Мүгедектердің республикалық коғамдық бірлестіктері құрған ұйымдардың тізбесін, олар өндіретін тауарлардың, орындайтын жұмыстардың, көрсететін қызметтердің тізбесін, Тапсырыс берушілердің олардан осындай тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алу ережесін бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 21 желтоқсандағы N 1257 Қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 31 қаңтардағы N 64 Қаулысымен

Күшін жойған

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2011.01.31 N 64 (2011.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.

      "Мемлекеттік сатып алу туралы" Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 21 шілдедегі Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ :

      1. Қоса беріліп отырған:
      1) мүгедектердің республикалық қоғамдық бірлестіктері құрған ұйымдардың тізбесі ;
      2) мүгедектердің республикалық қоғамдық бірлестіктері құрған ұйымдар өндіретін тауарлардың, орындайтын жұмыстардың, көрсететін қызметтердің тізбесі (бұдан әрі - тізбе);
      3) Тапсырыс берушілердің мүгедектердің республикалық қоғамдық бірлестіктері құрған ұйымдардан тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алу ережесі бекітілсін.

      2. Тізбеде көзделген тауарлар, жұмыстар, қызметтер мүгедектердің республикалық қоғамдық бірлестіктері құрған ұйымдардан осы тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алудың жалпы көлемінің кемінде 30 (отыз) пайызы көлемінде сатып алынады.

      3. Осы қаулы 2008 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Қазақстан Республикасы 
Үкіметінің     
2007 жылғы 21 желтоқсандағы
N 1257 қаулысымен 
бекітілген    

Мүгедектердің республикалық қоғамдық бірлестіктері
құрған ұйымдардың тізбесі

      1. "Қазақ соқырлар қоғамының Ақтөбе оқу-өндірістік кәсіпорны" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі.
      2. "Қазақ соқырлар қоғамының Алматы N 1 оқу-өндірістік кәсіпорны" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі.
      3. "Қазақ соқырлар қоғамы" қоғамдық бірлестігінің Алматы N 2 оқу-өндірістік кәсіпорны" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі.
      4. "Қазақ соқырлар қоғамының Атырау оқу-өндірістік кәсіпорны" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі.
      5. "Қазақ соқырлар қоғамының Ақмола оқу-өндірістік кәсіпорны" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі.
      6. "Қазақ соқырлар қоғамының Ақтау оқу-өндірістік кәсіпорны" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі.
      7. "Қазақ соқырлар қоғамының Балқаш оқу-өндірістік кәсіпорны" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі.
      8. "Қазақ соқырлар қоғамының Жамбыл оқу-өндірістік кәсіпорны" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі.
      9. "Қазақ соқырлар қоғамының Жетісу оқу-өндірістік кәсіпорны" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі.
      10. "Қазақ соқырлар қоғамы" қоғамдық бірлестігінің Көкшетау оқу-өндірістік кәсіпорны" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі.
      11. "Қазақ соқырлар қоғамы" қоғамдық бірлестігінің Қарағанды оқу-өндірістік кәсіпорны" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі.
      12. "Қазақ соқырлар қоғамы" Кентау оқу-өндірістік кәсіпорны" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі.
      13. "Қазақ соқырлар қоғамының Қызылорда оқу-өндірістік кәсіпорны" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі.
      14. "Қазақ соқырлар қоғамының Қаскелең оқу-өндірістік кәсіпорны" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі.
      15. "Қазақ соқырлар қоғамының Қостанай оқу-өндірістік кәсіпорны" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі.
      16. "Қазақ соқырлар қоғамының Леңгір оқу-өндірістік кәсіпорны" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі.
      17. "Қазақ соқырлар қоғамының Павлодар оқу-өндірістік кәсіпорны" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі.
      18. "Қазақ соқырлар қоғамының Петропавл оқу-өндірістік кәсіпорны" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі.
      19. "Қазақ соқырлар қоғамы" қоғамдық бірлестігінің Рудный оқу-өндірістік кәсіпорны" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі.
      20. "Қазақ соқырлар қоғамының Сәтпаев оқу-өндірістік кәсіпорны" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі.
      21. "Қазақ соқырлар қоғамының Семей оқу-өндірістік кәсіпорны" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі.
      22. "Қазақ соқырлар қоғамы" қоғамдық бірлестігінің Талғар оқу-өндірістік кәсіпорны" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі.
      23. "Қазақ соқырлар қоғамы" қоғамдық бірлестігінің Түркістан оқу-өндірістік кәсіпорны" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі.
      24. "Қазақ соқырлар қоғамы" Теміртау оқу-өндірістік кәсіпорны" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі.
      25. "Қазақ соқырлар қоғамының Орал оқу-өндірістік кәсіпорны" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі.
      26. "Қазақ соқырлар қоғамының Өскемен оқу-өндірістік кәсіпорны" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі.
      27. "Қазақ соқырлар қоғамы" қоғамдық бірлестігінің Өскемен N 2 оқу-өндірістік кәсіпорны" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі.
      28. "Қазақ соқырлар қоғамының Шемонаиха оқу-өндірістік кәсіпорны" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі.
      29. "Қазақ соқырлар қоғамы" қоғамдық бірлестігінің Шелек оқу-өндірістік кәсіпорны" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі.
      30. "Қазақ соқырлар қоғамының Шымкент оқу-өндірістік кәсіпорны" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі.
      31. "Қазақ соқырлар қоғамының Екібастұз оқу-өндірістік кәсіпорны" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі.
      32. "Қазақ соқырлар қоғамының Шу оқу-өндірістік кәсіпорны" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі.
      33. "Қазақ соқырлар қоғамының эксперименталдық кәсіпорны" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі.
      34. "Қазақ соқырлар қоғамының "Спутник" демалыс үйі" мемлекеттік емес мекемесі.
      35. "Қазақ саңыраулар қоғамының Ақтөбе оқу-өндірістік кәсіпорны" қоғамдық бірлестігі.
      36. "Қазақ саңыраулар қоғамының Алматы оқу-өндірістік кәсіпорны" мемлекеттік емес мекемесі.
      37. "Қазақ саңыраулар қоғамының Алматы N 2 оқу-өндірістік кәсіпорны" мекемесі.
      38. "Қазақ саңыраулар қоғамы" N 3 оқу-өндірістік кәсіпорны" мекемесі, Алматы қаласы.
      39. "Қазақ саңыраулар қоғамының N 4 оқу-өндірістік кәсіпорны" мемлекеттік емес мекемесі, Алматы қаласы.
      40. "Астана қаласы Қазақ саңыраулар қоғамының оқу-өндірістік кәсіпорны" мекемесі.
      41. "Қазақ саңыраулар қоғамының Атырау оқу-өндірістік кәсіпорны" мекемесі.
      42. "Қазақ саңыраулар қоғамының Қарағанды оқу-өндірістік кәсіпорны" мемлекеттік емес мекемесі.
      43. "Қазақ саңыраулар қоғамының Қызылорда оқу-өндірістік кәсіпорны" мекемесі.
      44. "Қазақ саңыраулар қоғамының оқу-өндірістік кәсіпорны" мекемесі, Қостанай қаласы.
      45. "Қазақ саңыраулар қоғамының Петропавл оқу-өндірістік кәсіпорны" мемлекеттік емес мекемесі.
      46. "Қазақ саңыраулар қоғамының Семей оқу-өндірістік кәсіпорны" мекемесі.
      47. "Қазақ саңыраулар қоғамының Талдықорған оқу-өндірістік кәсіпорны".
      48. "Қазақ саңыраулар қоғамының Тараз оқу-өндірістік кәсіпорны" мекемесі.
      49. "Қазақ саңыраулар қоғамының оқу-өндірістік кәсіпорны" мекемесі, Өскемен қаласы.
      50. "Қазақ саңыраулар қоғамының оқу-өндірістік кәсіпорны" мемлекеттік емес мекемесі, Орал қаласы.
      51. "Қазақ саңыраулар қоғамының Шымкент оқу-өндірістік кәсіпорны" мекемесі.
      52. "Қазақ саңыраулар қоғамының Щучье оқу-өндірістік кәсіпорны" мекемесі.

Қазақстан Республикасы 
Үкіметінің      
2007 жылғы 21 желтоқсандағы
N 1257 қаулысымен  
бекітілген      

Мүгедектердің республикалық қоғамдық бірлестіктері құрған ұйымдар өндіретін, орындайтын және көрсететін тауарлардың, жұмыстардың, қызметтердің тізбесі "Қазақ саңыраулар қоғамы" республикалық қоғамдық бірлестігінің ұйымдары

      1. Тауарлар:
      1) тігін бұйымдары (барлық атаудағы төсек жаймалары, көрпе, әр түрлі матрацтар, жастықтар, сүлгілер, майлықтар, жастық тыстары, матрасқа арналған тыстар, жасанды үлбір жағасы бар жылы бушлат, мақтадан жасалған куртка, синтепоннан, мақтадан жасалған жылы шалбар, "Зима" жылы костюмі, жылуды сақтайтын костюм, жылы шолақ комбинезон, жылы көкірекше, жылы куртка, жылы қолғаптар, үлбір құлақшын, термоберік брезенттен жасалған костюм, мақта-матадан жасалған жұмыс костюмі, мақта-матадан жасалған далалық костюм, бүркемеленген далаға киетін күрте, брезент костюм, дәнекерлеушінің, аккумуляторшының костюмі, жұмыс комбинезоны, су өткізбейтін қанықтырмасы бар брезент жадағай, резеңкеленген жадағай, жұмыс халаты, әр түрлі алжапқыштар, барлық түрдегі қолғаптар, офицерлік құрамнан басқалар киетін бірегей нысанды киім, сигналдық көкірекше, барлық түрдегі медициналық халаттар, хирургиялық костюмдер, бахилалар, қалпақтар, шұғадан жасалған госпиталь халаттары, драптан жасалған госпиталь халаттары, киім-кешек қапшығы, сырып тігілген медициналық бушлат, аспазшы алжапқышы, аспазшы қалпағы, аспазшының үшкіл орамалы, наубайшының шалбары, костюмі, әр түрлі пижамалар, ерлердің іш киімдері, трусилер, жаңа туған нәрестеге арналған жиынтық, әр түрлі жейделер, перделер, машиналарға, креслоға арналған тыстар, термоберік, су өткізбейтін брезенттен жасалған шымылдық, нысанды және арнайы киім, жылы іш киім, бекетте киетін плащ);
      2) жиһаз (кеңселік, тұрмыстық, мектепке арналған, мектепке дейінгі);
      3) пластиктен жасалған бұйымдар (терезелер, есік блоктары);
      4) аяқ киім.
       Ескерту. 1-тармаққа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009.02.19 N 191 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан қараңыз) Қаулысымен.

      2. Жұмыстар (жөндеу-құрылыс, абаттандыру, көгалдандыру жұмыстары).
       Ескерту. 2-тармаққа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009.02.19 N 191 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан қараңыз) Қаулысымен.

      3. Қызметтер:
      1) полиграфиялық;
      2) клирингтік қызметтер (үй-жайлар мен аумақтарды жинау);
      3) рәсімдік.

"Қазақ соқырлар қоғамы" республикалық қоғамдық
бірлестігінің ұйымдары

      1. Тауарлар:
      1) тігін бұйымдары (барлық атаудағы төсек жаймалары, одеялдар, матрастар, жастықтар, көрпелер, сүлгілер, майлықтар, қол орамалдар, жаға астары, жастық тыстары, матрасқа арналған тыстар, фуфайка, барлық атаудағы қолғаптар, үлбірлі костюм, жылы шалбар, термоберік брезенттен жасалған костюм, жұмыс халаттары, мақта-матадан жасалған жұмыс костюмі, әр түрлі алжапқыштар, бүркемеленген далаға киетін костюм, дәнекерлеушінің костюмі, сигналдық көкірекше, шахтер сөмкесі, әр түрлі қапшықтар, барлық түрдегі медициналық халаттар, хирургиялық костюмдер, бахилалар, аспазшы алжапқышы, аспазшы костюмі, наубайшы костюмі, үшкіл орамал, қалпақтар, әр түрлі пижамалар, трусилер, шұлғаулар, әр түрлі жейделер, перделер, шымылдықтар, креслоға арналған тыстар, жаңа туған нәрестеге арналған жиынтықтар, машинаға арналған тыстар, нысанды және арнайы киім, іш киім, жылы іш киім, госпиталь халаттары, бекетте киетін плащ);
      2) жиһаз (кеңселік, тұрмыстық, мектепке арналған, мектепке дейінгі);
      3) пластмассадан, металдан жасалған бұйымдар (құжат тігетін папкаларға арналған құлыптар, легендер, шелектер, қоқысқа арналған қалақшалар, түймелер; қыстырғыштар, шахматтар, дойбылар, электр энергиясын есептеу құралдарына арналған қаптамалар мен тұрқылар, малға арналған биркалар, металл дөңгелек шөткелер, киім ілгіштер, шыны банкаларға арналған металл қақпақтар, Р-50, Р-65 оқшаужікті, оқшаулау детальдары);
      4) кеңсе тауарлары (құжат тігетін папкалар, конверттер, қағаз салатын папкалар, сызғыштар;
      5) қатырма қағаз бұйымдары (орама қораптары, мұрағаттық қораптар);
      6) электротехникалық бұйымдар (температуралық камералық биметал реле датчигі, автоөткізгіштер, шамшырақтар, розеткалар, ажыратқыштар, ұзартқыштар, ИП-212-45 өрт белгісін бергіштер);
      7) көлік құралдары, ауыл шаруашылық машиналары мен тракторларға арналған қосалқы бөлшектер (фильтрлер, шөткелер);
      8) жаққыш-шөтке бұйымдары;
      9) нан-бөлке тағамдары;
      10) құрылыс материалдары (сплитерлі блоктар, пеноблоктар, тротуар тақташасы);
      11) дәретхана қағазы, қағаз орамалдар.
       Ескерту. 1-тармаққа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009.02.19 N 191 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан қараңыз) Қаулысымен.

      2. Қызметтер:
      1) рәсімдік;
      2) демалысты және санаторийлік-курорттық емдеуді ұйымдастыру;
      3) үйжайларды жалға алу.
       Ескерту. 2-тармаққа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009.02.19 N 191 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан қараңыз) Қаулысымен.

Қазақстан Республикасы 
Үкіметінің       
2007 жылғы 21 желтоқсандағы
N 1257 қаулысымен 
бекітілген    

Тапсырыс берушілердің мүгедектердің республикалық қоғамдық бірлестіктері құрған ұйымдардан тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алу ережесі 1. Жалпы ережелер

      1. Осы Ереже "Мемлекеттік сатып алу туралы" Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 21 шілдедегі Заңына сәйкес әзірленді және тапсырыс берушілердің республикалық мүгедектер қоғамдық бірлестіктері құрған ұйымдардан тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алу тәртібін айқындайды.

      2. Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру кезінде тапсырыс беруші тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді мүгедектердің республикалық қоғамдық бірлестіктері құрған ұйымдардан осы тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алудың жалпы көлемінің кемінде 30 пайызы көлемінде сатып алады.

2. Тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді
сатып алу тәртібі

      3. Мемлекеттік сатып алуды жүргізгенге дейін тапсырыс беруші Мемлекеттік сатып алу бюллетенінде мүгедектердің республикалық қоғамдық бірлестіктері құрған ұйымдардан осы қаулымен бекітілген тізбеге сәйкес тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алу ниеті туралы хабарландыру жариялайды.
      Хабарландыруда сатып алынатын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің атауы, тауарлардың, орындалатын жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің саны, бір бірліктің бағасы, жеткізу орны мен мерзімі қамтылуға тиіс.

      4. Мүгедектердің республикалық қоғамдық бірлестіктері құрған ұйымдар Мемлекеттік сатып алу бюллетенінде хабарландыру жарияланғаннан кейін 15 (он бес) күннің ішінде тапсырыс берушіге тауарларды жеткізу, жұмыстарды орындау, қызметтерді көрсету жөнінде ұсыныстар береді.

      5. Тапсырыс беруші келіп түскен ұсыныстарды қарап, мүгедектердің республикалық қоғамдық бірлестіктері құрған ұйымдармен сатып алуға бөлінген сомадан аспайтын, олар ұсынған бағалар бойынша тауарларды жеткізуге, жұмыстарды орындауға, қызметтер көрсетуге шарт жасасады, бұл ретте сатып алынатын тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер көлемінің 50 пайызын "Қазақ соқырлар қоғамы" республикалық қоғамдық бірлестігі құрған ұйымдардан және 50 пайызын "Қазақ саңыраулар қоғамы" республикалық қоғамдық бірлестігі құрған ұйымдардан сатып алынады.
      Егер тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің белгілі бір түрлерін мүгедектердің көрсетілген республикалық қоғамдық бірлестіктерінің біреуінің ғана ұйымдары өндіретін, орындайтын, көрсететін жағдайда, олар осы ұйымдардан толық көлемде сатып алынады.

      6. Жеткізілген тауарға, орындалған жұмысқа, көрсетілген қызметке ақы төлеу тауар жеткізілген, жұмыстар орындалған, қызметтер көрсетілген күннен бастап 30 күнтізбелік күннен кешіктірмей жүргізіледі.

      7. Егер 15 (он бес) жұмыс күні ішінде мүгедектердің республикалық қоғамдық бірлестіктері құрған ұйымдардан бірде-бір ұсыныс түспесе, онда тапсырыс беруші осы тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді "Мемлекеттік сатып алу туралы" Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 21 шілдедегі Заңына сәйкес сатып алады.