді қорғау үшін талап қойып сотқа жүгіне алады. Әрекетке қабілетсіз азаматтың мүддесін қорғау үшін мүдделі адамның өтінішіне қарамастан талап қойылуы мүмкін.
      2. Бөгде мүдделерді қорғау үшін талап қойған адамдар, бітімгершілік келісім жасау құқығынан басқа, талап қоюшының барлық іс жүргізу құқықтарын пайдаланады және барлық іс жүргізу міндеттерін мойнына алады. Аталған органдар мен адамдардың талап қоюдан бас тартуы мүдделеріне сай іс қозғалған адамды істі мәні бойынша қарауды талап ету құқығынан айырмайды. Егер мүдделеріне сай іс қозғалған адам мәлімделген талапты қолдамаса, үшінші тұлғалардың құқықтарына қысым  жасалмаса, сот талап қоюды (арызды) қараусыз қалдырады.

      112-бап. Мемлекеттік органдар мен жергілікті өзін-өзі
               басқару органдарының іс бойынша қорытынды беру
               үшін процеске қатысуы

      Заңмен көзделген жағдайларда мемлекеттік органдар мен жергілікті өзін-өзі басқару органдары өздеріне жүктелген міндеттерді жүзеге асыру және азаматтардың құқықтарын, бостандықтарын және заңмен қорғалатын мүдделерін, қоғамдық және мемлекеттік мүдделерді қорғау мақсатында іс бойынша қорытынды беру үшін бірінші сатыдағы сот шешім шығарғанға дейін өз бастамашылығы бойынша, іске қатысушы тұлғалардың бастамашылығы бойынша, сондай-ақ соттың бастамашылығы бойынша процеске қатыса алады.

6-тарау. Дәлелдемелер және дәлелдеу

      113-бап. Дәлелдемелер

      1. Осы Кодексте белгіленген тәртіппен өндірісінде іс жатқан судья немесе орган (лауазымды адам) тараптардың талаптары мен қарсылықтарын негіздейтін мән-жайлардың бар-жоғын, әкімшілік құқық бұзушылық оқиғасының бар-жоғын, әкімшілік жауапкершілікке тартылатын жеке тұлғалардың кінәлілігін, сондай-ақ істі дұрыс шешу үшін маңызы бар өзге де мән-жайларды солардың негізінде анықтайтын заңды түрде алынған нақты деректер іс бойынша дәлелдемелер болып табылады.
      2. Бұл нақты деректер тараптардың және мүдделі тұлғалардың, әкімшілік жауапқа тартылатын тұлғаның түсініктемелерімен, жәбірленушінің, куәнің айғақтарымен; метрологиялық тексеруден өткен құқық бұзушылықтарды байқайтын және тіркейтін сертификатталған арнайы  техникалық бақылау-өлшем құралдарының және аспаптарының көрсеткіштерімен, заттай дәлелдемелермен, сарапшылардың қорытындыларымен, әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттамамалармен және іс жүргізу әрекеттерінің хаттамаларымен, іс жүргізу әрекеттерінің барысын және нәтижелерін көрсететін сот отырыстары хаттамаларымен және өзге де жазбаша дәлелдемелермен анықталады.

      114-бап. Дәлелдеу міндеті

      Мемлекеттік орган, жергілікті өзін-өзі басқару органы, қоғамдық бірлестіктер, ұйымдар, лауазымды түлғалар мен мемлекеттік қызметшілер дауланатын шешімдер мен іс-әрекеттердің (әрекетсіздіктің) заңдылығын дәлелдеуге тиіс.

      115-бап. Дәлелдемелерді ұсыну

      1. Дәлелдемелерді тараптар мен іске қатысушы басқа да тұлғалар береді.
      2. Істі дұрыс шешу үшін маңызы бар мән-жайларды тараптардың және іске қатысушы басқа да тұлғалардың тараптары мен қарсылықтарының негізінде, материалдық және іс жүргізу құқығының қолданылуға тиіс нормаларын ескере отырып, сот анықтайды.
      3. Сот тараптарға және іске қатысушы басқа да тұлғаларға істі дұрыс шешу үшін қажетті қосымша дәлелдемелер табыс етуді ұсынуға құқылы.
      4. Тараптар мен іске қатысушы басқа да тұлғалар үшін дәлелдемелерді ұсыну қиындық келтірген жағдайда, сот олардың себепті өтінімі бойынша дәлелдемелерді сұратып алдыруға жәрдемдесе алады.
      5. Дәлелдемелерді сұратып алдыру туралы өтінімде сол дәлелдемелер көрсетілуге, сондай-ақ осы дәлелдеме арқылы іс үшін маңызы бар қандай мән-жайлар анықталатыны немесе бекерге шақырылатыны, дәлелдемені өз бетінше алуға кедергі келтіретін себептер және оның тұрған жері көрсетілуге тиіс.
      6. Қажет болған жағдайда сот өтінім берген адамға дәлелдемені алу үшін сұрату береді. Соттың талап еткен дәлелдемесі бар тұлға оны тікелей сотқа жібереді немесе сотқа табыс ету үшін тиісті сұратуы бар адамның қолына береді. Корпоративтік даулар бойынша дәлелдемелерді сот қана талап етуге және олар тікелей сотқа жіберілуге тиіс.
      7. Сот дәлелдеме талап еткен, оны жалпы немесе сот белгілеген мерзімде беруге мүмкіндігі жоқ лауазымды немесе өзге тұлға соттың сұратуын алған күннен бастап бес күн мерзім ішінде себебін көрсетіп, бұл туралы сотқа хабарлауға міндетті.
      8. Хабарламаған, сондай-ақ егер дәлелдеме беру туралы соттың талабы сот дәлелсіз деп таныған себептер бойынша орындалмаған жағдайда, кінәлі лауазымды немесе іске қатыспайтын өзге де тұлғаларға Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекске сәйкес әкімшілік жазаға қолданылады.
      9. Әкімшілік жаза қолдану талап етілген дәлелдемесі бар адамды оны сотқа беру міндетінен босатпайды. Соттың талабын қасақана орындамаған жағдайда аталған тұлғалар қылмыстық жауапқа тартылады
      10. Егер тарап сот сұратқан дәлелдемені өзінде ұстап қалса және оны соттың сұратуы бойынша ұсынбаса, ондағы мәліметтер осы тараптың мүдделеріне қарсы бағытталған деп ұйғарылады және ол тарап таныған деп есептеледі.

      116-бап. Сот тапсырмалары

      1. Істі қараушы сот іске қатысушы адамның басқа қалада немесе ауданда дәлелдемелер жинау қажеттігі туралы өтінімін қанағаттандырған жағдайда тиісті сотқа белгілі бір іс жүргізу әрекетін жасауға тапсырма береді.
      2. Істі қараушы сот іске қатысушы адамдардың Қазақстан Республикасының құқықтық көмек көрсету жөнінде келісімі бар басқа мемлекетте дәлелдемелер жинау туралы өтінішін қанағаттандырған жағдайда осы келісімнің ережелеріне сәйкес сот тапсырмасын жібереді.
      3. Соттың тапсырмасы туралы ұйғарымда қаралатын істің мәні, тараптар туралы мәліметтер қысқаша баяндалады, анықтауға жататын мән-жайлар, тапсырманы орындаушы сот жинауға тиіс дәлелдемелер көрсетіледі. Бұл ұйғарым ол жолданған сот үшін міндетті және ол алынған сәттен он күнге дейінгі мерзімде орындалуға тиіс.

      117-бап. Сот тапсырмасын орындау тәртібі

      1. Соттың тапсырмасын орындау осы Кодексте белгіленген ережелер бойынша сот отырысында жүргізіледі. Іске қатысатын тұлғалар отырыстың өтетін уақыты мен орны туралы құлақтандырылады, алайда оған келмеу тапсырманы орындауға кедергі болып табылмайды.
      2. Хаттамалар мен тапсырманы орындау кезінде жиналған барлық материалдар дереу істі қарап жатқан сотқа жіберіледі.
      3. Егер іске қатысатын адамдар немесе тапсырманы орындаушы сотқа түсініктеме немесе айғақ беруші куәлер істі қарайтын сотқа келсе, олар жалпы тәртіпте түсініктеме мен айғақ береді.

      118-бап. Дәлелдемелерді бағалау

      1. Әрбір дәлелдеме - қатыстылығы, жол берілуі, растығы, ал барлық жиналған дәлелдемелер жиынтығы азаматтық істі шешу үшін жеткіліктігі тұрғысынан бағалануға тиіс.
      2. Судья, орган (лауазымды адам) дәлелдемелерді өзінің ішкі сенімі бойынша бағалайды.
      3. Дәлелдемелердің жиынтығы, егер іске қатысты дәлелдеуге жататын немесе тарап жоққа шығармаған барлық және әрбір мән-жайлар туралы ақиқатты даусыз айқындауға жол беретін және сенімді дәлелдемелер жиналса, азаматтық істі шешу үшін жеткілікті болып табылады.

      119-бап. Дәлелдемелердің қатыстылығы

      Егер дәлелдеме іс үшін маңызды мән-жайлардың бар екендігі туралы тұжырымдары растайын, теріске шығаратын не оларға күмән келтіретін нақты деректер болса, сот, орган (лауазымды адам) дәлелдемені іске қатысты деп таниды.

      120-бап. Дәлелдемелерге жол беру

      1. Егер осы Кодексте көзделген тәртіппен алынса, дәлелдемеге жол беруге болады деп танылады.
      2. Заң бойынша белгілі бір дәлелдемелермен расталуға тиіс істің мән-жайлары ешқандай басқа дәлелдемелермен расталуға тиіс емес.

      121-бап. Дәлелдемелер ретінде жол беруге болмайтын нақты
               деректер

      1. Нақты деректер, егер олар заң талаптарын бұза отырып, іске қатысушы тұлғалардың заңмен кепілдік берілген құқықтарынан айыру немесе оларды ығыстыру арқылы немесе істі сотта қарауға дайындау кезінде немесе сотта қарағанда әкімшілік іс жүргізудің өзге де ережелерін бұза отырып, оның ішінде:
      1) күш қолдану, қорқыту, алдау, сол секілді өзге де заңсыз іс-әрекеттерді қолдана отырып;
      2) оларға түсіндірмеудің, толық немесе дұрыс түсіндірмеудің салдарынан туындаған іске қатысушы адамдардың өз құқықтары мен  міндеттеріне қатысты жаңылуын пайдалана отырып;
      3) осы азаматтық іс бойынша іс жүргізуді жүзеге асыруға құқығы жоқ адамның іс жүргізу іс-әрекетін жүргізуіне байланысты;
      4) қарсылық білдіруге жататын адамның іс жүргізу іс-әрекетіне қатысуына байланысты;
      5) іс жүргізу іс-әрекетінің тәртібін айтарлықтай бұза отырып;
      6) белгісіз көзден немесе сот отырысында анықтала алмайтын көзден;
      7) дәлелдеу барысында қазіргі ғылыми білімге қайшы келетін әдістерді қолдана отырып алынған болса, олар нақты деректердің растығына әсер етсе немесе әсер етуі мүмкін болса, оларды сот дәлелдемелер ретінде пайдалануға жол беруге болмайды деп тануға тиіс.
      2. Іс бойынша іс жүргізу кезінде нақты деректерді дәлелдемелер ретінде пайдалануға жол беруге болмайтындығын, сондай-ақ оларды шектеп пайдаланудың мүмкіндігін өз бастамашылығы бойынша немесе іске қатысушы адамдардың өтінімі бойынша сот белгілейді.
      3. Заңды бұза отырып алынған дәлелдемелер заңдық күші жоқ деп танылады және сот шешімінің негізіне жатқызыла алмайды, сондай-ақ іс үшін маңызы бар кез келген мән-жайды дәлелдеу кезінде пайдаланыла алмайды.
      4. Осы баптың бірінші бөлігінде аталған тәртіп бұзушылықтармен алынған нақты деректер тиісті тәртіп бұзушылықтардың және оларға жол берген адамдардың кінәлілігінің дәлелдемесі ретінде пайдаланылуы мүмкін.

      122-бап. Дәлелдемелердің растығы

      Тексеру нәтижесінде дәлелдеменің шындыққа сәйкес келетіні анықталса, дәлелдеме рас деп есептеледі.

      123-бап. Дәлелдеуден босатудың негіздері

      1. Сот жалпыға белгілі деп таныған мән-жайлар дәлелдеуді қажет етпейді.
      2. Соттың бұрын қаралған әкімшілік дау туралы іс бойынша заңды күшіне енген шешімімен белгіленген мән-жайлар сот үшін міндетті және сол адамдар қатысатын басқа әкімшілік даулар туралы істерді талқылау кезінде қайтадан дәлелденбейді.
      3. Егер тиісті құқықтық рәсімдер шеңберінде керісінше дәлелденбесе, мына мән-жайлар:
      1) осы заманғы ғылымда, техникада, өнерде, кәсіпшілікте жалпы қабылданған зерттеу әдістерінің дұрыстығы;
      2) адамның заңды білуі;
      3) адамның өзінің қызметтік және кәсіби міндеттерін білуі;
      4) олардың бар екендігін растайын құжатты ұсынбаған және арнаулы даярлық немесе білім алған оқу орнын немесе басқа да мекемені көрсетпеген адамда арнаулы даярлықтың немесе білімнің болмауы дәлелдемелерсіз анықталған мән-жайлар болып есептеледі.
      4. Соттың қылмыстық іс бойынша күшіне енген талап қоюды қанағаттандыру құқығы танылатын өкімі оған қатысты соттың өкімі болған тұлға әрекеттерінің әкімшілік-құқықтық салдары туралы істі қарайтын сот үшін міндетті. Заңды күшіне енген сот өкімі мұндай әкімшілік дауды қараған сот үшін, осы іс-әрекеттер орын алды ма және оларды осы адам жасады ма деген мәселелер бойынша, сондай-ақ өкіммен белгіленген мән-жайларға және олардың құқықтық бағасына қатысты да міндетті болып табылады.
      5. Заңға сәйкес анықталды деп ұйғарылған фактілер әкімшілік дауды талқылау кезінде дәлелденбейді. Мұндай ұйғарым жалпы тәртіппен теріске шығарылуы мүмкін.

      124-бап. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс бойынша
               дәлелденуге тиіс мән-жайлар

      Әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс бойынша мыналар дәлелденуге тиіс:
      1) әкімшілік құқық бұзушылық оқиғасының болуы;
      2) құқыққа қайшы әрекет жасаған, сол үшін осы Кодексте әкімшілік жауаптылық көзделген адам;
      3) жеке адамның әкімшілік құқық бұзушылық жасауға кінәлілігі;
      4) әкімшілік жауаптылықты жұмсартатын немесе ауырлататын мән-жайлар;
      5) әкімшілік құқық бұзушылықтан келген залалдың сипаты мен мөлшері;
      6) әкімшілік жауаптылықтан босатуға алып келетін мән-жайлар;
      7) әкімшілік құқық бұзушылық жасауға ықпал еткен себептер мен жағдайлар, сондай-ақ істің дұрыс шешілуі үшін маңызы бар өзге де мән-жайлар.

      125-бап. Дәлелдемелерді қамтамасыз ету

      1. Өздері үшін қажетті дәлелдемелерді ұсыну соңынан мүмкін болмайды немесе қиындық келтіреді деп қауіптенуге негізі бар іске қатысушы адамдар соттан осы дәлелдемелерді қамтамасыз ету туралы сұрай алады.
      2. Дәлелдемелермен қамтамасыз ету ұйымдардан, олардың іске қатысуына қарамастан, құжаттар, мәліметтер және қорытындылар табыс етуді, сараптама жүргізуді, болған жерді тексеріп, қарауды талап ету жолымен және заңда көзделген өзге де әдістермен жүргізіледі.

      126-бап. Дәлелдемелермен қамтамасыз ету туралы арыз

      1. Дәлелдемелермен қамтамасыз ету туралы арызда қамтамасыз етілуі қажет дәлелдемелер; растау үшін бұл дәлелдемелерді қажет ететін мән-жайлар; арыз берушіні қамтамасыз ету туралы өтініш жасауға итермелеген себептер, сондай-ақ бұл дәлелдемелерді қажет етіп отырған іс көрсетілуге тиіс.
      2. Арыз әкімшілік құқық бұзушылық туралы істі қарап жатқан сотқа, органға (лауазымды адамға) беріледі.

      127-бап. Сараптама тағайындау және жүргізу

      1. Іс үшін маңызы бар мән-жайлар сарапшының арнаулы ғылыми білім негізінде жүргізетін іс материалдарын зерттеуі нәтижесінде алынуы мүмкін болған кезде, әкімшілік құқық бұзушылық туралы істі жүргізіп жатқан судья, орган (лауазымды адам) сот сараптамасын тағайындайды.
      2. Істе ведомстволық инспекциялардың түгендеу, тексеру актілерінің, қорытындыларының, сондай-ақ мамандардың іс жүргізу әрекеттері барысында атқарған зерттеулерінің нәтижелері бойынша жасалған ресми құжаттарының болуы нақ сол мәселелер бойынша сараптама жүргізу мүмкіндіктерін жоққа шығармайды.
      3. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы істі жүргізіп жатқан судья, орган (лауазымды адам) тараптардың өтініші бойынша немесе өз бастамашылығымен сараптама тағайындай алады.
      4. Сараптама жүргізу:
      1) сараптама органдарының қызметкерлеріне;
      2) лицензия негізінде сот-сараптама қызметін жүзеге асыратын адамдарға;
      3) заң талаптарына сәйкес бір жолғы тәртіппен өзге де адамдарға тапсырылуы мүмкін. Сараптама жүргізу тараптар ұсынған адамдардың арасынан біреуіне тапсырылуы мүмкін. Сараптама жүргізу тапсырылған адамды шақыруы туралы судьяның, лауазымды адамның талабы аталған адам жұмыс істейтін ұйымның басшысы үшін міндетті.
      5. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы істі жүргізіп жатқан судья, орган (лауазымды адам) сараптама тағайындау туралы ұйғарым шығарады, онда мыналар көрсетіледі:
      1) судьяның, лауазымды адамның аты-жөні, соттың, органның атауы;
      2) сараптаманың тағайындалған уақыты, орны;
      3) сараптама тағайындаудың негізі;
      4) сарапшының аты-жөні немесе сараптама жүргізілуге тиіс сараптама органының атауы;
      5) сарапшының алдына қойылған мәселелер;
      6) сарапшының билігіне берілетін материалдардың тізбесі.
      6. Күрделі сараптамалық зерттеулер жүргізу үшін бір мамандықтағы сарапшылар жүргізетін комиссиялық сараптама тағайындалуы мүмкін.
      7. Егер іс үшін маңызы бар мән-жайларды анықтауға білімнің әртүрлі салалары негізінде зерттеулер жүргізу қажет болса, әртүрлі мамандықтағы сарапшылар жүргізетін кешенді сараптама тағайындалады.
      8. Сараптама тағайындау туралы ұйғарымды орындау үшін жібергенге дейін судья, лауазымды адам өзіне қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс жүргізіліп жатқан адамды және жәбірленушіні мұнымен таныстыруға, оларға: сарапшыдан бас тартуды мәлімдеу; өздері көрсеткен адамдарды сарапшы ретінде тартуды сұрау; сарапшының алдына қосымша мәселелер қою туралы өтініш жасау; сарапшының қорытындысымен не судьяға, органға (лауазымды адамға) түскеннен кейін қорытынды берудің мүмкін болмайтындығы туралы хабармен танысуға, өз ескертпелерін табыс етуге, қосымша немесе қайта сараптама тағайындау, жаңа сараптамалар тағайындау туралы өтініш жасау құқығын түсіндіреді.
      9. Сарапшы (сарапшылар) өздерінің атынан сараптама жүргізу нәтижелері бойынша осы Кодекстің 128-бабының талаптарына сәйкес жасаған қорытындыны береді және оны сараптама тағайындаған судьяға, органға (лауазымды адамға) жібереді.
      10. Қорытынды жеткілікті дәрежеде айқын немесе толымды болмаған, сондай-ақ бұрын зерттелген мән-жағдайларға қатысты жаңа мәселелер туындаған жағдайда қосымша сараптама тағайындалуы мүмкін, оны жүргізу нақ сол немесе өзге сарапшыға (сарапшыларға) тапсырылады.
      11. Егер сарапшының қорытындысы жеткілікті дәрежеде негізделмесе не оның дұрыстығына күмән туса, сол объектілерді зерттеу және сол мәселелерді шешу үшін қайтадан сараптама тағайындалуы мүмкін, оны жүргізу сарапшылар комиссиясына тапсырылады, оған осының алдындағы сараптаманы жүргізген сарапшы (сарапшылар) кірмейді.
      12. Судьяның, органның (лауазымды адамның) қосымша және қайтадан сараптама тағайындау туралы ұйғарымы дәлелді болуға тиіс. Сарапшыға (сарапшыларға) қосымша және қайтадан сараптама жүргізу тапсырылған кезде осының алдындағы сараптамалардың нәтижелері бойынша жасалған қорытындылар табыс етілуге тиіс.
      13. Егер сарапшы зерттеу жүргізгенге дейін өзінің алдына қойылған мәселелер өзінің арнаулы білімінің шегінен шығып кететініне не өзіне табыс етілген материалдардың қорытынды беру үшін жарамсыз немесе жеткіліксіз екендігіне, оны толықтыру мүмкін болмайтынына, не ғылымның және сараптама практикасының жай-күйі қойылған мәселелерге  жауап қайтаруға мүмкіндік бермейтініне көзі жетсе, ол қорытынды берудің мүмкін еместігі туралы дәлелді хабарлама жасайды және оны судьяға, органға (лауазымды адамға) жібереді.

      128-бап. Сарапшы қорытындысы

      1. Сарапшы қорытындысы - оның алдына әкімшілік құқық бұзушылық туралы істі жүргізіп жатқан судья, орган (лауазымды адам) қойған мәселелер бойынша істің материалдарын зерттеу нәтижелеріне, оның ішінде арнаулы ғылыми білімдерді пайдалану арқылы жүргізілген заттай дәлелдемелер мен үлгілерге негізделген жазбаша нысанда табыс етілген тұжырымдар. Қорытындыда сарапшының зерттеу кезінде қолданған әдістері, қойылған сұрақтарға жауаптардың негіздемесі және сарапшының өз бастамашылығымен анықталған, іс үшін мәні бар мән-жайлар көрсетіледі.
      2. Қорытындыны сарапшы (сарапшылар) зерттеу жүргізгеннен кейін оның нәтижелерін ескере отырып, өз атынан жасайды, оған ол (олар) қолын қойып, жеке мөрімен куәландырады. Сараптаманы сараптама органы жүргізген жағдайда сарапшының қолы аталған органның мөрімен расталады.
      3. Сарапшының қорытындысында: қашан, қай жерде, кім (тегі, аты, әкесінің аты, білімі, мамандығы, мамандығы бойынша жұмыс стажы, ғылыми дәрежесі және ғылыми атағы, атқаратын қызметі қандай негізде сараптама жүргізілгені, көрінеу жалған қорытынды бергені үшін қылмыстық жауаптылығы туралы өзіне ескертілгені туралы сарапшының қол қоюы арқылы куәландырылған белгі; сарапшының алдына қойылған сұрақтар; сараптама жүргізу кезінде кімнің қатысқаны және қандай түсініктемелер берілгені; сарапшы істің қандай материалдарын пайдаланғаны; қандай объектілердің зерттелгені; қандай зерттеулер жүргізілгені, қандай әдістер қолданылғаны және олардың қандай дәрежеде сенімді екені; қойылған сұрақтарға негізді жауаптар көрсетілуге тиіс. Егер сараптама жүргізу кезінде сарапшы іс үшін маңызы бар, олар туралы сұрақ қойылмаған мән-жайларды анықтаса, ол бұларды өз қорытындысында көрсетуге құқылы.
      4. Сарапшының қорытындысын көрсететін, осы баптың екінші бөлігінде көзделген тәртіппен куәландырылған материалдар (фотокестелер, тәсімдер, графиктер, кестелер) қорытындыға қоса тіркеледі және оның құрамдас бөлігі болып табылады. Қорытындыға зерттеуден кейін қалған объектілер, оның ішінде үлгілер қоса тіркелуге тиіс.
      5. Сарапшының қорытындысы өндірісінде іс жатқан сот, орган (лауазымды адам) үшін міндетті болып табылмайды, бірақ оның қорытындымен келіспеуі дәлелді болуға тиіс.

      129-бап. Маманды іс жүргізу әрекеттеріне қатыстыруға
               тарту

      1. Сот ғылыми-техникалық құралдарды қолдануға консультациялар (түсіндірмелер) беру және көмектесу арқылы дәлелдемелерді жинауда, зерттеуде және бағалауда жәрдем көрсету мақсатында сот отырысына немесе іс жүргізу әрекеттеріне қатыстыру үшін істің нәтижесіне мүдделі емес, арнаулы білімі бар кәмелетке толған адамды маман ретінде тартуы мүмкін.
      Сот тараптың өтінімі бойынша да мамандарды тартуға құқылы. Іске қатысатын адамдар арнаулы білімі бар нақты адамды маман ретінде тарту туралы сотқа өтініш жасай алады.
      2. Маманды тағайындау сот ұйғарымымен ресімделеді
      3. Маман ретінде шақырылған адамның: өзінің шақырылуы мақсатын білуге; егер арналуы білімі мен дағдысы болмаса, іс бойынша іс жүргізуге қатысудан бас тартуға; соттың рұқсатымен іс жүргізу әрекетіне қатысушыларға сұрақтар беруге; іс жүргізу әрекетіне қатысушылардың назарын дәлелдемелерді жинауға, зерттеуге және бағалауға жәрдем көрсету кезінде, ғылыми-техникалық құралдарды қолдану, сараптама тағайындау үшін материалдарды дайындау кезінде өзінің іс-әрекетіне байланысты мән-жайларға аударуға; өзі қатысқан іс жүргізу әрекетінің хаттамасымен, сондай-ақ сот отырысы хаттамасының тиісті бөлігімен танысуға және өзінің қатысуымен жүргізілген әрекеттердің барысы мен нәтижелері көрсетілуінің толымдығы мен дұрыстығына қатысты хаттамаға енгізілуге тиісті мәлімдемелер мен ескертпелер жасауға; соттың іс-әрекетіне шағым жасауға; өзінің іс жүргізу әрекеттеріне қатысуға байланысты өзіне келтірілген шығындарға өтем және іс бойынша іс жүргізуге қатысу оның қызметтік міндеттерінің шеңберіне кірмейтін болса, орындалған жұмыс үшін сыйақы алуға құқығы бар.
      4. Маман болып тағайындалған адам: соттың шақыруы бойынша келуге; арнаулы білімді, дағдылар мен ғылыми-техникалық құралдарды пайдалана отырып, іс жүргізу әрекеттерін жүргізуге және сот ісін қарауға қатысуға; консультациялар беруге, өзі орындаған әрекеттер бойынша түсініктемелер беруге міндетті.

      130-бап. Үлгілерді алу

      1. Судья, орган (лауазымды тұлға) егер үлгілерді зерттеудің іс үшін маңызы бар болса, оларды, оның ішінде тірі адамның, мәйіттің, жануардың, заттың, нәрсенің қасиеттерін бейнелейтін үлгілерді алуға құқылы.
      2. Үлгілерге материалдардың, заттардың, шикізаттардың, дайын өнімнің сынамалары да жатады.
      3. Үлгілерді алу туралы дәлелді ұйғарым шығарылады, онда: үлгілерді алатын адам; үлгілер алынуы тиіс адам (ұйым); нақты қандай үлгілер және қандай санда алынуы тиіс екені; адам үлгілерді алу үшін қашан және кімге келуі тиіс екені; үлгілер алынғаннан кейін олардың қашан және кімге табыс етілуі тиіс екені көрсетілуі қажет.
      4. Үлгілерді судьяның жеке өзі алуы, ал қажет болса, егер бұл әрекет үлгілер алынатын жынысы басқа адамды жалаңаштап шешіндірумен байланысты болмаса және ерекше кәсіби дағдыны талап етпесе, дәрігердің немесе басқа маманның қатысуымен алуы мүмкін. Өзге жағдайларда үлгілерді судьяның тапсырмасы бойынша дәрігер немесе басқа маман алуы мүмкін.
      5. Үлгілерді алу құқығы судьяда, сарапшыда, дәрігерде немесе басқа маманда болады.
      6. Үлгілерді алу сараптамалық зерттеудің бір бөлігі болып табылатын жағдайларда, оны сарапшы жүргізуі мүмкін.
      7. Үлгілер тараптардан, сондай-ақ мүдделі тұлғалардан алынуы мүмкін.
      8. Судья адамды өзіне шақырады, оны, қолхат ала отырып, үлгілерді алғаны туралы ұйғарыммен таныстырады, оған және осы іс жүргізу әрекеттеріне қатысушы өзге де адамдарға олардың құқықтары мен міндеттерін түсіндіреді.
      9. Судьяның жеке өзі немесе маманның қатысуымен қажетті әрекеттерді жүргізеді, үлгілерді алады, оларды орайды және мөр басады.
      10. Үлгілерді алу нәтижелері іс жүргізу әрекеттерінің (сот отырысының) хаттамасында тіркеледі, онда жүргізілу ретін сақтай отырып, үлгілерді алу үшін жасалған әрекеттер, бұл ретте қолданылған ғылыми-зерттеу және басқа да әдістер мен рәсімдер, сондай-ақ үлгілердің өздері жазылады.

      131-бап. Дәрігердің немесе басқа маманның, сондай-ақ
               сарапшының үлгілерді алуы

      1. Судья өзінен үлгілер алынуға тиіс адамды, сондай-ақ тиісті тапсырмасы бар ұйғарымды дәрігерге немесе басқа маманға жібереді. Ұйғарымда осы іс жүргізу әрекетіне барлық қатысушылардың құқықтары мен міндеттері көрсетілуі тиіс.
      2. Дәрігер немесе басқа маман судьяның тапсырмасы бойынша қажетті әрекеттерді жүргізеді және үлгілерді алады. Үлгілер оралады және мөр басылады, одан кейін дәрігер немесе басқа маман жасаған ресми құжатпен бірге судьяға жіберіледі.
      3. Сарапшы зерттеу процесінде сынақ үлгілер дайындауы мүмкін, бұл туралы ол қорытындыда хабарлайды.
      4. Судья мұндай үлгілерді дайындау кезінде қатысуға құқылы, оны өзі жасайтын хаттамада көрсетеді.
      5. Сарапшы зерттеу жүргізгеннен кейін үлгілерді оралған және мөр басылған түрде өзінің қорытындысына қоса тіркейді.
      6. Егер үлгілерді судьяның тапсырмасы бойынша маман немесе сарапшы алған болса, онда ол ресми құжат жасап, оған іс жүргізу әрекетіне барлық қатысушылар қол қояды және іс материалдарына қоса тіркеу үшін судьяға беріледі.
      7. Алынған үлгілер оралған және мөр басылған түрде хаттамаға қоса тіркеледі.

      132-бап. Үлгілерді алу кезінде тұлғаның құқықтарын
               қорғау

      Үлгілерді алу әдістері мен ғылыми-техникалық құралдары адамның өмірі мен денсаулығы үшін қауіпсіз болуы тиіс. Қатты ауыру сезінуін тудыратын күрделі медициналық рәсімдерді немесе әдістерді қолдануға үлгілер алынуға тиісті адам жазбаша келісім бергенде ғана, ал егер ол кәмелетке толмаған немесе психикалық аурумен ауыратын болса, бұған қоса оның заңды өкілдерінің де келісімімен жол беріледі.

      133-бап. Әкімшілік құқық бұзушылық бойынша оған қатысты
               іс жүргізілетін адамның түсініктемесі,
               жәбірленушінің және куәнің жауаптары

      1. Өзіне қатысты іс жүргізіліп жатқан адамның түсініктемесі, жәбірленушінің және куәнің айғақтары аталған адамдардың ауызша немесе жазбаша нысанда хабарлаған, іске қатысы бар мәліметтері болып табылады.
      2. Өзіне қатысты іс жүргізіліп жатқан адамның түсініктемесі, жәбірленушінің және куәнің айғақтары әкімшілік құқық бұзушылық туралы немесе іс жүргізуді қамтамасыз ету шараларын қолдану туралы хаттамада жазылады, қажет болған жағдайда - жауап алу хаттамасымен ресімделіп, іске тігіледі.

      134-бап. Тараптардың және мүдделі тұлғалардың
               түсініктемелері

      1. Тараптардың және мүдделі тұлғалардың іс үшін маңызы бар, өздеріне белгілі мән-жайлар туралы түсініктемелері іс бойынша жиналған басқа да дәлелдемелермен қатар тексеруге және бағалауға жатады.
      2. Көрсетілген тұлғалардың түсініктемелері ауызша және жазбаша болуы мүмкін.
      3. Тараптың талабын немесе қарсылығын негіздейтін фактілерді екінші тараптың мойындауы ол тарапты осы фактілерді одан әрі дәлелдеу қажеттігінен босатады. Тарап мойындаған факті сот отырысының хаттамасына енгізіледі және оған фактіні мойындаған тарап қол қояды. Егер фактіні тану жазбаша өтініште баяндалған болса, ол іске қосып тігіледі.
      4. Егер фактілерді тану шындығында болған мән-жайды жасыру мақсатымен не алдаудың, күш қолданудың, қорқытудың немесе жаңылудың әсерінен жасалғандығына соттың күдігі болса, ол тануды қабылдамай, ол туралы ұйғарым шығарады. Мұндай жағдайда осы фактілер жалпы негізде дәлелденуге тиіс.

      135-бап. Куәнің айғақтары

      1. Іс үшін маңызы бар мән-жайлар туралы қандай да болмасын мәліметтер өзіне белгілі болған тұлға куә болып табылады. Адамның айғағы, егер ол өзінің хабардар болу көзін көрсете алмаса, дәлелдеме деп танылмайды.
      2. Куә ретінде:
      1) балаларды тәрбиелеу туралы даулар бойынша істерді қоспағанда өзінің жастығына, дене немесе психикалық кемістігіне орай фактілерді дұрыс қабылдауға және олар туралы дұрыс айғақ беруге қабілетсіз адамдар;
      2) өкілдің немесе қорғаушының міндетін атқаруына байланысты өздеріне белгілі болған мән-жайлар туралы - азаматтық іс бойынша өкілдер немесе қылмыстық іс бойынша қорғаушылар;
      3) шешім немесе үкім шығару кезінде мәселелерді істің мән-жайын кеңесу бөлмесінде талқылау кезінде туындаған мәселелер туралы - судья;
      4) оларға тәубаға келу кезінде сенім білдірген адамдардан белгілі болған мән-жайлар туралы - дін қызметшілері;
      5) заңда көрсетілген басқа адамдар жауап алуға жатпайды.
      3. Адам өз-өзіне, зайыбына (жұбайына) және шеңбері заңмен белгіленетін жақын туыстарына қарсы сотта куәлік айғақ беруден бас тартуға құқылы.
      4. Куәні шақыру туралы өтінім жасаған адам оның тегін, атын, әкесінің атын және тұратын жерін немесе жұмыс орнын хабарлауға, бұл куәдан жауап алу қажеттілігін негіздеуге міндетті.

      136-бап. Сотта іс қарау кезіндегі куәнің міндеттері мен
               құқықтары

      1. Куә ретінде шақырылған адам сотқа тағайындалған уақытта келуге және шынайы айғақ беруге міндетті.
      2. Науқастығының, қарттығының, мүгедектігінің немесе басқа да дәлелді себептерінің салдарынан соттың шақыруы бойынша келуге жағдайы болмаса, сот куәдан өзі барған жерінде жауап алуы мүмкін.
      3. Көрінеу жалған айғақ бергені және заңда көзделмеген негіздер бойынша айғақ беруден бас тартқаны немесе жалтарғаны үшін куә Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 352, 353-баптарында көзделген жауаптылықта болады.
      4. Куәнің сотқа шақырылуына байланысты шығындарды өтеттіруге және уақытын жоғалтуына байланысты ақылай өтемақы алуға құқығы бар. Шығындар мен өтемақылардың мөлшері Қазақстан Республикасының заңдарымен белгіленеді.

      137-бап. Жазбаша дәлелдемелер

      Іс үшін маңызы бар мән-жайлар туралы мәліметтерді қамтитын актілер, құжаттар, іскерлік немесе жеке сипаттағы хаттар жазбаша дәлелдемелер болып табылады.

      138-бап. Жазбаша дәлелдемелерді жинау тәртібі

      1. Жазбаша дәлелдемелерді тараптар және іске қатысушы басқа да тұлғалар тапсыруы, сондай-ақ олардың өтініші бойынша сот талап етуі мүмкін.
      2. Егер құжаттарда ұйымдар, лауазымды адамдар баяндаған немесе куәландырған мәліметтер азаматтық іс үшін маңызы болса, дәлелдемелер болып танылады. Құжаттарға, соның ішінде осы Кодекстің 58-бабында көзделген тәртіппен алынған, талап етілген немесе табыс етілген компьютерлік хабарламаны қамтитын материалдар, фото және кино түсірілімдер, дыбыс және бейне жазбалар да жатады.
      3. Соттың алдында іске қатысатын немесе қатыспайтын тұлғалардан жазбаша дәлелдемелер талап ету туралы өтінім жасайтын тұлға осы дәлелдемені көрсетуге, оларды өз бетінше алуға кедергі болатын себептерді, өзі дәлелдемелерді сол тұлғаларда деп санайтын негіздерін көрсетуге тиіс.
      4. Соттың азаматтардан немесе заңды тұлғалардан талап ететін жазбаша дәлелдемелері тікелей сотқа жіберіледі.
      5. Сот жазбаша дәлелдеме талап ету туралы өтінім берген тұлғаға соңынан сотқа табыс ету үшін алу құқығын беретін сұрату бере алады.

      139-бап. Жазбаша дәлелдемелерді сақталып тұрған жерінде
               қарау және зерттеу

      Жазбаша дәлелдемелерді сотқа, органға (лауазымды тұлғаға) беру қиын болған ретте сот, орган (лауазымды тұлға) тиісінше куәландырылған көшірмелерді және үзінділерді беруді талап ете алады немесе жазбаша дәлелдемелерді олар сақталып қойылған жерде қарай алады және зерттей алады.

      140-бап. Түпнұсқа жазбаша дәлелдемелерді қайтару

      1. Түпнұсқа жазбаша дәлелдемелер, сондай-ақ істегі жеке хаттар оларды табыс еткен тұлғалардың өтініші бойынша сот шешімі, органның қаулысы заңды күшіне енгеннен кейін оларға қайтарылуы мүмкін. Бұл орайда істе жазбаша дәлелдемелердің судья, орган (лауазымды тұлға) куәландырған көшірмесі қалады.
      2. Жазбаша дәлелдемелер соттың шешімі заңды күшіне енгенге дейін, егер сот мүмкін деп тапса, оларды табыс еткен тұлғаларға қайтарылуы мүмкін

      141-бап. Заттай дәлелдемелер

      Егер заттар өзінің сыртқы түрімен, қасиеттерімен немесе өзге де белгілерімен іс үшін маңызы бар мән-жайды анықтау құралы бола алады деп ұйғаруға негіз болса, олар заттай дәлелдемелер деп танылады.

      142-бап. Заттай дәлелдемелерді сақтау және қарау

      1. Заттай дәлелдемелер істе сақталады немесе айрықша тізілім бойынша соттың, органның (лауазымды тұлғаның) заттай дәлелдемелер сақтау камерасына өткізіледі. Сот, орган (лауазымды тұлға) заттай дәлелдемелерді өзгеріссіз қалпында сақтауға шара қабылдайды.
      2. Сотқа органға (лауазымды тұлғаға) әкелу мүмкін емес заттар тұрған жерінде сақталады. Оларды сот орган (лауазымды тұлға) қарап, хаттамада егжей-тегжейлі сипаттауға, ал қажет болған жағдайда суретке түсіруге және мөрмен бекітілуге тиіс. Заттай дәлелдемелерді қарау хаттамасы іске қосып тігіледі.
      3. Заттай дәлелдемелерді сақтау жөніндегі шығындар осы Кодекстің 152-бабына сәйкес тараптар арасында бөлінуі мүмкін.

      143-бап. Тез бүлінетін заттай дәлелдемелерді қарау

      1. Тез бүлінетін заттай дәлелдемелерді сот, орган (лауазымды тұлға) дереу қарап шығады және зерттейді, одан кейін оларды қарап шығуға әкелген адамға қайтарады.
      2. Мұндай заттай дәлелдемелерді қарап, зерттеу орны мен уақыты туралы іске қатысушы адамдар, егер олар заттай дәлелдемелерді тұрған жерінде қарау кезінде келе алса, хабарланады. Хабарланған іске қатысушы адамдардың келмеуі заттай дәлелдемелерді қарап, зерттеуге кедергі келтірмейді. Қарап шығу және зерттеу деректері хаттамаға енгізіледі.
      3. Тез бүлінетін заттай дәлелдемелерді қарап шығу, оның нәтижелерін жазу осы Кодекстің 142-бабының екінші және үшінші бөліктерінде көзделген тәртіппен жүргізіледі.

      144-бап. Заттай дәлелдемелерге билік ету

      1. Заттай дәлелдемелер, осы Кодекстің 143-бабы бірінші бөлігінде көзделгеннен басқа, соттың органның (лауазымды тұлғаның) шешімі заңды күшіне енгеннен кейін олар алынған адамдарға қайтарылады немесе сот орган (лауазымды тұлға) бұл заттарға құқығын таныған адамдарға беріледі немесе сот белгілеген тәртіппен өткізіледі.
      2. Заң бойынша азаматтардың иелігінде бола алмайтын заттар тиісті ұйымдарға беріледі.
      3. Заттай дәлелдемелер оларды сот, орган (лауазымды тұлға) қарап шығып зерттегеннен кейін, егер олар алынған тұлғалар өтінім жасаса және мұндай өтінімді қанағаттандыру істі дұрыс шешу үшін кедергі келтірмесе, іс жүргізу аяқталғанға дейін оларға қайтарылуы мүмкін.
      4. Заттай дәлелдемелерге билік ету мәселелері бойынша сот, орган (лауазымды тұлға) ұйғарым шығарады.

      145-бап. Дәлелдеу процесіндегі ғылыми-техникалық құралдар

      1. Іске қатысушы адамдар - дәлелдемелерді жинау мақсатында, сондай-ақ сот, орган (лауазымды тұлға) оларды зерттеу және бағалау мақсатында ғылыми-техникалық құралдарды пайдалануға құқылы.
      2. Ғылыми-техникалық құралдарды пайдалану кезінде жәрдем көрсету үшін сот, орган (лауазымды тұлға) маман шақыруы мүмкін.
      3. Ғылыми-техникалық құралдарды қолдануға, егер олар:
      1) заңда тікелей көзделсе немесе оның нормалары мен принциптеріне қайшы келмесе;
      2) ғылымилығы жарамды болса;
      3) іс бойынша іс жүргізудің тиімділігін қамтамасыз ететін болса;
      4) қауіпсіз болса, жол беруге болады деп танылады.
      4. Ғылыми-техникалық құралдарды жасырын қолданудың нәтижесі, мұндай қолдануға заңмен жол берілетін жағдайларды қоспағанда, дәлелдеме ретінде пайдаланылмайды.
      5. Ғылыми-техникалық құралдарды пайдалану тарап ұсынған анықтамамен белгіленеді немесе ғылыми-техникалық құралдардың деректері, оларды пайдаланудың шарттары мен тәртібі, бұл құралдар қолданылған объектілер және оларды пайдаланудың нәтижелері көрсетіле отырып, сот жүргізген тиісті іс жүргізу іс-әрекеттерінің хаттамаларында көрсетіледі.
      6. Ғылыми-техникалық құралдардың көмегімен алынған құжаттар мен басқа да материалдарды зерттеу, сақтау және оларға билік ету осы Кодекстің 142 және 144-баптарында көзделген тәртіппен жүзеге асырылады.

      146-бап. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама

      1. Осы Кодекстің 161-бабында көзделген жағдайларды қоспағанда, әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттаманы соған уәкілетті лауазымды адам әрбір құқық бұзушылық бойынша жеке жасайды.
      2. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттамада:
      оны жасау күні мен орны;
      хаттама жасаған тұлғаның лауазымы, тегі және аты-жөні;
      іс қозғалған тұлға туралы мәліметтер (жеке тұлғалар үшін - тегі, аты, әкесінің аты, туылған күні, тұрғылықты мекенжайы, жеке басын куәландыратын құжаттың атауы мен реквизиттері, тұрғылықты мекенжайы бойынша тіркеу туралы мәліметтер, жұмыс орны);
      заңды тұлғалар үшін - атауы, ұйымдық-құқықтық нысаны, мекенжайы, заңды тұлға ретінде мемлекеттік тіркеудің нөмірі мен күні;
      әкімшілік құқық бұзушылық жасалған орны, уақыты мен мәні;
      осы құқық бұзушылық үшін әкімшілік жауаптылық көзделген Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық кодексінің бабы (бап бөлігі);
      куәлар мен жәбірленушілердің, егер ондай болса, тегі, аты, әкесінің аты, мекенжайы;
      іс қозғалған жеке тұлғаның немесе заңды тұлғаның заңды өкілінің түсіндірмесі;
      егер ол әкімшілік құқық бұзушылықты анықтау мен тіркеу кезінде пайдаланылған болса, метрологиялық тексерістің атауы, нөмірі, күні, техникалық құралдың көрсеткіші;
      хаттама жасау тілі;
      істі шешу үшін қажетті басқа да мәліметтер, сондай-ақ әкімшілік құқық бұзушылық жасау фактісін растайтын құжаттар тігіледі.
      3. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама жасау кезінде іс қозғалған жеке тұлғаға немесе заңды тұлғаның заңды өкіліне, сондай-ақ іс бойынша іс жүргізуге басқа да қатысушыларға олардың құқықтар мен міндеттері түсіндіріледі, ол туралы хаттамада белгі қойылады.
      4. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттамаға оны жасаған адам және осы бапта көзделген жағдайларды қоспағанда, әкімшілік құқық бұзушылық жасаған адам қол қояды. Жәбірленушілер мен куәлар болғанда, сондай-ақ куәгерлер қатысқан жағдайда, олар да қол қояды.
      5. Әкімшілік құқық бұзушылық жасаған, тиісінше хабарланған адам болмағанда немесе келмегенде әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттамаға оны жасаған адам, әкімшілік құқық бұзушылық жасаған адам болмағаны немесе келмегені туралы белгі қойып, қол қояды.
      6. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қозғалған адам әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс бойынша хаттаманы қолы қойғызылып, алудан бас тартса, хаттаманы жасаған адам ол туралы тиісті жазба жүргізеді.
      7. Іс қозғалған жеке тұлғаға немесе заңды тұлғаның заңды өкіліне әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттамамен танысу мүмкіндігі берілуі тиіс. Аталған адамдар хаттаманың мазмұны бойынша түсіндірмелері мен ескертулерін, сондай-ақ осы хаттамаға тігілетін оған қол қоюдан бас тартудың өз себептерін баяндауға құқылы. Осы адамдар әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттамаға қол қоюдан бас тартқан жағдайда, онда тиісті жазба жүргізіледі.
      8. Іс қозғалған жеке тұлғаға немесе заңды тұлғаның заңды өкіліне, сондай-ақ жәбірленушіге, осы бөлікте көзделген жағдайларды қоспағанда, әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттаманың көшірмесі оны жасағаннан кейін қол қойғызылып, дереу тапсырылады.
      Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексте көзделген негіздер бойынша іс қозғалған адам болмағанда әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама жасалған жағдайда, іс қозғалған адамға хабарлай отырып, тапсырыс хатпен почта арқылы жіберіледі.

7-тарау. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс жүргізуді қамтамасыз ету шараларын қолдану

      147-бап. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс жүргізуді
               қамтамасыз ету шаралары

      1. Осы Кодексте көзделген әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс жүргізуді қамтамасыз ету шаралары құқық бұзушының жеке басын анықтауға және әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама жасауға, әкімшілік құқық бұзушылық туралы істің уақытылы және дұрыс қаралуын қамтамасыз етуге және сот, уәкілетті органның (лауазымды тұлғаның) заңды күшіне енген қаулысының орындалуына бағытталған.
      2. Жеке тұлғаларға қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс жүргізуді қамтамасыз ету шаралары ретінде мынадай шаралар:
      1) әкімшілік ұстау;
      2) алып келу;
      3) жеке тексеріп шығу және көлік құралын, шағын көлемді кемені және заттарды тексеріп шығу;
      4) әкімшілік құқық бұзушылыққа қатысы бар құжаттар мен заттарды алып қою;
      5) көлік құралын немесе шағын көлемді кемені жүргізуден шеттету;
      6) көлік құралын немесе шағын көлемді кемені ұстау, сол сияқты оны әрі қарай пайдалануға тыйым салу;
      7) әкімшілік құқық бұзушылыққа қатысы бар тұрғын емес үй-жайлар мен аумақты тексеру;
      8) әкімшілік құқық бұзушылықпен байланысты алкогольмен, есірткімен немесе уытқұмарлықпен масаю күйін медициналық куәландыру;
      9) әкімшілік құқық бұзушылық жасау қаруы немесе заты болып табылған заттарды алып қою;
      10) әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама жасау орнына жеткізу;
      11) дара кәсіпкердің қызметін немесе қызметінің жекелеген түрлерін, сотқа азаматтық іс жүргізу тәртібінде көрсетілген мерзімде талап арызды міндетті түрде ұсына отырып, үш күннен аспайтын мерзімге тоқтата тұру қолданылуы мүмкін.
      3. Заңды тұлғаға қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс  жүргізуді қамтамасыз ететін мынадай шаралар қолданылуы мүмкін:
      1) заңды тұлғаға тиесілі үй-жайларды, аумақтарды, көлік құралдарын және әкімшілік құқық бұзушылыққа қатысы бар өзге де заттарды қарап шығу;
      2) әкімшілік құқық бұзушылыққа қатысы бар құжаттарды алып қою;
      3) заңды тұлғаның қызметін немесе қызметінің жекелеген түрлерін, сотқа азаматтық іс жүргізу тәртібінде көрсетілген мерзімде талап арызды міндетті түрде ұсына отырып, үш күннен аспайтын мерзімге тоқтата тұру.
      4. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс жүргізуді қамтамасыз ету шараларын лауазымды адам өзі шығарған анықтама негізінде қолданылады.
      5.  Әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс жүргізуді қамтамасыз етудің заңсыз қабылданған шаралары келтірген зиян Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінде көзделген негіздер бойынша азаматтық сот ісін жүргізу тәртібінде өтелуге жатады.

      148-бап. Жеткізу

      1. Құқық бұзушылықтың жолын кесу, құқық бұзушының жеке басын анықтау, сондай-ақ әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттаманың жасалуы міндетті болып, оны сол болған жерінде жасау мүмкін болмаса, хаттама жасау мақсатында жеке адамды, заңды тұлғаның заңды өкілін мына жағдайларда:
      1) қоғамдық тәртіпті, сондай-ақ көлік құралдарын пайдалану ережелерін, жүріс тәртібі мен қауіпсіздігін қорғау жөніндегі ережелерді, көлікте жүктің сақталуын қамтамасыз етуге бағытталған ережелерді, өрт қауіпсіздігі ережелерін, көлікте санитариялық-гигиеналық және санитариялық эпидемиологияға қарсы ережелерді бұзғанда, егер оның жеке басын куәландыратын құжаттары және ол туралы қажетті деректер хабарлауы мүмкін куәгерлер жоқ болса, сондай-ақ оның көлік құралына деген қажетті құжаттары болмаса, уәкілдік берілген адам ішкі істер органына (полицияға);
      2) орман бұзылғанда немесе аң аулау ережелері, балық аулау және балық қорын қорғау ережелері бұзылғанда және жануарлар дүниесін қорғау мен пайдалану туралы заңдар басқаша түрде бұзылғанда - орман және аң шаруашылығы мемлекеттік және ведомстволық күзетінің қызметкерлері аң аулау ережелерінің сақталуына мемлекеттік қадағалауды жүзеге асыратын органдардың, уәкілдік берілген балық қорғау органдарының уәкілетті лауазымды адамдары, жануарлар дүниесінің қорғалуы мен пайдаланылуына мемлекеттік және ведомстволық бақылауды жүзеге асыратын басқа органдардың лауазымды адамдары, қорықтардың және басқа да айрықша қорғалатын табиғи аумақтардың лауазымды адамдары, сондай-ақ ішкі істер органдарының (полицияның) қызметкерлері ішкі істер органдарына (полицияға) немесе жергілікті басқару органына;
      3) қорғалатын объектілерге, басқа да бөтен мүлікке қол сұғушылықпен байланысты әкімшілік құқық бұзушылық жасалғанда - әскерилендірілген күзет қызметкерлері әскерилендірілген күзеттің қызметтік үй-жайына немесе ішкі істер органына (полицияға);
      4) Қазақстан Республикасы Мемлекеттік шекарасының режимі, шекара және кеден режимдері, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік және кеден шекаралары арқылы өту бекеттеріндегі режим бұзылғанда, Қазақстан Республикасы шекара қызметі органдары әскери қызметшісінің, өзге әскерлер, әскери құрамалар әскери қызметшілерінің, ішкі істер органдары (полиция) қызметкерінің заңды өкіміне немесе талабына бағынбағанда - әскери қызметші, ішкі істер органдарының (полицияның) қызметкері немесе Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын қорғау жөніндегі міндетті атқарушы басқа жеке тұлға бөлімшеге, әскери бөлімге, Қазақстан Республикасы шекара қызметі органына, ішкі істер органына (полицияға), жергілікті басқару органына;
      5) кеден ісі саласында құқық бұзушылық жасалғанда - кеден органының, ішкі істер органының (полицияның) қызметкерлері кеден органының, ішкі істер органының қызметтік үй-жайына (полицияға);
      6) кәсіпкерлік қызмет, сауда және қаржы, салық салу саласында белгіленген басқару тәртібіне және мемлекеттік билік институттарына қол сұғатын құқық бұзушылық жасалғанда сыбайлас жемқорлықпен құқық бұзушылық жасалғанда - қаржы полициясы органдарының қызметтік үй-жайында қаржы полициясы органдарының қызметкерлері;
      7) күзетілетін адамдардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі күзет іс-шараларын жүргізу кезінде құқық бұзушылықтар жасалғанда - Қазақстан Республикасы Президентінің Күзет қызметінің қызметкерлері;
      8) өзге де әкімшілік құқық бұзушылық жасалғанда прокурордың тиісті тапсырмалары болған жағдайда - ішкі істер органдары қызметкерлері ішкі істер органына (полицияға) немесе өзге де мемлекеттік органға жеткізуді, яғни мәжбүрлеп келтіруді жүзеге асырады.
      2. Қазақстан Республикасының континенттік қайраңында, аумақтық суларында (теңізінде) және ішкі суларында құқық бұзушылық жасалған жағдайда кім екені жергілікті жерле анықталуы мүмкін емес тәртіп бұзушы, сондай-ақ Қазақстан Республикасының континенттік қайраңында заңсыз әрекетті жүзеге асыру үшін пайдаланылатын, тексеру кезінде кімдікі екені анықталуы мүмкін емес кемелер мен әкімшілік құқық бұзушылық жасау құралдары құқық бұзушылықтың жолын кесу үшін, сондай-ақ тәртіп бұзушының кім екенін және ұсталған кемелердің, құқық бұзушылық жасау құралдарының кімдікі екенін анықтау және әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама жасау үшін Қазақстан Республикасының портына (шетел кемелері - шетел кемелерінің келіп кіруіне ашық Қазақстан Республикасы порттарының біріне) жеткізілуге тиіс.
      3. Жеткізу мүмкіндігінше қысқа мерзімде жүзеге асырылуға тиіс.
      4. Жеткізу туралы хаттама жасалады не әкімшілік құқық бұзушылық немесе әкімшілік ұстау туралы хаттамаға тиісті жазба жазылады.

      149-бап. Әкімшілік ұстау.

      Жеке адамды әкімшілік ұстау жеке бас бостандығынан және еркін жүріп-тұруын белгілі бір уақыт ішінде қысқа мерзімді мәжбүрлеп шектеуді білдіреді.
      Әкімшілік түрде ұсталған адамдар адамдардың басқа санаттарынан (күдіктілерден, айыпталушылардан, сотталушылардан, сотталғандардан) бөлек, санитарлық талаптарға жауап беретін арнаулы орында ұсталуға тиіс.
      2. Әкімшілік ұстау адам жасаған әкімшілік құқық бұзушылықтың жолын кесу немесе оның жеке басын анықтау мақсатында:
      1) ішкі істер органдары (полиция);
      а) ұсақ бұзақылық жасалғанда;
      б) қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысатын адам, әскери қызметші қоғамдық тәртіпті сақтау жөніндегі өз міндеттерін орындау кезінде олардың заңды өкіміне немесе талабына қасақана бағынбаған;
      в) жол жүрісі ережесін масаю күйінде бұзғанда;
      г) әскери қызметші бөлімді немесе қызмет орнын өз еркімен қалдырғанда жүргізілуі мүмкін.
      Әскери қызметшіні әкімшілік ұстау кезінде әскери қызметші әскери қызметін өтіп жатқан әскери комендатураға немесе әскери бөлімге дереу хабарланады;
      д) шетелдіктердің Қазақстан Республикасының аумағында болу тәртібін бұзған кезінде;
      е) заңсыз аң аулау, жануарлар әлемін пайдалану, ағаштар мен  бұталарды кесу, жасыл желектерді жою мен бүлдіру, балық аулау ережелерін бұзғанда;
      2) төтенше жағдай жарияланған жердің комендатурасы мен әскери  сақшылар - төтенше жағдай режимі бұзылған жағдайда;
      3) шекара қызметінің органдары - Мемлекеттік шекара режимі, шекара режимі, Мемлекеттік шекара арқылы өткізу пункттеріндегі режим бұзылғанда;
      4) күзетілетін объектілерге қол сұғушылыққа байланысты құқық  бұзушылық жасалған жағдайда - күзетілетін объект орналасқан жердегі аға әскери қызметші, ішкі істер органдарының қызметкері, әскерилендірілген күзеттің лауазымды адамы;
      5) балық қорғау органдары, орман және аң шаруашылығы органдары, аң аулау ережелерінің сақталуына мемлекеттік қадағалауды жүзеге асыратын органдар - осы органдар сақталуын бақылауды жүзеге асыратын ережелер бұзылған жағдайда - осы органдар;
      6) Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің, Қазақстан Республикасының басқа да әскерлері мен әскери құрамаларының көлік  құралдарын жүргізетін жүргізушілер жол қозғалысы ережелерін бұзған  жағдайда - әскери автомобиль полициясының лауазымды адамдары;
      7) табиғат қорғау заңдары бұзылған жағдайда - қоршаған ортаны қорғау және табиғи ресурстарды, қорықтар мен басқа да ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды пайдалану саласындағы мемлекеттік бақылау органдары;
      8) кеден заңдары бұзылған жағдайда - кеден органдарының лауазымды адамдары;
      9) егер құқық бұзушылық күзетілетін адамдардың қауіпсіздігін  қамтамасыз ету жөніндегі күзет іс-шараларын жүргізу кезінде жасалса - Қазақстан Республикасы Президентінің Күзет қызметінің лауазымды адамдары;
      10) белгіленген басқару тәртібіне және мемлекеттік билік  институттарына қол сұғатын кәсіпкерлік қызмет, сауда және қаржы, салық салу салаларындағы құқық бұзушылықтарды, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарын жасаған кезде әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істердің ведомстволық бағыныстылығына сәйкес - қаржы полициясы органдарының лауазымды адамдары;
      11) Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінде көзделген әкімшілік құқық бұзушылықты жасағанда -  контртеррористік операцияға басшылықты жүзеге асыратын лауазымды  адамдар жүргізуі мүмкін.

      150-бап. Әкімшілік ұстаудың тәртібі

      1. Әкімшілік ұстау жөнінде осындай ұстауды жүзеге асырған тұлға әкімшілік ұстау хаттамасын жасайды.
      Хаттамада:
      1) оның жасалған күні, уақыты және орны;
      2) әкімшілік ұстау туралы шешім қабылдаған адамның лауазымы,  тегі және аты-жөні;
      3) ұсталған адамның жеке басы туралы мәліметтер;
      4) уақыты (іс жүзінде ұсталған күні, сағаты, минуты);
      5) орны және негізі көрсетіледі.
      Хаттамаға оны жасаған лауазымды адам мен ұсталған адам, ал қажет болғанда адвокат та қол қояды. Әкімшілік ұстау туралы хаттаманың көшірмесі ұсталған адамға тапсырылады
      Ұсталған адам хаттамаға қол қоюдан бас тартқан жағдайда бұл туралы хаттамада жазылады.
      2. Ұсталған адамның өтініші бойынша оның қайда екендігі туралы туыстары, сондай-ақ қорғаушысы хабардар етіледі.
      3. Он алты жасқа дейінгі кәмелетке толмаған адамның ұсталуына жол берілмейді.
      Он алтыдан он сегіз жасқа дейін кәмелетке толмаған адамның әкімшілік ұсталғаны туралы кәмелетке толмағанның ата-анасы (қорғаншысы, қамқоршысы), сондай-ақ ұсталғанның болу орнына адвокатты жіберуге міндетті заң консультациясы дереу хабардар етіледі.

      151-бап. Әкімшілік ұстау мерзімдері

      1. Әкімшілік ұстау осы баптың 2 және 3 бөліктерінде көзделген жағдайларды қоспағанда, үш сағаттан ұзақ болмауы керек.
      2. Төтенше жағдай жарияланған жердің комендатурасы, сондай-ақ шекара қызмет органдары, шекара қызметі органдары және контртеррористік операция жүргізу кезінде адамды әкімшілік ұстау қырық сегіз сағаттан ұзақ болмауы керек.
      3. Жасағаны үшін санкция әкімшілік қамау түріндегі әкімшілік жазаны көздейтін әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс жүргізу қозғалған адам әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қаралғанға дейін, бірақ қырық сегіз сағаттан аспайтын уақытқа әкімшілік ұстауға тартылуы мүмкін.
      4. Егер ұстау мерзімі үш сағаттан артық созылса, осындай ұстауды жүзеге асырған орган әкімшілік ұстау туралы прокурорға кідіріссіз хабардар етеді.
      5. Әкімшілік ұстау мерзімі жеке тұлғаның жеке бостандығынан іс  жүзінде айыру сәтінен бастап есептелінеді.

      152-бап. Мерзімді есептеу

      1. Осы Кодексте белгіленген мерзімдер сағатпен, тәулікпен, айлармен және жылдармен есептеледі.
      2. Мерзімді есептеу кезінде мерзім басталатын сағат пен тәулік есепке алынбайды. Бұл ереженің ұстау кезіндегі мерзімді есептеуге қатысы жоқ.
      3. Мерзімді есептеу кезінде оған жұмыстан тыс уақыт та қосылады.
      4. Мерзім тәулікпен есептелген кезде мерзім алғашқы тәуліктің нөл сағатынан кейін есептеліп, мерзімнің соңғы тәулігінің жиырма төрт сағатында аяқталады.
      5. Мерзім айлармен немесе жылдармен есептелген кезде мерзім соңғы айдың тиісті күнінде аяқталады, ал егер бұл айда тиісті күн жоқ болса, мерзім осы айдың соңғы күні аяқталады. Әкімшілік ұстау мен әкімшілік қамауға алу кезінде мерзімді есептеу жағдайларын қоспағанда, егер мерзімнің аяқталуы жұмыс істемейтін (демалыс, мереке) күнге тура келсе, онда одан кейінгі бірінші жұмыс күні мерзімнің соңғы күні болып есептеледі.
      6. Он алтыдан он сегіз жасқа дейін кәмелетке толмаған адамды  әкімшілік ұстау мерзімі осы баптың 1 немесе 2 бөлігінде тиісінше көзделген ұстау мерзімінің жартысынан аспауға тиіс.

      153-бап. Әкімшілік ұстауға тартылған адамдарды ұстау орны
               мен тәртібі

      1. Әкімшілік ұстауға тартылған адамдар арнайы осыған бөлінген, санитария талаптарына сәйкес келетін және оларды өз еркімен тастап кету мүмкіндігін болдырмайтын үй-жайларда ұсталады.
      2. Әкімшілік ұстауға тартылған адамдарды ұстаудың талаптарға, ондай адамдарды тамақтандыру нормасы мен оларға медициналық қызмет көрсету тәртібін Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілейді.
      3. Өздеріне қатысты әкімшілік ұстау қолданылған кәмелетке  толмағандар ересек адамдардан бөлек ұсталады.

      154-бап. Әкімшілік іс жүргізудегі алып келу

      1. Осы Кодекстің 147-бабында көзделген жағдайларда, өздеріне қатысты әкімшілік іс жүргізіліп жатқан жеке адамды не заңды тұлғаның заңды өкілін, әкімшілік жауапқа тартылушы кәмелетке толмаған адамның заңды өкілін алып келу жүргізіледі.
      2. Алып келуді қаржы полициясы органдары қарайтын әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істер бойынша тиісінше Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі мен Экономикалық және сыбайлас жемқорлық қылмыстарға қарсы күрес жөніндегі агенттігі (қаржы полициясы) белгілеген тәртіппен әкімшілік құқық бұзушылық туралы істі қарап жатқан судьяның ұйғарымы негізінде, ал егер де тиісінше хабардар етілген осы Кодекстің 84, 87, 88, 100-баптарында көрсетілген адамдар екі және одан да көп әкімшілік құқық бұзушылық туралы істі қараған органның (лауазымды адамның) шақыртуымен келмеген жағдайда, аталмыш органның (лауазымды адамның) қаулысы негізінде ішкі істер және қаржы полициясы органдары жүргізеді.

      155-бап. Адамның жеке басын тексеру және оның қолындағы
               заттарды тексеру

      1. Адамның жеке басын тексеру, оның қолындағы заттарды тексеру әкімшілік құқық бұзушылық жасау құралдарын не нысанасын табу мақсатында жүргізіледі
      2. Жеке басын тексеруді тексерілушімен бір жыныстағы адам жүргізеді. Тексеруге осы жыныстас екі куәгер қатысады.
      Егер жеке тексеруді медициналық қызметкер жүргізсе, онда тексерілуші адамның жыныстас болуы қолданылмайды.
      3. Жеке адамның қолындағы заттарды (қол жүгін, теңдеме жүкті, аң және балық аулау құралдарын, олжалаған өнімі мен өзге де заттарды) тексеріп қарау олардың құрылғылық тұтастығын бұзбай жүргізіледі. Заттарды қарау оған уәкілетті лауазымды адамдар осы заттарды меншіктенуші немесе иеленуші адамның қатысуымен және екі куәгердің қатысуымен жүргізеді.
      4. Жеке адамның қолында айналасындағылардың өмірі мен  денсаулығына зиян келтіру үшін пайдаланылуы мүмкін қару немесе өзге заттар бар деуге негіз болған ерекше жағдайларда жеке басын тексеру куәларсыз жүргізілуі мүмкін. Осындай тексерудің жүргізілуі туралы жиырма төрт сағат ішінде прокурорға хабарланады. Адамды жеке тексеру осы баптың 2 бөлігінде белгіленген талаптары сақтала отырып, жүргізілуге тиіс.
      5. Адамның жеке басын тексеру, оның қолындағы заттарды тексеру  жөнінде хаттама жасалады.
      Хаттамада оның жасалған күні мен орны, тексеру жүргізген адамның тегі мен аты-жөні, хаттаманы жасаған адамның аты-жөні, жеке басы тексерілген адам, жеке адамда болған заттардың түрі, саны және өзге де тақылеттестік белгілері туралы, куәгерлердің тегі аты, әкесінің аты, мекенжайы туралы мәліметтер көрсетіледі.
      Қажет болған жағдайларда фотоға және киноға түсіру, бейнежазба жүргізіледі, заттай дәлелдемелерді көрсетудің белгіленген өзге де әдістері қолданылады. Фото- және кино түсірілімдерін, бейнежазбаны, заттай дәлелдемелерді көрсетудің өзге де белгіленген құралдарын қолданып, тексеру жүргізу кезінде алынған материалдар тиісті хаттамаға қоса тіркеледі.
      Жеке адамды тексеру кезінде фото- және кино түсірілімінің, бейнежазбаны қолдануға тыйым салынады.
      6. Адамның жеке басын тексеру, ондағы заттарды тексеру хаттамасына оны жасаған лауазымды адам, жеке басы тексерілген адам, тексерілген заттар иесі, куәгерлер қол қояды.
      Жеке басы тексерілген адам, тексерілген заттар иесі хаттамаға қол қоюдан бас тартқан жағдайда, хаттамаға тиісті жазба жасалады.
      Адамның жеке басын тексеру жөніндегі хаттаманың көшірмесі өзіне қатысты іс жүргізіліп жатқан адамға, оның заңды өкіліне тапсырылады.

      156-бап. Көлік құралдарын, шағын көлемді кемелерді
               тексеру

      1. Көлік құралдарын, шағын көлемді кемелерді тексеру әкімшілік құқық бұзушылық жасау құралдарын не нысанасын табу мақсатында жүргізіледі.
      2. Көлік құралдарын, шағын көлемді кемелерді тексеруді, яғни  құрылғылық тұтастығын бұзбай жүзеге асырылады. Тексеруді уәкілдік берілген екі куәгердің қатысуымен жүргізіледі.
      Ерекше жағдайларда (жету қиындық тудыратын жерлерде, тиісті қатынас құралдары болмаған кезде. Немесе басқа да объективті себептерге байланысты жеке тұлғаларды куәгерлер ретінде тартуға мүмкіндік болмағанда) көлік құралдарын, шағын көлемді кемелерді тексеру, яғни құрылымдық тұтастығын бұзбай жүзеге асырылатын зерттеу куәгерлердің қатысуынсыз, бірақ бұл ретте оның барысы мен нәтижелерін айғақтап көрсететін техникалық құралдар қолданыла отырып жүргізілуі мүмкін.
      3. Көлік құралдарын, шағын көлемді кемелерді тексеру оларды иеленуші адамдардың не оның өкілінің немесе заңды негізде көлік құралдарын, шағын көлемді кемелерді жүргізетін адамның қатысуымен жүргізіледі.
      4. Қажет болған жағдайларда көлік құралдары мен шағын көлемді кемелерді тексеру кезінде анықталған заттарды көрсету мақсатында фотоға, киноға түсіріліп, бейнежазба жасалады.
      5. Көлік құралдарын, шағын көлемді кемелерді тексеру туралы хаттама жасалады.
      Көлік құралдарын, шағын көлемді кемелерді тексеру хаттамасында оның жасалған күні мен орны, хаттама жасаған адамның лауазымы, аты-жөні, тексерілген көлік құралын, шағын көлемді кемені иеленуші адамның жеке басы туралы мәліметтер, көлік құралының, шағын көлемді кеменің тұрпаты, маркасы, үлгісі, мемлекеттік тіркеу нөмірі, өзге де тақылеттестік белгілері туралы мәліметтер көрсетіледі.
      6. Тексеру хаттамасында фото- және кино түсірілімдері, бейнежазба, құжаттарды көрсетудің белгіленген өзге де әдістері қолданылғаны туралы жазба жасалады. Фото- және кино түсірілімдерін, бейнежазба, заттай дәлелдемелерді көрсетудің белгіленген өзге де құралдарын қолданып, тексеру жүргізу кезінде алынған материалдар тиісті хаттамаға қоса тіркеледі.
      7. Көлік құралдарын, шағын көлемді кемелерді тексеру хаттамасына оны жасаған лауазымды адам, өзіне қатысты іс жүргізіліп жатқан адам, тексеру жүргізілген көлік құралының, шағын көлемді кеменің иесі не оның өкілі қол қояды. Өзіне қатысты іс жүргізіліп жатқан адам, тексеру жүргізілген көлік құралының, шағын көлемді кеменің иесі, оның өкілі хаттамаға қол қоюдан бас тартқан жағдайда хаттамаға тиісті жазба жасалады.
      Бұл хаттаманың көшірмесі тексерілген көлік құралдарын, шағын көлемді кемелерді иеленуші адамға, не оның заңды өкіліне немесе заңды негізде көлік құралдарын, шағын көлемді кемелерді жүргізетін адамға тапсырылады.

      157-бап. Тексеру

      Әкімшілік құқық бұзушылықтың іздерін, өзге де материалдық объектілерді, сондай-ақ әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттаманы толтыру үшін маңызы бар мән-жайларды анықтау мақсатында уәкілетті лауазымды адам өз өкілеттіктері шегінде сол жерді, заттарды, құжаттарды, тірі адамдарды тексеруге құқылы.

      158-бап. Тексеру жүргізудің жалпы ережелері

      1. Тексеру, әдетте, қажеттілік туындаған жағдайда дереу жүргізіледі. Тексеру жүргізілгені туралы хаттама толтырылады. Хаттамада оның жасалған күні мен орны, хаттаманы жасаған адамның лауазымы, тегі, аты-жөні, тексерілген адам, заттардың түрі, саны, өзге де ұқсас белгілері туралы, соның ішінде қарудың тұрпаты, маркасы, үлгісі, калибрі, сериясы, нөмірі, белгілері, оқ-дәрілердің, арнайы жедел іздестіру іс-шараларын жүргізуге арналған арнайы техникалық құралдардың және ақпаратты қорғаудың криптографиялық құралдарының саны мен түрі туралы мәліметтер көрсетіледі.
      Тексеру хаттамасына оны жасаған лауазымды адам, тексерілген адам, тексерілген заттардың иесі, куәгерлер қол қояды. Тексеруге жатқызылған адам, тексерілген заттар иесі хаттамаға қол қоюдан бас тартқан жағдайда, оған тиісті жазба жасалады.
      2. Тірі адамдарды тексеруді әкімшілік құқық бұзушылық туралы  хаттама жасауға құқықты лауазымды адамдар жүргізеді. Тірі адамдарды тексеруді тексерілушімен жынысы бірдей адам және жынысы осындай екі куәгердің қатысуымен жүргізеді.
      Тірі адамның заттарын, заттай дәлелдемелерін тексеруді, яғни олардың құрылымдық тұтастығын бұзбай жүзеге асырылатын тексеруді, әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама жасауға уәкілетті лауазымды адамдар осы заттарды меншіктенуші немесе иеленуші адамның қатысуымен және екі куәгердің қатысуымен жүргізеді.
      Тірі адамда айналадағылардың өмірі мен денсаулығына зиян келтіру үшін пайдаланылуы мүмкін қару немесе өзге заттар бар деуге негіз болған ерекше жағдайларда оның жеке басын тексеру, заттарын тексеру бұл туралы жиырма төрт сағат ішінде прокурорға хабарланып, куәгерлерсіз жүргізілуі мүмкін.
      3. Осы баптың екінші бөлігінде көрсетілгендерді қоспағанда, орындарды, заттарды, құжаттарды тексеру, куәгерлердің қатысуымен жүргізіледі. Ерекше жағдайларда (жету қиындық тудыратын жерлерде, тиісті байланыс құралдары болмаған кезде немесе басқа объективті себептерге байланысты жеке тұлғаларды куәгерлер ретінде тартуға мүмкіндік болмағанда) тексеру куәгерлердің қатысуынсыз, бірақ бұл ретте оның барысы мен нәтижелерін айғақтап көрсететін техникалық құралдар қолданыла отырып жүргізіледі.
      4. Қажет болған жағдайда тексеру құқық бұзушының, жәбірленушінің, куәлердің, сондай-ақ маманның қатысуымен жүргізіледі.
      5. Табылған іздер мен өзге де материалдық объектілерді тексеру әкімшілік құқық бұзушылық жасалған жерде жүзеге асырылады. Егер тексеру үшін қосымша уақыт қажет болса немесе табылған затты сол жерде тексеруге елеулі қиындықтар туындайтын болса, объектілер алып қойылуы және буып-түйілген, мөр басылған күйінде, зақым келтірілмей, тексеруге қолайлы жерге жеткізілуі мүмкін.
      6. Тексеру кезінде барлық табылған және алып қойылған заттар куәгерлерге, басқа да тексеруге қатысушыларға көрсетілуге тиіс, ол жөнінде хаттамаға белгі қойылады.
      7. Іске қатысы бар объектілер ғана алып қойылуға тиіс. Алып қойылған объектілер буып-түйіліп, мөр басылады және уәкілетті лауазымды адам мен куәгерлердің қол қоюы арқылы расталады.
      8. Тексеруге қатысушы адамдар олардың пікірінше істің мән-жайын анықтауға септігін тигізуі мүмкін дегеннің бәріне уәкілетті лауазымды адамның назарын аударуға құқылы.
      9. Қажет болған жағдайларда тексеру кезінде тексерілетін объектілер өлшенеді, олардың жоспарлары мен сызбалары жасалады, сондай-ақ суретке түсіріледі және өзге де құралдармен түсіріліп алынады, ол туралы хаттамаға белгі жасалып, оған аталған материалдар қоса тіркеледі.
      10. Тексеру хаттамасының көшірмесі өзіне қатысты іс жүргізіліп жатқан адамға не оның заңды өкіліне тапсырылады.

      159-бап. Заттар мен құжаттарды алып қою

      1. Құқық бұзушылық жасалған жерде не осы Кодекстің 176-бабында көзделген әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс жүргізуді қамтамасыз ету шараларын қолдану кезінде табылған құқық бұзушылық құралы не нысанасы болып табылатын құжаттар мен заттарды алып қоюды іс жүргізуді қамтамасыз етудің тиісті шараларын қолдануға уәкілетті лауазымды адамдар екі куәгердің қатысуымен жүзеге асырады.
      Ерекше жағдайларда (жету қиындық тудыратын жерлерде, тиісті қатынас құралдары болмаған кезде немесе басқа да объективті себептерге байланысты жеке тұлғаларды куәгерлер ретінде тартуға мүмкіндік болмағанда) құқық бұзушылық жасалған орында табылған құқық бұзушылық құралдары болатын әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс бойынша іс жүргізуді қамтамасыз ету шараларын қолдану кезінде құжаттар мен заттарды алып қою куәгерлердің қатысуынсыз, бірақ бұл ретте оның барысы мен нәтижелерін айғақтап көрсететін техникалық құралдар қолданыла отырып жүргізілуі мүмкін.
      2. Заттар мен құжаттарды алып қою туралы хаттама жасалып, оның  көшірмесі өзіне қатысты іс жүргізіліп жатқан адамға немесе оның заңды  өкіліне тапсырылады, не әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттамаға тиісті жазба жасалады.
      3. Құжаттар мен заттарды алып қою туралы хаттамада (әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттамада) алып қойылған құжаттардың түрі мен реквизиттері, алып қойылған заттардың түрі, саны, өзге де тақылеттестік белгілері туралы, соның ішінде алып қойылған қарудың тұрпаты, маркасы, үлгісі, калибрі, сериясы, нөмірі, өзге де тақылеттестік белгілері, оқ-дәрілердің саны мен түрі, арнаулы жедел іздестіру шараларын өткізуге арналған арнаулы техникалық құралдар және ақпаратты қорғаудың криптографиялық құралдары туралы мәліметтер болады.
      4. Хаттамаға оны жасаған лауазымды адам, тиісті құжаттары мен заттары алып қойылған адам, куәгерлер қол қояды. Өзінен тиісті құжаттары мен заттары алып қойылған адам хаттамаға қол қоюдан бас тартқан жағдайда хаттамаға тиісті жазба жасалады.
      5. Алып қойылған заттар мен құжаттар әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қаралғанға дейін алып қоюды жүргізген лауазымды адам белгілейтін орындарда тиісті уәкілетті мемлекеттік орган белгілейтін тәртіппен сақталады.
      6. Алып қойылған атыс қаруы мен өзге де қару, сондай-ақ оқ-дәрілер, арнаулы жедел іздестіру шараларын өткізуге арналған арнайы техникалық құралдар және ақпаратты қорғаудың криптографиялық құралдары Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі белгілейтін тәртіппен сақталады.
      7. Іс қаралғаннан кейін шығарылған қаулыға сәйкес алып қойылған құжаттар мен заттар олардың иесіне қайтарылады немесе тәркіленеді, немесе сатылады, немесе сақталады, немесе белгіленген тәртіппен жойылады. Жол жүрісі саласындағы әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер бойынша алып қойылған құжаттар іс бойынша қабылданған қаулы орындалғанға дейін сақталады.
      8. Жол жүрісі ережелерін білуін тексеруге жіберу туралы қаулы  бойынша алып қойылған жүргізуші куәлігі немесе көлік құралын жүргізуге құқық беретін жүргізуші куәлігінің орнына берілген куәлік, иесі жол жүрісі ережелерін білуін тексеруге арналған емтиханды тапсырған жағдайда жүргізушіге қайтарылады.
      Жүргізуші емтиханға жіберу туралы қаулыны алған күннен бастап екі ай ішінде жол жүрісі ережелерін білуін тексеруге арналған емтихан тапсырмаған жағдайда, қаулы шығарған лауазымды адам Қазақстан Республикасының жол жүрісі қауіпсіздігі саласындағы заңнамасында көзделген шараларды қолданады.
      Алып қойылған жүргізуші куәлігінің орнына жүргізушіге уәкілетті орган белгілеген нысан бойынша уақытша куәлік беріледі.
      9. Алып қойылған орден, медаль, Қазақстан Республикасының, Қазақ КСР-інің, КСРО-ның және басқа да мемлекеттердің құрметті атағының омырауға тағатын белгісі олардың заңды иесіне қайтарылады, ал егер ол белгісіз болса, Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне жіберіледі.

      160-бап. Көлік құралын, шағын көлемді кемені жүргізуден
               шеттету және мас күйін куәландыру

      1. Көлік құралын, шағын көлемді кемені жүргізетін жүргізуші, кеме жүргізуші, ол мас күйде деуге жеткілікті негіздер болса, көлік құралын, шағын көлемді кемені жүргізуден шеттетіліп, мас күйін куәландыруға жатады.
      2. Көлік құралын, шағын көлемді кемені жүргізуден шеттетуді, мас күйін медициналық емес куәландыруды және медициналық куәландыруға жіберуді, тиісінше, жол полициясы, Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің және көлік бақылау органдарының көлік құралын жүргізуші адам құқық бұзушылық жасаған жағдайда - әскери автомобиль полициясының лауазымды адамдары жүргізеді.
      Жол, полициясының лауазымды адамдарымен қатар мас күйде деуге жеткілікті негіздер бар жүргізушіні көлік құралын жүргізуден шеттетуге полицияның учаскелік инспекторларының, одан басқа бұл жағдайда тәртіп бұзушылық фактісін құжатпен бекітуге және жүргізуші мен көлік құралын таяу жердегі ішкі істер органына жеткізу жөнінде шаралар қолдануға міндетті ішкі істер органдарының басқа да қызметкерлерінің құқығы бар.
      3. Мас күйін куәландыру үшін жолдама, мас күйін куәландыру және нәтижелерді ресімдеу Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген тәртіппен жүргізіледі. Куәландыру нәтижелерімен келіспегенде, куәландыруды жүргізген адам куәландыруға жіберілген адамға басқа медициналық мекемеге қайта куәландырудан өту үшін жолдама береді.
      4. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттамада мас күйін  куәландыру үшін көлік құралын, шағын көлемді кемені басқарудан жүргізушіні шеттету туралы белгі қойылады.
      5. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттамада көлік құралын  басқарудан шеттету негіздерін куәландыру және мас күйін куәландыру үшін жолдаманың күні, уақыты, орны көрсетіледі. Хаттама көшірмесі іс жүргізіп жатқан адамға немесе оның заңды өкіліне тапсырылады.

      161-бап. Көлік құралын, шағын көлемді кемені ұстау,
               жеткізу және пайдалануға тыйым салу

      1. Көлік құралын ұстау және оны ұстауға әкеп соққан себептерді жойғанға дейін оны одан әрі қарай пайдалануға тыйым салу:
      1) көлік құралын арнаулы алаңға немесе тұраққа уақытша сақтауға жеткізу (эвакуациялау);
      2) егер көлік құралының құрсаулау құрылғысы өзге көлік құралдарының қозғалысы үшін кедергі тудырмаса, көлік құралының одан әрі қозғалысын болдырмайтын құрсаулау құрылғысын орнату;
      3) көлік құралының мемлекеттік тіркеу нөмірінің белгілерін алып қою жолымен жүргізіледі.
      2. Әкімшілік құқық бұзушылықты:
      1) көлік құралын:
      - мас күйдегі адам;
      - әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарауға уәкілетті соттың, органның (лауазымды адамның) жол қозғалысы саласында әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны үшін әкімшілік жаза өндіру туралы қаулының талаптарын орындамаған адам;
      - оның тіркеу және пайдалану мен басқару құқығы берілген  құжаттарынсыз,
      - мемлекеттік тіркеу нөмірінің белгілерінсіз (осы бапта көзделген жағдайларды қоспағанда);
      - жасырын, қолдан жасалған немесе мемлекеттік стандартқа сай  келмейтін нөмірлік белгілермен;
      - тұрақ ережесін бұзуға және өзге көлік құралдарының қозғалысы үшін кедергіге әкеп соққан;
      - жүк тасымалдау ережелерін бұзу;
      - масаю күйіне куәландыруға өтуден жалтаруға әкеп соққан бөлігінде жасаған кезде;
      - көлік құралын арнаулы алаңға немесе тұраққа уақытша сақтауға жеткізу (эвакуациялау) немесе оның одан әрі қозғалысын болдырмайтын құрсаулау құрылғысын орнату, егер аталған құрылғымен өзге көлік құралдарының қозғалысы үшін кедергі келтірмесе, жолымен оны әрі қарай пайдалануға тыйым сала отырып, ұстауға жатады.
      - тежегіш жүйесінде немесе рульдік басқаруында көрінеу ақауы бар, сондай-ақ оны пайдалануға тыйым салынған басқа да ақаулары бар;
      - тиісті рұқсатсыз қайта жабдықталған;
      - белгіленген тәртіпте тіркелмеген;
      - мемлекеттік техникалық байқаудан өтпеген көлік құралын басқару оның мемлекеттік тіркеу нөмірлерінің белгілерін алу жолымен одан әрі пайдалануға тыйым сала отырып, ұстауға жатады.
      3. Көлік құралын арнаулы алаңға немесе тұрақтарға уақытша сақтау үшін жеткізу (эвакуациялау), сондай-ақ жүргізушілер жол бойында қараусыз қалдырған, олардың қай жерде екенін анықтау мүмкін болмағанда, көлік құралдарына да қолданылуы мүмкін.
      4. Көлік құралын ұстауды және одан әрі пайдалануға тыйым салуды жол жүрісі ережесін бұзу саласында әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама жасауға уәкілетті жол полициясының, әскери автомобиль полициясының қызметкері (Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің көлік құралдарына қатысты), орман және аңшылық шаруашылығы, ерекше қорғалатын табиғи аумақтар, балық қорғау (орман, балық, аңшылық шаруашылығы, ерекше қорғалатын табиғи аумақ саласындағы заңнама бұзылғанда) органдарының қызметкері жүзеге асырады.
      5. Ұсталған көлік құралын сақтау жергілікті атқару органдарының шешімі бойынша жасалатын арнаулы алаңдарда немесе тұрақтарда жүзеге асырылады.
      Ұсталған көлік құралын арнаулы алаңдарда немесе тұрақтарда сақтағаны үшін шығындарды өтеу, сондай-ақ көлік құралдарын сақтамағаны үшін осы алаңдар мен тұрақтардың иелерінің жауаптылығы Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінде белгіленген тәртіпте жүргізіледі.
      5. Көлік құралын, шағын кемені ұстау, жеткізу және одан әрі пайдалану туралы хаттама жасалады және белгіленген нысандағы акт әкімшілік құқық бұзушылық хаттамаға тігіледі.

      162-бап. Заңды тұлғаға тиесілі аумақтарды, үй-жайларды,
               тауарларды, өзге де мүлікті, сондай-ақ тиісті
               құжаттарды тексеру

      1. Заңды тұлғаға тиесілі аумақтарды, үй-жайларды, тауарларды, өзге де мүлікті, сондай-ақ тиісті құжаттарды тексеруді осы Кодекске сәйкес заңды тұлғалардың әкімшілік құқық бұзушылығы туралы хаттамалар жасауға уәкілетті лауазымды адамдар жүргізеді.
      2. Тексеру заңды тұлға өкілінің және екі куәгердің қатысуымен жүргізіледі.
      Ерекше жағдайларда (жету қиындық тудыратын жерлерде, тиісті қатынас құралдары болмаған кезде немесе басқа да объективті себептерге байланысты жеке тұлғаларды куәгерлер ретінде тартуға мүмкіндік болмағанда) көлік құралдарын тексеру куәгерлердің қатысуынсыз, бірақ бұл ретте оның барысы мен нәтижелерін айғақтап көрсететін техникалық құралдар қолданыла отырып жүргізілуі мүмкін.
      3. Тексеру жүргізілгені туралы хаттама жасалады.
      4. Тексеру хаттамасында оның жасалған күні мен орны, хаттама  жасаған адамның лауазымы, аты-жөні, тиісті заңды тұлға туралы, сондай-ақ оның заңды өкілі не өзге қызметкері туралы мәліметтер, тексерілген аумақтар мен үй-жайлар, тауарлар мен басқа да заттардың түрлері, саны, өзге де тақылеттестік белгілері туралы мәліметтер көрсетіледі.
      5. Тексеру хаттамасында оны жүргізу барысында фото- және кино  түсірілімдері, бейнежазбалар, құжаттарды көрсетудің өзге де белгіленген әдістері қолданылғаны туралы жазба жасалады. Фото-, кино түсірілімдерінің, бейнежазбаларды, заттай дәлелдемелерді көрсетудің өзге де белгіленген құралдарын қолдану нәтижесінде алынған материалдар тиісті хаттамаға қоса тіркеледі.
      6. Заңды тұлғаға тиесілі аумақтарды, үй-жайларды, тауарларды, өзге де мүлікті, сондай-ақ тиісті құжаттарды тексеру хаттамасына оны жасаған лауазымды адам, заңды тұлғаның заңды өкілі не өзге өкілі, сондай-ақ куәгерлер қол қояды. Аталған заңды тұлғанын заңды өкілі немесе өзге өкілі хаттамаға қол қоюдан бас тартқан жағдайда хаттамаға тиісті жазба жасалады.
      Хаттаманың көшірмесі өзіне қатысты іс жүргізіліп жатқан заңды тұлғаның өкіліне тапсырылады.
      7. Осы баптың 2 бөлігінде белгіленген талаптарды сақтамау тексеру хаттамасының заңсыздыған әкеп соғады.

      163-бап. Заңды тұлғаға тиесілі құжаттар мен мүлікті алып
               қою

      Әкімшілік құқық бұзушылық жасалған жерде не заңды тұлғаға тиесілі аумақтарға, үй-жайларға, көлік құралдарына, тауарларға, өзге де мүлікке тексеру жүргізу кезінде табылған әкімшілік құқық бұзушылық жасау құралы не нысанасы болған, заңды тұлғаға тиесілі құжаттарды, тауарларды, өзге де мүлікті, заттарды алып қоюды әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама жасауға құқығы бар уәкілетті лауазымды адамдар жүзеге асырады. Заңды тұлғаға тиесілі құжаттарды, тауарларды, өзге де мүлікті алып қоюды, сондай-ақ оларды сақтауды ресімдеу осы Кодексте белгіленген тәртіппен жүзеге асырылады.

      164-бап. Заңды тұлғаға тиесілі тауарларға, көлік
               құралдарына және өзге де мүлікке тыйым салу

      1. Заңды тұлғаға тиесілі әкімшілік құқық бұзушылық жасау құралдары не нысанасы болған тауарларға, көлік құралдарына және өзге де мүлікке тыйым салу өзіне қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы, оларға билік етуге (ал қажет болған жағдайларда пайдалануға да) тыйым салынғаны туралы іс жүргізуді қамтамасыз етудің осы шарасы қолданылған заңды тұлғаның заңды өкіліне хабарлана отырып, аталған тауарлардың, көлік құралдарының және өзге де мүліктің тізімдемесі болып табылады және егер осы тауарларды, көлік құралдарын және өзге де мүлікті алып қою мүмкін болмаған және (немесе) олардың сақталуын алып қоймай қамтамасыз ету мүмкін болатын жағдайда қолданылады. Тыйым салынған тауарлар, көлік құралдары және өзге де мүлік тыйым салған лауазымды адам тағайындаған басқа да адамдардың жауапкершілікпен сақтауына берілуі мүмкін.
      2. Заңды тұлғаға тиесілі тауарларға, көлік құралдарына және өзге де мүлікке тыйым салуды, тауар, көлік құралы және өзге де мүлік иесі мен екі куәгердің қатысуымен әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама жасауға уәкілеттік берілген лауазымды адамдар жүзеге асырады.
      Кейінге қалдыруға болмайтын жағдайларда, тауарларға, көлік құралдарына және өзге де мүлікке тыйым салу олардың иесінің қатысуынсыз жүзеге асырылуы мүмкін.
      3. Қажет болған жағдайларда фотоға және киноға түсіру, бейнежазба қолданылады.
      4. Заңды тұлғаға тиесілі тауарларға, көлік құралдарына және өзге де мүлікке тыйым салу туралы хаттама жасалады. Заңды тұлғаға тиесілі тауарларға, көлік құралдарына және өзге де мүлікке тыйым салу туралы хаттамада оның жасалған күні мен орны, хаттама жасаған адамның лауазымы, аты-жөні, өзіне қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс жүргізуді қамтамасыз етудің осы шарасы қолданылған заңды тұлға туралы және иелігінде тыйым салынған тауарлар, көлік құралдары және өзге де мүлкі бар адам туралы мәліметтер, олардың тізімдемесі және бірдейлендіру белгілері көрсетіледі, сондай-ақ фотоға және киноға түсіру, бейнежазба қолданылғаны туралы жазба жасалады. Фотоға және киноға түсіру, бейнежазба қолданып тыйым салуды жүзеге асыру кезінде алынған материалдар хаттамаға қоса тіркеледі.
      5. Қажет болғанда тыйым салынған тауарлар, көлік құралдары және өзге де мүлік қажет болған жағдайларда буып-түйіледі және (немесе) оларға сүргіш салынады.
      6. Заңды тұлғаға тиесілі тауарларға, көлік құралдарына және өзге де мүлікке тыйым салу туралы хаттаманың көшірмесі өзіне қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс жүргізуді қамтамасыз етудің осы шарасы қолданылған заңды тұлғаның заңды өкіліне тапсырылады.
      7. Заңды тұлғаға тиесілі тыйым салынған тауарларды, көлік құралдарын және өзге де мүлікті өзіне қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс жүргізуді қамтамасыз етудің осы шара қолданылған заңды тұлғаның не тыйым салынған мүлікті сақтауды жүзеге асыратын адамның иеліктен айыруы немесе жасырып қалуы Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жауаптылыққа әкеп соғады.

      165-бап. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс жүргізуді
               қамтамасыз ету шараларына шағым беру

      1. Өзіне қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс жүргізуді қамтамасыз ету шаралары қолданылған адам аталған шаралар қолданылғаннан бастап он күн ішінде жоғары тұрған органға (жоғары тұрған лауазымды адамға) немесе сотқа шағым бере алады.
      2. Өзіне қатысты іс жүргізуді қамтамасыз ету шаралары қолданылған адамның құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауды қамтамасыз ету үшін қажетті тиісті хаттамалар мен материалдардың көшірмелері жеке адамның немесе заңды тұлғаның заңды өкілінің талабы бойынша оған дереу тапсырылады.
      3. Шағым жазбаша нысанда беріледі және бес күн мерзімде қаралуға тиіс.
      4. Шағым қарау нәтижелері бойынша шағымды қанағаттандыру туралы не оны қанағаттандырудан бас тарту туралы ұйғарым қабылданады.
      5. Жоғары тұрған органға (жоғары тұрған лауазымды адамға) әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс жүргізуді қамтамасыз ету шараларын қолдануға шағым беру аталған шараларды қолдануға сотқа қайталап шағым беру үшін кедергі болмайды.
      6. Ұйғарымның көшірмесі жеке адамға немесе заңды тұлғаның заңды өкіліне дереу тапсырылады, ал бұл адамдар болмаған жағдайда оларға ұйғарым шығарылған күннен бастап бір тәулік ішінде жіберіледі.
      7. Лауазымды адамдардың заңсыз іс-әрекеттерінен келтірілген зиянның заңдарда белгіленген ережелерге сәйкес орны толтырылуға тиіс.

      166-бап. Сотты құрметтемеушілік көріністері үшін
               мәжбүрлеу шаралары

      1. Соттың іске қатысушы адамдарға, процестің басқа да  қатысушыларына мәжбүрлеу шараларын қолдану мақсаты сот төрелігі  міндеттерін іске асыру болып табылады.
      2. Мәжбүрлеу шарасы ретінде сот еріксіз келтіруді, сот залынан  шығарып жіберуді қолданады.

      167-бап. Сот залынан шығарып жіберу

      1. Істі қарау кезінде тәртіп бұзған адамға төрағалық етуші соттың атынан ескерту жасайды.
      2. Тәртіпті қайталап бұзған кезде іске қатысушы адам сот ұйғарымы бойынша сотта іс қараудың барлық уақытына немесе оның бір бөлігіне сот отырысы залынан шығарылып жіберілуі мүмкін. Соңғы жағдайда төрағалық етуші отырыс залына қайта жіберілген адамды ол жоқ кезде жасалған іс жүргізу әрекеттерімен таныстырады.
      3. Іске қатыспайтын және істі қарау кезінде қатысушы азаматтар  тәртіпті қайталап бұзғаны үшін төрағалық етушінің өкімімен отырыс залынан шығарылып жіберіледі.
      4. Істі қарау барысында оған қатысушы азаматтар жаппай тәртіп бұзған кезде сот іске қатыспайтын азаматтардың барлығын сот отырысы залынан шығарып, істі жабық отырыста қарауы немесе істі қарауды кейінге қалдыруы мүмкін.

      168-бап. Сотты құрметтемеушілік көріністері үшін
               жауаптылық шаралары

      1. Сотты құрметтемеушілік көріністері үшін жауаптылық шаралары сот алдында барлығы тең конституциялық қағидатын және сот төрелігінің міндеттері іске асыру мақсатында сот қолданады.
      2. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Қазақстан Республикасы кодексінің 587-баптарында көзделген әрекеттерді (әрекетсіздікті) жасағаны үшін оған кінәлі тұлғалар осы Кодекстің 218-бабында көзделген тәртіппен әкімшілік жауаптылыққа тартылады.
      3. Егер сот отырысында тәртіп бұзушының іс-әрекеттерінде қылмыс белгілері болса, сот тәртіп бұзушыға қатысты қылмыстық іс қозғау туралы мәселені шешу үшін прокурорға материалдарды жібереді.

      169-бап. Мәжбүрлеу және сотты құрметтемеушілік
               көріністері үшін жауаптылық шараларын қолдану.
               Оларға шағымдану мен наразылық білдіру тәртібі

      1. Заңға қарсы әрекет (әрекетсіздік) жасалғаны үшін мәжбүрлеу  шараларының тек қана біреуі және (немесе) жауаптылықтың бір түрі ғана  қолданылуы мүмкін.
      2. Мәжбүрлеу шараларын қолдану туралы соттың ұйғарымына жеке  шағым берілуі және наразылық келтірілуі мүмкін.

8-тарау. Іс жүргізу мерзімдері

      170-бап. Іс жүргізу әрекеттерін жасау мерзімдері

      1. Іс жүргізу әрекеттері заңда белгіленген мерзімдерде жасалады.
      2. Егер іс жүргізу әрекеттерін жасауға арналған мерзім заңда белгіленбеген жағдайда, оны сот тағайындайды.

      171-бап. Іс жүргізу мерзімдерін есептеу

      1. Іс жүргізу әрекеттерін жасауға арналған мерзімдер сөзсіз болуға тиіс оқиға көрсетіле отырып, дәлме-дәл күнтізбелік күнмен немесе жылдармен, айлармен немесе күндермен есептелетін уақыт кезеңімен белгіленеді. Соңғы жағдайда әрекет бүкіл кезеңнің ішінде жасалуы мүмкін.
      2. Кезеңмен есептелетін іс жүргізу мерзімінің ағымы оның басталуы белгіленген күнтізбелік күннен немесе оқиға болған күннен кейінгі күні басталады.

      172-бап. Іс жүргізу мерзімдерінің аяқталуы

      1. Жылдармен есептелетін мерзім сол мерзімінің соңғы жылының тиісті айында және күнінде бітеді. Айлармен есептелетін мерзім сол мерзімінің соңғы айының тиісті ай мен күнінде бітеді. Егер айлармен есептелетін мерзімнің соңы тиісті күні жоқ айға сәйкес келсе, мерзім осы айдың соңғы күнінде бітеді. Күндермен есептелетін мерзім белгіленген кезеңнің соңғы күні бітеді. Мерзімнің соңғы күні демалыс күніне тап келген жағдайда мерзімнің аяқталатын күні одан кейінгі жұмыс күні болып есептеледі.
      2. Жасалуына мерзім белгіленген іс жүргізу әрекеті мерзімнің соңғы күніне жиырма төрт сағат қалғанға дейін орындалуы мүмкін. Егер шағым, құжаттар не ақша сомалары мерзімнің соңғы күніне жиырма төрт сағат қалғанға дейін почтаға, телеграфқа тапсырса немесе байланыстың өзге де құралдары бойынша берілсе, мерзім өтіп кеткен болып есептелмейді.
      3. Егер іс жүргізу әрекеті тікелей сотта немесе басқа ұйымда жасалуы тиіс болса; белгіленген ереже бойынша бұл ұйымдарда жұмыс аяқталатын немесе тиісті операциялар тоқтатылатын сағатта мерзім бітеді.

      173-бап. Іс жүргізу мерзімдерін өткізіп алу салдары

      1. Іс жүргізу әрекеттерін жасау құқығы заңда белгіленген немесе сот тағайындаған мерзімінің аяқталуымен жойылады. Іс жүргізу мерзімдері аяқталғаннан кейін берілген шағымдар мен құжаттарды, егер өтіп кеткен мерзімді қалпына келтіру туралы өтінім берілмесе, сот қараусыз қалдырады және оларды берген адамға қайтарылады.
      2. Іс жүргізу мерзімдерінің бітуі іс жүргізу міндеттерін орындаудан босатпайды.

      174-бап. Іс жүргізу мерзімдерін тоқтата тұру

      1. Барлық аяқталмаған іс жүргізу мерзімдерінің ағымы іс жүргізуді тоқтата тұрумен тоқтатыла тұрады. Мерзімдерді тоқтата тұру іс жүргізуді тоқтата тұру үшін негіз болған мән-жайлар туындаған уақыттан басталады.
      2. Іс жүргізу қайта басталған күннен бастап іс жүргізу мерзімдерінің ағымы жалғасады.

      175-бап. Іс жүргізу мерзімдерін ұзарту және қалпына
               келтіру

      1. Сот тағайындаған мерзімдерді сот ұзарта алады.
      2. Заңмен белгіленген мерзімдерді, егер олар сот дәлелді деп таныған себептермен өткізіліп алынса, сот қалпына келтіре алады. Апелляциялық шағым беру мерзімін, егер мерзімді қайта қалпына келтіру туралы өтініш шешім қабылдаған күннен үш айдан кешіктірілмей берілген жағдайда, сот қалпына келтіре алады.
      3. Өткізіліп алынған мерзімді қалпына келтіру туралы өтініш іс жүргізу әрекеттерін жасауға тиісті болатын сотқа беріледі. Сот бұл өтінішті мәселенің қаралатын орны мен уақыты хабарланатын іске, қатысушы адамдардың қатысуымен қарайды, алайда олардың келмей қалуы соттың алдына қойылған мәселені шешу үшін кедергі болып табылмайды.
      4. Мерзімді қалпына келтіру туралы өтініш берумен қатар ол бойынша мерзімі өткізіліп алынған қажетті іс жүргізу әрекеттері жасалуға (құқық қорғау туралы талап қойылуға, шағым берілуге, құжаттар табыс етілуге және т.б.) тиіс.
      5. Соттың өткізіліп алынған іс жүргізу мерзімін ұзартудан және қалпына келтіруден бас тарту туралы ұйғарымына жеке шағым берілуі және наразылық келтірілуі мүмкін.

9-тарау. Сот шығындары

      176-бап. Сот шығындары ұғымы және олардың құрамы

      Сот шығындары мемлекеттік баж бен іс жүргізуге байланысты шығындардан тұрады.

      177-бап. Мемлекеттік баж

      Мемлекеттік бажды төлеудің тәртібі, мөлшері, сондай-ақ мемлекеттік бажды төлеуден босатудың негіздері Қазақстан Республикасының Салық кодексінде белгіленеді

      178-бап. Мемлекеттік бажды қайтару

      Төленген мемлекеттік баж:
      1) баж талапкер өз талаптарын азайтатын жағдайларды қоспағанда, Салық кодексі бойынша талап етілгеннен көбірек мөлшерде енгізудің;
      2) арыздар (шағымдар) қайтарудың немесе оны қабылдаудан бас тартудың;
      3) іс жүргізу тоқтатудың немесе, егер іс соттың қарауына жатпайтын болса, сондай-ақ талапкер осы істер санаты үшін белгіленген дауды алдын ала шешудің тәртібін сақтамаған не арызды (шағымды) әрекетке қабілетсіз адам табыс еткен жағдайда арызды (шағымды) қараусыз қалдырудың негізінде;
      4) Қазақстан Республикасының заң актілерінде белгіленген өзге де жағдайларда кассациялық шағым қайтарылған жағдайда төлем жасаған адамға ішінара немесе толық қайтарылуға тиіс.
      2. Мемлекеттік бажды қайтаруға құжаттар салық қызметінің органына мемлекеттік баж сомасын бюджетке аудару күнінен бастап үш жылдық мерзім аяқталғанға дейін ұсынылуға тиіс.
      3. Мемлекеттік баж:
      1) арыз берушінің арыздан бас тартқан;
      2) арыз беруші өз талаптарын азайтқан;
      3) іс тараптардың бітімгершілік келісімімен аяқталған жағдайларда қайтарылмайды.

      179-бап. Іс бойынша іс жүргізуге байланысты шығындар

      Іс бойынша іс жүргізуге байланысты шығындарға:
      1) куәгерлерге, сарапшыларға және мамандарға төленуге тиісті сомалар;
      2) сол жерде қарау жүргізілуге байланысты шығындар;
      3) заттай дәлелдемелерді сақтауға байланысты шығындар;
      4) іс бойынша жарияланымдар мен хабарландыруларға байланысты шығындар;
      5) тараптарға хабарлау және оларды сотқа шақыру жөніндегі шығындар;
      6) тараптар мен үшінші тұлғалардың жолақысы және олардың сотқа келуіне байланысты шеккен тұрғын жайды жалға алу жөніндегі шығындар;
      7) өкілдердің көмегіне ақы төлеу жөніндегі шығындар;
      8) соттың шешімдерін, ұйғарымдарын және қаулыларын орындауға  байланысты шығындар;
      9) сот қажет деп таныған өзге де шығындар жатады.

      180-бап. Куәларға, сарапшыларға, мамандарға және
               аудармашыларға төленуге тиісті сомалар

      1. Куәларға, сарапшыларға және мамандарға тиесілі сомаларды олар өз міндеттерін орындағаннан кейін Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасына сәйкес ашылған шоттан сот төлейді.
      2. Аудармашыларға тиесілі сомаларды төлеу республикалық бюджеттің есебінен жүргізіледі. Сыйақының мөлшерін тиісті еңбекке ақы төлеудің қолданылып жүрген нормаларын негізге ала отырып сот белгілейді.

      181-бап. Сот шығындарын тараптардың арасында бөлу

      1. Пайдасына шешім шығарылған тарапқа, бұл тарап сот шығындарын төлеуден босатылса да, басқа тараптан іс бойынша жұмсалған барлық шығындарды сот алып береді. Егер талап қою ішінара қанағаттандырылса, онда шығындар талап қоюшыға қойылған талаптардың сот қанағаттандырған  мөлшеріне бара-бар, ал жауапкерге - талап қою талаптарының талап қоюшыға бас тартылған бөлігіне бара-бар беріледі.
      2. Егер жоғары сатыдағы сот істі жаңадан қарауға берместен шығарылған шешімді өзгертсе немесе жаңа шешім шығарса, ол тиісінше сот шығыстарын бөлуді де өзгертеді.

      182-бап. Өкілдің көмегіне ақы төлеу жөніндегі шығындарды
               өтеу

      1. Пайдасына шешім шығарылған тарапқа сот процеске қатысушы өкілдің көмегіне ақы төлеу жөніндегі өзіне екінші тарап келтірген шығындарды іс жүзінде өзі шеккен шығындар мөлшерінде басқа тараптан алып береді
      2. Егер адвокат заң көмегін тарапқа тегін көрсетсе, сот осы бапта аталған шығындарды адвокат бөлген заң консультациясының, кеңсесінің пайдасына немесе келісім-шарт бойынша жұмыс істеуші адвокаттың пайдасына өндіреді.

      183-бап. Уақыт ысырабынан келтірілген залалдарды өндіріп
               алу

      Көрінеу теріс пиғылымен негізсіз талап қойған немесе қойылған талапқа қарсы дау білдірген не істі дұрыс және тез қарап, шешуге үнемі қарсы әрекет жасаған тараптан сот екінші тараптың пайдасына іс жүзінде уақыт ысырабынан келтірілген өтемақыны өндіріп алуы мүмкін. Өтемақы мөлшерін нақты мән-жайларды ескере келіп, осы жердегі тиісті еңбекке ақы төлеудің қолданылып жүрген нормасын негізге ала отырып, сот белгілейді.

      184-бап. Талап қоюдан бас тарту кезінде сот шығындарын
               бөлу

      Талап қоюшы талап қоюдан бас тартқан кезде оның шығарған шығындарын жауапкер өтемейді. Егер талап қоюшы талап қоюдан кейін оларды жауапкердің ерікті түрде қанағаттандыруы нәтижесінде өзінің талаптарын қолдаудан бас тартса, сот талап қоюшының өтінуі бойынша жауапкерден талап қоюшы шеккен бүкіл сот шығындарын және өкілдің көмегіне ақы төлеу жөніндегі шығындарды өндіріп алады.

      185-бап. Азаматтарға заң көмегін тегін көрсету

      1. Істі сотта қарауға дайындау кезінде судья немесе істі қарау кезінде сот азаматтың мүліктік жағдайын негізге ала отырып, оны заң көмегіне ақы төлеуден толық немесе ішінара босатуға және адвокаттың еңбегіне ақы төлеу жөніндегі шығындарды мемлекеттің есебіне жатқызуға құқылы.
      2. Заң консультациясына, кеңсеге, келісім-шарт бойынша жұмыс істейтін адвокатқа төленуге тиісті сомалардың мөлшері адвокаттар көрсететін заң көмегіне ақы төлеуді реттейтін нормаларға сәйкес белгіленеді.
      3. Азаматты заң көмегіне ақы төлеуден толық немесе ішінара босату туралы соттың немесе судьяның ұйғарымы назарға алу үшін заң консультациясына, кеңсеге, келісім-шарт бойынша жұмыс істейтін адвокатқа және орындау үшін соттың орналасқан жері бойынша қаржы органына жіберіледі.

10-тарау. Сот хабарлаулары мен шақырулары

      186-бап. Соттың хабарлаулары мен шақырулары

      1. Сотқа қатысушы адамдар, олардың өкілдері, сондай-ақ куәлар, сарапшылар, мамандар және аудармашылар сот отырысының немесе жекелеген іс жүргізу әрекеттерін жасаудың уақыты мен орны туралы  хабарландырылады және соттың шақыру қағаздарымен сотқа шақырылады.
      2. Қажет болған жағдайда, іске қатысушы адамдар, сондай-ақ куәлар, сарапшылар, мамандар және аудармашылар хабарландырылуы немесе тапсырылғаны туралы хабарлай отырып, тапсырыстық хат, телефонаграмма немесе жеделхат арқылы, сондай-ақ хабарлау мен шақырудың жасалуын қамтамасыз ететін өзге де байланыс құралдарын пайдалану арқылы хабарландырылуы немесе шақырылуы мүмкін.
      3. Хабарлаулар мен шақырулар хабарландырылған немесе шақырылған адамның сотқа уақтылы келуі және іске даярлануы үшін жеткілікті мерзімі болуы есептеле отырып жолдануға тиіс.
      4. Хабарлау немесе шақыру хабарландырылатын немесе шақырылатын адамға тарап немесе іске қатысатын басқа да адам көрсеткен мекен-жай бойынша жолданады. Егер сотқа хабарланған мекен-жайда азамат іс жүзінде тұрмайтын болса, хабарлау немесе шақыру оның жұмыс орнына жолдануы мүмкін. Ұйымға арналған хабарлау немесе шақыру оның орналасқан жеріне жіберіледі.

      187-бап. Шақыру қағазының немесе өзге де хабарлаудың,
               шақырудың мазмұны

      1. Шақыру қағазында немесе өзге де хабарлауда, шақыруда мыналар болуға тиіс:
      1) сотқа хабарланатын немесе шақырылатын адамды көрсету (тегі, аты, әкесінің аты және олар жолданатын адамның тұрғылықты жері не ұйымның атауы мен орналасқан жері);
      2) соттың атауы мен нақты мекен-жайы;
      3) келетін жері мен уақыты;
      4) адресатқа хабарлау немесе оны шақыру жүргізілетін істің атауы;
      5) адресат кім ретінде хабарланып немесе шақырылып отырғандығын көрсету;
      6) іске қатысушы тұлғаларға іс бойынша оларда бар барлық  дәлелдемелерді табыс етуді ұсыну;
      7) адресаттың болмауына байланысты шақыру қағазын немесе өзге де хабарламаны, шақыруды алған адамның оны алғашқы мүмкіндік болған кезде адресатқа тапсыруға міндеттілігін көрсету;
      8) хабарланатын немесе шақырылатын адамның сотқа келмей қалу салдарын және оның келмеу себебін сотқа хабарлауға міндетті екенін көрсету;
      9) шақыру қағазын немесе өзге де хабарлауды, шақыруды жіберуші адамның қолы. Хабарлау немесе шақыру туралы телефонограмма жіберген адам оны кімге және қай уақытта бергендігін көрсете отырып өзінің қол қоюымен куәландыруы тиіс.
      2. Шақыру қағазымен бірге судья жауапкерге талап арыздың көшірмесі мен арызға қоса берілген құжаттардың көшірмесін жібереді. Талап қоюшыға жіберетін шақыру қағазымен бірге судья жауапкердің жазбаша түсініктемелерінің көшірмесін және оған қоса, егер олар сотқа түскен болса, оларға қоса тіркелген құжаттардың көшірмесін жібереді.

      188-бап. Шақыру қағазын жеткізу

      1. Шақыру қағаздары хабардар етіліп, тапсырысты хатпен почта арқылы жеткізіледі немесе мұны судья тапсырған адамдар жеткізеді. Шақыру қағазын адресатқа тапсыру уақыты шақыру қағазының сотқа қайтарылуға тиісті түбіршегінде белгіленеді.
      2. Сот іске қатысушы адамның келісімімен оның қолына хабарланатын немесе іс бойынша шақырылатын адамға тапсыру үшін шақыру қағазын беруі мүмкін.
      3. Шақыру қағазын жеткізу тапсырылған адам оны тапсырған күні көрсетілген және адресаттың шақыру қағазын алғандығы жөнінде қолы қойылған шақыру қағазының түбіршегін сотқа қайтаруға міндетті.

      189-бап. Шақыру қағазын тапсыру

      1. Шақыру қағазы жіберілген азаматқа табыс етіліп, сотқа қайтарылуға тиісті түбіршегіне оның өз қолы қойылады. Ұйымға жіберілген шақыру қағазы оның өкіліне немесе басқару қызметін атқаратын тиісті адамға табыс етіледі, ол шақыру қағазының түбіршегіне оны алғандығы жөнінде өзінің қызметін, тегін және аты-жөнін көрсетіп қол қояды.
      2. Егер шақыру қағазын жеткізуші адам іс бойынша хабарланатын немесе шақырылатын азаматты тұрғылықты жерінен немесе жұмысынан таба алмаса, онда шақыру қағазы олардың келісімімен - онымен бірге тұратын отбасының ересек мүшелерінің біріне, ал олар болмаған жағдайда тұрғын үй-пайдалану ұйымына, жергілікті өзін-өзі басқару органына немесе адресаттың тұрғылықты жері бойынша тиісті атқарушы органға немесе оның жұмыс орнындағы әкімшілікке тапсырылады. Бұл жағдайларда шақыру қағазын қабылдап алған адам шақыру қағазының түбіршегіне өзінің тегін, атын, әкесінің атын, сондай-ақ адресатқа қатыстылығын немесе атқаратын қызметін көрсетуге міндетті. Шақыру қағазын қабылдап алған адам мүмкіндігінше кідіртпей шақыру қағазын адресатқа тапсыруға міндетті.
      3. Адресат уақытша болмаған жағдайда, шақыру қағазын жеткізуші адам шақыру қағазының түбіршегіне адресаттың қайда кеткендігін және    оның қашан қайтып келуі мүмкін екендігін белгілейді. Бұл мәліметтерді - тұрғын үй-пайдалану ұйымы, жергілікті өзін-өзі басқару органы немесе адресаттың тұрғылықты жері бойынша тиісті атқарушы орган немесе оның жұмыс орны бойынша әкімшілік, ал оларда бұл мәліметтер болмаған жағдайда онымен бірге тұратын отбасының ересек мүшелерінің бірі растауға және куәландыруға тиіс.

      190-бап. Іс бойынша іс жүргізу кезінде мекен-жайдың
               ауысуы

      Іске қатысатын адамдар мен олардың өкілдері іс бойынша іс жүргізген уақытта сотқа өз мекен-жайының ауысқаны туралы хабарлауға міндетті. Мұндай хабарлау болмаған жағдайда шақыру қағазы немесе өзге де хабарлау, шақыру сотқа белгілі соңғы мекен-жай бойынша жіберіледі және адресат бұл мекен-жай бойынша ендігі жерде тұрмаса да жеткізілді деп есептеледі.

      191-бап. Жауапкер болған жердің белгісіздігі және оны
               іздестіру

      1. Жауапкердің іс жүзінде болған жері белгісіз болған жағдайда тұрғын үй-пайдалану ұйымының, жергілікті өзін-өзі басқару органының, немесе жауапкердің соңғы белгілі тұрғылықты жері бойынша тиісті атқарушы органның немесе оның соңғы белгілі жұмыс орны бойынша әкімшіліктің шақыру қағазын немесе өзге де хабарлауды, шақыруды алғанын куәландыратын жазбамен олар сотқа келіп түскеннен кейін сот істі қарауға кіріседі.
      2. Жауапкерді іздестіру жөніндегі шығындарды өндіріп алу ішкі істер органының немесе қаржы полициясының мәлімдеуі бойынша сот бұйрығын беру жолымен жүргізіледі.

11-тарау. Ақтау. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы істі қарауға уәкілетті органның (лауазымды адамның) заңсыз әрекеттерімен келтірілген зиянды өтеу

      192-бап. Әкімшілік жауапқа тартылған адамның кінәсіздігін
               тану жолымен ақтау

      1. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы істі қарауға уәкілетті судья, орган (лауазымды адам) ол жөнінде әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс жүргізуді болдырмайтын негіздер бойынша істі қысқарту туралы қаулы шығарған адам кінәсіз деп есептеледі және олардың Қазақстан Республикасының Конституциясымен және заңдарымен кепілдік берілген құқықтары мен бостандықтарына қандай да болсын шектеу қоюға болмайды.
      2. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарауға уәкілетті судья, орган (лауазымды адам) осы баптың бірінші бөлігінде аталған адамды ақтау және әкімшілік құқық бұзушылық туралы істі қарауға уәкілетті судьяның, органның (лауазымды адамның) заңсыз әрекеттері нәтижесінде оған келтірілген зиянды өтеу жөнінде заңда көзделген шаралардың бәрін қолдануға тиіс.

      193-бап. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы істі қарауға
               органның (лауазымды адамның) заңсыз әрекеттері
               нәтижесінде келтірілген зиянды өтеттіруге құқығы
               бар адамдар

      1. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы істі қарауға уәкілетті судьяның, органның (лауазымды адамның) кінәсіне қарамастан, заңсыз әкімшілік ұстау, медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларын қолдану нәтижесінде адамға келтірілген зиян республикалық бюджеттен толық көлемінде өтеледі.
      2. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қарауға уәкілетті судьяның, органның (лауазымды адамның) заңсыз әрекеттері нәтижесінде келтірілген зиянды өтетуге:
      1) әкімшілік өндіріп алу және әкімшілік құқықтық ықпал ету шаралары белгіленген адамдарға қатысты
      2) егер іс жүргізу әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс бойынша іс жүргізуді болдырмайтын мән-жайлар болуына қарамастан басталса немесе олар анықталған кезден бастап қысқартылса, іс бойынша олар жөнінде іс жүргізу басталмауы тиіс, ал басталғаны осы Кодексте көзделген негіздер бойынша қысқартуға жататын адамдардың құқығы бар.
      3) заңсыз әрекеттермен заңды тұлғаларға келтірілген зиянды мемлекет осы тарауда белгіленген толық көлемде және мерзімдерде өндіреді.
      3. Жеке тұлға қайтыс болған жағдайда зиянды өтеттіру қүқығының мұрагерлеріне көшеді.
      4. Егер іс жүргізу барысында адамның ерікті түрде өзіне-өзі айып тағу жолымен шындықты анықтауға кедергі келтіргені, сөйтіп осы баптың бірінші бөлігінде аталған зардаптардың тууына ықпал еткені дәлелденсе, оның зияны өтеуге жатпайды.
      5. Осы баптың ережелері нақ бұл баптың екінші бөлігінің 2  тармақшаларында аталған мән-жайлар болмаған кезде адамға қолданылған әкімшілік жазаның және басқа да әкімшілік-құқықтық ықпал ету  араларының күші жойылған немесе ескіру мерзімінің өтуіне, әкімшілік  жауаптылықты жоятын немесе әкімшілік жазаны жұмсартатын заңның  қабылдануына байланысты өзгерген жағдайларға қолданылмайды.

      194-бап. Өтеуге жататын зиян

      Осы Кодекстің 193-бабында аталған адамдардың мүліктік зиянды толық көлемінде өтетуге, моральдық зиян салдарын жойғызуға және барлық жоғалтқан немесе нұқсан келтірілген құқықтарын қалпына келтіртуге құқығы бар.

      195-бап. Зиянды өтеттіру құқығын тану

      Әкімшілік құқық бұзушылық туралы істі қарауға уәкілетті орган (лауазымды адам) адамды толық немесе ішінара ақтау туралы шешім қабылдап, олардың кейін зиянды өтеттіру құқығын тануға тиіс. Істі қысқарту туралы, өзге де заңсыз шешімдердің күшін жою немесе оларды өзгерту туралы қаулының көшірмесі мүдделі адамға тапсырылады не поштамен жіберіледі. Сонымен бірге оған зиянды өтеу тәртібі түсіндірілген хабарлама жіберіледі. Зиян өтеміне құқығы бар өлген адам мұрагерлерінің, туыстарының немесе асырауындағылардың тұрғылықты жері туралы мәліметтер болмаған жағдайда олар әкімшілік құқық бұзушылық туралы істі қарауға уәкілетті органға (лауазымды адамға) жүгінген күннен бастап бес күннен кешіктірмей оларға хабарлама жіберіледі.

      196-бап. Мүліктік зиянды өтеу

      1. Осы Кодекстің 193-бабында аталған адамдарға келтірілген мүліктік зиян:
      1) олар айырылған жалақының, зейнетақының, жәрдемақының, өзге де қаражаттар мен табыстардың;
      2) судья қаулысының негізінде заңсыз тәркіленген немесе өтемсіз алып қойылған мүліктің; мүлікті қайтару мүмкін болмаған жағдайда оның құны қайтарылады;
      3) істі шешуге уәкілетті органның (лауазымды адамның) заңсыз  қаулысын орындау үшін салынған айыппұлдардың; іс жүргізу шығындары мен әрекеттерге байланысты төлеген өзге де сомаларының;
      4) адамның заң көмегін көрсету үшін төлеген сомаларының;
      5) әкімшілік жауапқа заңсыз тарту нәтижесінде келтірілген өзге де шығындарының өтелуін қамтиды.
      2. Іс жүргізумен байланысты процессуальдық шығыстарға жұмсалған, осы Кодекстің 84-бабында көрсетілген сомаларды, іс жүргізу шығындарын әкімшілік құқық бұзушылық туралы істі қарауға уәкілетті органның (лауазымды адамның) заңсыз әрекеттері нәтижесінде келтірілген зиянның өтемін төлеуге жататын сомадан шегеріп тастауға болмайды.
      3. Әкімшілік құқық бұзу бойынша аталған қаулылардың көшірмесін зиянын өтеу тәртібі туралы хабарламамен бірге алған кезде істі қысқарту, өзге де заңсыз шешімдердің күшін жою немесе оларды өзгерту туралы қаулы шығарған органға (лауазымды адамға) мүліктік зиянын өтеу туралы талап қойып жүгінуге құқылы. Егер істі жоғары тұрған орган (лауазымды адам) немесе сот қысқартса, зиянды өтеу туралы талап заңсыз қаулы шығарған органға (лауазымды адамға) жіберіледі. Егер судья қараған істі жоғары тұрған сот қысқартса, зиянды өтеу туралы талап заңсыз қаулы шығарған судьяға жіберіледі. Кәмелетке толмаған адам ақталған жағдайда зиянды өтеу туралы талапты оның заңды өкілі мәлімдей алады.
      4. Арыз түскен күннен бастап бір айдан кешіктірмей осы баптың үшінші бөлігінде аталған орган (лауазымды адам) қажет болған жағдайларда қаржы органдарынан және әлеуметтік қамсыздандыру органдарынан есебін сұрап ала отырып, зиянның мөлшерін анықтайды, сонан соң инфляцияны ескере отырып, осы зиянды өтеуге төлем жасау туралы қаулы шығарады. Егер істі сот қысқартса, аталған іс-әрекетті істі қараған судья жүргізеді.
      5. Елтаңбалы мөрмен куәландырылған қаулының көшірмесі төлем жасауға міндетті органдарға ұсыну үшін адамға тапсырылады немесе жолданады. Төлем тәртібі заңмен белгіленеді

      197-бап. Моральдық зиянның зардаптарын жою

      1. Адамды ақтау туралы шешім қабылдаған орган (лауазымды адам) келтірілген зиян үшін одан ресми кешірім сұрауға міндетті.
      2. Оның көлемі туралы талас жоқ болса, келтірілген моральдық зиян үшін ақшалай өтемақы туралы талап-арыздар әкімшілік сот ісін жүргізу тәртібімен қойылады. Талас болған жағдайда, ақшалай бірлікте өтемақы туралы талап-арыздар азаматтық сот ісін жүргізу тәртібімен қойылады.
      3. Егер адам әкімшілік жауапқа заңсыз тартылса, ал бұл туралы мәліметтер баспасөзде жарияланып, радио, теледидар немесе өзге де бұқаралық ақпарат құралдары арқылы таратылған болса, осы адамның талап етуі бойынша, ал ол қайтыс болған жағдайда - оның туыстарының немесе прокурордың талап етуі бойынша тиісті бұқаралық ақпарат құралдары бір ай ішінде бұл туралы қажетті хабарлама жасауға міндетті.
      4. Осы Кодекстің 292-бабында аталған адамдардың талап етуі бойынша әкімшілік құқық бұзушылық туралы істі қарауға уәкілетті орган (лауазымды адам) өздерінің заңсыз шешімдерінің күші жойылғаны туралы екі апта мерзімде олардың жұмыс, оқу орнына, тұрғылықты жеріне жазбаша хабарлама жіберуге міндетті.

      198-бап. Талаптар қою мерзімдері

      1. Мүліктік зиянды өтеуге ақшалай төлем жасау туралы талаптарды осы Кодекстің 193-бабында аталған адамдар осындай төлемдер жасау туралы қаулыны алған кезден бастап бір жыл ішінде қоя алады.
      2. Өзге құқықтарды қалпына келтіру туралы талаптар құқықтарды  қалпына келтіру тәртібі түсіндірілетін хабарлама алынған күннен бастап алты ай ішінде қойылуы мүмкін.
      3. Дәлелді себептермен бұл мерзімдерді өткізіп алған жағдайда оларды мүдделі адамдардың арызы бойынша әкімшілік құқық бұзушылық туралы істі қарауға уәкілетті орган (лауазымды адам) қалпына келтіре алады.

      199-бап. Құқықтарды талап-арыз тәртібімен қалпына келтіру

      Егер ақтау немесе зиянды өтеу туралы талап қанағаттандырылмаса не адам қабылданған шешіммен келіспесе, оның азаматтық сот ісін жүргізу тәртібімен сотқа жүгінуге құқығы бар.

12-тарау. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс жүргізудің негізгі ережелері

      200-бап. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс жүргізудің
               тәртібі

      1. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарауға уәкілетті судьялар мен органдардың (лауазымды адамдардың) әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс жүргізу тәртібі осы Кодекспен айқындалады.
      2. Қылмыстық немесе азаматтық істерді қарау процесінде соттың әкімшілік жазалар қолдану тәртібі осы Кодекстің ережелерімен және Қазақстан Республикасының Қылмыстық іс жүргізу кодексі мен Қазақстан Республикасының Азаматтық іс жүргізу кодексіне сәйкес айқындалады.

      201-бап. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс жүргізуді
               болдырмайтын мән-жайлар

      1. Төмендегі мән-жайлардың ең болмағанда біреуі болған жағдайда әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс жүргізуді бастауға болмайды, ал басталған іс қысқартылуға жатады:
      1) әкімшілік құқық бұзушылық оқиғаларының болмауы;
      2) әкімшілік құқық бұзушылық құрамының болмауы, соның ішінде әкімшілік жауапқа тарту үшін жеке адамның құқық бұзушылық жасаған кезде осы Кодексте көзделген жасқа толмауы немесе құқыққа қарсы әрекет жасаған жеке адамның ақыл-есінің дұрыс болмауы;
      3) әкімшілік жауаптылықты белгілейтін немесе бұзылуына әкімшілік жауаптылық белгіленген заңның немесе оның жекелеген ережелерінің күші жойылуы;
      4) Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесі әкімшілік жауаптылықты белгілейтін заңды немесе оның кейбір ережелерін Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкес келмейді деп тануы салдарынан олардың күші жойылуы;
      5) әкімшілік жауапқа тарту мерзімінің өтуі;
      6) әкімшілік жауапқа тартылатын адам жөнінде сол факт бойынша әкімшілік жаза қолдану туралы судьяның, органның (лауазымды адамның) қаулысының не әкімшілік құқық бұзушылық туралы істің қысқартылуы туралы күші жойылмаған қаулының болуы, сондай-ақ нақ сол факт бойынша
соттың айыптаушы өкімінің болуы;
      7) ісі жүргізіліп отырған жеке адамның қайтыс болуы;
      8) салықтың және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің түсуін қамтамасыз ету саласына басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті орган бекіткен бағдарламалық камтамасыз етуде техникалық қателер туындаған жағдайда салық төлеушінің салықтық міндеттемелерді салық есептілігі нысанын электрондық түрде ұсыну бойынша Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мерзімде орындамауына әкеліп соғуы;
      9) Қазақстан Республикасының салық заңнамасында көзделген өзге де жағдайларда.
      2. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс жүргізу осы баптың бірінші бөлігінің 2) тармақшасында көзделген негіз бойынша және зиян келтіру заңды болып табылғанда немесе осы Кодекстің 5-тарауына сәйкес әкімшілік жауаптылық жоққа шығарылатын мән-жайларда жасалған ретте қысқартылады.

      202-бап. Әкімшілік жауапқа тартпауға мүмкіндік беретін
               мән-жайлар

      Әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс жүргізу осы Кодексте көзделген тәртіппен, шын мойындаған немесе құқық бұзушылықтың маңыздылығы аз болуымен байланысты әкімшілік жауаптылықтан босату жағдайында, сондай-ақ әрекетте қылмыстық заңдарда көзделген қылмыс құрамының белгілері болуына және ол бойынша соттың айыптаушы өкімінің шығарылуына байланысты материал прокурорға, алдын ала тергеу немесе анықтау органына берілген жағдайда тоқтатылуы мүмкін.
      Прокурор, алдын ала тергеу немесе анықтау органы қылмыстық істі қозғаған немесе қылмыстық істі тоқтатудан бас тартқан жағдайда, әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама жасаған орган қылмыстық істі қозғаудан немесе тоқтатудан бас тарту туралы шешімді алған күннен бастап 15 күн ішінде, бірақ қылмыстық істі қозғаудан немесе тоқтатудан бас тарту туралы шешім қабылдаған күннен бастап үш айдан кешіктірілмей, қаралуға тиіс. Бұл жағдайда әкімшілік жауаптылыққа тарту мерзімінің ағымы қылмыстық істі қозғау немесе қылмыстық істі тоқтатудан бас тарту туралы шешімді әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттаманы жасаған орган алған сәттен бастап жаңартылады.

      203-бап. Прокурорлық қадағалау

      Қазақстан Республикасы Конституциясының 83-бабына сәйкес әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс жүргізу процесінде заңдардың дәл және біркелкі қолданылуын жоғары дәрежеде қадағалауды мемлекет атынан тікелей де, өзіне бағынысты прокурорлар арқылы да Қазақстан Республикасының Бас Прокуроры жүзеге асырады.

      204-бап. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс жүргізуде
               прокурордың заңдылықты қамтамасыз ету жөніндегі
               өкілеттігі

      1. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс жүргізуді тексеру нәтижелері бойынша прокурор:
      1) әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс бойынша қаулыға сотқа, өзге де уәкілетті органға немесе оның лауазымды адамына наразылық келтіруге;
      2) уәкілетті лауазымды адамдар мен органдарға (соттан басқа) қосымша тексеру жүргізу туралы жазбаша нұсқау беруге;
      3) уәкілетті органдардан өздерінің бақылауындағы немесе өзіне  бағынысты ұйымдарда тексеру жүргізуді талап етуге;
      4) заңда белгіленген жағдайларда әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс жүргізуді қысқартуға;
      5) әкімшілік жаза туралы қаулының орындалуын тоқтата тұруға;
      6) әкімшілік ұстауға заңсыз таратылған адамды босату туралы қаулы шығаруға;
      7) өкілетті мемлекеттік органдардың лауазымды адамдары өздерінің міндеттерін орындауға байланысты жеке, заңды тұлғалардың және мемлекеттің құқықтары мен заңды мүдделерін бұзатын жағдайларда қолданған тыйым салу немесе шектеу сипатындағы кез келген шаралардың алып тасталуы туралы қаулы шығаруға немесе талап қоюға;
      8) әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс жүргізуді қозғау туралы қаулы шығаруға құқылы.
      2. Прокурордың осы баптың бірінші бөлігінің 6) және 7) тармақшаларында аталған актілері дереу орындалуға тиіс. Прокурордың аталған актілерінің орындалуын кідіртуге кінәлі лауазымды адамдар заңда белгіленгендей жауапты болады.

13-тарау. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қозғау

      205-бап. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қозғаудың
               дәлелдері мен негіздемесі

      1. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қозғауға:
      1) уәкілетті лауазымды адамның әкімшілік құқық бұзушылық жасау фактісін тікелей анықтауы;
      2) нақты адамның әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны туралы куәландыратын құқық қорғау органдарынан, сондай-ақ басқа да мемлекеттік органдардан, жергілікті өзін-өзі басқару органдарынан түскен материалдар;
      3) Қазақстан Республикасының "Жеке кәсіпкерлік туралы" Заңына сәйкес жүргізілген тексеріс нәтижесі, жеке кәсіпкерлік субъектісінің жасаған құқық бұзушылығы;
      4) күдіктінің, айыпталушының әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны туралы куәландыратын Қазақстан Республикасының Қылмыстық іс жүргізу кодексінде көзделген негіздемелер бойынша қылмыстық ізге түсу органдары тоқтатқан қылмыстық істердің материалдары;
      5) жеке және заңды тұлғалардың хабарламалары, аң аулау  шаруашылығы және балық шаруашылығы ұйымдарының ереглік қызметі жасаған актілер, сондай-ақ бұқаралық ақпарат құралдарындағы әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны туралы куәландыратын хабарламалар;
      6) Автоматты режимде жұмыс істейтін және жол жүрісі қауіпсіздігі саласында көлік құралы қозғалысының жол жағдайын, жылдамдығы мен бағытын, сондай-ақ жол жүрісінің басқа да қатысушыларының іс-әрекеттерін фото-, бейнежазба арқылы тіркейтін сертификатталған арнайы бақылау-өлшеу техникалық құралдары мен аспаптарының көрсеткіштері себеп болып табылады.
      2. Әкімшілік құқық бұзушылық белгілерін көрсететін жеткілікті деректердің болуы әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қозғау үшін  негіздеме болады.
      3. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс:
      1) әкімшілік құқық бұзушылық жасалғаны туралы хаттама жасалған немесе әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қозғау туралы прокурор қаулы шығарған;
      2) судья (сот) сот талқылауы барысында процеске қатысушы адамның тарапынан сотқа құрметтемеушілік білдіру фактісінің анықталғаны туралы жариялаған;
      3) осы Кодекстің 209-бабында көзделген тәртіпте әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс бойынша қаулы шығарған кезден бастап әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қозғалған болып саналады.

      206-бап. Прокурордың әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс
               қозғауы

      1. Прокурор Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 66-78, 83, 118, 151, 385, 395-404, 413, 414, 418, 429, 444, 587, 594, 600, 609, 615-баптарында көзделген белгіленген басқару тәртібіне қол сұғатын әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қозғау жөнінде қаулы шығарады.
      2. Прокурор өзге де әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қозғау  жөнінде қаулы шығаруға құқылы.
      3. Прокурордың әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қозғау жөніндегі қаулысында әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттамаға қойылатынға ұқсас мәліметтер болуға тиіс.

      207-бап. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама жасауға
               құқы бар лауазымды адамдар

      1. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама жасауға осы Кодексте көзделген соған уәкілетті лауазымды адамдар құқылы.
      2. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттаманы оған уәкілетті лауазымды адам жасамаған болса, жасалу сәтінен бастап заңсыз болып табылады.

      208-бап. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама жасау
               мерзімдері

      1. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама әкімшілік құқық бұзушылық жасалу фактісі ашылғаннан кейін дереу, мемлекеттік органдардың монополистік қызметті, жосықсыз бәсекені және бәсекеге қарсы іс-әрекеттерді жүзеге асыру кезінде - тергеу немесе тексеру нәтижелері бойынша тиісті шешім қабылданғаннан кейін, бюджет қаражаттары мен мемлекет активтерін пайдалану саласында әкімшілік құқық бұзушылықтар бойынша - айқындалған құқық бұзушылықтар нәтижелері бойынша тиісті шешім қабылдағаннан кейін, ал салық салу, қаржы заңнамасы, зейнетақымен қамсыздандыру және міндетті әлеуметтік сақтандыру саласындағы, сондай-ақ техникалық реттеу және өлшем бірлігін қамтамасыз ету саласындағы әкімшілік құқық бұзушылық бойынша - тиісті тексеру аяқталғаннан кейін жасалады.
      2. Әкімшілік құқық бұзушылықтың мән-жайларын, өзіне қатысты іс қозғалған жеке адамның өз басын немесе заңды тұлға туралы мәліметтерді және заңды тұлғаның заңды өкілінің жеке басын қосымша анықтау талап етілген жағдайларда әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама үш тәулік ішінде, ал Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Қазақстан Республикасы кодексінің 212, 231, 222-баптарында көзделген әкімшілік құқық бұзушылық бойынша құқық бұзушылық немесе оны жасаған адам ашылған кезден бастап он тәулік ішінде жасалады.
      3. Сараптама жүргізу талап етілетін жағдайда әкімшілік құқық  бұзушылық туралы хаттама сараптама қорытындысы алынған сәттен бастап  бір тәулік ішінде жасалады.
      4. Қоршаған ортаға келтірілген зиян сомасының мөлшерін белгілеу талап етілген жағдайларда әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама қоршаған ортаға келтірілген зиян сомасының мөлшері белгіленген кезден бастап бір тәулік ішінде жасалады.
      5. Осы баптың екінші бөлігінде көрсетілген талаптар жеке адамның анықталмауына байланысты атқарылмауы мүмкін жағдайларда әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама осы бапта белгіленген мерзімдерде әкімшілік құқық бұзушылық жасау фактісі бойынша жасалады.        6. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы істердің материалдары бойынша дәлелдеме ретінде сертификатталған, арнайы техникалық бақылау-өлшем құралдары және құқық бұзушылық фактісін және бұзушының жеке басын анық белгілеуге мүмкіндік беретін, метрологиялық тексерістен өткен, құқық бұзушылықты қадағалау мен тіркеу фото-, бейнеаппаратура аспаптарының деректері пайдаланылған жағдайда әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама құқық бұзушы болмағанда да жасалуы мүмкін.
      7. Егер де Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Қазақстан Республикасының кодексінің адамды әкімшілік жауаптылыққа тарту мерзімі өткен болса, әрекетке қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама жасалынуы мүмкін емес.

      209-бап. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама
               жасалмайтын жағдайлар

      1. Ескерту немесе айыппұл түрінде әкімшілік жаза қолдануға әкеп соғатын әкімшілік құқық бұзушылық жасалған жағдайда, егер айыппұл бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінен аспаса және адам (жеке тұлға, орган немесе заңды тұлғаның басқару функциясын жүзеге асыратын адам) құқық бұзушылық жасау фактісін мойындаса және осы баптың 2-бөлігінде көзделген жағдайларда, әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама жасалмайды. Жазаны осы Кодекстің сәйкес әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс бойынша қаулы шығару жолымен соған уәкілеттік берілген лауазымды адам әкімшілік құқық бұзушылық жасалған жерде ресімдейді. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс бойынша қаулыда айыппұл түрінде жаза қолданылған жағдайда осы Кодекстің талаптарына сәйкес ресімделген түбіртек туралы мәлімет көрсетіледі.
      Әкімшілік құқық бұзушылық жасаған адам ескертудің немесе төлем құжатының екінші данасына қол қою арқылы қолданылған жазаға өзінің келісетінін растайды.
      2. Осы Кодекстің 35-бабының үшінші бөлігінде, 201-бабының төртінші бөлігінде аталған жағдайларды қоспағанда, жол жүрісі қауіпсіздігі саласында әкімшілік құқық бұзушылық жасалған кезде әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама жасалмайды.
      Айыппұл түріндегі жазаны оған уәкілетті лауазымды адам осы Кодекстің 267-бабында белгіленген тәртіппен қолданады және төлете алады.
      Егер әкімшілік құқық бұзушылық автоматты режимде жұмыс істейтін сертификатталған арнайы бақылау-өлшеу техникалық құралдарымен және аспаптарымен тіркелсе, осы Кодекстің 214-бабына сәйкес, әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс бойынша қаулы шығару жолымен, үш күн ішінде әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қозғалған тұлғаға тапсырылатын, арнайы бақылау-өлшеу техникалық құралының немесе аспабының көрсетулері қоса берілетін айыппұл ресімделеді.
      Қаулы көлік құралының меншік иесі (иесі) тиісінше хабардар етілген сәттен бастап және осы қаулы бойынша шағым болмағанда он күн өткеннен кейін күшіне енеді.
      3. Жеке тұлғалар бұзылған құқықтарын қалпына келтіру туралы арыз жазған жағдайда Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Қазақстан Республикасы кодексінің 66-123-баптарында көзделген әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді сот құқық бұзушылық туралы хаттама жасамай-ақ қарайды. Хаттама әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс жүргізу прокурор қаулысымен қозғалған жағдайларда да және судья (сот) тікелей сот талқылауы барысында осы Кодекстің 35-бабының үшінші бөлігінде көзделген жағдайларда сотқа құрметтемеушілік білдіру фактісін анықтаған кезде жасалмайды.
      4. Егер адам осы баптың бірінші және екінші бөліктерінде белгіленген тәртіппен қолданылатын жазаға дау айтса не әкімшілік құқық бұзушылық жасаған жерде айыппұл төлеуге мүмкіндігі болмаса осы Кодекстің 157-бабында көзделген әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер бойынша іс жүргізуді қамтамасыз ету шаралары қолданыла отырып, осы Кодекстің 146-бабына сәйкес әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама жасалады.

      210-бап. Хаттаманы (прокурордың қаулысын) істі қарау үшін
               жіберу

      1. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама (прокурордың қаулысы) қарау үшін әкімшілік құқық бұзушылық туралы істі қарауға уәкілдік берілген судьяға, органға (лауазымды адамға) жасалған кезден бастап үш тәулік ішінде жіберіледі.
      2. Жасағаны үшін жауаптылығы әкімшілік қамауға алуды қолдануға әкеп соғуы мүмкін әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама (прокурордың қаулысы) ол жасалғаннан кейін дереу судьяға жіберіледі.
      3. Хаттаманы құқығы жоқ адам жасауы, хаттама дұрыс жасамау және істің басқа материалдары дұрыс рәсімдемеу, хаттаманы және істің басқа да материалдарын толтырған кезде қателерді жіберудің жағдайларын қоспағанда, егер олар әкімшілік құқық бұзушылық оқиғасының болуын не болмауын, әкімшілік жауаптылыққа тартылатын жеке тұлғаның кінәлігін, сондай-ақ істің шешілуі үшін маңызы бар өзге де жағдайларды анықтауға бағытталмаған болса, әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс бойынша іс жүргізуді тоқтатудың негіздері болып табылады.
      4. Осы баптың үшінші бөлігінде көзделген жағдайларда, хаттаманы және істің баска да материалдарын толтырған кезде жіберілген қателер әкімшілік құқық бұзушылық туралы істі қараушы судья, орган (лауазымды адам) алған күннен бастап үш тәуліктен аспайтын мерзімде жойылады. Түзетілген хаттама және істің басқа материалдары оларға енгізілген өзгерістерімен қоса әкімшілік құқық бұзушылық туралы істі қараушы судьяға, органға (лауазымды адамға) кемшіліктері жойылған күннен бастап бір тәулік ішінде қайта жіберіледі.

      211-бап. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс жүргізуді
               істі қарауға бергенге дейін немесе істі қарау
               кезінде толықтырылуы мүмкін емес толығымен
               ұсынылмаған материалдарды қысқарту

      Әкімшілік құқық бұзушылық туралы осы Кодекстің 206, 194-бабында және Қазақстан Республикасы кодексінің 4-тарауында көзделген әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс бойынша жүргізуді болдырмайтын мән-жайлардың тым болмаса біреуі болған жағдайда, істі жүргізіп жатқан лауазымды адам әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс жүргізуді қысқарту жөнінде қаулы шығарады.

14-тарау. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарау

      212-бап. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы істі қарайтын
               орын

      1. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс оның жасалған жері бойынша қаралады.
      2. Көліктегі әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер көлік құралдары, кемелер, соның ішінде шағын көлемді кемелер есепке алынған жер бойынша немесе өзіне қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс жүргізіліп жатқан адамның тұрғылықты жері бойынша да қаралуы мүмкін.
      3. Баптарда көзделген қоршаған ортаны қорғау, табиғи ресурстарды пайдалану саласындағы әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер олар жасалған жер бойынша немесе өзіне қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс жүргізіліп жатқан адамның тұрғылықты жері бойынша қаралуы мүмкін.
      4. Кәмелетке толмағандардың, олардың ата-аналарының немесе ата-аналарын ауыстыратын адамдардың әкімшілік құқық бұзушылығы туралы істер өзіне қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс жүргізіліп жатқан адамның тұрғылықты жері бойынша қаралады.
      5. Табиғи монополиялар және реттелетін нарықтар саласындағы әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер Табиғи монополиялар субъектілерінің мемлекеттік тізіліміне табиғи монополия субъектісінің ену жері бойынша қаралуы мүмкін.

      213-бап. Өтініш жасау

      1. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс жүргізуге қатысушы адамдардың, сол істі жүргізіп жатқан судьяның, органның (лауазымды адамның) міндетті түрде қарауына жататын өтініш мәлімдеуге құқығы бар. Өтініш жазбаша түрде мәлімденеді және дереу қаралуға тиіс.
      2. Өтінішті қанағаттандыру туралы не оны қанағаттандырудан бас тарту туралы шешім ұйғарым түрінде шығарылады.

      214-бап. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс бойынша іс
               жүргізуге қатысудың мүмкіндігін жоққа шығаратын
               жағдайлар.

      1. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс бойынша іс жүргізуге қатысуға адамның қорғаушысы және өкілі ретінде бұзылуы осы істі қозғау үшін негіздеме болған, ережелердің сақталуына қадағалау мен бақылауды жүзеге асыратын мемлекеттік органдардың қызметкерлері немесе егер де олар алдын осы іс бойынша іс жүргізудің басқа қатысушылары ретінде болса, жіберілмейді.
      2. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс бойынша іс жүргізуге қатысуға, егер де олар жүргізуінде осы іс қаралып жатқан әкімшілік жауаптылыққа тартылатын тұлғамен, жәбірленушімен, олардың заңды өкілдерімен, қорғаушысымен, өкілімен, прокурорымен, судьясымен, алқалы орган мүшесімен немесе лауазымды тұлғамен туыстық қарым-қатынаста болса, егер де олар алдын осы іс бойынша жүргізудің басқа қатысушылары ретінде болса, сол сияқты осы адамдарды тікелей немесе жанама осы істің барысына мүдделі деп есептеуге негіздер болса, сарапшы және аудармашы жіберілмейді.

      215-бап. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы істі қарауға
               әзірлеу

      1. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы істі қарауға әзірлеу кезінде судья, лауазымды адам мынадай:
      1) осы істі қарау оның құзыретін жатады ма;
      2) осы істі судья, алқалы органның мүшесі, лауазымды адамның қарау мүмкіндігін болдырмайтын жағдайлар бар ма;
      3) әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама және осы Кодексте көзделген басқа да хаттамалар, сондай-ақ істің өзге материалдары дұрыс ресімделген бе;
      4) іс бойынша іс жүргізуді болдырмайтын және әкімшілік жауаптылыққа тартпауға мүмкіндік беретін жағдайлар бар ма;
      5) өтінімдер мен бас тартулар бар ма;
      6) әкімшілік процеске қатысушы адамдарға істі қарау орны мен уақыты хабарланғаны туралы мәселелерді анықтайды.

      216-бап. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы істі қарауға
               әзірлеу кезінде судья, орган (лауазымды адам)
               қабылдайтын шешім

      1. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы істі қарауға әзірлеу кезінде судья, орган (лауазымды адам) мынадай шешім қабылдайды:
      1) істі қарайтын уақыт пен орын тағайындау туралы;
      2) іс бойынша адамдарды шақыру, қажетті қосымша материалдарды сұрап алдыру туралы. Қажет болған жағдайда судья сараптама тағайындауға да құқылы;
      3) істі қарауды кейінге қалдыру туралы;
      4) егер бұл істі қарау өзінің құзыретіне жатпаса не судьядан, лауазымды адамнан бас тарту туралы ұйғарым шығарылса, әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттаманы және істің басқа материалдарын ведомстволық бағыныстылық бойынша қарауға беру туралы;
      5) осы Кодекстің 202-бабының 3-тармағында көзделген жағдайларда, әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттаманы және істің басқа да материалдарын хаттаманы жасаған органға (лауазымды тұлғаға) қайтару туралы;
      6) істі ережеге сәйкес мәні бойынша қарау үшін әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істі қарау орнына беру туралы;
      7) әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс бойынша іс жүргізуді болдырмайтын мән-жайлар және әкімшілік жауаптылыққа тартпауға мүмкіндік беретін мән-жайлар болғанда іс жүргізуді тоқтату туралы.
       2. Осы баптың бірінші бөлігінің 1)-6) тармақшаларында көзделген шешімдер ұйғарым түрінде шығарылады.
      Егер істі әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама жасалған орында хаттаманы жасаған лауазымды адам қарап жатса, жеке ұйғарым шығарылмайды, ол туралы әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттамада тиісті белгі қойылады.
      3. Осы баптың бірінші бөлігінің 7) тармақшасында көзделген шешім қаулы түрінде шығарылады.
      4. Судья, әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарауға уәкілетті органдар (лауазымды адамдар) іс жүргізуде бір адамға қатысты қозғалған екі немесе одан да көп істер барын анықтай отырып, осы істерді бірге қарау үшін бір іске біріктіруге құқылы.
      5. Жауапқа тартылушы адамның, оның заңды өкілінің, куәнің дәлелсіз себептермен келмей қалуына байланысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы істі қайта қарауға әзірлеу кезінде істі қараушы судья, орган (лауазымды адам) аталған адамдарды алып келу туралы ұйғарым шығаруға құқылы.

      217-бап. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарау
               мерзімдері

      1. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер істі қарауға құқықты судья, орган (лауазымды адам) әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттаманы және істің басқа материалдарын алған күннен бастап он бес күн мерзімде қаралады.
      2. Сот талқылауы барысында анықталған процеске қатысушы адамның тарапынан сотқа құрметтемеушілік білдіру фактісі туралы істі судья (сот) соттың бірінші, апелляциялық немесе қадағалау инстанциясындағы тікелей осы отырысында қарайды.
      3. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс жүргізуге қатысушылардан өтініштер түскен жағдайда не істің мән-жайларын қосымша анықтау қажет болған кезде істің қаралу мерзімін істі қараушы судья, орган (лауазымды адам) ұзартуы мүмкін, бірақ ол бір айдан аспайтын, ал, салық міндеттемесін орындауға байланысты істер бойынша, шағым беру мерзімінің кезеңіне ұзартуы мүмкін.
      4. Жасалуы әкімшілік қамауға, Қазақстан Республикасының шегінен әкімшілік жолмен шығарып жіберуге әкеліп соғатын әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама мен істің басқа материалдары алынған күні, ал әкімшілік ұстауға ұшыраған адам жөнінде - ол ұсталған кезден бастап қырық сегіз сағаттан кешіктірілмей қаралады.

      218-бап. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарау
               тәртібі

      1. Алқалы орган отырысында төрағалық етуші судья немесе лауазымды адам әкімшілік құқық бұзушылық туралы істі қарауға кіріскенде:
      1) істі кім қарайтынын, қандай іс қаралғалы жатқанын, кім және осы Кодекстің қай бабы негізінде жауапқа тартылып отырғанын хабарлайды;
      2) әкімшілік жауапқа тартылып отырған жеке адамның немесе заңды тұлғаның заңды өкілінің, сондай-ақ істі қарауға қатысушы өзге де адамдардың келгеніне көз жеткізеді;
      3) іс жүргізуге қатысушылардың жеке басын анықтайды, соның ішінде жеке тұлғалар үшін - тегін, атын, әкесінің атын, туылған жылын, тұрғылықты жерін, жеке басын куәландыратын құжаттың атауы мен реквизиттерін, салық төлеушінің тіркеу нөмірін, тұрғылықты мекенжайы бойынша тіркеу туралы мәліметті, жұмыс орнын; заңды тұлғалар үшін - атауын, ұйымдық-құқықтық нысанын, мекен-жайын, заңды тұлға ретінде мемлекеттік тіркелімнің нөмірі мен күнін, сәйкестендірілген нөмірі мен банк реквизиттерін анықтайды;
      4) іс бойынша іс жүргізуге қатысушылардың жеке басын анықтайды және жеке адамның немесе заңды тұлғаның өкілдерінің, қорғаушысының өкілеттіктерін тексереді;
      5) іс жүргізуге қатысушылардың келмей қалу себептерін анықтайды және аталған адамдар жоқта іс қарау туралы не іс қарауды кейінге қалдыру туралы шешім қабылдайды;
      6) іс қарауға қатысушы адамдарға олардың құқықтары мен міндеттерін түсіндіреді;
      7) мәлімделген бас тартуларды және өтініш жасауларды шешеді;
      8) әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттаманы, ал қажет болған жағдайда - өзге де материалдарды оқып береді;
      9) қажет болған жағдайларда әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс бойынша ұйғарым шығарады.
      2. Төрағалық етуші тікелей сот талқылауы барысында процеске қатысушы адамның тарапынан сотқа құрметтемеушілік білдіру фактісін анықтап, факті туралы жариялай отырып, осы баптың бірінші бөлігі 2), 5), 8) тармақшаларының талаптарын сақтамастан, кінәлі адамға Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Қазақстан Республикасы кодексінің тиісті бабында көзделген әкімшілік жаза қолдану туралы қаулы шығаруға құқылы.
      Процеске қатысушы адамның тарапынан тікелей сот талқылауы барысында сотқа құрметтемеушілік білдіру фактісін анықтау осы сот отырысының хаттамасында тіркеледі.
      3. Қажет болған жағдайларда осы Кодексте көзделген басқа да іс жүргізу іс-әрекеттері жүзеге асырылады.

      219-бап. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы істі қарау
               кезінде анықтауға жататын мән-жайлар

      Судья, орган (лауазымды адам) әкімшілік құқық бұзушылық туралы істі қарау кезінде әкімшілік құқық бұзушылық жасалғанын, осы адамның соны жасауға кінәлілігін, оның ол әкімшілік жауаптылыққа жататынын, жауаптылықты жеңілдететін және ауырлататын мән-жайлардың болуын, мүліктік залал келтірілгенін анықтауға, сондай-ақ істі дұрыс шешу үшін маңызы бар басқа да мән-жайларды анықтауға міндетті.
      Істі дұрыс шешу үшін маңызы бар мән-жайлардың болуында кез келген күмән әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қаралып жатқан тұлғаның пайдасына түсіндіріледі.

      220-бап. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс бойынша
               ұйғарым түрлері және оларды қолдану тәртібі

      1. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы істі қарап, судья, орган (лауазымды адам) мына ұйғарымдардың бірін шығарады:
      1) егер қарсылық білдіру істің шын мәнінде қаралуына кедергі келтірген жағдайда, істі қарап жатқан судья немесе лауазымды адам өздігінен бас тарту немесе бас тарту туралы өтініш берумен байланысты істі қарауды кейінге қалдыру туралы;
      2) істі қарауға қатысатын тұлғалардың келуін қамтамасыз ету қажеттігі туралы;
      3) егер көрсетілген бас тарту істі шын мәнінде қарауға кедергі келтірсе, қорғаушының, уәкілетті өкілдің, сарапшының, аудармашының, сот отырысы хатшысының бас тартуымен байланысты істі шын мәнінде таратуды кейінге қалдыру туралы;
      4) іс бойынша қосымша материалдарды талап ету туралы;
      5) сараптама тағайындау туралы;
      6) осы Кодекске сәйкес әкімшілік құқық бұзушылық туралы істі қарау орны бойынша шын мәнінде қарау үшін істі тапсыру туралы.
      2. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс бойынша ұйғарымда мерзім мен шағымданы тәртібін қоспағанда, қаулы үшін көзделген мәліметтер көрсетілуге тиіс.
      3. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы істі қарау нәтижелері бойынша қылмыстық заңнамада көзделген қылмыс құрамының белгілері болуымен байланысты прокурорға, алдын ала тергеу немесе анықтау органдарына материал ұйғарымы шығарылады.

      221-бап. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс бойынша
               шешімдердің түрлері және оларды қолдану тәртібі

      1. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы істі қарап, судья, орган (лауазымды адам) мына қаулылардың бірін шығарады:
      1) әкімшілік жаза қолдану туралы;
      2) іс жүргізуді қысқарту туралы;
      3) істі осы әкімшілік құқық бұзушылық үшін өзге түрде немесе  мөлшерде жаза қолдануға құқылы судьяның, органның (лауазымды адамның) қарауына беру туралы, сондай-ақ, егер де істі қарау оны қараған судьяның органның (лауазымды адамның) құзыретіне жатпағаны анықталғанда, ведомстволық бағынысты орнына қарай істі қарауға тапсыру туралы.
      2. Іс жүргізуді қысқарту туралы қаулы:
      1) іс жүргізуді болдырмайтын мән-жайлар болған;
      2) осы Кодексте және Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексте  көзделген әкімшілік жауапқа тартпауға мүмкіндік беретін мән-жайлар болған;
      1) Тәртіптік орнатулардың немесе арнаулы ережелердің ықпалы таратылатын адамды тәртіптік жауапқа тарту туралы мәселені шешу үшін іс материалдарын тиісті органдарға беретін жағдайларда шығарылады.

      222-бап. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс жөніндегі
               қаулы

      1. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс жөніндегі қаулыда:
      1) қаулыны шығарған судьяның, лауазымды адамның лауазымы, аты-жөні;
      2) істің қаралған күні мен орны;
      3) өзіне қатысты іс қаралған тұлға туралы мәліметтер: жеке тұлғалар үшін - тегі, аты, әкесінің аты, туған күні, айы, жылы, тұрғылықты жері, жеке басын куәландыратын құжаттың атауы мен реквизиттері, салық төлеушінің тіркеу нөмірі, тұрғылықты жері бойынша тіркелгені туралы мәліметтер, жұмыс орны; заңды тұлғалар үшін - атауы, ұйымдық-құқықтық нысаны, тұрған жері, заңды тұлға ретінде мемлекеттік тіркелу нөмірі және тіркелген күні, салық төлеушінің тіркеу нөмірі және банк реквизиттері;
      4) қаралатын іс бойынша іс жүргізу тілі;
      5) Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Қазақстан Республикасы кодексінде әкімшілік құқық бұзушылық үшін жауаптылық көзделетін бабы;
      6) істі қарау кезінде анықталған мән-жайлар;
      7) іс бойынша шешім;
      8) қаулыға шағым беру тәртібі мен мерзімі көрсетілуге тиіс.
      2. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс жөніндегі қаулы дәлелді болуы тиіс.
      Егер судья әкімшілік құқық бұзушылық үшін жаза қолдану туралы мәселені шешу кезінде кінәлінің мүліктік залалды өтеуі туралы мәселені бір мезгілде шешсе, қаулыда өтеуге жататын залалдың мөлшері, оны өтеу мерзімі мен тәртібі көрсетіледі.
      Қазақстан Республикасының шегінен әкімшілік жолмен кетіру туралы шешім шығарылған кезде, Қазақстан Республикасының аумағынан шетелдіктің немесе азаматтығы жоқ адамның сол мерзім ішінде кетуі тиіс ақылға қонымды мерзім көрсетіледі.
      3. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс жөніндегі қаулыда жеке адамда болған алынып қойылған заттар мен құжаттар туралы, заңды тұлғаға тиесілі құжаттар мен мүлік туралы мәселелер шешілуге тиіс, бұл кезде:
      1) әкімшілік құқық бұзушылық жасаудың құралдары не нысанасы болған және әкімшілік жауапқа тартылған жеке адамға немесе заңды тұлғаға тиесілі заттар әкімшілік кодекс нормаларының санкцияларында көзделген жағдайларда тәркіленеді не тиісті мекемелерге беріледі немесе жойылады, қалған жағдайларда тиесілі адамына қайтарылады;
      2) айналысына тыйым салынған заттар тиісті мекемелерге беріледі немесе жойылады;
      3) құнды емес және пайдаланыла алмайтын заттар жойылуға жатады, ал мүдделі адамдар өтініш жасаған жағдайларда оларға берілуі мүмкін;
      4) заттай дәлелдемелер болып табылатын құжаттар істе оның бүкіл сақталу мерзімі ішінде қалады не мүдделі адамдарға беріледі.
      4. Алқалы органның қаулысы отырысқа қатысқан алқалы орган мүшелерінің жай көпшілік даусымен қабылданады. Дауыстар тең түскен жағдайда төрағалық етушінің дауысы шешуші дауыс болады.
      5. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс жөніндегі қаулыға қаулы шығарған судья, алқалы органның отырысында төрағалық еткен лауазымды адам қол қояды.

      223-бап. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс жөніндегі
               қаулыны хабарлау және қаулының көшірмесін
               тапсыру

      1. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс жөніндегі қаулы іс қаралып біткен соң дереу хабарланады.
      2. Қаулының көшірмесі өзі арнап шығарылған жеке адамға, сондай-ақ әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қозғаған уәкілетті органға (лауазымды адамға) немесе заңды тұлғаның заңды өкіліне, сондай-ақ олардың сұрауы бойынша жәбірленушіге, жеке адамның заңды өкіліне дереу тапсырылады. Аталған адамдар болмаған жағдайда қаулының көшірмесі ол шығарылған күннен бастап үш күн ішінде жіберіледі.
      3. Ұйым атыс қаруын, сондай-ақ оқ-дәріні қызметтік міндеттерін  орындауына байланысты сеніп берген немесе уақытша пайдалануға берген адам жөнінде әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс бойынша қаулының көшірмесі тиісті ұйымға жіберіледі.

      224-бап. Әкімшілік құқық бұзушылық жасауға ықпал еткен
               себептер мен жағдайларды жою туралы ұсыныс

      1. Әкімшілік құқық бұзушылық жасауға ықпал еткен себептер мен жағдайларды анықтаған кезде судья жеке қаулы шығарады, ал орган (лауазымды адам) тиісті ұйымға және лауазымды адамдарға оларды жою жөнінде шаралар қолдану туралы ұсыныс енгізеді.
      2. Ұйымдардың басшылары мен басқа да лауазымды адамдар жеке қаулыны және ұсынысты оны алған күннен бастап бір ай ішінде қарауға және ұсыныс енгізген судьяға, органға (лауазымды адамға) қолданылған шаралар туралы хабарлауға міндетті.
      3. Жеке қаулыны іске асыру бойынша қабылданбаған шаралар туралы хабарламау сотты құрметтемеушілік көрінісі ретінде қаралады, ал кінәлі тұлға әкімшілік жауаптылыққа тартылады.

      225-бап. Әкімшілік құқық бұзушылықтан келтірілген зиянды
               өтеу

      1. Судья мүліктік зиян келтірген әкімшілік құқық бұзушылық туралы істі қарай келіп, егер зиянның мөлшері туралы дау болмаса, әкімшілік жаза қолдану туралы мәселені шешумен бір мезгілде осындай зиянды өндіріп алады.
      Әкімшілік құқық бұзушылықтан келтірілген мүліктік зиянның мөлшері туралы даулар азаматтық сот ісін жүргізу тәртібімен қаралады.
      2. Өзге уәкілетті органдар (лауазымды адамдар) қарайтын әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер бойынша мүліктік зиянды өтеу, кінәлі адам оны өз еркімен өтеуден бас тартқан жағдайда, азаматтық сот ісін жүргізу тәртібімен жүргізіледі.
      3. Іскерлік беделді қорғау немесе әкімшілік құқық бұзушылықтан келтірілген моральдық зиянды өтеу туралы талаптар Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінде көзделген негіздемелер бойынша азаматтық сот ісін жүргізу тәртібімен қаралады.

      226-бап. Сот отырысының хаттамасы

      1. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс бойынша сот ісін жүргізу кезінде сот отырысының хатшысы хаттама жүргізеді.
      2. Хаттама қолдан жазылуы, компьютерлік тәсілмен жасалуы мүмкін. Хаттаманың толықтығын қамтамасыз ету үшін стенограммалау қолдануы мүмкін.
      3. Сот отырысының хаттамасы әкімшілік құқық бұзушылық туралы істі қараудың барлық маңызды сәттерін көрсетуге тиіс.
      4. Хаттамада:
      1) іс жүргізудің жылы, айы, күні және орны;
      2) іс жүргізу басталған және аяқталған уақыт;
      3) соттың атауы, іс жүргізу судьясының, хатшысының тегі мен аты-жөні;
      4) істің атауы;
      5) іс жүргізуге қатысушылар;
      6) іске қатысушылардың келуі туралы мәліметтер;
      7) іске қатысушы адамдарға, сондай-ақ аудармашыға, сарапшылар мен мамандарға олардың іс жүргізу құқықтары мен міндеттерінің, сондай-ақ жауаптылық түсу жағдайларының түсіндірілгені туралы мәліметтер;
      8) іске қатысушы адамдардың арыздары, өтінімдері және түсініктемелері;
      9) егер олар судьяның, сондай-ақ әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттаманы жасауға уәкілетті лауазымды адамдардың бастамасы бойынша бар болса, қамтамасыз ету шаралары;
      10) куәлар айғақтарының мазмұны, сарапшылар түсіндірмелерінен алынған мәліметтер, мамандардың құжаттарды жариялау туралы түсіндірмелері, заттай және өзге де дәлелдемелерді қараудың деректері;
      11) сот отырысы залында болған сұрақтар мен жауаптардың мазмұны
      12) егер олар болған жағдайда сотқа құрметтемеушілік туралы куәландыратын фактілерді анықтау, сондай-ақ бұзушыға қатысты қолданған қамтамасыз ету шараларын қолдану;
      13) әкімшілік құқық бұзушылық туралы іске қатысушы адамдарға хаттамамен танысу және оған ескертулер беру құқықтарының түсіндірілгені туралы мәліметтер.
      5. Хаттаманы іс жүргізу аяқталғаннан кейін үш күннен кешіктірмей, хатшы жасап, оған төраға және хатшы қол қоюға тиіс, ал жеке іс жүргізу әрекеті туралы хаттама ол жасалғаннан кейінгі келесі күннен кешіктірілмей жасалып, оған қол қойылуға тиіс.
      6. Әкімшілік іс жүргізуге қатысушылар, тараптар хаттамаға қол қойған күннен бастап үш күн ішінде онымен танысуға және айғақтардың, хабарламалардың, сұрақтар мен жауаптардың жіберілген бұрмалануын, сондай-ақ әкімшілік құқық бұзушылық туралы іске қатысы болған мән-жайларды мазмұндаудың толымсыздығын көрсетіп, жазбаша ескертуін беруге құқылы.

      227-бап. Сот отырысының хаттамасына жасалған
               ескертпелерді қарау

      1. Сот отырысының хаттамасына жасалған ескертпелерді іс жүргізуінде әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс болған сот қарайды.
      2. Ескертпелерді қараудың нәтижелері бойынша судья олардың дұрыстығын куәландыру туралы немесе олардан бас тарту туралы ұйғарымды шығарады.
      3. Ескертпелер мен өзге де материалдар (стенограмма, дыбыс-бейнежазба) сот ісін жүргізудің хаттамасына қоса беріледі.

15-тарау. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер бойынша заңды күшіне енбеген қаулыларды қайта қарау

      228-бап. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс бойынша
               қаулыға шағым беру, наразылық келтіру құқығы

       1. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс бойынша қаулыға, осы Кодекстің 295-297, 298-300-баптарында көрсетілген адамдар шағым бере алады, сондай-ақ прокурор наразылық келтіре алады.
      2. Соттың әкімшілік жаза қолдану туралы қаулысына жоғары тұрған сотқа шағым берілуі, наразылық білдірілуі мүмкін.
      3. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс бойынша орган (лауазымды адам) шығарған қаулыға жоғары тұрған органға (жоғары тұрған лауазымды адамға) немесе орган (лауазымды адам) тұрған жер бойынша мамандандырылған аудандық және оған теңестірілген әкімшілік сотқа шағым беріліп, наразылық келтірілуі мүмкін.
      4. Судья (сот) сотқа құрметтемеушілік білдіру фактісі туралы іс бойынша Кодексте белгіленген тәртіппен шығарған қаулыға жоғары тұрған инстанциядағы сотқа шағым берілуі, наразылық келтірілуі мүмкін. Жоғарғы Сот алқасының сотқа құрметтемеушілік білдіру фактісі туралы іс бойынша сот отырысында шығарған қаулысы қайта қаралуға жатпайды.

      229-бап. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс бойынша
               қаулыға шағым беру, наразылық келтіру тәртібі

      1. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс бойынша қаулыға шағым іс бойынша қаулы шығарған судьяға, органға (лауазымды адамға) жіберіледі, олар шағым, наразылық түскен күннен бастап үш күн мерзім ішінде оларды істің бүкіл материалдарымен тиісті сотқа, жоғары тұрған органға (жоғары тұрған лауазымды адамға) жіберуге міндетті.
      2. Сотқа құрметтемеушілік білдіру фактісі туралы іс бойынша қаулыға сот отырысы хаттамасынан фактінің анықталуы бөлігіндегі көшірмені судья қаулыға қоса тіркейді.
      3. Шағымды, наразылықты қарауға уәкілетті сотқа, жоғары тұрған органға (жоғары тұрған лауазымды адамға) шағым берілуі, наразылық келтірілуі мүмкін. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс бойынша орган (лауазымды адам) шығарған қаулыға тікелей сотқа шағым беру тәртібі осы Кодексте белгіленеді.
      Жоғары тұрған органға және сотқа бір уақытта шағым берген адам бұл туралы жоғары тұрған органға хабарлауға міндетті.
      4. Судьяның әкімшілік қамауға алу түрінде жаза қолдану туралы қаулысына шағым, наразылық жоғары тұрған сотқа шағым, наразылық алынған күні жолдануға тиіс.
      5. Егер шағымды, наразылықты қарау әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс бойынша қаулыға шағым берілген, наразылық келтірілген судьяның құзыретіне жатпайтын болса, шағым, наразылық ведомстволық бағыныстылық бойынша жіберіледі.

      230-бап. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс бойынша
               қаулыға шағым беру, наразылық келтіру мерзімі

      1. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс бойынша қаулыға шағым, наразылық қаулы көшірмесі тапсырылған күннен бастап он күн ішінде, ал егер адам істі қарауға қатыспаса, оны алған күннен бастап берілуі мүмкін.
      2. Мерзімді дәлелді себептермен өткізіп алған жағдайда, өзі жөнінде қаулы шығарылған адамның арызы бойынша шағымды қарауға құқылы сот, орган (лауазымды адам) бұл мерзімді қалпына келтіруі мүмкін.

      231-бап. Шағымның (наразылықтың) мазмұны

      1. Шағым (наразылық) жазбаша түрде беріледі және онда:
      1) шағым беріліп отырған соттың, жоғары тұрған органның (лауазымды адамның) атауы;
      2) шағым немесе наразылық берушінің аты-жөні (заңды тұлғаның дәл атауы), тұрақты тұрғылықты жері немесе орналасқан жері (пошталық  мекен-жайы);
      3) қаулысына немесе процессуалдық іс-әрекетіне наразылық беріліп отырған органның немесе мекеменің атауы не лауазымды адамның тегі мен лауазымы;
      4) шағым беріліп немесе наразылық келтіріліп отырған құқықтық актінің немесе іс-әрекеттің мазмұны, сондай-ақ шағым немесе наразылық беруші құқықтық акт немесе іс-әрекеттер өзінің құқықтары мен бостандықтарын бұзды деп есептейтін себептер;
      5) шағым немесе наразылық беруші айқын тұжырымдаған өтініш көрсетілуге тиіс.
      2. Шағымға немесе наразылыққа беруші қол қояды. Заңды ұйым атынан берілген шағымға оның заңды өкілі немесе осыған уәкілетті басқа адам қол қояды.
      3. Егер шағым немесе наразылық басқа адамның мүддесі үшін берілсе, онда мүддесін көздеп шағым немесе наразылық беріліп отырған адамның атын және тегін, тұрақты тұрғылықты жерін немесе орналасқан жерін (пошталық мекен-жайын) көрсету қажет. Шағымға өкілеттікті растайтын құжат қоса тіркеледі.
      4. Шағым немесе наразылық екі дана етіп беріліп, орган, мекеме немесе лауазымды адам шығарған шағым беріліп немесе наразылық келтіріліп отырған құқықтық акт, сондай-ақ шағымда немесе наразылықта негіздеуге дәлелге келтірілген өзге де құжаттар қоса тіркеледі.

      232-бап. Шағым берілуіне немесе наразылық келтірілуіне
               байланысты қаулының орындалуын тоқтата тұру

      1. Әкімшілік құқық бұзушылық жасалған жерде әкімшілік жаза  қолданылған жағдайларды қоспағанда, белгіленген мерзімде шағым беру әкімшілік жаза қолдану туралы қаулының орындалуын шағым қаралғанға  дейін тоқтата тұрады.
      2. Прокурордың әкімшілік жаза қолдану туралы қаулының орындалуын олардың заңдылығын тексеру кезінде тоқтата тұруға, уәкілетті лауазымды адамдар мен органдарға (соттан басқа) қосымша тексеру жүргізуге жазбаша нұсқау беруге құқығы бар. Тексеру нәтижелері бойынша прокурор тиісті органға қаулының күшін жою немесе оны өзгерту туралы наразылық енгізеді немесе қаулының орындалуын тоқтата тұрудың күшін жояды.
      3. Прокурордың наразылық келтіруі қаулының орындалуын наразылық қаралғанға дейін тоқтата тұрады.

      233-бап. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс бойынша
               қаулыға шағымды, наразылықты қарау мерзімдері

      1. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс бойынша қаулыға шағым, наразылық олар келіп түскен күннен бастап он күн мерзімде қаралуға тиіс.
      2. Әкімшілік қамауға алу туралы қаулыға берілген шағым, наразылық, егер жауапқа тартылған адам әкімшілік қамауға алуды өтеп жатса, шағым немесе наразылық берілген кезден бастап бір тәулік ішінде қаралуға тиіс.

      234-бап. Судьяның, органның (лауазымды адамның) әкімшілік
               құқық бұзушылық туралы іс бойынша қаулысына
               шағымды, наразылықты судьяның, лауазымды адамның
               қарауы

      Мамандандырылған аудандық және оған теңестірілген әкімшілік сот судьясының әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс бойынша қаулысына шағымды, наразылықты жоғары тұрған соттың судьясы жеке-дара қарайды.
      Сотқа құрметтемеушілік білдіру фактісі туралы іс бойынша соттың қаулысына судья (сот) осы Кодексте көзделген тәртіппен шығарған шағымды, наразылықты жоғары тұрған соттың судьясы жеке-дара қарайды, ал осындай қаулыны апелляциялық немесе қадағалаушы сот инстанциялары шығарған жағдайда, жоғары тұрған инстанциядағы сот алқасы қарайды.
      Судьяның, органның (лауазымды адамның) әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс бойынша қаулысына шағымды, наразылықты жоғары тұрған орган (жоғары тұрған лауазымды адам), не оның орынбасары қарайды.
      Әкімшілік қамауға алу туралы қаулыға берілген шағым, наразылық, егер жауапқа тартылған адам әкімшілік қамауға алуды өтеп жатса, шағым немесе наразылық берілген кезден бастап бір тәулік ішінде қаралуға тиіс.

      235-бап. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс бойынша
               қаулыға шағымды, наразылықты қарауға әзірлеу

      Әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс бойынша қаулыға шағымды, наразылықты қарауға әзірлеу кезінде судья, жоғары тұрған орган, лауазымды адам:
      1) іс жүргізуді болдырмайтын мән-жайлардың бар-жоғын анықтайды;
      2) өтініштерді шешеді, қосымша материалдарды сұрап алады, шағымды, наразылықты қарау үшін қатысуы қажет деп танылған адамдарды шақырады; қажет болған жағдайда судья сараптама тағайындайды;
      3) егер шағымды, наразылықты қарау өзінің құзыретіне жатпаса, оларды бүкіл материалдарымен қоса ведомстволық бағыныстылығы бойынша жібереді.

      236-бап. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс бойынша
               қаулыға шағымды, наразылықты қарау

      1. Жоғары тұрған орган (лауазымды адам) әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс бойынша қаулыға шағымды, наразылықты қарауға кіріскенде:
      1) шағымды, наразылықты кім қарайтынын, қандай шағым, наразылық қаралуға тиіс екенін, шағымды, наразылықты кім бергенін хабарлайды;
      2) іс бойынша өзі жөнінде қаулы шығарылған жеке тұлғаның немесе заңды тұлғаның заңды өкілінің, сондай-ақ шағымды, наразылықты қарауға қатысу үшін шақырылған адамдардың келгеніне көз жеткізеді;
      3) жеке немесе заңды тұлға өкілдерінің, қорғаушының және өкілдің өкілеттігін тексереді;
      4) іс жүргізуге қатысушылардың келмей қалу себептерін анықтайды және олар жоқта шағымды, наразылықты қарау туралы не шағымды, наразылықты қарауды кейінге қалдыру туралы шешім қабылдайды;
      5) шағымды, наразылықты қарауға қатысушы адамдарға олардың құқықтары мен міндеттерін түсіндіреді;
      6) мәлімделген қарсылық білдірулерді және өтініштерді шешеді;
      7) әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс бойынша қаулыға шағымды, наразылықты, ал қажет болған жағдайда өзге де материалдарды жариялайды.
      2. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс бойынша қаулыға шағымды, наразылықты қарау кезінде істе бар және қосымша табыс етілген материалдар бойынша шығарылған қаулының заңдылығы мен негізділігі тексеріледі. Жоғары тұрған орган (лауазымды адам) шағым, наразылық дәлелдерімен байланып қалмайды және істі толық көлемінде тексереді, бұл орайда ол жаңа фактілерді анықтауға және жаңа дәлелдемелерді зерттеуге құқылы.
      3. Жоғары тұрған орган (лауазымды адам) шақырылған адамдардың келмей қалуына, іс бойынша қосымша материалдар сұратылуына, сараптама тағайындауға байланысты және бұл шағымды, наразылықты толық, жан-жақты әрі объективті қарау үшін қажет болған басқа жағдайларда шағымның, наразылықтың қаралуын кейінге қалдыруға құқылы.
      4. Осы баптың бірінші, екінші және үшінші бөліктерінде көзделген ережелер әкімшілік құқық бұзушылық туралы бойынша судья (судья) шығарған қаулыға шағымдарды, наразылықтарды жоғары тұрған соттың судьясы (жоғары тұрған инстанциядағы сот) қараған жағдайда да қолданылады. Әкімшілік жаза қолдануға уәкілетті орган (лауазымды адам) әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс бойынша шығарған қаулыға шағымдарды, наразылықтарды соттың қарау тәртібі осы Кодекспен белгіленеді.
      5. Егер әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс бойынша қаулыға шағым сотқа және жоғары тұрған лауазымды адамға бір мезгілде келіп түссе, шағымды сот қарайды.

      237-бап. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс бойынша
               қаулыға шағым, наразылық жөніндегі шешім

      1. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс бойынша қаулыға шағымды,  наразылықты қарап, жоғары тұрған соттың судьясы, жоғары тұрған орган (лауазымды адам) мына шешімдердің бірін:
      1) қаулыны өзгертпей, ал шағымды, наразылықты қанағаттандырмай қалдыру туралы;
      2) қаулыны өзгерту туралы;
      3) мынадай мән-жайлар болған кезде:
      - құқық бұзушылық елеусіз болған кездегі әкімшілік жауапкершіліктен босататын;
      - әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс бойынша іс жүргізуді болдырмайтын;
      - әкімшілік жауаптылыққа тартпауға мүмкіндік беретін мән-жайлар болған кезде, сондай-ақ қаулы шығарылғанда негізге алынған мән-жайлар дәлелденбеген кезде қаулының күшін жою және істі қысқарту туралы;
      4) іс бойынша қаулының күшін жойып, жаңа қаулы шығару туралы;
      5) егер шағымды, наразылықты қарау кезінде қаулыны құқығы жоқ судья, орган (лауазымды адам) шығарғаны анықталса, қаулының күшін жойып, істі ведомстволық бағыныстылығы бойынша қарауға жіберу туралы шешім қабылдайды.
      2. Шағымды, наразылықты қарау нәтижелері бойынша шешім іс бойынша қаулыға шағым, наразылық жөнінде ұйғарым түрінде шығарылады. Осы баптың бірінші бөлігінің 5) тармақшасында көзделген жағдайда іс бойынша шығарылған ұйғарым, сондай-ақ қаулы қаулының мазмұнына қойылатын талаптарға жауап беруге тиіс.
      3. Жоғары тұрған сот судьясының, мамандандырылған аудандық және оған теңестірілген әкімшілік сот судьясының қаулысына шағым, наразылық бойынша ұйғарымы, сондай-ақ судьяның қаулысы түпкілікті болып табылады және осы Кодексте көзделген тәртіппен наразылық келтірілуі мүмкін. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс бойынша қаулыға шағым, наразылық жөнінде жоғары тұрған органның (лауазымды адамның) ұйғарымына осы Кодексте белгіленген тәртіппен сотқа шағым берілуі, наразылық келтірілуі мүмкін.

      238-бап. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс бойынша
               қаулының күшін жою немесе оны өзгерту негіздері

      Әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс бойынша қаулының күшін жоюға немесе өзгертуге және қаулы шығаруға:
      1) судьяның, органның (лауазымды адамның) әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс бойынша қаулыда баяндалған тұжырымдардың шағымды, наразылықты қарау кезінде зерттелген дәлелдемелерге сай келмеуі;
      2) әкімшілік жауаптылық туралы заңды дұрыс қолданбау;
      3) әкімшілік іс жүргізуге қатысушы адамдардың процессуалдық құқықтары мен кепілдіктерінің елеулі түрде бұзылуы;
      4) қаулымен қолданылған әкімшілік жазаның жасалған құқық бұзушылық сипатына, кінәлінің жеке басына немесе заңды тұлғаның мүліктік жағдайына сай келмеуі негіздемелер болып табылады.

      239-бап. Судьяның, органның (лауазымды адамның) әкімшілік
               құқық бұзушылық туралы іс бойынша қаулыда
               баяндалған тұжырымдарының шағымды, наразылықты
               қарау кезінде зерттелген дәлелдемелерге сай
               келмеуі

      1. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс бойынша қаулыда баяндалған істің нақты мән-жайлары туралы тұжырымдар шағымды, наразылықты қарау кезінде зерттелген дәлелдемелерге сай келмейтінін анықтап, жоғары тұрған соттың судьясы, жоғары тұрған орган (лауазымды адам) бұл қаулының күшін толық немесе ішінара жояды және шағымды, наразылықты қарау нәтижелеріне сәйкес жаңа қаулы шығарады.
      2. Жоғары тұрған соттың судьясы, жоғары тұрған орган (лауазымды адам) шағымды, наразылықты қарау процесінде зерттелген дәлелдемелерді бағалай келіп, әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс бойынша қаулымен анықталмаған немесе қаулы шығарған судья, орган (лауазымды адам) назарға алмаған фактілерді дәлелденді деп тануға құқылы.

      240-бап. Әкімшілік жауапкершілік туралы заңды дұрыс
               қолданбау

      1. Егер сот немесе мемлекеттік органның лауазымды адамы:
      1) қолдануға жататын заңды қолданбаса;
      2) қолдануға жатпайтын заңды қолданса;
      3) заңды дұрыс түсіндірмесе;
      4) заңның тиісті бабының санкциясыда көзделгеннен қатаңырақ әкімшілік жазаны тағайындаса, әкімшілік жауапкершілік туралы заң дұрыс қолданылмады деп есептеледі.
      2. Шағымды, наразылықты қарау нәтижесінде берілген заңдық бағаны дұрыс емес деп танып, жоғары тұрған соттың судьясы, жоғары тұрған орган (лауазымды адам) құқық бұзушылықтың жіктелуін заңның онша қатаң емес әкімшілік жазаны көздейтін бабына өзгертуге құқылы.
      3. Жоғары тұрған соттың судьясы, жоғары тұрған орган (лауазымды адам) шағымды, наразылықты қарау нәтижелері бойынша неғұрлым қатаң әкімшілік жаза көзделетін заңды қолдануға немесе жәбірленуші (прокурор) осы негіздер бойынша шағым (наразылық) берген жағдайда ғана неғұрлым қатаң әкімшілік жаза қолдануға құқылы.

      241-бап. Әкімшілік процеске қатысушылардың іс жүргізу
               құқықтары мен заңды мүдделерін елелулі бұзу

      1. Іс бойынша іс жүргізу және оны қарау кезінде осы Кодекс принциптерінің және іске қатысушы адамдардың заңмен кепілдік берілген құқықтарынан айыру немесе оларды шектеу, әкімшілік құқық бұзушылық  туралы іс жүргізу рәсімдерін сақтамау немесе істің мән-жайын жан-жақты, толық және объективті зерттеуге өзге жолмен кедергі келтіру арқылы заңды және негізделген қаулы шығаруға ықпал еткен немесе ықпал етуі мүмкін өзге де жалпы ережелерінің бұзылуы осы Кодекстің іс жүргізу нормаларының едәуір бұзылуы деп танылады.
      2. Іс жүргізудің біржақтылығы немесе толық еместігі іс үшін маңызы болуы мүмкін жол берілетін дәлелдемелерді зерттеуден қате шығарып тастаудың немесе дәлелдемелерді зерттеуден негізсіз бас тартудың; міндетті түрде зерттеуге жататын дәлелдемелерді зерттемеудің нәтижесі болған кезде қаулының күші жойылуға тиіс.
      3. Егер:
      1) осы Кодексте көзделген негіздер болған жағдайда әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс жүргізуді жоятын немесе әкімшілік жауапкершілікке жауапқа тартуға мүмкіндік бермейтін;
      2) қаулыны әкімшілік құқық бұзушылық туралы істі қарауға уәкілетті емес судья, орган (лауазымды адам) шығарса;
      3) іс қатысуы заң бойынша міндетті болып табылатын қорғаушының қатысуынсыз қаралса немесе өзі жөнінде іс жүргізіліп жатқан адамның қорғаушы алу құқығы өзге де жолмен бұзылса;
      4) өзі жөнінде іс жүргізіліп жатқан адамның ана тілін немесе өзі білетін тілді және аудармашы қызметін пайдалану құқығы бұзылса;
      5) өзі жөнінде іс жүргізіліп жатқан адамға істің мән-жайлары туралы түсініктеме беру құқығы берілмесе;
      6) қаулыға қаулыны шығаратын, отырыста төрағалық ететін алқалық органның, лауазымды тұлғаның қолы қойылмаса;
      4. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы істі қарау кезінде осы баптың үшінші бөлігінің 1) тармақшасында көрсетілген іс жүргізу нормаларының бұзылуына жол берілгендігін анықтаған соң жоғары тұрған соттың судьясы, жоғары тұрған орган (лауазымды адам) іс бойынша қаулының күшін жояды және іс жүргізуді қысқартады.
      5. Егер әкімшілік құқық бұзушылық туралы істі қарау кезінде іс жүргізу нормаларының қандай да болсын өзгеше едәуір бұзылуына жол берілген болса, жоғары тұрған соттың судьясы, жоғары тұрған орган (лауазымды адам) іс қарауды жүргізе отырып, бұл орайда жол берілген құқық бұзушылықты жоюға шаралар қолданады, сонан соң тиісті мамандандырылған аудандық және оған теңестірілген әкімшілік сот және кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі сот судьясының, төмен тұрған органның (лауазымды адамның) қаулысының күшін жояды және іс қараудың нәтижелерін ескере отырып, жаңа қаулы шығарады.

      242-бап. Қаулымен қолданылған әкімшілік жазаның жасалған
               құқық бұзушылық сипатына, кінәлінің жеке басына
               немесе заңды тұлғаның мүліктік қаржы жағдайына
               сай келмеуі

      1. Қаулымен қолданылған әкімшілік жазаны оның тым қатаңдығы салдарынан әділ емес, жасалған құқық бұзушылық сипатына, кінәлінің жеке басына немесе заңды тұлғаның мүліктік жағдайына сай келмейді деп танып, жоғары тұрған соттың судьясы, жоғары тұрған орган (лауазымды адам) әкімшілік жаза қолданудың жалпы ережелерін басшылыққа ала отырып, жазаны жұмсартады.
      2. Жоғары тұрған соттың судьясы, жоғары тұрған орган (лауазымды адам) кінәліге (заңды тұлғаға) әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс бойынша қаулымен белгіленген неғұрлым қатаң жаза қолдануы мүмкін, бірақ оны осы негіз бойынша прокурор наразылық келтірген немесе жәбірленуші шағым берген жағдайда қолданады.

      243-бап. Іс бойынша іс жүргізуді қысқарту туралы қаулының
               күшін жою немесе оны өзгерту

      1. Жоғары тұрған соттың судьясы, жоғары тұрған орган (лауазымды адам) іс жүргізуді қысқартудың негізсіздігіне жәбірленушінің шағымы бойынша не прокурордың наразылығы бойынша әкімшілік жаза қолдану туралы қаулы шығара отырып, іс жүргізуді қысқарту туралы қаулының күшін жоюы мүмкін.
      2. Іс жүргізуді қысқарту туралы қаулы өзі жөнінде іс жүргізу қысқартылған адамның шағымы бойынша қысқарту негіздемесі бөлігінде өзгертілуі мүмкін.

      244-бап. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс бойынша
               қаулыға шағым, наразылық жөніндегі ұйғарым

      1. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс бойынша қаулыға шағым, наразылық жөніндегі ұйғарым ол шығарылғаннан кейін дереу жария етіледі.
      2. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс бойынша қаулыға шағым, наразылық жөніндегі ұйғарымның көшірмесі ол шығарылғаннан кейін үш тәулікке дейінгі мерзімде өзі жөніндегі іс бойынша қаулы шығарылған жеке адамға немесе заңды тұлғаның заңды өкіліне, өзі шағым берген жағдайда немесе оның өтініші бойынша жәбірленушіге, наразылық келтірген прокурорға тапсырылады немесе салып жіберіледі.
      3. Әкімшілік қамауға алу туралы іс бойынша қаулыға шағым, наразылық жөніндегі ұйғарым қаулыны орындаушы органның (лауазымды адамның), сондай-ақ өзі жөнінде қаулы шығарылған адамның назарына ұйғарым шығарылған күні жеткізіледі.

16-тарау. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер бойынша заңды күшіне енген қаулыларды және оларға шағымдарды, наразылықтарды қарау нәтижелері жөніндегі ұйғарымдарды қайта қарау

      245-бап. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер бойынша
               заңды күшіне енген қаулыларды және оларға
               шағымдарды, наразылықтарды қарау нәтижелері
               жөніндегі ұйғарымдарды қайта қараудың ерекше
               тәртібі

      Осы Кодекстің 239-бабының бірінші және екінші бөліктерінде аталған адамдардың наразылығы бойынша, мамандандырылған аудандық және оған теңестірілген әкімшілік соттар және кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі соттар судьяларының шығарған әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер бойынша күшіне енген қаулылары, мамандандырылған аудандық және оған теңестірілген әкімшілік соттар және кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі соттардың судьяларының, аудандық және оған теңестірілген соттар төрағаларының қаулыларына шағым, наразылық бойынша аудандық және оған теңестірілген соттар төрағаларының, жоғары тұрған соттар судьяларының ұйғарымдары, сондай-ақ осы Кодекстің 229-бабының бірінші бөлігінің 5) тармақшасында көзделген жағдайда судьялар (аудандық және оған теңестірілген соттардың төрағалары) шығарған қаулылар сот тәртібімен қайта қаралуы мүмкін. Сондай-ақ судья (сот) осы Кодекстің 210-бабының 2-бөлігінде көзделген тәртіппен шығарған сотқа құрметтемеушілік білдіру фактілері туралы істер бойынша заңды күшіне енген қаулылар, Жоғарғы Сот алқасының қаулыларын қоспағанда, сот тәртібімен қайта қаралуы мүмкін. Соттың әкімшілік жауапқа тартылған адамның не өзі жөнінде әкімшілік іс жүргізу тоқтатылған адамның жағдайын нашарлататын жағына қарай қайта қарауына соттың немесе уәкілетті мемлекеттік органның қаулысы заңды күшіне енген күннен бастап бір жыл ішінде жол беріледі

      246-бап. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер бойынша
               қаулыларды және оларға шағымдарды, ұйғарымдарды
               қайта қарауға құқықты соттар

      Осы Кодекстің 237-бабында аталған заңды күшіне енген қаулыларды және ұйғарымдарды облыстық және оларға теңестірілген соттардың алқалары, ал осы Кодекстің 237-бабында көрсетілген сотқа құрметтемеушілік білдіру фактілері туралы істер бойынша қаулыларды жоғары тұрған инстанциядағы сот алқасы қайта қарауға құқылы.

      247-бап. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер бойынша
               қаулыларға және оларға шағымдарды наразылықтарды
               қарау нәтижелері жөніндегі ұйғарымдарға
               наразылық келтіру

      1. Осы Кодекстің 237-бабында аталған заңды күшіне енген қаулыларға және ұйғарымдарға наразылық келтіру құқығы Бас Прокурорға, оның орынбасарларына, облыстардың прокурорларына және оларға теңестірілген прокурорлар мен олардың орынбасарларына берілген.
      2. Осы Кодекстің 237-бабында аталған заңды күшіне енген қаулыларды және ұйғарымдарды қайта қарау туралы өтініштер жасауға әкімшілік жауапқа тартылған адамның, жәбірленушінің, аталған адамдардың қорғаушыларының, заңды өкілдері мен өкілдерінің құқығы бар.

      248-бап. Әкімшілік жаза қолдану туралы қаулының
               орындалуын тоқтата тұру

      1. Осы Кодекстің 239-бабында көрсетілген адамдардың заңды күшіне енген осы Кодекстің 239-бабында көрсетілген қаулыларға және ұйғарымдарға наразылық (шағым) келтіруі (беруі) бұл қаулылардың, ұйғарымдардың орындалуын тоқтата тұрады.
      2. Осы Кодекстің 239-бабында көрсетілген адамдардың судья шығарған әкімшілік қамауға алу туралы қаулыға наразылық (шағым) келтіруі (беруі) бұл қаулының орындалуын тоқтата тұрмайды.

      249-бап. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер бойынша
               заңды күшіне енген қаулыларды Қазақстан
               Республикасы Жоғарғы Сотында қайта қарау

      Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының наразылығы бойынша Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының қадағалау сот алқасы заңды күшіне енген әкімшілік құқық бұзушылық туралы кез келген іс бойынша қаулының, сол сияқты қаулыға шағымды, наразылықты қарау нәтижелері жөніндегі ұйғарымның (қаулының) заңдылығы мен негізділігін тексеруге және қабылданған шешімді қайта қарауға құқылы.

17-тарау. Артықшылықтары және әкімшілік жауаптылықтан қорғанышы бар адамдардың істері бойынша іс жүргізу ерекшеліктері

      250-бап Қазақстан Республикасы Парламенті депутатын
              әкімшілік жауапқа тарту рәсімі

      1. Қазақстан Республикасы Парламентінің депутатын Қазақстан Республикасы Парламенті тиісті Палатасының келісімінсіз өз өкілеттігі мерзімі ішінде алып келуге, сот тәртібімен қолданатын әкімшілік жаза шараларына тартуға болмайды.
      2. Депутатты сот тәртібімен әкімшілік жаза қолдануға әкеп соғатын әкімшілік жауапқа тартуға, алып келуге келісім алу үшін Қазақстан Республикасының Бас прокуроры Қазақстан Республикасы Парламентінің Сенатына немесе Мәжілісіне тиісінше ұсыныс енгізеді. Ұсыныс әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс сотқа жіберілер алдында, сондай-ақ депутатты әкімшілік құқық бұзушылық туралы істі қарауға уәкілетті сотқа, органға (лауазымды адамға) мәжбүрлеп жеткізу қажеттігі туралы мәселені шешер алдында енгізіледі.
      3. Егер Қазақстан Республикасы Парламентінің тиісті Палатасы депутатты сот тәртібімен әкімшілік жаза қолдануға әкеп соғатын әкімшілік жауапқа тартуға келісім берсе, іс бойынша одан әрі іс жүргізу осы бапта көзделген ерекшеліктер ескеріле отырып, осы Кодексте белгіленген тәртіппен жүргізіледі.
      4. Егер Қазақстан Республикасы Парламентінің тиісті Палатасы алып келуге келісім берсе, әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс жүргізуді қамтамасыз етудің бұл шарасын депутатқа қолдану туралы мәселе осы Кодексте белгіленген тәртіппен шешіледі.
      5. Егер Қазақстан Республикасы Парламентінің тиісті Палатасы депутатты сот тәртібімен әкімшілік жаза қолдануға әкеп соғатын әкімшілік жауапқа тартуға келісім бермесе, іс жүргізу осы негізбен тоқтатылуға тиіс.
      6. Егер Қазақстан Республикасы Парламентінің тиісті Палатасы алып келуге келісім бермесе, депутатқа осы Кодексте белгіленген тәртіппен әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс жүргізуді қамтамасыз етудің өзге шаралары қолданылуы мүмкін.
      7. Қазақстан Республикасы Парламентінің депутатына қатысты сот тәртібімен әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қараудың заңдылығын  қадағалауды Қазақстан Республикасының Бас прокуроры жүзеге асырады.

      251-бап. Президенттікке, Парламент депутаттығына
               кандидаттарды әкімшілік жауапқа тарту рәсімі

      1. Президенттікке, Парламент депутаттығына кандидаттарды олардың тіркелген күнінен бастап, сайлау қорытындылары жарияланғанға дейін Орталық сайлау комиссиясының келісімінсіз алып келуге, оларға сот тәртібімен қолданылатын әкімшілік жаза шараларына тартуға болмайды.
      2. Президенттікке, Парламент депутаттығына кандидаттарды әкімшілік жауапқа тарту туралы ұсынысты Орталық сайлау комиссиясына әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс сотқа жіберілер алдында Қазақстан Республикасының Бас прокуроры енгізеді.
      3. Бас прокурор Орталық сайлау комиссиясының шешімін алғаннан кейін істі одан әрі жүргізу осы Кодексте белгіленген тәртіппен жүргізіледі.

      252-бап. Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесі
               Төрағасының немесе мүшелерін әкімшілік жауапқа
               тарту рәсімі

      1. Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесінің Төрағасын немесе мүшелерін өз өкілеттігі мерзімі ішінде Қазақстан Республикасы Парламентінің келісімінсіз алып келуге, сот тәртібімен қолданатын  әкімшілік жаза шараларына тартуға болмайды.
      2. Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесінің Төрағасын немесе мүшелерін сот тәртібімен әкімшілік жаза қолдануға әкеп соғатын әкімшілік жауапқа тартуға, алып келуге келісім алу үшін Қазақстан Республикасының Бас прокуроры Қазақстан Республикасының Парламентіне тиісті ұсыныс енгізеді. Ұсыныс әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс сотқа жіберілер алдында, Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесінің Төрағасын немесе мүшелерін әкімшілік құқық бұзушылық туралы істі қарауға  уәкілетті сотқа, органға (лауазымды адамға) мәжбүрлеп жеткізу қажеттігі туралы мәселені шешер алдында енгізіледі.
      3. Қазақстан Республикасының Бас прокуроры Қазақстан Республикасы Парламентінің шешімін алғаннан кейін істі одан әрі жүргізу осы Кодексте белгіленген тәртіппен жүргізіледі.

      253-бап. Судьяны әкімшілік жауапқа тарту рәсімі

      1. Судьяны Қазақстан Республикасы Президентінің Республика Жоғары Сот Кеңесінің қорытындысына негізделген келісімінсіз не Қазақстан Республикасы Конституциясы 55-бабының 3) тармақшасында белгіленген жағдайда Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының келісімінсіз қамауға алуға, тұтқындауға, алып келуге, сот тәртібімен қолданатын әкімшілік жаза шараларына тартуға болмайды.
      2. Судьяны сот тәртібімен әкімшілік жаза қолдануға әкеп соғатын әкімшілік жауапқа тартуға, алып келуге келісім алу үшін Қазақстан Республикасының Бас прокуроры Қазақстан Республикасының Президентіне, ал Конституцияның 55-бабының 3) тармақшасында көзделген жағдайда Қазақстан Республикасы Парламентінің Сенатына ұсыныс енгізеді. Ұсыныс әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс сотқа жіберілер алдында, судьяны әкімшілік құқық бұзушылық туралы істі қарауға уәкілетті сотқа, органға (лауазымды адамға) мәжбүрлеп жеткізу қажеттігі туралы мәселені шешер алдында енгізіледі.
      3. Қазақстан Республикасының Бас прокуроры Қазақстан Республикасы Президентінің, Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының шешімін алғаннан кейін істі одан әрі жүргізу осы Кодексте белгіленген тәртіппен жүргізіледі.

      254-бап. Қазақстан Республикасы Бас прокурорын әкімшілік
               жауапқа тарту рәсімі

      1. Қазақстан Республикасының Бас прокурорын өз өкілеттігі мерзімі ішінде Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының келісімінсіз алып келуге, сот тәртібімен қолданатын әкімшілік жаза шараларына тартуға болмайды.
      2. Қазақстан Республикасының Бас прокурорын сот тәртібімен әкімшілік жаза қолдануға әкеп соғатын әкімшілік жауапқа тартуға, алып  келуге келісім алу үшін Бас прокурордың бірінші орынбасары Қазақстан Республикасы Парламентінің Сенатына ұсыныс енгізеді. Ұсыныс әкімшілік  құқық бұзушылық туралы іс сотқа жіберілер алдында, Бас прокурорды әкімшілік құқық бұзушылық туралы істі қарауға уәкілетті сотқа, органға (лауазымды адамға) мәжбүрлеп жеткізу қажеттігі туралы мәселені шешер алдында енгізіледі.
      3. Қазақстан Республикасы Бас прокурорының бірінші орынбасары Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының шешімін алғаннан кейін істі одан әрі жүргізу осы Кодексте белгіленген тәртіппен жүргізіледі.        4. Қазақстан Республикасының Бас прокурорына қатысты сот тәртібімен әкімшілік құқық бұзушылық туралы істі қараудың заңдылығын қадағалауды оның бірінші орынбасары жүзеге асырады.

      255-бал. Судьяның Қазақстан Республикасы Парламентінің
               депутатына, Қазақстан Республикасы
               Конституциялық Кеңесінің Төрағасына немесе
               мүшелеріне, судьяға, Қазақстан Республикасының
               Бас прокурорына қатысты әкімшілік құқық
               бұзушылық туралы істі қарауы

      1. Істі қарау әкімшілік жауаптылықтан артықшылықтары мен қорғанышы бар адамдардың істерін жүргізу ерекшеліктерімен қоса, жалпы ережелер бойынша жүргізіледі.
      2. Судья Қазақстан Республикасы Парламентінің депутатына, Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесі төрағасына немесе мүшелеріне, судьяға, Қазақстан Республикасы Бас Прокурорына әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс бойынша сот ісін қамтамасыз ету шарасы ретінде, бұған келісім беру туралы Қазақстан Республикасы Парламентінің Сенатына немесе Мәжілісіне ұсыныс жасай отырып, алып келуді қолдануға құқылы.
      3. Ұсыныс әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс сотқа жіберілер алдында, сондай-ақ әкімшілік құқық бұзушылық туралы істі қарауға уәкілетті сотқа, органға (лауазымды адамға) мәжбүрлеп жеткізу қажеттігі туралы мәселені шешер алдында енгізіледі.

      256-бап. Әкімшілік жауаптылықтан дипломатиялық қорғанышы
               бар адамдар

      1. Қазақстан Республикасының заңнамасына және Қазақстан Республикасы бекіткен халықаралық шарттарға сәйкес сот тәртібімен әкімшілік жауаптылықтан қорғанышты Қазақстан Республикасында мына адамдар пайдаланады:
      1) шет мемлекеттер дипломатиялық өкілдіктерінің басшылары, осы өкілдіктердің дипломатиялық қызметкер мүшелері және егер олар өздерімен бірге тұрып жатса әрі Қазақстан Республикасының азаматтары болмаса, олардың отбасы мүшелері;
      2) егер бұл қызметкерлер және олардың отбасы мүшелері Қазақстан Республикасының азаматтары болмаса немесе Қазақстанда тұрақты тұрмаса, өзара келісім негізінде дипломатиялық өкілдіктердің қызмет көрсетуші қызметінің қызметкерлері мен олардың өздерімен бірге тұратын отбасы мүшелері, консулдықтардың басшылары және Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарында өзгеше көзделмесе, олардың қызмет міндеттерін атқару кезінде жасаған әрекеттеріне қатысты консулдықтың басқа да лауазымды адамдары;
      3) егер бұл қызметкерлер және олардың отбасы мүшелері Қазақстан Республикасының азаматтары болмаса немесе Қазақстанда тұрақты тұрмаса, өзара келісім негізінде дипломатиялық өкілдіктердің әкімшілік-техникалық қызмет қызметкерлері және олардың өздерімен бірге тұратын отбасы мүшелері;
      4) дипломатиялық курьерлер;
      5) шет мемлекеттердің басшылары мен өкілдері, парламенттік және үкіметтік делегациялардың мүшелері және, өзара келісім негізінде, - Қазақстанға халықаралық келіссөздерге, халықаралық конференцияларға және кеңестерге қатысуға немесе басқа да ресми тапсырмалармен келетін шет мемлекеттер делегацияларының қызметкерлері не осындай мақсаттармен Қазақстан Республикасы аумағы арқылы өтіп бара жатқандар және егер отбасы мүшелері Қазақстан Республикасының азаматтары болмаса, аталған адамдарға еріп жүрген отбасы мүшелері;
      6) Қазақстан Республикасы аумағында орналасқан халықаралық ұйымдардағы шет мемлекеттер өкілдіктерінің басшылары, мүшелері және  қызметкерлері, осы ұйымдардың лауазымды адамдары халықаралық шарттар  немесе жалпы танылған халықаралық ғұрыптар негізінде;
      7) Қазақстан Республикасы аумағы арқылы өтіп бара жатқан үшінші бір елдегі шет мемлекеттер дипломатиялық өкілдіктерінің басшылары, дипломатиялық өкілдіктің қызметкер мүшелері және аталған адамдарға еріп жүрген немесе оларға қосылу немесе өз еліне қайту үшін бөлек бара жатқан отбасы мүшелері;
      8) Қазақстан Республикасының халықаралық шартына сәйкес өзге де адамдар.
      2. Осы баптың бірінші бөлігінің 1), 4)-7) тармақшаларында аталған адамдар, сондай-ақ Қазақстан Республикасының халықаралық шартына сәйкес өзге де адамдар шет мемлекет қорғаныш беруден бас тартқан жағдайда ғана сот тәртібімен әкімшілік жауапқа тартылуы мүмкін. Мұндай бас тарту туралы мәселе Қазақстан Республикасы Бас прокурорының ұсынысы бойынша Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі арқылы дипломатиялық жолмен шешіледі. Аталған адамдарға қорғаныш беруден тиісті шет мемлекеттің бас тартуы болмаған кезде оларға қатысты әкімшілік іс жүргізу қозғала алмайды, ал қозғалғаны қысқартылуға тиіс.
      3. Егер Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарында өзгеше көзделмесе, осы баптың бірінші бөлігінің ережелері осы баптың бірінші бөлігінің 2) және 3) тармақшаларында аталған адамдарға қолданылмайды, бұған сол адамдар жасаған құқық бұзушылық олардың өз қызмет міндеттерін атқарумен байланысты болған және Қазақстан Республикасының мүдделеріне қарсы бағытталмаған жағдайлар қосылмайды.

      257-бап. Дипломатиялық қорғанышты пайдаланатын адамдарды
               тексеру, әкімшілік ұстау және алып келу

      Осы Кодекске сәйкес дипломатиялық қорғанышты пайдаланатын адамдар, сондай-ақ Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарына сәйкес өзге де адамдар жеке басына ешкім тиіспеушілікті пайдаланады. Әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны үшін олардың жеке басын тексеруге, ұстауға немесе алып келуге болмайды. Олардың жанында болған заттарға да тексеру жүргізуге болмайды.

      258-бап. Айғақ беруден дипломатиялық қорғаныш

      1. Осы Кодекске сәйкес дипломатиялық қорғанышы бар адамдар, сондай-ақ өзге де адамдар Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарына сәйкес куә, жәбірленуші ретінде айғақ беруіне болмайды, ал мұндай айғақ беруге келіскен жағдайда бұл үшін әкімшілік құқық бұзушылық туралы істі қараушы судьяға, органға (лауазымды адамға) келуге міндетті емес. Сұрау үшін аталған адамдарға тапсырылған шақыруда олардың келмегені үшін мәжбүрлеу шараларымен қорқыту болмауға тиіс.
      2. Егер бұл адамдар әкімшілік іс жүргізу барысында жәбірленушілер, куәлар ретінде айғақ беріп, ал істі қарауға келмей қалса, әкімшілік құқық бұзушылық туралы істі қараушы судья, орган (лауазымды адам) олардың айғақтарын оқып бере алады.
      3. Адамдар өздерінің қызмет міндеттерін атқарумен байланысты мәселелерден басқа, куәлар және жәбірленушілер ретінде айғақ беруден бас тарта алмайды. Консулдық лауазымды адамдар куәгерлік айғақ беруден бас тартқан жағдайда оларға әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс бойынша қамтамасыз ету шараларын қолдануға болмайды.
      4. Дипломатиялық қорғанышты пайдаланатын адамдар әкімшілік құқық бұзушылық туралы істі қараушы судьяға, органға (лауазымды адамға) өздерінің қызмет міндеттерін атқаруға қатысты хат-хабарды және басқа да құжаттарды табыс етуге міндетті емес.

      259-бап. Үй-жайлардың және құжаттардың дипломатиялық
               қорғанышы

      1. Дипломатиялық өкілдік басшысының резиденциясы, дипломатиялық өкілдік орналасқан үй-жай, дипломатиялық қызмет мүшелерінің және олардың отбасы мүшелерінің тұрғын үй-жайлары, олардағы мүлік және жүріс-тұрыс құралдары ешкім тиіспейтін болып табылады. Бұл үй-жайларға кіруді, оларды қарауды, сондай-ақ жүріс-тұрыс құралдарын тексеруді дипломатиялық өкілдік басшысының немесе оның орнындағы адамның келісімімен ғана жүргізуге болады.
      2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген қорғаныш өзара келісім негізінде, егер бұл қызметкер мен олардың отбасы мүшелері Қазақстан Республикасының азаматтары болмаса, дипломатиялық өкілдік қызметкеріне қызмет көрсетуші қызметкерлердің және олардың өздерімен бірге тұратын отбасы мүшелерінің тұрғын үй-жайларына да қолданылады.
      3. Консулдық орналасқан үй-жай және консулдық басшысының резиденциясы өзара келісім негізінде ешкімнің тиіспеушілігін пайдаланады. Бұл үй-жайларға кіру, оларды қарау тек тиісті шет мемлекеттің консулдығы немесе дипломатиялық өкілдігі басшыларының өтінішімен немесе олардың келісуімен ғана орын алуы мүмкін.
      4. Дипломатиялық өкілдіктердің және консулдықтардың мұрағаттары, ресми алысқан жазбалары және басқа да құжаттары ешкім тиіспейтін болып табылады. Оларды дипломатиялық өкілдік консулдық басшысының келісімінсіз қарауға және алып қоюға болмайды. Дипломатиялық пошта ашылмауға және кідіртілмеуге тиіс.
      5. Осы баптың бірінші, екінші және үшінші бөліктерінде аталған үй-жайларға кіруге, оларға тексеру жүргізуге, сондай-ақ осы баптың төртінші бөлігінде аталған құжаттарды тексеруге және алуға дипломатиялық өкілдіктер мен консулдықтар басшыларының келісімін прокурор Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі арқылы сұрайды.
      6. Аталған жағдайларда тексеру прокурордың және Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі өкілінің қатысуымен жүргізіледі.

18-тарау. Әкімшілік жаза қолдану туралы қаулылардың орындалуы

      260-бап. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс бойынша
               қаулының заңды күшіне енуі

      Әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс бойынша қаулы:
      1) әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс бойынша қаулы, егер оған шағым берілмесе немесе наразылық келтірілмесе, шағым беру үшін белгіленген мерзім біткеннен кейін;
      2) шағым, наразылық бойынша ұйғарым шығарылғаннан кейін дереу, сондай-ақ осы Кодекстің 406-бабында көзделген жағдайда қаулы шығарылғаннан кейін заңды күшіне енеді.

      261-бап. Әкімшілік жаза қолдану туралы қаулының
               міндеттілігі

      1. Әкімшілік жаза қолдану туралы қаулы барлық мемлекеттік органдардың, жергілікті өзін-өзі басқару органдарының, лауазымды адамдардың, жеке тұлғалардың және олардың бірлестіктерінің, заңды тұлғалардың орындауы үшін міндетті.
      2. Әкімшілік жаза қолдану туралы қаулы ол заңды күшіне енген сәттен бастап орындалуға жатады.
      3. Арнаулы құқықтан айыру және әкімшілік қамау түрінде әкімшілік жаза қолдану туралы қаулылар олар шығарылған сәттен бастап орындалуға жатады.

      262-бап. Қаулыны орындауға жолдау

      Әкімшілік жаза қолдану туралы қаулыны орындауға жолдау қаулыны шығарған судьяға, органға (лауазымды адамға) жүктеледі. Қаулы оны орындайтын уәкілетті органға (лауазымды адамға) ол заңды күшіне енген күннен бастап бір тәулік ішінде жіберіледі. Арнаулы құқықтан айыру және әкімшілік қамау түрінде әкімшілік жаза қолдану туралы қаулылар оларды орындайтын уәкілетті органдарға олар шығарылғаннан кейін дереу жіберіледі.

      263-бап. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы, әкімшілік жаза
               қолдану туралы іс бойынша қаулыны орындау

      1. Әкімшілік жаза қолдану туралы қаулыны осы Кодексте белгіленген тәртіппен уәкілетті органдар орындайды.
      2. Бір адам жөнінде әкімшілік жаза қолдану туралы бірнеше қаулы шығарылған жағдайда әр қаулы дербес орындалады.
      3. Адамның әкімшілік жазадан жалтаруы ол жазаны заңнамаға сәйкес мәжбүрлеу тәртібімен орындауға әкеп соғады.

      264-бап. Әкімшілік жаза қолдану туралы қаулыны орындауға
               байланысты мәселелерді шешу

      1. Әкімшілік жаза қолдану туралы қаулыны шығарған органға (лауазымды адамға) осы қаулыны орындаумен байланысты мәселелерді шешу және оның орындалуын бақылау жүктеледі.
      2. Әкімшілік жаза қолдану туралы қаулының орындалуын кейінге қалдыру, созу, тоқтата тұру немесе қысқарту, сондай-ақ кәмелетке толмаған адамға салынған айыппұлды оның ата-анасынан немесе олардың орнындағы адамдардан өндіріп алу туралы мәселелерді қаулыны шығарған судья, орган (лауазымды адам) тиісті мәселені шешу үшін негіз пайда болған күннен бастап үш күн мерзімде қарайды.
      3. Осы баптың екінші бөлігінде аталған мәселелердің шешілуіне мүдделі адамдарға олардың қаралатын орны мен уақыты хабарланады. Бұл орайда мүдделі адамдардың дәлелді себептерсіз келмей қалуы тиісті мәселелерді шешу үшін кедергі болмайды. Әкімшілік қамауды өтеуден жалтару туралы мәселені қарау кезінде әкімшілік қамауға алынған адамның қатысуы міндетті болып табылады.
      4. Осы баптың екінші бөлігінде аталған мәселелер бойынша шешім қаулы түрінде қабылданады.
      5. Жеке адамға немесе заңды тұлғаның заңды өкіліне өздері жөнінде шығарылған қаулының көшірмесі дереу, сондай-ақ жәбірленушіге өтініші бойынша оның қолхаты алып беріледі. Аталған адамдар болмаған жағдайда қаулының көшірмесі ол шығарылғаннан кейін үш күн ішінде жіберіледі, бұл туралы іске тиісті жазу жазылады

      265-бап. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы, әкімшілік жаза
               қолдану туралы іс бойынша қаулының орындалуын
               кейінге қалдыру және созу

      Әкімшілік қамау, арнаулы құқықтан айыру немесе айыппұл салу (әкімшілік құқық бұзушылық жасалған жерде айыппұл өндіріп алуды қоспағанда) әкімшілік жаза қолдану туралы қаулылардың орындалуын заңнамада белгіленген мерзімде мүмкін етпейтін мән-жайлар болған кезде қаулыны шығарған судья, орган (лауазымды адам) өзі жөнінде қаулы шығарылған адамның арызы бойынша қаулының орындалуын бір айға дейінгі мерзімге кейін қалдыра алады. Әкімшілік жауапқа тартылған адамның материалдық жағдайын ескере отырып, қаулыны шығарған судья, орган (лауазымды адам) айыппұл төлеуді үш айға дейінгі мерзімге созуы мүмкін.

      266-бап. Әкімшілік жаза қолдану туралы қаулыны тоқтату

      Әкімшілік жаза қолдану туралы қаулыны шығарған судья, орган  (лауазымды адам):
      1) егер мұндай акт әкімшілік жаза қолдануды жоятын болса, кешірім актісі шығарылған;
      2) әкімшілік жауаптылықты белгілейтін заңның немесе оның жекелеген ережелерінің күші жойылған;
      3) егер әкімшілік жауаптылықты белгілейтін заңды немесе оның жекелеген ережелерін Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесі Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкес келмейді деп тануы  салдарынан олардың күші жойылған;
      4) әкімшілік жауапқа тартылған адам қайтыс болған немесе ол заңда белгіленген тәртіппен өлді деп хабарланған;
      5) осы Кодексте белгіленген әкімшілік жаза қолдану туралы қаулыны орындаудың ескіру мерзімі өткен;
      6) қаулының күшін жойылған жағдайларда қаулының орындалуын  тоқтатады.

      267-бап. Әкімшілік жаза қолдану туралы қаулыны орындаудың
               ескіруі

      1. Егер әкімшілік жаза қолдану туралы қаулы заңды күшіне енген күннен бастап бір жыл ішінде, ал салық салу саласындағы құқық бұзушылықтар үшін әкімшілік жаза қолдану туралы қаулы бойынша - ол заңды күшіне енген күннен бастап бес жыл ішінде орындалмаса, ол орындауға жатпайды.
      2. Қаулының орындалуы осы Кодекстің 385-бабына сәйкес тоқтатыла тұрған жағдайда ескіру мерзімінің өтуі шағым немесе наразылық қаралғанға дейін тоқтатыла тұрады.
      3. Егер әкімшілік жауапқа тартылған адам оны орындаудан жалтарса, осы баптың бірінші бөлігінде көзделген ескіру мерзімінің өтуі үзіледі. Бұл жағдайда ескіру мерзімін есептеу ол адам табылған күннен бастап қайта жалғастырылады.
      4. Осы Кодекстің 426-бабына сәйкес қаулының орындалуы кейінге  қалдырылған жағдайда ескіру мерзімінің өтуі кейінге қалдыру мерзімі  біткенге дейін тоқтатыла тұрады, ал қаулының орындалуы созылған кезде  ескіру мерзімінің өтуі ұзарту мерзіміне ұзартылады.

      268-бап. Әкімшілік жаза қолдану туралы қаулыны орындау
               бойынша іс жүргізудің аяқталуы.

      1. Қаулыны орындаған орган жазалау толық жүргізілген әкімшілік жаза қолдану туралы қаулыны жүргізілген жазалау туралы белгі соғып, қаулыны шығарған судьяға, органға (лауазымды адамға) қайтарады.
      2. Қаулыны орындаған орган орындалмаған немесе толық орындалмаған әкімшілік жаза қолдану туралы қаулыны мынадай жағдайларда:
      1) егер қаулыны шығарған судья, орган (лауазымды адам) көрсеткен мекен-жайда жауапқа тартылған жеке адам жұмыс істемесе, тұрмаса немесе оқымаса, жауапқа тартылған заңды тұлға не аталған адамдардан өндіріп алуға салатын мүлкі болмаса;
      2) егер жауапқа тартылған адамның өндіріп алуға салатын мүлкі немесе табысы болмаса және оның мүлкін іздеп табу жөніндегі шаралар нәтижесіз болып шықса;
      3) егер осы Кодексте көзделген әкімшілік жаза қолдану туралы қаулыны орындаудың ескіру мерзімі бітсе, қаулыны шығарған судьяға, органға (лауазымды адамға) қайтарады.
      3. Осы баптың екінші бөлігінің 1) және 2) тармақшаларында аталған жағдайларда қарауында атқарылатын қаулы жатқан лауазымды адам акт жасап, оны жоғары тұрған лауазымды адам бекітеді.
      4. Осы баптың екінші бөлігінің 1) және 2) тармақшаларында аталған негіздемелер бойынша әкімшілік жаза қолдану туралы қаулыны қайтару осы Кодексте көзделген мерзім шегінде осы қаулыны орындауға табыс етуге кедергі болмайды.

      269-бап. Әкімшілік жаза қолдану туралы қаулыны орындауға
               байланысты әрекеттерге шағым жасау

      1. Әкімшілік жауапқа тартылған адам, әкімшілік жаза қолдану туралы қаулыны мәжбүрлеп орындату жөніндегі әрекеттер жүзеге асырылатын күннен бастап он күн ішінде қаулыны шығарған судьяға, органға (лауазымды адамға) шағым бере алады.
      2. Шағым жазбаша түрде беріледі және бес күн мерзімде қаралуға тиіс.
      3. Шағым берген адамға оның қаралатын орны мен уақыты туралы хабарланады. Бұл ретте шағым берген адамның келмей қалуы оның қаралуына кедергі болмайды.
      4. Шағымды қарау нәтижелері бойынша шағымды қанағаттандыру туралы не оны қанағаттандырудан бас тарту туралы ұйғарым шығарылады.
      5. Ұйғарымның көшірмесі әкімшілік жауапқа тартылған жеке адамға немесе заңды тұлғаның заңды өкіліне дереу тапсырылады, ал аталған адамдар болмаған жағдайларда оларға ұйғарым шығарылған күннен бастап үш күн мерзімде жіберіледі.
      6. Әкімшілік жаза қолдану туралы қаулыны мәжбүрлеп орындату жөніндегі лауазымды адамдардың заңсыз әрекеттерімен келтірілген зиян қолданыстағы заңнамаларға сәйкес өтелуге тиіс.

19-тарау Әкімшілік жазаның жекелеген түрлерін орындау тәртібі

      270-бап. Ескерту жасау туралы қаулы орындау

      Ескерту түріндегі әкімшілік жаза қолдану туралы қаулыны осы Кодекстің 215-бабына сәйкес қаулының көшірмесін тапсыру немесе жіберу жолымен қаулыны шығарған судья, орган (лауазымды адам) орындайды

      271-бап. Айыппұл салу туралы қаулыны өз еркімен орындау

      1. Әкімшілік жауапқа тартылған адам айыппұл салу туралы қаулы шығарған, айыппұл төлеу қажеттігі туралы нұсқама берген судьяға, органға (лауазымды адамға) жазбаша нысанда кейіннен хабарлай отырып, айыппұлды әкімшілік айыппұл салу туралы қаулының заңды күшіне енген, айыппұл төлеу қажеттігі туралы нұсқаманы шығарған күнінен не осы Кодекстің 257-бабында көзделген кейінге қалдыру мерзімі өткен күннен бастап отыз күннен кешіктірмей төлеуге тиіс.
      Сот, орган (лауазымды адам) жазаға тартуға берілген адамға орнын, біту мерзімін көрсетіп және түбіртекті қабылдаған лауазымды адамның айыппұл салу туралы көшірмесіне белгі салуға міндетті.
      2. Әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны үшін салынған айыппұлды мемлекеттік бюджетке белгіленген тәртіппен жеке адам енгізеді немесе заңды тұлға аударады.

      272-бап. Жеке адамға айыппұл салу туралы қаулыны
               мәжбүрлеп орындату.

      1. Осы Кодекстің көзделген өз еркімен орындау мерзімі біткеннен кейін әкімшілік жазаны қолданған орган (лауазымды адам) айыппұл салу туралы қаулыны, айыппұл төлеу қажеттігі туралы нұсқаманы осы Кодексте көзделген тәртіппен қарау үшін сотқа жібереді.
      2. Айыппұлды мәжбүрлеп өндіріп алу туралы қаулыны сот жауапқа тартылған адамның жалақысынан немесе өзге де табыстарынан айыппұл сомасын мәжбүрлеу тәртібімен ұстау үшін оның жұмыс істейтін не сыйақы, зейнетақы, шәкіртақы алатын ұйымның әкімшілігіне жібереді. Айыппұл алты айдан аспайтын мерзімде ұсталады. Айыппұлды өндіріп алу кезегі қолданыстағы заңнамада көзделген тәртіппен жүргізіледі.
      3. Жауапқа тартылған адам жұмыстан шығып кеткен не оның жалақысынан немесе өзге де табыстарынан айыппұл ұстау мүмкін болмаған жағдайларда, ұйымның әкімшілігі жұмыстан босаған немесе жазаны орындауға мүмкіндік бермеуге әкеп соғатын оқиға болған күннен бастап он күн мерзімде, жауапқа тартылған адамның жаңа жұмыс орнын (егер ол белгілі болса), айыппұлды өндіріп алудың мүмкін еместігі себептерін көрсетіп, сондай-ақ ұстау жүргізілгені (егер ол жүргізілсе) туралы белгі соғылған қаулыны оны шығарған сотқа қайтарады.
      4. Егер айыппұл салынған жеке тұлға жұмыс істемесе немесе басқа да себептер бойынша айыппұлды жалақысынан немесе өзге де табыстарынан өндіріп алу мүмкін болмаса, айыппұл салу туралы қаулыны оны шығарған сот заңнамада көзделген тәртіппен мәжбүрлеп орындату үшін сот орындаушысына жібереді.

      273-бап. Заңды тұлғаға айыппұл салу туралы қаулыны
               мәжбүрлеп орындату

      1. Осы Кодекстің 264-бабында көзделген өз еркімен орындау мерзімі біткеннен кейін әкімшілік жаза қолданған орган (лауазымды адам) айыппұл салу туралы қаулыны осы Кодексте көзделген тәртіппен қарау үшін сотқа жібереді.
      2. Сот айыппұлды мәжбүрлеп өндіріп алу туралы қаулыны заңды тұлғаның банк шотынан оның келісімінсіз, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен ақша алу үшін банкке немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымға жібереді.
      Салық салу саласындағы әкімшілік құқық бұзушылықтар бойынша айыппұлды мәжбүрлеп өндіріп алу туралы қаулыны сот Қазақстан Республикасының салық заңнамасында белгіленген тәртіппен айыппұл сомаларын өндіріп алу үшін әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттаманы жасаған және (немесе) әкімшілік жазаны қолданған салық қызметі органына жібереді.
      3. Банк немесе өзге де кредит мекемесі айыппұл сомасын белгіленген тәртіппен мемлекеттік бюджетке аударуға міндетті.
      4. Заңды тұлғаның шоттарында ақша болмаған жағдайда айыппұл сомасын мәжбүрлеп өндіріп алу туралы қаулы заңнамаға сәйкес жазаны заңды тұлғаның мүлкін өндіріп алуға айналдыру үшін сот орындаушысына жіберіледі.

      274-бап. Айыппұл салу туралы қаулыны мәжбүрлеп орындату
               тәртібі

      1. Әкімшілік жаза қолданған орган (лауазымды адам) айыппұл салу туралы қаулыны осы Кодекстің 259-бабында белгіленген мерзімнен кешіктірмей сотқа жіберуі мүмкін.
      2. Белгіленген мерзім өткізіліп сотқа жіберілген, айыппұл салу туралы қаулыны сот қайтарады, бұл туралы ұйғарым шығарылады.
      3. Айыппұл салу туралы қаулыны сотқа ол түскен күннен бастап он бес күн ішінде судья жеке-дара қарайды.
      4. Сот айыппұл салу туралы түскен қаулы туралы құқық бұзушылық жасаған адамға хабарлайды.
      5. Сот айыппұл салу туралы қаулыны қарау кезінде органның (лауазымды адамның) айыппұл салу туралы шешімін мәні бойынша қайта қарауға құқылы емес.
      6. Айыппұлды мәжбүрлеп өндіріп алуға байланысты қосымша шығыстар шешімді өз еркімен орындамаған адамға жүктеледі.

      275-бап. Әкімшілік құқық бұзушылық жасалған жерде
               алынатын айыппұл салу туралы қаулыны орындау

      1. Жеке адам әкімшілік құқық бұзушылық жасаған жерде айыппұл алу үшін оған қатаң қаржылық есеп беру құжаты болып табылатын, белгіленген үлгідегі түбіртек беріледі. Түбіртекте берілген күні, жаза қолданған лауазымды адамның қызметі, аты-жөні, әкімшілік жауапқа тартылған адамның кім екені туралы мәліметтер, осы Кодекстің аталған құқық бұзушылық үшін жауапкершілігі көзделетін бабы, әкімшілік құқық бұзушылық жасалған орын мен уақыт, салынған әкімшілік айыппұлдың сомасы көрсетіледі. Түбіртекке жаза қолданған лауазымды адам, ал түбіршікке жаза қолданған лауазымды адам мен әкімшілік жауапқа тартылған адам қол қояды.
      2. Әкімшілік құқық бұзушылық жасалған жерде айыппұл төленбеген жағдайда іс жүргізу осы Кодексте көзделген тәртіппен жүзеге асырылады.

      276-бап. Айыппұл салу туралы қаулының орындалуы бойынша
               іс жүргізудің аяқталуы

      Айыппұл салу туралы айыппұл жазасы толық жүргізілген қаулы оның орындалғаны туралы белгі қойылып, қаулыны шығарған органға (лауазымды адамға) қайтарылады.

      277-бап. Әкімшілік құқық бұзушылық жасаудың құралы не
               нысанасы болған затты өтемін төлеп алу туралы
               қаулының орындалуы.

      1. Судьяның әкімшілік құқық бұзушылық жасаудың құралы не нысанасы болған затты өтемін төлеп алып қою туралы қаулысын заңнамада көзделген тәртіппен сот орындаушысы, ал судьяның қару мен жауынгерлік оқ-дәріні, арнаулы жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізуге арналған арнаулы техникалық құралдарды және ақпарат қорғаудың криптографиялық құралдарын өтемін төлеп алып қою туралы қаулысын ішкі істер органы орындайды.
      2. Әкімшілік құқық бұзушылық жасаудың құралы не нысанасы болған, өтемін төлеп алған затты сату заңнамада белгіленген тәртіппен жүргізіледі.
      3. Өтемін төлеп алған затты сатудан түскен сома осы бұрынғы меншік иесіне алып қойылған затты сату жөніндегі шығындар шегеріліп беріледі.

      278-бап. Әкімшілік құқық бұзушылықты жасаудың құралы не
               нысанасы болған затты тәркілеу туралы қаулының
               орындалуы

      1. Әкімшілік құқық бұзушылық жасаудың құралы не нысанасы болған затты, сондай-ақ әкімшілік құқық бұзушылықты жасау салдарынан алынған кірістерді (дивидендтерді), ақша мен бағалы қағаздарды тәркілеу туралы судьяның қаулысын заңнамада көзделген тәртіппен - сот орындаушысы, ал қаруды, жауынгерлік оқ-дәріні, арнаулы жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізуге арналған арнаулы техникалық құралдар мен ақпарат қорғаудың криптографиялық құралдарын және есірткі заттарын тәркілеуді ішкі істер органы орындайды.
      2. Әкімшілік құқық бұзушылық жасаудың құралы не нысанасы болған тәркіленген затты сату немесе одан әрі пайдалану Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген тәртіппен жүргізіледі.

      279-бап. Арнаулы құқықтан айыру туралы қаулыны орындайтын
               органдар

      1. Тракторларды, өздігінен жүретін машиналарды, техниканың басқа да түрлерін қоспағанда, судьяның көлік құралдарын жүргізу құқығынан айыру туралы қаулыны ішкі істер органдарының лауазымды адамдары орындайды.
      2. Судьяның тракторды, өздігінен жүретін машинаны немесе техниканың басқа да түрлерін жүргізу құқығынан айыру туралы қаулысын өздігінен жүретін машиналар мен техниканың басқа да түрлерінің техникалық жай-күйіне мемлекеттік қадағалауды жүзеге асыратын органдардың лауазымды адамдары орындайды.
      3. Судьяның кемелерді, соның ішінде шағын көлемді кемелерді жүргізу құқығынан айыру туралы қаулысын кемелерді, соның ішінде шағын көлемді кемелерді пайдалану ережелерін сақтауға мемлекеттік қадағалау жасауды жүзеге асыратын органдардың лауазымды адамдары орындайды.
      4. Судьяның радиоэлектронды және жоғары жиіліктегі құралдарды пайдалану құқығынан айыру туралы қаулысын байланысқа мемлекеттік бақылау жасауды жүзеге асыратын органдардың лауазымды адамдары орындайды.
      5. Судьяның аң аулау құқығынан айыру туралы қаулысын аң аулау ережелерін сақтауға мемлекеттік бақылау жасауды жүзеге асыратын органдардың лауазымды адамдары орындайды.
      6. Соттың қаруды алып жүру және сақтау құқығынан айыру туралы қаулысын ішкі істер органдарының лауазымды адамдары орындайды.

      280-бап. Арнаулы құқықтан айыру туралы қаулыны орындау
               тәртібі

      1. Көлік құралдарын, кемелерді немесе техниканың өзге де түрлерін жүргізу құқығынан айыру туралы қаулыны орындау, егер жүргізуші, кеме жүргізушісі немесе тракторшы-машинист (тракторшы) көлік құралдарының, кемелердің (соның ішінде шағын көлемді кемелердің) және басқа да техниканың барлық түрлерін жүргізу құқығынан айырылған болса, тиісті жүргізуші куәлігін, кемелерді (соның ішінде шағын көлемді кемелерді) жүргізуге құқық беретін куәлікті немесе тракторшы-машинист (тракторшы) куәлігін алып қою арқылы жүргізіледі.
      2. Егер жүргізуші, кеме жүргізушісі немесе тракторшы-машинист (тракторшы) көлік құралдарының, кемелердің (соның ішінде шағын көлемді кемелердің), немесе өзге де техниканың барлық түрлерін жүргізу құқығынан айырылмаған болса, жүргізуші куәлігінде шағын көлемді кемені жүргізу құқығына куәлікте немесе тракторшы-машинист (тракторшы) куәлігінде оның көлік құралдарының, шағын көлемді кемелердің, өздігінен жүретін құрылғылардың қай түрлерін жүргізу құқығынан айырылғаны атап көрсетіледі.
      3. Көлік құралдарын немесе кеме жүргізу құқығына куәлікті алып қою тәртібін уәкілетті орган белгілейді.
      4. Көлік құралдарын, кемені жүргізу құқығынан не тракторды немесе өзге де өздігінен жүретін машинаны басқару құқығынан айырылған жүргізуші (кеме жүргізушісі) немесе тракторшы-машинист (тракторшы) жүргізуші куәлігін, кеме жүргізу құқығына куәлікті немесе тракторшы-машинист (тракторшы) куәлігін беруден жалтарған жағдайда ішкі істер органдары, кемелерді, соның ішінде шағын көлемді кемелерді пайдалану ережелерінің сақталуына мемлекеттік қадағалауды жүзеге асыратын органдар, сондай-ақ өздігінен жүретін машиналар мен басқа да техниканың техникалық жай-күйіне мемлекеттік қадағалауды жүзеге асыратын органдар белгіленген тәртіппен жүргізуші куәлігін, кеме жүргізу құқығына куәлікті немесе тракторшы-машинист (тракторшы) куәлігін алып қояды.
      5. Әкімшілік жазаның осы түрі қолданылған адамға арнаулы құқығынан айыру мерзімі өткеннен кейін алынған құжаттар белгіленген тәртіппен қайтарылады.

      281-бап. Аң аулау құқығынан айыру туралы қаулыны орындау
               тәртібі

      1. Аң аулау құқығынан айыру туралы қаулы аң аулау билетін алып қою арқылы орындалады.
      2. Аң аулау құқығынан айырылған адам аң аулау билетін беруден жалтарған жағдайда аң аулау ережелерін сақтауға мемлекеттік қадағалауды жүзеге асыратын органдардың аң аулау билетін алып қоюы белгіленген тәртіппен жүргізіледі.

      282-бап. Радиоэлектронды құралдарды немесе жоғары
               жиіліктегі құрылғыларды пайдалану құқығынан
               айыру туралы қаулыны орындау тәртібі

      1. Радиоэлектронды құралдарды немесе жоғары жиіліктегі құрылғыларды пайдалану құқығынан айыру туралы қаулыны орындау радиоэлектронды құралдарды немесе жоғары жиіліктегі құрылғыларды пайдалануға арнаулы рұқсатты алып қою арқылы жүргізіледі.
      2. Радиоэлектронды құралдарды немесе жоғары жиіліктегі құрылғыларды пайдалану құқығынан айырылған адам радиоэлектронды құралдарды немесе жоғары жиіліктегі құрылғыларды пайдалануға арнаулы рұқсатты тапсырудан жалтарған жағдайда тиісті уәкілетті мемлекеттік орган белгіленген тәртіппен радиоэлектронды құралдарды немесе жоғары жиілікті құрылғыларды пайдалануға арнаулы рұқсатты алып қоюды жүзеге асырады.
      3. Радиоэлектронды құралдарды немесе жоғары жиіліктегі құрылғыларды пайдалануға арнаулы рұқсатты алу тәртібін ақпараттандыру және байланыс саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган белгілейді.

      283-бап. Қаруды алып жүру және сақтау құқығынан айыру
               туралы қаулыны орындау тәртібі

      Қаруды алып жүру және сақтау құқығынан айыру туралы қаулының орындалуын ішкі істер органдары заңдарда белгіленген тәртіппен тиісті куәлік пен қаруды алып қою арқылы жүзеге асырады.

      284-бап. Лицензиядан, арнаулы рұқсаттан, біліктілік
               аттестатынан (куәлігінен) айыру не олардың
               белгілі бір қызмет түріне қолданылуын тоқтата
               тұру туралы қаулыны орындау

      Жеке кәсіпкерді немесе заңды тұлғаны лицензиядан, арнаулы рұқсаттан, біліктілік аттестатынан (куәлігінен) айыру не белгілі бір қызмет түріне оның (оған) қолданылуын тоқтата тұру туралы қаулы осы Кодексте және лицензиялау туралы заңнамада белгіленген тәртіппен орындалады.

      285-бап. Лицензиядан, арнаулы рұқсаттан, біліктілік
               аттестатынан (куәлігінен) айыру не белгілі бір
               қызмет түріне олардың қолданылуын тоқтата тұру
               туралы қаулыны орындайтын органдар

      Жеке кәсіпкерді немесе заңды тұлғаны лицензиядан, арнаулы рұқсаттан, біліктілік аттестатынан (куәлігінен) айыру не белгілі бір қызмет түріне оның қолданылуын тоқтата тұру туралы қаулыны лицензия, арнаулы рұқсат, біліктілік аттестатын (куәлігін) берген органдардың лауазымды адамдары орындайды.

      286-бап. Лицензиядан, арнаулы рұқсаттан, біліктілік
               аттестатынан (куәлігінен) айыру не белгілі бір
               қызмет түріне олардың қолданылуын тоқтата тұру
               туралы қаулыны орындау тәртібі

      1. Жеке кәсіпкерді немесе заңды тұлғаны лицензиядан, арнаулы рұқсаттан, біліктілік аттестатынан (куәлігінен) айыру туралы қаулы лицензияны, арнаулы рұқсатты, біліктілік аттестатын (куәлігін) алып қою арқылы орындалады.
      2. Жеке кәсіпкер немесе заңды тұлға лицензияны, арнаулы рұқсатты, біліктілік аттестатын (куәлігін) тапсырудан жалтарған жағдайда лицензияны, арнаулы рұқсатты, біліктілік аттестатын (куәлігін) берген орган лицензияны, арнаулы рұқсатты, біліктілік аттестатын (куәлігін) алып қою немесе белгілі бір қызмет түріне олардың қолданылуын тоқтата тұруға заңнамада көзделген шараларды қолданады.

      287-бап. Лицензиядан, арнаулы рұқсаттан, біліктілік
               аттестатынан (куәлігінен) айыру не белгілі бір
               қызмет түріне олардың қолданылуын тоқтата тұру
               мерзімдерін есептеу

      1. Лицензиядан, арнаулы рұқсаттан, біліктілік аттестатынан (куәлігінен) айыру не белгілі бір қызмет түріне олардың қолданылуын тоқтата тұру мерзімі лицензиядан, арнаулы рұқсаттан, біліктілік аттестатынан (куәлігінен) айыру (қолданылуын тоқтата тұру) туралы қаулы заңды күшіне енген күннен бастап есептеледі.
      2. Белгілі бір қызмет түрімен айналысуға лицензиядан, арнаулы рұқсаттан, біліктілік аттестатынан (куәлігінен) айыру мерзімі біткеннен кейін сол әкімшілік жазалау шарасы қолданылған адам заңнамада белгіленген тәртіппен лицензия алады.
      Белгілі бір қызмет түрімен айналысуға лицензияның, арнаулы рұқсаттың, біліктілік аттестатының (куәлігінің) қолданылуын тоқтата тұру мерзімі біткеннен кейін, сол әкімшілік жазалау шарасы қолданылған адамға одан белгіленген тәртіппен алып қойылған лицензия, арнаулы рұқсат, біліктілік аттестаты (куәлігі) қайтарылады.
      3. Лицензияның, арнаулы рұқсаттың, біліктілік аттестатының (куәлігінің) қолданылуы әкімшілік жаза қолдану туралы қаулыда аталған  күннен бастап және сонда көрсетілген мерзімге тоқтатыла тұрады.

      288-бап. Жеке кәсіпкердің немесе заңды тұлғаның қызметін
               тоқтата тұру немесе оған тыйым салу туралы
               қаулыны орындау

      1. Заңды тұлғаның немесе жеке кәсіпкердің қызметін тоқтата тұру немесе оған тыйым салу түрінде әкімшілік жаза қолдану туралы қаулыны судья шығарады және оны шешімнің заңды күшіне енуі бойынша заңды тұлғаның құрылтайшысы немесе жеке кәсіпкер жедел орындауға тиіс.
      2. Еңбек шарттары бойынша есеп айырысуды, өз қызметі нәтижесінде келтірілген шығындардың орнын толтыруды және айыппұлдарды төлеуді қоспағанда, заңды тұлғаның және жеке кәсіпкердің қызметін тоқтата тұру кезеңінде олардың банктік салымдарды пайдалану құқығы тоқтатыла тұрады. Қоғамдық бірлестіктің қызметін тоқтата тұру кезеңінде оған бұқаралық ақпарат құралдарын пайдалануға, үгіт және насихат жүргізуге, митингілер, демонстрациялар және басқа да көпшілікке арналған шараларды өткізуге, сайлауға қатысуға тыйым салынады. Егер қызметін тоқтата тұру белгіленген мерзім ішінде қоғамдық бірлестік тәртіп бұзушылықты жойса, қаулыда аталған мерзім біткеннен кейін қоғамдық бірлестік өз қызметін қайта жалғастырады.
      3. Заңды тұлға құрылтайшысының (басқарушы органының, лауазымды адамының) немесе жеке кәсіпкердің қызметін тоқтата тұру не оған тыйым салу түріндегі судья қолданған әкімшілік жаза өз еркімен орындалмаған жағдайда қаулы уәкілетті органның атқарушылық іс жүргізу тәртібімен орындалады.

      289-бап. Жеке кәсіпкердің немесе заңды тұлғаның қызметін
               тоқтата тұру не оған тыйым салу туралы қаулыны
               орындау тәртібі

      1. Уәкілетті лауазымды адам ұйымдардың, жекелеген өндірістердің жұмысын ішінара немесе толық тоқтата тұрады, үйлерді, ғимараттарды, жекелеген үй-жайларды, қоймаларды, электр желілерін, жылыту аспаптарын пайдалануға тыйым салады.
      2. Заңды тұлғаларды тіркеуді жүзеге асыратын орган заңды тұлғаның қызметіне тыйым салу (оны тарату) туралы шешімді алған соң, заңдарда көзделген қызметке тыйым салу (оны тарату) тәртібінің сақталуын тексереді және он күн ішінде заңды тұлға қызметінің тоқтатылғанын тіркейді, бұл туралы мемлекеттік статистика органына хабарланады.

      290-бап. Құрылысты мәжбүрлеп бұзу туралы қаулыны орындау

      1. Соттың салынып жатқан немесе салынған құрылысты мәжбүрлеп бұзу туралы қаулысын өзі жөнінде осы әкімшілік жаза шығарылған адам орындайды.
      2. Салынып жатқан немесе салынған құрылысты мәжбүрлеп бұзу түрінде сот қолданған әкімшілік жаза өз еркімен бір ай мерзімінде орындалмаған жағдайда қаулыны уәкілетті орган атқарушылық іс жүргізу тәртібімен орындайды

      291-бап. Құрылысты мәжбүрлеп бұзу туралы қаулыны орындау
               жөніндегі шығындар

      Салынып жатқан немесе салынған құрылысты мәжбүрлеп бұзу заң бұзушының есебінен жүзеге асырылады.

      292-бап. Әкімшілік қамауға алу туралы қаулыны орындау

      1. Судьяның қамауға алу туралы қаулысын заңнамада белгіленген  тәртіппен ішкі істер органдары орындайды.
      2. Әкімшілік қамауға алынған адамдар ішкі істер органдары белгілейтін орындарда күзетпен ұсталады. Әкімшілік қамауға алу туралы қаулыны орындау кезінде қамауға алынушылар жеке тексеруден өткізіледі.
      3. Әкімшілік ұстау мерзімі әкімшілік қамауға алу мерзіміне есептеледі.
      4. Әкімшілік қамауға алу мерзімін өтеу заңнамада белгіленген ережелер бойынша жүзеге асырылады.
      5. Қамауға алу түріндегі әкімшілік жазаны өтеуден мерзімінен бұрын босату туралы мәселені қарастыруда жәбірленуші немесе оның өкілінің пікірі есепке алынады.
      Сот жәбірленушіні немесе оның өкілін алдағы сот отырысы туралы поштамен тапсырыс хат бойынша хабарландырады. Сотқа жәбірленуші немесе оның өкілі өзі қатыса алмаған жағдайда жазбаша өтініш және қолдау хат қарастырылуы мүмкін. Жәбірленушінің немесе оның өкілінің тиісті хабарландыруында және ол тараптан жазбаша өтініш және қолдау хат жоқ болса, сондай ақ жәбірленушінің құқығын сақтау немесе мемлекет туралы мәселе бойынша егер мемлекет мүддесіне шығын келтірілсе, міндетті тәртіпте прокурордың қорытындысы талап етіледі.

      293-бап. Әкімшілік қамауға алуды өтеуден жалтарудың
               зардаптары

      1. Егер әкімшілік қамауға алынған адам әкімшілік қамауға алу мерзімі біткенге дейін оны өтейтін орынды өз бетімен тастап кетсе, судьяның қаулысымен қамауда болған мерзімі қамауға алу мерзіміне толық немесе ішінара есептелмеуі мүмкін. Бұл орайда судья әкімшілік қамауға алудың өтелу мерзімінің басталуын қайта белгілейді.
      2. Әкімшілік қамауға алудың жалпы мерзімін жиырма бес тәуліктен асыруға болмайды.

      294-бап. Қаулының мүліктік зиянды өтеу бөлігінде
               орындалуы

      Өндіріп алуға тиісті мүліктік зиянды өтеу бөлігінде әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс бойынша қаулы заңнамада белгіленген тәртіппен орындалады.

      295-бап. Қазақстан Республикасынан шетелдіктер мен
               азаматтығы жоқ адамдарды әкімшілік жолмен
               шығарып жіберу туралы қаулыны жүзеге асыратын
               органдар

      Қазақстан Республикасынан шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарды әкімшілік жолмен шығарып жіберу туралы қаулыны:
      1) осы Кодекстің 461, 462-бабында көзделген әкімшілік құқық бұзушылық жасалған кезде шекара қызметі органдары;
      2) Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Қазақстан Республикасы  кодексінің 103, 442 (алтыншы бөліктері), 443 (төртінші бөлігі), 465 (үшінші бөлігі), 467-баптарында көзделген құқық бұзушылық жасалған кезде ішкі істер органдары орындайды.

      296-бап. Қазақстан Республикасынан шетелдіктерді және
               азаматтығы жоқ адамдарды әкімшілік жолмен
               шығарып жіберу туралы қаулыны орындау

      1. Қазақстан Республикасынан шетелдіктерді немесе азаматтығы жоқ адамдарды әкімшілік жолмен шығарып жіберу туралы қаулыны орындау Қазақстан Республикасынан шығарып жіберілетін адамға бақылау жасала отырып, өз бетімен кетуі арқылы жүргізіледі.
      2. Егер әкімшілік жолмен шығарып жіберу туралы шешім қабылдаған адам сот шешімінде көрсетілген мерзімде Қазақстан Республикасы аумағын тастап кетпесе, олар мәжбүрлеу тәртібінде (айдауылмен) шығарылып жіберіледі. Бұл ретте шетелдіктерді және азаматтығы жоқ адамдарды шығарып жіберуді ұйымдастыру үшін қажетті мерзімге ұстауға рұқсат етіледі. Оларды ұстау ішкі істер органдарының арнаулы мекемелерінде өткізіледі.
      Мәжбүрлеу тәртібімен (айдауылмен) әкімшілік шығарып жіберу бойынша шығындарды шығарылатын шетелдіктер және азаматтығы жоқ адамдар, Қазақстан Республикасына шақырылған жеке және заңды тұлғалар не шетелдікті немесе азаматтығы жоқ адамды қабылдаған, ал ерекше жағдайларда - әкімшілік шығарып жіберу туралы шешімді орындауды жүзеге асыратын органдар көтереді.
      3. Мәжбүрлеу тәртібімен әкімшілік шығарып жіберуді жүзеге асыратын ішкі істер органдары Қазақстан Республикасы мемлекеттік шекарасы арқылы өткізу бекеттерінде шығарылатын шетелдікті немесе азаматтығы жоқ адамды Қазақстан Республикасы шекара қызметі органдарына шетелдіктерді немесе азаматтығы жоқ адамдарды аумағына аталған адамдар шығарылатын шет мемлекеттің билік өкіліне ресми түрде тапсыру үшін беруді жүзеге асырады.

      297-бап. Жол жүру ережелерін білуді тексеру туралы
               қаулыны орындау

      Жол жүру ережелерін білуді тексеру туралы қаулыны заңнамада белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің жол полициясы органдары орындайды.

      298-бап. Қаулыны медициналық сипаттағы мәжбүрлеу
               шараларын қолдану бөлігінде орындау тәртібі

      Қаулыны медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларын қолдану бөлігінде денсаулық сақтау органдарының мамандандырылған мекемелері заңнамада белгіленген тәртіппен орындайды.

3-бөлім. Әкімшілік даулар бойынша іс жүргізу 1-кіші бөлім. Бірінші сатыдағы сотта іс жүргізу 20-тарау. Істі сотта қарауға дайындау

299-бап. Талап арыздың, шағымның нысаны мен мазмұны

      1. Талап арыз, шағым сотқа жазбаша нысанда беріледі.
      2. Талап арызда, шағымда:
      1) арыз, шағым берілетін соттың атауы;
      2) арызды, шағымды берген адамның атауы, оның тұрғылықты жері, тұрғылықты жері бойынша тіркелгені туралы мәліметтер немесе, егер талап қоюшы ұйым болса, оның тұрған жері, салық төлеушінің тіркеу нөмірі мен банктік реквизиттері, сондай-ақ, егер арызды оның өкілі берсе, өкілдің атауы мен мекен-жайы;
      3) жауапкердің тегі, аты және әкесінің аты (егер ол жеке басын куәландыратын құжатта көрсетілген болса), оның тұрғылықты жері немесе тұрған жері және, егер шағымданушыға белгілі болса, оның тұрғылықты жері бойынша тіркелгені, жұмыс орны туралы мәліметтер мен салық төлеушінің тіркеу нөмірі (егер сот бұйрығын шығару туралы арызда көрсетілген болса) немесе, егер жауапкер заңды тұлға болып табылса, оның атауы, нақты тұрған жері не, егер шағымданушыға бірыңғай Мемлекеттік тіркелімнен мәліметтер белгілі болса, салық төлеушінің тіркеу нөмірі мен банк реквизиттері;
      4) шағымданушының құқықтарын, бостандықтарын немесе заңды мүдделерін және оның талаптарын бұзудың немесе бұзу қаупінің мәні;
      5) нақты қандай қаулыға шағым жасалатыны жөнінде деректер, оны шығарған, азаматқа көшірмені тапсырған немесе хабарлаған күн, сондай-ақ шағым жасайтын адам өзінің талаптарын негіздейтін мән-жайлар, және осы мән-жайларды растайтын дәлелдемелер;
      6) арызға қоса тіркелетін құжаттардың тізбесі көрсетілуге тиіс.
      3. Арызда, шағымда дауды шешу үшін маңызы бар өзге де мәліметтер көрсетілуі мүмкін.

      300-бап. Істі әзірлеудің міңдеттері

      1. Арызды қабылданғаннан және азаматтық істі қозғағаннан кейін судья оны уақытылы және дұрыс шешуді қамтамасыз ету мақсатымен сотта іс қарауға істі әзірлейді.
      2. Сотта іс қарауға істі әзірлеудің әрбір іс бойынша міндетті міндеттері мыналар:
      1) істі дұрыс шешу үшін маңызы бар мән-жайларды айқындау;
      2) тараптардың құқықтық қатынастарын және басшылыққа алынуға тиісті заңды анықтау;
      3) іске қатысатын адамдардың құрамы мен процестің басқа да қатысушылары туралы мәселені шешу;
      4) әрбір тарап өз пайымдауларын негіздеу үшін ұсынуға тиіс дәлелдемелерді анықтау.

      301-бап. Істі сотта қарауға әзірлеу мерзімдері

      Әкімшілік даулар туралы істерді сотта қарауға әзірлеу, егер осы Кодекстің 22-27-тарауларында осы істерді қараудың ең қысқа мерзімі белгіленбесе, арыз қабылданған күннен бастап үш күн мерзімнен кешіктірілмей жүргізілуге тиіс. Айрықша күрделі істер бойынша ерекше жағдайларда жалпы мерзім судьяның дәлелді ұйғарымы бойынша бір айға дейін ұзартылуы мүмкін.

      302-бап. Істі сотта қарауға әзірлеу туралы ұйғарым

      Судья істі сотта қарауға әзірлеу туралы ұйғарым шығарады және жүргізілуге тиісті әрекеттерді көрсетеді.

      303-бап. Арыздың және оған қоса тіркелген құжаттардың
               көшірмелерін жауапкерге жіберу

      1. Судья жауапкерге талап арыздың және талап қоюшының талаптарын негіздейтін оған қоса тіркелетін құжаттардың көшірмелерін жібереді не тапсырады және өзі белгілеген мерзімде талап арызға пікір (қарсылық) білдіруді және өз пікірін (қарсылығын) негіздеуге дәлелдемелер беруді ұсынады.
      2. Жауапкердің пікірі мен дәлелдемелерді бермеуі істегі бар дәлелдемелер бойынша істі қарауға кедергі келтірмейді.

      304-бап. Судьяның істі сотта қарауға әзірлеу жөніндегі
               іс-әрекеттері

      Істің мән-жайларын ескере отырып, істі сотта қарауға әзірлеу тәртібімен судья мынадай әрекеттерді жүргізеді:
      1) талап қоюшыдан ол мәлімдеген талаптардың мәні бойынша жауап алады, одан жауапкердің тарапынан мүмкін болатын қарсылықтарды анықтап алады, егер бұл қажет болса, қосымша дәлелдемелер беруді ұсынады, талап қоюшыға оның іс жүргізу құқықтары мен міндеттерін түсіндіреді;
      2) қажет болған жағдайларда жауапкерді шақырып алады, одан істің мән-жайлары бойынша жауап алады, талап қоюға қандай қарсылықтар бар екенін және бұл қарсылықтардың қандай дәлелдемелермен расталуы мүмкін екенін анықтайды; айрықша күрделі істер жөнінде жауапкерге іс бойынша жазбаша түсінік беруді ұсынады, жауапкерге оның іс жүргізу құқықтары мен міндеттерін түсіндіреді;
      3) іске тең талап қоюшылардың, тең жауапкерлердің дербес талаптарсыз үшінші тұлғалардың кіруі туралы мәселені шешеді, сондай-ақ тиісті емес жауапкерді ауыстыру туралы мәселені шешеді;
      4) оның нәтижесіне мүдделі азаматтарға немесе ұйымдарға істі  қараудың уақыты мен орны туралы хабарлайды;
      5) куәларды сот отырысына шақыру туралы мәселені шешеді;
      6) тараптардың өтінімі бойынша немесе өз бастамасы бойынша сараптама тағайындайды, сондай-ақ іске маманды, аудармашыны қатысуға тарту туралы мәселені шешеді;
      7) тараптардың өтінімі бойынша ұйымдардан немесе азаматтардан дәлелдемелер талап етеді;
      8) кейінге қалдыруға болмайтын жағдайларда іске қатысатын  адамдарды хабарландыра отырып, жазбаша және заттай дәлелдемелерді сол  жерде тексеруді жүргізеді;
      9) сот тапсырмаларын жібереді;
      10) талап қоюды қамтамасыз ету туралы мәселені шешеді;
      11) талапкердің өтініші бойынша оның берген арызын қайтару туралы ұйғарым шығарады;
      12) өзге де қажетті іс жүргізу әрекеттерін жасайды.

      305-бап. Бірнеше талап қою талаптарын біріктіру және
               ажырату

      1. Егер талаптарды ажыратып қарау неғұрлым дұрыс болса, судья талап қоюшы біріктірген талаптардан біреуін немесе бірнешеуін бөліп жеке іс жүргізуге алады.
      2. Бірнеше талап қоюшы талаптар қойған немесе талаптар бірнеше жауапкерге қойылған кезде судья, егер талаптарды ажыратып қарауды неғұрлым дұрыс деп тапса, бір немесе бірнеше талапты жеке іс жүргізуге бөлуге құқылы.
      3. Судья осы соттың іс жүргізуінде дәл сол тараптар қатысатын біртектес, не бір талап қоюшының әртүрлі жауапкерге немесе әр түрлі талап қоюшылардың бір жауапкерге қойған талабы бойынша бірнеше іс бар екенін белгілеп, егер мұндай біріктіруді дұрыс деп тапса, бұл істерді біріктіріп қарау үшін бір іске біріктіруге құқылы.

      306-бап. Істі сотта іс қарауға тағайындау

      Судья істі дайын болды деп тани отырып, оны сот отырысында қарауға тағайындау туралы ұйғарым шығарады, тараптарға және процестің басқа да қатысушыларына істі қараудың орны мен уақыты туралы хабарлайды.

21-тарау. Сотта іс қарау

      307-бап. Сот отырысы

      Әкімшілік дау туралы істі қарау іске қатысушы адамдарды міндетті түрде хабардар ете отырып, сот отырысында жүргізіледі.

      308-бап. Сот отырысында төрағалық етуші

      1. Төрағалық етушінің міндетін судья атқарады. Төрағалық етуші істің барлық мән-жайының толық, жан-жақты және объективті анықталуын, іс жүргізу әрекеттерінде дәйектіліктің және тәртіптің сақталуын, процеске қатысушылардың өздерінің іс жүргізу құқығын жүзеге асыруын және олардың өз міндеттерін орындауын, процестің тәрбиелік ықпалын қамтамасыз ете отырып, отырыстың барысына басшылық жасайды, қаралатын іске қатысы жоқ мәселелердің барлығын сот қарауынан шығарып тастайды.
      2. Процеске қатысушылардың қайсыбірі төрағалық етушінің іс-әрекетіне қарсылық білдірген жағдайда бұл қарсылық-білдірулер сот отырысының хаттамасына енгізіледі. Төрағалық етуші өзінің іс-әрекеттеріне қатысты түсініктеме береді.
      3. Төрағалық етуші сот отырысында тиісті тәртіптің қамтамасыз етілуіне қажетті шаралар қолданады. Оның өкімі процеске қатысушылардың барлығы үшін, сондай-ақ сот отырысы залында қатысып отырған азаматтар үшін міндетті.

      309-бап. Сотта іс қараудың тікелей және ауызша жүргізілуі

      1. Істі қарау кезінде сот іс бойынша дәлелдемелерді тікелей зерттеуге: тараптардың және іске қатысушы басқа да адамдардың түсініктерін, куәлардың айғақтарын, сарапшылардың қорытындыларын, мемлекеттік органдардың және жергілікті өзін-өзі басқару органдарының қорытындыларын тыңдауға, құжаттармен танысуға, заттай дәлелдемелерді қарап шығуға, дыбыс жазбаларын тыңдауға және бейне жазбаларды, кино-, фотоматериалдарды көруге, ақпаратты қайта құрудың өзге де құралдарының материалдарымен танысуға міндетті. Қажет болған жағдайларда іс бойынша дәлелдемелерді зерттеген кезде сот маманның консультациялары мен түсіндірмелерін тыңдайды.
      2. Істі қарау ауызша жүргізіледі. Істі қарау процесінде судья ауысқан жағдайда істі қарау басынан бастап жүргізілуге тиіс.

      310-бап. Сот отырысындағы тәртіп

      1. Судья сот отырысы залына кірген кезде залдағы барлық қатысушылар орындарынан тұрады. Іс шешім шығарусыз аяқталатын сот шешімін немесе сот ұйғарымын сот отырысы залындағы жұрттың барлығы түрегеп тұрып тыңдайды.
      2. Процеске қатысушылар судьяға түрегеп тұрып жүгінеді және өздерінің айғақтары мен түсініктемелерін айтады. Осы ережені орындамауға төрағалық етушінің рұқсатымен ғана жол берілуі мүмкін.
      3. Процеске қатысушылар, сондай-ақ сот отырысы залындағы барлық азаматтар белгіленген тәртіпті сақтауға міндетті.

      311-бап. Сот отырысында тәртіп бұзушыларға қолданылатын
               шаралар

      Сот отырысында тәртіп бұзғандарға осы Кодекстің 177-бабында көзделген жағдайларда және тәртіпте шаралар қолданылады.
      1. Істі қарау кезінде тәртіп бұзған адамға төрағалық етуші соттың атынан ескерту жасайды.
      2. Тәртіпті қайталап бұзған кезде іске қатысушы адам сот ұйғарымы бойынша сотта іс қараудың барлық уақытына немесе оның бір бөлігіне сот отырысы залынан шығарылып жіберілуі мүмкін. Соңғы жағдайда төрағалық етуші отырыс залына қайта жіберілген адамды ол жоқ кезде жасалған іс жүргізу әрекеттерімен таныстырады.
      3. Іске қатыспайтын және істі қарау кезінде қатысушы азаматтар тәртіпті қайталап бұзғаны үшін төрағалық етушінің өкімімен отырыс залынан шығарылып жіберіледі.
      4. Істі қарау барысында оған қатысушы азаматтар жаппай тәртіп бұзған кезде сот іске қатыспайтын азаматтардың барлығын сот отырысы залынан шығарып, істі жабық отырыста қарауы немесе істі қарауды кейінге қалдыруы мүмкін.

      312-бап. Сот отырысын ашу

      1. Істі қарау үшін белгіленген уақытта төрағалық етуші сот отырысын ашады және қандай әкімшілік даулар туралы іс қаралуға тиіс екенін жария етеді.
      2. Сот дыбыс-, бейнежазбаларды қолданғанда, төрағалық етуші ол туралы хабарлайды.

      313-бап. Процеске қатысушылардың келуін тексеру

      1. Сот отырысының хатшысы осы іс бойынша шақырылған адамдардан кімнің келгенін, келмеген адамдарға хабар берілген-берілмегенін және олардың келмеу себептері туралы қандай мәліметтердің бар екенін сотқа баяндайды.
      2. Төрағалық етуші келгендердің кім екенін анықтайды, сондай-ақ лауазымды адамдар мен өкілдердің өкілеттіктерін тексереді.

      314-бап. Аудармашыға оның міндеттерін түсіндіру

      1. Төрағалық етуші аудармашыға - оның сот жүргізіліп отырған тілді білмейтін адамдардың түсіндірмелерін, айғақтарын, мәлімдемелерін, ал бұл адамдарға іске қатысушы адамдар мен куәлардың түсіндірмелерінің, айғақтарының, мәлімдемелерінің, жария етілетін және істе бар құжаттардың, дыбыс жазбалардың, сарапшылар қорытындыларының, мамандар консультацияларының, сондай-ақ судья өкімдерінің, сот қаулылары мен шешімдерінің мазмұнын аудару міндетін түсіндіреді.
      2. Төрағалық етуші аудармашыға көрінеу дұрыс аударма жасамағаны үшін Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінде көзделген жауапкершілік жөнінде ескертеді. Аудармашының бұл туралы қолхаты сот отырысының хаттамасына қоса тіркеледі. Аудармашы сотқа келуден немесе өз міндеттерін орындаудан жалтарған жағдайда оған әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңдарға сәйкес әкімшілік жаза белгіленуі мүмкін.

      315-бап. Куәларды сот отырысы залынан шығару

      Келген куәлар сот отырысы залынан шығарылады. Төрағалық етуші жауап алынған куәлардың жауап алынбаған куәлармен сөйлеспеуіне шаралар қолданады.

      316-бап. Сот құрамын жария ету және қарсылық білдіру
               құқығын түсіндіру

      1. Төрағалық етуші сот құрамын жария етеді, прокурор, сарапшы, маман, сот отырысының хатшысы, сот приставы ретінде кімдердің қатысатынын хабарлайды және іске қатысушы адамдарға олардың қарсылық білдіру құқығын түсіндіреді.
      2. Қарсылық білдіру үшін негіздер, мәлімденген қарсылықты шешу тәртібі және осындай мәлімдеулерді қанағаттандыру салдарлары азаматтық іс жүргізу заңнамада көзделгенге ұқсас.

      317-бап. Іске қатысушы адамдарға олардың құқықтары мен
               міндеттерін түсіндіру

      Төрағалық етуші іске қатысушы адамдарға және өкілдерге олардың іс жүргізу құқықтары мен міндеттерін түсіндіреді.

      318-бап. Соттың іске қатысушы адамдардың өтінімдерін
               шешуі

      Іске қатысушы адамдардың және өкілдердің істі қарауға байланысты мәселелер жөніндегі өтінімдері іске қатысушы басқа адамдардың пікірлері тыңдалған соң сот ұйғарымдарымен шешіледі.

      319-бап. Іске қатысушы адамдар мен өкілдердің сот
               отырысына келмеу салдарлары

      1. Іске қатысушы адамдар келмеу себептері туралы сотқа хабарлауға және бұл себептердің дәлелді екендігіне дәлелдемелерді ұсынуға міндетті.
      2. Іске қатысушы адамдардың біреуі сот отырысына келмеген жағдайда, оларға хабарланғаны жөнінде мәліметтер жоқ болса, істі қарау кейінге қалдырылады.
      3. Егер іске қатысушы адамдар сот отырысының уақыты мен орны туралы тиісінше хабарланса, олардың келмеу себептері дәлелді деп танылған жағдайда сот істі қарауды кейінге қалдырады.
      4. Сот отырысының уақыты мен орны туралы тиісінше хабарланған іске қатысушы адамдардың қайсыбірі келмеген жағдайда, егер олардың келмеу себептері дәлелсіз деп танылса, сот істі қарауға құқылы. Сот отырысының уақыты мен орны туралы тиісінше хабарланған жауапкер болмаған жағдайда, сырттай іс жүргізу тәртібімен, егер келмеу себептері туралы мәліметтер жоқ болса не сот оның келмеу себептерін дәлелсіз деп тапса, не жауапкер іс бойынша іс жүргізуді қасақана созып отыр деп таныса, сот істі қарауға құқылы.
      5. Тараптар соттан істі олардың қатысуынсыз қарау және оларға шешімнің көшірмесін жіберу туралы жазбаша өтінуге құқылы. Егер бұл істің мән-жайлары бойынша қажет болса, сот тараптардың сот отырысына қатысуын міндетті деп тани алады.
      6. Сот отырысының уақыты мен орны туралы хабарланған іске қатысушы адам өкілінің келмеуі істі қарауға кедергі бола алмайды. Іске қатысатын адамның өтінімі бойынша сот оның өкілі дәлелді себептермен келмеуіне байланысты істі қарауды кейінге қалдыра алады.

      320-бап. Сот отырысына куәнің, сарапшының, маманның,
               аудармашының келмеу салдарлары

      1. Сот отырысында куә, сарапшы немесе маман келмеген жағдайда сот іске қатысушы адамдардың істі олар жоқта қарау мүмкіндігі туралы пікірін тыңдап, сотта іс қарауды жалғастыру немесе оны кейінге қалдыру туралы ұйғарым шығарады.
      2. Сот отырысына аудармашы келмеген жағдайда, егер аудармашыны ауыстыру мүмкіндігі болмаса, сот істі қарауды кейінге қалдыру туралы ұйғарым шығарады.
      3. Егер шақырылған куә, сарапшы, маман немесе аудармашы сот отырысына сот дәлелді емес деп таныған себептер бойынша келмесе, олар әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңдарға сәйкес әкімшілік жазаға тартылуы мүмкін. Осы Кодекстің 164-бабына сәйкес олар сондай-ақ мәжбүрлеп келтірілуі де мүмкін.
      4. Сотта айғақ беруден бас тартқаны немесе жалтарғаны үшін куә осы Кодекстің 18-бабында көзделген жағдайларды қоспағанда, Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 353-бабына сәйкес қылмыстық жауаптылықта болады.

      321-бап. Істі қарауды кейінге қалдыру

      1. Осы Кодексте көзделген жағдайларда, сондай-ақ егер сот процеске қатысушылардың біреуінің келмеуі, қарсы талап қою, қосымша дәлелдемелер ұсыну немесе талап ету, іске қатыстыруға басқа адамдарды тарту қажеттігі, өзге де әлдеқандай іс жүргізу әрекеттерін жасау қажеттігі салдарынан істі осы сот отырысында қарау мүмкін емес деп тапса, істі қарауды кейінге қалдыруға жол беріледі.
      2. Іс кейінге қалдырылған кезде істің жаңа сот отырысында шешілуін қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін уақыт ескеріле отырып, жаңа сот отырысының күні белгіленеді, бұл жөнінде келген адамдарға қол қойдырылып хабарланады. Келмеген және процеске қатысуға жаңадан тартылған адамдарға жаңа сот отырысының уақыты мен орны туралы шақыру қағазы (хабар) жіберіледі.

      322-бап. Істі қарау кейінге қалдырылған кезде куәлардан
               жауап алу

      Егер сот отырысына тараптар қатысып отырса, істі қарау кейінге қалдырылған кезде сот келген куәлардан жауап алуға құқылы. Бұл куәларды жаңа сот отырысына екінші рет шақыруға қажет болған жағдайларда ғана жол беріледі.

      323-бап. Сарапшы мен маманға олардың құқықтары мен
               міндеттерін түсіндіру

      Төрағалық етуші сарапшы мен маманға олардың құқықтары мен міндеттерін түсіндіреді, сарапшыға көрінеу жалған қорытынды бергені үшін қылмыстық жауапкершілік туралы ескертеді, ол туралы сарапшыдан қолхат алынады. Қолхат сот отырысының хаттамасына қоса тіркеледі.

      324-бап. Істі мәні бойынша қараудың басталуы

      Істі мәні бойынша қарау төрағалық етушінің талап қоюшының өз талаптарын қолдайтын-қолдамайтыны, жауапкер талап қоюшының талаптарын мойындайтын-мойындамайтыны туралы мәселелерді анықтауынан басталады.

      325-бап. Талап қоюшының талап қоюдан бас тартуы,
               жауапкердің талап қоюды мойындауы

      1. Талап қоюшының талап қоюдан бас тартуы туралы арызы, жауапкердің талап қоюды мойындауы сот отырысының хаттамасына енгізіледі және оларға тиісінше талап қоюшы, жауапкер қол қояды. Егер талап қоюдан бас тарту, жауапкердің талап қоюды мойындауы сотқа жолданған жазбаша арыздарда жазылса, олар іске қоса тіркеледі, бұл туралы сот отырысының хаттамасында көрсетіледі.
      2. Талап қоюдан бас тарту қабылданғанға не талап қою мойындалғанға дейін сот талап қоюшыға, жауапкерге немесе тараптарға тиісті іс жүргізу әрекеттерінің салдарын түсіндіреді.
      3. Талап қоюдан бас тартуды қабылдау туралы сот ұйғарым шығарады, сол арқылы осымен бір мезгілде іс бойынша іс жүргізу тоқтатылады.
      4. Жауапкер талап қоюды мойындағанда және оны қабылдаған кезде сот мәлімденген талаптарды қанағаттандыру туралы шешім шығарады.
      5. Сот талап қоюшының талап қоюдан бас тартуын, талап қоюды мойындауын қабылдамаған жағдайда, сот бұл туралы ұйғарым шығарады және істі мәні бойынша қарауды жалғастырады.

      326-бап. Іске қатысушы адамдардың түсініктемелері

      1. Сот талап қоюшының және оның тарапынан қатысатын үшінші тұлғаның, жауапкердің және оның тарапынан қатысатын үшінші тұлғаның, сондай-ақ іске қатысушы басқа да адамдардың түсініктемелерін тыңдайды. Прокурор, мемлекеттік органдардың, жергілікті өзін-өзі басқару органдарының, ұйымдардың өкілдері, сотқа басқа адамдардың құқықтары мен мүдделерін қорғауға жүгінген азаматтар бірінші болып түсініктемелер береді. Іске қатысушы адамдар бір-біріне сұрақтар қоюға құқылы.
      2. Іске қатысушы адамдардың жазбаша түсіндірмелерін, сондай-ақ сот осы Кодекстің 117 және 134-баптарында көзделген тәртіппен алған түсіндірмелерді төрағалық етуші жария етеді.

      327-бап. Дәлелдемелерді зерттеу тәртібін белгілеу

      Сот іске қатысушы адамдардың түсініктемелерін тыңдап және олардың пікірлерін ескеріп, өзге дәлелдемелерді зерттеудің тәртібін белгілейді.

      328-бап. Жауап беруден бас тартқаны үшін және көрінеу
               жалған жауап бергені үшін жауапкершілік жөнінде
               куәға ескерту

      1. Куәдан жауап алынғанға дейін төрағалық етуші куәнің жеке басын анықтайды, оның міндеттері мен құқықтарын түсіндіреді және оған айғақтар беруден бас тартқаны үшін және көрінеу жалған айғақтар бергені үшін қылмыстық жауаптылық туралы ескертеді. Куәға, сондай-ақ өзіне-өзі, жұбайына (зайыбына) және жақын туыстарына қарсы айғақтар беруден, ал діни қызметшілерге тәубе үстінде өздеріне ішкі сырын сеніп ашқан адамдарға да қарсы айғақтар беруден бас тартуға құқылы екені түсіндіріледі. Куә мынадай мазмұнда ант береді: "Сотқа іс бойынша өзіме белгілі болған барлық мән-жайды, тек қана шындықты, барлық шындықты айтуға және шындықтан басқа ешнәрсе айтпауға ант етемін.". Куәдан оған өз міндеттері мен жауаптылығының түсіндірілгені туралы қолхат алынады. Қолхат сот отырысының хаттамасына тіркеледі.
      2. Он алты жасқа толмаған куәға судья оған іс бойынша мәлім нәрсенің бәрін шынайы айтып беру міндетін түсіндіреді, бірақ оған жауап беруден бас тартқаны үшін және көрінеу жалған жауап бергені үшін қылмыстық жауапкершілік жөнінде ескертілмейді.

      329-бап. Куәдан жауап алу тәртібі

      1. Әрбір куәдан жауап жеке-жеке алынады. Әлі айғақ бермеген куәлар істі қарау кезінде сот отырысы залында бола алмайды.
      2. Төрағалық етуші куәнің іске қатысушы адамдарға қатысын анықтайды және іс бойынша оған өзіне мәлім нәрсенің бәрін сотқа хабарлауды ұсынады.
      3. Бұдан кейін куәға сұрақтар қойылуы мүмкін. Бірінші болып арызы бойынша куә мен оның өкілі шақырылған адам, содан соң іске қатысушы басқа адамдар мен өкілдер сұрақ қояды. Судья куәдан жауап алудың кез келген сәтінде оған сұрақ қоюға құқылы.
      4. Қажет болған жағдайда сот осы немесе келесі отырыста куәдан екінші рет жауап ала алады, сондай-ақ олардың айғақтарындағы қайшылықтарды айқындау үшін куәлар арасында беттестіру жүргізеді.
      5. Егер сот оған ертерек кетуге рұқсат бермесе, жауап алынған куә істі қарау аяқталғанға дейін сот отырысы залында қалады.

      330-бап. Куәнің жазбаша материалдарды пайдалануы

      1. Жауап әлдеқандай цифрлармен немесе есте сақтау қиын басқа деректермен байланысты болған жағдайларда, куә жауап беру кезінде жазбаша материалдарды пайдалана алады. Бұл материалдар сотқа және іске қатысушы адамдарға көрсетіледі және соттың ұйғарымы бойынша іске қоса тіркелуі мүмкін.
      2. Куәға оның айғақтарына қатысты оның қолында бар құжаттарды оқуына рұқсат етіледі. Бұл құжаттар сотқа көрсетіледі және, оның ұйғарымы бойынша іске қоса тіркелуі мүмкін.

      331-бап. Кәмелетке толмаған куәдан жауап алу

      1. Он төрт жасқа толмаған куәдан жауап алу, ал соттың қалауы бойынша он төрт жас пен он алты жас аралығындағы куәдан жауап алу да сотқа шақырылатын педагогтың қатысуымен жасалады. Қажет болған жағдайда кәмелетке толмаған куәнің заңды өкілдері де шақырылады. Аталған адамдар төрағалық етушінің рұқсатымен куәға сұрақ қоя алады, сондай-ақ куәнің жеке басына және оның берген айғақтарының мазмұнына қатысты өз пікірін айта алады.
      2. Істің мән-жайын анықтау үшін қажет болатын ерекше жағдайларда, кәмелетке толмаған куәдан жауап алынған уақытта сот ұйғарымы бойынша сот отырысы залынан іске қатысушы қандай да бір адам шығарылуы мүмкін. Бұл адам сот отырысы залына қайта келгенде оған кәмелетке толмаған куәнің айғақтарының мазмұны хабарланып, куәға сұрақтар қою мүмкіндігі берілуге тиіс.
      3. Он алты жасқа толмаған куә сот бұл куәні сот отырысы залында болуы қажет деп таныған жағдайларды қоспағанда, куә одан жауап алу аяқталған соң сот отырысы залынан шығарылады.

      332-бап. Куәнің жауаптарын жария ету

      Куәлардың осы Кодекстің 65, 66, 322-баптарында көзделген тәртіппен жиналған айғақтары сот отырысында жария етіледі, осыдан соң іске қатысушы адамдар осы айғақтарға өз көзқарастарын білдіруге және олар бойынша түсініктемелер беруге құқылы.

      333-бап. Құжаттарды зерттеу

      Осы Кодекстің 117, 125, 118, 134-баптарында және 303-бабының 8) тармақшасында көзделген тәртіппен жасалған құжаттар немесе оларды қарау хаттамалары сот отырысында жария етіледі және - іске қатысушы адамдарға, өкілдерге, ал қажет болған жағдайларда сарапшыларға, мамандарға және куәларға көрсетіледі. Осыдан соң іске қатысушы адамдар түсініктемелер бере алады.

      334-бап. Азаматтардың жеке хат алысуын және телеграфтық
               хабарларын жария ету және зерттеу

      Азаматтардың жеке хат алысу және жеке телеграфтық хабар беру құпиясын қорғау мақсатында хат алысу мен телеграфтық хабарлар ашық сот отырысында тек хат алысқан немесе телеграфтық хабарлар алысқан адамдардың келісімімен ғана жария етілуі және зерттелуі мүмкін. Бұл адамдар келісім бермесе, олардың жеке хат алысулары мен жеке телеграфтық хабарлары жабық сот отырысында жария етіледі және зерттеледі. Осыдан соң іске қатысушы адамдар түсініктемелер бере алады.

      335-бап. Заттай дәлелдемелерді зерттеу

      1. Заттай дәлелдемелерді сот қарайды және олар - іске қатысушы адамдарға, өкілдерге, ал қажет болған жағдайларда сарапшыларға, мамандарға және куәларға көрсетіледі. Заттай дәлелдемелер көрсетілген адамдар қарап шығуға байланысты қандай да бір мән-жайларға сот назарын аудара алады. Бұл арыздар сот отырысының хаттамасына енгізіледі.
      2. Осы Кодекстің 116, 118, 142, 143-баптарында және 377-бабының 8) тармақшасында көзделген тәртіппен жасалған заттай дәлелдемелерді қарау хаттамалары сот отырысында жария етіледі, осыдан соң іске қатысушы адамдар түсініктемелер бере алады.

      336-бап. Орналасқан жерінде қарау

      1. Сотқа ұсынылуы қиын немесе жеткізуге болмайтын құжаттар мен заттай дәлелдемелер олар орналасқан жерде қаралады және зерттеледі. Орналасқан жерінде қарау туралы сот ұйғарым шығарады.
      2. Қарау уақытымен орны туралы іске қатысушы адамдарға, олардың өкілдеріне хабарланады, алайда олардың келмеуі қарауды жүргізуге кедергі келтірмейді. Қажет болған жағдайларда сарапшылар, мамандар және куәлар шақырылады.
      3. Қарау нәтижелері сот отырысының хаттамасына енгізіледі. Хаттамаға қарау кезінде жасалған немесе тексерілген жоспарлар, тәсімдер, сызбалар, есептеулер, құжаттардың көшірмелері, сондай-ақ қарау кезінде жасалған құжаттардың және заттай дәлелдемелердің фотосуреттері, бейнежазбалар мен киноматериалдар қоса тіркеледі.

      337-бап. Дыбыс жазбаларын жария ету, бейнежазбаларды,
               киноматериалдарды көрсету және оларды зерттеу

      1.Жеке сипаттағы дыбыс жазбаларын жария ету, бейнежазбаларды, киноматериалдарды көрсету кезінде, сондай-ақ оларды зерттеу кезінде осы Кодекстің 334-бабында көзделген ережелер қолданылады. Дыбыс жазбаны жария ету, бейнежазбаны, киноматериалдарды көрсету сот отырысы залында не осы мақсат үшін арнайы жабдықталған үй-жайда жүргізіледі, сот отырысының хаттамасында материалдың ерекше белгілері және жария ету уақыты көрсетіледі. Осыдан соң сот іске қатысушы адамдардың түсініктемелерін тыңдайды.
      2. Қажет болған жағдайда дыбыс жазбасын жария ету және бейнежазбаны, киноматериалдарды көрсету толығымен немесе олардың әлдеқандай бөліктері қайталануы мүмкін.
      3. Дыбыс және бейнежазбалардағы, киноматериалдардағы мәліметтерді анықтау мақсатында сот маманды іске тартуы, сондай-ақ сараптама тағайындауы мүмкін.

      338-бап. Сарапшы қорытындысын зерттеу

      1. Сарапшы қорытындысы сот отырысында жария етіледі. Қорытындыны түсіндіру және оны толықтыру мақсатында сарапшыға сұрақтар қойылуы мүмкін.
      2. Арызы бойынша сараптама тағайындалған адам және оның өкілі бірінші болып, ал содан соң - іске қатысушы басқа адамдар мен өкілдер сұрақтар қояды. Сот тағайындаған сараптама жүргізу тапсырылған сарапшыға бірінші болып талап қоюшы мен оның өкілі сұрақ қояды. Сот сарапшыға одан жауап алудың кез келген сәтінде сұрақтар қоюға құқылы.
      3. Осы Кодекстің 127-бабының бірінші бөлігінде көзделген жағдайларда сот қосымша сараптама тағайындай алады.
      4. Осы Кодекстің 127-бабының үшінші бөлігінде көзделген жағдайларда сот қайталама сараптама тағайындай алады.
      5. Қосымша сараптама тағайындау және жүргізу осы Кодекстің 127-бабының екінші және алтыншы бөліктерінде, қайталама сараптама - осы Кодекстің 127-бабының төртінші, бесінші, алтыншы бөліктерінде көзделген тәртіппен жүзеге асырылады.

      339-бап. Маманның консультациясы (түсіндірмесі)

      1. Арнайы зерттеулер жүргізу талап етілмейтін жағдайларда маман сотқа ауызша немесе жазбаша нысанда консультация (түсіндірме) береді.
      Маманның жазбаша нысанда берілген консультациясы сот отырысының (тиісті іс жүргізу әрекетінің) хаттамасына қосымша түрінде тіркеледі және сот отырысында жария етіледі. Ауызша консультация тікелей сот отырысының (іс жүргізу әрекетінің) хаттамасына енгізіледі.
      2. Консультацияны түсіндіру және толықтыру мақсатында маманға сұрақтар қойылуы мүмкін. Арызы бойынша маманды тартқан адам және оның өкілі бірінші болып, ал содан соң іске қатысушы басқа адамдар және өкілдер сұрақтар қояды. Сот шақырған маманға бірінші болып талап қоюшы және оның өкілі сұрақ қояды. Сот маманға кез келген сәтте сұрақ қоюға құқылы.

      340-бап. Дәлелдеменің жалғандығы туралы мәлімдеу

      1. Істегі дәлелдеменің жалған екені мәлімделген жағдайда осы дәлелдемені ұсынған адам соттан оны дәлелдемелер қатарынан алып тастап, істі өзге дәлелдемелердің негізінде шешуді өтіне алады.
      2. Дәлелдеменің жалғандығы туралы мәлімдеуді тексеру үшін сот сараптама тағайындай алады, сондай-ақ тараптарға өзге дәлелдемелер беруді ұсына алады.
      3. Егер ұсынған дәлелдемесі жалған деп танылған адамның іс-әрекетінде қылмыс белгілері болса, судья материалдарды бұл жөнінде прокурорға хабарлай отырып, қылмыстық іс қозғау туралы мәселені шешу үшін тиісті анықтау немесе алдын ала тергеу органына жібереді.

      341-бап. Мемлекеттік органдар мен жергілікті өзін-өзі
               басқару органдарының қорытындысы

       Осы Кодекстің 83-бабының негізінде сот іске қатысуға жіберген мемлекеттік органдардың және жергілікті өзін-өзі басқару органдарының қорытындысы сот отырысында жария етіледі. Сот, сондай-ақ іске қатысушы адамдар мен өкілдер қорытындыларды түсіндіру және толықтыру мақсатында осы органдардың уәкілетті өкілдеріне сұрақтар қоя алады.

      342-бап. Істі мәні бойынша қарауды аяқтау

      Барлық дәлелдемелер қаралғаннан кейін судья іске қатысушы адамдар мен өкілдерден олардың іс материалдарын әлденелермен толықтыруға ниеттерінің бар-жоғын анықтайды. Мұндай мәлімдеулер болмаған жағдайда төрағалық етуші істі зерттеу аяқталды деп жариялап, сот соттағы жарыссөздерге көшеді.

      343-бап. Сот жарыссөздері

      1. Сот жарыссөздері іске қатысушы адамдар мен өкілдердің сөздерінен тұрады.
      2. Алдымен талап қоюшы және оның өкілі, ал содан соң - жауапкер мен оның өкілі сөз сөйлейді. Басталып кеткен процесте даудың нысанасы бойынша дербес талаптар қойған үшінші тұлға мен оның өкілі тараптар мен олардың өкілдерінен кейін сөз сөйлейді. Даудың нысанасы бойынша өз бетінше талаптар қоймаған үшінші тұлға мен оның өкілі талап қоюшыдан немесе үшінші тұлға іске өзі қатысатын жақтағы жауапкерден кейін сөз сөйлейді.
      3. Прокурор, мемлекеттік органдардың және жергілікті өзін-өзі басқару органдарының, ұйымдардың өкілдері және басқа адамдардың құқықтарын, бостандықтарын және заңмен қорғалатын мүдделерін қорғау үшін сотқа жүгінген азаматтар сот жарыссөздерінде соңынан сөз сөйлейді.

      344-бап. Репликалар

      Жарыссөзге қатысушылардың барлығы сөз сөйлеп болған соң олар сөздерінде айтылғандарға байланысты екінші рет сөз сөйлей алады. Соңғы реплика құқығын үнемі жауапкер мен оның өкілі иеленеді.

      345-бап. Прокурордың қорытындысы

      Іс бойынша тарап болып табылмайтын және осы Кодекстің 105-бабының екінші бөлігінде көзделген тәртіппен процеске қатысушы прокурор сот жарыссөздерінен кейін жалпы істің мәні бойынша қорытынды береді.

      346-бап. Істі мәні бойынша қарауды қайта жалғастыру

      1. Егер олар бұл мән-жайлар мен дәлелдемелерді істің мәні бойынша қарау аяқталмай тұрып өз мәлімдемелерінде көрсетпесе, сот жарыссөздеріне қатысушылар өз сөздерінде сот анықтамаған мән-жайларға, сондай-ақ сот отырысында зерттелмеген дәлелдемелерге сілтеме жасауға құқығы жоқ.
      2. Егер сот сот жарыссөздері кезінде немесе одан кейін іс үшін маңызы бар жаңа мән-жайларды анықтау немесе жаңа дәлелдемелерді зерттеу қажет деп тапса, ол істі мәні бойынша қарауды қайта жалғастыру туралы ұйғарым шығарады. Істі мәні бойынша қарау аяқталғаннан кейін сот жарыссөзі жалпы тәртіппен жүргізіледі.

      347-бап. Соттың шешім шығару үшін кетуі

      Сот жарыссөздерінен кейін, ал осы Кодекстің 345-бабында көзделген жағдайда прокурор іс бойынша қорытынды бергеннен кейін сот шешім шығару үшін кеңесу бөлмесіне кетеді, төрағалық етуші, бұл туралы сот отырысы залында отырғандарға хабарлайды.

      348-бап. Шешімді жариялау

      1. Сот шешімге қол қойылғаннан кейін сот отырысы залына қайтып келіп, сот шешімін жариялайды. Мұнан соң шешімге шағымданудың тәртібі мен мерзімдері түсіндіріледі.
      2. Шешімнің шығарылған кезде судья іске қатысушы адамдарға және өкілдерге шешіммен қашан танысуға және оның көшірмесін алуға болатынын жариялауға міндетті.
      3. Осы баптың 1 және 2-бөліктерінде көзделген әрекеттер аяқталғаннан кейін төрағалық етуші сот отырысын жабық деп жариялайды.

22-тарау. Сайлауға, референдумдарға қатысушы азаматтар мен қоғамдық бірлестіктердің сайлау құқықтарын қорғау туралы талап арыздар бойынша іс жүргізу

      349-бап. Талап арыз беру

      Мемлекеттік органның, жергілікті өзін-өзі басқару органының, сайлау комиссиясының, лауазымды адамдардың шешімімен, әрекетімен (немесе әрекетсіздігімен) сайлау немесе сайлану, сайлауға, референдумға қатысу құқығы бұзылды деп санайтын азамат, қоғамдық бірлестік, сайлау комиссиясының мүшесі осы Кодекс пен басқа да заңдарда белгіленген соттылыққа жататын іс бойынша талап арызбен сотқа жүгінуге құқылы.

      350-бап. Талап арызды қарау

      1. Сайлауға әзірлік және оны өткізу кезеңінде, сондай-ақ дауыс беру күнінен бастап бір ай ішінде түскен талап арыз оның берілген күнінен бастап бес күн мерзімде, ал дауыс беру күнінен бес күн бұрын, дауыс беру күні және сайлау қорытындылары жарияланғанға дейін түскен талап арыз дереу қаралуға тиіс.
      Сайлаушылардың (таңдаушылардың) тізімдеріндегі түзетулер қажеттігі туралы сайлау комиссиясының шешіміне шағым жасау туралы талап арыз келіп түскен күні қаралуға тиіс.
      2. Талап арызды сот талап арыз берушінің, тиісті сайлау комиссиясы немесе мемлекеттік орган, жергілікті өзін-өзі басқару органы өкілінің қатысуымен қарайды. Сот отырысының өткізілетін уақытымен орны туралы тиісті түрде хабарланған аталған адамдардың сотқа келмеуі істің қаралуы мен шешілуіне кедергі болмайды.

      351-бап. Соттың шешімі және оның орындалуы

      1. Талап арыз негізді деп танылған сот шешімі бұзылған сайлау құқығын қалпына келтіру үшін негіз болып табылады.
      2. Сот шешімі дереу заңды күшіне енеді және ол апелляциялық немесе кассациялық шағымдануға жатпайды. Ол тиісті мемлекеттік органға, жергілікті өзін-өзі басқару органына немесе сайлау комиссиясының төрағасына жіберіледі. Сот шешімінің орындалмауына кінәлі лауазымды адамдар заңда белгіленген тәртіппен жауапкершілікте болады.

23-тарау. Жергілікті атқарушы органдардың азаматтардың алқаби ретінде қылмыстық сот ісін жүргізуге қатысу құқықтарын бұзатын шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) дау айту жөніндегі талап арыздар бойынша іс жүргізу

      352-бап. Талап арыз беру

      1. Жергілікті атқарушы органның шешімімен, әрекетімен (әрекетсіздігімен) алқаби ретінде қылмыстық сот ісін жүргізуге қатысу үшін іріктеу рәсіміне қатысуда азаматтың құқығы бұзылып отыр деп есептеген азамат соттылық бойынша сотқа талап арыз беріп жүгінуге құқылы.
      2. Талап арызды Қазақстан Республикасының алқабилер туралы заңнамасына сәйкес, алқабиге кандидаттардың алдын ала тізімімен азаматтарды таныстыру мерзімі аяқталған кезден бастап жеті күн мерзім ішінде сотқа беруге болады.

      353-бап. Талап арызды қарау

      1. Әкімшілік даулар туралы істерді қарауға уәкілетті судьяға келіп түскен талап арыз - екі күн мерзімде қаралуға тиіс.
      2. Сот талап арыз иесінің, тиісті жергілікті атқарушы орган өкілінің қатысуымен қарайды. Сот отырысының уақыты мен орны туралы тиісінше хабардар етілген, аталған адамдардың сотқа келмей қалуы істі қарау және шешу үшін кедергі болып табылмайды.

      354-бап. Талап арыз бойынша сот шешімі және оның
               орындалуы

      1. Қылмыстық сот ісін жүргізуге алқаби ретінде қатысу үшін іріктеу рәсіміне қатысуға азаматтың құқығы бұзылуын анықтаған сот шешімі алқабиге кандидаттардың алдын ала тізімдеріне түзетулер енгізу үшін негіз болып табылады.
      2. Сот шешімі тиісті жергілікті атқарушы органға жіберіледі. Сот шешімінің орындалмауына кінәлі лауазымды адамдар заңда белгіленген жауаптылықта болады.

24-тарау. Мемлекеттік билік, жергілікті өзін-өзі басқару органдарының, лауазымды адамдар мен мемлекеттік қызметшілердің шешімдері мен әрекеттеріне (немесе әрекетсіздігіне) дау айту туралы іс бойынша іс жүргізу

      355-бап. Талап арыз беру

      1. Азамат және заңды тұлға мемлекеттік органның, жергілікті өзін-өзі басқару органының, лауазымды адамның, мемлекеттік қызметшінің шешіміне, әрекетіне (немесе әрекетсіздігіне) тікелей сотта дау айтуға құқылы. Жоғары тұрған органдар мен ұйымдарға, лауазымды адамға алдын ала жүгіну сотқа арыз беруге және соттың оны мәні бойынша қарауға қабылдауына және шешуіне міндетті шарт болып табылмайды. Мемлекеттік органның, жергілікті өзін-өзі басқару органның әрекетсіздігі жағдайында талап арызда мемлекеттік органға, жергілікті өзін-өзі басқару органына бұрынғы арыз және олардың шешімі немесе әрекеті үшін көзделген мерзімнің аяқталуы көрсетіледі.
      2. Талап арыз сотқа осы Кодексте белгіленген соттылық ережелері бойынша беріледі. Аудандық соттардың сотта іс қарауына жатқызылған талап арыздар азаматтың тұрғылықты жеріндегі сотқа не әрекетіне дау айтылып отырған мемлекеттік органның, жергілікті өзін-өзі басқару органының, лауазымды адамның, мемлекеттік қызметшінің орналасқан жеріндегі сотқа беріледі.
      3. Талап арыз берушінің мемлекеттік құпия болып табылатын мәліметтер туралы хабардар болуының негізі бойынша Қазақстан Республикасынан шетелге кетуіне рұқсат беруден бас тартуға тиісті аудандық және кету туралы өтінішті қанағаттандырмау жөнінде шешім қабылданған жердегі соған теңестірілген сотта дау айтылады.

      356-бап. Мемлекеттік органдардың, жергілікті өзін-өзі
               басқару органдарының, лауазымды адамдардың,
               мемлекеттік қызметшілердің сот арқылы дау айтуға
               жататын шешімдері, әрекеті (немесе
               әрекетсіздігі)

      1. Мемлекеттік органдардың, жергілікті өзін-өзі басқару органдарының, лауазымды адамдардың, мемлекеттік қызметшілердің сотта дау айтылатын шешімдеріне, әрекеттеріне (немесе әрекетсіздігіне):
      1) мемлекеттік органдар немесе жергілікті өзін-өзі басқару органдары шығарған құқықтық актілер;
      2) азаматтың немесе заңды тұлғаның тиісті арызынан кейін мемлекеттік органның немесе жергілікті өзін-өзі басқару органының құқықтық актіні шығарудан бас тартуы немесе әрекетсіздігі;
      3) мемлекеттік органдардың, жергілікті өзін-өзі басқару органдарының, лауазымды адамдардың, мемлекеттік қызметшілердің азаматтың немесе заңды тұлғаның құқықтарын не бостандықтарын бұзатын, соның ішінде қандай да болсын міндеттерді заңсыз міндеттейтін не олар жауаптылыққа заңсыз тартылған заңсыз іс-әрекеттер (әрекетсіздік) жатады.
      2. Сотта осы тарауға сәйкес тексеру Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесінің айрықша құзыретіне жататын нормативтік құқықтық актілерге дау айтылмайды.

      357-бап. Сотқа талап арызбен жүгінуге арналған мерзім

      1. Азамат және заңды тұлға өз құқықтарының, бостандықтарының және заңмен қорғалатын мүдделерінің бұзылғаны туралы өздеріне мәлім болған күннен бастап үш ай ішінде сотқа талап арызбен жүгінуге құқылы.
      2. Талап арыз беріп жүгінуге арналған үш айлық мерзімді өткізіп алу соттың талап арызды қабылдаудан бас тартуына негіз болып табылмайды. Мерзімді өткізіп алу себептері сот отырысында талап арызды мәні бойынша қарау кезінде анықталады және талап арыздың қанағаттандырылуынан бас тарту негіздемелерінің бірі болуы мүмкін.

      358-бап. Талап арызды қарау

      1. Талап арызды сот бір ай мерзім ішінде азаматтың, заңды тұлға өкілінің шешімдері мен әрекеттеріне дау айтылып отырған мемлекеттік орган, жергілікті өзін-өзі басқару органы басшысының, лауазымды адамның немесе мемлекеттік қызметшінің қатысуымен қарайды.
      2. Сот отырысының өткізілетін орны мен уақыты туралы тиісті түрде хабарланған жоғарыда аталған адамдардың қайсыбірінің сот отырысына келмей қалуы талап арыздың қаралуына кедергі болмайды. Алайда сот аталған адамдардың сот отырысына келуін міндетті деп табуы мүмкін.
      3. Талап арыз берушінің арызы бойынша сот, егер құқықтық актінің орындалуы талап арыз беруші үшін бұлтартпас салдарларға әкелетін болса, мемлекеттік органның, жергілікті өзін-өзі басқару органының құқықтық акт қолданысын тоқтата тұруы туралы ұйғарымды қабылдай алады.
      4. Талап арызды қараған кезде сот өзінің бастамасы бойынша куәдан жауап алады, сарапшыларды тарта алады немесе тараптардан қосымша мәліметтерді талап ете алады.
      5. Құқықтық актінің заңдылығы мен негізділігін дәлелдеу ауыртпалығы жауапкерге жүктеледі.

      359-бап. Соттың шешімі және оның орындалуы

      1. Сот талап арызды орынды деп танып, тиісті мемлекеттік органның, жергілікті өзін-өзі басқару органының, қоғамдық бірлестіктің, ұйымның, лауазымды адамның немесе мемлекеттік қызметшінің азаматтың және заңды тұлғаның құқықтары мен бостандықтарын, және заңмен қорғалатын мүдделерін бұзуға жол берілген бұрмалаушылықты толық көлемінде жоюға міндеттілігі туралы шешім шығарады.
      2. Егер сот дау айтылған шешімдер мен әрекеттер заңдарға сәйкес, мемлекеттік органның, жергілікті өзін-өзі басқару органының, лауазымды адамның немесе мемлекеттік қызметшінің өкілеттігі шегінде шығарылып жасалғанын және азаматтың және заңды тұлғаның құқықтары, бостандықтары және заңмен қорғалатын мүдделері бұзылмағанын анықтаса, талап арызды қанағаттандырудан бас тартады.
      3. Соттың шешімі жол берілген заң бұзушылықтарды жою үшін шешімдері мен әрекеттеріне дау айтылған мемлекеттік органның, жергілікті өзін-өзі басқару органының басшысына, лауазымды адамға, мемлекеттік қызметшіге не бағыныстылығы бойынша жоғары тұрған органға, ұйымға немесе лауазымды адамға сот шешімі заңды күшіне енгеннен кейін үш күн ішінде жіберіледі.
      4. Шешімнің орындалғаны туралы сотқа, азаматқа немесе заңды тұлғаға сот шешімі алынған күннен бастап бір ай мерзімнен кешіктірілмей хабарлануға тиіс. Сот шешімінің орындалмағаны үшін кінәлі лауазымды адамдар заңда көзделген жауаптылықта болады.

25-тарау. Нормативтік құқықтық актілердің заңдылығын даулау туралы іс бойынша іс жүргізу

      360-бап. Талап арыз беру

      1. Нормативтік құқықтық актінің күші қолданылатын мемлекеттік органның немесе лауазымды адамның заңда көзделген тәртіппен қабылданып, жарияланған нормативтік құқықтық актімен азаматтардың немесе заңды тұлғалардың Қазақстан Республикасының Конституциясында, заңдарында және Қазақстан Республикасы Президентінің жарлықтарында кепілдік берілген құқықтары және заңмен қорғалған мүдделері бұзылып отыр деп санайтын азамат немесе заңды тұлға бұл актіні заңға толық немесе жекелеген бөлігінде қайшы келеді деп тану туралы талап арызбен сотқа жүгінуге құқылы.
      2. Тексерілуі Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесінің құзыретіне жатқызылған нормативтік құқықтық актілердің заңдылығына дау айту туралы талап арыздар сотта қаралуға тиісті емес.
      3. Талап арыз осы Кодекстің 3-тарауында белгіленген сотта қаралуға жататын іс бойынша беріледі.
      4. Азаматтың және заңды тұлғаның талап арызы осы кодексте көзделген талаптарға сай келуге және онда нормативтік құқықтық актіні қабылдаған мемлекеттік органның атауы немесе лауазымды адам, оның қабылданған күні туралы қосымша деректер болып, осы акт немесе оның жекелеген ережелері арқылы азаматтың және заңды тұлғаның нақты қандай құқықтары, бостандықтары және заңмен қорғалатын мүдделері бұзылып отырғаны, дау туғызып отырған актінің Қазақстан Республикасы Конституциясының қандай баптарына, заңдардың, Қазақстан Республикасы Президенті жарлықтарының қандай ережелеріне қайшы келетіндігі көрсетілуге тиіс.
      5. Талап арызға дау айтылып отырған актінің немесе оның бір бөлігінің көшірмесі қоса тіркеліп, нормативтік құқықтық актіні қандай бұқаралық ақпарат органы және оны қашан жарияланғаны көрсетіледі.
      6. Сотқа талап арыз беру нормативтік құқықтық актінің қолданылуын тоқтатпайды.

      361-бап. Талап арызды қарау

      1. Сотқа талап арызбен жүгінген азаматқа немесе заңды тұлғаға, сондай-ақ нормативтік құқықтық актіні қабылдаған мемлекеттік органға (лауазымды адамға) сот отырысының өткізілетін уақыты мен орны туралы хабарланады.
      2. Іс арыз берілген күннен бастап он күн мерзімде азаматтың немесе заңды тұлға өкілінің, прокурордың, нормативтік құқықтық актіні қабылдаған мемлекеттік орган немесе лауазымды адам өкілінің міндетті түрде қатысуымен қаралады. Алайда істің мән-жайларына байланысты сот істі сот отырысына келмеген кейбір мүдделі адамдар болмаған жағдайда да тыңдай алады.
      3. Сот отырысында сот нормативтік құқықтық актіні қабылдаған мемлекеттік органның немесе лауазымды адамның құзыреттілігін, бүкіл нормативтік құқықтық актінің немесе оның жекелеген бөлігінің Қазақстан Республикасының Конституциясына, заңдарға және Қазақстан Республикасы Президентінің жарлықтарына сәйкестігін тексереді.
      4. Нормативтік құқықтық актіні заңға қайшы деп тану туралы талап арызды қараған кезде аталған актіні қабылдауға негіз болған мән-жайларды дәлелдеу міндетті актіні қабылдаған мемлекеттік органға немесе лауазымды адамға жүктеледі.

      362-бап. Соттың талап арыз бойынша шешімі

      1. Сот талап арызды негізсіз деп тани келіп, оны қанағаттандырудан бас тарту жөнінде шешім шығарады.
      2. Сот талап арыз негізді болған жағдайда өз шешімінде нормативтік құқықтық актіні толық немесе оның жекелеген бөліктерін акт қабылданған кезден бастап жарамсыз деп таниды, бұл туралы шешімнің қарар бөлігінде көрсетіледі.
      3. Сот талап арыз қанағаттандырылған жағдайда шешімнің қарар бөлігінде бұқаралық ақпарат құралдарының редакциясы, егер жарамсыз деп танылған нормативтік құқықтық акт бұрын сол бұқаралық ақпарат құралында жарияланса, сот шешімі туралы сот белгілеген мерзімде хабарлама жариялауға міндетті екенін көрсетеді.
      4. Нормативтік құқықтық акті тұтастай немесе оның жекелеген  бөлігін жарамсыз деп таныған сот шешімі осы актіні қабылдаған мемлекеттік орган немесе лауазымды адам үшін, дау айтылған нормативтік құқықтық актінің күші құқықтары мен бостандықтарына қолданылған азамат және белгісіз адамдар тобы үшін міндетті болып есептеледі. Оның преюдициялық күші бар және нормативтік құқықтық актінің заңдылығы туралы басқа азаматтар оның сот тексеруінің объектісі болмайтын бөлігінде ғана қайтадан дауласа алады.

26-тарау. Прокурордың органдар мен лауазымды адамдардың актілері мен іс-әрекеттерін заңсыз деп тану туралы жүгінуі

      363-бап. Наразылықтың қабылданбауына байланысты
               прокурордың жүгінуі

      1. Заңға сәйкес келмейтін нормативтік құқықтық актіге және (немесе) жеке қолданылатын құқықтық актіге, сондай-ақ мемлекеттік органның немесе лауазымды адамның іс-әрекетіне прокурордың наразылығын заңсыз акт шығарған немесе заңсыз іс-әрекет жасаған орган немесе лауазымды адам не жоғары тұрған орган немесе лауазымды адам қабылдамаған жағдайда, прокурор наразылық келтірілген актіні немесе іс-әрекетті заңсыз деп тану туралы арызбен сотқа жүгінеді. Сотқа арыз наразылықты қарау нәтижелері туралы хабарлама алынған кезден бастап он күн мерзімде немесе оны қараудың заңда белгіленген мерзімі өткеннен кейін беріледі.
      2. Прокурордың сотқа жүгінуі наразылық келтірілген актінің күшін сот қарағанға дейін тоқтата тұрады.

      364-бап. Прокурордың арызын сотта қарау

      1. Сот прокурордың арызын он күн мерзімде қарайды.
      2. Прокурордың арызы оның қатысуымен және наразылықты қабылдамау туралы шешім шығарған органның, лауазымды адамның немесе оның өкілінің қатысуымен қаралады.
      3. Сот отырысына наразылықты қабылдамау туралы шешім шығарған орган басшысының, лауазымды адамның немесе оның өкілінің келмеуі прокурордың арызын қарауға кедергі бола алмайды, алайда сот бұл адамның келуі міндетті деп тануы мүмкін.

      365-бап. Прокурордың арызы бойынша соттың шешімі

      1. Сот прокурор арызының негізді екендігін анықтай отырып, өтінішті қанағаттандыру және нормативтік құқықтық актіні, жеке қолданылатын құқықтық актіні немесе іс-әрекетті заңсыз деп тану туралы шешім шығарады.
      2. Егер сот наразылық келтірілген актіні немесе іс-әрекетті заңға және органның немесе лауазымды адамның өкілеттігіне сәйкес деп таныса, ол арызды қанағаттандырудан бас тарту туралы шешім шығарады.

27-тарау. Заңды тұлғаның, заңды тұлға құрмай-ақ жеке кәсіпкердің қызметін тоқтата тұру немесе тоқтату, лицензиясын кері қайтарып алу бойынша іс жүргізу

      366-бап. Талап арыз беру негіздері

      1. Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде көзделген негіздер бойынша уәкілетті мемлекеттік орган заңды тұлғаның немесе заңды тұлға құрмай-ақ жеке кәсіпкердің қызметін тоқтата тұру немесе тоқтату немесе лицензияланатын қызмет түрлерін жүзеге асыратын адамның лицензиясын кері қайтару туралы сотқа талап арыз беруге құқылы.
      2. Заңды тұлғалар мен жеке кәсіпкерлердің банкроттығы туралы істер Қазақстан Республикасы Азаматтық іс жүргізу кодексінің 35-тарауында көзделген тәртіпте қаралады.
      Азаматтық заңнамада көзделген негіздер бойынша заңды тұлғаларды тарату туралы істер азаматтық іс жүргізу заңында көзделген талап қою бойынша іс жүргізу тәртібінде қаралады.
      Ескерту. Осы тарауда уәкілетті мемлекеттік орган деп, заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеуді жүзеге асыратын мемлекеттік орган; заңды тұлғаны құрмай-ақ жеке кәсіпкерлердің есептік тіркеуін жүзеге асыратын мемлекеттік орган; заңды тұлғаның немесе заңды тұлға құрмай-ақ жеке кәсіпкердің қызметін лицензиялауды жүзеге асыратын мемлекеттік орган ұғынылады.

      367-бап. Талап арыздардың соттылығы

      Заңды тұлғаның, заңды тұлға құрмай-ақ жеке кәсіпкердің қызметін тоқтата тұру немесе тоқтату, лицензиясын кері қайтарып алу туралы талап арыз заңды тұлғаның, заңды тұлға құрмай-ақ жеке кәсіпкердің орналасқан жері бойынша сотқа берілуі мүмкін

      368-бап. Талап арыз беру мерзімі

      1. Заңды тұлғаның, заңды тұлға құрмай-ақ жеке кәсіпкердің қызметін тоқтата тұру немесе тоқтату, лицензиясын кері қайтарып алу туралы талап арызды уәкілетті орган оны ұсыну үшін негіздерді белгіленген күннен үш айдан кешіктірмей берілуі мүмкін.
      2. Уәкілетті органның талап арызды беру мерзімін өткізіп алуы талап арызды қабылдаудан бас тарту және егер де әкімшілік талапты ұсыну үшін негіздер болса, оны қанағаттандырудан бас тарту үшін негіз болып табылмайды.

      369-бап. Талап арызды қарау

      1. Талап арыз талапкердің және жауапкердің немесе олардың өкілдерінің қатысуымен бір ай мерзімде қаралады.
      2. Осы баптың 1-бөлігінде аталған, сот отырысының уақыты мен орны туралы тиісінше хабарланған адамдардың сот отырысына келмеуі талап арызды қарауға кедергі болып табылмайды. Алайда сот аталған адамдардың сот отырысына келуі міндетті деп тануы мүмкін.
      3. Талап арызды қарау кезінде заңнамалық актілерде көзделген заңды тұлғаның, заңды тұлға құрмай-ақ жеке кәсіпкердің қызметін тоқтата тұру немесе тоқтату, лицензиясын кері қайтарып алу үшін негіздердің болуын дәлелдеу міндеті талапкерге жүктеледі.

      370-бап. Сот шешімі және оны орындау

      1. Сот талап арызды негізделген деп танып, заңды тұлғаның, заңды тұлға құрмай-ақ жеке кәсіпкердің қызметін тоқтата тұру немесе тоқтату, лицензиясын кері қайтарып алу туралы шешім шығарады.
      2. Заңды тұлға құрмай-ақ заңды тұлғаның немесе жеке кәсіпкердің қызметін тоқтата тұру туралы сот шешімінің қарар бөлігінде:
      1) заңды тұлғаның немесе заңды тұлға құрмай-ақ жеке кәсіпкердің толық атауы;
      2) заңды тұлғаның немесе заңды тұлға құрмай-ақ жеке кәсіпкердің тіркелу күні;
      3) заңды тұлғаның немесе заңды тұлға құрмай-ақ жеке кәсіпкердің қызметі тоқтатылған күнтізбелік кезең көрсетілуге тиіс.
      3. Заңды тұлғаның немесе заңды тұлға құрмай-ақ жеке кәсіпкердің қызметін тоқтату туралы сот шешімінің қарар бөлігінде:
      1) заңды тұлғаның немесе заңды тұлға құрмай-ақ жеке кәсіпкердің толық атауы;
      2) заңды тұлғаның немесе заңды тұлға құрмай-ақ жеке кәсіпкердің тіркелу күні;
      3) заңды тұлғаның немесе заңды тұлға құрмай-ақ жеке кәсіпкердің қызметін тоқтатқан күні;
      4) заңды тұлғаның немесе заңды тұлға құрмай-ақ жеке кәсіпкердің айналысуға құқы жоқ қызметтің түрі көрсетілуге тиіс.
      4. Лицензияны кері қайтарып алу туралы сот шешімінің қарар бөлігінде:
      1) лицензиаттың атауы;
      2) лицензиардың толық атауы;
      3) лицензияның берілген күні;
      4) іске асырылуына лицензия берілген қызметтің түрлері;
      5) лицензиясы кері қайтарып алынатын (лицензияның қолданысы тоқтатылатын) қызметтің түрі (түрлері) көрсетілуге тиіс.
      5. Заңды күшіне енген сот шешімінің көшірмесі он күн ішінде сот шешімін орындауға және сот шешімін орындағаны туралы шешім шығарған сотқа хабарлауға міндетті уәкілетті мемлекеттік органға жіберілуге тиіс.

2 кіші бөлім. Сот актілерін қайта қарау бойынша іс жүргізу 28-тарау. Сот актілеріне апелляциялық шағымдану, наразылық келтіру

      371-бап. Сот шешімдеріне апелляциялық шағым беру мен
               наразылық келтіру құқығы

      1. Осы тарауда көзделген ережелерге сәйкес заңды күшіне енбеген сот шешімдеріне апелляциялық тәртіппен шағым жасалуы мүмкін.
      2. Қазақстан Республикасының Жоғарғы Сотының шешімдерінен басқа, бірінші сатыдағы сот шешімдеріне апелляциялық шағым жасау құқығы іске қатысушы тараптар мен басқа да адамдарға тиесілі.
      3. Наразылық келтіру құқығы істі қарауға қатысушы прокурорға тиесілі. Қазақстан Республикасының Бас Прокуроры мен оның орынбасарлары, облыс прокурорлары және оларға теңестірілген прокурорлар мен олардың орынбасарлары, аудандардың прокурорлары және оларға теңестірілген прокурорлар мен олардың орынбасарлары өздерінің құзыреті шегінде істі қарауға қатысуына қарамастан, сот шешіміне наразылық келтіруге құқылы.
      4. Іске қатысуға тартылмаған, бірақ сот құқықтары мен міндеттері жөнінде шешім қабылдаған тұлғалар адамдар да апелляциялық шағым беруге құқылы.

      372-бап. Заңды күшіне енбеген шешімдерге апелляциялық
               шағымдарды, наразылықтарды қарайтын соттар

      Апелляциялық шағымдар мен наразылықтарды облыстық және оларға теңестірілген соттың апелляциялық сот алқасы қарайды.

      373-бап. Апелляциялық шағымдар, наразылықтар беру
               (келтіру) тәртібі мен мерзімдері

      1. Шағымдар, наразылықтар шешім, қаулы шығарған сот арқылы беріледі (келтіріледі). Тікелей апелляциялық сатыларға келіп түскен шағымдар, наразылықтар осы Кодекстің осы бабы екінші бөлігінің және 377-бабының талаптарын орындау үшін шешім шығарған сотқа жіберілуге тиіс.
      2. Шағымдар, наразылықтар іске қатысушы адамдардың санына қарай көшірмелермен қоса сотқа беріледі (келтіріледі). Қажет болған жағдайларда судья апелляциялық шағымды немесе наразылықты берген адамды апелляциялық шағымға немесе наразылыққа қоса тіркелген жазбаша айғақтардың іске қатысушы адамдар санына қарай көшірмелерін беруге міндеттей алады.
      3. Шағым, наразылық сот түпкілікті түрде шығарған шешімді тарап алғаннан кейін он бес күн ішінде берілуі (келтірілуі) мүмкін.
      4. Істі қайта қарау кезінде шығарылған шешімге жалпы тәртіппен шағым жасалуы, наразылық келтірілуі мүмкін.

      374-бап. Апелляциялық шағымның немесе наразылықтың
               мазмұны

      1. Апелляциялық шағымда немесе наразылықта:
      1) шағым немесе наразылық жолданатын соттың атауы;
      2) шағым жасайтын немесе наразылық келтіретін адамның атауы;
      3) шағым жасалатын немесе наразылық келтірілетін шешім және сол шешімді шығарған соттың атауы;
      4) істі қараудың дұрыс еместігі неде екендігін көрсету;
      5) заңдарға, өзге де нормативтік құқықтық актілерге және іс материалдарына сілтеме жасай отырып, шешімнің заңсыздығы немесе негізсіздігі неде екендігінің негіздемесі;
      6) шағым жасайтын немесе наразылық келтіретін адамның шағымды немесе наразылықты толық немесе бөлігінде келтіретінін және қандай өзгерістер енгізуді талап ететіндігін көрсету;
      7) шағымға немесе наразылыққа қоса берілген құжаттардың тізімі;        8) шағымды, наразылықты беру (келтіру) күні және шағым, наразылық беретін (келтіретін) адамның қолы болуы тиіс. Өкіл берген шағымға сенімхат немесе іске осындай өкілеттік болмаса, өкілдің өкілеттігін растайтын өзге де құжат қоса тіркелуге тиіс.
      2. Апелляциялық шағымда немесе наразылықта айғақтарына апелляциялық шағым немесе наразылық бойынша дау айтылатын куәларды шақыру туралы өтінімнің де болуы мүмкін.
      3. Апелляциялық шағым, наразылық беретін (келтіретін) тұлғаның бірінші сатыдағы сотқа табыс етілмеген жаңа айғақтарға сілтеме жасауына тек шағымында олардың бірінші сатыдағы сотқа оларды табыс етуге мүмкіндігі болмауы негізделген жағдайда ғана жол беріледі.

      375-бап. Апелляциялық шағымды немесе наразылықты
               қозғалыссыз қалдыру

      1. Осы Кодекстің 373-бабының екінші бөлігінде және 374-бабында көзделген талаптарға сәйкес келмейтін апелляциялық шағым немесе наразылық берілген (келтірілген) кезде судья қаулы шығарады, сол арқылы шағымды немесе наразылықты қозғалыссыз қалдырады және шағым немесе наразылық берген (келтірген) адамға кемшіліктерді түзетуге мерзім тағайындайды.
      2. Егер шағым немесе наразылық берген (келтірген) адам белгіленген мерзімде қаулыдағы нұсқауларды орындаса, шағым немесе наразылық сотқа алғашқы табыс етілген күнінде берілген болып есептеледі. Апелляциялық шағымды немесе наразылықты қозғалыссыз қалдыру туралы бірінші сатыдағы соттың қаулысына жеке шағым, наразылық берілуі мүмкін.

      376-бап. Апелляциялық шағымды немесе наразылықты қайтару

      Апелляциялық шағым немесе наразылық судьяның қаулысымен оларды берген (келтірген) адамға мына жағдайларда:
      1) шағымды, наразылықты қозғалыссыз қалдыру туралы судьяның қаулыдағы нұсқаулары белгіленген мерзімде орындалмағанда;
      2) шағымды немесе наразылықты берген (келтірген) адамның өтініші бойынша;
      3) егер шағымдану немесе наразылық келтіру мерзімі өтіп кетсе және шағымда немесе наразылықта оны қалпына келтіру туралы өтінім болмаса немесе оны қалпына келтіруден бас тартылған жағдайда;
      4) егер шағымды немесе наразылықты апелляциялық шағым немесе наразылық беруге (келтіруге) құқығы жоқ адам берсе (келтірсе) қайтарылады.

      377-бап. Бірінші сатыдағы соттың апелляциялық шағымды, наразылықты алғаннан кейінгі әрекеті

      1. Мерзімінде берілген және осы Кодекстің 373-бабының екінші бөлігінің және 374-бабының талаптарына сәйкес келетін апелляциялық шағымды немесе наразылықты алғаннан кейін судья:
      1) шағымның, наразылықтың және оған қоса тіркелген жазбаша дәлелдемелердің көшірмелерін келесі күннен кешіктірмей іске қатысушы адамдарға жіберуге;
      2) шағымдануға, наразылық келтіруге белгіленген мерзім өткеннен кейін істі апелляциялық сатыға жіберуге;
      3) іске қатысушы адамдарды істі апелляциялық сатыда қараудың орны мен уақыты туралы тиісінше хабардар етуге міндетті. Істің апелляциялық сатыда қаралатын күні туралы хабар іс апелляциялық сатыдағы сотта зерделенетіндей, ал іске қатысушы адамдар апелляциялық сатыдағы сот отырысына қатысу құқығын пайдаланудың нақты мүмкіндігіне ие болатындай есеппен берілуге тиіс.
      2. Апелляциялық шағымдануға, наразылық келтіруге белгіленген мерзім өткенге дейін істі соттан ешкім талап ете алмайды. Іске қатысушы адамдар сотта іс материалдарымен, сондай-ақ келіп түскен шағымдармен және оларға білдірілген қарсылықтармен танысуға құқылы.

      378-бап. Апелляциялық шағымға қосылу

      Апелляциялық шағымды берген адаммен процесте бір жақта болған бірге қатысушылар мен үшінші тұлғалар берілген шағымға жазбаша арыз беру жолымен қосылуға құқылы.

      379-бап. Апелляциялық шағымға немесе наразылыққа қарсылық

      1. Іске қатысушы адамдар осы қарсылықты растайтын құжаттарды қоса бере отырып, апелляциялық шағымға немесе наразылыққа жазбаша түрде қарсылық білдіруге құқылы.
      2. Қарсылық пен оған қоса берілген құжаттар іске қатысушы адамдардың санына қарай көшірмелерімен бірге берілуге тиіс.

      380-бап. Апелляциялық шағымнан бас тарту және наразылықты
               кері қайтарып алу

      1. Апелляциялық шағым берген адам сот қаулы шығарғанға дейін одан апелляциялық сатыдағы сотта бас тартуға құқылы. Апелляциялық наразылық келтірген прокурор немесе жоғары тұрған прокурор апелляциялық сатыдағы сот қаулы шығарғанға дейін наразылықты кері қайтарып алуға құқылы. Наразылықтың кері қайтарылып алынғаны туралы сот іске қатысушы адамдарға хабарлайды.
      2. Егер шешімге басқа адамдар шағым жасамаса немесе жоғары тұрған прокурор наразылық келтірмесе, сот шағымнан бас тартуды және наразылықты қайтарып алуды қабылдау туралы апелляциялық іс жүргізуді қысқартатын қаулы шығарады.

      381-бап. Талап қоюшының талап қоюдан бас тартуы және тараптардың бітімгершілік келісімі

      1. Талап қоюшының талап қоюдан бас тартуы немесе тараптардың апелляциялық шағым берілгеннен кейін жасалған бітімгершілік келісімі апелляциялық сатыдағы сотқа жолданған жазбаша арыздарда көрсетілуге тиіс.
      2. Тиісінше талап қоюшының немесе тараптардың арыздары және талаптан бас тартуды қабылдау немесе қабылдамау, бітімгершілік келісімін бекіту немесе бекітпеу салдары сот отырысының хаттамасына енгізіледі және тиісінше талап қоюшы, жауапкер немесе екі тарап та қол қояды. Егер талап қоюдан бас тартуы, талапты жауапкердің мойындауы немесе тараптардың бітімгершілік келісімі сотқа жіберілген жазбаша өтініштерде білдірілсе, бұл өтініштер іске тіркеледі, ол туралы сот отырысының хаттамасында көрсетіледі. Талап қоюшының талап қоюдан бас тартуын қабылдау немесе тараптардың бітімгершілік келісімін бекіту кезінде апелляциялық саты бірінші сатыдағы шешімнің күшін жояды және осы іс жүргізуді қысқартады.

      382-бап. Шешімнің, қаулының орындалуын тоқтата тұру

      Апелляциялық сатыдағы судьяның апелляциялық шағым берген немесе наразылық келтірген адамның өтініші бойынша бірінші сатыда қабылданған шешімнің орындалуын тоқтата тұруға құқығы бар.

      383-бап. Бірінші сатыдағы сот ұйғарымына (қаулысына)
               шағым беру, наразылық келтіру

      1. Осы Кодексте көзделген жағдайларда, сондай-ақ сот ұйғарымы (қаулысы) істің әрі қарай ілгерілеу мүмкіндігіне бөгет болатын жағдайларда бірінші сатыдағы соттың ұйғарымына (қаулысына) осы Кодекстің 371-бабында аталған адамдар жеке шағым, наразылық беруі (келтіруі) мүмкін. Егер ұйғарым (қаулы) іске қатыспайтын адамдардың мүдделеріне қатысты болса, олар да сот ұйғарымына (қаулысына) шағым жасауға құқылы.
      Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының істі бірінші сатыдағы сот ретінде қараған кезде шығарған ұйғарымдары апелляциялық тәртіппен шағымдануға, наразылық келтіруге жатпайды және олар жария етілген күнінен бастап күшіне енеді.
      2. Бірінші сатыдағы соттың қалған ұйғарымдарына (қаулыларына) жеке шағымдар мен наразылықтар берілмейді, бірақ бұл ұйғарымдарға (қаулыларға) қарсылықтар апелляциялық шағымға немесе наразылыққа енгізілуі мүмкін.
      3. Шешім шығарумен аяқталған сот қарауы кезінде шығарылған ұйғарымға (қаулыға) шағым жасалып, наразылық келтірілген жағдайда іс жоғары тұрған сот сатысына шешімге шағым беруге белгіленген мерзім өткенде ғана жіберіледі. Бұл орайда шешімге апелляциялық шағым жасалып, наразылық келтірілсе, жеке шағымды, наразылықты тексеру істі апелляциялық тәртіппен қарайтын сот сатысында жүргізіледі.
      4. Бірінші саты бойынша істерді қарау кезінде аудандық немесе облыстық және оларға теңестірілген соттардың ұйғарымдарына (қаулыларына) жеке шағымдар, наразылықтар апелляциялық сатыдағы сотқа шағым жасалып отырған ұйғарым (қаулы) шығарылған күннен бастап он бес күн ішінде беріледі. Жеке шағым немесе наразылық қаулы шығару кезінде қаралу нысанасы болған барлық құжаттарды қосып, қаулы шығарған сот арқылы беріледі. Жеке шағым, наразылық осы Кодекстің 41-тарауында белгіленген ережелер бойынша апелляциялық тәртіппен қаралады.
      5. Осы Кодексте көзделген жағдайларды қоспағанда, апелляциялық сатының жеке шағым, наразылық бойынша шығарылған ұйғарымы (қаулысы) шағымдануға, наразылық білдіруге жатпайды және ол шығарылғаннан кейін дереу заңды күшіне енеді.
      6. Жеке шағымды, наразылықты қарау нәтижелері бойынша:
      1) ұйғарымды (қаулыны) - өзгеріссіз, ал шағымды, наразылықты қанағаттандырусыз қалдыру туралы;
      2) ұйғарымның (қаулының) күшін толық немесе бір бөлігінде жою және мәселені бірінші апелляциялық сатыдағы сотқа жаңадан қарауға беру туралы;
      3) ұйғарымның (қаулының) күшін толық немесе бір бөлігінде жою және мәселені мәні бойынша шешу туралы ұйғарым (қаулы) шығарылады.

      384-бап. Істі апелляциялық тәртіппен қараудың шектері

      1. Істі апелляциялық сатыда судья жеке-дара қарайды.
      2. Істі апелляциялық тәртіппен қарау кезінде сот бірінші сатыдағы сот шешімінің заңдылығы мен негізділігін толық көлемінде тексереді.
      3. Апелляциялық сатыдағы сот мәлімделген талап қою шегінде жаңа фактілерді анықтап, тараптың дәлелді себептер бойынша бірінші сатыдағы сотқа беруге нақты мүмкіндігі болмаған жаңа дәлелдемелерді зерттей алады.

      385-бап. Апелляциялық сатыдағы соттың жеке ұйғарымы

      1. Апелляциялық сатыдағы сот сот отырысында заңдылықты бұзу жағдайлары анықталғанда жеке ұйғарым шығаруға және оны айлық мерзім ішінде олар қабылдаған шаралар туралы хабарлауға міндетті, басқару функцияларын атқаратын тиісті ұйымдарға, лауазымды және басқа да адамдарға жіберуге құқылы.
      2. Қабылданған шаралар туралы хабарламау заңға сәйкес әкімшілік жауаптылыққа әкеп соғады. Әкімшілік жазаны қолдану тиісті адамдарды соттың жеке ұйғарымы бойынша қабылданған шаралар туралы хабарламау міндетінен босатпайды.
      3. Егер істі қарау кезінде сот тараптардың, процеске басқа да қатысушылардың, лауазымды немесе басқа адамның іс-әрекетінде қылмыс белгілерін айқындаса, ол туралы прокурорға хабарлайды.
      4. Жеке ұйғарымға мүдделі адамдар шағым жасауы мүмкін.

29-тарау. Апелляциялық сатыдағы соттың қаулылары мен ұйғарымдарына кассациялық тәртіпте шағым беру және наразылық келтіру

      386-бап. Апелляциялық сатыдағы соттың қаулылары мен
               ұйғарымдарына кассациялық шағым беру және
               наразылық келтіру құқығы

      Апелляциялық сатыдағы соттың қаулылары мен ұйғарымдарына кассациялық шағым беру және наразылық келтіру құқығы тараптарға және іске қатысушы басқа адамдарға тиесілі.
      Іске қатысуға тартылмаған, бірақ сот олардың құқықтары мен міндеттеріне қатысты қаулы немесе ұйғарым қабылдаған адамдар да кассациялық шағым беруге құқылы.

      387-бап. Кассациялық шағымдарды және наразылықтарды
               қарайтын соттар

      Апелляциялық сатыдағы соттың қаулылары мен ұйғарымдарына кассациялық шағымды немесе наразылықты облыстық және оған теңестірілген сот үш судьядан кем емес құрамда қарайды.

      388-бап. Кассациялық шағым немесе наразылық беру тәртібі

      Кассациялық шағымдар мен наразылықтар іске қатысушы адамдардың санына сәйкес көшірмелерімен бірге кассациялық сатыдағы сотқа жіберіледі және тікелей беріледі. Қажет болған жағдайларда сот кассациялық шағым немесе наразылық берген адамды, шағымға немесе наразылыққа қоса берілген жазбаша дәлелдемелердің көшірмелерін іске қатысушы адамдардың санына сәйкес ұсынуды міндеттей алады.

      389-бап. Кассациялық шағым немесе наразылық беру мерзімі

      Кассациялық шағым немесе наразылық сот апелляциялық шешімді және қаулыны түпкілікті нысанда шығарғаннан кейін он бес күн ішінде берілуі мүмкін. Мерзім апелляциялық саты сот актілерінің көшірмелері берілген күннен бастап есептеледі.
      Көрсетілген мерзім өткеннен кейін берілген шағым немесе наразылық қараусыз қалдырылады және шағымды немесе наразылықты берген адамға кері қайтарылады.

      390-бап. Кассациялық шағымның немесе наразылықтың мазмұны

      1. Кассациялық шағымда немесе наразылықта:
      шағым немесе наразылық жіберілген соттың атауы;
      шағымды немесе наразылықты берген тұлғаның атауы;
      шағым жасалған немесе наразылық келтірілген қаулыға және ұйғарымға сілтеме;
      қаулының, ұйғарымның дұрыс еместігі неге байланысты екені және шағымды немесе наразылықты берген адамның өтініші көрсетілуге;
      шағымға немесе наразылыққа қоса тіркелген жазбаша материалдардың тізбесі болуға тиіс.
      Кассациялық шағымға шағым берген адам немесе оның өкілі қол қояды. Кассациялық наразылыққа прокурор қол қояды.
      Егер кассациялық шағым берген өкілдің істі жүргізуге берілген сенімхатында кассациялық шағым беру құқығы арнайы айтылмаса немесе ол бірінші сатыдағы сотта істі талқылау уақытында іс жүргізуге қатыспаса, кассациялық шағымға сенімхат немесе өкілдің өкілеттігін растайтын өзге де құжат қоса тіркелуге тиіс.

      391-бап. Кассациялық шағымды немесе наразылықты
               қозғалыссыз қалдыру

      1. Кассациялық шағымда немесе наразылықта оларды берген адамдардың қолы қойылмаса, шағым немесе наразылық берілген қаулы және Ұйғарым көрсетілмесе немесе барлық қажетті көшірмелер қоса тіркелмесе, облыстық және оған теңестірілген соттың судьясы шағымды немесе наразылықты қозғалыссыз қалдыру туралы ұйғарым шығарады және шағым немесе наразылық берген адамға кемшіліктерді жою үшін мерзім тағайындайды.
      2. Егер шағымды немесе наразылықты берген адам ұйғарымда көрсетілген нұсқауларды белгіленген мерзімде орындаса, шағым немесе  наразылық сотқа алғаш тапсырылған күні берілген деп есептеледі. Олай болмаған жағдайда шағым немесе наразылық берілмеген деп есептеледі және соттың ұйғарымымен шағым немесе наразылық берген адамға кері қайтарылады.

      392-бап. Судьяның кассациялық шағымды немесе наразылықты
               алғаннан кейінгі әрекеті

      Облыстық және оған теңестірілген соттың судьясы кассациялық шағымды немесе наразылықты алғаннан кейін:
      әкімшілік дау туралы істің материалдарын сұратуға;
      пікір беру мерзімін бере отырып, іске қатысушы адамдарға шағымның немесе наразылықтың және оларға қоса тіркелген жазбаша материалдардың көшірмелерін жіберуге;
      іске қатысушы адамдарға кассациялық шағымның және наразылықтың қаралатын уақыты мен орны туралы хабарлауға міндетті.

      393-бап. Кассациялық шағымға қосылу

      Тараптар және процесте кассациялық шағым берген адамның жағында болған үшінші тұлғалар берілген шағымға жазбаша арыз беру жолымен қосыла алады.

      394-бап. Кассациялық шағымға немесе наразылыққа пікір

      1. Іске қатысушы адам кассациялық шағымға немесе наразылыққа пікірді, шағымдарға қатысты қарсылықты растайтын құжаттарды қоса тіркеп, іске қатысушы басқа адамдарға және кассациялық сатыдағы сотқа жібереді. Кассациялық сатыға жіберілетін пікірге іске қатысушы басқа адамдарға пікірдің жіберілгенін растайтын құжат қоса тіркеледі.
      2. Пікір сот отырысы басталғанға дейін онымен танысу мүмкіндігін қамтамасыз ететін, сот белгілеген мерзімде жолданады.
      3. Пікірге іске қатысушы адам немесе оның өкілі қол қояды. Өкіл қол қойған пікірге, сенімхат немесе оның өкілеттігін растайтын өзге де құжаттар қоса тіркеледі.

      395-бап. Кассациялық шағымнан бас тарту және кассациялық
               наразылықты кері қайтарып алу

      Кассациялық шағым берген адам одан бас тартуға құқылы. Алайда сот бас тартуды қабылдамай тастауға және істі кассациялық тәртіппен қарауға құқылы.
      Кассациялық наразылық келтірген прокурор, сондай-ақ жоғары тұрған прокурор сот отырысы басталғанға дейін наразылықты кері қайтарып алуға құқылы. Наразылықтың кері қайтарылып алынғаны туралы сот іске қатысушы адамдарға хабарлайды.
      Егер шешімге басқа адамдарға шағым бермесе немесе наразылық келтірмесе, сот шағымнан бас тартуды қабылдау туралы және наразылықты  кері қайтарып алған кезде кассациялық іс жүргізуді қысқартатын ұйғарым шығарады.

      396-бап. Талап қоюдан бас тарту және тараптардың
               бітімгершілік келісімі

      Талапкердің талап қоюдан бас тартуы немесе кассациялық шағым немесе наразылық берілгеннен кейін жасалған тараптардың бітімгершілік келісімі кассациялық сатыдағы сотқа жазбаша нысанда ұсынылуға тиіс. Талап қоюдан бас тарту қабылданғанға дейін сот талапкерге немесе тараптарға олардың іс жүргізу әрекеттерінің салдарын түсіндіреді.
      Талапкердің талап қоюдан бас тартуын қабылдау кезінде кассациялық саты шығарылған шешімнің күшін жойып, іс бойынша іс жүргізуді тоқтатады. Егер сот заңға қайшы келетін немесе әлдекімнің құқықтары, бостандықтары мен заңды мүдделерін бұзу негізінде талап қоюдан бас тартуды қабылдамаса, ол істі кассациялық тәртіпте қарайды.

30-тарау. Кассациялық сатыдағы сотта іс жүргізу

      397-бап. Кассациялық қараудың нысанасы

      Кассациялық шағым, наразылық бойынша кассациялық сатыдағы сот апелляциялық сатыдағы сот қаулысының және ұйғарымының заңдылығы мен негізділігін тексереді.

      398-бап. Істі қараудың шектері

      1. Істі кассациялық тәртіппен қараған кезде сот істе бар материалдар бойынша шағымның, наразылықтың дәлелдері шегінде бірінші және апелляциялық сатының сот актілерінің заңдылығы мен негізділігін тексереді.
      2. Кассациялық сатыдағы сот қойылған талаптың шеңберінде бірінші және апелляциялық сатыдағы соттарға дәлелді себептермен табыс етілмеген жаңа дәлелдемелерді зерттейді.

      399-бап. Кассациялық сатыда істі қарау мерзімдері

      Кассациялық сатыдағы сот кассациялық шағым немесе наразылық бойынша түскен істі, ол келіп түскен күннен бастап бір ай мерзімде қарауға тиіс.

      400-бап. Кассациялық шағымды немесе наразылықты қарау
               тәртібі

      Төрағалық етуші сот отырысын ашады және қандай істің, кімнің шағымы немесе наразылығы бойынша және қандай соттың қаулысы, ұйғарымы қаралатынын жариялайды. Істі сот талқылауына әзірлеу бөлігінде сот осы Кодекстің 312, 321-баптарын басшылыққа алады. Кассациялық сатыдағы соттың отырысына іс бойынша қорытынды беретін прокурор міндетті түрде қатысады.

      401-бап. Іске қатысушы адамдар мен өкілдердің сот
               отырысына келмеу салдарлары

      Істің қаралатын уақыты мен орны туралы тиісті түрде хабарланған іске қатысушы адамдар мен өкілдердің сот отырысына келмеуі істі қарауға кедергі болып табылмайды.

      402-бап. Істі баяндау

      Кассациялық сатыдағы сотта істі қарау судьялардың біреуінің баяндамасынан басталады. Баяндамашы істің мән-жайын, апелляциялық сатыдағы сот шешімінің мазмұнын, кассациялық шағымның немесе наразылықтың дәлелдерін және оларға түскен пікірлерді баяндайды, сондай-ақ шешімнің дұрыстығын тексеру үшін соттың қарауына қажетті басқа да деректерді хабарлайды.

      403-бап. Іске қатысушы адамдардың түсініктемелері

      Сот баяндамадан кейін сот отырысына келген іске қатысушы адамдар мен өкілдердің түсініктемелерін тыңдайды. Кассациялық шағым немесе наразылық берген адам және оның өкілі бірінші болып сөз сөйлейді. Шешімге екі тарап шағымданған жағдайда талапкер бірінші болып сөйлейді.

      404-бап. Соттың іске қатысушы адамдардың арыздарын шешуі

      Іске қатысушы адамдардың кассациялық сатыда істі талқылауға байланысты барлық мәселелер жөніндегі арыздары мен өтініштерін сот іске қатысушы басқа адамдардың пікірін тыңдағаннан кейін шешеді.

      405-бап. Кассациялық сатыдағы соттың өкілеттігі

      Сот істі кассациялық тәртіппен қарап:
      1) апелляциялық сатының қаулысы мен ұйғарымын өзгеріссіз, ал шағымды немесе наразылықты қанағаттандырусыз қалдыруға;
      2) апелляциялық сатының қаулысы мен ұйғарымының толық немесе бір бөлігінде күшін жоюға және істі бірінші немесе апелляциялық сатыдағы сотқа судьялардың сол немесе өзге құрамында жаңадан қарауына жіберуге құқылы, кассациялық саты апелляциялық сатыдағы соттың жіберген қателіктерін түзете алмайды. Кассациялық тәртіпте қараған сот сол не басқа дәлелдің дұрыстығы немесе дұрыс еместігі, біреуінің басқаларының алдында артықшылығы, сондай-ақ істі жаңадан қарау кезінде қандай шешім шығарылуға тиіс екені туралы мәселелерді алдын ала шешуге құқығы жоқ;
      3) апелляциялық саты қаулысы мен ұйғарымының толық немесе бір бөлігінде күшін жоюға және іс бойынша іс жүргізуді қысқартуға не осы Кодексте көзделген негіздер бойынша арызды қараусыз қалдыруға;
      4) бірінші сатыдағы соттың шешімін күшінде қалдырып, апелляциялық сатының қаулысы мен ұйғарымының күшін жоюға;
      5) егер іс бойынша дәлелдемелерді жинау немесе қосымша тексеру талап етілмесе, бірінші немесе апелляциялық сатыдағы сот істің мән-жайын дұрыс және толық анықтаса, бірақ материалдық құқық нормаларын қолдануда қателіктерге жол берілсе, істі жаңадан қарауға жібермей, бірінші немесе апелляциялық сатыдағы соттың шешімінің күшін жойып, қаулыны өзгертуге немесе жаңа қаулы шығаруға құқылы.

      406-бап. Кассациялық тәртіппен сот қаулылары мен
               ұйғарымдарының күшін жоюдың негіздері

      1. Бірінші немесе апелляциялық сатыдағы соттың осы баптың 2 және (немесе) 3-тармақтарында көзделген материалдық немесе іс жүргізу құқығының нормаларын бұзуы немесе дұрыс қолданбауы кассациялық тәртіппен сот қаулылары мен ұйғарымдарының күшін жоюға негіздер болып табылады.
      2. Материалдық құқық нормалары бұзылған немесе дұрыс қолданылмаған деп есептеледі, егер сот:
      1) қолдануға жататын заңды қолданбаса;
      2) қолдануға жатпайтын заңды қолданса;
      3) заңды дұрыс емес түсіндірсе;
      4) заң ұқсастығын немесе құқық ұқсастығын дұрыс емес қолданса.
      Бірінші сатыдағы сот шешімінің шағым, наразылық себептеріне  қарамастан, егер:
      1) істі осы істі қарауға құқы жоқ судья қараса;
      2) істі сот отырысының уақыты мен орны туралы хабарланбаған, іске қатысатын адамның бірі болмағанда сот қараса;
      3) істі қарау кезінде сот жүргізіліп отырған тіл туралы ереже бұзылған болса;
      4) іске қатысуға тартылмаған адамдардың құқықтары мен міндеттері туралы мәселені сот шешсе;
      5) шешімге судья қол қоймаса немесе шешімде көрсетілген судья қол қоймаса;
      6) істе сот отырысының хаттамасы жоқ болса;
      7) істе жасалуы осы Кодекске сәйкес міндетті болған жеке процессуалдық іс-әрекет хаттамасы жоқ болса;
      8) өзге де процессуалдық бұзушылықтар болса, егер осы бұзушылықтар істі дұрыс емес шешуге алып келгенде немесе алып келуі мүмкін болғанда күші жойылуға жатады.

      407-бап. Кассациялық сатының сот актілері

      1. Кассациялық сатының сот актілері қаулы нысанында шығарылады.
      2. Кассациялық сатының қаулысында:
      1) қаулының шығарылған уақыты мен орны;
      2) қаулы шығарған соттың атауы мен құрамы;
      3) кассациялық шағым немесе наразылық берген адам;
      4) шағымдалған апелляциялық қаулының, кассациялық шағымның немесе наразылықтың және оларға берілген жазбаша пікірлердің қысқаша мазмұны, кассациялық сатыда істі қараған кезде қатысушы адамдардың түсініктемелері;
      5) соттың тұжырым жасауға алып келген уәждері және сот басшылыққа алған заңдарға сілтеме;
      6) кассациялық шағымды немесе наразылықты қараудың нәтижелері бойынша тұжырымдары көрсетілуге тиіс.
      3. Кассациялық шағымды немесе наразылықты қанағаттандырусыз қалдырған кезде сот өзінің қаулысында шағымның дәлелдерін дұрыс емес деп танудың және бас тартудың уәждерін көрсетуге міндетті.
      4. Кассациялық сатының қаулысы түпкілікті нысанда 5 күннің ішінде дайын болуға тиіс. Іске қоса тіркелетін қаулының қарар бөлігін жария етуге жол беріледі.

      408-бап. Кассациялық сатыдағы сот шешімінің заңды күші

      Кассациялық сатыдағы соттың қаулысы шағымдануға, наразылық келтіруге жатпайды және ол шығарылған сәтінен бастап заңды күшіне енеді.

      409-бап. Іс кассациялық тәртіппен қаралғаннан кейін
               түскен кассациялық шағымды қарау тәртібі

      1. Кассациялық сатыдағы сотқа белгіленген мерзімде немесе өтіп кеткен мерзім қалпына келтірілгеннен кейін берілген кассациялық шағым, істі басқа шағымдар бойынша қарағаннан кейін түскен жағдайда, сот мұндай шағымды өзінің іс жүргізуіне қабылдауға міндетті.
      2. Егер мұндай шағымды қараудың нәтижесінде кассациялық сатыдағы сот бұрын шығарылған кассациялық актінің заңсыздығы немесе негізсіздігі туралы тұжырымға келсе, онда оның күші жойылып, жаңа сот актісі шығарылады.

31-тарау. Қадағалау тәртібімен іс жүргізу

      410-бап. Сот қадағалауы тәртібімен қайта қарауға жататын
               сот актілері

      1. Заңды күшіне енгеннен кейін:
      1) бірінші сатыдағы соттың шешімдері;
      2) апелляциялық және қадағалау сатысындағы соттардың қаулылары;
      3) бірінші сатыдағы соттың істің одан әрі жылжуына кедергі келтіретін ұйғарымдары;
      4) істе тараптар болып табылмайтын адамдардың мүдделерін қозғайтын сот актілері сот қадағалауы тәртібімен қайта қаралуы мүмкін.
      2. Осы баптың бірінші бөлігінің 2) тармақшасында көрсетілген ұйғарымдарды (қаулыларды) қоспағанда, бірінші сатыдағы соттың заңды күшіне енген сот бұйрықтары, ұйғарымдары сот қадағалауы тәртібімен қайта қарауға жатпайды
      3. Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының қадағалау алқасының қаулылары қабылданған қаулының адамдардың өміріне, денсаулығына не Қазақстан Республикасының экономикасы мен қауіпсіздігіне орны толмас ауыр салдарларға әкеп соқтыруы мүмкін екені туралы деректердің анықталуына байланысты ерекше жағдайларда қайта қаралуы мүмкін.

      411-бап. Заңды күшіне енген сот актілеріне шағым жасауға,
               наразылық келтіруге құқығы бар адамдар

      1. Соттың заңды күшіне енген шешімдеріне, ұйғарымдарына, қаулыларына тараптар және апелляциялық шағымдар беруге құқығы бар іске басқа да қатысушылар істі қадағалау тәртібімен қайта қарауға өкілетті сотқа тікелей шағымдана алады.
      2. Заңды күшіне енген сот актісіне Қазақстан Республикасының Бас Прокуроры - Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының қадағалау алқасына наразылық келтіруге құқылы.
      3. Наразылықты Қазақстан Республикасының Бас прокуроры өз бастамасы бойынша да, осы баптың бірінші бөлігінде көрсетілген адамдардың өтінімдері бойынша дақты келтіруі мүмкін. Өтінім наразылыққа қоса тіркеледі.
      4. Шағымды, наразылықты іс қадағалау сатысында қаралғанға дейін оны қадағалау тәртібімен істі қараушы сотқа тиісінше арыз беру жолымен жүгінген адам кері қайтарып алуы мүмкін. Сот іске қатысушы адамдарға наразылықтың кері қайтарып алынғаны туралы хабарлайды. Кері қайтарып алу шағым мен наразылықты қадағалау сатысында іс жүргізудің тоқтатылуына әкеп соғады.
      5. Осы Кодекстің 410, 420, 421-баптарында көзделген ережелер прокурордың наразылықтарына қолданылмайды және тікелей қадағалау сатысында қаралады. Бұл ретте қадағалау алқасы осы Кодекстің 413-бабында көзделген істі қадағалау тәртібімен қайта қарау негіздерінің бар-жоғы туралы мәселені шешеді, содан кейін прокурор наразылығын мәні бойынша қарайды. Аталған негіздер болмаған кезде қадағалау алқасы істі сот қадағалауы тәртібімен қайта қараудан бас тарту туралы қаулы шығарады.

      412-бап. Істі қадағалау тәртібімен қарайтын соттар

      1. Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының қадағалау алқасы қадағалау өтінімдері, Қазақстан Республикасы Бас прокурорының наразылықтары бойынша:
      1) бірінші сатыдағы сот шешімдерін, ұйғарымдарын;
      2) облыстық және оған теңестірілген соттардың сот алқасының апелляциялық тәртіппен шығарылған қаулыларын;
      3) облыстық және оған теңестірілген соттардың сот алқасының кассациялық тәртіппен шығарылған қаулыларын қарайды.
      2. Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жалпы отырысы осы Кодекстің 410-бабының төртінші бөлігінде көрсетілген негіздер бойынша Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты Төрағасының ұсынысы немесе Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының қадағалау алқасының қаулысына Қазақстан Республикасы Бас прокурорының наразылықтары бойынша істерді қарайды.

      413-бап. Істерді талап етудің және заңды күшіне енген сот
               актілерін қайта қараудың себептері мен негіздері

      1. Әкімшілік дау туралы істі қадағалау тәртібімен Қазақстан Республикасының Бас прокуроры немесе оның тапсырмасы бойынша Қазақстан Республикасы Бас прокурорының орынбасары, облыстық және оған теңестірілген прокурорлар, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Жоғарғы сотының судьялары осы бапта белгіленген себептер мен негіздер болғанда ғана тиісті соттан тексеру үшін талап етуі мүмкін.
      2. Осы Кодекстің 411-бабының бірінші бөлігінде аталған адамдардың шағымдары, өтінімдері, сол сияқты осы Кодекстің осы бабының екінші бөлігінде аталған прокурорлардың өз құзыреті шегіндегі бастамасы істерді талап етуге себеп болып табылады.
      3. Материалдық нормалардың не іс жүргізу құқығының едәуір бұзылуы соттың заңды күшіне енген шешімдерін, ұйғарымдарын, қаулыларын қадағалау тәртібімен қайта қарауға негіз болады.
      4. Соттың заңды күшіне енген шешімдерін, ұйғарымдарын, қаулыларын, егер Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесі оларды шығаруда негізге алынған акт конституциялық емес деп таныған жағдайда олар қадағалау тәртібімен қайта қаралуы мүмкін.

      414-бап. Заңды күшіне енген сот актілеріне шағым жасау,
               наразылық келтіру мерзімдері

      1. Соттың шешімі, ұйғарымы, қаулысы заңды күшіне енген күннен бастап бір жыл ішінде сот қадағалау тәртібінде қайта қарау туралы өтінім, наразылығын беруге болады.
      2. Осы баптың бірінші бөлігінің ережелері адам мен азаматтың Қазақстан Республикасының Конституциясында бекітілген құқықтары мен бостандықтарына нұқсан келтіретін, осы Кодекстің 413-бабының төртінші бөлігінде көзделген негіз бойынша сот шешімдерін, ұйғарымдарын, қаулыларын қайта қарау жағдайларында қолданылмайды.
      3. Егер қадағалау наразылығын келтіру туралы өтінім прокурорға белгіленген мерзім сақтала отырып берілсе, бірақ ол бойынша шешім қабылданбаса, сот наразылық келтіру мерзімін ұзартады. Наразылықта бұл туралы көрсетілуге тиіс.

      415-бап. Наразылық келтіру

      1. Осы Кодекстің 412-бабының екінші бөлігінде аталған прокурор себептер мен негіздер болған жағдайда наразылық келтіріп, оны іспен және өтініммен бірге тиісті сотқа жібереді.
      2. Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасы наразылықтың көшірмелерін іске қатысушы адамдарға жібереді.

      416-бап. Наразылықтың мазмұны

       Наразылықта:
      1) наразылық келтірілген соттың атауы;
      2) наразылық келтірілген сот актілері;
      3) сот актілері шығарылған істің мәні баяндалуы;
      4) материалдық құқық нормаларының дұрыс қолданылмауы немесе дұрыс түсіндірілмеуі, немесе заңсыз сот актісінің шығарылуына әкеп соққан, іс жүргізу құқығы нормаларының елеулі бұзылуы неде екені, не сот актісі шығарылғанда негізге алынған нормативтік құқықтық актіні Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесі конституциялық емес деп тануы;
      5) наразылық келтірген лауазымды адамның ұсынысы немесе қорытындысы болуға тиіс.

      417-бап. Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотына берілетін
               қадағалау наразылығын және сот актісін даулау
               (шағым жасау) туралы өтінімнің мазмұны

      1. Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотына берілетін қадағалау наразылығын және сот актісін даулау (шағым жасау) туралы өтінімнің мазмұнында:
      1) өтінім жолданатын соттың атауы, өтінім жолданатын лауазымды адамның аты-жөні;
      2) өтінім беруші адамның атауы, оның тұрғылықты жері немесе орналасқан жері және істегі іс жүргізу жағдайы;
      3) сот шешімінің, ұйғарымының, қаулысының мазмұны, сондай-ақ тұрғылықты жерін немесе орналасқан жері көрсетіле отырып іске қатысушы адамдар;
      4) істі бірінші, апелляциялық сатыларды қарайтын соттар және олар қабылдаған шешімдердің мазмұны;
      5) шағым жасалатын, наразылық келтіру ұсынылатын сот шешімі, ұйғарымы, қаулысы;
      6) материалдық немесе іс жүргізу құқығы нормаларының елеулі бұзылуының мәні неде екені және өтінім беруші адамның не өтінетіні көрсетілуге тиіс.
      2. Егер өтінімді іске қатыспайтын адам берсе, онда шағым жасалатын шешіммен, ұйғарыммен, қаулымен осы адамның қандай құқықтары бұзылғаны көрсетілуге тиіс.
      3. Егер дауланатын сот актісіне тиісті сот сатысында шағым жасалмаса, онда өтінім беруші апелляциялық немесе кассациялық шағым бермеген себептерін көрсетілуі тиіс.
      4. Егер өтінімі бұдан бұрын қадағалау сатысына берілген болса, онда бұл туралы және өтінім бойынша қабылданған сот шешімі туралы көрсетілуге тиіс.
      5. Өтінімге өтінім берген адам немесе оның өкілі қол қоюға тиіс. Өкіл берген өтінімге сенімхат немесе өкілдің өкілеттігін куәландыратын басқа да құжат қоса тіркелуге тиіс.
      6. Өтінімге іс бойынша шығарылған шешімнің, ұйғарымның, қаулының сот куәландырған көшірмелері, сондай-ақ, егер де төмен тұрған саты қадағалау тәртібімен өтінімді қараса, оның шешімдері қоса тіркелуге тиіс.

      418-бап. Өтінімді немесе прокурор наразылығын қайтару

      1. Өтінімді немесе прокурор наразылығы мынадай негіздер бойынша:
      1) өтінім немесе прокурор наразылығы осы Кодекстің 416, 418-баптарының талаптарына сәйкес келмесе;
      2) өтінімді немесе прокурор наразылығын осы Кодекстің 411-бабына сәйкес заңды күшіне енген осы сот актісіне шағым жасауға, наразылық білдіруге құқығы жоқ адамдар берсе;
      3) өтінім немесе прокурор наразылығы осы Кодекстің 414-бабының бірінші бөлігінде көрсетілген мерзім өткеннен кейін берілсе және оны қалпына келтірудің дәлелді себептері болмаса;
      4) өтінім немесе прокурор наразылығы оларды мәні бойынша қарағанға дейін кері қайтарып алынса;
      5) өтінім немесе прокурор наразылығы қадағалау сатысына соттылық ережесін бұза отырып берілсе;
      6) өтінім немесе прокурор наразылығы осы Кодекстің 410-бабының екінші бөлігіне сәйкес сот қадағалауы тәртібімен қайта қарауға жатпайтын сот актілеріне берілсе, оларды берген адамдарға қайтарылуға тиіс.
      2. Өтінімді немесе прокурор наразылығын қайтаруға негіз болған кемшіліктер жойылған жағдайда оларды жалпы негізде қайтадан беруге болады.

      419-бап. Сот қадағалау тәртібінде сот актісін қайта қарау
               туралы өтінімді, қадағалау наразылығын келтіру
               туралы өтінімді алдын ала қарау

      1. Сот актісін сот қадағалауы тәртібімен қайта қарау туралы өтінім Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты Төрағасының тапсырмасы бойынша алдын ала зерделенеді және Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының қадағалау сот алқасының үш судьясынан құралған сотта қаралады. Қажет болған кезде әкімшілік дау туралы іс сұратылуы мүмкін.
      2. Сот қадағалау тәртібінде сот актісін қайта қарау туралы өтінімді алдын ала қарау күні туралы прокурорға, сондай-ақ өтінімді берген адамға хабарланады, алайда олардың келмеуі сот қадағалау тәртібінде іс бойынша іс жүргізуді қозғау үшін негіздердің болу немесе болмауы туралы мәселені шешуге кедергі келтірмейді.
      3. Сот қадағалау тәртібінде сот актісін қайта қарау туралы өтінімді, қадағалау наразылығын келтіру туралы өтінім, наразылық түскен күннен бастап бір ай ішінде, ал істі талап еткен жағдайда - іс түскен күннен бастап бір ай ішінде қаралады.

      420-бап. Өтінімдерді алдын ала қараудың нәтижелері
               бойынша қабылданатын шешімдер

      1. Өтінімдерді алдын ала қараудың нәтижелері бойынша сот:
      1) шағым берілген сот актісін қайта қарау бойынша қадағалау іс жүргізуін қозғау және әкімшілік дау туралы істі сұрата отырып қадағалау сатысында қарау туралы;
      2) шағым берілген сот актісін қайта қарау бойынша қадағалау іс жүргізуін қозғаудан бас тарту туралы;
      3) өтінімді қайтару туралы қаулы шығарады
      2. Соттың өтінішті алдын ала қарау нәтижелері бойынша шығарған қаулысында:
      1) қаулының шығарылған күні мен орны;
      2) өтінімді қараған және қаулы шығарған тиісті сот судьяларының тегі мен аты-жөні;
      3) дау туғызған сот актісін көрсете отырып қаулы шығарылған іс;
      4) өтінімнің авторы;
      5) өтінімде келтірілген дәлелдер;
      6) қадағалау іс жүргізуін қозғаудың немесе одан бас тартудың не өтінімді оларды берген адамдарға қайтарудың негіздері көрсетілуге тиіс;
      7) қаулының қарар бөлігінде осы баптың бірінші бөлігінде көрсетілген шешімдердің бірі жазылады.
      3. Өтінімдерді алдын ала қараудың нәтижелері бойынша шығарылған қаулының көшірмесі өтініш берген адамға жіберіледі.

      421-бап. Қадағалау сатысы сотының отырысын тағайындау

      1. Қадағалау сатысы шағым жасалған сот актісін қайта қарау бойынша қадағалау іс жүргізуін қозғау туралы сот қаулысын алғаннан кейін тараптарға қадағалау шағымының көшірмелерін, сот отырысы өткізілетін күнді, уақытын, орнын көрсете отырып істің қадағалау сатысында қаралатыны туралы хабарлама жібереді.
      2. Қадағалау сатысындағы іс қадағалау іс жүргізуін қозғау туралы қаулымен бірге қадағалау сатысына берілген не прокурор наразылығы келіп түскен күннен бастап бір айдың ішінде қаралуға тиіс.

      422-бап. Сот актісінің орындалуын тоқтата тұру

      Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының Төрағасы, Бас Прокуроры істі сұратып алумен бір мезгілде қадағалау тәртібімен тексеру үшін сот актісінің орындалуын үш айдан аспайтын мерзімге тоқтата тұруға құқылы.

      423-бап. Істі қарау шектері

      1. Істі қадағалау тәртібімен қарау кезінде сот істе бар материалдар бойынша шағым, наразылық дәлелдері шегінде бірінші, апелляциялық сатыдағы соттар шығарған сот қаулыларының заңдылығы мен негізділігін тексереді.
      2. Сот әкімшілік даулар туралы істер бойынша бірінші, апелляциялық сатыдағы соттар шығарған қаулылардың заңдылығы мен негізділігін толық көлемде тексереді.

      424-бап. Істі қадағалау сатысында қараудың тәртібі,
               қадағалау сатысындағы соттың шешімдері

      1. Қадағалау сатысындағы сот отырысы төрағалық етушінің қандай сот шешімі және кімнің шағымы (наразылығы) бойынша қайта қаралып отырғанын, сот құрамына кімдердің енетінін және сот отырысы залында іске қатысушы адамдардан кім келіп отырғанын жариялауымен ашылады. Істің қаралатын уақыты мен орны туралы тиісінше хабардар етілген, шағым (наразылық) берген адамның болмауы сот отырысын жалғастыру мүмкіндігін жоққа шығармайды. Істі қарау кезінде қадағалау сатысының сотына прокурордың қатысуы міндетті.
      2. Мәлімделген қарсылықтар мен өтінімдер шешілгеннен кейін сот тыңдауды жалғастыру туралы не оны кейінге қалдыру туралы шешім қабылдайды. Сот істі тыңдауды жалғастыру туралы шешім қабылдаған жағдайда төрағалық етуші қадағалау шағымын (наразылығын) берген адамға сөз береді. Егер мұндай адамдар бірнешеу болса, олар өздері ұсынатын сөз сөйлеу кезегін сот назарына жеткізеді. Егер олар келісімге келе алмаса, сөз сөйлеу кезегін сот белгілейді.
      3. Шағым (наразылық) беруші адам, өз пікірі бойынша, шағым жасалып отырған шешімнің заңсыз, негізсіз болып табылатынына себептер мен дәлелдерді айтып береді. Содан кейін төрағалық етуші сот белгілеген тәртіппен іске қатысушы басқа адамдарға сөз береді.
      Сотқа қатысушы адамдар сөз сөйлегеннен кейін прокурор іс бойынша қорытынды береді.
      4. Істі қадағалау тәртібімен қараудың нәтижесінде сот кеңесу бөлмесінде мынадай шешімдердің бірін қабылдайды:
      1) бірінші, апелляциялық немесе қадағалау сатысындағы шешімді өзгеріссіз, ал шағымды, наразылықты қанағаттандырмай тастайды;
      2) осы Кодекстің 413-бабында көзделген негіздердің болмауына байланысты істі сот қадағалауы тәртібімен қайта қараудан бас тарту туралы;
      3) бірінші, апелляциялық сатыдағы сот шешімінің толық не бөлігіндегі күшін жояды және істі бірінші, апелляциялық сатыдағы сотта жаңадан қарауға жібереді;
      4) бірінші, апелляциялық сатыдағы сот шешімінің толық не бөлігіндегі күшін жояды және талап-арызын қарамай тастайды не іс бойынша іс жүргізуді қысқартады;
      5) іс бойынша шығарылған шешімдердің біреуін күшінде қалдырады;
      6) бірінші, апелляциялық немесе қадағалау сатысындағы соттың шешімін өзгертеді не оның күшін жояды, материалдық құқық нормаларын қолдануда және түсіндіруде қате жіберілген болса, істі жаңадан қарауға жібермей, жаңа шешім шығарады.

      425-бап. Қадағалау сатысындағы сот қаулысының мазмұны

      1. Қадағалау сатысындағы соттың қаулысы осы Кодексте апелляциялық сатыдағы актілер үшін белгіленген талаптарға сәйкес келуге тиіс. Қадағалау сатысындағы соттың қаулысына іс бойынша шешім қабылдаған барлық судьялар қол қояды.
      2. Қадағалау сатысындағы сот осы Кодексте көзделген жағдайларда және тәртіппен қате жазылған жазбалар мен анық арифметикалық қателерді түзету туралы мәселені қарауға, қосымша қаулы шығаруға немесе бұдан бұрын қадағалау сатысы шығарған қаулыны түсіндіруге құқылы.

      426-бап. Қадағалау сатысындағы сот қаулысының заңды
               күшіне енуі

      Қадағалау сатысындағы сот қаулылары олар қабылданған сәттен бастап заңды күшіне енеді.

      427-бап. Істі қадағалау тәртібімен қарайтын сот
               нұсқауларының міндеттілігі

      1. Істі қадағалау тәртібімен қарайтын соттың шешімнің, қаулысының күшін жою туралы, соның ішінде заңды түсіндіру туралы қаулыда баяндалған нұсқаулары сол істі қайта қараушы сот үшін міндетті болып табылады.
      2. Істі қадағалау тәртібімен қарайтын соттың қаулыда анықталмаған не ол бекерге шығарған мән-жайларды анықтауға немесе дәлелденген деп есептеуге, белгілі бір дәлелдеменің дұрыстығы немесе дұрыс еместігі, бір дәлелдемелердің басқа дәлелдемелерден артықшылығы туралы, материалдық құқықтың қандай нормасы қолданылуға тиіс екендігі және істі жаңадан қарау кезінде қандай қаулы қабылдануға тиіс екендігі туралы мәселелерді алдын ала шешуге құқығы жоқ.

      428-бап. Сот шешімінің, ұйғарымының, қаулысының күші
               жойылғаннан кейін істі қарау

      1. Қадағалау тәртібімен сот шешімінің, ұйғарымының, қаулысының күші жойылғаннан кейін іс жалпы тәртіппен қаралуға тиіс.
      2. Алдындағы апелляциялық тәртіппен немесе қадағалау тәртібімен күші жойылуына байланысты шығарылған соттың қайталама шешіміне, ұйғарымына, қаулысына шағым, наразылық, бірінші сот актісінің күшін жойған себептерге қарамастан, жалпы негіздерде мәлімделуі (енгізілуі) мүмкін.

      429-бап. Осы Кодексті қолдану тәртібі

      1. Қазақстан Республикасының іс жүргізу заңнамасына сәйкес тиісті орган қабылдаған іс жүргізу әрекеттері мен іс жүргізу шешімдері осы Кодекспен олардың атауларының өзгертілуіне байланысты заңдық күшін жоймайды.
      2. Осы Кодекс қолданысқа енгізілгенге дейін қаралмай қалған әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді осы Кодексте белгіленген ведомстволық бағыныстылыққа қарамастан, олар кімнің іс жүргізуінде болса, сол орган (лауазымды адам) қарайды.

      430-бап. Осы Кодексті қолданысқа енгізу тәртібі

      Осы Кодекс алғаш рет ресми жарияланған күннен бастап алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Президенті