"Тілдерді қолдану мен дамытудың 2001 - 2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2001 жылғы 7 ақпандағы N 550
Жарлығын
іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі
ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Тілдерді қолдану мен дамытудың 2001 - 2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру жөніндегі 2009 - 2010 жылдарға арналған іс-шаралар
жоспары
(бұдан әрі - Жоспар) бекітілсін.
2. Жергілікті атқарушы органдардың басшылары бір ай мерзімде Тілдерді қолдану мен дамытудың 2001 - 2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру жөніндегі 2009 - 2010 жылдарға арналған өңірлік іс-шаралар жоспарын әзірлесін және бекітсін.
3. Орталық және жергілікті атқарушы органдардың басшылары Жоспарда белгіленген іс-шаралардың іске асырылуын қамтамасыз етсін және Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігіне жыл сайын, 20 маусым мен 20 желтоқсаннан кешіктірмей, Жоспар іс-шараларының орындалуы туралы ақпарат берсін.
4. Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі Қазақстан Республикасының Үкіметіне жыл сайын, 30 маусым мен 30 желтоқсаннан кешіктірмей, Жоспар іс-шараларының орындалуы туралы жиынтық ақпарат берсін.
5. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігіне жүктелсін.
6. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі К. Мәсімов
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2008 жылғы 24 желтоқсандағы
N 1246 қаулысымен
бекітілген
Тілдерді қолдану мен дамытудың 2001 - 2010 жылдарға арналған
мемлекеттік бағдарламасын іске асыру жөніндегі 2009 - 2010
жылдарға арналған іс-шаралар жоспары
Р/с N |
Іс-шаралар |
Аяқталу нысаны |
Орындауға жауаптылар |
Орындалу мерзімі |
Болжамды шығыстар, (мың тг.) |
Қаржыландыру көзі |
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
6 |
7 |
Мемлекеттік басқару, заң шығару, іс қағаздарын жүргізу
|
||||||
1. |
Қазақстан Республикасының көрнекі ақпаратының жай-күйін зерделеу бойынша әлеуметтанушылық зерттеулер жүргізу |
Бұйрық Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат |
МАМ |
2009 жылғы
|
Барлығы:
|
Республикалық бюджет |
2. |
Халықаралық қызметте, мемлекеттік басқару саласында, прокуратура, қорғаныс органдарында, Қарулы Күштер мен құқық қорғау органдарында мемлекеттік тілдің қолданылуын қамтамасыз ету |
МАМ-ға ақпарат |
БП (келісім бойынша)
|
Жыл сайын
|
Талап етілмейді |
|
3. |
Мемлекеттік қызметшілерге қазақ тілін оқытуды ұйымдастыру |
МАМ-ға ақпарат |
Орталық атқарушы органдар |
Жыл сайын
|
Барлығы: 641 168
|
Республикалық бюджет |
Білім беру және тілдерді оқыту саласындағы тілдік дамыту |
||||||
4. |
Жалпы білім беретін мектептерге ағылшын тілінің шетелдік оқытушыларын тартуды қамтамасыз ету |
МАМ-ға ақпарат |
БҒМ (жинақтау)
|
Жыл сайын
|
Барлығы:
|
Жергілікті бюджет |
5. |
Қазақ тілін білу деңгейін бағалау бойынша ҚАЗТЕСТ жүйесін жетілдіру |
МАМ-ға ақпарат |
БҒМ |
Жыл сайын
|
Барлығы:
|
Республикалық бюджет |
6. |
Қазақ тілінің мұғалімдерін даярлауды қамтамасыз ету |
МАМ-ға ақпарат |
БҒМ |
Жыл сайын
|
Барлығы:
|
Республикалық бюджет |
7. |
Қазақ тілінде балаларға арналған анимациялық және көркем фильмдер шығару |
Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат |
МАМ |
Жыл сайын
|
Барлығы:
|
Республикалық бюджет |
8. |
Республикалық ұлттық-мәдени бірлестіктердің жексенбілік мектептерінде мемлекеттік тілді оқыту курстарын ұйымдастыруды қамтамасыз ету |
Бұйрық
|
МАМ |
Жыл сайын
|
Барлығы:
|
Республикалық бюджет |
9. |
Ұлттық-мәдени бірлестіктердің жексенбілік мектептері арқылы ұлттық тілдерді дамытуға мемлекеттік қолдау көрсету |
Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат |
МАМ |
Жыл сайын
|
Барлығы:
|
Республикалық бюджет |
10. |
Мемлекеттік тілді оқытудың жаңа, баламалы, неғұрлым жетілдірілген, сапалы бағдарламаларын әзірлеуді және жасауды жүзеге асыратын мамандарды ынталандыру жөнінде іс-шаралар өткізу |
Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат |
МАМ |
Жыл сайын
|
Барлығы:
|
Республикалық бюджет |
Тілдік дамуды ғылыми қамтамасыз ету |
||||||
11. |
Мемлекеттік қызметшілерге қазақ және ағылшын тілдерін жеделдетіп оқытуға арналған жалпы пайдаланылатын қағидалық сөздіктер, оқулықтар, оқу бағдарламалары мен жоспарлар, әдістемелік құралдар, интерактивті оқыту жүйесін, инновациялық-әдістемелік бейнесабақтар әзірлеу және шығару |
Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат |
МАМ |
Жыл сайын
|
Барлығы:
|
Республикалық бюджет |
12. |
Қазақстан Республикасының ономастикалық атауларын ретке келтіру жөніндегі жұмыстарды жетілдіру |
Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат |
МАМ |
Жыл сайын
|
Барлығы:
|
Республикалық бюджет |
13. |
Мектеп жасына дейінгі балаларға қазақ тілін үйретуге ықпал ететін "Балапан" көркем журналын шығаруды жалғастыру |
Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат |
МАМ |
Жыл сайын
|
Барлығы:
|
Республикалық бюджет |
14. |
Мемлекеттік және Қазақстан халқының басқа да тілдерін дамыту проблемалары бойынша әлеуметтанушылық зерттеулер жүргізу |
Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат |
МАМ |
Жыл сайын
|
Барлығы:
|
Республикалық бюджет |
15. |
Тілдерді дамытудың өзекті проблемалары, тілдік орта құру, қазақ терминологиясын жасау, көне түрік жазбалары күндерін өткізу жөнінде республикалық (өңірлік) ғылыми-практикалық конференциялар, семинар-кеңестер, конференциялар, "дөңгелек үстелдер" өткізу |
Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат |
МАМ |
Жыл сайын
|
Барлығы:
|
Республикалық бюджет |
16. |
"Тілдарын" республикалық олимпиадасын өткізу |
Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат |
МАМ |
Жыл сайын 30 желтоқсан |
Барлығы:
|
Республикалық бюджет |
17. |
Славян жазбалары күндерін өткізу |
Бұйрық
|
МАМ |
Жыл сайын
|
Барлығы:
|
Республикалық бюджет |
18. |
Мемлекеттік тіл саясатын одан әрі жетілдіру жөніндегі комиссиясының жұмысын жалғастыру |
Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат |
МАМ |
Жыл сайын
|
Талап етілмейді |
|
19. |
Қазақстан Республикасының Үкіметі жанындағы Мемлекеттік терминология және ономастика комиссияларының бюллетеньдерін шығаруды жалғастыру |
Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат |
МАМ |
Жыл сайын
|
Барлығы:
|
Республикалық бюджет |
20. |
Қазақстан Республикасының Үкіметі жанындағы Мемлекеттік терминология және ономастика комиссияларының жұмысын қамтамасыз ету |
Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат |
МАМ |
Жыл сайын
|
Барлығы:
|
Республикалық бюджет |
21. |
Мемлекеттік терминология комиссиясы жанындағы 30 салалық бағыт бойынша жұмыс топтарының іс-шараларын қамтамасыз ету |
Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат |
МАМ |
Жыл сайын
|
Барлығы:
|
Республикалық бюджет |
22. |
Мемлекеттік тілде топографиялық карталарды дайындау және шығару |
МАМ-ға ақпарат |
ЖРА |
Жыл сайын
|
Барлығы:
|
Республикалық бюджет |
23. |
Тілдерді дамыту, терминология және ономастика мәселелері бойынша тұрақты түрде жұмыс істейтін сараптамалық топтың отырыстарын өткізу |
Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат |
МАМ |
Жыл сайын
|
Барлығы:
|
Республикалық бюджет |
24. |
"Тіл және қоғам" альманахын шығаруды қамтамасыз ету |
Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат |
МАМ |
Жыл сайын
|
Барлығы:
|
Республикалық бюджет |
Мәдениет пен бұқаралық ақпарат құралдары, сондай-ақ денсаулық
|
||||||
25. |
Қазақстан халқы тілдерінің ХІ-ХІІ республикалық фестивалін өткізу |
Бұйрық Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат |
МАМ облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдері |
жыл сайын
|
Барлығы:
|
Республикалық бюджет |
26. |
"Мемлекеттік тіл және БАҚ" республикалық конкурсын өткізу |
Бұйрық Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат |
МАМ |
Жыл сайын
|
Барлығы:
|
Республикалық бюджет |
27. |
Мемлекеттік және Қазақстан халқы тілдерін насихаттау бойынша республикалық конкурстар өткізу |
Бұйрық Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат |
МАМ |
Жыл сайын
|
Барлығы:
|
Республикалық бюджет |
28. |
Мемлекеттік тілді оқытуға бағытталған теле-, радиохабарлар қазақ тілінде жастарға, балаларға арналған бірегей бағдарламалар дайындауды және трансляциялауды қамтамасыз ету |
Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат |
МАМ |
Жыл сайын
|
Барлығы:
|
Республикалық бюджет |
29. |
Этникалық мерзімді басылымдарда мемлекеттік тілді оқытуға бағытталған арнайы жолдар ашуды және оның жұмыс істеуін қамтамасыз ету |
Қазақстан Республикасы ның Үкіметіне ақпарат |
МАМ |
Жыл сайын
|
Барлығы:
|
Республикалық бюджет |
30. |
Әлеуметтік маңызды әдебиет түрлерін басып шығаруды қамтамасыз ету |
Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат |
МАМ |
Жыл сайын
|
Барлығы:
|
Республикалық бюджет |
31. |
"Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік тіл саясаты" атты жарнамалық-имидждік (әлеуметтік) роликтер жасауды және эфирге шығаруды қамтамасыз ету |
Бұйрық Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат |
МАМ |
Жыл сайын
|
Барлығы:
|
Республикалық бюджет |
32. |
Ақпараттандыру және байланыс, көлік және коммуникация, сауда, денсаулық сақтау, тұрмыстық қызмет көрсету, анықтамалық-ақпараттық қызмет салаларында мемлекеттік тілдің қолданылуын қамтамасыз ету |
МАМ-ға ақпарат |
АБА, ККМ, ИСМ, ДСМ, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдері |
Жыл сайын
|
Талап етілмейді |
|
33. |
Мемлекеттік тілді және Қазақстан халқының тілдерін дамытудың ақпараттық жүйесін қамтамасыз ету жөніндегі жұмысты жалғастыру |
Бұйрық Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат |
МАМ |
Жыл сайын
|
Барлығы:
|
Республикалық бюджет |
34. |
Халықаралық тәжірибені жүйелі зерделеу және Қазақстанға енгізу үшін Қазақстанның ЕО елдерімен тіл саясаты саласындағы халықаралық ынтымақтастық орталығын құру |
Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат |
МАМ, СІМ |
2009 жылғы
|
Барлығы:
|
Республикалық бюджет |
|
|
|
|
|
2009 ж. -
|
|
2010 ж. -
|
||||||
|
Барлығы: |
|
|
|
9 830 040 |
|
Ескерту:
Аббревиатуралардың толық жазылуы:
ЖРА - Қазақстан Республикасы Жер ресурстарын басқару агенттігі
АБА - Қазақстан Республикасы Ақпараттандыру және байланыс агенттігі
БП - Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасы
ІІМ - Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі
ДСМ - Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі
СІМ - Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі
ИСМ - Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігі
МАМ - Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі
Қорғанысмині - Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі
БҒМ - Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
ККМ - Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі