Өңірлік саясат мәселелері жөнінде ведомствоаралық комиссия құру туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 24 желтоқсандағы N 1239 Қаулысы

Жаңартылған

      Қазақстан Республикасы Президентінің 2006 жылғы 28 тамыздағы N 167 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі аумақтық даму стратегиясында көзделген шараларды тиімді іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Осы қаулыға 1-қосымшаға сәйкес құрамда Өңірлік саясат мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссия құрылсын.
      2. Қоса беріліп отырған Өңірлік саясат мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссия туралы ереже бекітілсін.
      3. Осы қаулыға 2-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.
      4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                    К. Мәсімов

                                           Қазақстан Республикасы
                                                 Үкіметінің
                                         2008 жылғы 24 желтоқсандағы
                                              N 1239 қаулысына
                                                  1-қосымша

      РҚАО-ның ескертпесі!
      Құрамға өзгерту енгізу көзделген - ҚР Үкіметінің 2010.06.18 № 612 Қаулысымен (жариялануға жатпайды).

      Ескерту. 1-қосымшаға өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2009.09.02. N 1297 Қаулысымен.

     Өңірлік саясат мәселелері жөніндегі ведомствоаралық
                    комиссияның құрамы

Шөкеев                  - Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің
Өмірзақ Естайұлы          бірінші орынбасары, төраға

Сұлтанов                - Қазақстан Республикасының Экономика және
Бақыт Тұрлыханұлы         бюджеттік жоспарлау министрі, төрағаның
                          орынбасары

Ермекова                - Қазақстан Республикасы Экономика және
Несіпбала Әбсағитқызы     бюджеттік жоспарлау министрлігі Өңірлік
                          саясат және бюджетаралық қатынастар
                          департаментінің директоры, хатшы

Коржова                 - Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің
Наталья Артемовна         жауапты хатшысы

Бекетаев                - Қазақстан Республикасының Әділет
Марат Бақытжанұлы         вице-министрі

Көтербеков              - Қазақстан Республикасының Көлік және
Дулат Қазистайұлы         коммуникация вице-министрі     

Мамытбеков              - Қазақстан Республикасының Индустрия және
Еділ Құламқадырұлы        сауда вице-министрі

Оразаев                 - Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы
Марат Әбілахатұлы         вице-министрі

Тұрғанов                - Қазақстан Республикасының Энергетика және
Дүйсенбай Нұрбайұлы       минералдық ресурстар вице-министрі

Өскенбаев               - Қазақстан Республикасының Туризм және спорт
Қайырбек Айтбайұлы        вице-министрі     

Шәмшидинова             - Қазақстан Республикасының Білім және ғылым
Күләш Ноғатайқызы         вице-министрі     

Котенко                 - Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің
Наталья Леонидовна        Кеңсесі Әлеуметтік-экономика бөлімінің
                          меңгерушісі

Райымбеков              - Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің
Сайлаухан Ғазизұлы        Кеңсесі Ұйымдастыру-инспекторлық жұмыс және
                          аумақтық даму бөлімінің меңгерушісі     

Тұңғышбеков             - Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы
Санат Тұңғышбекұлы        министрлігі Ауылдық аумақтар істері
                          комитетінің төрағасы     

Омаров                  - Қазақстан Республикасы Статистика агенттігі
Жаслан Ысқақұлы           төрағасының орынбасары

Біртанов                - Қазақстан Республикасының Денсаулық
Елжан Амантайұлы          сақтау вице-министрі

Бөрібаев                - Қазақстан Республикасының Мәдениет және
Асқар Ысмайылұлы          ақпарат вице-министрі

Нұрымбетов              - Қазақстан Республикасының Еңбек және
Біржан Бидайбекұлы        халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі

Сәдуақасова             - Қазақстан Республикасының Қоршаған ортаны
Елдана Мәкінқызы          қорғау вице-министрі

Қазақстан Республикасы 
Үкіметінің        
2008 жылғы 24 желтоқсандағы
N 1239 қаулысымен    
бекітілген        

Өңірлік саясат мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссия туралы ереже 1. Жалпы ережелер

      1. Өңірлік саясат мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссия (бұдан әрі - Комиссия) Қазақстан Республикасы Президентінің 2006 жылғы 28 тамыздағы N 167 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі аумақтық даму стратегиясында (бұдан әрі - Стратегия) көзделген шараларды тиімді іске асыру мақсатында құрылды.
      2. Комиссия Қазақстан Республикасының Үкіметі жанындағы консультативтік-кеңесші орган болып табылады.
      3. Комиссия өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын және Қазақстан Республикасының заңдарын, басқа да нормативтік құқықтық актілерді, сондай-ақ осы Ережені басшылыққа алады.

2. Комиссияның міндеттері мен функциялары

      4. Комиссияның негізгі міндеттері мыналар жөнінде ұсыныстар әзірлеу болып табылады:
      1) өзіне елдегі экономикалық белсенділікті шоғырландыратын және елдің қалған бүкіл аумағы үшін "локомотив" рөлін атқаратын "озық" өсу аймақтарын (өсу полюстерін) қалыптастыруға бағытталған мемлекеттік өңірлік саясатты жетілдіру;
      2) экономикалық және еңбек ресурстарын экономикалық тұрғыдан перспективалы және тыныс-тіршілік үшін қолайлы елдің ұтымды игерілген аудандарымен үйлестіріп шоғырландыру;
      3) нәтижелерге бағдарланған мемлекеттік жоспарлаудың жаңа жүйесін өңірлік деңгейде енгізу;
      4) қолайсыз аумақтардың проблемаларын шешу бойынша ішінара қолдау көрсету.
      5. Өзіне жүктелген міндеттерге сәйкес Комиссияның функциялары мыналар бойынша ұсыныстар әзірлеу болып табылады:
      1) мемлекеттік өңірлік саясатты одан әрі жетілдіру;
      2) елдің және оның өңірлерінің өңірлік және әлемдік экономикада
ұстанымдануының тиімді стратегиясын іске асыру;
      3) ел өңірлерінің бәсекеге қабілетті мамандануын қалыптастыру;
      4) экологиялық қолайсыз аумақтардың тұрғындарын және экологиясын сауықтыру жөніндегі шараларды тиімді іске асыру мақсатында орталық және жергілікті мемлекеттік органдардың, қоғамдық бірлестіктер мен халықаралық ұйымдардың халықаралық сараптамалық-консультативтік және грант көмегін тарту жөніндегі қызметін үйлестіру;
      5) облыстардың, Астана және Алматы қалаларының жергілікті атқарушы органдарының қызметін рейтингілік бағалауды жүргізу;
      6) Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылымының тиімді схемасын қалыптастыру;
      7) Стратегияны, соның ішінде 2015 жылға дейінгі өңірлерді дамыту стратегияларын (бәсекелік стратегияларды) тиімді іске асыру.

3. Комиссияның құқықтары

      6. Комиссия өз міндеттері мен функцияларын жүзеге асыру үшін заңнамада белгіленген тәртіппен:
      1) орталық және жергілікті атқарушы органдардан және өзге де
ұйымдардан Комиссияның міндеттерін іске асыру үшін қажетті материалдарды сұратуға және алуға;
      2) өңірлердегі ахуалды талдау және зерделеу үшін мемлекеттік органдардың және мемлекеттік ғылыми-зерттеу ұйымдарының мамандарын қажеттілігіне қарай тартуға;
      3) Комиссия отырыстарында Комиссияның құзыретіне жататын мәселелер бойынша орталық және жергілікті атқарушы органдар мен өзге де ұйымдардың өкілдерін тыңдауға құқығы бар.

4. Комиссия қызметін ұйымдастыру

      7. Комиссия төрағасы оның қызметіне басшылық жасайды, оның отырыстарында төрағалық етеді, оның жұмысын жоспарлайды, оның шешімдерінің іске асырылуына жалпы бақылауды жүзеге асырады және оның қызметіне жауапты болады. Төраға болмаған уақытта оның функцияларын орынбасары атқарады.
      8. Комиссия хатшысы Комиссия отырысының күн тәртібі бойынша ұсыныстарды, қажетті құжаттарды, материалдарды дайындауды және отырыстан кейін хаттама ресімдеуді жүзеге асырады.
      РҚАО-ның ескертпесі!
      9-тармаққа өзгерту енгізу көзделген - ҚР Үкіметінің 2010.06.18 № 612 Қаулысымен (жариялануға жатпайды).
      9. Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі Комиссияның жұмыс органы болып табылады.
      10. Комиссияның отырыстары оның мүшелерінің кемінде үштен екісі болған жағдайда, қажеттілігіне қарай, бірақ жарты жылда кемінде бір рет өткізіледі.
      11. Комиссия шешімдері ашық дауыспен қабылданады және, егер оларға Комиссия мүшелері жалпы санының көпшілік дауысы берілсе, қабылданды деп есептеледі. Дауыстар тең болған жағдайда төраға дауыс берген шешім қабылданды деп есептеледі.
      Комиссияның отырыстарын өткізудің нәтижелері бойынша хаттама жасалады, оған міндетті түрде оның барлық мүшелері қол қояды.     

5. Комиссияның қызметін тоқтату

      12. Комиссияның қызметін тоқтату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

Қазақстан Республикасы 
Үкіметінің        
2008 жылғы 24 желтоқсандағы
N 1239 қаулысына     
2-қосымша        

Қазақстан Республикасы Үкіметінің күші жойылған кейбір шешімдерінің тізбесі

      1. "Аймақтық саясат мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссияны құру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 28 мамырдағы N 581 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2002 ж., N 15, 163-құжат).
      2. "Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 28 мамырдағы N 581 қаулысына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 14 қарашадағы N 1209 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2002 ж., N 40, 412-құжат).
      3. "Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 28 ақпандағы N 305 және 2002 жылғы 28 мамырдағы N 581 қаулыларына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 17 қазандағы N 1061 қаулысы .
      4. "Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 28 мамырдағы N 581 қаулысына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 3 ақпандағы N 129 қаулысы .
      5. "Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1995 жылғы 29 желтоқсандағы N 1880 және 2002 жылғы 28 мамырдағы N 581 қаулыларына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 22 ақпандағы N 156 қаулысының 1-тармағының 2) тармақшасы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2005 ж., N 9, 84-құжат).
      6. "Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 13 шілдедегі N 668 қаулысының 1-тармағының 2) тармақшасы.
      7. "Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 27 наурыздағы N 233 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістердің 2-тармағы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2007 ж., N 9, 109-құжат).
      8. "Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне және Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің өкімдеріне өзгерістер енгізу және күші жойылды деп тану туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 15 қазандағы N 948 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне және Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің өкіміне енгізілген өзгерістердің 1-тармағы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2007 ж., N 38, 441-құжат).