Ескерту. Тақырып жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2012.02.28 № 266 (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Қаулысымен.
"Білім туралы" Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі Заңының 47-бабы 7-тармағын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Білім беру ұйымдарында білім алушыларға мемлекеттік стипендияларды тағайындау, төлеу қағидалары және олардың мөлшерлері бекітілсін.
Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2012.02.28 № 266 (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Қаулысымен.2. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.
3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 7 ақпандағы N 116 қаулысымен бекітілген |
Білім беру ұйымдарында білім алушыларға мемлекеттік стипендияларды тағайындау,
төлеу қағидалары және олардың мөлшерлері
Ескерту. Қағида жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2012.02.28 № 266 (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Қаулысымен.
1. Жалпы ережелер
1. Осы Білім беру ұйымдарында білім алушыларға мемлекеттік стипендияларды тағайындау, төлеу қағидалары және олардың мөлшерлері (бұдан әрі – Қағидалар) "Білім туралы" Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі Заңына сәйкес әзірленген және білім беру ұйымдарында білім алушыларға мемлекеттік стипендияларды тағайындау мен төлеу тәртібін, сондай-ақ олардың мөлшерлерін айқындайды.
2. Осы Қағидалар Қазақстан Республикасының Президенті тағайындайтын стипендияларды, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Үкіметі тағайындайтын мемлекеттік атаулы стипендияларды тағайындау және төлеу тәртібіне қолданылмайды.
3. Мемлекеттік стипендия білім беру ұйымдарында мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша күндізгі оқу нысанында оқитын студенттерге, интерндерге, магистранттарға, докторанттарға, резидентура тыңдаушыларына, жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының дайындық бөлімдерінің тыңдаушыларына тағайындалады және төленеді.
Ескерту. 3-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Үкіметінің 16.10.2018 № 651 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткеннен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.2. Мемлекеттік стипендияларды тағайындау және төлеу тәртібі
4. Мемлекеттік стипендия аралық аттестаттаудың (емтихан сессиясының) нәтижелері бойынша "өте жақсы", "жақсы" деген бағаға сәйкес бағалардың баламасын алған, мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша оқитын, сондай-ақ мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша оқуға ауыстырылған студенттерге, интерндерге, магистранттарға тағайындалады.
Мемлекеттік стипендия аралық аттестаттаудан (емтихан сессиясынан) және каникулдардан кейінгі келесі айдың бірінші күнінен бастап академиялық кезең, аралық аттестаттау мен каникул аяқталатын айды қоса алғанда, оның соңына дейін ай сайын төленеді. Бітіруші курстардың білім алушыларына мемлекеттік стипендия білім беру ұйымдарын бітіруіне байланысты оқудан шығарылған күніне дейін төленеді.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 13 қарашадағы № 746 қаулысымен бекітілген Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017 - 2021 жылдарға арналған "Еңбек" мемлекеттік бағдарламасының бірінші бағытының шеңберінде білім алушыларға стипендия аралық аттестаттаудың (емтихан сессиясының) нәтижелеріне қарамастан төленеді.
Ескерту. 4-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Үкіметінің 20.11.2019 № 859 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.5. Бірінші академиялық кезеңге мемлекеттік стипендия мемлекеттік тапсырыс бойынша бірінші курсқа (бірінші оқу жылына) қабылданған барлық студенттерге, магистранттарға тағайындалады және 1 қыркүйектен бастап бірінші академиялық кезең аяқталғанға дейін ай сайын төленеді.
Келесі академиялық кезеңдерде мемлекеттік стипендия студенттерге, интерндерге, магистранттарға осы Қағидалардың 4-тармағына сәйкес алдыңғы академиялық кезеңдегі аралық аттестаттау (емтихан сессиясы) нәтижелері бойынша тағайындалады және төленеді.
Ескерту. 5-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Үкіметінің 20.11.2019 № 859 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.6. Мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша білім алатын көзі нашар көретін мүгедектер мен құлағы кеміс мүгедектерге, жетім балалар мен ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған және азаматтардың қорғаншылығындағы (қамқорлығындағы) балаларға мемлекеттік стипендия емтихан сессиясының нәтижелері бойынша берешектері немесе білім алушыларды аралық аттестаттау нәтижелері бойынша қанағаттанғысыз бағасы жоқ болса төленеді.
7. Жазғы аралық аттестаттау (емтихан сессиясы) нәтижелері бойынша мемлекеттік стипендияға ұсынылған студенттерге, интерндерге, магистранттарға мемлекеттік стипендия жазғы каникул кезеңі үшін екі айға (шілде, тамыз) бірге төленеді.
Ескерту. 7-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Үкіметінің 20.11.2019 № 859 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.8. Аралық аттестаттауды (емтихан сессиясын) академиялық күнтізбеде белгіленген мерзімде дәлелді себептер бойынша (сырқаттану, отбасы жағдайы, дүлей апаттар, академиялық немесе кредиттік ұтқырлық бойынша оқу) тапсыра алмаған студенттерге, интерндерге, магистранттарға, докторанттарға білім беру ұйымының басшылығы білім алушы растайтын құжаттарды тапсырғаннан кейін аралық аттестаттау (емтихан сессиясын) тапсырудың жеке мерзімдерін белгілейді.
Тапсырылған аралық аттестаттау (емтихан сессиясы) нәтижелері бойынша білім алушылардың осы санатына мемлекеттік стипендия осы Қағидаларда белгіленген тәртіппен тағайындалады.
Ескерту. 8-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Үкіметінің 20.11.2019 № 859 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.9. Кәсіптік практика, жазғы демалыс кезінде, сондай-ақ жалақы төленетін жұмыс орындарында және қызметтерде жұмыс істеген кезеңде студенттерге, интерндерге, магистранттарға мемлекеттік стипендия осы Қағидаларда белгіленген тәртіппен төленеді.
10. Бір оқу орнынан басқасына ауыстырылған студенттерге, интерндерге, магистранттарға мемлекеттік стипендия оқу жоспарларындағы айырмашылық жойылғаннан кейін осы Қағидаларда белгіленген тәртіппен тағайындалады және төленеді.
11. Докторанттарға, резидентура тыңдаушыларына және дайындық бөлімшелерінің тыңдаушыларына мемлекеттік стипендия оқытудың барлық мерзіміне тағайындалады және ай сайын осы Қағидалардың 4-тармағына сәйкес төленеді.
12. Медициналық қорытындының (дәрiгерлiк-консультациялық комиссияның қорытындысы) негізінде берілген академиялық демалыстарды қоспағанда, студенттер, интерндер, магистранттар, резидентура тыңдаушылары, докторанттар академиялық демалыста болған кезеңде мемлекеттік стипендия төленбейді.
Академиялық демалыстан оралған студенттерге, интерндерге, магистранттарға, резидентура тыңдаушыларына, докторанттарға мемлекеттік стипендия тағайындау және төлеу оқу жоспарларындағы академиялық айырма жойылғаннан кейін осы Қағидаларда белгіленген тәртіппен жүзеге асырылады.
Сырқатына байланысты екінші оқу жылына қалдырылған студенттерге, интерндерге, магистранттарға, резидентура тыңдаушыларына, докторанттарға мемлекеттік стипендия олар оралған сәтінен бастап осы Қағидаларда белгіленген тәртіппен оқу жоспары орындалған алдыңғы семестрдің қорытындысы бойынша тағайындалады және төленеді.
Тиісті медициналық қорытындысы болса, мемлекеттік стипендия туберкулезбен ауыратын студенттерге, интерндерге, магистранттарға, резидентура тыңдаушыларына, докторанттарға алдыңғы семестрдің қорытындысына қарамастан еңбекке жарамсыздық кезеңі үшін тағайындалады және төленеді, бірақ еңбекке жарамсыздық басталған күннен бастап он айдан аспайды.
Ескерту. 12-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Үкіметінің 20.11.2019 № 859 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.13. Жүктілігіне және босануына байланысты демалысы кезеңіне студенттерге, интерндерге, магистранттарға, резидентура тыңдаушыларына, докторанттарға мемлекеттік стипендия Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасында белгіленген барлық мерзім ішінде жүктілігіне және босануына байланысты демалысқа шығарғанға дейін белгіленген мөлшерде төленеді.
Академиялық демалыс кезеңінде жүктілігіне және босануына байланысты уақытша еңбекке жарамсыздығы туралы анықтама ұсынған жағдайда, академиялық демалыс үзіліп, жүктілігі және босануына байланысты демалыс ресімделеді.
Студенттер, интерндер, магистранттар, резидентура, докторанттар тыңдаушылары бала күтіміне байланысты ол үш жасқа толғанға дейін академиялық демалыста болған кезеңде мемлекеттік стипендия тағайындалмайды.
Ескерту. 13-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 31.03.2014 № 276 қаулысымен (01.04.2014 бастап қолданысқа енгізіледі).14. Стипендиялар білім алушылар үлгерiмін бақылау жүктелген бөлiмше бастығының қызметтiк хаты (ұсынысы) негiзiнде білім беру ұйымы жетекшiсiнiң немесе уақытша оның мiндетiн атқарушының бұйрығымен тағайындалады.
15. Жеке тұлғаларға стипендияларды төлеу осы Қағидалардың 16-тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда, ақша алушының таңдаған банкте ашылған ағымдағы шотына сомаларды аудару жолымен жүзеге асырылады.
16. Төлем карточкасын жасау немесе екінші деңгейдегі банктерде ағымдағы шоттарды ашу кезеңінде, сондай-ақ ұйым орналасқан жерде екiншi деңгейдегi банктер, олардың пункттері және төлем карточкаларына қызмет көрсететін құрылғылар болмаған жағдайда стипендия төлеу ұйымның кассалары арқылы жүзеге асырылады.
16-1. "Назарбаев Университеті" дербес білім беру ұйымының білім алушыларына стипендия тағайындау және төлеу тәртібі "Назарбаев Университеті", "Назарбаев Зияткерлік мектептері" және "Назарбаев Қоры" мәртебесі туралы" 2011 жылғы 19 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес айқындалады.
Ескерту. 16-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Үкіметінің 30.12.2015 № 1134 (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.3. Бiлiм беру ұйымдарында білім алушыларға төленетін мемлекеттiк стипендиялардың мөлшерi
17. Мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша білім алушыларға ай сайынғы мемлекеттік стипендияның мөлшері:
1) жоғары білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарында оқитын студенттерге – 20949 (жиырма мың тоғыз жүз қырық тоғыз) теңге;
2) интерндерге – 37945 (отыз жеті мың тоғыз жүз қырық бес) теңге;
3) магистранттарға – 53530 (елу үш мың бес жүз отыз) теңге;
4) "Назарбаев Университеті" дербес білім беру ұйымында оқитын магистранттарға – 100 000 (бір жүз мың) теңге;
5) докторанттарға – 81998 (сексен бір мың тоғыз жүз тоқсан сегіз) теңге;
6) резидентура тыңдаушыларына және денсаулық сақтау магистранттарына – 61561 (алпыс бір мың бес жүз алпыс бір) теңге мөлшерінде;
7) мемлекеттік органдардан оқуға жіберілген Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жанындағы Сот төрелігі академиясының магистранттарына соңғы жұмыс орны бойынша лауазымдық айлықақы деңгейінде, бірақ мемлекеттік білім беру тапсырысы негізінде білім алып жатқан магистранттар үшін белгіленген стипендиядан төмен емес мөлшерінде белгіленеді.
Ескерту. 17-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 30.12.2015 № 1134 (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі); өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 03.06.2016 № 327 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулыларымен.18. Техникалық және кәсіптік (училищелер, колледждер), орта білімнен кейінгі білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдары студенттерінің мемлекеттік стипендиясы жоғары білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдары студенттерінің ай сайынғы мемлекеттік стипендиясы мөлшерінің 80 (сексен) пайызы деңгейінде белгіленеді.
Ескерту. 18-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 30.12.2015 № 1134 (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.19. Жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының дайындық бөлімдерінің тыңдаушыларына мемлекеттік стипендия мөлшері жоғары білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарында оқитын студенттердің мемлекеттік стипендиясы мөлшерінің 85 (сексен бес) пайызы деңгейінде белгіленеді.
Ескерту. 19-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Үкіметінің 16.10.2018 № 651 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткеннен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.20. Көру және есту қабілеттері бойынша мүгедектердің, жетім балалар мен ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған және қорғаншылықтағы (қамқорлықтағы) балалардың, сондай-ақ аралық аттестаттау (емтихан сессиясы) нәтижелері бойынша тек "өте жақсы" деген бағалары бар студенттер мен магистранттардың ("Назарбаев Университеті" дербес білім беру ұйымында оқитын магистранттарды қоспағанда) ұлғайтылған мемлекеттік стипендия алуға құқығы бар.
Мемлекеттік стипендияны ұлғайту мөлшері осы Қағидаларға қосымшаға сәйкес белгіленеді.
Ескерту. 20-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 31.03.2014 № 276 (01.04.2014 бастап қолданысқа енгізіледі); 20.11.2019 № 859 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулыларымен.21. Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес толықтай мемлекет қамтамасыз ететін студенттер мен магистранттарға мемлекеттік стипендия тиісінше студенттер мен магистранттардың мемлекеттік стипендиясы мөлшерінің 50 (елу) пайызы мөлшерінде белгіленеді.
Ескерту. 21-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Үкіметінің 20.11.2019 № 859 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.22. Медициналық қорытындының негізінде академиялық демалыста жүрген студенттерге, интерндерге, магистранттарға, докторанттарға, резидентура тыңдаушыларына академиялық демалыс кезінде мемлекеттік стипендия тиісінше докторанттардың, резидентура тыңдаушыларының, студенттердің, интерндердің, магистранттардың мемлекеттік стипендиясы мөлшерінің 50 (елу) (мүгедектерге – 75 (жетпіс бес) пайызы мөлшерінде белгіленеді.
23. Мемлекеттік стипендиялар:
1) шығарылу себебіне қарамастан, білім алушы білім беру ұйымынан шығарылған жағдайда;
2) білім алушы қайтыс болған жағдайда;
3) оқуды бітіргеннен кейін оқуды бітіргені туралы бұйрық шыққан күнінен бастап төленбейді.
24. Осы Қағидалардың 23-тармағында белгіленген жағдайлар бойынша мемлекеттік стипендиялар төлеуді тоқтату білім беру ұйымдары басшыларының тиісті бұйрығын шығару арқылы жүзеге асырылады.
Білім беру ұйымдарында білім алушыларға мемлекеттік стипендияларды тағайындау, төлеу қағидаларына қосымша |
Мемлекеттік стипендияларды ұлғайту мөлшері
Ескерту. Қосымша жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 30.12.2015 № 1134 (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі); өзгеріс енгізілді – ҚР Үкіметінің 20.11.2019 № 859 (01.09.2019 бастап қолданысқа енгізіледі) қаулыларымен.
Р/с | Стипендиаттар тізбесі | Белгіленген мемлекеттік стипендия көлемінен пайызға шаққандағы ұлғайту мөлшері, % |
1 | 2 | 3 |
1 | Техникалық және кәсіптік (училищелер, колледждер), орта білімнен кейінгі, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарында оқитын көзі нашар көретін және құлағы кеміс мүгедектерге; | 75 |
2 | "Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектерiне және соларға теңестiрiлген адамдарға берiлетiн жеңiлдiктер мен оларды әлеуметтік қорғау туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жеңілдіктер мен кепілдіктер бойынша соғыс мүгедектеріне теңестірілген техникалық және кәсіптік (училищелер, колледждер), орта білімнен кейінгі, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарында оқитын студенттерге, магистранттарға және интерндерге; | 50 |
3 | Жетім балалар мен ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған және азаматтардың қамқорлығындағы (қорғаншылығындағы) балалар қатарындағы техникалық және кәсіптік (училищелер, колледждер), орта білімнен кейінгі, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарында оқитын студенттерге, магистранттарға және интерндерге; |
30 |
4 | Техникалық және кәсіптік (училищелер, колледждер), орта білімнен кейінгі, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарында оқитын, емтихан сессиясының нәтижелері бойынша тек "өте жақсы" деген бағалары бар студенттерге, магистранттарға (мемлекеттік атаулы стипендия мен Қазақстан Республикасы Президентінің стипендиясын алатын студенттерден басқа). | 15 |
5. | Техникалық және кәсіптік білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарында жұмысшы біліктіліктері бойынша оқитын студенттерге | 30 |
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 7 ақпандағы N 116 қаулысына қосымша |
Қазақстан Республикасы Үкіметінің күші жойылған кейбір шешімдерінің тізбесі
1. "Білім беру ұйымдарында оқитындардың жекелеген санаттарына мемлекеттік стипендияларды тағайындау мен төлеудің ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 10 желтоқсандағы N 1903 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1999 ж., N 54, 538-құжат).
2. "Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 10 желтоқсандағы N 1903 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 12 тамыздағы N 1254 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2000 ж., N 36-37, 430-құжат).
3. "Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 10 желтоқсандағы N 1903 қаулысына толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 12 шілдедегі N 770 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2002 ж., N 22, 234-құжат).
4. "Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 10 желтоқсандағы N 1903 қаулысына толықтыру енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 21 мамырдағы N 473 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2003 ж., N 21-22, 213-құжат).
5. "Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 10 желтоқсандағы N 1903 қаулысына толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 5 наурыздағы N 286 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2004 ж., N 12, 157-құжат).
6. "Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 10 желтоқсандағы N 1903 қаулысына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 5 қарашадағы N 1154 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2004 ж., N 44, 553-құжат).
7. "Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 10 желтоқсандағы N 1903 қаулысына толықтыру мен өзгеріс енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 13 мамырдағы N 453 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2005 ж., N 21, 250-құжат).
8. "Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 10 желтоқсандағы N 1903 қаулысына толықтыру мен өзгеріс енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 26 мамырдағы N 515 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2005 ж., N 22, 271-құжат).