Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 30 қарашадағы N 1274 және 2008 жылғы 2 ақпандағы N 88 қаулыларына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 27 қарашадағы N 1095 Қаулысы

Қолданыстағы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай өзгерістер енгізілсін:
      1) "Қазақстан Республикасының Құқықтық саясат тұжырымдамасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 30 қарашадағы N 1274 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2002 ж., N 43, 434-құжат):
      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының Құқықтық саясат тұжырымдамасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарында:
      реттік нөмірі 94-жол алынып тасталсын;
      2) "Қазақстан Республикасы Үкіметінің заң жобалау жұмыстарының 2008 жылға арналған жоспары туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 2 ақпандағы N 88 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2008 ж., N 4, 46-құжат) мынадай өзгеріс енгізілсін:
      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің заң жобалау жұмыстарының 2008 жылға арналған жоспарында:
      реттік нөмірі 55-жол алынып тасталсын.
      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                  К. Мәсімов