Қалааралық және (немесе) халықаралық телефон байланысын, сондай-ақ ұялы байланысты ұсынғаны үшін төлемақының жылдық ставкаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 10 шілдедегі N 1055 қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 9 қарашадағы № 736 қаулысымен.

Күшін жойған

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 09.11.2018 № 736 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Кодексінің (Салық кодексі) 520-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қоса беріліп отырған қалааралық және (немесе) халықаралық телефон байланысын, сондай-ақ ұялы байланысты ұсынғаны үшін төлемақының жылдық ставкалары бекітілсін.

      2. Мыналардың күші жойылды деп танылсын:

      1) "Қалааралық және (немесе) халықаралық телефон байланысын ұсынғаны үшін төлемнің жылдық ставкаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 16 қазандағы N 1066 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2004 ж., N 38, 504-құжат);

      2) "Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 16 қазандағы N 1066 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 21 шілдедегі N 698 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2006 ж., N 27, 289-құжат);

      3) "Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 16 қазандағы N 1066 қаулысына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 10 тамыздағы N 685 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2007 ж., N 27, 319-құжат).

      3. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының


Премьер-Министрі

К. Мәсімов


  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2009 жылғы 10 шілдедегі
N 1055 қаулысымен
бекітілген

Қалааралық және (немесе) халықаралық телефон байланысын, сондай-ақ ұялы байланысты ұсынғаны үшін төлемақының жылдық ставкалары

      Ескерту. Тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Үкіметінің 26.01.2017 № 17 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
      Ескерту. Ставкалар жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 10.03.2015 N 121 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

Төлеушілер

Төлемақының жылдық ставкалары, %

Қалааралық және (немесе) халықаралық телефон байланысының операторлары

1,3992

Ұялы байланыс операторлары

1,3992