"Әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңнаманы соттардың қолдануының кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2004 жылғы 26 қарашадағы N 18 нормативтік қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2008 жылғы 22 желтоқсандағы N 24 Нормативтік қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2014 жылғы 24 желтоқсандағы № 3 нормативтік қаулысымен.

Күшін жойған

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Жоғарғы Сотының 24.12.2014 N 3 Нормативтік қаулысымен (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).

      Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының нормативтік қаулысын Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне сәйкестендіру мақсатында Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жалпы отырысы

      қаулы етеді:

      1. "Әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңнаманы соттардың қолдануының кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2004 жылғы 26 қарашадағы N 18 нормативтік қаулысына (2006 жылғы 16 қаңтардағы және 2007 жылғы 16 шілдедегі өзгерістері және толықтыруларымен бірге) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      1) 13-тармақтың бірінші абзацындағы "істің мән-жайларын қосымша анықтау қажет болған кезде" деген сөздерден кейін ", сондай-ақ салықтық міндеттемені орындаумен байланысты істер бойынша шағымдану мерзімі кезеңінде" деген сөздермен толықтырылсын;

      2) 18-тармақтың бірінші абзацындағы "709" цифрынан кейін ", 709-1" цифрымен толықтырылсын;

      3) 24-тармақтағы "27" цифры "15" цифрына ауыстырылсын;

      4) 25-4-тармақтың бірінші абзацындағы "екі" сөзі "үш" сөзімен ауыстырылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Конституциясының 4-бабына сәйкес, осы нормативтік қаулы қолданыстағы құқық құрамына қосылады, сондай-ақ жалпыға бірдей міндетті болып табылады және ресми жарияланған күннен бастап күшіне енеді.

Қазақстан Республикасы


Жоғарғы Сотының Төрағасы

Қ. Мәми

Қазақстан Республикасы


Жоғарғы Сотының судьясы,


жалпы отырыс хатшысы

Ж. Бәйішев