Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 24 сәуірдегі Бюджет кодексіне , "Қазақстан Республикасындағы тұрғын үй құрылысы жинақ ақшасы туралы" Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 7 желтоқсандағы Заңына , "Қазақстан Республикасындағы тұрғын үй құрылысының 2008 - 2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2007 жылғы 20 тамыздағы N 383 Жарлығына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Қазақстанның Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі" акционерлік қоғамына (бұдан әрі - қарыз алушы) кредит берудің мынадай шарттары анықталсын:
1) кредит мөлшері 23560000000 (жиырма үш миллиард бес жүз алпыс миллион) теңгені (бұдан әрі - кредит) құрайды;
2) кредитті беру мақсаты "Қазақстан Республикасындағы тұрғын үй құрылысы жинақ ақшасы туралы" Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 7 желтоқсандағы Заңының 8-бабына сәйкес қарыз алушының анықталған азаматтардың санаттарына жылдық 4 (төрт) пайыз сыйақы ставкасы бойынша алдын ала және аралық тұрғын үй қарыздарын беру болып табылады;
3) кредит қарыз алушыға жылдық 1 (бір) пайызға тең сыйақы ставкасы бойынша 10 (он) жыл мерзімге мерзімділік, ақылық және қайтарымдылық шарттарында теңгемен беріледі;
4) республикалық бюджеттен кредитті бөлу кредиттің барлық сомасын қарыз алушының корреспонденттік шотына бір уақытта аудару жолымен жүзеге асырылады;
5) игеру кезеңі кредитті қарыз алушының шотына аударған күннен бастап 2 (екі) жылды құрайды;
6) кредит бойынша есептелген сыйақыны төлеу жарты жылдық кезеңдікпен жүзеге асырылады. Есептелген сыйақыны алғашқы төлеу кредит беруші кредитті игерген күннен бастап 6 (алты) ай өткен соң жүргізіледі;
7) кредит бойынша негізгі борышты өтеуді қарыз алушы осы тармақтың 3) тармақшасында көрсетілген кредиттің мерзімі өткен соң бір уақытта жүзеге асырады.
2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) кредит шартын жасасуды;
2) кредиттің нысаналы және тиімді пайдаланылуын, өтелуін және қызмет көрсетілуін бақылауды және оның мониторингін;
3) уақытша бос ақшаны қаржы құралдарына орналастыруды қоса алғанда, қарыз алушының кредитті игеру кезеңінде тиімді пайдалануын қамтамасыз етсін.
3. "Республикалық бюджеттен бюджеттік кредиттер міндеттемелерді орындау қамтамасыз етілмей бөлінуі мүмкін қаржы агенттіктерінің тізбесін айқындау туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 16 мамырдағы N 402
қаулысына
мынадай толықтыру енгізілсін:
1-тармақта "Қазақстан Даму Банкі" акционерлік қоғамы" деген сөздерден кейін ", "Қазақстанның Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі" акционерлік қоғамы" деген сөздермен толықтырылсын.