Қазақстан Республикасының Үкіметі
ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай толықтырулар мен өзгеріс енгізілсін:
1) "Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық дамуының тұрақтылығын қамтамасыз ету жөніндегі бірінші кезектегі іс-қимылдар жоспарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 6 қарашадағы N 1039
қаулысында
(Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2007 ж., N 42, 489-құжат):
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық дамуының тұрақтылығын қамтамасыз ету жөніндегі бірінші кезектегі іс-қимылдар жоспарын іске асыру жөніндегі іс-шаралар
жоспарында
:
"Елдің ипотекалық нарығында тұрақтылықты, үлескерлердің құқықтарын қорғауды және құрылыс объектілерін аяқтауды қамтамасыз ету" деген 3-бөлімде:
реттік нөмірі 20-жолдың 5-бағанында "сәуір-желтоқсан" деген сөздерден кейін ", 2009 жыл" деген сөздермен толықтырылсын;
2) "Тұрғын үй нарығындағы ахуалды тұрақтандыру жөніндегі кейбір шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 16 сәуірдегі N 348
қаулысында
:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігіне Астана қаласының әкіміне пәтерлер сатып алуға аудару үшін Қазақстан Республикасы Үкіметінің шұғыл шығындарға арналған резервінен нысаналы трансферттер түрінде "41000000000 (қырық бір миллиард) теңге, 2008 жылы - 21500000000 (жиырма бір миллиард бес жүз миллион) теңге сомасында қаражат бөлінсін, 2009 жылы 19500000000 (он тоғыз миллиард бес жүз миллион) теңге сомасында қаражат бөлу көзделсін.";
3) "Республикалық және жергілікті бюджеттердің атқарылу ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 20 наурыздағы N 225
қаулысында
:
көрсетілген қаулымен бекітілген Республикалық және жергілікті бюджеттердің атқарылу ережесінде:
"Мемлекеттік мекемелердің міндеттемелерді қабылдауына қойылатын талаптар" деген
13-тарауда
:
86-тармақ мынадай мазмұндағы екінші абзацпен толықтырылсын:
"Қолданыстағы бюджеттік бағдарламаның мақсаттарына қол жеткізуге Қазақстан Республикасы Үкіметінің резервінен қаражат бөлінген жағдайда, екі бюджеттік бағдарлама бойынша шарттар жасасуға рұқсат етіледі".
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі К. Мәсімов