Қазақстан Республикасы Үкіметінің резервінен қаражат бөлу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 11 қыркүйектегі N 836 Қаулысы

Қолданыстағы

      "2008 жылға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 6 желтоқсандағы  Заңына , "Республикалық және жергілікті бюджеттердің атқарылу ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 20 наурыздағы N 225  қаулысына  сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі  ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігіне осы қаулыға қосымшаға сәйкес сот шешімдерінің актілерін орындау үшін 2008 жылға арналған республикалық бюджетте көзделген Қазақстан Республикасы Үкіметінің соттар шешімдері бойынша міндеттемелерді орындауға арналған резервінен 142754 (бір жүз қырық екі мың жеті жүз елу төрт) теңге бөлінсін.

      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                    К. Мәсімов

                                          Қазақстан Республикасы
                                                Үкіметінің
                                         2008 жылғы 11 қыркүйектегі
                                              N 836 қаулысына
                                                  қосымша

          Орындауға жататын сот шешімдерінің тізбесі

Р/с
N

Сот органының
атауы мен
шешімнің
шығарылған
күні

Талапкер

Мемлекеттің
кірісіне түсетін
мемлекеттік
бажды шегере
отырып, сомасы
(теңге)

Мемлекет-
тің
кірісіне
мемлекет-
тік баж
(теңге)

1

2

3

4

5

1

Алматы қаласы
Алмалы аудандық
сотының 1997
жылғы 10.09.
шешімі, Алматы
қаласы Алмалы
аудандық
сотының 2002
жылғы 11.04.
ұйғарымы,
Астана қаласы
Алматы аудандық
сотының 2003
жылғы 24.12.
ұйғарымы,
Астана қаласы
Алматы аудандық
сотының 2005
жылғы 10.06.
ұйғарымы.

Ю.И.
Литвиненко

2008 жылғы наурыз
- маусым кезеңін
қоса алғанда -
17778

  

2

Астана қаласы
Сарыарқа
аудандық
сотының 2003
жылғы 15.09.
шешімі, Астана
қалалық сотының
азаматтық істер
алқасының 2003
жылғы 09.12.
қаулысы, Астана
қалалық сотының
қадағалау
алқасының 2005
жылғы 30.06.
қаулысы.

Ф.М.
Кәрімов

2008 жылғы наурыз
- маусым кезеңін
қоса алғанда -
124976

  

Жалпы сомасы:                     142754