Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 28 қаңтардағы N 72 Қаулысы

Жаңартылған

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
      1) "Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталық" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнын құру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1997 жылғы 4 маусымдағы N 926 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1997 ж., N 24, 217-құжат):
      3-тармақтың төртінші абзацындағы "болып белгіленсін" деген сөздер алып тасталсын және мынадай мазмұндағы абзацтармен толықтырылсын:
      "салымшының зейнетақы төлемдерін алу құқығына ие болған сәтке болжамды инфляция деңгейін ескере отырып, нақты енгізген міндетті зейнетақы жарналарының мөлшерін келесі қаржы жылына айқындау;
      зейнетақы жинақтарын аудару туралы электронды хабарламаны жинақтаушы зейнетақы қорларына жіберу және салымшының (алушының) міндетті зейнетақы жарналары есебінен қалыптасқан зейнетақы жинақтарын бір жинақтаушы зейнетақы қорынан басқасына аударуды жүзеге асыру;
      салымшы (алушы) міндетті зейнетақы жарналары есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шартты жылына екі рет жасасқан жағдайда, міндетті зейнетақы жарналары есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарт жасасқан жеке тұлғалардың мәліметтерін бірыңғай тізімге енгізуден бас тарту;
      салымшылардың (алушылардың) зейнетақы жинақтарын аудару кезінде зейнетақы қорларының міндеттемелері бойынша, Қазақстан Республикасының Үкіметі белгіленген тәртіппен өзара есеп айырысуларды жүзеге асыру болып белгіленсін.";
      2) "Жинақтаушы зейнетақы қорларынан міндетті зейнетақы жарналарының, ерікті кәсіптік зейнетақы жарналарының есебінен қалыптасқан зейнетақы жинақтарынан төленетін зейнетақы төлемдерін жүзеге асыру ережесін және Кесте бойынша зейнетақы төлемдерінің мөлшерін есептеуді жүзеге асыру әдістемесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 4 шілдедегі N 661 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2003 ж., N 28, 272-құжат):
      көрсетілген қаулымен бекітілген Жинақтаушы зейнетақы қорларынан міндетті зейнетақы жарналарының, ерікті кәсіптік зейнетақы жарналарының есебінен қалыптасқан зейнетақы жинақтарынан төленетін зейнетақы төлемдерін жүзеге асыру ережесінде:
      2-тармақтағы "9-бабының 1-3-тармақтарында" деген сөздерден кейін ", 22-бабының 3-2-тармағында" деген сөздермен толықтырылсын;
      5-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      "2) паспортының не азаматтығы жоқ адамның куәлігінің көшірмесін, ішкі істер органдарының нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес ресімделген, Қазақстан Республикасынан тыс жерге тұрақты тұруға кетуге рұқсатымен және көз жеткізу үшін түпнұсқасын;";
      6-тармақ мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
      "Зейнетақы жинақтарын алушының Қазақстан Республикасының азаматтығын жоғалту фактісіне күдік туындаған жағдайда жинақтаушы зейнетақы қоры бұл туралы алушыны хабардар ете отырып, тиісті ұйымдарға сұрау жібереді. Бұл ретте зейнетақы төлемдерін тағайындау туралы өтініштің орындалу мерзімі тиісті ұйымнан жауап алғанға дейін тоқтатыла тұрады.";
      13-тармақтағы "аудару жөніндегі" деген сөздер ", аударуға, есептеуге және төлеуге байланысты" деген сөздермен ауыстырылсын, "төлеу" деген сөзден кейін "оларды айырбастау сомаларын қоспағанда," деген сөздермен толықтырылсын;
      мынадай мазмұндағы 14-1-тармақпен толықтырылсын:
      "14-1. Зейнетақы төлемдерін тағайындау туралы өтініш оған қоса берілген құжаттармен бірге өтініштерді тіркеу журналына тіркеледі.
      Өтініш берушіге құжаттардың қабылданғаны туралы белгісі бар өтініштің үзбелі талоны беріледі.";
      Ережеге қосымшада:
      "Осы Ереженің 2-тармағына сәйкес 5 және одан да көп балалар тәрбиелеуіне;" деген жолдан кейін мынадай мазмұндағы жолмен толықтырылсын:
      "Орталықтан еңбек сіңірген жылдары үшін әскери қызметшілерге, ішкі істер органдарының және Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің, қаржы полициясы мен мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдарының арнайы атақтар берілген және Қазақстан Республикасы заңнамасында ішкі істер органдарының қызметкерлері үшін белгіленген тәртіп қолданылатын қызметкерлеріне осы Ереженің 2-тармағына сәйкес:
      1) 1998 жылғы 1 қаңтарға дейін;
      2) арнайы атақтар берілген және Қазақстан Республикасының заңнамасында ішкі істер органдарының қызметкерлері үшін белгіленген тәртіп қолданылатын әскери қызмет, ішкі істер органдарындағы, Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Қылмыстық-атқару жүйесі комитетіндегі, қаржы полициясы мен мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдарындағы қызмет стажы 1998 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша он жыл және одан да көп болған жағдайда толық көлемде зейнетақы төлемдері тағайындалуына;";
      3) күші жойылды - ҚР Үкіметінің 26.08.2013 № 848 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      Ескерту. 1-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 26.08.2013 № 848 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      2. Осы қаулы 2009 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілетін 1-тармақтың 1) тармақшасының алтыншы абзацын қоспағанда, алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                             К. Мәсімов

Қазақстан Республикасы 
Үкіметінің      
2009 жылғы 28 қаңтардағы
N 72 қаулысына    
қосымша       

      Міндетті зейнетақы жарналары бойынша   
      салымшылардың (алушылардың) дерекқорын,  
      міндетті зейнетақы жарналары есебінен   
зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарт  
жасасқан жеке тұлғалардың бірыңғай    
тізімін қалыптастыру ережесіне     
      2-қосымша                  

200 жылғы "___"____________________
      _____________________________________________________________
жинақтаушы зейнетақы қорының атауы Орталыққа жіберетін қолданылуы тоқтатылған міндетті зейнетақы жарналары есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарттар туралы мәліметтер

Тегі

Аты

Әкесінің аты

Салымшының (алушының) жынысы

Туған
күні

ӘЖК

СТН

Жеке басын куәландыратын құжаттың деректері

Жасалған міндетті зейнетақы жарналары есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарт туралы мәліметтер

Салымшының (алымшының) ЖЗШ туралы мәліметтер

Зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарттың қолданылуы тоқтатылған және жеке зейнетақы шотының жабылған күні

Зейнетақымен
қамсыздандыру
туралы шарттың
қолданылуының
тоқтатылу
себебі

ӘЖК тіркеу сәтіндегі

Қазіргі деректері

ӘЖК тіркеу сәтіндегі

Қазіргі деректері

ӘЖК тіркеу сәтіндегі

Қазіргі деректері

ЖЖЖ Ж
ААКК

Нөмірі

Берілген күні
ЖЖЖЖ
ААКК

Нөмірі

Жасалған күні
ЖЖЖЖ
АА КК

Ашылған күні ЖЖЖЖ
АА КК

ЖЖЖЖ
ААКК

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

13

14

15

16

17

      Ескертпе:
      1, 2, 3, 4, 5, 6-бағандарда ӘЖК тіркеу сәтіндегі және ағымдағы уақыттағы тиісті мәліметтер қамтылуға тиіс.
      13, 14, 15-бағандары міндетті зейнетақы жарналарының есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарт жасау кезінде толтырылуға міндетті.
      16, 17-бағандарда міндетті зейнетақы жарналары есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарттың қолданылуын тоқтатудың себебіне қарай тиісті белгі болуға тиіс:
      1 - зейнеткерлік жас: ер адамдар 63 жасқа, әйелдер 58 жасқа толуына байланысты зейнетақы жинақтарының бүкіл сомасын төлеу;
      2 - төтенше немесе ең жоғары радиациялық қатер аймағында тұратын адамдардың зейнеткерлік жасқа толуына байланысты зейнетақы жинақтарының бүкіл сомасын төлеу;
      3-5 және одан да көп бала тәрбиелеген әйелдердің зейнеткерлік жасқа толуына байланысты зейнетақы жинақтарының бүкіл сомасын төлеу;
      4 - Орталықтан еңбек сіңірген жылдары үшін әскери қызметшілерге, ішкі істер органдарының және Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің, қаржы полициясы мен мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдарының арнайы атақтар берілген және Қазақстан Республикасы заңнамасында ішкі істер органдарының қызметкерлері үшін белгіленген тәртіп қолданылатын қызметкерлеріне:
      1) 1998 жылғы 1 қаңтарға дейін;
      2) арнайы атақтар берілген және Қазақстан Республикасының заңнамасында ішкі істер органдарының қызметкерлері үшін белгіленген тәртіп қолданылатын әскери қызмет, ішкі істер органдарындағы, Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Қылмыстық-атқару жүйесі комитетіндегі, қаржы полициясы мен мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдарындағы қызмет стажы 1998 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша он жыл және одан да көп болған жағдайда толық көлемде зейнетақы төлемдері тағайындалуына байланысты зейнетақы жинақтарының бүкіл сомасын төлеу;
      5 - егер мүгедектігі шектеусіз белгіленген болса, I және II топтағы мүгедектік белгіленуіне байланысты зейнетақы жинақтарының бүкіл сомасын төлеу;
      6 - Қазақстан Республикасынан тыс жерге тұрақты тұруға кетуіне байланысты зейнетақы жинақтарының бүкіл сомасын төлеу;
      7 - салымшының (алушының) зейнетақы жинақтарының басқа жинақтаушы зейнетақы қорына аударылуына байланысты;
      8 - салымшының (алушының) зейнетақы жинақтарының сақтандыру ұйымына аударылуына байланысты;
      9 - алушының қайтыс болуына байланысты мұрагеріне(леріне) зейнетақы жинақтарының бүкіл сомасын төлеу;
      10 - алушының қайтыс болуына байланысты зейнетақы жинақтарының бүкіл сомасын жерлеуге төлеу;
      11 - Қазақстан Республикасының зейнетақымен қамсыздандыру туралы бұрын қолданылған заңнамасы бойынша зейнетақы жинақтарының бүкіл сомасын төлеу.