Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 28 тамыздағы N 786 Қаулысы

Жаңартылған

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      1) Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 26.01.2009 N 45 (01.01.2009 бастап қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен ;

      2) "Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық дамуының 2008-2010 жылдарға арналған орта мерзімді жоспары туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 29 тамыздағы N 753 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2007 ж., N 32, 354-құжат):

      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық дамуының 2008-2010 жылдарға арналған орта мерзімді жоспарында:

      "Қолданыстағы және әзірленетін мемлекеттік және салалық (секторалдық) бағдарламалар бөлінісіндегі 2008-2010 жылдарға арналған басымды бюджеттік инвестициялық жобалардың (бағдарламалардың) тізбесі" деген 5-бөлімде:

      2008-2010 жылдарға арналған басымды республикалық бюджеттік инвестициялық жобалардың (бағдарламалардың) тізбесінде:

      "Қазақстан Республикасында тұрғын үй құрылысын дамытудың 2008-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы" деген кіші бөлімде:

      реттік нөмірі 82-жолда:

      5-бағанда "62000000" деген сандар "57000000" деген сандармен ауыстырылсын;

      8-бағанда "21700000" деген сандар "18277000" деген сандармен ауыстырылсын;

      9-бағанда "16740000" деген сандар "15163000" деген сандармен ауыстырылсын;

      Заңды тұлғалардың жарғылық капиталын қалыптастыруға және ұлғайтуға арналған бюджеттік инвестицияларда:

      "Қазақстан Республикасындағы тұрғын үй құрылысының 2008-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы" деген кіші бөлімде:

      реттік нөмірі 3-жолдың 2-бағанында "жарғылық" деген сөзден кейін "және резервтік" деген сөздермен толықтырылсын;

      3) "2008 жылға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 12 желтоқсандағы N 1223 қаулысында :

      көрсетілген қаулыға 1-қосымшада:

      "Қаржы активтерімен жасалатын операциялар бойынша сальдо" деген V бөлімде:

      07 "Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық" функционалдық тобында:

      01 "Тұрғын үй шаруашылығы" ішкі функциясында:

      217 "Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі" әкімшісі бойынша:

      053 "Тұрғын үй құрылысының мемлекеттік бағдарламасының іске асырылуын институционалдық қамтамасыз ету" бюджеттік бағдарламасы бойынша:

      100 "Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі" АҚ-ның жарғылық капиталын ұлғайту" деген кіші бағдарламаның 2-бағанында "жарғылық" деген сөзден кейін "және резервтік" деген сөздермен толықтырылсын.

      Ескерту. 1-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 26.01.2009 N 45 (01.01.2009 бастап қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен

      2. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күннен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының


Премьер-Министрі

К. Мәсімов