"Әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңнаманы соттардың қолдануының кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2004 жылғы 26 қарашадағы N 18 нормативтік қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2008 жылғы 22 желтоқсандағы N 24 Нормативтік қаулысы

Қолданыстағы

      Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының нормативтік қаулысын Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне сәйкестендіру мақсатында Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жалпы отырысы

қаулы етеді:

      1. "Әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңнаманы соттардың қолдануының кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2004 жылғы 26 қарашадағы N 18 нормативтік қаулысына (2006 жылғы 16 қаңтардағы және 2007 жылғы 16 шілдедегі өзгерістері және толықтыруларымен бірге) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
      1) 13-тармақтың бірінші абзацындағы "істің мән-жайларын қосымша анықтау қажет болған кезде" деген сөздерден кейін ", сондай-ақ салықтық міндеттемені орындаумен байланысты істер бойынша шағымдану мерзімі кезеңінде" деген сөздермен толықтырылсын;
      2) 18-тармақтың бірінші абзацындағы "709" цифрынан кейін ", 709-1" цифрымен толықтырылсын;
      3) 24-тармақтағы "27" цифры "15" цифрына ауыстырылсын;
      4) 25-4-тармақтың бірінші абзацындағы "екі" сөзі "үш" сөзімен ауыстырылсын.
      2. Қазақстан Республикасы Конституциясының 4-бабына сәйкес, осы нормативтік қаулы қолданыстағы құқық құрамына қосылады, сондай-ақ жалпыға бірдей міндетті болып табылады және ресми жарияланған күннен бастап күшіне енеді.

      Қазақстан Республикасы
      Жоғарғы Сотының Төрағасы                             Қ. Мәми

      Қазақстан Республикасы
      Жоғарғы Сотының судьясы,
      жалпы отырыс хатшысы                              Ж. Бәйішев