"Лицензиялау туралы" Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 11 қаңтардағы Заңын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ :
1. Қоса беріліп отырған:
1) Оқ-дәрілерді, қару-жарақ пен әскери техниканы, олардың қосалқы бөлшектерін, жинақтаушы бұйымдары мен аспаптарын, сондай-ақ монтаждауды, реттеуді, пайдалануды, сақтауды, жөндеуді және сервистік қызмет көрсетуді қоса алғанда, оларды өндіруге арналған арнайы материалдар мен жабдықтарды әзірлеу, өндіру, жөндеу, сатып алу және сату жөніндегі қызметті лицензиялау ережесі;
2) оқ-дәрілерді, қару-жарақ пен әскери техниканы, олардың қосалқы бөлшектерін, жинақтаушы бұйымдары мен аспаптарын, сондай-ақ монтаждауды, реттеуді, пайдалануды, сақтауды, жөндеуді және сервистік қызмет көрсетуді қоса алғанда, оларды өндіруге арналған арнайы материалдар мен жабдықтарды әзірлеу, өндіру, жөндеу, сатып алу және сату жөніндегі қызметке қойылатын біліктілік талаптары бекітілсін.
2. Мыналардың күші жойылды деп танылсын:
1) "Лицензиялау туралы" Қазақстан Республикасының Заңын іске асырудың кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 9 ақпандағы N 150 қаулысының 1-тармағының 2) тармақшасы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2004 ж., N 6, 89-құжат);
2) "Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 30 маусымдағы N 662 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулардың 14-тармағының 2) тармақшасы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2005 ж., N 27, 341-құжат).
3. Осы қаулы ресми жарияланған күнінен бастап жиырма бір күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2008 жылғы 4 ақпандағы
N 93 қаулысымен
бекітілген
Оқ-дәрілерді, қару-жарақ пен әскери техниканы, олардың қосалқы бөлшектерін, жинақтаушы бұйымдары мен аспаптарын, сондай-ақ монтаждауды, реттеуді, пайдалануды, сақтауды, жөндеуді және сервистік қызмет көрсетуді қоса алғанда, оларды өндіруге арналған арнайы материалдар мен жабдықтарды әзірлеу, өндіру, жөндеу, сатып алу және сату жөніндегі қызметті лицензиялау ережесі 1. Жалпы ережелер
1. Осы Оқ-дәрілерді, қару-жарақ пен әскери техниканы, олардың қосалқы бөлшектерін, жинақтаушы бұйымдары мен аспаптарын, сондай-ақ монтаждауды, реттеуді, пайдалануды, сақтауды, жөндеуді және сервистік қызмет көрсетуді қоса алғанда, оларды өндіруге арналған арнайы материалдар мен жабдықтарды әзірлеу, өндіру, жөндеу, сатып алу және сату жөніндегі қызметті лицензиялау ережесі (бұдан әрі - Ереже) оқ-дәрілерді, қару-жарақ пен әскери техниканы, олардың қосалқы бөлшектерін, жинақтаушы бұйымдары мен аспаптарын, сондай-ақ монтаждауды, реттеуді, пайдалануды, сақтауды, жөндеуді және сервистік қызмет көрсетуді қоса алғанда, оларды өндіруге арналған арнайы материалдар мен жабдықтарды әзірлеу, өндіру, жөндеу, сатып алу және сату жөніндегі қызметті лицензиялау тәртібін айқындайды.
2. Лицензиялардың түрлері мен қолданысы қызмет көлемі бойынша ерекшеленеді:
1) бас қызмет - қолдану мерзіміне шек қойылмай қызметтің жекелеген түрлерімен айналысуға берілетін;
2) біржолғы - рұқсат етілген мерзім, көлем, салмақ немесе мөлшер шегінде белгілі бір шаруашылық операциясымен айналысуға (заттай не ақшалай түрде) берілетін.
Біржолғы лицензия мемлекеттік тапсырыс және/немесе мемлекеттік органмен және/немесе ұйыммен жасалатын шартты (келісім-шартты) орындау мерзіміне, бірақ бес жылдан аспайтын мерзімге беріледі.
3. Жеке және заңды тұлғалар лицензиялау субъектілері болып табылады.
4. Лицензия иеліктен шығарылмайды және оны лицензиат басқа жеке немесе заңды тұлғаға бере алмайды.
2. Лицензияны берудің тәртібі
5. Лицензияны және лицензияға қосымшаны (қызметтің кіші түрлері болған жағдайда) алу үшін мынадай құжаттар қажет:
1) өтініш;
2) заңды тұлға үшін - Жарғының (экспорттық және импорттық операцияларды қоспағанда) және өтініш берушінің заңды тұлға ретінде мемлекеттік тіркелгені туралы куәліктің нотариалды куәландырылған көшірмелері;
3) жеке тұлға үшін - жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
4) дара кәсіпкер үшін - өтініш берушінің дара кәсіпкер ретінде мемлекеттік тіркелгені туралы куәліктің нотариалды куәландырылған көшірмесі;
5) өтініш берушінің салық органында есепке тұрғаны туралы куәліктің нотариалды куәландырылған көшірмесі;
6) оқ-дәрілерді, қару-жарақ пен әскери техниканы, олардың қосалқы бөлшектерін, жинақтаушы бұйымдары мен аспаптарын, сондай-ақ монтаждауды, реттеуді, пайдалануды, сақтауды, жөндеуді және сервистік қызмет көрсетуді қоса алғанда, оларды өндіруге арналған арнайы материалдар мен жабдықтарды әзірлеу, өндіру, жөндеу, сатып алу және сату жөніндегі қызметпен айналысу құқығы үшін бюджетке лицензиялық алымның төленгенін растайтын құжат;
7) біліктілік талаптарына сәйкес мәліметтер мен құжаттар.
6. Лицензияны беру үшін тиісті лицензиарға ұсынылған барлық құжаттар тізімдеме бойынша қабылданады, оның көшірмесі аталған органның құжаттарды қабылдаған күні туралы белгі соғылып, өтініш берушіге жіберіледі (табыс етіледі).
7. Лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны лицензиар осы Ережеде белгіленген тиісті құжаттармен қоса өтініш берілген күннен бастап - отыз жұмыс күнінен кешіктірмей, ал шағын кәсіпкерлік субъектілері үшін он жұмыс күнінен кешіктірмей береді.
8. Егер:
1) Қазақстан Республикасының заңдарында субъектілердің осы санаты үшін қызметтің осы түрімен айналысуға тыйым салынған;
2) осы Ережеге сәйкес талап етілетін барлық құжаттар табыс етілмеген жағдайда лицензия беруден бас тартылуы мүмкін. Өтініш беруші көрсетілген кедергілерді жойған жағдайда өтініш жалпы негіздер бойынша қаралады;
3) оқ-дәрілерді, қару-жарақ пен әскери техниканы, олардың қосалқы бөлшектерін, жинақтаушы бұйымдары мен аспаптарын, сондай-ақ монтаждауды, реттеуді, пайдалануды, сақтауды, жөндеуді және сервистік қызмет көрсетуді қоса алғанда, оларды өндіруге арналған арнайы материалдар мен жабдықтарды әзірлеу, өндіру, жөндеу, сатып алу және сату жөніндегі қызмет түрімен айналысу құқығы үшін лицензиялық алым енгізілмеген;
4) өтініш беруші біліктілік талаптарына сай келмеген;
5) өтініш берушіге қатысты оған оқ-дәрілерді, қару-жарақ пен әскери техниканы, олардың қосалқы бөлшектерін, жинақтаушы бұйымдары мен аспаптарын, сондай-ақ монтаждауды, реттеуді, пайдалануды, сақтауды, жөндеуді және сервистік қызмет көрсетуді қоса алғанда, оларды өндіруге арналған арнайы материалдар мен жабдықтарды әзірлеу, өндіру, жөндеу, сатып алу және сату жөніндегі қызметпен айналысуға тыйым салатын заңды күшіне енген сот үкімі болған жағдайларда, лицензия және (немесе) лицензияға қосымша беруден бас тартылады.
9. Лицензия және (немесе) лицензияға қосымшаны беруден бас тартылған жағдайда лицензиар лицензия беру үшін белгіленген мерзімдерде өтініш берушіге жазбаша түрде дәлелді жауап қайтарады.
10. Егер лицензиар осы Ережеде белгіленген мерзімде өтініш берушіге лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны бермеген немесе өтініш берушіні лицензияны беруден бас тарту себептері туралы жазбаша түрде хабардар етпеген жағдайда, осы Ережеде лицензияны беру үшін белгіленген мерзімдер өткен күннен бастап бес жұмыс күні өткен соң өтініш беруші тиісті лицензиарды қызметтің өзі өтініш берген түрін жүзеге асыра бастағаны туралы жазбаша түрде хабардар етеді.
Лицензиар өтініш берушінің жазбаша хабарламасын алған сәттен бастап бес жұмыс күнінен кешіктірмей өтініш беруші жазбаша хабарламада көрсеткен күннен бастап лицензия және (немесе) лицензияға қосымша беруге міндетті.
11. Оқ-дәрілерді, қару-жарақ пен әскери техниканы, олардың қосалқы бөлшектерін, жинақтаушы бұйымдары мен аспаптарын, сондай-ақ монтаждауды, реттеуді, пайдалануды, сақтауды, жөндеуді және сервистік қызмет көрсетуді қоса алғанда, оларды өндіруге арналған арнайы материалдар мен жабдықтарды әзірлеу, өндіру, жөндеу, сатып алу және сату жөніндегі қызметпен айналысу құқығы үшін төленетін лицензиялық алым Қазақстан Республикасының Салық кодексіне сәйкес лицензиялар (лицензиялардың телнұсқасы) берілген кезде алынады.
12. Егер лицензия және (немесе) лицензияға қосымша белгіленген мерзімде берілмесе немесе лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны беруден бас тарту өтініш берушіге негізсіз болып көрінсе, ол Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен бұл іс-әрекеттерге шағымдануға құқылы.
13. Лицензия және (немесе) лицензияға қосымша жоғалған, бүлінген жағдайда лицензиат лицензияның телнұсқасын алуға құқылы.
Лицензияның және (немесе) лицензияға қосымшаның жоғалған, бүлінген бланкілері лицензиат лицензиарға жазбаша өтініш (лицензияның және (немесе) лицензияға қосымшаның жоғалған, бүлінген фактісін растайтын құжаттармен қоса) берген күннен бастап жарамсыз деп есептеледі.
Лицензиар өтініш берілген күннен бастап он жұмыс күні ішінде жаңа нөмір бере отырып және жоғарғы оң жақ бұрышында "Телнұсқа" деген жазуы бар лицензияның және (немесе) лицензияға қосымшаның телнұсқаларын береді.
14. Жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты өзгерген жағдайда, заңды тұлға бірігу, біріктіру, бөліну немесе қайта құру нысанында қайта ұйымдастырылған, заңды тұлғаның атауы өзгерген, сондай-ақ қызмет түрінің атауы өзгерген кезде, егер мұндай өзгеріс қызмет түрі шеңберінде орындалатын операциялардың мәнінің өзгеруіне әкеп соқпаса, ол күнтізбелік отыз күн ішінде аталған мәліметтерді растайтын тиісті құжаттармен қоса, лицензияны қайта ресімдеу туралы өтініш беруге міндетті.
Лицензиат тиісті жазбаша өтініш берген күннен бастап он жұмыс күні ішінде лицензиар лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны қайта ресімдейді.
15. Лицензияның қолданылуын тоқтата тұру, одан айыру Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңнамасында көзделген тәртіппен жүзеге асырылады.
16. Лицензияның және (немесе) лицензияға қосымшаның қолданылуы мынадай жағдайларда:
1) лицензияның берілген мерзімі аяқталғанда;
2) жүзеге асырылуына лицензия берілген іс-әрекеттер (операциялар) толық көлемде жасалғанда;
3) лицензия алып қойылғанда;
4) жеке тұлғаның қызметі тоқтатылғанда, заңды тұлға таратылғанда, бірігу, біріктіру, бөліну немесе қайта құрылу нысанындағы қайта ұйымдастырылуды қоспағанда, заңды тұлға қайта ұйымдастырылғанда;
5) лицензия және (немесе) лицензияға қосымша лицензиарға ерікті түрде қайтарылғанда;
6) лицензияланатындардың тізбесінен қызметтің жекелеген түрі және (немесе) кіші түрі алып тасталса тоқтатылады.
17. Лицензияның қолданылуы тоқтатылған кезде лицензиат он жұмыс күні ішінде лицензияны лицензиарға қайтаруға міндетті.
3. Есепке алу және бақылау
18. Лицензиар лицензиаттың Қазақстан Республикасының лицензиялау туралы заңнамасын сақтауын қамтамасыз етуге бағытталған лицензиялық бақылауды жүзеге асырады.
Лицензиар өз құзыреті шегінде лицензиаттан тиісті құжаттарды талап етуге және бақылау функцияларын орындау үшін қажетті ақпаратты алуға құқылы.
19. Лицензиар берілген, қайта ресімделген, уақытша тоқтатылған, жаңартылған және қолданылуын тоқтатқан лицензиялар туралы мәліметтер бар лицензиялар тізілімін жүргізеді.
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2008 жылғы 4 ақпандағы
N 93 қаулысымен
бекітілген
Оқ-дәрілерді, қару-жарақ пен әскери техниканы,
олардың қосалқы бөлшектерін, жинақтаушы бұйымдары мен
аспаптарын, сондай-ақ монтаждауды, реттеуді, пайдалануды,
сақтауды, жөндеуді және сервистік қызмет көрсетуді қоса
алғанда, оларды өндіруге арналған арнайы материалдар мен
жабдықтарды әзірлеу, өндіру, жөндеу, сатып алу және
сату жөніндегі қызметке қойылатын
біліктілік талаптары 1. Жалпы ережелер
1. Біліктілік талаптары қызметтің мынадай түріне лицензия алуға үміткер жеке және заңды тұлғаларға қолданылады: оқ-дәрілерді, қару-жарақ пен әскери техниканы, олардың қосалқы бөлшектерін, жинақтаушы бұйымдары мен аспаптарын, сондай-ақ монтаждауды, реттеуді, пайдалануды, сақтауды, жөндеуді және сервистік қызмет көрсетуді қоса алғанда, оларды өндіруге арналған арнайы материалдар мен жабдықтарды әзірлеу, өндіру, жөндеу, сатып алу және сату.
Қызметтің бұл түрі қызметтің мына кіші түрлерін қамтиды:
1) оқ-дәрілерді, қару-жарақ пен әскери техниканы, олардың қосалқы бөлшектерін, жинақтаушы бұйымдары мен аспаптарын, сондай-ақ монтаждауды, реттеуді, пайдалануды, сақтауды, жөндеуді және сервистік қызмет көрсетуді қоса алғанда, оларды өндіруге арналған арнайы материалдарды, жабдықтарды әзірлеу, өндіру;
2) оқ-дәрілерді, қару-жарақ пен әскери техниканы, олардың қосалқы бөлшектерін, жинақтаушы бұйымдары мен аспаптарын, сондай-ақ монтаждауды, реттеуді, пайдалануды, сақтауды, жөндеуді және сервистік қызмет көрсетуді қоса алғанда, оларды өндіруге арналған арнайы материалдарды, жабдықтарды жөндеу;
3) оқ-дәрілерді, қару-жарақ пен әскери техниканы, олардың қосалқы бөлшектерін, жинақтаушы бұйымдары мен аспаптарын, сондай-ақ монтаждауды, реттеуді, пайдалануды, сақтауды, жөндеуді және сервистік қызмет көрсетуді қоса алғанда, оларды өндіруге арналған арнайы материалдарды, жабдықтарды сатып алу және сату.
2. Егер лицензияны және лицензияға қосымшаны алу үшін ұсынылатын құжаттардың көшірмелері нотариалды түрде куәландырылмаса, олар түпнұсқасын көрсете отырып беріледі.
2. Оқ-дәрілерді, қару-жарақ пен әскери техниканы, олардың қосалқы бөлшектерін, жинақтаушы бұйымдары мен аспаптарын, сондай-ақ монтаждауды, реттеуді, пайдалануды, сақтауды, жөндеуді және сервистік қызмет көрсетуді қоса алғанда, оларды өндіруге арналған арнайы материалдарды, жабдықтарды әзірлеу, өндіру жөніндегі қызметтің кіші түріне қойылатын
біліктілік талаптары
3. Қызметтің көрсетілген кіші түрін лицензиялау кезінде қойылатын біліктілік талаптары мыналардың:
1) өтініш берушінің басшысы және/немесе оның орынбасары, сондай-ақ жеке тұлға үшін жоғары техникалық білімінің;
2) тиісті техникалық жоғары білімі бар білікті мамандардың, мамандығы бойынша кемінде үш жыл жұмыс өтілінің;
3) қызметтің көрсетілген кіші түріне әзірлеу және өндіру мәселелері жөніндегі нормативтік-техникалық құжаттар жиынтығы түріндегі ғылыми базаның, сондай-ақ негізгі (базалық) модельдерге конструкторлық құжаттаманың;
4) меншік құқығындағы мыналарды:
өнеркәсіп қауіпсіздігі саласындағы уәкілетті органның тиісті рұқсаты және салыстырып тексерілген бақылау-өлшеу аппаратурасы бар мамандандырылған өндірістік ғимараттарды, жабдықтарды, стендтерді, көтеру тетіктерін;
әзірленген және өндірілетін өнімді сақтау және оларға бақылау сынақтарын жүргізуге арналған арнайы жабдықталған аумақтар мен үй-жайларды;
жұмыс істейтін персоналды орналастыруға арналған санитарлық-эпидемиологиялық және өрт қауіпсіздігі талаптарына жауап беретін қызметтік үй-жайларды қамтитын өндірістік-техникалық базаның.
Өндірістік база аумағы оқшауланған, қоршалған, қарулы күзетпен күзетілетін болуы, өрт қауіпсіздігі және санитарлық-эпидемиологиялық ережелер мен нормалардың талаптарына жауап беретін, сондай-ақ тұрғын және өндірістік объектілерден қолданыстағы нормативтерде көзделген қауіпсіз арақашықтықта орналасуы тиіс;
5) оқ-дәрілердің, қару-жарақтың және әскери техниканың, олардың қосалқы бөлшектерінің, жинақтаушы бұйымдары мен аспаптарының, сондай-ақ оларды әзірлеу мен өндіруге арналған арнайы материалдар мен жабдықтардың әзірленетін және өндірілетін түрлері туралы түсіндірме жазбаның;
6) жұмыстарды қауіпсіз жүргізу жөніндегі нұсқаулықтардың, ережелердің;
7) қызметтің мәлімделген түрі бойынша мемлекеттік құпияларды құрайтын мәліметтерді пайдалана отырып, жұмыс жүргізуге Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің немесе оның аумақтық органдары рұқсатының немесе жұмыстарға тапсырыс берушінің мемлекеттік құпияларды құрайтын мәліметтерді пайдалану қажеттілігінің жоқтығы туралы растамасының;
8) оқ-дәрілерді, қару-жарақ пен әскери техниканы, олардың қосалқы бөлшектерін, жинақтаушы бұйымдары мен аспаптарын, сондай-ақ монтаждауды, реттеуді, пайдалануды, сақтауды, жөндеуді және сервистік қызмет көрсетуді қоса алғанда, оларды өндіруге арналған арнайы материалдарды, жабдықтарды әзірлеуге, өндіруге мемлекеттік тапсырыстың және/немесе мемлекеттік органмен немесе ұйыммен жасалған шарттың (келісім-шарттың);
9) орындалатын жұмыстардың сапасына бақылауды жүзеге асыру үшін тапсырыс берушінің өкілдігінің;
10) кемінде 10000 айлық есептік көрсетілген мөлшеріндегі активтердің болуын қамтиды.
3. Оқ-дәрілерді, қару-жарақ пен әскери техниканы, олардың қосалқы бөлшектерін, жинақтаушы бұйымдары мен аспаптарын, сондай-ақ монтаждауды, реттеуді, пайдалануды, сақтауды, жөндеуді және сервистік қызмет көрсетуді қоса алғанда, оларды өндіруге арналған арнайы материалдарды, жабдықтарды жөндеу жөніндегі қызметтің кіші түріне қойылатын біліктілік талаптары
4. Қызметтің көрсетілген кіші түрін лицензиялау кезінде қойылатын біліктілік талаптары мыналардың:
1) өтініш берушінің басшысы және/немесе оның орынбасары, сондай-ақ жеке тұлға үшін жоғары техникалық білімінің;
2) тиісті техникалық жоғары білімі бар білікті мамандардың, мамандығы бойынша кемінде үш жыл жұмыс өтілінің;
3) қызметтің көрсетілген кіші түріне жөндеу мәселелері жөніндегі нормативтік-техникалық құжаттар жиынтығы түріндегі ғылыми базаның, сондай-ақ негізгі (базалық) модельдерге конструкторлық құжаттаманың;
4) меншік құқығындағы мыналарды:
өнеркәсіп қауіпсіздігі саласындағы уәкілетті органның тиісті рұқсаты бар мамандандырылған өндірістік ғимараттарды, ангарларды, көлік құралдарын, жабдықтарды, стендтерді, көтеру тетіктерін және пайдалану шарттары мен өлшем бірлігін қамтамасыз ету туралы заңнаманың оларға қойған талаптарына сәйкес келетін өлшем құралдарын;
жөндеу жүргізілгеннен кейін өнімді сақтауға және оларға бақылау сынақтарын жүргізуге арналған арнайы жабдықталған аумақ пен үй-жайларды;
жұмыс істейтін персоналды орналастыруға арналған санитарлық-эпидемиологиялық және өрт қауіпсіздігі талаптарына жауап беретін қызметтік үй-жайларды қамтитын өндірістік-техникалық базаның.
Өндірістік база аумағы оқшауланған, қоршалған, қарулы күзетпен күзетілетін болуы, өрт қауіпсіздігі және санитарлық-эпидемиологиялық ережелер мен нормалардың талаптарына жауап беретін, сондай-ақ тұрғын және өндірістік объектілерден қолданыстағы нормативтерде көзделген қауіпсіз арақашықтықта орналасуы тиіс;
5) жөндеу жоспарланған оқ-дәрілердің, қару-жарақ пен әскери техниканың, олардың қосалқы бөлшектерінің, жинақтаушы бұйымдары мен аспаптарының, сондай-ақ оларды жөндеуге арналған арнайы материалдар мен жабдықтардың тактикалық-техникалық сипаттамаларының;
6) техникалық-экономикалық негіздеменің;
7) материалдарды, жартылай фабрикаттарды, жинақтаушы бұйымдарды, оқ-дәрі бұйымдарын, қару-жарақтар мен әскери техниканы, олардың қосалқы бөлшектерін, жинақтаушы бұйымдары мен аспаптарын, сондай-ақ оларды жөндеуге арналған арнайы материалдар мен жабдықтарды есепке алу мен сақтау жөніндегі құжаттаманың;
8) жөндеу жұмыстарын қауіпсіз жүргізу жөніндегі нұсқаулықтардың, ережелердің;
9) қызметтің мәлімделген түрі бойынша мемлекеттік құпияларды құрайтын мәліметтерді пайдалана отырып, жұмыс істеуге Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің немесе оның аумақтық органдары рұқсатының немесе жұмыстарға тапсырыс берушінің мемлекеттік құпияларды құрайтын мәліметтерді пайдалану қажеттілігінің жоқтығы туралы растамасының;
10) оқ-дәрілерді, қару-жарақ пен әскери техниканы, олардың қосалқы бөлшектерін, жинақтаушы бұйымдары мен аспаптарын, сондай-ақ монтаждауды, реттеуді, пайдалануды, сақтауды, жөндеуді және сервистік қызмет көрсетуді қоса алғанда, оларды өндіруге арналған арнайы материалдарды, жабдықтарды жөндеуге мемлекеттік тапсырыстың және/немесе мемлекеттік органмен немесе ұйыммен жасалған шарттың (келісім-шарттың);
11) орындалатын жұмыстардың сапасын бақылауды жүзеге асыру үшін тапсырыс беруші өкілдігінің;
12) кемінде 10000 айлық есептік көрсетілген мөлшеріндегі активтердің болуын қамтиды.
4. Оқ-дәрілерді, қару-жарақ пен әскери техниканы, олардың қосалқы бөлшектерін, жинақтаушы бұйымдары мен аспаптарын, сондай-ақ монтаждауды, реттеуді, пайдалануды, сақтауды, жөндеуді және сервистік қызмет көрсетуді қоса алғанда, оларды өндіруге арналған арнайы материалдарды, жабдықтарды сатып алу және сату жөніндегі қызметтің кіші түріне қойылатын біліктілік талаптары
5. Қызметтің көрсетілген кіші түрін лицензиялау кезінде қойылатын біліктілік талаптары мыналардың:
1) өтініш берушінің басшысы және/немесе оның орынбасары, сондай-ақ жеке тұлға үшін жоғары техникалық білімінің;
2) тиісті техникалық жоғары білімі бар білікті мамандардың, мамандығы бойынша кемінде үш жыл жұмыс өтілінің;
3) аумағы оқшауланған, қоршалған, қарулы күзетпен күзетілетін, өрт қауіпсіздігі және санитарлық-эпидемиологиялық ережелер мен нормалардың талаптарына жауап беретін, сондай-ақ тұрғын және өндірістік объектілерден қолданыстағы нормативтерде көзделген қауіпсіз арақашықтықта орналасуы тиіс оқ-дәрілерді, қару-жарақ пен әскери техниканы, олардың қосалқы бөлшектерін, жинақтаушы бұйымдары мен аспаптарын, сондай-ақ монтаждау, реттеу, пайдалану, сақтау, жөндеу, сервистік қызмет көрсету үшін меншік құқығындағы мамандандырылған ғимараттың;
4) жұмыс істейтін персоналды орналастыруға арналған санитарлық-эпидемиологиялық және өрт қауіпсіздігі талаптарына жауап беретін қызметтік үй-жайлардың;
5) оқ-дәрілердің, қару-жарақтар мен әскери техниканың, олардың қосалқы бөлшектерінің, жинақтаушы бұйымдары мен аспаптарының, сондай-ақ сатып алуға және сатуға жататын арнайы материалдардың және жабдықтардың түрлері туралы, мәлімделген қызметтің кіші түрін жүзеге асыру барысында орындалатын жұмыстар туралы түсіндірме жазбаның;
6) қызметтің мәлімделген түрі бойынша мемлекеттік құпияларды құрайтын мәліметтерді пайдалана отырып, жұмыс істеуге Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің немесе оның аумақтық органдары рұқсатының немесе жұмыстарға тапсырыс берушінің мемлекеттік құпияларды құрайтын мәліметтерді пайдалану қажеттілігінің жоқтығы туралы растамасының;
7) оқ-дәрілерді, қару-жарақ пен әскери техниканы, олардың қосалқы бөлшектерін, жинақтаушы бұйымдар мен аспаптарын, монтаждауды, реттеуді, пайдалануды, сақтауды, жөндеуді және сервистік қызмет көрсетуді қоса алғанда, оларды өндіруге арналған арнайы материалдарды, жабдықтарды сатып алуға және сатуға мемлекеттік тапсырыстың және/немесе мемлекеттік органмен немесе ұйыммен жасалған шарттың (келісім-шарттың);
8) орындалатын жұмыстардың сапасын бақылауды жүзеге асыру үшін тапсырыс беруші өкілдігінің;
9) кемінде 10000 айлық есептік көрсетілген мөлшеріндегі активтердің болуын қамтиды.