"Болашақ" халықаралық стипендиясын тағайындау үшін үміткерлерді іріктеу қағидаларын бекіту және "Болашақ" халықаралық стипендиясын жұмсау бағыттарын айқындау туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 11 маусымдағы N 573 Қаулысы.

Жаңартылған

      Ескерту. Қаулының тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2012.03.27 № 355 (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.

      "Білім туралы" Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі Заңының 4-бабының 15) тармақшасына, "Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссия туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2000 жылғы 12 қазандағы N 470 Жарлығынасәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Президентінің "Болашақ" халықаралық стипендиясын тағайындау үшін үміткерлерді іріктеу ережесі бекітілсін.

      1-1. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес "Болашақ" халықаралық стипендиясын жұмсау бағыттары айқындалсын.

      Ескерту. Қаулы 1-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Үкіметінің 2012.03.27 № 355 (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.

      2. Мыналардың күші жойылды деп танылсын:

      1) "Қазақстан Республикасы Президентінің "Болашақ" халықаралық стипендиясын тағайындау үшін үміткерлерді іріктеу ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 26 мамырдағы N 511 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2005 ж., N 22, 270-құжат);

      2) "Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 26 мамырдағы N 511 қаулысына толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 26 сәуірдегі N 328 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2006 ж., N 15, 144-құжат).

      3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.

Қазақстан Республикасының


Премьер-Министрі

К. Мәсімов


  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2008 жылғы 11 маусымдағы
N 573 қаулысымен
бекітілген

"Болашақ" халықаралық стипендиясын тағайындау үшін үміткерлерді іріктеу қағидалары

      Ескерту. Ереже жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2012.03.27 № 355 (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.

1. Жалпы ережелер

      1. Осы "Болашақ" халықаралық стипендиясын тағайындау үшін үміткерлерді іріктеу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Білім туралы" Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі Заңының (бұдан әрі – Заң) 4-бабының 15) тармақшасына, "Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссия туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2000 жылғы 12 қазандағы № 470 Жарлығына сәйкес әзірленді әрі "Болашақ" халықаралық стипендиясын тағайындау үшін үміткерлерді іріктеуді ұйымдастыру және жүзеге асыру тәртібін айқындайды.

      2. Осы Қағидаларда пайдаланылатын негізгі ұғымдар:

      1) "Болашақ" халықаралық стипендиясы (бұдан әрі – "Болашақ" стипендиясы) – Қазақстан Республикасы азаматтарының шетелдік жетекші жоғары оқу орындарында күндізгі оқу нысаны бойынша оқуы немесе санаттарын Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссия айқындайтын жұмыскерлердің шетелдік ұйымдарда тағылымдамадан өтуі үшін Қазақстан Республикасының Президенті тағайындайтын стипендия;

      2) "Болашақ" стипендиясының әкімшісі (бұдан әрі – Әкімші) – шетелде кадрлар даярлаудың, қайта даярлаудың және олардың біліктілігін арттырудың халықаралық бағдарламалары, оның ішінде "Болашақ" халықаралық стипендиясы бойынша іс-шаралар кешенін жүзеге асыруға Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын ұйым;

      3) "Болашақ" стипендиясын тағайындау конкурсының жеңімпазы (бұдан әрі – конкурс жеңімпазы) – осы Қағидаларда көзделген барлық турлардан ойдағыдай өткен және Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссияның шешіміне сәйкес "Болашақ" халықаралық стипендиясы тағайындалған үміткер;

      4) бұқаралық ақпарат құралдары редакциясының қызметкерлері – бұқаралық ақпарат құралына материалдар жинауды, дайындауды және шығаруды жүзеге асыратын заңды тұлғаның құрылымдық бөлімшесі болып табылатын шығармашылық ұжымның қызметкерлері болып табылатын жеке тұлғалар;

      5) ғылыми-педагог қызметкерлер – ғылыми ұйымда, жоғары оқу орнында немесе ұйымның ғылыми бөлімшесінде жұмыс істейтін, жоғары білімі бар, ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет нәтижесіне қол жеткізетін және оны іске асыратын не білім беру ұйымдарында, сондай-ақ білім беру бағдарламаларын іске асыратын басқа да ұйымдарда білім алушылар мен тәрбиеленушілерді оқытуға және тәрбиелеуге байланысты білім беру қызметімен айналысатын жеке тұлғалар;

      6) жұмыс беруші – қызметкер Қазақстан Республикасының аумағында еңбек қызметін жүзеге асыру бойынша еңбек қатынастарында тұратын Қазақстан Республикасының заңды тұлғасы, оның филиалы, өкілдігі;

      7) инженерлік-техникалық қызметкерлер – өндірістік процесті, сондай-ақ ұйымда тікелей өндірістік қызметті ұйымдастыруды және басқаруды жүзеге асыратын және жоғары инженерлік-техникалық білімі бар қызметкерлер;

      8) кешенді тестілеу – зияткерлік қабілеттілік, кәсіби біліктілік деңгейін, шетелде оқуға психологиялық дайындықты айқындау бойынша тестілеу;

      9) магистратура алдындағы дайындық – конкурс жеңімпаздарының оқу еліне байланысты 2 (екі) айдан аспайтын мерзімде шетелдік жоғары оқу орындарының білім беру жүйесіне және оқыту әдістеріне бейімделу дайындығы;

      10) мәдениет қызметкерлері, шығармашыл қызметкерлер – кәсіби қызметі мәдени құндылықтарды сақтаумен, дамытумен, таратумен, пайдаланумен және оларға азаматтарды баулумен байланысты болатын, кәсіби немесе әуесқой шығармашылық қызметі көркем құндылықтар жасауға, әдебиет пен өнер туындыларын орындауға немесе түрлендіруге (тәржімалауға) бағытталған жеке тұлғалар;

      11) тәуелсіз сараптамалық комиссия – "Болашақ" стипендиясын тағайындау конкурсына (бұдан әрі – конкурс) қатысатын үміткерлермен жеке әңгімелесуді жүзеге асыратын, Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссияның жұмыс органы жанындағы консультативтік-кеңесші орган;

      12) үміткер – осы Қағидаларда көзделген талаптар мен шарттарға сай келетін және конкурсқа қатысатын Қазақстан Республикасының азаматы;

      13) Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссия – "Болашақ" стипендиясы мәселелері жөніндегі іс-шараларды іске асыру мақсатында құрылған Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы консультативтік-кеңесші орган (бұдан әрі – Республикалық комиссия).

      14) Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссияның жұмыс органы – Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі (бұдан әрі – Жұмыс органы).

      Ескерту. 2-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 19.05.2017 № 279 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).

      3. "Болашақ" стипендиясы дербес болып табылады және оны Республикалық комиссия:

      1) Қазақстан Республикасы азаматтарының жоғары оқу орнына оқуға орналасу сәтінде бекітілген конкурс жеңімпаздарының оқуы, тілдік курстардан өтуі үшін ұсынылатын Шетелдік жетекші жоғары оқу орындарының, шетелдік ұйымдардың тізіміне енгізілген шетелдік жетекші жоғары оқу орындарында олардың "Болашақ" стипендиясын тағайындау үшін басым мамандықтар тізбесіне (бұдан әрі – басым мамандықтар тізбесі) сәйкес магистр, философия докторы (PhD), бейін бойынша доктор дәрежесін алуы, резидентурада оқуы үшін күндізгі оқу нысаны бойынша оқуы;

      2) конкурс жеңімпаздарының оқуы, тілдік курстардан өтуі үшін ұсынылатын шетелдік жетекші жоғары оқу орындарының, шетелдік ұйымдардың тізіміне кіретін шетелдік жетекші жоғары оқу орындарының және олардың жанындағы медициналық мекемелердің базасында басым мамандықтар тізбесіне сәйкес шетелдік ұйымдарда, сондай-ақ танымал әлемдік, өңірлік ғылыми-зерттеу орталықтарында, компанияларда және салалық ұйымдарда он екі айға дейінгі мерзіммен (тілдік курстардан өту мерзімдерін қоспағанда) Қазақстан Республикасы азаматтарының қатарынан Республикалық комиссия айқындайтын қызметкерлер санаттарының тағылымдамадан өтуі мақсатында тағайындайды.

      Жұмыс органы конкурс жеңімпаздарының оқуы, тілдік курстардан өтуі үшін ұсынылатын шетелдік жетекші жоғары оқу орындарының, шетелдік ұйымдардың тізімін (бұдан әрі – Тізім) бекітеді. Тізім Жұмыс органы бекітетін "Болашақ" стипендиясын тағайындау конкурсы жеңімпаздарының оқуы, тілдік курстардан өтуі үшін ұсынылатын шетелдік жетекші жоғары оқу орындары, шетелдік ұйымдар тізімін қалыптастыру жөніндегі нұсқаулыққа сәйкес қалыптастырылады.

      Басым мамандықтар тізбесін жыл сайын Жұмыс органының ұсынуы бойынша Республикалық комиссия бекітеді.

      Басым мамандықтар тізбесін "Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссия туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2000 жылғы 12 қазандағы № 470 Жарлығына сәйкес орталық және жергілікті атқарушы органдар ұсынатын өтінімдер негізінде Жұмыс органы әзірлейді.

      Ескерту. 3-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 19.05.2017 № 279 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).

      4. "Болашақ" стипендиясы мынадай санаттарға:

      1) академиялық оқуға өз бетінше түскен немесе Тізімге енгізілген шетелдік жетекші жоғары оқу орындарында оқитын магистр, философия докторы (PhD), бейін бойынша доктор дәрежесін алуға, резидентурада оқуға үміткерлер (бұдан әрі – өз бетінше түскендер санаты);

      1-1) Жұмыс органы бекіткен белгіленген ең төменгі талаптарға сәйкес келетін нәтижелері бар шет тілі бойынша емтихан тапсырғаны туралы белгіленген нысандағы жарамды ресми сертификаты бар магистр дәрежесін алуға үміткерлерге (бұдан әрі – жалпы конкурс санаты);

      2) конкурсқа қатысу үшін құжаттар тапсыру сәтінде соңғы он екі айды қоса алғанда, мемлекеттік қызметте кемінде 2 (екі) жыл жалпы жұмыс өтілі бар мемлекеттік қызметші болып табылатын, магистр дәрежесін алуға үміткерлерге (бұдан әрі – мемлекеттік қызметшілер санаты);

      3) конкурсқа қатысу үшін құжаттар тапсыру сәтінде Қазақстан Республикасының ғылыми ұйымдары мен білім беру ұйымдарының ғылыми немесе педагог қызметкерлері болып табылатын, кемінде 2 (екі) жыл ғылыми немесе педагогикалық жалпы жұмыс өтілі бар магистр дәрежесін алуға үміткерлерге (бұдан әрі – ғылыми-педагог қызметкерлер санаты);

      4) конкурсқа қатысу үшін құжаттар тапсыру сәтінде инженерлік-техникалық қызметкерлер болып табылатын, өндірісте кемінде 2 (екі) жыл жалпы, соңғы 12 айды қоса алғанда, жұмыс өтілі бар магистр дәрежесін алуға үміткерлерге (бұдан әрі – инженерлік-техникалық қызметкерлер санаты);

      5) конкурсқа қатысу үшін құжаттар тапсыру кезінде Қазақстан Республикасы ұйымдарының Республикалық комиссия айқындаған қызметкерлер санатына жататын, кемінде 3 (үш) жыл, оның ішінде мамандығының таңдаған саласында соңғы 12 (он екі) ай жалпы жұмыс өтілі бар тағылымдамадан өтуге үміткерлерге (бұдан әрі - тағылымдамаға үміткерлер санаты);

      6) конкурсқа қатысу үшін құжаттар тапсыру сәтінде мәдениет қызметкерлері, мәдениет ұйымдарының шығармашылық қызметкерлері болып табылатын, мәдениет ұйымдарында кемінде 2 (екі) жыл жалпы жұмыс өтілі бар магистр дәрежесін алуға үміткерлерге (бұдан әрі – мәдениет қызметкерлері, шығармашылық қызметкерлер санаты);

      7) конкурсқа қатысу үшін құжаттар тапсыру сәтінде бұқаралық ақпарат құралдары редакциясының қызметкерлері болып табылатын, бұқаралық ақпарат құралдары саласында кемінде 2 (екі) жыл жалпы жұмыс өтілі бар магистр дәрежесін алуға үміткерлерге (бұдан әрі – бұқаралық ақпарат құралдары редакциясы қызметкерлер санаты) тағайындалады.

      Ескерту. 4-тармаққа өзгерістер енгізілді - ҚР Үкіметінің 29.11.2013 № 1270 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі); 31.12.2015 № 1154 (10.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі); 26.03.2016 № 158 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) ; 01.10.2016 № 564 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі); 19.05.2017 № 279 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулыларымен.

      5. Құжаттарды қабылдау және конкурс өткізу мерзімдерін Жұмыс органы жыл сайын бекітеді және Қазақстан Республикасының барлық аумағына таралатын Қазақстан Республикасының бұқаралық ақпарат құралдарында құжаттарды қабылдау мерзімі басталғанға дейін күнтізбелік 10 (он) күн бұрын орналастырылады.

      Ескерту. 5-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 19.05.2017 № 279 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).

      6. "Болашақ" стипендиясы бойынша іс-шараларды іске асыру республикалық бюджет есебінен жүзеге асырылады және:

      "Болашақ" стипендиясы бойынша іс-шаралар кешенін жүзеге асыру, оның ішінде "Болашақ" стипендиясы бойынша іс-шараларды іске асыруды ақпараттық қамтамасыз ету бойынша қызметтерді көрсетуге байланысты шығыстарды төлеуді;

      үміткерлердің мемлекеттік және шет тілдерін меңгеру деңгейін айқындау, пәндік емтихандарды және кешенді тестілеуді өткізу бойынша шет мемлекеттердің уәкілетті органдары айқындайтын шетелдік жоғары оқу орындарының, ұйымдардың (бұдан әрі – шетелдік әріптестер), Қазақстан Республикасы ұйымдары мен сарапшыларының қызметтеріне ақы төлеуді;

      Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын "Болашақ" стипендиясын жұмсау бағыттары бойынша шығыстарды (бұдан әрі – Жұмсау бағыты) төлеуді қамтиды.

      Ескерту. 6-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 19.05.2017 № 279 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).

      7. "Болашақ" стипендиясы тағылымдамадан өту, әрбір дәрежені (магистр, философия докторы (PhD), бейін бойынша доктор) алу, резидентурада оқу үшін бір рет тағайындалады.

      Бұрын тағайындалған стипендияны пайдаланбаған және оқуға немесе тағылымдамаға кіріспеген тұлғаларға, Әкімші алдында берешегі болмаған жағдайда, "Болашақ" стипендиясын тағайындау үшін конкурсқа қатысудың бір реттік мүмкіндігі беріледі.

      Ескерту. 7-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Үкіметінің 27.03.2018 № 143 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

2. "Болашақ" халықаралық стипендиясын тағайындау үшін үміткерлерді іріктеу тәртібі

2.1. "Болашақ" стипендиясын тағайындау үшін үміткерлердің құжаттарын қабылдау тәртібі

      8. Конкурсқа қатысуға жоғары арнаулы білімі, бакалавр дәрежесі немесе осы Қағидалардың шарттары мен талаптарына сәйкес құжаттар ұсынған Қазақстан Республикасының азаматтары жіберіледі.

      9. Магистр дәрежесін алу үшін "Болашақ" стипендиясын тағайындауға үміткерлердің құжаттарын қабылдау тәртібі.

      Магистр дәрежесін алу үшін конкурсқа қатысуға өз бетімен түскендер, жалпы конкурс, мемлекеттік қызметшілер, ғылыми-педагог қызметкерлер, инженерлік-техникалық қызметкерлер, мәдениет қызметкерлері, шығармашыл қызметкерлер, бұқаралық ақпарат құралдары редакциясының қызметкерлері санаттары бойынша қатысатын үміткерлер жіберіледі.

      Магистр дәрежесін алу үшін үміткерлердің конкурсқа қатысу шарттары:

      1) өз бетінше түскендер санаты бойынша қатысатын үміткерлер үшін:

      Тізімге енгізілген шетелдік жетекші жоғары оқу орындарында академиялық бағдарламаларда оқитындар – оқудың барлық кезеңіндегі үлгерімінің орташа балының Тізімге енгізілген шетелдік жетекші жоғары оқу орнында белгіленген бағалау жүйесіне сәйкес кемінде "жақсы" деген бағаға сәйкес болуы және бакалавр немесе маман дипломының орташа балының кемінде 3.0 (4.0/4.33-тен) GPA балына немесе Жұмыс органы бекітетін "Болашақ" халықаралық стипендиясын тағайындау үшін бағалар баламалығы кестесіне (бұдан әрі – бағалар баламалығы кестесі) сәйкес оның баламасына сәйкес келуі;

      академиялық оқуға түскендер – бакалавр немесе маман дипломының орташа балының кемінде 3.0 (4.0/4.33-тен) GPA балына немесе бағалар баламалығы кестесіне сәйкес оның баламасына сәйкес келуі;

      2) жалпы конкурс, мемлекеттік қызметшілер, ғылыми-педагог қызметкерлер, инженерлік-техникалық қызметкерлер, бұқаралық ақпарат құралдары редакциясының қызметкерлері санаттары бойынша қатысатын үміткерлер үшін – бакалавр немесе маман дипломының орташа балының кемінде 3.3 (4.0/4.33-тен) GPA балына немесе бағалар баламалығы кестесіне сәйкес оның баламасына сәйкес келуі және Жұмыс органы бекітетін "Болашақ" халықаралық стипендиясы шеңберінде шетелде оқу үшін мәндес мамандықтар тізбесіне (бұдан әрі – мәндес мамандықтар тізбесі) сәйкес шетелде оқу үшін таңдалған мамандығының осы диплом бойынша мамандығына сәйкес келуі;

      3) мәдениет қызметкерлері, шығармашыл қызметкерлер санаттары бойынша қатысатын үміткерлер үшін – бакалавр немесе маман дипломының орташа балының кемінде 3.3 (4.0/4.33-тен) GPA балына немесе бағалар баламалығы кестесіне сәйкес оның баламасына сәйкес келуі болып табылады.

      Ескерту. 9-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 19.05.2017 № 279 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі); өзгеріс енгізілді - 27.03.2018 № 143 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулыларымен.

      10. Осы Қағидалардың 9-тармағында көрсетілген үміткерлер конкурсқа қатысу үшін құжаттарды қабылдаудың белгіленген мерзімі ішінде Әкімшіге мынадай құжаттарды:

      1) жұмыс берушінің конкурсқа мемлекеттік қызметшілер, ғылыми-педагог қызметкерлер, инженерлік-техникалық қызметкерлер, мәдениет қызметкерлері, шығармашыл қызметкерлер, бұқаралық ақпарат құралдары редакциясының қызметкерлері санаттары бойынша қатысатын үміткерлер үшін Жұмыс органы бекітетін нысан бойынша жұмыс орнын сақтау шартымен маман даярлауға өтінімін;

      2) жеке куәліктің және паспорттың түпнұсқалары мен көшірмелерін (түпнұсқалар салыстырылғаннан кейін үміткерге қайтарылады);

      3) қосымшасымен бірге бакалавр немесе маман дипломының түпнұсқасы мен көшірмесін, сондай-ақ шетелдік білім беру ұйымында оқыған болса – білімі туралы құжатты тану және/немесе нострификациялау туралы куәліктің түпнұсқасын және көшірмесін не Заңның 39-бабының 8-тармағында белгіленген ерекшеліктерді ескере отырып, білімі туралы құжатты тану туралы өзге де құжатты (түпнұсқалар салыстырғаннан кейін үміткерге қайтарылады);

      4) осы Қағидалардың 4-тармағының 1), 1-1) тармақшаларында көрсетілген адамдарды қоспағанда, осы Қағидаларға сәйкес еңбек қызметі кезеңдері үшін талап етілетін еңбек қызметін растайтын құжаттар, сондай-ақ аударылған міндетті зейнетақы жарналары туралы үзінділердің түпнұсқалары мен көшірмелерін (түпнұсқалар салыстырғаннан кейін үміткерге қайтарылады);

      5) мемлекеттік немесе орыс тіліндегі уәждемелік және ұсыным хаттарды;

      6) шетелге шығатын адамдар үшін денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган белгілеген нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы медициналық анықтаманы;

      7) Жұмыс органы бекітетін нысан бойынша толтырылған сауалнаманы;

      8) бар болған жағдайда, Жұмыс органы бекіткен белгіленген ең төменгі талаптарға сәйкес нәтижесі бар шет тілі бойынша емтихан тапсырғаны туралы белгіленген нысандағы жарамды ресми сертификаттың түпнұсқасын (салыстырғаннан кейін үміткерге қайтарылады) және көшірмесін (оның болуы осы Қағидалардың 4-тармағының 1-1) тармақшасында көрсетілген үміткерлер үшін міндетті);

      9) бар болған жағдайда, Жұмыс органы бекіткен белгіленген ең төменгі талаптарға сәйкес нәтижесі бар мемлекеттік тіл бойынша емтихан тапсырғаны туралы белгіленген нысандағы жарамды ресми сертификаттың түпнұсқасын және көшірмесін (түпнұсқа салыстырғаннан кейін үміткерге қайтарылады);

      10) егер үміткер жеке өзі құжаттарын тапсыра алмаған жағдайда, өкіліне нотариалды куәландырылған сенімхатты;

      11) өз бетімен түскендер санаты бойынша қатысатын адамдар оқу бағдарламасы, мамандығы және оқу кезеңі көрсетілген академиялық оқуға сөзсіз қабылданғанын растайтын құжаттардың көшірмелерін (қаржылық шарттарды қоспағанда) және ол болған жағдайда, мемлекеттік немесе орыс тілдеріне нотариалды куәландырылған аудармасы бар шетелдік жоғары оқу орны берген үлгерімі туралы ресми құжатты/мамандығын, курсын (оқу жылын), оқу нысанын, осы оқу орнында пайдаланылатын бағалау жүйесі туралы ақпаратты, сондай-ақ осы оқу орнындағы ағымдағы үлгерімінің орташа балын көрсететін белгіленген үлгідегі анықтаманы;

      12) мәдениет қызметкерлері, шығармашыл қызметкерлер санаты бойынша қатысатын адамдар оқу бағдарламасы, мамандығы мен кезеңі көрсетілген академиялық оқуға (қаржылық шарттарды және шет тілінен білімін талап етілетін деңгейге дейін арттыру бойынша шарттарды қоспағанда) сөзсіз қабылданғанын растайтын құжаттардың көшірмелерін және ол болған жағдайда, мемлекеттік немесе орыс тілдеріне нотариалды куәландырылған аудармалары бар шетелдік жоғары оқу орны берген үлгерімі туралы ресми құжатты/мамандығын, курсын (оқу жылын), оқу нысанын, осы оқу орнында пайдаланылатын бағалау жүйесі туралы ақпаратты, сондай-ақ осы оқу орнындағы ағымдағы үлгерімінің орташа балын көрсететін белгіленген үлгідегі анықтаманы ұсынады.

      Ескерту. 10-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 01.10.2016 № 564 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен; өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 19.05.2017 № 279 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      10-1. Философия докторы (PhD), бейін бойынша доктор дәрежесін алу, резидентурада оқу үшін "Болашақ" халықаралық стипендиясын тағайындауға үміткерлердің құжаттарын қабылдау тәртібі.

      Философия докторы (PhD), бейін бойынша доктор дәрежесін алу, резидентурада оқу үшін конкурсқа қатысуға өз бетімен түскендер санаты бойынша қатысатын үміткерлер, оның ішінде мемлекеттік қызметшілер, ғылыми не педагог қызметкерлер арасынан философия докторы (PhD), бейін бойынша доктор дәрежесін алу үшін адамдар жiберіледi.

      Ескерту. 2.1-тарау 10-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Үкіметінің 01.10.2016 № 564 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      10-2. Философия докторы (PhD), бейін бойынша доктор дәрежесін алу, резидентурада оқу үшін үміткерлердің конкурсқа қатысу шарттары:

      Тізімге қосылған шетелдік жетекші жоғары оқу орындарында академиялық бағдарламаларда оқитындар – бакалавр немесе маман дипломының орташа балының кемінде 3.3 (4.0/4.33-тен) GPA балына немесе бағалар баламалығы кестесіне сәйкес оның баламасына сәйкес келуі;

      академиялық оқуға түскендер – бакалавр немесе маман дипломының орташа балының кемінде 3.3 (4.0/4.33-тен) GPA балына немесе бағалар баламалығы кестесіне сәйкес оның баламасына сәйкес келуі болып табылады.

      Ескерту. 2.1-тарау 10-2-тармақпен толықтырылды - ҚР Үкіметінің 01.10.2016 № 564 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен; жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 19.05.2017 № 279 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).

      10-3. Осы Қағидалардың 10-1-тармағында көрсетілген үміткерлер конкурсқа қатысу үшін құжаттарды қабылдаудың белгіленген мерзімі ішінде Әкімшіге мынадай құжаттарды:

      1) жұмыс берушінің конкурсқа мемлекеттік қызметшілер, ғылыми не педагог қызметкерлер қатарынан философия докторы (PhD), бейін бойынша доктор дәрежесін алу үшін өз бетінше түскендер санаты бойынша қатысатын үміткерлер үшін Жұмыс органы бекітетін нысан бойынша жұмыс орнын сақтау шартымен маман даярлауға өтінімін;

      2) жеке куәліктің және паспорттың түпнұсқалары мен көшірмелерін (түпнұсқалар салыстырылғаннан кейін үміткерге қайтарылады);

      3) қосымшасымен бірге бакалавр немесе маман дипломының түпнұсқасы мен көшірмесін, сондай-ақ шетелдік білім беру ұйымында оқыған болса – білімі туралы құжатты тану және/немесе нострификациялау туралы куәліктің түпнұсқасын және көшірмесін не Заңның 39-бабының 8-тармағында белгіленген ерекшеліктерді ескере отырып, білімі туралы құжатты тану туралы өзге де құжатты (түпнұсқалар салыстырғаннан кейін үміткерге қайтарылады);

      4) мемлекеттік қызметшілер, ғылыми не педагог қызметкерлер қатарынан философия докторы (PhD), бейін бойынша доктор дәрежесін алу үшін өз бетінше түскендер санаты бойынша қатысатын үміткерлер үшін еңбек қызметін растайтын құжаттардың, сондай-ақ аударылған міндетті зейнетақы жарналары туралы үзінді көшірмелердің түпнұсқалары мен көшірмелерін (түпнұсқалар салыстырғаннан кейін үміткерге қайтарылады);

      5) мемлекеттік немесе орыс тіліндегі уәждемелік және ұсыным хаттарды;

      6) шетелге шығатын адамдар үшін денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган белгілеген нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы медициналық анықтаманы;

      7) Жұмыс органы бекітетін нысан бойынша толтырылған сауалнаманы;

      8) бар болған жағдайда, Жұмыс органы бекіткен белгіленген ең төменгі талаптарға сәйкес нәтижесі бар шет тілі бойынша емтихан тапсырғаны туралы белгіленген нысандағы жарамды ресми сертификаттың түпнұсқасын және көшірмесін (түпнұсқа салыстырғаннан кейін үміткерге қайтарылады);

      9) бар болған жағдайда, Жұмыс органы бекіткен белгіленген ең төменгі талаптарға сәйкес нәтижесі бар мемлекеттік тіл бойынша емтихан тапсырғаны туралы белгіленген нысандағы жарамды ресми сертификаттың түпнұсқасын және көшірмесін (түпнұсқа салыстырғаннан кейін үміткерге қайтарылады);

      10) егер үміткер жеке өзі құжаттарын тапсыра алмаған жағдайда, өкіліне нотариалды куәландырылған сенімхатты;

      11) оқу бағдарламасы, мамандығы мен кезеңі көрсетілген академиялық оқуға (қаржылық шарттарды және шет тілінен білімін талап ететін деңгейге дейін арттыру бойынша шарттарды қоспағанда) сөзсіз қабылданғанын растайтын құжаттардың көшірмелерін және ол болған жағдайда, мемлекеттік немесе орыс тілдеріне нотариалды куәландырылған аудармалары бар шетелдік жоғары оқу орны берген үлгерімі туралы ресми құжатты/мамандығын, курсын (оқу жылын), оқу нысанын, осы оқу орнында пайдаланылатын бағалау жүйесі туралы ақпаратты, сондай-ақ осы оқу орнындағы ағымдағы үлгерімінің орташа балын көрсететін белгіленген үлгідегі анықтаманы;

      12) философия докторы (PhD), бейін бойынша доктор дәрежесін алу үшін Тізімге енгізілген шетелдік жетекші жоғары оқу орны белгілеген мерзімдерден аспайтын шетелдік жетекші жоғары оқу орнымен келісілген мемлекеттік немесе орыс тілдеріне нотариалды куәландырылған аудармасы бар жеке оқу жоспарын ұсынады.

      Ескерту. 2.1-тарау 10-3-тармақпен толықтырылды - ҚР Үкіметінің 01.10.2016 № 564 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен; өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 19.05.2017 № 279 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      10-4. Тағылымдамадан өту үшін "Болашақ" халықаралық стипендиясын тағайындауға үміткерлердің құжаттарын қабылдау тәртібі.

      Тағылымдамадан өтуге үміткерлер санаты бойынша қатысатын адамдар конкурсқа қатысу үшін құжаттарды қабылдаудың белгіленген мерзімі ішінде Әкімшіге мынадай құжаттарды:

      1) Жұмыс органы бекіткен нысан бойынша жұмыс берушінің жұмыс орнын сақтау шартымен маман даярлауға өтінімін (бұдан әрі – өтінім);

      2) жеке куәліктің және паспорттың түпнұсқалары мен көшірмелерін (түпнұсқалар салыстырылғаннан кейін үміткерге қайтарылады);

      3) бакалавр немесе маман дипломының түпнұсқасы мен көшірмесін, сондай-ақ шетелдік білім беру ұйымында оқыған болса – білімі туралы құжатты тану және/немесе нострификациялау туралы куәліктің түпнұсқасын және көшірмесін не Заңның 39-бабының 8-тармағында белгіленген ерекшеліктерді ескере отырып, білімі туралы құжатты тану туралы өзге де құжатты (түпнұсқалар салыстырғаннан кейін үміткерге қайтарылады);

      4) осы Қағидаларға сәйкес талап етілетін еңбек қызметі кезеңдері үшін еңбек қызметін растайтын құжаттар, сондай-ақ аударылған міндетті зейнетақы жарналары туралы үзінді көшірмелердің түпнұсқалары мен көшірмелерін (түпнұсқалар салыстырғаннан кейін үміткерге қайтарылады);

      5) мемлекеттік немесе орыс тіліндегі уәждемелік және ұсыным хаттарды;

      6) шетелге шығатын адамдар үшін денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган белгілеген нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы медициналық анықтаманы;

      7) Жұмыс органы бекітетін нысан бойынша толтырылған сауалнаманы;

      8) бар болған жағдайда, Жұмыс органы бекіткен белгіленген ең төменгі талаптарға сәйкес нәтижесі бар шет тілі бойынша емтихан тапсырғаны туралы белгіленген нысандағы жарамды ресми сертификаттың түпнұсқасын және көшірмесін (түпнұсқа салыстырғаннан кейін үміткерге қайтарылады);

      9) бар болған жағдайда, Жұмыс органы бекіткен белгіленген ең төменгі талаптарға сәйкес нәтижесі бар мемлекеттік тіл бойынша емтихан тапсырғаны туралы белгіленген нысандағы жарамды ресми сертификаттың түпнұсқасын және көшірмесін (түпнұсқа салыстырғаннан кейін үміткерге қайтарылады);

      10) егер үміткер жеке өзі құжаттарын тапсыра алмаған жағдайда, өкіліне нотариалды куәландырылған сенімхатты;

      11) тағылымдамаға қабылдайтын шетелдік ұйымның мемлекеттік немесе орыс тілдеріне нотариалды куәландырылған аудармасы бар тағылымдамадан өту мерзімдері, құны (таратып көрсетілген) көрсетілген сөзсіз (қаржылық шарттарды және шет тілінен білімін талап ететін деңгейге дейін арттыру бойынша шарттарды қоспағанда) шақыруын растайтын құжаттардың көшірмелерін;

      12) Жұмыс органы белгілейтін талаптарға сәйкес құрылған, және тағылымдамаға жіберуші және қабылдаушы ұйымдар бекіткен тағылымдамадан өту бағдарламасын ұсынады.

      Ескерту. 2.1-тарау 10-4-тармақпен толықтырылды - ҚР Үкіметінің 01.10.2016 № 564 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен; өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 19.05.2017 № 279 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      11. Конкурсқа қатысуға рұқсат алу үшін құжаттарды қабылдауды және тіркеуді ұсынылған құжаттар осы Қағидаларда көзделген талаптар мен шарттарға сәйкес келген жағдайда үміткер өтініш берген күні Әкімші жүзеге асырады. Осы Қағидалардың талаптары мен шарттарына құжаттар сәйкес келмесе, сондай-ақ толық құжаттар пакеті берілмеген жағдайда үміткер бұзушылықтарды жойып, оларды қабылдаудың белгіленген мерзімі кезеңінде құжаттарын тапсырады.

      Үміткерге құжаттарын тіркеген кезде, құжаттарын қабылдағаны туралы конкурсқа қатысуға рұқсат беру не құжаттары Жұмыс органдарына жеке тәртіппен қарауға жіберілгені туралы ақпарат көрсетілген қолхат беріледі.

      Құжаттар осы Қағидалардың талаптары мен шарттарына сәйкес келмеген және "электронды үкімет" веб-порталы не "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы арқылы өтініш берілген кезде құжаттар пакеті толық ұсынылмаған жағдайда, Әкімші "электрондық үкімет" веб-порталы не "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы арқылы өтініш берілген күннен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде құжаттардың талаптарға сәйкессіздігін жою және жетіспейтін құжаттарды ұсыну қажеттілігі туралы дәлелді жауап береді.

      Ескерту. 11-тармаққа өзгерістер енгізілді - ҚР Үкіметінің 29.11.2013 № 1270 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі); 02.04.2015 № 175 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі); 31.12.2015 № 1154 (10.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі); 26.03.2016 № 158 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      12. Үміткерлердің материалдарын қарауды және конкурсқа жіберу туралы шешім қабылдауды Әкімші құжаттарды қабылдаған күннен бастап Жұмыс органы 10 (он) жұмыс күні ішінде жеке тәртіппен мынадай жағдайларда:

      1) конкурсқа қатысу үшін үміткер ұсынған дипломда (бакалавр немесе маман) көрсетілген мамандықтың атауы мәндес мамандықтар тізбесінде болмағанда;

      2) академиялық оқуға тіркелгенін растау құжатында көрсетілген мамандық атауы басым мамандықтар тізбесінен таңдап алған мамандық атауына сәйкес келмегенде;

      3) үміткер ұсынған (бакалавр не маман) диплом немесе ағымдағы үлгерімі туралы анықтама бойынша оқуды бағалау жүйесі бағалар баламасы кестесінің бағалау жүйесіне сәйкес келмегенде;

      4) Тізімде медициналық мамандықтар не өнер саласындағы мамандықтар бойынша мамандарды даярлауды жүзеге асыратын мамандандырылған шетелдік жоғары оқу орны болмаған жағдайда жүзеге асырады.

      13. Осы Қағидалардың 12-тармағында көзделген жағдайларда құжаттары Жұмыс органына қарауға жіберілген үміткерлерге Жұмыс органы шешім қабылдаған күнінен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде Әкімші конкурсқа қатысуға рұқсат беру туралы не конкурсқа қатысуға рұқсат беруден бас тарту туралы жазбаша хабарлама жібереді.

      Құжаттар жеке тәртіппен қаралған жағдайларда үміткерді конкурсқа қатысуға жіберуден бас тарту үшін мыналар негіз болып табылады:

      1) дипломда көрсетілген (бакалавр немесе маман) мамандықтардың оқу бағдарламалары мәндес мамандықтар тізбесінде көрсетілген мамандықтардың оқу бағдарламаларының біріне сәйкес келмеуі;

      2) академиялық оқуға тіркелгенін растау құжатында көрсетілген мамандық алу үшін оқу бағдарламасының басым мамандықтар тізбесінен таңдап алған мамандықтың оқу бағдарламасына сәйкес келмеуі;

      3) дипломның (бакалавр немесе маман) орташа балының немесе ағымдағы оқу үлгерімі туралы анықтаманың осы Қағидалардың 9, 10-2-тармақтарында көрсетілген шарттарға сәйкес келмеуі;

      4) магистр, философия докторы (PhD), бейін бойынша доктор дәрежесін алуы, резидентурада оқуы үшін медициналық мамандықтар және өнер саласындағы мамандықтар бойынша мамандар даярлауды жүзеге асыратын мамандандырылған шетелдік жоғары оқу орнының үш және одан да көп мынадай өлшемдерге сәйкес келмеуі;

      жылына кемінде 3 оқу құралын, монография, авторлық куәлік шығару;

      кемінде 3 трансұлттық компаниялардың іске асырылған ірі жобаларының немесе\және осы оқу орны оқытушыларының және студенттерінің қатысуымен соңғы 10 жылда өткізілген ұлттық және халықаралық мәні бар жобалардың болуы;

      осы оқу орны оқытушыларының және студенттерінің қатысуымен халықаралық және ұлттық деңгейдегі жылына кемінде 50 көрсетілім\концерт немесе 10 конференция\көрме өткізу;

      осы оқу орнының халықаралық немесе\және мемлекеттік\ұлттық аккредиттеуден өткенін растайтын құжаттың болуы;

      осы оқу орнының базасында клиникалардың, зертханалардың немесе зерттеу орталықтарының болуы;

      осы оқу орнының мамандандыру саласындағы кемінде 1 ұлттық және\немесе халықаралық сыйлығының болуы.

      Үміткерге конкурсқа қатысуға рұқсат беруден бас тарту және бас тартуды алған күннен бастап 10 (он) жұмыс күні ішінде құжаттарды қайта тапсыру үшін негіз болған сәйкессіздіктерді жойған жағдайда үміткер конкурсқа қатысуға жіберіледі.

      Ескерту. 13-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 31.12.2015 № 1154 (10.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі); 01.10.2016 № 564 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулыларымен.

2.2. "Болашақ" стипендиясын тағайындау үшін үміткерлерге іріктеу жүргізу тәртібі

      14. Үміткерлерді іріктеу мемлекеттік және шет тілдерін меңгеру, зияткерлік қабілеттілігі, кәсіби біліктілігі, бейіндік даярлығы, шетелде оқуға психологиялық дайындығы деңгейін анықтау, сондай-ақ уәждемелік және ұсыным хаттарды бағалау арқылы конкурстық негізде жүргізіледі.

      Ескерту. 14-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 19.05.2017 № 279 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).

      15. Конкурс 6 (алты) турдан тұрады.

      Ескерту. 15-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 19.05.2017 № 279 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).

      16. Бірінші, екінші, үшінші және төртінші турларды шетелдік әріптестермен, Қазақстан Республикасының ұйымдары мен сарапшыларымен бірлесіп, Әкімші ұйымдастырады және өткізеді.

      Бірінші турда Жұмыс органы құратын Тәуелсіз сараптамалық комиссия мүшелері болып табылатын тәуелсіз сарапшылар үміткерлерге Жұмыс органы белгілеген бағалау өлшемшарттарына сәйкес уәждемелік және ұсыным хаттарды бағалау арқылы жасырын, алдын ала іріктеу жүргізеді.

      Екінші турда үміткердің шет тілін білу деңгейі анықталады.

      Шетелдік жоғары оқу орындарының талаптарына сәйкес шет тілін білу деңгейін анықтау жөніндегі тестілеудің орнына таңдаған оқу мамандығына сәйкес пәндік емтихандар өткізілуі мүмкін.

      Үшінші турда үміткердің мемлекеттік тілді білу деңгейі анықталады.

      Төртінші турда үміткерлерді кешенді тестілеу жүргізіледі.

      Әкімші екінші, үшінші және төртінші турдың өтетін орны мен уақытын айқындап, бұл туралы телефон байланысы арқылы күнтізбелік 5 (бес) күннен кешіктірмей үміткерді хабардар етеді.

      Ескерту. 16-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 19.05.2017 № 279 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).

      17. Үміткерлер алдыңғы турдан сәтті өткен жағдайда екінші, үшінші және төртінші турға қатысуға жіберіледі.

      Бірінші, екінші, үшінші және төртінші турлардың нәтижелері бойынша әрбір үміткер бойынша қорытынды беріледі, бұл туралы үміткерге Әкімшінің ресми интернет-ресурсында ақпарат орналастыру арқылы хабарланады.

      Ескерту. 17-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 19.05.2017 № 279 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).

      18. Үміткерлер үшін мемлекеттік тілді білудің және пәндік емтихандардың қажетті ең төменгі деңгейін Жұмыс органы бекітеді.

      Жұмыс органы шетелдік жоғары оқу орындарының, шетелдік әріптестердің талаптарын ескере отырып, үміткерлер үшін шет тілін білудің қажетті ең төменгі деңгейін анықтайды.

      19. Шет тілін білу деңгейін анықтау бойынша тестілеуден:

      1) тағылымдамадан өтуге, философия докторы (PhD), бейін бойынша доктор дәрежесін алуға, резидентурада оқуға шақыруларда шет тілін білу деңгейін тағылымдамаға қабылдаушы ұйым, шетелдік жетекші жоғары оқу орны талап ететін деңгейге дейін көтеру шарты жоқ адамдар;

      2) белгіленген ең төменгі талаптарға сәйкес келетін нәтижесі бар шет тілінен емтихан тапсырғандығы туралы белгіленген нысандағы жарамды ресми сертификаттың көшірмесін тапсырғандар;

      3) шақыруларында шет тілін білу деңгейін талап етілетін деңгейге дейін көтеру шарты бар философия докторы (PhD), бейін бойынша доктор дәрежесін алу үшін, резидентурада оқу үшін түскен адамдарды қоспағанда, өз бетімен түскендер санаты бойынша қатысатын адамдар босатылады.

      Ескерту. 19-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 29.11.2013 № 1270 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).

      19-1. Белгіленген ең төменгі талаптарға сәйкес келетін нәтижемен мемлекеттік тілден емтихан тапсырғандығы туралы белгіленген нысандағы жарамды ресми сертификаттың көшірмесін тапсырғандар мемлекеттік тілді білу деңгейін анықтау бойынша тестілеуден босатылады.

      Ескерту. 2.2-тарау 19-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Үкіметінің 29.11.2013 № 1270 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).

      20. Бесінші тур үміткерлердің Тәуелсіз сараптамалық комиссияның мүшелерімен жеке әңгімелесуден өтуін ұйымдастыру арқылы өткізіледі. Әкімші үміткерлерді телефон байланысы арқылы әңгімелесудің өтетін күні мен орны туралы ол өткізілгенге дейін күнтізбелік 5 (бес) күннен кешіктірмей хабардар етеді.

      Тәуелсіз сараптамалық комиссияның құрамын, жұмыс тәртібі мен оны ұйымдастыруды Жұмыс органы бекітеді.

      Ескерту. 20-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 19.05.2017 № 279 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).

      21. Бесінші турда үміткердің кәсіби даярлық, мамандануы бойынша Қазақстан Республикасының стратегиялық және бағдарламалық құжаттарын білу, таңдалған мамандану саласында теориялық білім деңгейі және кәсіби құзыреттілігінің болуы анықталады.

      Ескерту. 21-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 19.05.2017 № 279 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).

      22. Тәуелсіз сараптамалық комиссия Жұмыс органы белгілеген нысан бойынша әрбір үміткерге ұсыным береді.

      Ескерту. 22-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 02.04.2015 № 175 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).

      23. Бесінші тур өткеннен кейін Жұмыс органы барлық турлардың нәтижелерімен бірге үміткерлердің материалдарын Республикалық комиссияның қарауы үшін алтыншы турға енгізеді.

      Ескерту. 23-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 02.04.2015 № 279 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).

      24. Республикалық комиссия үміткерлер конкурсының барлық турларының нәтижелері негізінде "Болашақ" стипендиясын тағайындау немесе тағайындаудан бас тарту туралы соңғы шешімді қабылдайды, ол туралы Әкімшінің ресми интернет-ресурсында орналастыру арқылы үміткер хабардар етіледі.

      25. Республикалық комиссияның шешімінде "Болашақ" стипендиясы есебінен тағылымдама өткізуді жүзеге асыратын шетелдік жоғары оқу орындарының, шетелдік ұйымдардың талаптарына сәйкес конкурстың мынадай жеңімпаздары үшін:

      1) осы Қағидалардың 4-тармағының 2), 3), 4), 6), 7) тармақшаларында көрсетілген санаттар бойынша – Жұмыс органы бекітетін тілдік курстардың ұзақтығы кестесіне (бұдан әрі – кесте) сәйкес, бірақ 12 айдан аспайтын, ағылшын тілін үйрену үшін Қазақстан Республикасында – 6 айдан аспайтын және шетелде 6 айдан аспайтын мерзімде;

      2) осы Қағидалардың 4-тармағының 1) тармақшасында көрсетілген санат және философия докторы (PhD), бейін бойынша доктор дәрежесін алу, резидентурада оқу үшін түскендер бойынша – Жұмыс органы бекітетін кестеге сәйкес, бірақ 12 айдан аспайтын, ағылшын тілін үйрену үшін Қазақстан Республикасында – 6 айдан аспайтын және шетелде 6 айдан аспайтын мерзімде;

      3) осы Қағидалардың 4-тармағының 5) тармақшасында көрсетілген санат бойынша 6 айдан аспайтын, ағылшын тілін үйрену үшін Қазақстан Республикасында 6 айдан аспайтын мерзімде тілдік курстардан өту қажеттілігі туралы көрсетіледі.

      Конкурс жеңімпазы Қазақстан Республикасында тілдік курстардан өткеннен кейін шет тілін білудің қажетті деңгейін анықтау үшін аралық бақылау тестін тапсырады.

      Аралық бақылау тесті бойынша шет тілін білудің қажетті деңгейіне қол жеткізілмеген жағдайда, конкурс жеңімпазына оны өтпеген күннен бастап 2 (екі) ай ішінде өз қаражаты есебінен қайтадан тапсыруға бір реттік мүмкіндік беріледі.

      Аралық бақылау тестін тапсырған жағдайда конкурс жеңімпазы тілдік курстардан өту үшін шетелге жіберіледі.

      Конкурс жеңімпазы шетелде тілдік курстардан өткеннен кейін шет тілін білудің қажетті деңгейін анықтау үшін қорытынды бақылау тестін тапсырады.

      Тізімге кіретін шетелдік оқу орнына академиялық оқуға шартсыз қабылданғанын растайтын құжаты бар конкурс жеңімпазы қорытынды бақылау тестін тапсырудан босатылады.

      Қорытынды бақылау тесті бойынша шет тілін білудің қажетті деңгейіне қол жеткізілмеген жағдайда, конкурс жеңімпазына оны өтпеген күннен бастап 6 (алты) ай ішінде өз қаражаты есебінен қайтадан тапсыруға бір реттік мүмкіндік беріледі.

      Аралық және қорытынды бақылау тесті тапсырылған кезде шет тілін білудің қажетті деңгейін Жұмыс органы шетелдік әріптестердің талаптарын ескере отырып белгілейді.

      Конкурс жеңімпазы аралық немесе қорытынды бақылау тестін қайтадан тапсырмаса және шетелдік жоғары оқу орнына немесе тағылымдамадан өтуді жүзеге асыратын шетелдік ұйымға түсу үшін шет тілін білудің қажетті деңгейін осы тармаққа сәйкес белгіленген мерзімде меңгермесе, ол Республикалық комиссияның шешімі бойынша "Болашақ" стипендиясы бойынша одан әрі тілдік курстардан, академиялық оқу немесе тағылымдамадан өту құқығынан айырылады және Республикалық комиссияның "Болашақ" стипендиясын тағайындау туралы шешімі шыққан күннен бастап оған жұмсалған барлық шығыстарды өтейді.

      Ескерту. 25-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 27.03.2018 № 143 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен

      25-1. Осы Қағидалардың 4-тармағында көрсетілген конкурс жеңімпаздары және магистр дәрежесін алу үшін конкурсқа қатысушылар қажет болған жағдайда магистратура алдындағы дайындықтан өтеді.

      Ескерту. 2.2-тарау 25-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Үкіметінің 02.04.2015 № 279 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).

      26. Конкурстың ағымдағы жылғы турларының біреуінен өтпеген үміткердің ағымдағы жылғы конкурсқа қайта қатысуына жол берілмейді.

      27. Конкурс жеңімпазы Республикалық комиссия оған "Болашақ" стипендиясын тағайындау туралы шешімді қабылдаған күннен бастап күнтізбелік 90 (тоқсан) күн ішінде Әкімшімен Жұмыс органы бекіткен үлгілік нысандар бойынша оқыту шартын/тағылымдамадан өту туралы шарт (бұдан әрі – шарт) жасасады, онда міндетті түрде мыналар қамтылуы тиіс:

      1) шарттың нысанасы;

      2) тараптардың құқықтары мен міндеттемелері;

      3) осы Қағидаларда көзделген жағдайларда конкурс жеңімпазын оқытуға/тағылымдамадан өтуге жұмсалған шығыстарды өтеу бойынша міндеттемелерді орындауын қамтамасыз ету тәсілі;

      4) "Болашақ" стипендиясы бойынша оқытудың/тағылымдамадан өтудің мерзімі мен шарттары;

      5) конкурс жеңімпазының шетелде академиялық оқуын аяқтағаннан немесе тағылымдамадан өткеннен кейін Қазақстан Республикасына міндетті түрде оралуы және "Болашақ" стипендиясы шеңберінде алған мамандығы бойынша үздіксіз еңбек қызметін келесі мерзімдер мен өлшемшарттармен жүзеге асыруы туралы шарт:

      кемінде бес жыл – Қазақстан Республикасы шегінен тыс, астанада немесе республикалық маңызы бар қалада не үш жыл – Қазақстан Республикасының өзге де өңірлерінде:

      осы Қағидалардың 4-тармағының 1), 1-1) тармақшаларында көрсетілген адамдар үшін – Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан ұйымдарда, қазақстандық және шетелдік ұйымдардың филиалдарында, өкілдіктерінде не акциялары (жарғылық капиталға қатысу үлесі) Қазақстан Республикасына не ұлттық компанияларға тиесілі Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде орналасқан ұйымдарда;

      осы Қағидалардың 4-тармағы 2) тармақшасында көрсетілген адамдар үшін – өтінімге сәйкес мемлекеттік қызметте не Қазақстан Республикасының шетелдегі дипломатиялық қызмет органдарында не Республикалық комиссияның шешімі бойынша, бос жұмыс орындары болған жағдайда – Қазақстан Республикасының ұйымдарында, сондай-ақ акциялары (жарғылық капиталдағы қатысу үлесі) Қазақстан Республикасына не ұлттық компанияларға тиесілі Қазақстан Республикасынан тыс жерлердегі ұйымдарда одан әрі жұмыс істеу мүмкіндігімен өздерін жіберген мемлекеттік органда;

      осы Қағидалардың 4-тармағының 3), 4), 6), 7) тармақшаларында көрсетілген адамдар үшін – өтінімге сәйкес өздерін жіберген ұйымдарда не жұмыс берушінің келісімі болғанда Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан өзге ұйымдарда;

      кемінде үш жыл – осы Қағидалардың 4-тармағының 5) тармақшасында көрсетілген адамдар үшін өтінімге сәйкес өздерін жіберген ұйымдарда не жұмыс берушінің келісімі болғанда Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан өзге ұйымдарда;

      осы Қағидалардың 4-тармағында көрсетілген санаттар үшін кемінде үш жыл – қалаларда (облыс орталықтарында) не екі жыл – облыстық, аудандық маңызы бар қалаларда және облыстың өзге де аудандарында білім беру оқу бағдарламаларын іске асыратын бастауыш, орта, ортадан кейінгі, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі деңгейдегі білім беру ұйымдарында, еңбек қызметін қоса атқармай жүзеге асыру шартымен;

      6) конкурс жеңімпазы өз міндеттемелерін орындамаған не тиісінше орындамаған жағдайда Жұмсау бағытында көзделген шығыстарды қаржыландыруды тоқтата тұру туралы шарт;

      7) еңсерілмес күш жағдайларының туындауы салдарынан конкурс жеңімпазын өз міндеттемелерін орындамағаны не тиісінше орындамағаны үшін жауапкершіліктен босату туралы шарт;

      8) осы Қағидалардың 4-тармағының 2), 3), 4), 5), 6), 7) тармақшаларында көрсетілген үміткерлер үшін, сондай-ақ конкурсқа өз бетінше түскендер санаты бойынша қатысатын және осы Қағидалардың 10-3-тармағының 1) тармақшасына сәйкес өтінім ұсынған үміткерлер үшін жұмыс берушінің жұмыс орнын (лауазымын) сақтауының міндеттілігі бойынша шарт;

      9) еңбек қызметін жүзеге асыруын растайтын құжаттарды ұсыну міндеттілігі туралы шарт.

      Ескерту. 27-тармаққа өзгерістер енгізілді - ҚР Үкіметінің 29.11.2013 № 1270 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) ; 01.10.2016 № 564 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі); 19.05.2017 № 279 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі); 27.03.2018 № 143 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулыларымен.

      28. Конкурс жеңімпазы осы Қағидалардың 27-тармағында көрсетілген мерзімде шарт жасамаса, сондай-ақ шарт бойынша ол өзінің міндеттемелерін орындамаған не тиісінше орындамаған жағдайда конкурс жеңімпазын "Болашақ" стипендиясынан айыру туралы мәселені Республикалық комиссияның қарауына бастамашылық жасалады.

      29. Шарт конкурс жеңімпазының оқуын/тағылымдамадан өтуін ұйымдастыру бойынша "Болашақ" стипендиясы тағайындалған күннен бастап Жұмсау бағытына сәйкес туындаған барлық шығыстарды төлеуге байланысты ақшаны аудару үшін негіз болып табылады.

      30. Шарт жасалғаннан және осы Қағидалардың 27-тармағының 3) тармақшасындағы талаптар орындалғаннан кейін конкурс жеңімпаздарын шетелдік жоғары оқу орындарына, шетелдік ұйымдарға оқуға/ тағылымдамаға жіберу және осы Қағидалардың 29-тармағына сәйкес ақшаның аударылуы қамтамасыз етіледі.

      31. Конкурс жеңімпазы "Болашақ" стипендиясынан бас тартса не оны одан айырған жағдайда, Республикалық комиссия "Болашақ" стипендиясын тағайындау туралы шешім қабылдаған күннен бастап оған жұмсалған барлық шығыстарды тұрақсыздық айыбын (айыппұл) қоса алғанда Республикалық комиссияның шешімі бойынша өтеуге тиіс.

      Егер "Болашақ" стипендиясынан бас тарту не одан айырылу еңсерілмес күш, атап айтқанда: өрт, су тасқыны, жер сілкінісі, соғыс қимылдары, блокадалар, медициналық-әлеуметтік сараптаманың тиісті анықтамасымен расталған стипендия иегерінің ауруы, заңнамадағы өзгерістер, мемлекеттік органдардың актілер шығаруы мән-жайының және басқа да мән-жайлар туындауының салдары болып табылса, егер шарттық міндеттемелерді орындауға тікелей әсер етсе, мұндай әсер етуге кедергі болу мүмкін болмаған және қолданылуын қалыптасқан жағдайлардан күтуге болатын барлық ықтимал шаралар мен әрекеттер қабылданған жағдайда "Болашақ" стипендиясынан айырылған не одан бас тартқан адамдар шығыстарды өтеуден және тұрақсыздық айыбын (айыппұлды) төлеуден босатылады.

      32. Жұмыс органы "Болашақ" стипендиясынан бас тартқан немесе одан айырылған, сондай-ақ Әкімші алдында қаржылық берешегі бар конкурс жеңімпаздарын оқытуға жұмсалған бюджеттік қаражатты қайтаруға байланысты жұмысты ұйымдастыру тәртібін әзірлейді және бекітеді.

      Ескерту. 2.2-тарау 32-тармақпен толықтырылды - ҚР Үкіметінің 02.04.2015 № 279 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).

  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2008 жылғы 11 маусымдағы
№ 573 қаулысына
қосымша

"Болашақ" халықаралық стипендиясын жұмсау бағыттары

      Ескерту. Қаулы қосымшамен толықтырылды - ҚР Үкіметінің 2012.03.27 № 355 (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.

      1. "Болашақ" халықаралық стипендиясын (бұдан әрі – "Болашақ" стипендиясы) жұмсау бағыттары "Болашақ" стипендиясын тағайындау конкурсы жеңімпаздарының (бұдан әрі – конкурс жеңімпазы) оқуын немесе тағылымдамадан өтуін ұйымдастыруға байланысты мынадай шығыстарды төлеуді қамтиды:

      1) визаларды (консулдық алымды) ресімдеу, ұзарту;

      2) шетелдік жоғары оқу орындарына 5-тен (бес) аспайтын сауалнама нысандарын ресімдеу және тапсыру;

      3) конкурс жеңімпаздарын қабылдаушы елдің уәкілетті органдарында және шетелдік жоғары оқу орындарында тіркеу;

      4) шет тілін білу деңгейін айқындау үшін аралық және қорытынды бақылау тестілеуді қоса алғанда, Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссияның шешімі бойынша олардан өту қажет болған жағдайда тілдік курстар;

      5) академиялық оқу немесе тағылымдамадан өту;

      6) шетелдік жоғары оқу орындарының талаптары бойынша академиялық оқуға түсу үшін қажетті академиялық және техникалық даярлық деңгейін анықтау бойынша пәндік емтихандарды бір рет тапсыру;

      7) тағылымдамаларды, тілдік курстарды (бұдан әрі – тілдік мектеп), магистратура алдындағы дайындықты өткізуді жүзеге асыратын шетелдік жоғары оқу орындарының, шетелдік ұйымдардың (бұдан әрі – шетелдік ұйым) талаптары бойынша академиялық оқуға, тілдік курстарға түсу кезінде, сондай-ақ конкурс жеңімпазының тілдік дайындығы, академиялық оқуы, тағылымдамасы процесінде қажетті міндетті қызметтер;

      8) оқу елінде тұру және тамақтану, тілдік курстардан, магистратура алдындағы дайындықтан, тағылымдамадан өту, оқу әдебиетін сатып алу;

      9) тілдік курстардан, магистратура алдындағы дайындықтан, академиялық оқудан, тағылымдамадан өту елінің және (немесе) шетелдік жоғары оқу орнының, тілдік мектептің, шетелдік ұйымның талаптарына сәйкес міндетті медициналық тексеру;

      10) конкурс жеңімпазының банк карточкасын ашу, қолдану мерзімі аяқталғаннан кейін қайта шығару және оған қызмет көрсету;

      11) шет мемлекеттердің уәкілетті органдары (бұдан әрі – шетелдік әріптестер) айқындайтын шетелдік жоғары оқу орындарының, тілдік мектептердің немесе шетелдік ұйымдардың конкурс жеңімпаздарының үлгерімі туралы ресми құжаттарды (транскрипттерді) беруі;

      12) жазатайым оқиғалар мен кенеттен ауру пайда болудан шетелдік студенттер үшін көзделген медициналық сақтандыру;

      13) "Болашақ" стипендиясы тағайындалғаннан кейін академиялық оқу не тілдік курстардан, магистратура алдындағы дайындықтан, тағылымдамадан өту басталған сәттен бастап, Қазақстан Республикасында тұратын жерінен академиялық оқу, тілдік курстардан, магистратура алдындағы дайындықтан, тағылымдамадан өту орнына дейін және тілдік курстарды, магистратура алдындағы дайындықты, академиялық оқуды аяқтағаннан не тағылымдамадан өткеннен кейін кері бағытта жол жүру;

      14) академиялық оқудың ұзақтығы 1 (бір) оқу жылынан артық болған жағдайда, Қазақстан Республикасында тұратын жерінен әрбір оқу жылының басында оқу жеріне дейін және әрбір оқу жылы аяқталғаннан кейін кері бағытта жол жүру, сондай-ақ Қазақстан Республикасында визаны ресімдеу не мерзімін ұзарту қажет болған жағдайда, академиялық оқу, тағылымдамадан, тілдік курстардан, магистратура алдындағы дайындықтан өту орнынан және кері бағытта жол жүру;

      15) шетелдік әріптестердің академиялық оқуды, тілдік курстардан, магистратура алдындағы дайындықтан, тағылымдамадан өтуді ұйымдастыру жөніндегі қызметтерді көрсету шарттары бойынша міндеттемелерін орындауға байланысты шығындары.

      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 02.04.2015 № 279 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі); өзгеріс енгізілді – 27.03.2018 № 143 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулыларымен.

      2. Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссияның жұмыс органы – Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі шет елдердің тиісті мемлекеттік органдары, шетелдік жоғары оқу орындары, тілдік мектептер, ғылыми ұйымдар, ғылыми әріптестер және/немесе статистикалық, рейтингтік және өзге де тиісті ұйымдар ұсынған құжаттардың және/немесе өзге де ақпараттың негізінде тамақтану, тұру, оқу әдебиеттерін сатып алу шығыстарының нормаларын әзірлейді және бекітеді, сондай-ақ конкурс жеңімпазының Қазақстан Республикасында тұратын жерінен академиялық оқу бойынша; тілдік курстардан, тағылымдамадан өту орнына дейін жол жүру көлігінің түрі мен класын айқындайды. "Болашақ" халықаралық стипендиясы шығыстарының осы бағыттарының 1-тармағында көзделген өзге де шығыстар қызмет көрсетуші ұйымдар беретін растау құжаттарының негізінде төленеді.