Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігінің Өнеркәсіп комитеті "Кентаукеніштарату" республикалық мемлекеттік кәсіпорнының кейбір мәселелері туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 28 қаңтардағы N 72 Қаулысы

Жаңартылған

       Ескерту. Қаулының тақырыбына өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2008.05.07  N 429  Қаулысымен. 

      Қазақстан Республикасының Үкіметі  ҚАУЛЫ ЕТЕДІ :
      1. Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігінің Өнеркәсіп және ғылыми-техникалық дамыту комитеті "Кентаукеніштарату" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігінің Өнеркәсіп комитетінің "Кентау СуШар" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны (бұдан әрі - кәсіпорын) болып қайта аталсын.
       Ескерту. 1-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2008.05.07  N 429  Қаулысымен. 

      2. Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігінің  Өнеркәсіп комитеті кәсіпорынды мемлекеттік басқару органы болып белгіленсін.
       Ескерту. 2-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2008.05.07  N 429  Қаулысымен. 

      3. Кәсіпорын қызметінің негізгі мәні сумен жабдықтау саласындағы шаруашылық қызметті жүзеге асыру болып белгіленсін.

      4. Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігінің  Өнеркәсіп комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
      1) кәсіпорынның жарғысын Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетіне бекітуге ұсынсын;
      2) кәсіпорынды әділет органдарында мемлекеттік қайта тіркеуді жүзеге асырсын;
      3) осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын.
       Ескерту. 4-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2008.05.07  N 429  Қаулысымен. 

      5. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
      1) "Республикалық мемлекеттік кәсіпорындардың тізбесі туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1996 жылғы 25 маусымдағы N 790  қаулысында  (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1996 ж., N 29, 256-құжат):
      көрсетілген қаулымен бекітілген Республикалық мемлекеттік кәсіпорындардың тізбесінде:
      "Қазақстан Республикасының Индустрия және сауда министрлігінің Инвестиция және өнеркәсіп комитеті" деген бөлімде:
      реттік нөмірі 529-жол мынадай редакцияда жазылсын:
      "529. Қазақстан Республикасы Индустрия
            және сауда министрлігі Инвестиция
            және өнеркәсіп комитетінің
            "Кентау СуШар" республикалық
            мемлекеттік кәсіпорны       Оңтүстік Қазақстан
                                        облысы, Кентау қаласы";

      2) "Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігінің кейбір мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 26 қарашадағы N 1237  қаулысында  (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2004 ж., N 47, 586-құжат):
      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігі Инвестиция және өнеркәсіп комитетінің қарамағындағы ұйымдардың тізбесінде:
      "Республикалық мемлекеттік кәсіпорындар" деген бөлімде реттік нөмірі 4-жолдағы "Кентаукеніштарату" деген сөз "Кентау СуШар" деген сөздермен ауыстырылсын;

      3) "Республикалық мемлекеттік меншіктің кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 11 маусымдағы N 483  қаулысында :
      көрсетілген қаулымен бекітілген жалпымемлекеттік міндеттерді орындау үшін қажетті республикалық мемлекеттік кәсіпорындардың тізбесінде:
      "Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігі" деген бөлім мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 47-1-жолмен толықтырылсын:
      "47-1. "Кентау СуШар" республикалық мемлекеттік кәсіпорны";
      көрсетілген қаулымен бекітілген бәсекелі ортаға берілуі тиіс республикалық мемлекеттік кәсіпорындардың тізбесінде:
      "Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігі" деген бөлімдегі реттік нөмірі 5-жол алынып тасталсын.

      6. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі