1. "Шаруашылық және өзге де қызметтің экологиялық қауіпті түрлерінің тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 27 маусымдағы N 543
қаулысына
мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген шаруашылық және өзге де қызметтің экологиялық қауіпті түрлерінің тізбесінде:
14-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"14. Өндірістік объектілердің санитарлық жіктелуіне сәйкес қауіптілігі 1-сыныпты зиянды (ластаушы) заттардың жылына 1 тоннадан астам, өндірістік объектілердің санитарлық жіктелуіне сәйкес қауіптілігі 2-сыныпты заттардың жылына 50 тоннадан астам атмосфераға шығарындыларымен бірге жүретін өндірістік үдерістерді жүзеге асыру.".