Салалық арттырушы коэффициенттерді бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 9 маусымдағы N 548 Қаулысы

Жаңартылған

      Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 15 мамырдағы Еңбек кодексінің 15-бабының 16) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Ауыр жұмыстарда, еңбек жағдайлары зиянды (ерекше зиянды), қауіпті жұмыстарда істейтін қызметкерлердің ең төмен еңбекақы стандартын есептеуге арналған салалық арттырушы коэффициенттер:

      1) тау-кен металлургия саласында - кемінде 1,6;

      2) машина жасау саласында - 1,1-ден 1,3-ке дейін;

      3) көмір өнеркәсібі саласында - 1,6-дан 2,2-ге дейін;

      4) химия өнеркәсібінде - 1,5 болып бекітілсін;

      5) мұнайгаз саласында - 1,8;

      6) құрылыс саласында - 1,5.
      Ескерту 5) және 6) тармақшалармен толықтырылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008.11.03. N 1002 Қаулысымен (2009 жылғы 1  қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі).

      2. Осы қаулы ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                  К. Мәсімов