Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
1) "Қазақстан Республикасының Бірыңғай бюджеттік сыныптамасын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 24 желтоқсандағы N 1362
қаулысында
(Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2004 ж., N 50, 648-құжат):
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының Бірыңғай бюджеттік сыныптамасында:
Бюджет шығыстарының функционалдық сыныптамасында:
7 "Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық" функционалдық тобында:
01 "Тұрғын үй шаруашылығы" функционалдық кіші тобында:
217 "Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі" бюджеттік бағдарламалар әкімшісі бойынша:
052 "Қазақстан Республикасындағы тұрғын үй құрылысының мемлекеттік бағдарламасын іске асыруға кредит беру" бюджеттік бағдарламасы бойынша:
101 "Қазақстандық ипотекалық компания" АҚ-ды несиелендіру" кіші бағдарламасы алынып тасталсын;
053 "Тұрғын үй құрылысының мемлекеттік бағдарламасын іске асыруды институционалдық қамтамасыз ету" бюджеттік бағдарламасы бойынша:
100 "Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі" АҚ-ның жарғылық капиталын ұлғайту" кіші бағдарламасында "жарғылық" деген сөзден кейін "және резервтік" деген сөздермен толықтырылсын;
101 "Қазақстандық ипотекалық компания" АҚ-ның жарғылық капиталын ұлғайту" және 102 "Ипотекалық кредиттерге кепілдік берудің қазақстандық қоры" АҚ-ның жарғылық капиталын ұлғайту" кіші бағдарламалары алынып тасталсын;
2) "Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық дамуының 2008-2010 жылдарға арналған орта мерзімді жоспары туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 29 тамыздағы N 753
қаулысында
(Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2007 ж., N 32, 354-құжат):
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық дамуының 2008-2010 жылдарға арналған орта мерзімді жоспарында:
"Қолданыстағы және әзірленетін мемлекеттік және салалық (секторалдық) бағдарламалар бөлінісіндегі 2008-2010 жылдарға арналған басымды бюджеттік инвестициялық жобалардың (бағдарламалардың) тізбесі" деген 5-бөлімде:
2008-2010 жылдарға арналған басымды республикалық бюджеттік инвестициялық жобалардың (бағдарламалардың) тізбесінде:
"Қазақстан Республикасында тұрғын үй құрылысын дамытудың 2008-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы" деген кіші бөлімде:
реттік нөмірі 82-жолда:
5-бағанда "62000000" деген сандар "57000000" деген сандармен ауыстырылсын;
8-бағанда "21700000" деген сандар "18277000" деген сандармен ауыстырылсын;
9-бағанда "16740000" деген сандар "15163000" деген сандармен ауыстырылсын;
Заңды тұлғалардың жарғылық капиталын қалыптастыруға және ұлғайтуға арналған бюджеттік инвестицияларда:
"Қазақстан Республикасындағы тұрғын үй құрылысының 2008-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы" деген кіші бөлімде:
реттік нөмірі 3-жолдың 2-бағанында "жарғылық" деген сөзден кейін "және резервтік" деген сөздермен толықтырылсын;
3) "2008 жылға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 12 желтоқсандағы N 1223
қаулысында
:
көрсетілген қаулыға 1-қосымшада:
"Қаржы активтерімен жасалатын операциялар бойынша сальдо" деген V бөлімде:
07 "Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық" функционалдық тобында:
01 "Тұрғын үй шаруашылығы" ішкі функциясында:
217 "Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі" әкімшісі бойынша:
053 "Тұрғын үй құрылысының мемлекеттік бағдарламасының іске асырылуын институционалдық қамтамасыз ету" бюджеттік бағдарламасы бойынша:
100 "Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі" АҚ-ның жарғылық капиталын ұлғайту" деген кіші бағдарламаның 2-бағанында "жарғылық" деген сөзден кейін "және резервтік" деген сөздермен толықтырылсын.
2. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күннен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі К. Мәсімов