Қазақстан Республикасының Құқықтық саясат тұжырымдамасын iске асыру жөнiндегі iс-шаралар жоспарын бекiту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 30 қарашадағы N 1274 Қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 30 маусымдағы № 742 Қаулысымен

      Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:
      1. "Қазақстан Республикасының Парламентi Шаруашылық басқармасының республикалық бюджеттiк бағдарламаларының 2002 жылға арналған паспорттарын бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2002 жылғы 23 қаңтардағы N 86 қаулысына мынадай өзгерiс енгiзілсін:
      3-қосымшадағы 6-тармақ кестесiнiң "Бағдарламаны (кiшi бағдарламаны) iске асыру жөнiндегi iс-шаралар" деген 5-бағаны мынадай редакцияда жазылсын:
      "Жабдықтар сатып алуға теңдер жарияланады. Мыналарды сатып алу: көшiру-көбейту техникасының шығыстық және тез тозатын бөлшектер жиынтығымен 6 машина, 134 компьютер, 141 принтер, 72 сканер-көшiргiш, конгресс-жүйелер ақпаратын көрсетуге арналған 3 экран, Парламенттiң жергiлiктi компьютерлiк желiсiн қайта жаңарту мен әкiмшiлiктендiруге арналған жабдықтар мен бағдарламалық өнiм жиынтығы, "Құжат айналымы" жүйесiн құруға арналған бiр базалық бағдарламалық өнiм.".

      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшiне енедi.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі