Отандық өндірушілерден ауыл шаруашылығы өнімін сатып алуды, сондай-ақ оны сақтау, қайта өңдеу, тасымалдау жөніндегі қызметтерді жүзеге асыратын мамандандырылған ұйымдардың (агенттердің) тізбесін бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 19 қарашадағы N 1106 Қаулысы

Қолданыстағы

      "Мемлекеттік сатып алу туралы" Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 21 шілдедегі  Заңын  іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі  ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қоса беріліп отырған Отандық өндірушілерден ауыл шаруашылығы өнімін сатып алуды, сондай-ақ оны сақтау, қайта өңдеу, тасымалдау жөніндегі қызметтерді жүзеге асыратын мамандандырылған ұйымдардың (агенттердің) тізбесі бекітілсін.

      2. Осы қаулы 2008 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің     
2007 жылғы 19 қарашадағы
N 1106 қаулысымен 
бекітілген    

  Отандық өндірушілерден ауыл шаруашылығы өнімін сатып алуды,
сондай-ақ оны сақтау, қайта өңдеу, тасымалдау жөніндегі қызметтерді жүзеге асыратын мамандандырылған ұйымдардың
(агенттердің) тізбесі

      1. "Азық-түлік келісім-шарт корпорациясы" акционерлік қоғамы;
      2. "Мал өнімдері корпорациясы" акционерлік қоғамы.