Салалық арттырушы коэффициенттерді бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 9 маусымдағы N 548 Қаулысы

Жаңартылған

      Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 15 мамырдағы Еңбек кодексінің 15-бабының 16) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Ауыр жұмыстарда, еңбек жағдайлары зиянды (ерекше зиянды), қауіпті жұмыстарда істейтін қызметкерлердің ең төмен еңбекақы стандартын есептеуге арналған салалық арттырушы коэффициенттер:

      1) тау-кен металлургия саласында - кемінде 1,6;

      2) машина жасау саласында - 1,1-ден 1,3-ке дейін;

      3) көмір өнеркәсібі саласында - 1,6-дан 2,2-ге дейін;

      4) химия өнеркәсібінде - 1,5;

      5) мұнайгаз саласында - 1,8;

      6) құрылыс саласында - 1,5;

      7) электр энергетикалық кешенде - 2,0 болып бекітілсін.
      Ескерту. 1-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2008.11.03. N 1002 (2009 жылғы 1  қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі), 2010.07.29 N 761 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-т. қараңыз) Қаулыларымен.

      2. Осы қаулы ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                  К. Мәсімов