Ескерту. Қаулының тақырыбына өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2008.05.07 N 429 Қаулысымен.
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ :
1. Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігінің Өнеркәсіп және ғылыми-техникалық дамыту комитеті "Кентаукеніштарату" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігінің Өнеркәсіп комитетінің "Кентау СуШар" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны (бұдан әрі - кәсіпорын) болып қайта аталсын.
Ескерту. 1-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2008.05.07 N 429 Қаулысымен.
2. Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігінің Өнеркәсіп комитеті кәсіпорынды мемлекеттік басқару органы болып белгіленсін.
Ескерту. 2-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2008.05.07 N 429 Қаулысымен.
3. Кәсіпорын қызметінің негізгі мәні сумен жабдықтау саласындағы шаруашылық қызметті жүзеге асыру болып белгіленсін.
4. Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігінің Өнеркәсіп комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) кәсіпорынның жарғысын Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетіне бекітуге ұсынсын;
2) кәсіпорынды әділет органдарында мемлекеттік қайта тіркеуді жүзеге асырсын;
3) осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын.
Ескерту. 4-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2008.05.07 N 429 Қаулысымен.
5. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
1) күші жойылды - ҚР Үкіметінің 05.08.2013 № 796 қаулысымен;
2) "Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігінің кейбір мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 26 қарашадағы N 1237 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2004 ж., N 47, 586-құжат):
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігі Инвестиция және өнеркәсіп комитетінің қарамағындағы ұйымдардың тізбесінде:
"Республикалық мемлекеттік кәсіпорындар" деген бөлімде реттік нөмірі 4-жолдағы "Кентаукеніштарату" деген сөз "Кентау СуШар" деген сөздермен ауыстырылсын;
3) "Республикалық мемлекеттік меншіктің кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 11 маусымдағы N 483 қаулысында :
көрсетілген қаулымен бекітілген жалпымемлекеттік міндеттерді орындау үшін қажетті республикалық мемлекеттік кәсіпорындардың тізбесінде:
"Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігі" деген бөлім мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 47-1-жолмен толықтырылсын:
"47-1. "Кентау СуШар" республикалық мемлекеттік кәсіпорны";
көрсетілген қаулымен бекітілген бәсекелі ортаға берілуі тиіс республикалық мемлекеттік кәсіпорындардың тізбесінде:
"Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігі" деген бөлімдегі реттік нөмірі 5-жол алынып тасталсын.
Ескерту. 5-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 05.08.2013 № 796 қаулысымен.
6. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі