Тілдерді қолдану мен дамытудың 2001 - 2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру жөніндегі 2009 - 2010 жылдарға арналған іс-шаралар жоспары туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 24 желтоқсандағы N 1246 Қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 1 шілдедегі № 747 Қаулысымен

Күшін жойған

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2011.07.01 № 747 Қаулысымен

      "Тілдерді қолдану мен дамытудың 2001 - 2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2001 жылғы 7 ақпандағы N 550 Жарлығын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қоса беріліп отырған Тілдерді қолдану мен дамытудың 2001 - 2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру жөніндегі 2009 - 2010 жылдарға арналған іс-шаралар жоспары (бұдан әрі - Жоспар) бекітілсін.
      2. Жергілікті атқарушы органдардың басшылары бір ай мерзімде Тілдерді қолдану мен дамытудың 2001 - 2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру жөніндегі 2009 - 2010 жылдарға арналған өңірлік іс-шаралар жоспарын әзірлесін және бекітсін.
      3. Орталық және жергілікті атқарушы органдардың басшылары Жоспарда белгіленген іс-шаралардың іске асырылуын қамтамасыз етсін және Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігіне жыл сайын, 20 маусым мен 20 желтоқсаннан кешіктірмей, Жоспар іс-шараларының орындалуы туралы ақпарат берсін.
      4. Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі Қазақстан Республикасының Үкіметіне жыл сайын, 30 маусым мен 30 желтоқсаннан кешіктірмей, Жоспар іс-шараларының орындалуы туралы жиынтық ақпарат берсін.
      5. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігіне жүктелсін.
      6. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                               К. Мәсімов

      Қазақстан Республикасы 
      Үкіметінің      
      2008 жылғы 24 желтоқсандағы
      N 1246 қаулысымен   
      бекітілген      

Тілдерді қолдану мен дамытудың 2001 - 2010 жылдарға арналған
  мемлекеттік бағдарламасын іске асыру жөніндегі 2009 - 2010
              жылдарға арналған іс-шаралар жоспары      

Р/с N Іс-шаралар Аяқталу нысаны Орындауға жауаптылар Орындалу мерзімі Болжамды шығыстар, (мың тг.) Қаржыландыру көзі
1 2 3 4 5 6 7
Мемлекеттік басқару, заң шығару, іс қағаздарын жүргізу
салаларында, Қарулы Күштер мен құқық қорғау органдарында,
халықаралық қызметте мемлекеттік тілді дамыту

1.

Қазақстан Республикасының көрнекі ақпаратының жай-күйін зерделеу бойынша әлеуметтанушылық зерттеулер жүргізу

Бұйрық Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат

МАМ

2009 жылғы
30 маусым

Барлығы:
3000
оның ішінде:
2009 ж. - 3 000

Республикалық бюджет

2.

Халықаралық қызметте, мемлекеттік басқару саласында, прокуратура, қорғаныс органдарында, Қарулы Күштер мен құқық қорғау органдарында мемлекеттік тілдің қолданылуын қамтамасыз ету

МАМ-ға ақпарат

БП (келісім бойынша)
Қорғанысмині, ІІМ, СІМ

Жыл сайын
20 маусым,
20 желтоқсан

Талап етілмейді



3.

Мемлекеттік қызметшілерге қазақ тілін оқытуды ұйымдастыру

МАМ-ға ақпарат

Орталық атқарушы органдар

Жыл сайын
20 маусым,
20 желтоқсан

Барлығы: 641 168
оның ішінде:
2009 ж. - 315 095
2010 ж. - 326 073

Республикалық бюджет 

Білім беру және тілдерді оқыту саласындағы тілдік дамыту

4.

Жалпы білім беретін мектептерге ағылшын тілінің шетелдік оқытушыларын тартуды қамтамасыз ету

МАМ-ға ақпарат

БҒМ (жинақтау)
облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдері

Жыл сайын
20 маусым,
20 желтоқсан

Барлығы:
4 126 720
оның ішінде:
2009 ж. - 2 063 360
2010 ж. - 326 360

Жергілікті бюджет

5.

Қазақ тілін білу деңгейін бағалау бойынша ҚАЗТЕСТ жүйесін жетілдіру

МАМ-ға ақпарат

БҒМ

Жыл сайын
20 маусым,
20 желтоқсан

Барлығы:
96 811
оның ішінде:
2009 ж. -
45 845
2010 ж. -
50 966

Республикалық бюджет

6.

Қазақ тілінің мұғалімдерін даярлауды қамтамасыз ету

МАМ-ға ақпарат

БҒМ

Жыл сайын
20 маусым,
20 желтоқсан

Барлығы:
261 612
оның ішінде:
2009 ж. -
118 352
2010 ж. -
143 260

Республикалық бюджет

7.

Қазақ тілінде балаларға арналған анимациялық және көркем фильмдер шығару

Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат

МАМ

Жыл сайын
30 маусым,
30 желтоқсан

Барлығы:
424 000
оның ішінде:
2009 ж. -
212 000
2010 ж. - 212 000

Республикалық бюджет

8.

Республикалық ұлттық-мәдени бірлестіктердің жексенбілік мектептерінде мемлекеттік тілді оқыту курстарын ұйымдастыруды қамтамасыз ету

Бұйрық
Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат

МАМ

Жыл сайын
30 маусым,
30 желтоқсан

Барлығы:
20 278
оның ішінде:
2009 ж.-
9 749
2010 ж.-
10 529

Республикалық бюджет

9.

Ұлттық-мәдени бірлестіктердің жексенбілік мектептері арқылы ұлттық тілдерді дамытуға мемлекеттік қолдау көрсету

Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат

МАМ

Жыл сайын
30 маусым,
30 желтоқсан

Барлығы:
26 898
оның ішінде:
2009 ж. -
12 932
2010 ж. - 13 966

Республикалық бюджет

10.

Мемлекеттік тілді оқытудың жаңа, баламалы, неғұрлым жетілдірілген, сапалы бағдарламаларын әзірлеуді және жасауды жүзеге асыратын мамандарды ынталандыру жөнінде іс-шаралар өткізу

Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат

МАМ

Жыл сайын
30 желтоқсан

Барлығы:
13 175
оның ішінде:
2009 ж. -
6 334  2010 ж. -
6 841

Республикалық бюджет

Тілдік дамуды ғылыми қамтамасыз ету

11.

Мемлекеттік қызметшілерге қазақ және ағылшын тілдерін жеделдетіп оқытуға арналған жалпы пайдаланылатын қағидалық сөздіктер, оқулықтар, оқу бағдарламалары мен жоспарлар, әдістемелік құралдар, интерактивті оқыту жүйесін, инновациялық-әдістемелік бейнесабақтар әзірлеу және шығару

Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат

МАМ

Жыл сайын
30 маусым,
30 желтоқсан

Барлығы:
757 469
оның ішінде:
2009 ж. -
419 440
2010 ж. - 338 029

Республикалық бюджет

12.

Қазақстан Республикасының ономастикалық атауларын ретке келтіру жөніндегі жұмыстарды жетілдіру

Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат

МАМ

Жыл сайын
30 маусым,
30 желтоқсан

Барлығы:
49 338
оның ішінде:
2009 ж.-
23 720
2010 ж.- 25 618

Республикалық бюджет

13.

Мектеп жасына дейінгі балаларға қазақ тілін үйретуге ықпал ететін "Балапан" көркем журналын шығаруды жалғастыру

Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат

МАМ

Жыл сайын
30 маусым,
30 желтоқсан

Барлығы:
16 286
оның ішінде:
2009 ж. -
7 830  2010 ж. -
8 456

Республикалық бюджет

14.

Мемлекеттік және Қазақстан халқының басқа да тілдерін дамыту проблемалары бойынша әлеуметтанушылық зерттеулер жүргізу

Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат

МАМ

Жыл сайын
30 маусым,
30 желтоқсан

Барлығы:
7 887  оның ішінде:
2009 ж. -
3 792  2010 ж. -
4 095

Республикалық бюджет

15.

Тілдерді дамытудың өзекті проблемалары, тілдік орта құру, қазақ терминологиясын жасау, көне түрік жазбалары күндерін өткізу жөнінде республикалық (өңірлік) ғылыми-практикалық конференциялар, семинар-кеңестер, конференциялар, "дөңгелек үстелдер" өткізу

Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат

МАМ

Жыл сайын
30 маусым,
30 желтоқсан

Барлығы:
88 577
оның ішінде:
2009 ж. - 42 585
2010 ж. - 45 992

Республикалық бюджет

16.

"Тілдарын" республикалық олимпиадасын өткізу

Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат

МАМ

Жыл сайын 30 желтоқсан

Барлығы:
3 975
оның ішінде:
2009 ж. -
1911
2010 ж. -
2 064

Республикалық бюджет

17.

Славян жазбалары күндерін өткізу

Бұйрық
Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат

МАМ

Жыл сайын
30 маусым

Барлығы:
4310
оның ішінде:
2009 ж. -
2 072
2010 ж. -
2 238

Республикалық бюджет

18.

Мемлекеттік тіл саясатын одан әрі жетілдіру жөніндегі комиссиясының жұмысын жалғастыру

Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат

МАМ

Жыл сайын
30 маусым,
30 желтоқсан

Талап етілмейді


19.

Қазақстан Республикасының Үкіметі жанындағы Мемлекеттік терминология және ономастика комиссияларының бюллетеньдерін шығаруды жалғастыру

Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат

МАМ

Жыл сайын
30 маусым,
30 желтоқсан

Барлығы:
7 752
оның ішінде:
2009 ж. -
3 727
2010 ж. - 4 025

Республикалық бюджет

20.

Қазақстан Республикасының Үкіметі жанындағы Мемлекеттік терминология және ономастика комиссияларының жұмысын қамтамасыз ету

Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат

МАМ

Жыл сайын
30 маусым,
30 желтоқсан

Барлығы:
4 786
оның ішінде:
2009 ж. -
2 301
2010 ж. -
2 485

Республикалық бюджет

21.

Мемлекеттік терминология комиссиясы жанындағы 30 салалық бағыт бойынша жұмыс топтарының іс-шараларын қамтамасыз ету

Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат

МАМ

Жыл сайын
30 маусым,
30 желтоқсан

Барлығы:
41 732
оның ішінде:
2009 ж. -
20 544
2010 ж. -
21 188

Республикалық бюджет

22.

Мемлекеттік тілде топографиялық карталарды дайындау және шығару

МАМ-ға ақпарат

ЖРА

Жыл сайын
20 маусым,
20 желтоқсан

Барлығы:
581 410
оның
ішінде:
2009 ж. -
278 187
2010 ж. -
303 223

Республикалық бюджет

23.

Тілдерді дамыту, терминология және ономастика мәселелері бойынша тұрақты түрде жұмыс істейтін сараптамалық топтың отырыстарын өткізу

Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат

МАМ

Жыл сайын
30 маусым,
30 желтоқсан

Барлығы:
1 565
оның
ішінде:
2009 ж. -
753
2010 ж. -
812

Республикалық бюджет

24.

"Тіл және қоғам" альманахын шығаруды қамтамасыз ету

Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат

МАМ

Жыл сайын
30 маусым,
30 желтоқсан

Барлығы:
11434
оның ішінде:
2009 ж. -
5 497
2010 ж. -
5 937

Республикалық бюджет

Мәдениет пен бұқаралық ақпарат құралдары, сондай-ақ денсаулық
сақтау және халыққа қызмет көрсету салаларында тілдік дамыту

25.

Қазақстан халқы тілдерінің ХІ-ХІІ республикалық фестивалін өткізу

Бұйрық Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат

МАМ облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдері

жыл сайын
30 желтоқсан

Барлығы:
13 670
оның ішінде:
2009 ж. -
6 572
2010 ж. -
7 098

Республикалық бюджет

26.

"Мемлекеттік тіл және БАҚ" республикалық конкурсын өткізу

Бұйрық Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат

МАМ

Жыл сайын
30 маусым

Барлығы:
13 139
оның ішінде:
2009 ж. -
6 317
2010 ж.
- 6 822

Республикалық бюджет

27.

Мемлекеттік және Қазақстан халқы тілдерін насихаттау бойынша республикалық конкурстар өткізу

Бұйрық Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат

МАМ

Жыл сайын
30 маусым,
30 желтоқсан

Барлығы:
83 200
оның ішінде:
2009 ж. -
40 000
2010 ж. -
43 200

Республикалық бюджет

28.

Мемлекеттік тілді оқытуға бағытталған теле-, радиохабарлар қазақ тілінде жастарға, балаларға арналған бірегей бағдарламалар дайындауды және трансляциялауды қамтамасыз ету

Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат

МАМ

Жыл сайын
30 маусым,
30 желтоқсан

Барлығы:
601 990
оның ішінде:
2009 ж. -
302 495
2010 ж. -
299 495

Республикалық бюджет

29.

Этникалық мерзімді басылымдарда мемлекеттік тілді оқытуға бағытталған арнайы жолдар ашуды және оның жұмыс істеуін қамтамасыз ету

Қазақстан Республикасы ның Үкіметіне ақпарат

МАМ

Жыл сайын
30 маусым,
30 желтоқсан

Барлығы:
27 000
оның ішінде:
2009 ж. - 12 000
2010 ж. -
15 000

Республикалық бюджет

30.

Әлеуметтік маңызды әдебиет түрлерін басып шығаруды қамтамасыз ету

Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат

МАМ

Жыл сайын
30 маусым,
30 желтоқсан

Барлығы:
1 467 559
оның ішінде:
2009 ж. - 705 557
2010 ж. - 762 002

Республикалық бюджет

31.

"Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік тіл саясаты" атты жарнамалық-имидждік (әлеуметтік) роликтер жасауды және эфирге шығаруды қамтамасыз ету

Бұйрық Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат

МАМ

Жыл сайын
30 желтоқсан

Барлығы:
6 843
оның ішінде:
2009 ж. -
3290
2010 ж. -
3 553

Республикалық бюджет

32.

Ақпараттандыру және байланыс, көлік және коммуникация, сауда, денсаулық сақтау, тұрмыстық қызмет көрсету, анықтамалық-ақпараттық қызмет салаларында мемлекеттік тілдің қолданылуын қамтамасыз ету

МАМ-ға ақпарат

АБА, ККМ, ИСМ, ДСМ, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдері

Жыл сайын
20 маусым,
20 желтоқсан

Талап етілмейді



33.

Мемлекеттік тілді және Қазақстан халқының тілдерін дамытудың ақпараттық жүйесін қамтамасыз ету жөніндегі жұмысты жалғастыру

Бұйрық Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат

МАМ

Жыл сайын
30 маусым,
30 желтоқсан

Барлығы:
355 147
оның ішінде:
2009 ж. -
355 147

Республикалық бюджет

34.

Халықаралық тәжірибені жүйелі зерделеу және Қазақстанға енгізу үшін Қазақстанның ЕО елдерімен тіл саясаты саласындағы халықаралық ынтымақтастық орталығын құру

Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат

МАМ, СІМ

2009 жылғы
30 желтоқсан

Барлығы:
71 309
оның ішінде:
2009 ж. -
35 909
2010 ж. -
35 400

Республикалық бюджет






2009 ж. -
5 066 313

2010 ж. -
4 763 727

Барлығы:




9 830 040

Ескерту:
Аббревиатуралардың толық жазылуы:

ЖРА        - Қазақстан Республикасы Жер ресурстарын басқару агенттігі
АБА        - Қазақстан Республикасы Ақпараттандыру және байланыс                   агенттігі
БП         - Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасы
ІІМ        - Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі
ДСМ        - Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі
СІМ        - Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі
ИСМ        - Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігі
МАМ        - Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі
Қорғанысмині - Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі
БҒМ        - Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
ККМ        - Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация                        министрлігі