Ескерту. Қаулының тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2012.03.27 № 355 (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.
"Білім туралы" Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі Заңының 4-бабының 15) тармақшасына, "Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссия туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2000 жылғы 12 қазандағы N 470 Жарлығынасәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ :
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Президентінің "Болашақ" халықаралық стипендиясын тағайындау үшін үміткерлерді іріктеу ережесі бекітілсін.
1-1. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес «Болашақ» халықаралық стипендиясын жұмсау бағыттары айқындалсын.
Ескерту. Қаулы 1-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Үкіметінің 2012.03.27 № 355 (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.
2. Мыналардың күші жойылды деп танылсын:
1) "Қазақстан Республикасы Президентінің "Болашақ" халықаралық стипендиясын тағайындау үшін үміткерлерді іріктеу ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 26 мамырдағы N 511 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2005 ж., N 22, 270-құжат);
2) "Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 26 мамырдағы N 511 қаулысына толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 26 сәуірдегі N 328 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2006 ж., N 15, 144-құжат).
3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі К. Мәсімов
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2008 жылғы 11 маусымдағы
N 573 қаулысымен
бекітілген
"Болашақ" халықаралық стипендиясын тағайындау үшін үміткерлерді іріктеу қағидалары
Ескерту. Ереже жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2012.03.27 № 355 (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.
1. Жалпы ережелер
1. Осы «Болашақ» халықаралық стипендиясын тағайындау үшін үміткерлерді іріктеу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Білім туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі Заңының (бұдан әрі – Заң) 4-бабының 15) тармақшасына, «Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссия туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2000 жылғы 12 қазандағы № 470 Жарлығына сәйкес әзірленді әрі «Болашақ» халықаралық стипендиясын тағайындау үшін үміткерлерді іріктеуді ұйымдастыру және жүзеге асыру тәртібін айқындайды.
2. Осы Қағидаларда пайдаланылатын негізгі ұғымдар:
1) «Болашақ» халықаралық стипендиясы (бұдан әрі – «Болашақ» стипендиясы) – Қазақстан Республикасы азаматтарының күндізгі оқу нысаны бойынша шетелдік жетекші жоғары оқу орындарында оқуы немесе ғылыми, педагогикалық, инженерлік-техникалық және медициналық қызметкерлердің шетелдік ұйымдарда тағылымдамадан өтуі үшін Қазақстан Республикасының Президенті тағайындайтын стипендия;
2) «Болашақ» стипендиясының әкімшісі (бұдан әрі – Әкімші) – шетелде кадрлар даярлаудың, қайта даярлаудың және олардың біліктілігін арттырудың халықаралық бағдарламалары, оның ішінде «Болашақ» халықаралық стипендиясы бойынша іс-шаралар кешенін жүзеге асыруға Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын ұйым;
3) «Болашақ» стипендиясын тағайындау конкурсының жеңімпазы (бұдан әрі – конкурс жеңімпазы) – осы Қағидаларда көзделген барлық турлардан ойдағыдай өткен және Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссияның шешіміне сәйкес «Болашақ» халықаралық стипендиясы тағайындалған үміткер;
4) жұмыс беруші – қызметкер Қазақстан Республикасының аумағында қызметін жүзеге асыру бойынша еңбек қатынастарында тұратын заңды тұлға;
5) инженерлік-техникалық қызметкерлер – өндірістік процесті, сондай-ақ ұйымда тікелей өндірістік қызметті ұйымдастыруды және басқаруды жүзеге асыратын және жоғары инженерлік-техникалық білімі бар қызметкерлер;
6) тәуелсіз сараптамалық комиссия – «Болашақ» стипендиясын тағайындау конкурсына (бұдан әрі – Конкурс) қатысатын үміткерлермен жеке әңгімелесуді жүзеге асыратын, Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссия жанындағы консультативтік-кеңесші орган;
7) үміткер – осы Қағидаларда көзделген талаптар мен шарттарға сай келетін және конкурсқа қатысатын Қазақстан Республикасының азаматы;
8) Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссия – «Болашақ» стипендиясы мәселелері жөніндегі іс-шараларды іске асыру мақсатында құрылған Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы консультативтік-кеңесші орган (бұдан әрі – Республикалық комиссия);
9) Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссияның жұмыс органы – Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі (бұдан әрі – Жұмыс органы).
Ескерту. 2-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 31.12.2015 № 1154 (10.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
3. «Болашақ» стипендиясы дербес болып табылады және оны Республикалық комиссия:
1) Қазақстан Республикасы азаматтарының конкурсқа қатысу сәтінде не кейінгі жылдары бекітілген конкурс жеңімпаздарының оқуы, тілдік курстардан өтуі үшін ұсынылатын Шетелдік жетекші жоғары оқу орындарының, шетелдік ұйымдардың тізіміне енгізілген шетелдік жетекші жоғары оқу орындарында олардың «Болашақ» стипендиясын тағайындау үшін басым мамандықтар тізбесіне (бұдан әрі – басым мамандықтар тізбесі) сәйкес магистр, философия докторы (PhD), бейін бойынша доктор дәрежесін алуы, резидентурада оқуы үшін күндізгі оқу нысаны бойынша оқуы;
2) Конкурс жеңімпаздарының оқуы, тілдік курстардан өтуі үшін ұсынылатын шетелдік жетекші жоғары оқу орындарының, шетелдік ұйымдардың тізіміне кіретін шетелдік жетекші жоғары оқу орындарының және олардың жанындағы медициналық мекемелердің базасында басым мамандықтар тізбесіне сәйкес Қазақстан Республикасы азаматтарының қатарынан ғылыми, педагогикалық, инженерлік-техникалық және медицина қызметкерлерінің шетелдік ұйымдарда, сондай-ақ танылған әлемдік, өңірлік ғылыми-зерттеу орталықтарында, компанияларда және салалық ұйымдарда он екі айға дейінгі мерзіммен (тілдік курстардан өту мерзімдерін қоспағанда) тағылымдамадан өтуі мақсатында тағайындайды.
Балдар тең түскенде Президенттік олимпиада жеңімпазының ғылыми жетекшісі тағылымдамадан өту үшін «Болашақ» стипендиясын тағайындауға басым құқыққа ие болады.
Конкурс жеңімпаздарының оқуы, тілдік курстардан өтуі үшін ұсынылатын шетелдік жетекші жоғары оқу орындарының, шетелдік ұйымдардың тізімін (бұдан әрі – Тізім) Жұмыс органы бекітеді.
Басым мамандықтар тізбесін жыл сайын Жұмыс органының ұсынуы бойынша Республикалық комиссия бекітеді.
Басым мамандықтар тізбесін «Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссия туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2000 жылғы 12 қазандағы № 470 Жарлығына сәйкес орталық және жергілікті атқарушы органдар ұсынатын өтінімдер негізінде Жұмыс органы әзірлейді.
Ескерту. 3-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 02.04.2015 № 175 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).
4. «Болашақ» стипендиясы мынадай санаттарға:
1) академиялық оқуға өз бетінше түскен немесе Тізімге енгізілген шетелдік жетекші жоғары оқу орындарында оқитын, кемінде 2 (екі) жыл жалпы жұмыс өтілі бар магистр, философия докторы (PhD), бейін бойынша доктор дәрежесін алуға, резидентурада оқуға үміткерлерге (бұдан әрі – өз бетінше түскендер санаты);
2) конкурсқа қатысу үшін құжаттар тапсыру сәтінде соңғы он екі айды қоса алғанда, мемлекеттік қызметте кемінде 2 (екі) жыл жалпы жұмыс өтілі бар мемлекеттік қызметші болып табылатын, магистр дәрежесін алуға үміткерлерге (бұдан әрі – мемлекеттік қызметшілер санаты);
3) конкурсқа қатысу үшін құжаттар тапсыру сәтінде Қазақстан Республикасының ғылыми ұйымдары мен білім беру ұйымдарының ғылыми немесе педагог қызметкерлері болып табылатын, кемінде 2 (екі) жыл ғылыми немесе педагогикалық жалпы жұмыс өтілі бар магистр дәрежесін алуға үміткерлерге (бұдан әрі – ғылыми-педагог қызметкерлер санаты);
4) конкурсқа қатысу үшін құжаттар тапсыру сәтінде инженерлік-техникалық қызметкерлер болып табылатын, өндірісте кемінде 2 (екі) жыл жалпы, соңғы 12 айды қоса алғанда, жұмыс өтілі бар магистр дәрежесін алуға үміткерлерге (бұдан әрі – инженерлік-техникалық қызметкерлер санаты);
5) конкурсқа қатысу үшін құжаттар тапсыру сәтінде Қазақстан Республикасы ұйымдарының ғылыми, педагог, инженерлік-техникалық не медицина қызметкерлері болып табылатын кемінде 3 (үш) жыл жалпы, оның ішінде мамандығының таңдаған саласында соңғы 12 (он екі) ай жұмыс өтілі бар тағылымдамадан өтуге үміткерлерге (бұдан әрі – тағылымдамаға үміткерлер санаты);
6) конкурсқа қатысу үшін құжаттар тапсыру сәтінде мәдениет қызметкерлері, мәдениет ұйымдарының шығармашылық қызметкерлері болып табылатын, мәдениет ұйымдарында кемінде 2 (екі) жыл жалпы жұмыс өтілі бар магистр дәрежесін алуға үміткерлерге (бұдан әрі – мәдениет қызметкерлері, шығармашылық қызметкерлер санаты);
7) конкурсқа қатысу үшін құжаттар тапсыру сәтінде бұқаралық ақпарат құралдары редакциясының қызметкерлері болып табылатын, бұқаралық ақпарат құралдары саласында кемінде 2 (екі) жыл жалпы жұмыс өтілі бар магистр дәрежесін алуға үміткерлерге (бұдан әрі – бұқаралық ақпарат құралдары редакциясы қызметкерлер санаты) тағайындалады.
Ескерту. 4-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 29.11.2013 № 1270 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі); 31.12.2015 № 1154 (10.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі) қаулыларымен.
5. Құжаттарды қабылдау және конкурс өткізу мерзімдерін Жұмыс органы жыл сайын бекітеді және Қазақстан Республикасының барлық аумағына таралатын Қазақстан Республикасының бұқаралық ақпарат құралдарында құжаттарды қабылдау мерзімі басталғанға дейін күнтізбелік 30 (отыз) күн бұрын орналастырылады.
6. «Болашақ» стипендиясы бойынша іс-шараларды іске асыру республикалық бюджет есебінен жүзеге асырылады және «Болашақ» стипендиясы бойынша іс-шаралар кешенін жүзеге асыру бойынша, оның ішінде «Болашақ» стипендиясы бойынша іс-шараларды іске асыруды ақпараттық қамтамасыз ету, үміткерлердің мемлекеттік және шет тілдерін білу деңгейін анықтау, олардың оқуға қабілеттілігіне психологиялық диагностика жүргізу, пәндік емтихандарды өткізу бойынша отандық ұйымдардың, шетелдік жоғары оқу орындарының, сондай-ақ шет мемлекеттердің уәкілетті органдары айқындайтын шетелдік ұйымдардың осы Қағидаларда көрсетілген қызметтерін жүзеге асыру жөніндегі қызметтерді көрсетуге байланысты шығыстарды төлеуді, шетелдік әріптестердің қызметін Қазақстан Республикасының Үкіметі анықтайтын «Болашақ» халықаралық стипендиясын жұмсау бағыттары бойынша шығыстарды (бұдан әрі – Жұмсау бағыты) төлеуді қамтиды.
7. «Болашақ» стипендиясы тағылымдамадан өту, әрбір дәрежені (магистр, философия докторы (PhD), бейін бойынша доктор) алу, резидентурада оқу үшін бір рет тағайындалады.
Ескерту. 7-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 02.04.2015 № 175 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).
2. «Болашақ» халықаралық стипендиясын тағайындау үшін үміткерлерді іріктеу тәртібі
2.1. «Болашақ» стипендиясын тағайындау үшін үміткерлердің құжаттарын қабылдау тәртібі
8. Конкурсқа қатысуға жоғары арнаулы білімі, бакалавр дәрежесі немесе осы Қағидалардың шарттары мен талаптарына сәйкес құжаттар ұсынған Қазақстан Республикасының азаматтары жіберіледі.
9. Мыналар конкурсқа қатысу шарты болып табылады:
1) өз бетімен түскендер санаты бойынша қатысатын үміткерлер үшін:
Тізімге енгізілген шетелдік жетекші жоғары оқу орындарында академиялық бағдарламаларда оқитындар – бүкіл оқу кезеңіндегі үлгерімінің орташа балының Тізімге енгізілген шетелдік жетекші жоғары оқу орнында белгіленген бағалар жүйесіне сәйкес кемінде «жақсы» деген бағаға сәйкес болуы;
магистр, философия докторы (PhD), бейін бойынша доктор дәрежесін алуға және резидентурада оқуға – бакалавр немесе маман дипломының орташа балының кемінде 3.0 (4.0/4.33-ден) GPA балға немесе Жұмыс органы бекітетін «Болашақ» халықаралық стипендиясын тағайындау үшін бағалар баламалығы кестесіне (бұдан әрі – бағалар баламалығы кестесі) сәйкес оның баламасына сәйкес болуы;
2) мемлекеттік қызметшілер, ғылыми-педагог қызметкерлер, инженерлік-техникалық қызметкерлер, бұқаралық ақпарат құралдары редакциясының қызметкерлері санаттары бойынша қатысатын үміткерлер үшін – бакалавр немесе маман дипломының орташа балы кемінде 3.0 (4.0/4.33-ден) GPA балға немесе бағалар баламалығы кестесіне сәйкес оның баламасына және осы диплом бойынша мамандықтың Жұмыс органы бекітетін «Болашақ» халықаралық стипендиясы шеңберінде шетелде оқу үшін мәндес мамандықтар тізбесіне (бұдан әрі – мәндес мамандықтар тізбесі) сәйкес шетелде оқу үшін таңдап алған мамандыққа сәйкес болуы;
3) мәдениет қызметкерлері, шығармашылық қызметкерлер санаты бойынша қатысатын үміткерлер үшін – бакалавр немесе маман дипломының орташа балы кемінде 3.0 (4.0/4.33-ден) GPA балға немесе бағалар баламалығы кестесіне сәйкес оның баламасына сәйкес болуы.
Ескерту. 9-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 31.12.2015 № 1154 (10.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
10. Үміткерлер конкурсқа қатысу үшін құжаттарды қабылдаудың белгіленген мерзімі ішінде Әкімшіге мынадай құжаттарды:
1) осы Қағидалардың 4-тармағының 2), 3), 4), 5), 6), 7) тармақшаларында көрсетілген үміткерлер үшін, оның ішінде конкурсқа философия докторы (PhD), бейін бойынша доктор дәрежесін алу үшін мемлекеттік қызметшілер, ғылыми не педагог қызметкер арасынан өз бетімен түскендер санаты бойынша қатысатын үміткерлер үшін – Жұмыс органы бекітетін нысан бойынша жұмыс орнын сақтау шартымен маман даярлауға жұмыс берушінің өтінімін (бұдан әрі – өтінім);
2) осы Қағидалардың 4-тармағының 1) тармақшасында көрсетілген үміткерлер үшін (осы тармақтың 1) тармақшасына сәйкес конкурсқа философия докторы (PhD), бейін бойынша доктор дәрежесін алу үшін мемлекеттік қызметшілер, ғылыми немесе педагог қызметкер арасынан өз бетімен түскендер және өтінім ұсынған санаты бойынша қатысатын үміткерлерді қоспағанда) жұмыс берушінің ұсыным хатын;
3) алып тасталды - ҚР Үкіметінің 31.12.2015 № 1154 (10.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
4) таңдап алған мамандығының/зерттеу тақырыбының және оқу/тағылымдамадан өту елінің негіздемесі көрсетілген жеке көзқарастар мен пікірлер суреттелген еркін нысандағы уәждемелік хат;
5) Жұмыс органы бекітетін нысан бойынша толтырылған сауалнаманы;
6) жеке куәліктің және паспорттың түпнұсқалары мен көшірмелерін. Түпнұсқалар салыстырылғаннан кейін үміткерге қайтарылады;
7) қосымшасы бар бакалавр немесе маман дипломының түпнұсқасы мен көшірмесін (тағылымдамаға үміткерлер қосымшаны ұсынбайды), сондай-ақ шетелдік білім беру ұйымында оқыған болса – білімі туралы құжатты тану және/немесе нострификациялау туралы куәліктің түпнұсқасын және көшірмесін не Заңның 39-бабының 8-тармағында белгіленген ерекшеліктерді ескере отырып, білімі туралы құжатты тану туралы өзге де құжатты. Түпнұсқалар салыстырғаннан кейін үміткерге қайтарылады;
8) шетелге шығатын адамдар үшін денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган белгілеген нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы медициналық анықтаманы;
9) осы Қағидаларға сәйкес талап етілетін еңбек қызметі кезеңдері үшін еңбек қызметін растайтын құжаттар, сондай-ақ аударылған міндетті зейнетақы жарналары туралы үзінді көшірмелердің түпнұсқалары мен көшірмелерін. Түпнұсқалар салыстырғаннан кейін үміткерге қайтарылады;
10) тағылымдамаға үміткерлер санаты бойынша қатысатын адамдар тағылымдамаға қабылдаушы шетелдік ұйымдардың мемлекеттік не орыс тіліндегі нотариалды куәландырылған аудармалары бар тағылымдамадан өту мерзімдері, құны (есептеулерді ашып жазумен) көрсетілген сөзсіз шақыруын (қаржылық шарттар мен талап етілетін деңгейге дейін шет тілін білу деңгейін арттыру шарттарын қоспағанда) растайтын құжаттардың көшірмелерін;
11) тағылымдамаға үміткерлер санаты бойынша қатысатын адамдар Жұмыс органы белгілейтін талаптарға сәйкес жасалған және тағылымдамаға жіберетін және қабылдайтын ұйымдар бекіткен тағылымдамадан өту бағдарламасын;
12) өз бетімен түскендер санаты бойынша қатысатын адамдар бағдарламаны, мамандықты және оқу кезеңін көрсете отырып, академиялық оқуға шартсыз қабылданғанын растайтын құжаттардың көшірмесін (қаржылық шарттарды және философия докторы (PhD), бейін бойынша доктор дәрежесін алу үшін, резидентурада оқу үшін түскен адамдар үшін – шет тілін білу деңгейін талап етілетін деңгейге дейін арттыру жөніндегі шарттарды қоспағанда) және ол болған жағдайда, мемлекеттік немесе орыс тілдеріне нотариалды куәландырылған аудармасы бар шетелдік жоғары оқу орны берген үлгерімі туралы ресми құжатты/мамандығын, курсын (оқу жылын), оқу нысанын, осы оқу орнында пайдаланылатын бағалау жүйесі туралы ақпаратты, сондай-ақ осы оқу орнындағы ағымдағы үлгерімінің орташа балын көрсететін белгіленген үлгідегі анықтаманы;
13) академиялық оқуға өз бетімен түскендер немесе философия докторы (PhD), бейін бойынша доктор дәрежесін алуға Тізімге енгізілген шетелдік жетекші жоғары оқу орындарында білім алушылар санаты бойынша қатысатын адамдар аталған дәрежені алу үшін шетелдік жетекші жоғары оқу орны белгілеген мерзімдерден аспайтын шетелдік жетекші жоғары оқу орнымен келісілген мемлекеттік немесе орыс тілдеріне нотариатта куәландырылған аудармалары бар жеке оқу жоспарын;
14) бар болған жағдайда, Жұмыс органы бекіткен белгіленген ең төменгі талаптарға сәйкес нәтижесі бар шет тілінен емтихан тапсырғаны туралы белгіленген нысандағы жарамды ресми сертификаттың көшірмесін және түпнұсқасын. Түпнұсқалар салыстырғаннан кейін үміткерге қайтарылады;
15) бар болған жағдайда, Жұмыс орган бекіткен белгіленген ең төменгі талаптарға сәйкес келетін нәтижемен мемлекеттік тілден емтихан тапсырғаны туралы белгіленген нысандағы жарамды ресми сертификаттың көшірмесін және түпнұсқасын. Түпнұсқалар салыстырғаннан кейін үміткерге қайтарылады;
16) мәдениет қызметкерлері, шығармашылық қызметкерлер санаты бойынша қатысатын адамдар оқу бағдарламасы, мамандығы мен оқу кезеңі көрсетілген академиялық оқуға (қаржылық шарттарды және шет тілінен білімін талап етілетін деңгейге дейін арттыру бойынша шарттарды қоспағанда) шартсыз тіркелгенін растайтын құжаттардың көшірмелерін және болған жағдайда, мемлекеттік немесе орыс тілдеріне нотариатта куәландырылған аудармалары бар шетелдік жоғары оқу орны берген үлгерім туралы ресми құжатты/мамандығын, курсын (оқу жылын), оқу нысанын, осы оқу орнында пайдаланылатын бағалау жүйесі туралы ақпаратты, сондай-ақ осы оқу орнындағы ағымдағы үлгерімінің орташа балын көрсететін белгіленген үлгідегі анықтаманы қосымша;
17) егер үміткер жеке өзі құжаттарын тапсыра алмаған жағдайда, өкіліне нотариалды куәландырылған сенімхатты ұсынады.
Ескерту. 10-тармаққа өзгерістер енгізілді - ҚР Үкіметінің 29.11.2013 № 1270 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі); 02.04.2015 № 175 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі); 31.12.2015 № 1154 (10.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі) қаулыларымен.
11. Конкурсқа қатысуға рұқсат алу үшін құжаттарды қабылдауды және тіркеуді ұсынылған құжаттар осы Қағидаларда көзделген талаптар мен шарттарға сәйкес келген жағдайда үміткер өтініш берген күні Әкімші жүзеге асырады. Осы Қағидалардың талаптары мен шарттарына құжаттар сәйкес келмесе, сондай-ақ толық құжаттар пакеті берілмеген жағдайда үміткер бұзушылықтарды жойып, оларды қабылдаудың белгіленген мерзімі кезеңінде құжаттарын тапсырады.
Үміткерге құжаттарын тіркеген кезде, құжаттарын қабылдағаны туралы конкурсқа қатысуға рұқсат беру не құжаттары Жұмыс органдарына жеке тәртіппен қарауға жіберілгені туралы ақпарат көрсетілген қолхат беріледі.
Құжаттар осы Қағидалардың талаптары мен шарттарына сәйкес келмеген және «электрондық үкімет» веб-порталы не халыққа қызмет көрсету орталықтары арқылы өтініш берілген кезде құжаттар пакеті толық ұсынылмаған жағдайда, Әкімші «электрондық үкімет» веб-порталы не халыққа қызмет көрсету орталықтары арқылы өтініш берілген күннен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде құжаттардың талаптарға сәйкессіздігін жою және жетіспейтін құжаттарды ұсыну қажеттілігі туралы дәлелді жауап береді.
Ескерту. 11-тармаққа өзгерістер енгізілді - ҚР Үкіметінің 29.11.2013 № 1270 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі); 02.04.2015 № 175 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі); 31.12.2015 № 1154 (10.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі) қаулыларымен.
12. Үміткерлердің материалдарын қарауды және конкурсқа жіберу туралы шешім қабылдауды Әкімші құжаттарды қабылдаған күннен бастап Жұмыс органы 10 (он) жұмыс күні ішінде жеке тәртіппен мынадай жағдайларда:
1) конкурсқа қатысу үшін үміткер ұсынған дипломда (бакалавр немесе маман) көрсетілген мамандықтың атауы мәндес мамандықтар тізбесінде болмағанда;
2) академиялық оқуға тіркелгенін растау құжатында көрсетілген мамандық атауы басым мамандықтар тізбесінен таңдап алған мамандық атауына сәйкес келмегенде;
3) үміткер ұсынған (бакалавр не маман) диплом немесе ағымдағы үлгерімі туралы анықтама бойынша оқуды бағалау жүйесі бағалар баламасы кестесінің бағалау жүйесіне сәйкес келмегенде;
4) Тізімде медициналық мамандықтар не өнер саласындағы мамандықтар бойынша мамандарды даярлауды жүзеге асыратын мамандандырылған шетелдік жоғары оқу орны болмаған жағдайда жүзеге асырады.
13. Осы Қағидалардың 12-тармағында көзделген жағдайларда құжаттары Жұмыс органына қарауға жіберілген үміткерлерге Жұмыс органы шешім қабылдаған күнінен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде Әкімші конкурсқа қатысуға рұқсат беру туралы не конкурсқа қатысуға рұқсат беруден бас тарту туралы жазбаша хабарлама жібереді.
Құжаттар жеке тәртіппен қаралған жағдайларда үміткерді конкурсқа қатысуға жіберуден бас тарту үшін мыналар негіз болып табылады:
1) дипломда көрсетілген (бакалавр немесе маман) мамандықтардың оқу бағдарламалары мәндес мамандықтар тізбесінде көрсетілген мамандықтардың оқу бағдарламаларының біріне сәйкес келмеуі;
2) академиялық оқуға тіркелгенін растау құжатында көрсетілген мамандық алу үшін оқу бағдарламасының басым мамандықтар тізбесінен таңдап алған мамандықтың оқу бағдарламасына сәйкес келмеуі;
3) дипломның (бакалавр немесе маман) орташа балының немесе ағымдағы оқу үлгерімі туралы анықтаманың осы Қағидалардың 9-тармағында көрсетілген шартқа сәйкес келмеуі;
4) магистр, философия докторы (PhD), бейін бойынша доктор дәрежесін алуы, резидентурада оқуы үшін медициналық мамандықтар және өнер саласындағы мамандықтар бойынша мамандар даярлауды жүзеге асыратын мамандандырылған шетелдік жоғары оқу орнының үш және одан да көп мынадай өлшемдерге сәйкес келмеуі;
жылына кемінде 3 оқу құралын, монография, авторлық куәлік шығару;
кемінде 3 трансұлттық компаниялардың іске асырылған ірі жобаларының немесе\және осы оқу орны оқытушыларының және студенттерінің қатысуымен соңғы 10 жылда өткізілген ұлттық және халықаралық мәні бар жобалардың болуы;
осы оқу орны оқытушыларының және студенттерінің қатысуымен халықаралық және ұлттық деңгейдегі жылына кемінде 50 көрсетілім\концерт немесе 10 конференция\көрме өткізу;
осы оқу орнының халықаралық немесе\және мемлекеттік\ұлттық аккредиттеуден өткенін растайтын құжаттың болуы;
осы оқу орнының базасында клиникалардың, зертханалардың немесе зерттеу орталықтарының болуы;
осы оқу орнының мамандандыру саласындағы кемінде 1 ұлттық және\немесе халықаралық сыйлығының болуы.
Үміткерге конкурсқа қатысуға рұқсат беруден бас тарту және бас тартуды алған күннен бастап 10 (он) жұмыс күні ішінде құжаттарды қайта тапсыру үшін негіз болған сәйкессіздіктерді жойған жағдайда үміткер конкурсқа қатысуға жіберіледі.
Ескерту. 13-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 31.12.2015 № 1154 (10.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
2.2. «Болашақ» стипендиясын тағайындау үшін үміткерлерге іріктеу жүргізу тәртібі
14. Үміткерлерді іріктеу мемлекеттік және шет тілдерін білу, психологиялық дайындығы, зияткерлік және кәсіби даярлығы деңгейін анықтау арқылы конкурстық негізде жүргізіледі.
15. Конкурс 5 (бес) турдан тұрады.
Бірінші, екінші және үшінші турларды отандық ұйымдармен, шетелдік жоғары оқу орындарымен және шетелдік әріптестермен бірлесіп, Әкімші ұймдастырады және өткізеді.
16. Бірінші турда үміткердің шет тілін білу деңгейі анықталады.
Шетелдік жоғары оқу орындарының талаптарына сәйкес шет тілін білу деңгейін анықтау жөніндегі тестілеудің орнына таңдаған оқу мамандығына сәйкес пәндік емтихандар өткізілуі мүмкін.
Екінші турда үміткердің мемлекеттік тілді білу деңгейі анықталады.
Үшінші турда оның шетелде оқу және тұру қабілетіне психологиялық диагностика жүргізіледі.
Әкімші бірінші, екінші және үшінші турдың өтетін орны мен уақытын айқындап, бұл туралы телефон байланысы бойынша тікелей сөйлесу арқылы күнтізбелік 5 (бес) күннен кешіктірмей үміткерді хабардар етеді.
Ескерту. 16-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 02.04.2015 № 175 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).
17. Бірінші, екінші және үшінші турлардың нәтижелері бойынша әрбір үміткерге осы Қағидалардың 14-тармағына сәйкес Әкімшінің ресми интернет-ресурсына ақпарат орналастыру арқылы үміткер хабарландырылатын қорытынды беріледі.
Үміткерлер алдыңғы турдан табысты өткен жағдайда екінші, үшінші, төртінші турға қатысуға жіберіледі.
18. Үміткерлер үшін мемлекеттік тілді білудің және пәндік емтихандардың қажетті ең төменгі деңгейін Жұмыс органы бекітеді.
Жұмыс органы шетелдік жоғары оқу орындарының, шетелдік әріптестердің талаптарын ескере отырып, үміткерлер үшін шет тілін білудің қажетті ең төменгі деңгейін анықтайды.
19. Шет тілін білу деңгейін анықтау бойынша тестілеуден:
1) тағылымдамадан өтуге, философия докторы (PhD), бейін бойынша доктор дәрежесін алуға, резидентурада оқуға шақыруларда шет тілін білу деңгейін тағылымдамаға қабылдаушы ұйым, шетелдік жетекші жоғары оқу орны талап ететін деңгейге дейін көтеру шарты жоқ адамдар;
2) белгіленген ең төменгі талаптарға сәйкес келетін нәтижесі бар шет тілінен емтихан тапсырғандығы туралы белгіленген нысандағы жарамды ресми сертификаттың көшірмесін тапсырғандар;
3) шақыруларында шет тілін білу деңгейін талап етілетін деңгейге дейін көтеру шарты бар философия докторы (PhD), бейін бойынша доктор дәрежесін алу үшін, резидентурада оқу үшін түскен адамдарды қоспағанда, өз бетімен түскендер санаты бойынша қатысатын адамдар босатылады.
Ескерту. 19-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 29.11.2013 № 1270 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).
19-1. Белгіленген ең төменгі талаптарға сәйкес келетін нәтижемен мемлекеттік тілден емтихан тапсырғандығы туралы белгіленген нысандағы жарамды ресми сертификаттың көшірмесін тапсырғандар мемлекеттік тілді білу деңгейін анықтау бойынша тестілеуден босатылады.
Ескерту. Қағидалар 19-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Үкіметінің 29.11.2013 № 1270 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).
20. Төртінші тур үміткерлердің Жұмыс органы құратын Тәуелсіз сараптамалық комиссияның мүшелерімен жеке әңгімелесуден өтуін ұйымдастыру арқылы өткізіледі. Әкімші үміткерлерді телефон байланысы бойынша тікелей сөйлесу арқылы әңгімелесудің өтетін күні мен орны туралы ол өткізілгенге дейін күнтізбелік 5 (бес) күннен кешіктірмей хабардар етеді.
Тәуелсіз сараптамалық комиссияның құрамын, жұмыс тәртібі мен оны ұйымдастыруды Жұмыс органы бекітеді.
Ескерту. 20-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 02.04.2015 № 175 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).
21. Төртінші турда үміткердің Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан тарихын, мемлекеттік рәміздерді білуі, кәсіби даярлық деңгейі анықталады.
22. Тәуелсіз сараптамалық комиссия Жұмыс органы белгілеген нысан бойынша әрбір үміткерге ұсыным береді.
Ескерту. 22-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 02.04.2015 № 175 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).
23. Төртінші тур өткеннен кейін Жұмыс органы барлық турлардың нәтижелерімен бірге үміткерлердің материалдарын Республикалық комиссияның қарауы үшін бесінші турға енгізеді.
24. Республикалық комиссия үміткерлер конкурсының барлық турларының нәтижелері негізінде «Болашақ» стипендиясын тағайындау немесе тағайындаудан бас тарту туралы соңғы шешімді қабылдайды, ол туралы Әкімшінің ресми интернет-ресурсында орналастыру арқылы үміткер хабардар етіледі.
25. Республикалық комиссияның шешімінде «Болашақ» стипендиясы есебінен тағылымдама өткізуді жүзеге асыратын шетелдік жоғары оқу орындарының, шетелдік ұйымдардың талаптарына сәйкес конкурстың мынадай жеңімпаздары үшін тілдік курстардан өту қажеттілігі туралы көрсетіледі:
1) осы Қағидалардың 4-тармағының 2), 3), 4), 6), 7) тармақшаларында көрсетілген санаттар бойынша Жұмыс органы бекітетін тілдік курстардың ұзақтығы кестесіне (бұдан әрі – кесте) сәйкес, бірақ 12 айдан аспайтын, ағылшын тілін үйрену үшін Қазақстан Республикасында 6 айдан аспайтын және шетелде 6 айдан аспайтын мерзім;
2) осы Қағидалардың 4-тармағының 1) тармақшасында көрсетілген санат және философия докторы (PhD), бейін бойынша доктор дәрежесін алу, резидентурада оқу үшін түскендер бойынша Жұмыс органы бекітетін кестеге сәйкес, бірақ 12 айдан аспайтын, ағылшын тілін үйрену үшін Қазақстан Республикасында 6 айдан аспайтын және шетелде 6 айдан аспайтын мерзім;
3) осы Қағидалардың 4-тармағының 5) тармақшасында көрсетілген санат бойынша 6 айдан аспайтын, ағылшын тілін үйрену үшін Қазақстан Республикасында 6 айдан аспайтын мерзім.
Егер конкурс жеңімпазы осы Қағидалардың 25-тармағының 1), 2), 3) тармақшаларына сәйкес белгіленген мерзімде шет тілін шетелдің жоғары оқу орнына түсу немесе тағылымдамадан өту үшін қажетті көлемде игермесе, ол тағылымдаманы өткізуді жүзеге асыратын шетелдік жоғары оқу орындарының, шетелдік ұйымдардың ұсынымы негізінде Республикалық комиссияның шешімі бойынша «Болашақ» стипендиясы бойынша ол одан әрі академиялық оқу не тағылымдамадан өту құқығынан айырылады және Республикалық комиссия «Болашақ» стипендиясын тағайындау туралы шешім қабылдаған күннен бастап оған жұмсалған шығыстардың барлығын өтейді.
Ескерту. 25-тармаққа өзгерістер енгізілді - ҚР Үкіметінің 29.11.2013 № 1270 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі); 02.04.2015 № 175 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулыларымен.
26. Конкурстың ағымдағы жылғы турларының біреуінен өтпеген үміткердің ағымдағы жылғы конкурсқа қайта қатысуына жол берілмейді.
27. Конкурс жеңімпазы Республикалық комиссия оған «Болашақ» стипендиясын тағайындау туралы шешімді қабылдаған күннен бастап күнтізбелік 90 (тоқсан) күн ішінде Әкімшімен Жұмыс органы бекіткен үлгілік нысандар бойынша оқыту шартын/тағылымдамадан өту туралы шарт (бұдан әрі – шарт) жасасады, онда міндетті түрде мыналар қамтылуы тиіс:
1) шарттың нысанасы;
2) тараптардың құқықтары мен міндеттемелері;
3) осы Қағидаларда көзделген жағдайларда конкурс жеңімпазын оқытуға/тағылымдамадан өтуге жұмсалған шығыстарды өтеу бойынша міндеттемелерді орындауын қамтамасыз ету тәсілі;
4) «Болашақ» стипендиясы бойынша оқытудың/тағылымдамадан өтудің мерзімі мен шарттары;
5) конкурс жеңімпазының шетелде академиялық оқуын аяқтағаннан не тағылымдамадан өткеннен кейін Қазақстан Республикасына міндетті түрде оралуы және «Болашақ» стипендиясы шеңберінде алған мамандығы бойынша жұмысқа орналасқан күнінен бастап үздіксіз бес жыл (осы Қағидалардың 4-тармағының 5) тармақшасында көрсетілген адамдар үшін – үш жыл) жұмыс істеуі туралы шарт:
осы Қағидалардың 10-тармағының 2) тармақшасына сәйкес жұмыс берушілерден ұсыным хат берген осы Қағидалардың 4-тармағының 1) тармақшаларында көрсетілген тұлғалар үшін – Қазақстан Республикасының ұйымдарында не акциялары Қазақстан Республикасына не ұлттық компанияларға тиесілі Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде орналасқан ұйымдарда;
осы Қағидалардың 4-тармағының 3), 4), 5), 6), 7) тармақшаларында көрсетілген адамдар, сондай-ақ өз бетімен түскендер санаты бойынша конкурсқа қатысатын және осы Қағидалардың 10-тармағының 1) тармақшасына сәйкес өтінім берген ғылыми не педагог қызметкерлер үшін – өтінімге сәйкес өздері жіберілген ұйымдарда;
осы Қағидалардың 4-тармағының 2) тармақшасында көрсетілген адамдар, сондай-ақ өз бетімен түскендер санаты бойынша конкурсқа қатысушы және осы Қағидалардың 10-тармағының 1) тармақшасына сәйкес өтінім берген мемлекеттік қызметшілер үшін – өтінімге сәйкес мемлекеттік қызметте одан әрі жұмыс істеу мүмкіндігімен өздері жіберілген мемлекеттік органда не шетелдегі Қазақстан Республикасының дипломатиялық қызмет органдарында;
6) конкурс жеңімпазы өз міндеттемелерін орындамаған не тиісінше орындамаған жағдайда Жұмсау бағытында көзделген шығыстарды қаржыландыруды тоқтата тұру туралы шарт;
7) еңсерілмес күш жағдайларының туындауы салдарынан конкурс жеңімпазын өз міндеттемелерін орындамағаны не тиісінше орындамағаны үшін жауапкершіліктен босату туралы шарт;
8) Жұмыс берушінің осы Қағидалардың 4-тармағының 2), 3), 4), 5), 6), 7) тармақшаларында көрсетілген үміткерлер үшін, сондай-ақ өз бетімен түскендер санаты бойынша конкурсқа қатысатын және осы Қағидалардың 10-тармағының 1) тармақшасына сәйкес өтінім берген үміткерлер үшін жұмыс орнын (лауазымын) міндетті сақтау бойынша шарт;
9) еңбек қызметін жүзеге асыруын растайтын құжаттарды ұсыну міндеттілігі туралы шарт.
Ескерту. 27-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 29.11.2013 № 1270 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).
28. Конкурс жеңімпазы осы Қағидалардың 27-тармағында көрсетілген мерзімде шарт жасамаса, сондай-ақ шарт бойынша ол өзінің міндеттемелерін орындамаған не тиісінше орындамаған жағдайда конкурс жеңімпазын «Болашақ» стипендиясынан айыру туралы мәселені Республикалық комиссияның қарауына бастамашылық жасалады.
29. Шарт конкурс жеңімпазының оқуын/тағылымдамадан өтуін ұйымдастыру бойынша «Болашақ» стипендиясы тағайындалған күннен бастап Жұмсау бағытына сәйкес туындаған барлық шығыстарды төлеуге байланысты ақшаны аудару үшін негіз болып табылады.
30. Шарт жасалғаннан және осы Қағидалардың 27-тармағының 3) тармақшасындағы талаптар орындалғаннан кейін конкурс жеңімпаздарын шетелдік жоғары оқу орындарына, шетелдік ұйымдарға оқуға/ тағылымдамаға жіберу және осы Қағидалардың 29-тармағына сәйкес ақшаның аударылуы қамтамасыз етіледі.
31. Конкурс жеңімпазы «Болашақ» стипендиясынан бас тартса не оны одан айырған жағдайда, Республикалық комиссия «Болашақ» стипендиясын тағайындау туралы шешім қабылдаған күннен бастап оған жұмсалған барлық шығыстарды тұрақсыздық айыбын (айыппұл) қоса алғанда Республикалық комиссияның шешімі бойынша өтеуге тиіс.
Егер «Болашақ» стипендиясынан бас тарту не одан айырылу еңсерілмес күш, атап айтқанда: өрт, су тасқыны, жер сілкінісі, соғыс қимылдары, блокадалар, медициналық-әлеуметтік сараптаманың тиісті анықтамасымен расталған стипендия иегерінің ауруы, заңнамадағы өзгерістер, мемлекеттік органдардың актілер шығаруы мән-жайының және басқа да мән-жайлар туындауының салдары болып табылса, егер шарттық міндеттемелерді орындауға тікелей әсер етсе, мұндай әсер етуге кедергі болу мүмкін болмаған және қолданылуын қалыптасқан жағдайлардан күтуге болатын барлық ықтимал шаралар мен әрекеттер қабылданған жағдайда «Болашақ» стипендиясынан айырылған не одан бас тартқан адамдар шығыстарды өтеуден және тұрақсыздық айыбын (айыппұлды) төлеуден босатылады.
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2008 жылғы 11 маусымдағы
№ 573 қаулысына
қосымша
«Болашақ» халықаралық стипендиясын жұмсау бағыттары
Ескерту. Қаулы қосымшамен толықтырылды - ҚР Үкіметінің 2012.03.27 № 355 (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.
1. «Болашақ» халықаралық стипендиясын жұмсау бағыты (бұдан әрі – «Болашақ» стипендиясы) «Болашақ» стипендиясын тағайындауға арналған конкурс жеңімпаздарының (бұдан әрі – конкурс жеңімпазы) оқуын және тағылымдамадан өтуін ұйымдастыруға байланысты шығыстарды төлеуді қамтиды:
визаларды (консулдық алымды) ресімдеу, ұзарту; шетелдік жоғары оқу орындарына 5-тен (бес) аспайтын сауалнама нысандарын ресімдеу және тапсыру; конкурс жеңімпаздарын қабылдаушы елдің уәкілетті органдарында және шетелдік жоғары оқу орындарында тіркеу; шет тілін білу деңгейін айқындауға бір тестілеуді, академиялық оқуды, тағылымдамадан өтуді қоса алғанда, Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссияның шешімі бойынша олардың өтуі қажет болған жағдайда тілдік курстар; академиялық және техникалық даярлық деңгейін анықтау бойынша академиялық оқуға түсу үшін шетелдік жоғары оқу орындарының талаптары бойынша қажетті пәндік емтихандарды бір реттен көп емес тапсыру; академиялық оқуға, тілдік курстарға түсу кезінде, сондай-ақ тілдік даярлық, академиялық оқыту, конкурс жеңімпазының тағылымдамасы процесінде қажетті тағылымдамаларды, тілдік курстарды (бұдан әрі – тілдік мектеп) өткізуді жүзеге асыратын шетелдік жоғары оқу орындарының, шетелдік ұйымдардың (бұдан әрі – шетелдік ұйым) талаптары бойынша міндетті қызметтер; оқу елінде тұру және тамақтану, тілдік курстан, тағылымдамадан өту, оқу әдебиетін сатып алу; тілдік курстардан, академиялық оқудан, тағылымдамадан өту елінің және/немесе шетелдік жоғары оқу орнының, тілдік мектептің, шетелдік ұйымның талаптарына сәйкес міндетті медициналық тексеріс; конкурс жеңімпазының банк карточкасын жасау, қолданылу мерзімі аяқталғаннан кейін қайта шығару және оған қызмет көрсету; шет мемлекеттердің уәкілетті органдары (бұдан әрі – шетелдік әріптестер) айқындайтын шетелдік жоғары оқу орындарының, тілдік мектептердің немесе шетелдік ұйымдардың конкурс жеңімпазының үлгерімі туралы ресми құжаттарды (транскрипттерді) беруі; жазатайым оқиғалар мен кенеттен ауру пайда болудан шетелдік студенттер үшін көзделген медициналық сақтандыру; академиялық оқуы не тілдік курстардан, тағылымдамадан өтуі басталған сәттен бастап «Болашақ» стипендиясы тағайындалғаннан кейін Қазақстан Республикасында тұратын жерінен академиялық оқу, тілдік курстардан, тағылымдамадан өту орнына дейін және тілдік курстарды, академиялық оқуды аяқтағаннан не тағылымдамадан өткеннен кейін кері бағытта жол жүру, академиялық оқудың ұзақтығы 1 (бір) оқу жылынан асатын болса, Қазақстан Республикасында тұратын жерінен оқудың әрбір оқу жылының басында оқитын жеріне дейін жол жүру және оқуының әрбір оқу жылы аяқталғаннан кейін кері бағытта жол жүру, сондай-ақ Қазақстан Республикасында визаны ресімдеу не ұзарту қажет болған жағдайда, академиялық оқу, тағылымдамадан, тілдік курстардан өту орнынан және кері бағытта жол жүру үшін ақы; шетелдік әріптестердің конкурс жеңімпаздарының академиялық оқуын, тілдік курстарын, тағылымдамаларын ұйымдастыру жөніндегі қызметтерді көрсету шарттары бойынша міндеттемелерін орындауға байланысты шығыстары.
2. Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссияның жұмыс органы – Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі шет елдердің тиісті мемлекеттік органдары, шетелдік жоғары оқу орындары, тілдік мектептер, ғылыми ұйымдар, ғылыми әріптестер және/немесе статистикалық, рейтингтік және өзге де тиісті ұйымдар ұсынған құжаттардың және/немесе өзге де ақпараттың негізінде тамақтану, тұру, оқу әдебиеттерін сатып алу шығыстарының нормаларын әзірлейді және бекітеді, сондай-ақ конкурс жеңімпазының Қазақстан Республикасында тұратын жерінен академиялық оқу бойынша; тілдік курстардан, тағылымдамадан өту орнына дейін жол жүру көлігінің түрі мен класын айқындайды. «Болашақ» халықаралық стипендиясы шығыстарының осы бағыттарының 1-тармағында көзделген өзге де шығыстар қызмет көрсетуші ұйымдар беретін растау құжаттарының негізінде төленеді.