Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 28 қаңтардағы N 72 Қаулысы

Қолданыстағы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
      1) "Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталық" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнын құру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1997 жылғы 4 маусымдағы N 926 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1997 ж., N 24, 217-құжат):
      3-тармақтың төртінші абзацындағы "болып белгіленсін" деген сөздер алып тасталсын және мынадай мазмұндағы абзацтармен толықтырылсын:
      "салымшының зейнетақы төлемдерін алу құқығына ие болған сәтке болжамды инфляция деңгейін ескере отырып, нақты енгізген міндетті зейнетақы жарналарының мөлшерін келесі қаржы жылына айқындау;
      зейнетақы жинақтарын аудару туралы электронды хабарламаны жинақтаушы зейнетақы қорларына жіберу және салымшының (алушының) міндетті зейнетақы жарналары есебінен қалыптасқан зейнетақы жинақтарын бір жинақтаушы зейнетақы қорынан басқасына аударуды жүзеге асыру;
      салымшы (алушы) міндетті зейнетақы жарналары есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шартты жылына екі рет жасасқан жағдайда, міндетті зейнетақы жарналары есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарт жасасқан жеке тұлғалардың мәліметтерін бірыңғай тізімге енгізуден бас тарту;
      салымшылардың (алушылардың) зейнетақы жинақтарын аудару кезінде зейнетақы қорларының міндеттемелері бойынша, Қазақстан Республикасының Үкіметі белгіленген тәртіппен өзара есеп айырысуларды жүзеге асыру болып белгіленсін.";
      2) "Жинақтаушы зейнетақы қорларынан міндетті зейнетақы жарналарының, ерікті кәсіптік зейнетақы жарналарының есебінен қалыптасқан зейнетақы жинақтарынан төленетін зейнетақы төлемдерін жүзеге асыру ережесін және Кесте бойынша зейнетақы төлемдерінің мөлшерін есептеуді жүзеге асыру әдістемесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 4 шілдедегі N 661 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2003 ж., N 28, 272-құжат):
      көрсетілген қаулымен бекітілген Жинақтаушы зейнетақы қорларынан міндетті зейнетақы жарналарының, ерікті кәсіптік зейнетақы жарналарының есебінен қалыптасқан зейнетақы жинақтарынан төленетін зейнетақы төлемдерін жүзеге асыру ережесінде:
      2-тармақтағы "9-бабының 1-3-тармақтарында" деген сөздерден кейін ", 22-бабының 3-2-тармағында" деген сөздермен толықтырылсын;
      5-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      "2) паспортының не азаматтығы жоқ адамның куәлігінің көшірмесін, ішкі істер органдарының нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес ресімделген, Қазақстан Республикасынан тыс жерге тұрақты тұруға кетуге рұқсатымен және көз жеткізу үшін түпнұсқасын;";
      6-тармақ мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
      "Зейнетақы жинақтарын алушының Қазақстан Республикасының азаматтығын жоғалту фактісіне күдік туындаған жағдайда жинақтаушы зейнетақы қоры бұл туралы алушыны хабардар ете отырып, тиісті ұйымдарға сұрау жібереді. Бұл ретте зейнетақы төлемдерін тағайындау туралы өтініштің орындалу мерзімі тиісті ұйымнан жауап алғанға дейін тоқтатыла тұрады.";
      13-тармақтағы "аудару жөніндегі" деген сөздер ", аударуға, есептеуге және төлеуге байланысты" деген сөздермен ауыстырылсын, "төлеу" деген сөзден кейін "оларды айырбастау сомаларын қоспағанда," деген сөздермен толықтырылсын;
      мынадай мазмұндағы 14-1-тармақпен толықтырылсын:
      "14-1. Зейнетақы төлемдерін тағайындау туралы өтініш оған қоса берілген құжаттармен бірге өтініштерді тіркеу журналына тіркеледі.
      Өтініш берушіге құжаттардың қабылданғаны туралы белгісі бар өтініштің үзбелі талоны беріледі.";
      Ережеге қосымшада:
      "Осы Ереженің 2-тармағына сәйкес 5 және одан да көп балалар тәрбиелеуіне;" деген жолдан кейін мынадай мазмұндағы жолмен толықтырылсын:
      "Орталықтан еңбек сіңірген жылдары үшін әскери қызметшілерге, ішкі істер органдарының және Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің, қаржы полициясы мен мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдарының арнайы атақтар берілген және Қазақстан Республикасы заңнамасында ішкі істер органдарының қызметкерлері үшін белгіленген тәртіп қолданылатын қызметкерлеріне осы Ереженің 2-тармағына сәйкес:
      1) 1998 жылғы 1 қаңтарға дейін;
      2) арнайы атақтар берілген және Қазақстан Республикасының заңнамасында ішкі істер органдарының қызметкерлері үшін белгіленген тәртіп қолданылатын әскери қызмет, ішкі істер органдарындағы, Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Қылмыстық-атқару жүйесі комитетіндегі, қаржы полициясы мен мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдарындағы қызмет стажы 1998 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша он жыл және одан да көп болған жағдайда толық көлемде зейнетақы төлемдері тағайындалуына;";
      3) "Міндетті зейнетақы жарналары бойынша салымшылардың (алушылардың) дерекқорын, міндетті зейнетақы жарналары есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарт жасасқан жеке тұлғалардың бірыңғай тізімін қалыптастыру ережесін және Жинақтаушы зейнетақы қорларының электронды құжат айналымын пайдалана отырып, Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталыққа салымшылармен (алушылармен) міндетті зейнетақы жарналары есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы жасалған және қолданылуы тоқтатылған шарттар туралы мәліметтерді ұсыну ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 21 ақпандағы N 111 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2006 ж., N 7, 52-құжат):
      көрсетілген қаулымен бекітілген Міндетті зейнетақы жарналары бойынша салымшылардың (алушылардың) дерекқорын, міндетті зейнетақы жарналары есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарт жасасқан жеке тұлғалардың бірыңғай тізімін қалыптастыру ережесінде:
      2-тармақтағы "қосымшаға" деген сөздің алдынан "1-" деген санмен толықтырылсын;
      мынадай мазмұндағы 2-1-тармақпен толықтырылсын:
      "2-1. Жинақтаушы зейнетақы қорлары, дерекқорды жаңарту мақсатында, 2009 жылғы 1 наурызға дейінгі мерзімде Орталыққа міндетті зейнетақы жарналары есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы қолданылуы тоқтатылған шарттар туралы мәліметтерді олардың тоқтатылу себептерін көрсете отырып, электронды жеткізушіде ұсынады. Жинақтаушы зейнетақы қорлары өз қызметінің барлық кезеңіндегі мәліметтерді салымшылардың (алушылардың) деректемелерінде жүргізілген өзгерістерді ескере отырып, осы Ережеге 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша береді.";
      3-тармақтағы "2-тармағында" деген сөздер "2, 2-1-тармақтарында" деген сөздермен ауыстырылсын;
      мынадай мазмұндағы 3-1-тармақпен толықтырылсын:
      "3-1. Орталық жинақтаушы зейнетақы қорларынан міндетті зейнетақы жарналары есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарттар туралы мәліметтер алынған күннен кейінгі күннен кешіктірмей:
      1) келіп түскен мәліметтерді:
      салымшының (алушының) міндетті зейнетақы жарналары есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шартты жылына екі реттен артық емес жасасуы;
      салымшының (алушының) міндетті зейнетақы жарналары есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шартты зейнетақы жинақтарын бір жинақтаушы қордан екіншісіне аудару кезеңінде жасасуы;
      жинақтаушы зейнетақы қорының міндетті зейнетақы жарналары есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарттар туралы мәліметтерді Орталыққа беру мерзімдерін сақтауы мәніне тексеруді жүзеге асырады;
      2) міндетті зейнетақы жарналары есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарттар туралы мәліметтерді:
      егер салымшы (алушы) міндетті зейнетақы жарналары есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шартты бір жылда екі рет жасасқан жағдайда;
      салымшы (алушы) міндетті зейнетақы жарналары есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы жаңа шартты зейнетақы жинақтарын бір жинақтаушы зейнетақы қорынан екіншісіне аудару кезеңінде жасасқан кезде бірыңғай тізімге енгізуден бас тартады.";
      мынадай мазмұндағы 6, 7-тармақтармен толықтырылсын:
      "6. Орталық жинақтаушы зейнетақы қорларынан алынған, осы Ереженің 2 және 2-1-тармақтарында белгіленген мәліметтердің негізінде Міндетті зейнетақы жарналары есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарттар туралы мәліметтердің бірыңғай тізімге енгізілгені немесе енгізілмегені туралы хаттаманы (бұдан әрі - Хаттама) жинақтаушы зейнетақы қорларына жібереді.
      Міндетті зейнетақы жарналары есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарттар туралы мәліметтерді осы Ережеде көзделген негіздемелер бойынша бірыңғай тізімге енгізуден бас тартқан жағдайда, Хаттама міндетті зейнетақы жарналары есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы енгізілмеген шарттар туралы ақпаратты қамтуға тиіс (енгізілмеу себебін көрсете отырып).
      7. Орталық ай сайын жинақтаушы зейнетақы қорларының міндетті зейнетақы жарналары есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарттарды жандандырудың осы Ереженің 3-тармағында белгіленген мерзімдерін бұзуы анықталған фактілер туралы қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалауды жүзеге асырушы уәкілетті органды хабардар етеді.";
      Ережеге қосымшада "қосымша" деген сөздің алдынан "1-" деген санмен толықтырылсын;
      осы қаулыға қосымшаға сәйкес 2-қосымшамен толықтырылсын;
      көрсетілген қаулымен бекітілген Жинақтаушы зейнетақы қорларының электронды құжат айналымын пайдалана отырып, Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталыққа салымшылармен (алушылармен) міндетті зейнетақы жарналары есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы жасалған және қолданылуы тоқтатылған шарттар туралы мәліметтерді ұсыну ережесінде:
      1-тармақта:
      "операциялық" деген сөз "жұмыс" деген сөзбен ауыстырылсын;
      "txt кеңейтудегі" деген сөздер алып тасталсын;
      3-тармақтағы "18 сағатынан" деген сөздер "23 сағат 30 минутынан" деген сөздермен ауыстырылсын;
      4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "4. Орталық мәліметтер келіп түскен күннен бастап келесі жұмыс күні ішінде жинақтаушы зейнетақы қорына осы мәліметтердің Орталыққа келіп түскені туралы куәландыратын электронды хабарлама және Міндетті зейнетақы жарналары есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарттар туралы мәліметтердің бірыңғай тізімге енгізілгені немесе енгізілмегені туралы хаттама жібереді.";
      көрсетілген Ережеге қосымшада:
      Ескертуде:
      мынадай мазмұндағы екінші абзацпен толықтырылсын:
      "13, 14, 15-бағандар міндетті зейнетақы жарналары есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарт жасау кезінде толтырылуға міндетті";
      екінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
      "16, 17-бағандар міндетті зейнетақы жарналары есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарт қолданылуын тоқтатқан кезде толтырылуға міндетті".
      2. Осы қаулы 2009 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілетін 1-тармақтың 1) тармақшасының алтыншы абзацын қоспағанда, алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                             К. Мәсімов

Қазақстан Республикасы 
Үкіметінің      
2009 жылғы 28 қаңтардағы
N 72 қаулысына    
қосымша       

      Міндетті зейнетақы жарналары бойынша   
      салымшылардың (алушылардың) дерекқорын,  
      міндетті зейнетақы жарналары есебінен   
зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарт  
жасасқан жеке тұлғалардың бірыңғай    
тізімін қалыптастыру ережесіне     
      2-қосымша                  

200 жылғы "___"____________________
      _____________________________________________________________
жинақтаушы зейнетақы қорының атауы

Орталыққа жіберетін қолданылуы тоқтатылған міндетті зейнетақы жарналары есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарттар туралы мәліметтер

Тегі

Аты

Әкесінің аты

Салымшының (алушының) жынысы

Туған
күні

ӘЖК

СТН

Жеке басын куәландыратын құжаттың деректері

Жасалған міндетті зейнетақы жарналары есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарт туралы мәліметтер

Салымшының (алымшының) ЖЗШ туралы мәліметтер

Зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарттың қолданылуы тоқтатылған және жеке зейнетақы шотының жабылған күні

Зейнетақымен
қамсыздандыру
туралы шарттың
қолданылуының
тоқтатылу
себебі

ӘЖК тіркеу сәтіндегі

Қазіргі деректері

ӘЖК тіркеу сәтіндегі

Қазіргі деректері

ӘЖК тіркеу сәтіндегі

Қазіргі деректері

ЖЖЖ Ж
ААКК

Нөмірі

Берілген күні
ЖЖЖЖ
ААКК

Нөмірі

Жасалған күні
ЖЖЖЖ
АА КК

Ашылған күні ЖЖЖЖ
АА КК

ЖЖЖЖ
ААКК

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

13

14

15

16

17

      Ескертпе:
      1, 2, 3, 4, 5, 6-бағандарда ӘЖК тіркеу сәтіндегі және ағымдағы уақыттағы тиісті мәліметтер қамтылуға тиіс.
      13, 14, 15-бағандары міндетті зейнетақы жарналарының есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарт жасау кезінде толтырылуға міндетті.
      16, 17-бағандарда міндетті зейнетақы жарналары есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарттың қолданылуын тоқтатудың себебіне қарай тиісті белгі болуға тиіс:
      1 - зейнеткерлік жас: ер адамдар 63 жасқа, әйелдер 58 жасқа толуына байланысты зейнетақы жинақтарының бүкіл сомасын төлеу;
      2 - төтенше немесе ең жоғары радиациялық қатер аймағында тұратын адамдардың зейнеткерлік жасқа толуына байланысты зейнетақы жинақтарының бүкіл сомасын төлеу;
      3-5 және одан да көп бала тәрбиелеген әйелдердің зейнеткерлік жасқа толуына байланысты зейнетақы жинақтарының бүкіл сомасын төлеу;
      4 - Орталықтан еңбек сіңірген жылдары үшін әскери қызметшілерге, ішкі істер органдарының және Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің, қаржы полициясы мен мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдарының арнайы атақтар берілген және Қазақстан Республикасы заңнамасында ішкі істер органдарының қызметкерлері үшін белгіленген тәртіп қолданылатын қызметкерлеріне:
      1) 1998 жылғы 1 қаңтарға дейін;
      2) арнайы атақтар берілген және Қазақстан Республикасының заңнамасында ішкі істер органдарының қызметкерлері үшін белгіленген тәртіп қолданылатын әскери қызмет, ішкі істер органдарындағы, Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Қылмыстық-атқару жүйесі комитетіндегі, қаржы полициясы мен мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдарындағы қызмет стажы 1998 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша он жыл және одан да көп болған жағдайда толық көлемде зейнетақы төлемдері тағайындалуына байланысты зейнетақы жинақтарының бүкіл сомасын төлеу;
      5 - егер мүгедектігі шектеусіз белгіленген болса, I және II топтағы мүгедектік белгіленуіне байланысты зейнетақы жинақтарының бүкіл сомасын төлеу;
      6 - Қазақстан Республикасынан тыс жерге тұрақты тұруға кетуіне байланысты зейнетақы жинақтарының бүкіл сомасын төлеу;
      7 - салымшының (алушының) зейнетақы жинақтарының басқа жинақтаушы зейнетақы қорына аударылуына байланысты;
      8 - салымшының (алушының) зейнетақы жинақтарының сақтандыру ұйымына аударылуына байланысты;
      9 - алушының қайтыс болуына байланысты мұрагеріне(леріне) зейнетақы жинақтарының бүкіл сомасын төлеу;
      10 - алушының қайтыс болуына байланысты зейнетақы жинақтарының бүкіл сомасын жерлеуге төлеу;
      11 - Қазақстан Республикасының зейнетақымен қамсыздандыру туралы бұрын қолданылған заңнамасы бойынша зейнетақы жинақтарының бүкіл сомасын төлеу.