Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 11 маусымдағы N 577 Қаулысы

Жаңартылған

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар бекітілсін.
      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                    К. Мәсімов

Қазақстан Республикасы 
Үкіметінің     
2008 жылғы 11 маусымдағы
N 577 қаулысымен  
бекітілген    

  Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне
енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар

      1. "Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы Мемлекеттік терминология комиссиясы туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 21 сәуірдегі N 367 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1998 ж., N 12, 98-құжат):
      1) көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы Мемлекеттік терминология комиссиясы (Мемтерминком) туралы ережеде:
      5-тармақтың төртінші абзацы алынып тасталсын;
      7-тармақ мынадай мазмұндағы 7-1-тармақпен толықтырылсын:
      "7-1. Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің Тіл комитеті Комиссияның жұмыс органы болып табылады";
      2) көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы Мемлекеттік терминология комиссиясының құрамында:
      мыналар енгізілсін:
Құл-Мұхаммед              - Қазақстан Республикасының Мәдениет
Мұхтар Абрарұлы             және ақпарат министрі, төраға

Мыңбай                    - Қазақстан Республикасының Мәдениет
Дархан Қамзабекұлы          және ақпарат вице-министрі, төрағаның
                            орынбасары;
      1) көрсетілген құрамнан Ертісбаев Ермұхамет Қабиденұлы, Бабақұмаров Ержан Жалбақұлы шығарылсын.
      2. "Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы Мемлекеттік ономастика комиссиясы туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 21 сәуірдегі N 368 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1998 ж., N 12, 99-құжат):
      1) көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы Мемлекеттік ономастика комиссиясы (Мемономком) туралы ережеде:
      6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "6. Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің Тіл комитеті Комиссияның жұмыс органы болып табылады";
      2) көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы Мемлекеттік ономастика комиссиясының құрамында:
      мыналар енгізілсін:
Құл-Мұхаммед              - Қазақстан Республикасының Мәдениет
Мұхтар Абрарұлы             және ақпарат министрі, төраға

Мыңбай                    - Қазақстан Республикасының Мәдениет
Дархан Қамзабекұлы          және ақпарат вице-министрі, төрағаның
                            орынбасары

Жартыбаев                 - "КГТИ-Лингва" Орталық Қазақстан
Асылбек Ешенқұлұлы          университетінің президенті, филология
                            ғылымдарының докторы, профессор
                            (келісім бойынша)

Қаймолдинова              - Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық
Күләш Дүйсенбайқызы         университетінің елтану және әлеуметтік
                            география кафедрасының меңгерушісі,
                            география ғылымдарының кандидаты,
                            доцент (келісім бойынша);
 
        көрсетілген құрамнан Ертісбаев Ермұхамет Қабиденұлы, Бабақұмаров Ержан Жалбақұлы шығарылсын.
      3. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2010.09.30 № 992 Қаулысымен.
      4. "Қазақстан Республикасында жерүсті телерадио хабарларын тарату құқығын алуға конкурстар өткізу жөніндегі комиссияны құру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 11 ақпандағы N 203 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2002 ж., N 6, 52-құжат):
      1-тармақта:
      Қазақстан Республикасында жерүсті телерадио хабарларын тарату құқығын алуға конкурстар өткізу жөніндегі комиссияның құрамына:
 
Құл-Мұхаммед              - Қазақстан Республикасы Мәдениет және
Мұхтар Абрарұлы             ақпарат министрі, төраға болып енгізілсін;
 
        мына:
 
"Бурлаков                 - Қазақстан Республикасы Парламентінің
Леонид Николаевич           Сенаты Өңірлік даму және жергілікті
                            өзін-өзі басқару мәселелері жөніндегі
                            комитетінің төрағасы (келісім бойынша)

Сұлтанов                  - Қазақстан республикасы Парламентінің
Қуаныш Сұлтанұлы            Сенаты Әлеуметтік-мәдени даму жөніндегі
                            комитетінің төрағасы (келісім бойынша)"
 
        деген жолдар мынадай редакцияда жазылсын:
 
"Бурлаков                 - Қазақстан Республикасы Парламенті
Леонид Николаевич           Сенатының депутаты (келісім бойынша)

Сұлтанов                  - Қазақстан Республикасы Парламенті
Қуаныш Сұлтанұлы            Сенатының депутаты (келісім бойынша)";
 
        көрсетілген құрамнан Ертісбаев Ермұхамет Қабиденұлы, Әбдімомынов Азамат Құрманбекұлы шығарылсын.
      3-тармақтағы "Қазақстан Республикасы Мәдениет, ақпарат және спорт министрлігінің" деген сөздер "Мәдениет және ақпарат министрлігінің" деген сөздермен ауыстырылсын.
      5. "Қазақстан Республикасының Үкіметі жанындағы Үкіметтік емес ұйымдармен өзара іс-қимыл жөніндегі үйлестіру кеңесін құру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 21 желтоқсандағы N 1262 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2005 ж., N 49, 624-құжат):
      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының Үкіметі жанындағы Үкіметтік емес ұйымдармен өзара іс-қимыл жөніндегі үйлестіру кеңесінің құрамында:
      мыналар енгізілсін:
 
Құл-Мұхаммед              - Қазақстан Республикасының Мәдениет және
Мұхтар Абрарұлы             ақпарат министрі, төраға

Мыңбай                    - Қазақстан Республикасының Мәдениет және
Дархан Қамзабекұлы          ақпарат вице-министрі, төрағаның
                            орынбасары

Сайыров                   - Қазақстан Республикасы Мәдениет және
Ерлан Бияхметұлы            ақпарат министрлігі Қоғамдық-саяси жұмыс
                            департаменті директорының міндетін
                            атқарушы, хатшы

Дүйсенова                 - Қазақстан Республикасы Еңбек және
Тамара Босымбекқызы         халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің
                            жауапты хатшысы

Мамытбеков                - Қазақстан Республикасының Индустрия
Еділ Құламқадырұлы          және сауда вице-министрі

Оразаев                   - Қазақстан Республикасының Ауыл
Марат Әбілахатұлы           шаруашылығы вице-министрі

Бекетаев                  - Қазақстан Республикасының Әділет
Марат Бақытжанұлы           вице-министрі

Сыдықов                   - "Қазақстан жастар конгресі" заңды
Нұрлан Ерболатұлы           тұлғалар бірлестігінің атқарушы
                            директоры (келісім бойынша)

Цеховой                   - "Халықаралық ақпараттандыру академиясы"
Алексей Филиппович          қоғамдық бірлестігінің бас директоры
                            (келісім бойынша)
      мына:
 
"Перуашев                 - "Атамекен" Қазақстан кәсіпкерлері
Азат Тұрлыбекұлы            мен жұмыс берушілері жалпыұлттық одағы"
                            заңды тұлғалар бірлестігінің басқарма
                            төрағасы (келісім бойынша)

Ақпенова                  - Қазақстан телерадио хабарларын
Раушан Төлеқызы             таратушылар қауымдастығының директоры
                            (келісім бойынша)

Құрманғалиева             - Қазақстан Республикасы Экономика және
Аида Дәденқызы              бюджеттік жоспарлау министрлігі
                            Әлеуметтік сала шығыстарын жоспарлау
                            департаментінің директоры"

      деген жолдар мынадай редакцияда жазылсын:
 
"Перуашев                 - "Атамекен" Одағы" Қазақстанның ұлттық
Азат Тұрлыбекұлы            экономикалық палатасы" заңды тұлғалар
                            бірлестігінің төрағасы (келісім бойынша)

Ақпенова                  - "Қазақстан телерадио хабарларын
Раушан Төлеқызы             таратушылар қауымдастығы" қоғамдық
                            бірлестігінің директоры (келісім
                            бойынша)

Құрманғалиева             - Қазақстан Республикасы Экономика және
Аида Дәденқызы              бюджеттік жоспарлау министрлігі
                            Әлеуметтік саланы дамыту департаментінің
                            директоры"
 
      көрсетілген құрамнан Ертісбаев Ермұхамет Қабиденұлы, Бабақұмаров Ержан Жалбақұлы, Қырықбаев Арман Оразбайұлы, Кәрімбаев Нұрсұлтан Тұрлыбекұлы, Нұғманов Серік Пикұлы, Баталов Асқар Болатұлы, Әбдіхалықова Гүлшара Наушақызы, Күрішбаев Ақылбек Қажығұлұлы шығарылсын.
      6. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2010.05.20 № 453 Қаулысымен.
      7. "Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан халықтары Ассамблеясының XII сессиясында мемлекеттік тіл саясатын одан әрі жетілдіру бойынша Үкіметке берген тапсырмаларын іске асыру жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 28 қазандағы N 1025 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2006 ж., N 40, 123-құжат):
      көрсетілген қаулымен бекітілген Мемлекеттік тіл саясатын одан әрі жетілдіру жөніндегі комиссияның құрамына мыналар енгізілсін:
 
Құл-Мұхаммед               - Қазақстан Республикасының Мәдениет
Мұхтар Абрарұлы              және ақпарат министрі

Жәмішев                    - Қазақстан Республикасының Қаржы 
Болат Бидахметұлы            министрі

Школьник                   - Қазақстан Республикасының Индустрия
Владимир Сергеевич           және сауда министрі

Әбдірахымов                - Қазақстан Республикасы Мемлекеттік
Ғабидолла Рахматоллаұлы      қызмет істері агенттігінің төрағасы
                             (келісім бойынша)

Тасмағамбетов              - Астана қаласының әкімі
Иманғали Нұрғалиұлы

Алдан                      - Қазақстан Республикасы Парламенті
Смайыл                       Мәжілісінің депутаты (келісім бойынша)

Карин                      - Қазақстан Республикасы Президенті
Ерлан Тынымбайұлы            Әкімшілігі Ішкі саясат бөлімінің
                             меңгерушісі (келісім бойынша)

Мамашев                    - Дүниежүзі қазақтары қауымдастығы
Талғат Асылұлы               төрағасының бірінші орынбасары
                             (келісім бойынша)

Нәрікбаев                  - "Қазақ гуманитарлық заң университеті"
Мақсұт Сұлтанұлы             акционерлік қоғамы директорлар
                             кеңесінің төрағасы, заң ғылымдарының
                             докторы, профессор (келісім бойынша);

      мына:
 
"Әбдік Төлен               - Қазақстан Республикасы Президентінің
                             Әкімшілігі Әлеуметтік-саяси
                             бөлімінің бас инспекторы"
 
        деген жол мынадай редакцияда жазылсын:
 
"Әбдік Төлен               - жазушы, Қазақстан Республикасы
                             Мемлекеттік сыйлығының лауреаты
                             (келісім бойынша)";
 
      көрсетілген құрамнан Ертісбаев Ермұхамет Қабиденұлы, Коржова Наталья Артемовна, Оразбақов Ғалым Ізбасарұлы, Тұрысбеков Зауытбек Қауысбекұлы, Мамин Асқар Ұзақбайұлы, Досжан Ардақ Дүкенбайұлы, Қасқабасов Сейіт Асқарұлы, Құрманәлиев Кәрімбек Арыстанбекұлы, Сүлейменова Элеонора Дүйсенқызы шығарылсын;
      көрсетілген қаулымен бекітілген Мемлекеттік тіл саясатын одан әрі жетілдіру жөніндегі комиссия туралы ережеде:
      1-тармақ "іске асыру" деген сөздерден кейін ", мемлекеттік тіл саясатын іске асыру, мемлекеттік тілді енгізу тиімділігін арттыру жөнінде ұсыныстар әзірлеу" деген сөздермен толықтырылсын.