Салалық арттырушы коэффициенттерді бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 9 маусымдағы N 548 Қаулысы

Қолданыстағы

      Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 15 мамырдағы Еңбек кодексінің  15-бабының  16) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі  ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Ауыр жұмыстарда, еңбек жағдайлары зиянды (ерекше зиянды), қауіпті жұмыстарда істейтін қызметкерлердің ең төмен еңбекақы стандартын есептеуге арналған салалық арттырушы коэффициенттер:

      1) тау-кен металлургия саласында - кемінде 1,6;

      2) машина жасау саласында - 1,1-ден 1,3-ке дейін;

      3) көмір өнеркәсібі саласында - 1,6-дан 2,2-ге дейін;

      4) химия өнеркәсібінде - 1,5 болып бекітілсін.

      2. Осы қаулы ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                  К. Мәсімов