Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 27 маусымдағы N 543 қаулысына өзгеріс енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 27 маусымдағы N 631 Қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 10 тамыздағы № 628 қаулысымен

Күшін жойған

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 10.08.2015 № 628 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).

      Қазақстан Республикасының Үкіметі  ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Шаруашылық және өзге де қызметтің экологиялық қауіпті түрлерінің тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 27 маусымдағы N 543  қаулысына мынадай өзгеріс енгізілсін:
      көрсетілген қаулымен бекітілген шаруашылық және өзге де қызметтің экологиялық қауіпті түрлерінің тізбесінде:
      14-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "14. Өндірістік объектілердің санитарлық жіктелуіне сәйкес қауіптілігі 1-сыныпты зиянды (ластаушы) заттардың жылына 1 тоннадан астам, өндірістік объектілердің санитарлық жіктелуіне сәйкес қауіптілігі 2-сыныпты заттардың жылына 50 тоннадан астам атмосфераға шығарындыларымен бірге жүретін өндірістік үдерістерді жүзеге асыру.".

      2. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                    К. Мәсімов