Ескерту. Қаулының тақырыбына өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2008.05.07 N 429 Қаулысымен.
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ :
1. Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігінің Өнеркәсіп және ғылыми-техникалық дамыту комитеті "Кентаукеніштарату" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігінің Өнеркәсіп комитетінің "Кентау СуШар" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны (бұдан әрі - кәсіпорын) болып қайта аталсын.
Ескерту. 1-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2008.05.07 N 429 Қаулысымен.
2. Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігінің Өнеркәсіп комитеті кәсіпорынды мемлекеттік басқару органы болып белгіленсін.
Ескерту. 2-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2008.05.07 N 429 Қаулысымен.
3. Кәсіпорын қызметінің негізгі мәні сумен жабдықтау саласындағы шаруашылық қызметті жүзеге асыру болып белгіленсін.
4. Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігінің Өнеркәсіп комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) кәсіпорынның жарғысын Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетіне бекітуге ұсынсын;
2) кәсіпорынды әділет органдарында мемлекеттік қайта тіркеуді жүзеге асырсын;
3) осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын.
Ескерту. 4-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2008.05.07 N 429 Қаулысымен.
5. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
1) күші жойылды - ҚР Үкіметінің 05.08.2013 № 796 қаулысымен;
2) күші жойылды - ҚР Үкіметінің 19.09.2014 № 995 қаулысымен;
3) "Республикалық мемлекеттік меншіктің кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 11 маусымдағы N 483 қаулысында :
көрсетілген қаулымен бекітілген жалпымемлекеттік міндеттерді орындау үшін қажетті республикалық мемлекеттік кәсіпорындардың тізбесінде:
"Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігі" деген бөлім мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 47-1-жолмен толықтырылсын:
"47-1. "Кентау СуШар" республикалық мемлекеттік кәсіпорны";
көрсетілген қаулымен бекітілген бәсекелі ортаға берілуі тиіс республикалық мемлекеттік кәсіпорындардың тізбесінде:
"Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігі" деген бөлімдегі реттік нөмірі 5-жол алынып тасталсын.
Ескерту. 5-тармаққа өзгерістер енгізілді - ҚР Үкіметінің 05.08.2013 № 796; 19.09.2014 № 995 қаулыларымен.
6. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі