Қалааралық және (немесе) халықаралық телефон байланысын, сондай-ақ ұялы байланысты ұсынғаны үшін төлемақының жылдық ставкаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 10 шілдедегі N 1055 қаулысы

Жаңартылған

      "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Кодексінің (Салық кодексі) 520-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қоса беріліп отырған қалааралық және (немесе) халықаралық телефон байланысын, сондай-ақ ұялы байланысты ұсынғаны үшін төлемақының жылдық ставкалары бекітілсін.
      2. Мыналардың күші жойылды деп танылсын:
      1) "Қалааралық және (немесе) халықаралық телефон байланысын ұсынғаны үшін төлемнің жылдық ставкаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 16 қазандағы N 1066 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2004 ж., N 38, 504-құжат);
      2) "Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 16 қазандағы N 1066 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 21 шілдедегі N 698 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2006 ж., N 27, 289-құжат);
      3) "Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 16 қазандағы N 1066 қаулысына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 10 тамыздағы N 685 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2007 ж., N 27, 319-құжат).
      3. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                   К. Мәсімов

Қазақстан Республикасы 
Үкіметінің      
2009 жылғы 10 шілдедегі
N 1055 қаулысымен   
бекітілген      

Қалааралық және (немесе) халықаралық телефон байланысын,
сондай-ақ ұялы байланысты ұсынғаны үшін төлемақының жылдық
ставкалары

      Ескерту. Ставкалар жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 12.03.2014 N 226 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).

Төлеушілер

Төлемақының жылдық ставкалары, %

Қалааралық және (немесе) халықаралық телефон байланысының операторлары

1,0620

Ұялы байланыс операторлары

1,0620